Гастрит дегеніміз не? Ж: асқазан қабығының қабынуы



Дата20.12.2023
өлшемі15,23 Kb.
#141478

  1. Гастрит – дегеніміз не?

Ж: асқазан қабығының қабынуы

  1. Асқазан-ішек жолдары ауруларының неше % -ы гастриттің қандай да бір түрі? Ж: 80% -ы

  2. Гастрит қалай жіктеледі?

Ж: - жедел гастрит; - созылмалы гастрит.

  1. Гастриттің негізгі белгілеріне не жатады?

Ж: Тәбеттің төмендеуі немесе жоғалуы. Іштің кенеттен ауыруы және тамақ ішу кезінде іштің тоқ болуы. Қыжылдау, құсу немесе күйдіру. Ауыз қуысынан жағымсыз иіс, нәжістің түсі өзгереді, іші ісінеді. Бас ауруы, жүрек соғысы жоғаруы.

  1. Созылмалы гастриттің белгілері?

Ж: тілдегі дақ, іш қату, тез шаршағыштық, іштің кебуі, диарея, тамақ ішу кезіндегі құжыл

  1. Диагностиканы гастроэнтеролог тексеруден және зерттеулерден кейін қояды, оған не кіреді?

Ж: - хеликобактерияға арналған анализдер; - гастроскопия; - асқазанды рентгенологиялық зерттеу.

  1. Созылмалы гастрит дагностикасы?

Ж: асқазанның бөлінуін зерттеу және асқазанның шырышты қабығының биопсиясы да жасалады.

  1. Гастритпен емдеу кеінде диетаны қалай ұстайды?

Ж: аурудың алғашқы 1-2 күнінде тағамнан мүлдем бас тартқан дұрыс, тек ішуге рұқсат етіледі, содан кейін диеталық тағамдар қолданылады (жылы, майсыз, ашытылмаған, пюре тәрізді тағамдар);

  1. Гастритпен емдеу не қамтиды?

Ж: диета; асқазанның қабырғаларын қаптайтын және қышқылдықты төмендететін дәрілер; хеликобактерияны жоюға арналған антибиотиктер.

  1. Емдеу көбінесе қайда жасалады және неше аптаға созылады?

Ж: үйде жасалады және 2-3 аптаға созылады.

  1. Созылмалы гастритпен ауыратын науқастар қойылатын талаптар?

Ж: Созылмалы гастритпен ауыратын науқастар диспансерлік бақылауда болуы керек және жылына кем дегенде екі рет дәрігерге қаралу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет