Физика пәнін топтық әдіспен оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру



бет1/3
Дата28.10.2022
өлшемі62,5 Kb.
#46025
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
топтық әдіс




Физика пәнін топтық әдіспен оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру
Оқушыларды тиянақты біліммен қаруландыру, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру жас ұрпақтарды өмірге, еңбекке даярлау – міне бұл әрбір оқытушының негізгі міндеті.
Қазіргі заман талабына сай жаңа технология әдістерін қолдана отырып оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту мысалы физикалық диктант, тест тапсырмалары, топпен жұмыс істеу арқылы тірек схемаларды пайдалану, логикалық сұрақтар мен есептер шығарту т.б. өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты - өткен материалды қайталап бекіту, жалпылау жүйелеу келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшуге үлкен мүмкіндік береді.
Жалпы өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен білім беретін оқу орындарында-оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете отырып оларды қаруландыру, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігін дамыту қажет.
Физиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдылық белсенділігімен ізденпаздығын арттыруға негізделген оқу-танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай, танымдық қабілетімен шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.
Сабақ жүргізу нәтижесінде тәжірибе жинақталып, оқушының білім сапасының молая түсуіне, тәрбиелік санасының толыға түсуіне, олардың пәнге деген қызығушылығының деңгейін арттырып, тынымсыз еңбегінің нәтижесінде игеруге бірсарындылықтан құтылуға, ұмтылысын, ізденісін арттырудың бірден бір әдісі топпен оқыту.
1. Топқа бөлімді бірнеше әдістермен жүргізуге болады.
А) оқушылардың білім деңгейіне қарай орналастыра білу жақсы және өте жақсы оқитын оқушылар қалғандарына консультант бола алады.
Ә) білім деңгейіне қарай топтау. Өте жақсы менгергендер, жақсы меңгергендер орташа және нашарлар біртіндеп сатылап көтеріле алады.
Топтау әдістерінің тиімділігі.
1) оқушының бір-біріне жолдастық, достық қарымқатынастары арта түседі.
2) Бір-біріне бар ынта жігерлерімен көмектесуге, үйретуге болады, үйрете жүріп өзіде үйренеді.
3) топтың жарыстары кезінде, ұйымдастырушылығының қабілеті арта түседі.
4) Бір сабақтың үстінде бірігіп, материалдарды толық қамтуға мүмкіншілік туады.
5) Бағалау жүйесін салыстырмалы түрде жүйелі жүргізе аламыз.
6) Оқушылардың өз бетінше ізденістері туындайды, қосымша оқулықтарын немесе өз оқулықтарымен жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыланады.
7) Өз білімі мен жолдастарының білімін, саралай білуіне толығырақ мүмкіншілік туады.
Осы мақсатта физика пәнінен сабақ беретін топтарда топпен жұмыс істеп біршама жетістіктерге жетуге болады. Атап айтқанда сөйлеу қабілеттері төмендеу оқушылардың өздері ізденіп мүмкіндіктерін салып топқа өз үлестерін қосады.
Мысалы: «Тұрақты тоқ заңдары» тақырыбындағы сабақты өткізу тәжірибемнен – Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі. Сұрақтар бойынша топтау әдісін пайдаланып, білгендерін берілген қағазға ақылдаса отырып жазады. Осыдан кейін әр топтан бір оқушыдан шығып өз жұмыстарын қорғайды.
I топ. Электр тогына сипаттама жазады.
II топ. Тұрақты токтың жұмысын, қуатын анықтайтын формулаларды жазады.
III топ. Өткізгіштерді қосу туралы жазады.
«Кубизм»
Жеке оқушылармен жұмыс жүргізуде «кубизм» әдісі пайдаланылады.
Әр топтың ортасында кубик тасталады, түскен қырына сәйкес сұрақтар беріледі.
Ой ашар. Оқушының есеп шығару дағдыларын дамыту мақсатында есептер беріледі.




Q= I2Rt











Кернеу дегеніміз не?



Бөгде күштер дегеніміз не?






ε=






Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.


Әрбір жаңа тақырыпты түсіндіргенде оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай тірек белгілері мен тірек конспектілерін пайдаланған жөн. Сондай-ақ, физикалық заңдылықтар мен құбылыстарға арнап жеке тірек белгілерін құрастыру қажет.
Мысалы, ішкі энергия тақырыбын,өткенде ішкі энергияның физикалық мағынасын толық ашу үшін төмендегідей тірек белгісін пайдаланған жөн


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет