Физика пәнін топтық әдіспен оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру



бет3/3
Дата28.10.2022
өлшемі62,5 Kb.
#46025
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
топтық әдіс

Ой толғаныс сатысы. Мақсаты: «Бес жолды өлең» стратегиясы негізінде еркін гармониялық тербелістердің анықтамасын беру сабақ бойы анықталған мағұлматтарды талдап, жинақтау арқылы қортынды жасау.


(Зат есім) ТЕРБЕЛІС

(Сын есім) Еркін Гармониялық

(Етістік) Түрленеді Ауытқиды Тербеледі

(Сөз тіркесі) Ішкі күштер әсерінен болады

(Тақырыпқа синоним) ҚОЗҒАЛЫС

Физика пәнін оқытуда халықтық педагогиканы пайдаланудың мәні зор. Сонымен қоса мақал – мәтел адам баласының тұрмыс - тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірін, еңбек әрекетін, оның табиғат құбылыстарымен қарым – қатынасын дөп басып шынайы көрсетіп отырған. Сондықтан да олардың зор дидактикалық және тәрбиелік мәні бар. Сонымен қатар кейбір мақал – мәтелдерде табиғат құбылыстар арасындағы өзара байланыс өте айқын берілген.


«Ауызы күйген үрлеп ішеді» мақалының тәрбиелік мәнін аштық. Жіберген қатеңді екінші рет болдырмау керектігін, ал қатені тиесілі қорытынды жасай білуге меңзейтінін, физикалық тұрғыдан – ыстық нәрсені үрлесек содан кебу үрдісі тездетіліп, нәтижесінде оның температурасының төмендейтінін ұғынуға болады. Бұл физикада оқып үйренген кебу құбылысына әбден үйлесіп жатады.
«Дән себілмей астық өнбейді, дария буланбай шық түспейді» мақалының тәрбиелік мәнін ашсақ: өмірдегі барлық құбылыстар өзара себеп – салдарлы байланыста болатындығынан болса, физикалық тұрғыдан – астында да, жер бетіндегі судың температурасының артуынан ол буланып (кебу) ал температура төмендегенде су тамшыларынан ішкі энергия кемуінен шық пайда болатындығын түсіндіреміз.
«Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады» мақалының тәрбиелік мәнін ашамын: егістіктің таңертең күн шықпай, не күн бата суару керектігі айтылады. Ал физикалық тұрғыдан күн шығып тұрғанда егістікті суарса температураның жоғарлағанынан кебу үрдісі жақсы жүреді. Жер тез кеуіп қалады, ал кеш бата суарғанда температура төмендегендіктен кебу үрдісі баяу жүреді де су толығымен жерге сіңіп үлгереді.
Тақырыпты қайталау пысықтау сабақтарында шығармашылық сабақ, жарыс сабағы, ойын сабағы, баспасөз конференция сабағы т. б. түрлерін қолдану арқылы:
1. оқушылардың алған білімдерін бір жүйеге келтіруге;
2. негізгі заңдылықтар мен құбылыстардың мән-мағынасын ашуға;
3. сандық және сапалық есептерді шешуге;
4. оқушылардың шығармашылығына жол ашуға;
5. тақырып бойынша өтілген формулаларды бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.
Осындай үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылықа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі.
Жоғарыда аталып өткен мақсат жолында топтық әдісті пайдаланып өткізген сабақ жоспарын ұсынып отырмын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет