Физика кафедрасы



бет1/3
Дата06.12.2022
өлшемі34,33 Kb.
#55398
  1   2   3

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ


ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ
FKPKMA 5213 «Физикалық құбылыстар мен процестерді компьютерлік модельдеу әдістері»
Магистранттардың өзіндік жұмысы бойынша материалдар және оны ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар

Түркістан 2022

Жалпы ережелер
Кредиттік оқыту технологиясының міндеті – білім алушылардың өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік білім алу қабілеттерін дамыту.
1.1 МӨЖ білім алушы білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу үдерісінің ең негізгі элементтерінің бірі. МӨЖ орындау арқылы білім алушы оқу үдерісінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді, меңгереді.
1.1.1 МӨЖ аудиториядан тыс жеке немесе топ болып орындау арқылы білім алуға, білімді меңгеруге және машықтануға бағытталған оқу жұмыстары. МӨЖ мөлшері оқу жоспарында көрсетіледі.
1.2 Кредиттік оқу жүйесінде МӨЖ ұйымдастыру кезінде мына мәселелерге назар аудару қажет:
- тақырыптарға сәйкес МӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына;
- лекция және семинар сабақтарының МӨЖ орындауына ықпал ететіндей болуына;
- МӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау формасына;
- МӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың болуына;
- МӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.
1.3 МӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы мынадай кезеңдерден тұрады:
- МӨЖ жоспарлау,
- әдістемелік жағын қамтамасыз ету,
- МӨЖ бақылау мен бағалау, талдау және одан ары дамыту.
1.4 МӨЖ екі бөліктен: оқытушы басшылығымен магистранттың орындайтын өзіндік жұмысынан (ОМӨЖ) және білім алушының өзіндік жұмысынан (МӨЖ) тұрады.
1.5 ОМӨЖ бөлек кестемен ұйымдастырылады.
1.6 Жоспарланған МӨЖ тақырыптары мен қабылдау түрі, уақыты, көлемі т.б. мәліметтер пәндердің жұмыс бағдарламасында, силлабуста және кафедраның оқу-әдістемелік құжаттарында көрсетіледі. Әр пән үшін МӨЖ өткізу формасы мен түрін таңдауға оқылатын пәннің мақсаттары мен міндеттерін, пәннің қалыптастыратын құзыреттер мен оқыту нәтижелерін, білім алушылардың даярлығын және МӨЖ-ге бөлінген сағат санын ескеру қажет.
1.7 Оқытушылардың білім алушылармен өзіндік жұмысы негізгі үш функцияны қамтиды:
1.7.1 Бірінші, нұсқамалық/бағыттаушы-бағдарлаушылық (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу - әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру және т.б.). Осы берілген нұсқамалық кеңестер білім алушылардың алдағы уақытта өзіндік жұмысты (МӨЖ) орындауына жеткілікті болуы қажет.
1.7.2 Оқытушының екінші функциясы – консультативтік көмек және жеке консультация беру арқылы білім алушының өзіндік жұмысына түзету енгізу. Бұл – білім алушының өзіндік жұмысында оқу әрекетін жүзеге асыруда консультативтік көмек беру, жеке консультация жүргізу және тиісті түзету жұмыстарын жүзеге асыру. Білім беру үдерісінде бұл функцияны тьюторлар атқарады.
1.7.3 Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушы, бағалаушы функциясы. Білім алушының білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау. Кейбір кездесетін негізгі қиындықтарды анықтау бойынша диалог ұйымдастыру, оқытушының сарапшы немесе бақылаушы ретінде «дұрыс» әрекеттерді, өзара әрекеттестікті, эталондық тәсілдерді көрсетуін қарастырады.
1.8 Білім алушылардың оқытушымен өзіндік жұмысы негізгі 4 функцияны қамтиды:
- біріншісі, білім алушылар оқу пәні бойынша сабақ барысында оқытушыдан қабылдаған ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек;
- екіншісі, білім алушылар оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде білім алушылар жұмыс атқару әдістерін біле отырып, өздеріне қатаң талап қоя білуі керек;
- үшіншісі, білім алушылар күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге келтіріп, бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу әрекеттерін орындауы керек. Білім алушылар шешілмейтін мәселелерді, проблемалық жағдайларды оқытушыға сұрақтар қояды, сұрақтардың жауаптарын өздеріде дайындайды;
- төртіншісі, білім алушылар оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін келеді.
1.9 МӨЖ-дің жалпы көлеміндегі ОМӨЖ-дің үлесі университет ережелерімен анықталады.
1.10 Білім алушылардың өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.
1.11 Білім алушылардың өзіндік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.
1.12 Білім алушының дәрісханалық өзіндік жұмысқа қатынасуы, тапсырмаларды орындауы арнайы журналға тіркеледі және ПОҚ тарапынан белгіленеді.
1.13 МӨЖ тапсырмалары:
- реферат,
- кейс,
- кроссворд,
- бақылау,
- есептеу және сызба жұмыстары түрінде орындалады немесе:
- тренинг,
- дискуссия,
- іскерлік, дидактикалық ойындар,
- презентация әзірлеу,
- кейс құрастыру,
- топ бойынша немесе жеке жобалар жасау түрінде ұйымдастырылады
Білім алушылар үшін өзіндік жұмыстардың тақырыптары төмендегідей де болуы мүмкін:
- оқу мәтіндерімен жұмыс (конспектілеу, схема, кестелер құрастыру);
- ғылыми мақалаларға аннотация және пікір жазу;
- Интернет көздерімен жұмыс жасау;
- шығармашылық тапсырмаларды дайындау (коллаж, синквейн, ойын бағдарламаларының сценарийі, рөлдік ойындар жобасы);
- пән бойынша глоссарий құрастыру;
- эссе, мақала және белгілі сала мәселелері бойынша хабарламалар мен ғылыми жұмыстар жазу;
- жобаларды әзірлеу;
- өзіндік білім алу бойынша баспа материалдарының аннотацияланған тізбесін құрастыру, т.б.
1.14 МӨЖ құрылымы:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет