Гауһар! Бүгін ойым онға, санам санға бөлінігі, басым қатты. Қайдағы-жайдагы



Pdf көрінісі
Дата12.02.2023
өлшемі1,34 Mb.
#67207


— Гауһар! Бүгін ойым онға, санам санға бөлінігі, басым қатты. Қайдағы-жайдагы 
жымысқы ойлар мені қыл мойынға тақап, дегбірімді тауысып бара жатқан сияқты. Әттең, 
қас қылғандай тап қазір қасымда емессің гой. Әйтпесе ішімде қазандай қайнап, жанымды 
қоярга жер таптырмай буырқанып жатқан сыр сезімдерді өзіңе түйдек-түйдегімен 
ақтарып, еңсемді езе түскен ауыр ойлардан арылып, жеңілдеп қалар едім. 
Қапасқа түскен құс тәрізді мына аурухананың еріксіз тұтқыны боп, төсекке жіпсіз 
байланып, ой-қиялға шырмалып жатқаныма да екі айдан асып барады екен-ау. Кейде 
маған сау-саламат, шапқылап жүрген балауса өмір алты қырдың астында қалып қойғандай 
боп көрінеді. Бірақ бостан-босқа ойға малтығып, салы суға кетпесін деп күні бүгінге дейін 
өзіңе тіс жарып, сыр білдіргем жоқ. Әйтсе де, осы бір дертке шалдыққалы бері менің ішкі 
дүниемнің астан-кестені шығып, өзімнен-өзім ызаға булығып, жарылып кете жаздап 
жүргенімді сен қас-қабагымнан-ақ қалт жібермей танисың ғой. 
Рас, мұндай қатерлі науқас адамның бойына ғана емес, ақыл-ойына да запыран зәрін 
құйып, аяусыз улап тастайды екен. Бірақ сен мені «Аз күнгі азапқа төзбей, тауы шағылып, 
тауаны қайтып қапты» деп ойлама. Сол нәрсеге жібі босай қалатын күйреуік жандарды 
көрсем-ақ арқам қозып кетеді. Онша-мұнша сырқаттың тауқыметін котере алмай, иленген 
терідей болбырай қалатын жан мен емес.
Гауһар! Сен тірі тұрғанда мойныма тау тесіп ілсе де қыңқ етпейтініме иманыңдай илана 
бер. Тек қырықтың қырқасынан аспай жатып-ақ қияметтей ауыр дертке шалдыққанымды 
есіме алған сәттерде ғана мен көңілімнің көк жайлауынан ел көшіп кеткендей құлазып 
қалам. 
Әрине, адамның қашанда басы аман, бауыры бүтін боп, ауырмай-сырқамай айдарынан 
жел есіп жүргеніне не жетсін. Бірақ ғұмырында, сірә, мұрттай ұшып, ауырып көрмеген, 
өзін науқас қаттырақ қысып, жаны жарға таянбаған адам коп нәрсені терең түсіне де, 
сезіне де алмайтын шығар. Өйткені ажал үрейі өз басына шындап төнген қауіп-қатерлі 
сәттерде ғана сан жылдар бойы жүректің терең түпкірінде әбден бұйығып жатқан, 
үйлығып қалған ой-сезімдер оянып кететініне көзім жетті. Осы ауруханаға келгелі бері 
ғана ұйқылы зердем оянып, санамның көзі шындап ашыла бастады десем, иланасың ба? 
Гауһар! Саған бүгін мұның бәрін қалай түсіндірсем екен? Жайшылықта біз көп нәрсені 
ой елегінен өткізіп, екшеп, елеп жатпайды екенбіз. Оған күнделікті күйбеңмен жүргенде 
мұршамыз да келмейді, мойнымыз да жар бермейді ғой. 
Ал, ауруханада санамен сарғайып жатқанда, ой түбіне жетпек боп, қиял қойнауының 
қатпар-қатпарын ақтара беріп, шақшадай басым шарадай болды. Кешегі бір түннің өзінде 
төсегімнен тоғыз тұрып, тоқсан толғандым десем өтірік емес.
«Ержан не ойланады екен?» дейтін шыгарсың. Есілдертім сен боп қалдың ғой, Гауһар. 
Балаларды ойлаймын. Болашағымыз туралы толғанам. 
Гауһар! Бәрі де кеше ғана болған сияқты еді. Сөйтсек, екеуіміздің отбасын құрып, өз 
алдымызға түтін түтете бастағанымызға да он жылдай боп қапты-ау. Өмір-өзен бір 
минутқа кідірмей, сынаптай сырғып өтіп барады екен ғой. Сау кезімізде соңымызға 
жалтақтаудан гөрі, дүрмекке ілесіп, алға қарай ұмсына берсек керек. Әйтсе де, 
жолаушының оқта-текте бір тоқтап, өзі басып өткен өмір жолдарының кедір-бұдырына 
көз қырын тастап қойғаны да зиян емес пе деп қалдым. Өйткені кешегі кемшілік ертеңге 
сабақ қой. 
Міне, біздер он жылдан бері бір мәрте де жүз шайыспай, әй-шәй деспей, тату-тәтті өмір 
сүріп келдік. Адам, сірә, бұл өмірдің қызығына тойған ба?! Дегенмен, өзіңмен жақсылы-
жаманды бірге өткізген азды-көпті күндеріме мен өле-өлгенше ризамын Жоқ' Атай көрме' 


Мені озіңмен бақылдасып, қоштасып жатыр екен деп ойлап қалма Рас, қазір мен жатқан 
аурухана жеңіл-желпі сырқаттар келетін жер емес. Бұл — нейрохирургия ауруханасы 
Мұнда ең қиын, ең қауіпті операциялар жасалады. Адам миының ішіне, яки омыртқа 
сүйектің қуысында жасырынып жатқан жұлынға операция істейді. 
Мұнда адамның бас сүйегін, яки омыртқасын кұдды жаңғақ шағып жатқандай шақыр-
шұқыр аршып, бұжыр- бұжыр ми етінің қат-қабаттарын тілгілеп, жалғап, жамап жатады. 
Осындай онерациядан аман-есен шыққан науқас адам құдды дозақ отынан өтіп келгендей 
ақырет азабын шегеді десем артық айтпаганым. Тіршілік үшін ажалмен арпалысқа түсіп, 
өмірдің зәрін татып жатқандарды күнде көрем Өзімнің де дол сондай операцияға түсіп, 
солар сияқты қиналатыным есіме түссе болғаны, денем түршігіп, тобе құйқам шымырлап 
кетеді 
Бірақ ой азабы адамның ұшар көгін, қонар көлін тарылтып жібереді екен ғой. Кейде 
мен өзімді бірте-бірте ой жеңіп бара ма деп те іштей тіксініп қалам. Сондықтан дәл қазір 
қасымда болмасаң да, бар сырымды өзіңе осылайша ақтара бергім келіп тұр. 
Гауһар! Сені тура бүгінгідей ешқашанда аңсап, сабыр суым сарқыла күтпеген едім. 
Мүмкін, бұл әдеттегі, үйреншікті сағыныш емес, езіме де беймәлім басқа бір сезім шығар. 
Кейде адамда мұндай да болады екен-ау. Өзіңді кеше ғана көрдім Ал, бүгін сағынып 
қалдым. Жәудіреген мөлдір жанарыңды да, сүйріктей аққу мойныңды да, үлпілдеген кемір 
қара шашыңды да, қас қағымда жанымды баурап әкететін сүйкімді наз-қылығыңды да 
аңсадым. 
Мүмкін, сен басқалар үшін айта қалғандай әдемі де емес шығарсың. Мұның бәрі менің 
қанатты қиялымнан туған сағым-бейне ғана болар. Бірақ мен үшін өзің ең қымбатты жан 
екеніңе бүгін анық көзім жетті. Неге дейсің ғой? Асықпа. Бәрін рет-ретімен айтамын. 
Бір айдан кейін сен жиырма жетіге толасың. Ал, мен отыз беске шығамын. Арамызда 
тұтас бір ғұмырдай боп, сегіз жыл көлбей түсіп жатыр екен-ау. Соны бүгін ғана тұңғыш 
рет ойлаппын ғой. Өйткені ол екеуіміздің де ойымызға кіріп шыққан емес. 
Білем, сен қазір жұмыстасың. Мен сияқты кімнің нешеге келгенін есептеп, бос қиялға 
беріліп жатқан жоқсың. Әсіресе, мен ауруханаға түскелі бері жүмысбасты, ер жанышты 
боп кеттің. Өйткені бәрін — үй шаруасын да, бала күтімін де жалғыз өзің тындырып 
жүрсің. Бүгін сен жұмыстан шыққан бойда тура балалар бақшасына барасың, Қайратты 
әкелесің. Оған дейін мектептен Мұхит та кеп қалады. Сосын үшеуің маған келесіңдер. 
Оған дейін әлі бірнеше уақыт бар. Ал, мен қазір сол өзің көрген кереуетте шалқамнан 
түсіп, қыбыр етпей, сан қилы ойға шомып жатырмын. 
Кешегі өзің көргендей мәре-сәре емеспін. Бүгін көңілім су сепкендей басылып қалған 
сияқты. Неге дейсің ғой? 
Түскі тамақты енді алдымызға алып едік, бір топ дәрігер сау етіп, біздің палатаға кіріп 
келді. Жүрегім тас төбеме шықты. Өйткені олар түскі ас кезінде, сірә, бүйтіп келген емес. 
Араларында осы мен жатқан аурухананың бас дәрігері, өзің білетін профессор әйел бар. 
Демек, біздің алтыншы палатадағы үш наукастың біріне шұғыл түрде операция жасау 
керек болғаны деп түйдім. Кімге? Қайсымызға? Неге тезірек айтпайды? 
Соның алдында ғана біздер калжың, күлкіге енді көшкен едік. Нейрохирург 
профессорды көргенде, күлкіміз пышақпен кескендей күрт тыйылды. Шыдам-төзімім 
таусылса да, жұмған аузымды ашуға шамам келмей, іштен тынып, оқ тиген ұзақ көзденіп 
жата бердім. Тағатым таусылып, тынысым бұрынғыдан бетер тарыла түсті. Бірақ еңсені 
жаншып жіберердей өлі тыныштықты бұзуға ешкімнің жүрегі дауаламай-ақ қойды. 


Бір кезде барып профессор қолындағы көкшіл қағазға үңілді. Сол сәтте ол маған бейне 
бір айтуға ауыр, аса қатал үкімді оқып естіртейін дегі тұрған соттың төрағасы тәрізді боп 
көрініп кетті. Профессор мен жаққа карады. Мен оданқаймығып, жүзімді тайдырып 
әкеттім. Бірақ құтыла алмадым. Ол қағаздан баскаларды емес, тура менің фамилиямды 
оқыды. Сосын профессор маған тік қарап: «Ертең сізге операция жасаймыз», — деді де, 
әлгі ақ халатты бір топ адамды соңына ертіп, дереу палатадан шығып кетті. 
Сол-ақ екен, жанымда жатқан екі науқас та иықтарындағы зілдей жүкті біреу лып 
еткізіп лезде алып тастағандай-ақ: «Уһ», — деп жеңілдеп, тыныстары кеңіп сала берді. Ә 
дегенде мен сең соққан балықтай есеңгіреп, не істерімді білмей ошарылып қалдым. 
Сәлден кейін барып көзім бұлдырап, құлағым ың-шың боп шулап кетті. 
Не керек, бүгін ойда жоқта көңіл-күйім сабындай бұзылды. Әп-сәтте жаным құлазып, 
көңілім ойсырап қалды. Әлденеден меселім қайтып, қажырым мұкалғандай болды. 
Жаңа ғана палата іші жап-жарық нұрлы шуаққа толы сияқты еді. Енді айнала 
төңіректің бәрі күңгірт тартып, тылсым үрей төніп келе жатқандай. Әзірше өзіме де 
беймәлім бір жамандықты сезгендей жүрек қүрғыр зуылдап алып ұшып барады. Не болды 
маған? Соншама неден зәрем қашады? Ертеңгі операциядан жүрегім шошып жатыр ма? 
Гауһар! Сен біздің профессорды білесің ғой. Ол өзі мығым денелі, сәл еңкіштеу, қабағы 
түксиіп қалған, мосқал әйел. Бір қызығы оның жүріс-тұрысы да, адамдармен сойлесуі де, 
тіпті гүрілдеген жуан даусы да әйелден гөрі ер адамға көбірек ұқсайды. Ауруханада оны 
ешкім Елена Андреевна деп аты-жөнімен атамайды. Жүрттың бәрі — аурулар да, 
дәрігерлер де «профессор» дейді. 
Елена Андреевна басқа дәрігерлер сияқты қиын жағдайда қипақтап, мәймөңкелеп 
жатпайды. Құдды төбеден тоқпақпен қойып қалғандай етіп, ойындағысын тура айта 
салады. Мүмкін, сол себепті шығар, әйтеуір осындағы науқастар оған инедей шүбә 
келтірмей, иманындай сенеді. 
Әдетте профессор науқас кісілерге, әсіресе, бүгін-ертең операция столына жатайын деп 
тұрғандарға жылы шырай байқатпайды екен. Қайта әлденеге қатты жаны кейіп түрғандай 
сыңай көрсетіп, күрең қабақ танытып, қатал сөйлеседі. Мұндай «жасанды қаталдықтың» 
бар қүпия сырын мен кейінірек барып түсінгендей болдым.
Әр сөзін шегелеп жатқандай-ақ нығыздап-нығыздап айтып, даусын сәл көтеріңкіреп, 
ызалы үнмен сойлесудің кімге керегі бар дейсің ғой? Мұнда гәп бар екен. Оны өзім де 
кештеу ұқтым. 
Ажал иісі аңқыған қан майданға кірер алдында азды- көпті үрейге бой алдырып тұрған 
жауынгерді сәл де болса демеп, жігерлендіріп, жан-дүниесін шықпыртып жіберетіндей 
қаһарлы сөз қажет емес пе?! Арпалыс алдында командир жауынгерлеріне «Айналайын!» 
— деп жәмпеңдеп жатпайды. Қайта қаһарына мініп, өз бойындағы жауға деген 
өшпенділікті, ашу-ызаны, от-жалынды қатардағы жауынгерлерге де бөліп бергісі 
келгендей өзінен-өзі буырқанып, бусанып, айбат шегіп кетеді ғой. Мұның өзі солдаттарды 
табанда жігерлендіріп, бойына кұш-қуат беріп, қайрап жібереді. 
Біздің профессор да әрбір нейрохирургиялық операцияны адам өмірі үшін болған қан 
майдан деп біледі. Өзін сол қиян-кескі шайқастың командирі сезінсе керек. Ал, біздерді, 
науқастарды, әрине, ол бұйрықты мүлтіксіз орындауға тиісті солдат санайды. «Ауруды 
жеңіп шығу үшін сендер өздерің де аянбай барларыңды салып күресулерің керек», — 
дегенді бізге жиі айтады ол. 
Осындай дертке шалдығып, ауруханаға түскелі бері өзім де әбден күдікшіл, кісі 
қабағын аңдығыш боп кетсем керек. Мен қазір кез келген адамның өзіме туралы не ойлап 


тұрғанын бетіне бір қарап-ақ, көздерінен қапы жібермей оқимын десем иланасың ба? 
Тегінде, өзгелердің ой-пікірін жүзіне қарап, осылайша «оқи алмаған» жандар бақытты 
шығар. Біреудің мал-мүлкіне көз салып жүрген ұры сияқты боп, әлдекімдердің ішкі 
дүниесін, ішек-қарнын рентгенмен қарағандай ұдайы көріп отырудың несі мәртебе?! 
Жұрттың айтуынша, профессор әдетте кеселі тым асқынып кеткен, операциядан тірі 
шығуы дүдәмал науқастармен ғана сыпайылық сақтап, жылы шыраймен, «жақ- сылап» 
сөйлеседі екен. Ол жаңа біздің палатаға кіріп келгенде маған бір түрлі мейірлене, жаны 
ашып қарағандай болған еді. Содан секем алып қалдым. 
Демек, мен ертеңгі операцияның өзінен емес, профессордың мені әлденеге қиғысы 
келмегендей-ақ іштей мүсіркеп тұрған, мейірімге толы көздерінен үрейленіп кетсем керек. 
Рас, мен өзіме операция жасалатынын бүгін ғана есітіп отырғаным жоқ. Маңдайшасына 
абажадай кесек әріптермен баттитып «Нейрохирургия» деп жазылған есіктен кірген әрбір 
адам о баста-ақ миына операция жасатуға іштей белш буып келген жандар. Олар осы 
есіктің табалдырығын аттаудан бұрын талай-талай түндерді ұйқысыз өткізіп, ақыры басқа 
лажы қалмаған соң осы қадамға тәуекел жасаған кісілер. 
Көк семсердің жүзіндей қылшылдап, ителгідей жұтынып тұрған небір жүрек жұтқан 
жігіттердің өздері де осы есікке келгенде ұнжырғалары түсіп, әлекей-шәлекей боп 
қалғанын талай көрдік. Бәріміз де мына есіктен қорқа- қорқа кіргенбіз Неге дейсің ғой? 
Өйткені мұнда адамның ең жанды, ең күрделі жеріне — миына операция жасалады. 
Көне медицина ғылымының басқа салаларымен салыстырғанда нейрохирургия өлі жас 
екен. Адамның бүкіл организмін басқарып тұрған сиқырлы орталықтың ғылымға белгісіз 
сырлары да аз емес тәрізді. Әсіресе, арқа омыртқаның ішінде жатқан жұлын ми хақында 
әзірше адамзаттың білетіні мардымсыз сияқты. 
Бір жолы маған профессор әзіл-шынын араластырып: «Қазір адам баласы өз 
жұлынының қызметінен гөрі, аспандағы айдың құрамын жақсырақ біледі», — деп күлген 
еді. Мүмкін, сонысы рас та шығар. Әйтеуір операция столына жатқандардың бәрі бірдей 
тірі шығады деп ешкім де, тіпті осы атышулы профессордың өзі де кепілдік бере алмайды. 
Иә, нейрохирургия ауруханасының табалдырығынан өз еркімен аттап өтіп, ішіне кіруге 
өзін-өзі қалайда көндіре алған кісілер — бір жағынан үмітке иек артып, ал екінші жағынан 
ажалды іштей мойындап келген жандар. Мен де солардың бірімін. Соны ұмытпа, Гауһар! 
Тірішліктегі ең қатерлі, ең сұсты нәрсе — өлімнің өзіне де тәуекел жасап, ажалға бас 
тіккен адам енді неден жасқанады дейсің ғой? Айтайын. Бір айдан кейін келетін өлім 
қатерінің қорқынышы бір бөлек те, тап қазір, бүгін- ертең төбеңнен төніп тұрған үрейдің 
жөні бір бөлек екен. Бір айдан, не бір жылдан кейін болатын операциядан адам онша 
шоши қоймайды «Арада өлі уақыт бар», — деп әркім өзін-өзі іштей жұбатса керек. 
Мұндайда науқас жандар уақыт дейтін қорғанды паналап, соған арқа сүйейді. Ал, «ертең 
операция» дегенді естігенде адам жан-жағынан жаудың оғы борап тұрған қиын-қыстау 
сәтте бас паналайтын бірде-бір бұтасы жоқ, алақандай ашық далада қалып қойған 
жауынгерге ұқсайды. Жаңа «ертең» дегенді естігенде мен сондай күйге түстім. Рас, мен 
бойымды үрей билеп, көңілім сөгіліп бара жатқанын тірі жанға сездірмеуге тырыстым. 
Бірақ қорқыныш сезімі адамның еркінен тыс нәрсе ғой. Құрық тимеген асаудай тулайтын 
үрей сезіміне тізгінсалып, ауыздықтап алу көрінгенің қолынан келе беретін жеп-жеңіл іс 
емес. Ішкі дүнием алай-дүлей боп, дауылды күнгі теңіздей толқып жатты. 
Теңіздей тулап, бойымдағы басқа сезімдерді бас көтертпей тұншықтырып, билеп-
төстеп бара жатқан қаһарлы үрей бір сәт өзінен-өзі саябырлап, сабасына түсе бастады. Әл-
сәтте қанымды қақ қылған қап-қараңғы қорқыныш пердесі өзінен-өзі ысырылып, сонау 


көкжиектен үміт шүғыласы шашырай бастағандай болды. Шынында да, осы мен неге 
сонша үрейленем? Неге құтым қашады? Неден қорқамын? Операциядан ба? Әлде өлімнен 
бе? Жалпы қорқыныш, үрей деген не өзі? Ойымнан осындай сауалдар шықпай-ақ койды. 
Енді осы сурақтарға жауап таппай тұрып, көңіліңнің тыншымасын, басқа нәрсе ойлай 
алмайтынымды сездім. 
Гауһар! Сенен несін жасырам? Жайшылықта қоян жүрек қорқақтығым байқалмаған 
сияқты еді ғой. Мүмкін, кімнің қорқақ, ал кімшің батыр екенін тек төбеден төнген өлім 
қаупі ғана анықтайтын шығар. Әйтеуір мына үрей мені ой азабына салып қойды. Қазір 
ешкімнің сөзіне сене қоймайтын сияқтымын. Бүрын өзім анық-қанық білетін нәрселерге 
де бүгін іштей күдіктене бастадым. Бұл не? 
Үрей адамды ойшыл етіп жібере ме деп қалдым. Мен қорқыныш, үрей сезімі хақында 
бұрын-соңды ойланып көрмеген едім. Ойланатын несі бар дейсің ғой? Бар екен. 
Аузын арандай ашқан ажалмен жеме-жемге келгенде ғана адам осындай сауалдарға 
жауап іздейтін шығар. Сонымен мен неден қорқам? Ертеңгі болатын операциядан ба? 
Демек, операцияға, оның сәтті боларына онша сенбегенім ғой. Сонда үрей дегеніміздің өзі 
сенімсіздіктен туатын болғаны ма? Мұндай күрделі, нейрохирургиялық операция сәтті 
аяқталады деп күні бұрын ешкім үзілді- кесілді айта алмайды. Тіпті профессордың өзі де 
ойдағыдай өтеді деп мені тас-түйін сендіріп отырған жоқ. Демек, қауіп-қатер бар. 
Қорқыныш дегеніміздің өзі қауіп-қатерді күні бұрын сезіну емес пе екен? 
Бізбен көрші палатадағы бір кісі операция жасатар алдында қасындағы жолдастарына 
әзілдеп «Қорықпаңдар Менің өлуге правом жоқ. Өйткені балаларым әлі тым жас», — 
депті Мүмкін, осы бір әзіл сөзде көп шындық жатқан шығар. Онда әлгі үрей дегеніміз аса 
күшті жауапкершілікті сезіну ғана болып шықпай ма? 
Бір данышпан «Үрей — басқа түсетін бәле-жаланы, бақытсыздықты, азапты күту», — 
депті ғой. Ар-ұят дегеніміздің өзі де абыройды айрандай төгіп алудан қорқу, үрейтену 
емес пе? Демек, кәдімгі ұяттың өзі де үрей. Дәлірек айтсақ, адамдар бақытсыз боп қалам 
ба деп үрейленеді екен. Онда тек бақытты жандар ғана қауіп- қатерден шошитын болғаны 
ма? Ал, бақытсыздар ше? Олар тәуекелшіл, жанкешті боп келе ме? Мен ертең операцияға 
баруға жүрексініп тұрмын. Демек, мен азды-көпті бақытты жан болғаным ғой 
Бірақ бақыт дегеннің өзі не? Мен соны толық түсінем бе деген күдік ойда жоқта сап ете 
түсті. Бақыт адамның ойлаған арманына жетуі шығар. Бірақ адамда арман көп қой. Соның 
бәріне қолы жеткен адам ғана шын бақытты ма? Әйтсе де, адамның арманы, сірә, 
тіршілікте таусыла қоймас. Сонда қалай, жер бетінде бақытты жан жоқ па? Бар, әрине. 
Көп Әйтпесе неге біреулерді бақытты, біреулерді бақытсыз дейміз? Мүмкін, бақыт 
дегеніміз өзгермейтін, тұрақты, қатып қалған нәрсе емес шығар. Бүгін бақыттың дәмін 
татқан кісі, күні ертең-ақ қайғыға уланып қалуы ықтимал емес пе? 
Сөйтіп, мен бақыттымын ба, жоқ па? Арманына жеткен адам бақытты десек, мен, 
шынында да, бақытты шығармын. Оқыдым Өзім қалаған мамандыққа ие болдым. 
Қызметім де жаман емес. Тату-тәтп отбасын құрдым. Екі бірдей ұлым бар. Жап-жақсы 
пәтер алдым. Бірақ мен тек осыларды армандадым ба? Жоқ, әрине Арманым көп. Мүмкін, 
бір кезде бүкіл арманымның бәрі түп-түгел орындалар. Ол үшін күресу қажет. Ал күресу 
үшін ертеңгі операциядан тірі шығу керек 
Меніңше, бақыт дегеніміз қара бастың қамы емес. Басқаларға қыруар қуаныш, зор 
шаттық сыйлаған жандар ғана бақытты. Ал, мен өзгелер үшін не істедім? Бәрін тек өзім 
үшін ғана істеп жүрген сияқтымын ғой. 


Рас, біздің құрылыс үйымы жақсы-жақсы түрғын үйлер салды. Инженер-құрылысшы 
ретінде мен де оған аз үлес қосқам жоқ. Өзіміз салған үйлерде біреулердің тұрып 
жатқанын көргенімде, төбем көкке жеткендей болады. Бірақ сол үйлердегі мындаған 
түрғындардың тым құрыса бір-екеуі мына жарық дүниеде Ержан деген инженер барын 
біле ме? Жоқ, әрине. Білуі шарт па? Жоқ. Білмей-ақ қойсын. Риза болса да жетіп жатыр. 
Дегенмен, осының бәрі сәл-пәл өкінішті-ақ. Мәселен, артист сахнаға шығып үш минут 
өлең айтып берсе, бүкіл зал даурығып қол соғады. Ал, біздер күні-түні тынбай еңбек 
етеміз. Адамдарға үш минуттық емес, ғұмырлық қуаныш сыйлаймыз. Алайда, бізге тірі 
пенде қошемет көрсетпейді. Әй, қойшы, сол қошеметті. Соны өзім де жақтырмаймын. Сол 
үйлерді әйтеуір біреулер терлеп-тепшіп түрғызғанын жұрт біледі емес пе? 
Сонымен, мен бақыттымын ба, Гауһар? Сен осыны көп сұраушы едің ғой. Бұрын бұл 
сауалға жауап бере салу даоп-оңай көрінетін. Шындап ойланған да қиын екен-ау. 
Адам жайшылықта жұмыстан бас көтере алмай титықтап жүреді ғой. Мұндайда ол 
өзінің шексіз бақытты екенін де онша сезе бермесе керек. 
Тап бүгінгі күнге дейін уайым атаулы ойыма кіріп те шыққан жоқ еді. Әке-шешем 
мандайымды күнге шалдырмай өсіріпті. Тоным тозып, атым арып көрген емес. Жұрт 
қатарлы оқыдым. Инженер-құрылысшы болдым. Қызмет жағынан да тасым өрге қарай 
домалап келе жатыр еді. 
Отбасы жағынан да мен өзімді ешкімнен сорлы санамаймын. Суымды сүт қылып 
отырған сен ғой, Гауһар. Екі ұлым кешкісін алдымнан жүгіріп шығып, мойныма 
асылғанда ет жүрегім елжіреп кетеді. 
Мен десе ішкен астарын жерге қоятын достарым да аз емес. Қызметтес жолдастар өз 
алдына бір төбе. Туған-туысқандар да жетіп жатыр. 
Жер жұқартып жүрген жанға бүдан артық не керек?! Еш нәрсе. Онда мен осынша 
байлықтан — ең алдымен сенен, Гауһар, екі бірдей баламнан, сосын жора-
жолдастарымнан, сүйікті жұмысымнан, бауырларымнан айрылыпқалам деп қорқып 
жатқан шығармын. Егер бұлардың бірде- бірі менде жоқ болғанда ертеңгі операцияға 
тайсалмай батыл жүріп барар ма едім? 
Жоқ, әрине. Бүлардың бәрінен де қымбат тағы бір нәрсе бар. Ең алдымен мен соны 
қимайтын сияқтымын. Ол — өмір. Сол өмірге деген қүштарлық. Демек, мен өмірдің өзіне 
ғашықпын. Ғашықтар бірін-бірі оңайлықпен қиып тастап кетпейтіні саған да мәлім ғой. 
Жер бетіндеп тіршілік иесінің бәрі де өмір сүруге шексіз қүмар. Бұл қүмарлық олардың 
бойындағы табиғи соқыр сезімнен туындап жатпай ма? Ажалды соншалықты үреилі етіп 
көрсететін нәрсе де сол өмірге деген қүштарлыққа байланысты шығар. Егер дана-табиғат 
оларға осы бір корқыныш сезімін сыйламағанда не болар еді? Онда бірде-бір тіршілік иесі 
өзіне төнген қауіп-қатерден қорғанып, өзін- өзі сақтап қалуға әрекет жасамас еді Ал, 
қорықпаса, қорғанбаса, онда олардың бәрі жер бетінен әлдеқашан-ақ жойылып, жоғалып 
кетпес пе еді? 
Гауһар! Сен мынадай бір нәрсеге назар аудардың ба? Әдетте өз бетінше жабайы өскен 
өсімдіктер мен ағаштардың тікенегі сұмдық көп болады ғой. Ал, бау-бақшада қолдан 
егілген гүлдер мен жеміс ағаштарында тікен жоққа тән. Неге? Себебі жабайы өсімдіктерге 
инедей өткір тікендер керек-ақ. Өйткені олар өлмей, тіршілік етуі үшін өзін-өзі қорғауға 
мәжбүр. Құрап қалмау үшін олар барын салып, жеті қабат жер астына бойлап, тереңге 
тамыр жайып, су іздеп табады. Бұл өмірге құштарлық емес пе?! Ал, бау-бақшадағы 
өсімдіктер тым нәзік келеді. Кезінде бап- тап, суарып тұрмаса, тез қурап қалады. Себебі 
ол адамның мәпелеуіне «арқа сүйеп кеткен» 


Жан-жануарлар да солай ғой. Олар бір-бірінен қорқады. Бір-бірінен сақтанады Соның 
арқасында ғана олар жер бетінен мүлдем жойылып кетпейді. Белгілі бір мөлшерде 
сақталып отырады. 
Бесенеден белгілі нәрселерді несіне жіпке тізіп айтып отырсың дейсің ғой? Мұнда да 
гәп бар. Мен саған бұл арқылы қорқыныш дегеніміз тек жиіркене қарайтып жексұрын 
сезім емес, қайта тіршілік атаулыны жойып жібермей, сақтап қалу үшін өте-мөте қажетті 
қасиет демекпін. 
Қорқыныш сезімі адамға да жат емес қой. Бұл заңды да. Өйткені адам да өзін-өзі 
сақтап, әрі қарай жетіле түскісі келеді. Әйтсе де су жүрек, қорқақ адамды ешкім 
дәріптемейді ғой. Қайта ондай қоян жүректерді жұрт мазақтап, масқара етеді. Неге? 
Міне, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне енді ғана жетіп келдік. Адам басқа тіршілік 
иелері тәрізді табиғи қорқыныштың құлы емес. Ол өз бойындағы небір сұмдық үрей 
сезімдерін өз еркіне бағындырып, қорқыныш атаулының бәрін ақыл-парасатқа жығып 
бере алады. Демек, үрейге бой алдыру яки алдырмау адамның өз қолындағы нәрсе. Белгілі 
бір құбылыс қорқынышты ма, жоқ па деген мәселені адам қашанда Парасат таразысына 
салып көріп шешуге тиісті сияқты. 
Ал, мен операция жасату жайын ақылға салып, қабырғаммен кеңесіп, әбден толғанып 
барып, үзілді-кесілді шешкен сияқты едім ғой. Олай болса, бүгін үрейге бой алдырғаным 
қалай? Әйтсе де, мұндайда бір тоқтамға тоқырап, көңілді тас түйін бекітіп алу қиын екен. 
Үрей толқындары қайта-қайта тулап, жаныма тыныштық бермей- ақ қойды. 
Минут сайын әр ойдың түбіне бір түсіп, ақылым алпыс жаққа алып қашты. Ақай жоқ, 
тоқай жоқ неге шошимын сонша? Басымды неге бүгін бүлт айнала берді? Дүниенің бар 
тауқыметі жалғыз маған төнгендей соншама таусылғаным несі? Үрейден жүрегім қарс 
айрылатындай-ақ оншалықты су жүрек емес едім ғой. Әлде сол жүрек құрғырдың өзі бір 
сұмдықты сезе ме? 
Ә, өзімдегі үрейдің сырын енді ғана ұқтым, Гауһар! Кешегі бір жайсыз оқиға есіме 
түсті. Жүрегіме дерт байлап, көңіліме түйткіл түсірген нәрсенің не екенін енді ғана ойлап 
таптым. 
Гауһар! Сен мені операциядан зәресі қалмай жатыр екен деп ойлап қалма. Менің тап 
қазіргі көңіл-күйімді тереңірек сезінсін деп әңгіменің бояуын сәл-пәл қоюлатып жіберсем 
керек. Әйтпесе көңіл жүдеп, жан жұтайтындай маған еш нәрсе бола қойған жоқ. 
Әділін айтып, ақ сөйлегенге не жетсін. Біздің профессор-нейрохирург қолы алтын, 
ғажайып жан ғой. Ол талайларды тікелей төніп тұрған ажал аузынан суырып алып қалды 
деуге болады. Аяқ-қолы бірдей сал боп, талай жылдар үйінде тырп етпей жатқан 
мүгедектер осында келіп, кәдімгідей жазылып кетіп жатыр. Осында зембілге жатып 
келген жарымжан байғұстар бір-екі айдың ішінде үйлеріне өз аяқтарымен жер басып 
кетуде. Нейрохирургиялық операциядан кейін қос балдағын лақтырып тастап, аяғын 
батыл-батыл басып кетіп бара жатқандардың куанғанын көрсең бар ғой, Гауһар, онда көп 
нәрсені маған айтқызбай-ақ түсінер едің. 
Бірақ адамның құлағы жақсылықтан гөрі, жамандық хабарды тезірек шалып қалады-ау 
деймін. Қаншама көп адам осы ауруханадан құлан-таза жазылып шығып жатыр ғой. 
Дегенмен, олар онша көзге көріне бермейтін тәрізді. Үйреншікті нәрсе сияқты. Ал, оқта-
текте ұшырасып қалатын бірен-саран қайғылы оқиғаны сол заматта-ақ күллі аурухана 
егжей-тегжейлі есітіп үлгереді. 
Кеше үш науқасқа операция жасалды. Екеуі аман-есен шыкты. Біреуі операция 
столында дүниеден өтіпті. 


Міне, осы суық хабар дүңк ете түскенде бәріміздің де қабырғамыз қайысып, еңсеміз 
езіліп кеткендей болды. Қас пен көздің арасында бір палатадағы үш адамның да жілігі 
шағылып, меселі қайтқаңдай еді. Сол сәтте бәріміз де еріксіз тұнжырап, көпке дейін 
еңсемізді көтере алмай қалдық. 
Әйтсе де, біржола торығып, түңіліп кеткен жоқпыз. Сәлден кейін-ақ біздер езіміздің 
үйреншікті қалпымызға келе бастадық. Тіпті онша-мұнша әзіл-қалжың да естіле бастады. 
Бірақ оқыстан палатаға бір топ ақ халатты адамдар мен нейрохирург кіріп келгенде, 
төбемізден жай тускендей боп, іштей тіксініп, бәріміз де үрпиіп қалдық. Өйткені біз 
кешегі өлген жігітті әлі ұмыта қойған жоқ едік. Мына профессор бүгін бізге күндегідей 
мейірімді емес, қайта тура жан алғыш әзірейілдің езіндей боп көрініп кетті. 
Ажалға араша түсе алмаған осы бір топ ақ халатты жандарды іштей кінәлап 
тұрғанымда, профессор маған тесіле қарап: «Ертең сізге операция жасаймыз», — деді. Бұл 
маған: «Ендігі кезек сенікі, ертең сен өлесің» дегендей боп естілді. Бүрынғыдан бетер 
зәре-құтым қашты. 
Дәрігерлер есіктен шығып кетісімен-ақ үшеуіміз де мойнымызға су құйылғандай 
тұнжырап, бір-бірімізге тіс жармай, сөлбіредік те қалдық. 
Қасымдағы кісілердің не ойлап, не қойғанымен ісім болған жоқ. Мүмкін, олар бір-
бірімен сөйлескен де шығар. Бірақ өз басым тас керең боп қалған адамдай ештеме 
естігенім жоқ.
Бар ойым кеше өмірден өткен жігітте еді. Кейде тағдыр адамға қандай қатыгездік 
жасайды десеңші. Небәрі жиырма бес жаста екен. Ал, мен отыз бес жастамын ғой. Демек, 
ол өмірдің ащысын да, тұщысын да менен он жыл аз татқан. Бірақ кім білсін?.. Өмірде не 
болмайды. Мүмкін, ол өмірдің азабын да, ләззатын да менен көбірек сезінген шығар. 
Әрине, адам жүз жасаса да көптік қылмайды. Бірақ мезгілсіз сөнген өмір шамынан 
өкінішті, одан қасіретті дүниеде еш нәрсе жоқ шығар. 
Сол палатадағы жігіттердің айтуынша, оның дерті де құдды менікі сияқты, яғни 
омыртқаның ішіне, жұлын- миға өсіп шыққан ісік екен. Медицина тілінде мұндай 
науқасты эпиндимома деп атайды. Бірақ оныкі осы кеселдің тым асқынып кеткен түрі. Бұл 
аурудың ең басты белгісі: аяқ-қолдың қызметі нашарлай бастайды. Ал, әлгі жігіт соңғы 
кезде мүлдем жүре алмай, төрт тағандап қалған екен. Мен де бес-алты айдан бері өзімнен-
өзім кәдімгідей ақсаңдай бастадым. Алғашында мұны әншейін өткінші, қыңқыл-сыңқыл 
ауру шығар деп онша елең қылмай жүрдім. Бірақ, өкінішке орай, науқасым мен 
ойлағандай жеңіл-желпі боп шықпады. Дәрігер әбден қарап болған соң маған: «Сізді 
профессордың өзі көруі керек», — деп осы нейрохирургтың фамилиясын атады. Бұдан 
кейінгі оқиғаның бәрі өзіңе жақсы мәлім ғой, Гауһар. Есіңде ме, осы профессормен алғаш 
әңгімелескеніміз? Қасымда сен де бар едің ғой. 
— Доктор, айтыңызшы, операция аяғыма жасала ма? — деп сұрадым мен. 
— Жоқ. 
— Енді қалай? Менің аяғым ғой ауыратын, доктор.' 
— Жоқ. Гәп аяғыңызда емес, жігітім. 
— Енді неде? 
— Омыртқада. Дәлірек айтсақ жұлында жатыр. 
Сосын мені белуарыма дейін шешіндіріп, етпетімнентөсекке жатқызды. Сөйтті де 
қасыма келіп, отырып, арқама қолын салды. Сосын көк желкеден бастап, құйымшақтың 
тұсына дейін созылып жатқан омыртқа сүйектің үстінен алақанымен бір сипап өтті де: 


— Міне, осы ұп-ұзын қаңқа сүйек омыртқа деп аталады, — деді. — Мұның өзін бүкіл 
организмді тіреп тұрған ұстын деуге де болады. Сол омыртқа-ұстынның іші қуыс, кеуек. 
Бірақ әлгі қуыстың іші бос емес. Омыртқаның ішінде ұзыннан-үзақ түсіп жұлын жатыр. 
Жұлын да ми. Ол бас сүйектің ішіне орналасқан орталық мидың жалғасы. Ұқтың ба? Сол 
жұлын сан миллиардтаған жіп-жіңішке талшықтардан құралған. Әрбір осындай талшық-
нервтің жіңішкелігі адам шашынан он мың есе жіңішке. Бірақ осы қылдай талшықтың 
әрқайсысы адам емірінде орасан зор қызмет атқарады. Солардың бірі сәл науқаска 
шалдықса адамның көзі жұмылмай қалады, екіншісі нашарласа мына сіз тәрізді аяқтан 
қала бастайды, тағысын тағылар. Сіздің омыртқаңыздың ішіне кішкене ісік-ет өсіп 
шыкқан. Сол ісік әлгі талшық-нервтің бірін басып, оның өз қызметін атқаруына бөгет боп 
тұр. Сондықтан қатерлі ісікті алып тастау керек. 
— Қалай аласыз? — деппін мен сасқалақтап. 
— Қалай дейтіні бар ма?! Омыртқаны кесіп ашамыз да, алып тастаймыз... 
Профессор одан әрі не айтып, не қойғанын естігем де, тыңдағам да жоқ. «Омыртқаны 
кесіп, ашамыз» дегенде-ақ аза бойым қаза боп кетті. 
Құлагер, қолда өсірген қүлыным-ай! 
Ішінде омыртқаның жүлыным-ай!... 
Осылай деп зарлаған кім еді? Қапелімде есіме түспей, дел-сал болдым. Ақыры таптым-
ау. Атақты Ақан сері ғой. Жан серігі — тұлпары қайғылы казаға ұшырағанда ақын 
осылайша күңіренген. 
Жұлын... Осы бір сөзге бұрын мән бермей, ой тоқтатпай келгем. Қасқалдақтың 
қанындай етіп қадірлейтін, барынша қастерлі, жанындай жақсы көретін, ең аяулы нәрсесін 
қазақта «жүлыным» дейді екен ғой. Бәсе, адамның жан-жүрегіне мейлінше қатты тиетін, 
кісіні діңкелетіп кететін, шектен тыс ауыр қайғы-қасіретке тап болған сәтте көне көз 
қариялар: «Жұлынға тиді», — деп жататынды. Күллі қарғыс атаулының ең ащы, 
запырандай улысы да «Жұлының үзілгір!» дегені шығар. Өйткені халықта «жүлыны 
үзілді» деген сөздің мән-мағынасы: тірегі құлады, таянышы жоқ болды, тұғырдан тайды, 
дүниеден өтті деген ұғымды білдіреді ғой. 
Демек, ертең менің ең жанды, ең қиын жеріме, омыртқа сүйектің ішіне операция 
жасалмақ. Мүмкін, бұрын омыртқасын кестіріп көрген адамдармен кеңесіп алу керек 
шығар. Сен қалай ойлайсың, Гауһар? Операция жасатамыз ба? Жоқ па? Тіпті өлмегеннің 
өзінде, мүгедек боп қалсақ қайтеміз? Ондайлар да бар екен 
Бұл не өзі! Күдік пе, әлде үрей ме? Мүмкін, бұлардың бір-бірінен айырмасы да жоқ 
шығар. Адам бір нәрсеге күдіктенсе-ақ корқа бастайды ғой. Ал, егер қорықса, онда 
әлденеге күдіктенгені емес пе? Жоқ. Секем алу, иланбау шындап келгенде үрейден де 
қауіпті. Үрей өткінші сезім. Кейде қас қағымда ұмытылып кетеді. Ал, күдік ұзаққа 
созылатын, кейде ғұмыр бойы ем қонбай коятын ауыр дерт. 
Күн көрмеген ағашқа құрт түскіш келеді. Бойында от- жалыны аз, қамкөңіл жандарға 
да күдік құрты үйір болады. Бұл өзі адамды іштен жеп тауысатын аса қатерлі науқас. 
Қазір менің тағатымды тауысып бара жатқан сезім азап отына салатын күдік емес, қас 
қағымда зырқырап өте шығатын жай үрей ғой. 
Бүгін менің үрейленуімнің тағы бір сыры бар. Өзің білесің, маған операцияны тағы бір 
айдан кейін жасауы керек еді. Ал, профессор бүгін келіп- «Ертең жасаймыз», — деп 
үзілді-кесілді айтып кетті. Неге өйтті дейсің ғой? Сен білмейсің бе? Ал, мен бүгін 
профессордың көмекейіндегі көмескіні бірден-ақ болжадым. Қалай дейсің ғой? Логикалық 
әдіспен ойлап, кісінің көкейдегісін көре білу пәлендей қиын да емес сияқты. Өзің-ақ 


ақылға салшы кеше марқүм болған жігіт те нақ осындай, мендегідей дертке шалдыққан 
еді. Кеше соған операция жасап, омыртқаның өзін ашып көрген бойда-ақ профессор мені 
есіне алды. Қатерлі ісік ұлғайып, тамыр жайып кетсе, істің насырға шабарына дәрігердің 
тағы да бір рет іс жүзінде көзі жетті. Сол минутта-ақ ол маған неғұрлым тезірек операция 
жасау жөнінде шітей үзілді-кесілді шешім қабылдады. Міне, көрдің бе, көп нәрсені 
айтқызбай-ақ түсіне беруге болады екен.
Сол жігіт жатқан операция столына ертең мені салатынын ойлағанымда жүрегім 
асаудай тулап, тынысым тарылып сала берді. Шынында да, ой дегенің қаза берсең түбі 
жоқ, қазбағанға нәрі жоқ, түпсіз бір шыңырау ғой. 
Ауыр ойлардан бір сәтке болса да арылармын деген мақсатпен мен тысқа шықтым. 
Аурухананың айналасында ат шаптырым кең баушар- бағы бар. Мен сол алма бақты 
аралап келем. 
Жылдың осы бір мезгілін жақсы көрем. Қаһарлы қыс өтсе де, көгілдір көктем әлі өз 
күшіне міне қойған жоқ. Алма ағаштары бүртік шығарып қалса да, әлі жаппай гүлдеп, 
шешек атқан жоқ. 
Өз аяқтарымен жер басып тұруға жарайтын науқас адамдардың бәрі бақ ішінде 
серуендеп жүр. Көктем иісі аңқыған таза ауаны бір-екі мәрте құшырлана сіміргенімде-ақ 
жаным жадырап, көңілім сергіп, арқамнан ауыр жүк түскендей, еңсем көтеріліп қалды. 
Ауада әлі шымырлаған ызғар бар екен. Көктемді күннің көзі жарқырап-ақ тұр. Бірақ 
титтей де жылуы жоқ. Отырсам денем мұздап қалар деген оймен мен де бақты кезіп, 
серуендеп, әрі-бері жүре бердім. 
Алма ағаштары бүгін-ертең бүр жарайын деп булығып тұр. Мұны көргенде әкемнің бір 
қызық мінезі есіме түсті. Өзіңе талай-талай хикаялап беріп едім ғой, Гауһар. Ол кісі қолы 
киелі бағбан болатын. Ғұмыр бойы колхозда бағбан боп, түрлі бау-бақша өсіріп өтті. Өле-
өлгенше қолынан — кетпені, белінен — бұта кесетін үлкен қайшысы түскен емес. Ертелі-
кеш бақ ішнде шұқыланып, тыным таппай жүретін де қоятын. Өзінің ең жек көретін 
адамын әкем: «Ғүмырында бір түп көшет көгертпеген неме!» — деп кейіп тастаушы еді. 
Әлі есімде, нақ осы бүгінгідей ерте көктемнің шуақты күндерінің бірі болса керек. 
Әкем екеуіміз өзіміздің алма бакты аралап жүр едік. Кенет ол есіне бірдеме түскендей кілт 
тоқтады да, маған қарап: «Көрдің бе, балам? — деді алма ағаштарының бүртік-бүртік 
бұтақтарын нұсқап. — Мына байғұс (әкем өсіп түрған ағашты қүдды бір адамдай көретін) 
бүр жарып кете алмай, әбден булығып, захмет шегіп тұр. Құдайдың күні күркіреп, 
найзағайы бір ойнап берсе ғой, жарықтық алманың да жаны жай тауып, бүртіктері шешек 
атып, жадырап қалар еді. .» 
Ертеңіне бақ жаққа таңертең терезеден қарап, өз көзіме өзім сенбедім. Алма ағаштары 
бейне бір ақша қарға көміліп қалғандай аппақ боп гүлдеп кетіпті. Түнімен алай-түлей күн 
күркіреп, артынан жаңбыр жауған еді.
Гауһар! Мына алма ағаштарыныд да адам сияқты кейде жаны қиналады дегенге 
сенесіңбе? Олар да құдды қалың ұйқыдағы адам тәрізді қыс бойы маужырап, бусанып, 
талықсып жатады дегенге ше? Көктемгі найзағайдың құдіретті гүрілі бір түнде-ақ сол 
үйқыдағы күллі тіршілік атаулының апай-топайын шығарып, бәрін ұйқысынан оятып 
жіберетіні рас па деп қалдым. 
Қашан да күн күркірер қарсаңында адамдар да, түрлі жан-жануарлар да, тігіті гүлдер де 
өзінен-өзі булығып, қиналып тұрғандай боп көрінеді маған. Найзағай ойнар алдында ауа 
аяқ астынан тымырсық тартып, тарылып, жайсызданып кетеді гой. Ал, жай оғы көкті 
аямай бір-екі рет шықпырта, жарқ-жұрқ еткізіп қамшылап жіберген соң- ақ адамның 


тынысы кеңіп, жаны жадырап сала беретіні бар емес пе? Әдетте найзағайды іле-шала 
жанға жайлы, қоңыр салқын самал есіп, кейде артынан нөсерлете жаңбыр төпеп береді. 
Мүмкін, мен де бүгін нақ осы алма ағаштары сияқты күш ертең төбемде ойнайын деп 
тұрган найзагай алдында булыгып, көкірегім шерге толып, талагым тарс айрылажаздап 
қиналып тұрған шығармын. 
Мына ағаштар қашан гүлдейді? Ертең бе? Бүгін түнде ме? Ертең гүлдесе мен оны көре 
алам ба? 
Тепнде, төбеден төнген үрей мен көңілге кірген күдіктен қашып құтылу мүмкін емес 
шыгар. Кеше марқүм болған жігіт тағы да ойыма оралды. Дәрігерлер оған науқасының 
тым асқынып кеткенін, операция жасау өміріне едәуір қатер туғызарын жұқалап айтып 
жеткізген екен. Егер жа- сатпаса, онда тагы да бес-алты айлық өмірі бар екенін де ол өзі 
айқын сезіпті. Әйтсе де, ол өзше тезірек операция жасауды профессордан талап етіп 
жатып алыпты. Не деген жүрек жұтқан, қандай қайсар адам десеңші! 
Рас, операция оның өміріндегі ең соңғы, жалғыз ғана мүмкіндігі еді. Бірақ соны іштей 
мойындап, ажалға тәуекел жасаудың өзі қандай қиын ерлік екенін, меніңше, тек өліммен 
бетпе-бет ұшырасып көрген жандар ғана толық түсінсе керек. Өзі үшін ғана емес, елі үшін 
де басын ажалға тоса алатын қаһармандар нақ осындай ер жүрек жігіттерден шығатын 
шығар деген ой келді маған. 
Әйтсе де ол: «Тағдырдың басқа салғаны осы» деп әрекетсіз, қол қусырып жатып өлген 
жоқ. Өмір үшін күресіп, арпалысып, ажалмен алысып, көз жүмғанша үрей атаулыны 
мойындамаи, менсінбей кетті. Тірі қалу үшін қолынан келгеннің бәрін істеді ол. Егер 
операцияга түспегендеше? Онда өмірінің ең соңғы минутында неге «жасатпадым» деп 
өзін-өзі іштей жеп, жан азабына түсіп, дүниеден арманда кетер еді ғой. 
Ал, мен ше? Өлмей, тірі қалу үшін қолымнан келгеннің бәрін істедім бе? Өзімді-өзім 
алдап, үрейге құл боп кеткем жоқ па? Ертеңгі операция да менің өмірдегі ең соңғы 
мүмкіндігім емес пе? Ауыр науқасқа душар болғанымды сезгелі бері күндіз — күлкі, 
түнде — үйқы бермей, тіс құртындай жанымды қоярға жер таптырмай, өзімді әлекке 
салып қойған ауыр ойлардың ақтық шешімі күш ертең айқындалары хақ. Ол үшін 
тәуекелге бел буып шығу керек боп тұр. Соны істеуге менің жүрегім дауалай ма? 
Тәжірибелі спортшылар өзінің қарсыласынан ойсырап ұтылып бара жатса да, соңғы 
секундына дейін жеңістен үмітін үзбей, қармана береді ғой. Кейде осындай қайсар, 
қарыспа мінездің жеңіске жеткізіп жіберетін сәттері де болады емес пе? Бірақ әлгі 
спортшы бұл жолы жеңіліп қалса, келесі жолы күреске қайта түсіп, қарымтасын қайтара 
алады. Ол солай боларын жақсы біледі. Айқас үстінде ол соны көңіліне демеу етеді. 
Сондықтан ол жеңілістен жасқанбай, қарсыласынан тайсалмай ақтық секундына дейін 
беті қайтпаи күресе береді. 
Ал, күрделі, өмірге қатерлі операцияға түсетін адамның көңшіне демеу, ойына медеу 
қылатын осындай мүмкіндігі, яғни қарымта қайтаратын «келесі жолы» жоқ. Сондықтан 
ақтық секундқа дейін тайсалмай күресе беруге кейде оның рухани күші жетпей қалуы да 
ықтимал. Ең соңғы минутта, операция столына жатқызған жерде айнып қалып, жасатпай 
қоятындар да болады екен. Ондайлардың талайын осы ауруханаға түскелі бері оз көзіммен 
көрдім. 
Ал, өзім ше? Алған бетімнен қайтпай, тас-түйін боп, ақырына дейін айнымай тұруға 
қайсарлығым жете ме? Әлде жан алқымға келіп, қыл мойынға тақағанда тайсақтап шыға 
келем бе? Кім білсін оны қазір. Ертең мәлім болады бәрі. 


Міне, Гауһар, мен осындай зіл батпан ойлардың жетегіне еріп, аурухана ауласындағы 
алма бақты біраз аралап жүрдім. Сәл шаршасам керек. Есіме екеуіміздің «дербес» 
орындығымыз сап ете түсті. Ол өзі бақтың бір бұрышында, жұрттың көзі түсе бермейтін 
жерде оңаша тұр ғой. Оның үстіне, бір аяғы сынып, шоңқайып тұр емес пе? Сондықтан 
оған ешкім бара қоймайды. Ылғи бос тұрады. Мен енді соған барып отырдым. 
Бір сәт мен айнала төңіректегі мәңгі сұлулықты — көгілдір аспанды да, қүдіретті күнді 
де, көктемгі алма бақты да, туған жердің ыстық лебін де соңғы рет сезініп тұрғандай бір 
түрлі елгезек күйге түстім. Мына жан тебірентерлік сұлулық менен кейін де, тағы мың 
жылдан соң да дәл осылайша көз тартып, жайнап, жасарып тұра береді-ау деген жымысқы 
ой келді. 
Жоқ, Гауһар! Мені тағы да ажал үрейі билеп барады екен деп ойлама. Қашанғы 
қорқасың. Шөлмек мың күн сынбас, бір күн сынар. Гәп басқада. Сен соны түсінші. Біз 
әдетте жүмыс басты боп, титықтап жүргенде көп нәрсеге онша мән бермейміз ғой. 
Мүмкін, алып-ұшып ала өкпе боп жүргенде оған мұршамыз да келмей қалатын шығар. 
Әлде бас қатырып жатқымыз келмей ме? Кім білсін? 
Гауһар! Асықпай, басқа еш нәрсені ойламай, айнала төңірегіңе қарашы. Аспанға, 
Алатауға, мына алма бақтарына біраз көз тоқтатып көрші. Тұнып тұрған сұлулық қой. 
Тіпті анау серуендеп жүрген бейтаныс кісілер де жақын туысымдай көзге жылы көрінеді. 
Барлық адам мейірімді боп кеткен сияқты ма, қалай өзі? Соншама ғажап сұлулықты, 
адамға ғана тән жылылықты көрмей, білмей, сезбей қалай ғана өмір сүруге болады 
десеңші! Мұның бәрін осы минутқа дейін қалай ғана байқамадым, екен, ә? Өмір 
мұншалықты әдемі емес сияқты еді ғой. Көркіне көз сүрінетін мына табиғат бейнесін, жан 
сұлулығын күні бүгінге дейін қалайша байқамай келгем? Себебі мен тап осы минутқа 
дейін ешқашанда мына жарық дүниеге, айналамдағы адамдарға өмірімде соңғы рет көріп 
тұрмын деп қарап көрмесем керек. Ең соңғы көруім деп қарасаң бар ғой, күллі әлем көзіңе 
кереметтей көркем, бұрынғыдан мүлдем басқаша боп көрініп кетеді екен. 
Гауһар! Кеше екеуіміз дәл осы жерде, нақ осы орындықта отырдық қой. Бірақ кеше бұл 
арадан адам қызығатындай еш нәрсе байқамаған едім. 
Міне, бүгін мен осы аядай ауланың өзінен қаншама сұлулық көріп отырмын. 
Жаңа ғана тап беріп келе жатқан көк шөп қазір түнгі шыққа малынып, көктемгі күннің 
алтын нұрына шағылысып, бейне бір теңіз түбінен алынған асыл маржандай жалт-жұлт 
етеді. Құдіретті күннің көзі алма ағашының бұтақтарына қонақтап алған бүртік-бүртік 
шық тамшыларын да күмістей жылтыратып, әрлендіріп жіберіпті. Алма агаштары 
жапырақ жая алмай қиналып, терлеп тұрган сияқты. Жапырақсыз, жалаңаш бұтақтардың 
ара-арасынан жерге көлбей шаншылған күн сәулесі қүдды жоғарыдан төмен қарай 
тартылған өрмектің кенере жіптері сияқты боп көрінді бүгін маған. 
Бүгін бәрі де басқаша. Көздің жауын алатын мына бүртік-бүртік таңғы шық секілді 
бүгінгі өмірдің әрбір тамшысы қазір маған шексіз қымбат көрініп кетті. Әне, қос балдаққа 
асылып, жалғыз аяғымен жер тіреп, кібіртіктей басып бір бейтаныс кісі келе жатыр. Оған 
бір қарағанда- ақ ішім жылып сала берді. Неге? Мүгедекке жаным ашып кеткені ме? Жоқ. 
Ол менен бақытты. Таяққа сүйеніп болса да ол еш нәрседен қаймықпай, үрейленбей, 
айналасына өктемси қарайды. 
Бұрын мен мұндай мүгедек жандарды көшеде кездестіре қалсам іші-бауырым елжіреп, 
мүсіркеп, аяп кетуші едім. 
Ал, казір мына балдақты адам қайта маған жаны ашып, мені аяп бара жатқан секілді. 
Шынында да, қазір ол менен мың есе бақытты шығар деп ойладым. Әр минуты алтыннан 


қымбат мына өмірдің нағыз қожасы екенін өзі де сезгендей, жан-жағына тәкаппарлана көз 
тастайды. 
Ол дәл қасымнан өтіп бара жатып маған мойын бұрып бір қарады. Сәлем бермек боп 
оқтала түскенімде, ол ойлы көздерін менен тез тайдырып әкетті. Бірақ сол бір секундтық 
көзқарасымен-ақ маған көп нәрсені аңғартып кеткендей еді. Ол маған менсінбей, 
төбемнен қарағандай боп көрінді. Қалайша жан сауғалап қалам деп, операциядан қорқып 
отырған бейшараны мүсіркеп қарағаны шығар. Әйтеуір ол өзін ешкімнен кем 
санамайтыны айдан анық. Ешкімнің мүсіркеп, аяныш білдіруін де қажет етпейді. Егер 
байқамай қалып көшеде оны иықпен кағып өтсеңіз бар ғой, ол сізге онша ренжи 
қоймайды. Ал, егер көшеде оған елжірей қарап, жол беріп қипақтап қалсаңыз, онда ол 
сізді иттің етінен бетер жек көріп кетері даусыз. Өйткені ол жұрттан бөлінгісі келмейді. 
Көптің бірі болғысы келеді. Тірі пенденің мүсіркей қарауын қажет етпейді ол. 
Мұндай өжет жандардың ішкі жан дүниесіне мен бала кезімнен қанықпын. Біздің бір 
жамағайынымыз кешегі соғыстан екі аяғынан бірдей айрылып, мүгедек боп қайтты. Жас 
баланың ойыншығындай тақтай арбаға отырып алып, екі қолымен жер тіреп орнынан әрең 
қозғалатын. Сол Қаратай дейтін ағамыз өз үйінің биіктігі үш елі келмейтін 
табалдырығынан өте алмай, мықшындап, күйіп- пісіп жататын. Сондайда оны қолтығынан 
сәл демеп жібермек боп қасына бара қалсақ, ол ашуға мініп, бұлқан- талқаны шығатынды. 
Әйелі таң қылаң бере колхоз жұмысына кетіп, кешкісін көз байлана ғана үйіне келеді. 
Үй шаруасының бәрін тап- тұйнақтай етіп, әйелі келгенше тындырып қоятын да сол 
мүгедек ағамыз еді. Өзі томардан жонып жасап алған бір аласа орындық тәрізді бірдемесі 
болатынды. Қайда барса да сонысын сүйрейтін де жүретін. Соның үстіне жайғаса отырып 
алып келі де түйеді, тандырға от жағып, нан да жабады, сиыр да сауады.
Қаратай ағама ең ауыр соғатын, жан төзгісіз азап іс — сиыр сауу еді. Алдымен ол сүт 
сауатын шелегін жуып- шайып дайындап алады. Сосын әлгі отырғышын сиырдың қасына 
апарып қояды. Мықшыңдап үстіне шыға алмай, абыржып жүргенде әлгі антұрған қызыл 
сиыр тыпыршып жүріп, қазықты айналшықтап кетеді. Тауаны тарылып, бұлқан-талқаны 
шыққан ағамыз отырған аласа «отырғышынан» әрең түсіп, әлгі жұмыстың бәрін басынан 
қайта бастауға мәжбүр болады. 
Сол кісінің осылайша өзінен-өзі әбігерленіп, апы кіріп, күпі шығып жатқанын көрген 
сайын менің шешем сол ағайға тарпа бас салып ұрса жөнелетін. 
— Әй, қайным-ау, біз тірі тұрғанда не көрінді саған, сиыр сауып?! Ойбай-ау, қу 
шелекке сонша жабысып қалғаны несі?! Әкел бері шелекті, мен-ақ сауып берейін, 
бүгінше. 
Қайнысы да шелекті оңайлықпен бере қоймай қарысып, шешемнің бұл сөзіне 
бұрынғысынан бес бетер долданып, өзінен-өзі аруақтанып кетеді: 
— Әй, жеңеше! Сөзді қой. Айналдырғаның мен. Немене басқа іс таппадың ба? Мына 
мені сендер түгілі, құдайдың өзі де аяған жоқ. Мақұл, бұгін сауып берерсің. Ал, ертең кім 
сауып береді? Арғы күні кім сауып береді?! Ғұмыр бойы кім сауып береді?! Айтшы, өзің, 
жеңеше! Одан да өзім-ақ істеп үйрене берейін де. 
Мына балдақты адам қазір сол қарыспа мінезді ағайымды есіме салып өтті. Ол өзі бетің 
бар, жүзің бар демей, әділін айтып, ақ сөйлеп отыра беретін бірбеткей адам еді. Сонысына 
қарамаи жұрттың бәрі өзін кереметтей құрмет тұтатынды. Кез келген кісімен ол ақтарыла 
сөйлесетінді. Оған, әсіресе, біздер, балалар үйір едік. Қолы қалт етсе-ақ бізге жұқа 
тақтайдан, солқылдақ тал шыбықтан, тіпті кәдімгі қара балшықтың өзінен ғажайып 
ойыншықтар жасап беретін. Біздер де оның өтінішін екі еткен емеспіз, сірә. 


Бірақ алқымына ашу тығылғанда ол екілене сөйлеп, тірі жанды бет бақтырмай, өзіне 
қарсы шыққан кісіні аймандай қылатын. Сондықтан ешкім бетіне келмейтін. Ауылда 
оның айтқаны өтіп, атқаны жетіп тұрды. 
Күллі ауыл бойынша сол ағайдан қаймықпайтын жалғыз ғана адам бар еді. Ол — өзінің 
келіншегі болатын. Қанша бұлқан-талқаны шығып, ақ сайтаны ұстап жатса да, әйелін 
көргенде ашуы су сепкендей басыла қалатынды. Тіпті мүгедек ағамызды кешегі өткен 
соғыстан ауылға арқалап әкелген де осы жас жауқазын сарымсақтай келіншегі екен. 
Екі аяғынан да айрылған ағамыз майдан госпиталінде жатып әйеліне мынадай хат 
жазыпты «Мені күтпей-ақ қой. Саған жол байлау болғым келмейді. Өз әрекетіңді өзін 
жасай бер. Басқан із, көрген қызық артта қалды. Қазір екі аяғым да жоқ, бірінші топтағы 
мүгедекпін. Сенің басқан ізіңе де тұрмаймын. Сонша жыл күткенще өле-өлгенше 
ризамын. Мені масыл қып қайтесің?! Саган рұқсат Бақытты бол». 
Осы хатты алған күні жеңгеміз жолға шығыпты. Бүкіл ауыл боп оған азды-көпті 
қаражат жинап береді. Арада он шақты күн өтпей-ақ жеңгеміз сонау Волга бойындағы 
әскери госпитальдардың бірінде жатқан күйеуін іздеп табады да, қүндақтаулы баладай 
ғып көтеріп алып ауылға әкеледі. Осы хикаяны біздің жақтың көне көз қариялары әлі 
күнге дейін аңыз қып айтады. 
Ал, сен ше, Гауһар' Сен қайтер екенсің? Ертең менің де мүгедек боп қалуым ықтимал 
ғой. Мұнда ондай-ондай боп тұрады екен. Бір жолы профессорға көңілімдегікүдігімнің 
шет жағасын шығарып едім, ол мені кесіп тастады. Тіпті айтпақ ойын білтелеген де жоқ 
«Мұндай күрделі операциядан тірі қалудың өзі-ақ зор бақыт, — деді ол маған тесіле қарап 
— Аяқсыз-ақ жұртпен бірдей еңбек етіп, тіршілік бесігін тербетшп жатқандар аз емес» 
Мұның өзі тамыры терең сөз екенін кеше жиырма бес жасар жігіт операция столында 
дүниеден өткенін естіген сәтте түсінгендей болдым. Оның науқасы да ауыр еді. Демек, 
ертеңгі операция қанша батырсынсам да бәрібір кауіпті. Солай екенін профессордың өзі 
де маған жұкалап қана жеткізді. 
Бірақ бұл зілдей ауыр ойларымның бірде-бірін әлі күнге дейін саған білдіргем жоқ, 
Гауһар «Жеп-жеңіл операция екен», — деп сені алдап жүрмін. Соным дұрыс па өзі? Әлде 
нар тәуекел жасап, өзіңе ащы шындықты бірден-ақ айтып салу керек пе еді? Профессор 
шындықты менен жасырған жоқ қой. Ал, мен неге сенен жасырам? Рас, күні бұрын 
үрейіңді ұшырып, тағатыңды тауысқым келмейді. Ойымдағының бәрін бүкпесіз жайып 
салсам, онда көңілің күпті боп, күні-түні козіңнен жас кетпей қояды ғой. 
Шынында да, ертең мен мүгедек боп қалсам қайтер екенсің, Гауһар? Сүйген жарын жер 
түбінен алып қайткан жеңгеміздей болу қиын шығар. Сау-саламат кездегі күйдім-сүйдім 
дегеннің бәрі жастық-мастықтың желігі боп шықпаса игі еді. Ертең мен үнпн мына кең 
дүние тар боп қалса не істейсің? «Бағымды байлама, кешіре гөр» деп басынды алып 
қашпайсың ба? Ондайлар да болады екен. Өз көзіммен көрдім, Гауһар 
Гауһар! Мұның бәрін айтсам сен қайдан туған күдік деп шамданарың хақ. Сондықтан 
да жанға батар мұндай сөздерді өзіңе сездіргем де жоқ. Өлсем — ішімде кетсін деп 
түйдім. 
Саған мен қашанда қалтқысыз сенем ғой. Бүгін де коңіліңді аққа ұйытып отырғаныңа 
иненің жасуындай шүбәм жоқ. Маған деген ниетің сүттен ақ, судан таза екенін де сезем. 
Бірақ мен жақында жан шошырлық бір оқиғаға еріксіз куәгер болдым. Көзбен көрген 
анық, құлақпен естіген танық емес пе? Осы оқиғаны бөтен кісіден естісем илана қоймас 
едім. Өз көзіммен көрдім. Жеме-жемге, жан алқымға келгенде күрт өзгеріп кетегіндер де 
болады екен. 


Біздің палатада бір кексе кісі бар. Айтып едім ғой, «Қасымда бір үлкен ғалым жатыр», 
— деп Сол. Аты — Акылбек. Ауыр дертке ұшырап, екі аяғы бірдей сал боп қалыпты. 
Соның жиырма жылдай отасқан әйелі бар екен. Сол әйел әлгі тайқы маңдай күйеуінен 
қалай құтыларын білмей жан ұшырып жүр. Біресе ауруханаға жатқызып, біресе 
мүгедектер үйіне қуады екен. Әйтеуір өз үйіне жолатқысы келмейді. Күйеуінің сорлап 
қалғанына айызы қанып тұрғанын әлгінің жүзінен-ақ аңғару қиын емес. Өзі күнде келеді 
«Шыкпа жаным, шықпа» деп өлім аузында жатқан бейбаққа әлгі әйел үйлеріндегі дүние-
жиһазды қалай бөлісу керектігін мыжыңдап, сорлының әбден діңкесін құртып кетеді. 
Соларды көріп өзіме-өзім іштен тәуба қылам. Сол жеңгеміздің аты Раушан екен. 
Қашан көрсең де күлім қаққан көздері ойнақшып, ал- қызыл еріндері уылжып тұратын, 
бейне бір ақ сазандай бұлықсыған осы жеңгеміз алғашында маған, шынында да, раушан 
гүліндей әдемі көрініп еді. Үріп ауызға салғандай сүп-сүйкімді келіншектің долданып, 
көкбеттеніп кеткен сәтін көріп пе едің? Әлгі көрік-сымбаттан жұрнақ та қалмайды екен. 
Бір жолы Раушан жеңгей ауруханаға келіп, біздің палатада азуын айға білеп, күйеуіне 
зіркілдеп айбар шеккендегі түрін көргенімде өз кезіме өзім сенбедім. Жаяу жатып, атты 
түсіп қарайтындай келіншек аяқ астынан бет әлпетінен жан шошитып нағыз жалмауыз 
кемпірдің өзі боп шыға келді. 
Бар қанын ішне тартып алған. Айналасына зәр шашып тұрғандай түсі суық. Бетінің 
әжімдері де көбейіп кеткен сияқты. Тұла бойы қалшылдап, екілене сөйлегенде тұра 
қашқың келеді. 
Бұл оқиға жақында болды. Кешкі тамақты жаңа ғана ішіп алып, кітап оқып отырғам. 
Ал, Ақылбек аға мен Қайсар өзара әңгімелесіп, әлденеге күліп жатқан еді. Сол кезде дәліз 
жақтан шаң-шұң дауыс шықты. Артынша палатаның есігі айқара ашылып кетті де, қүдды 
тазы қуған қояндай ентігіп Раушан жеңгей кіріп келді. Делек танауы делдиігі кеткен. Екі 
көзі құтырған сиырдың көзіндей шатынап тұр. Кіжіне тістеніп, қолына іліккен кісіні тура 
жүндеп тастауға оңтайланған адамға ұқсайды. Ә дегенде, ол күйеуіне қарай тап беріп еді, 
артынша-ақ кезекші дәрігердің кіріп келе жатқанын көріп қалып, енді соған тарпа бас 
салды: 
— Әй, докторсымақ! Бері қара! Сен мені ақымақ санайсың ба? Әлде түк көрмейтін, су 
қараңғы соқыр деп ойлайсың ба? Айтшы өзің! Мына жарымжан мешелді сен үйіңе 
қайтарам депсің, ә?! Үйінде оған кім қарамақ?! Сенің қатының келіп, басында отыра ма?! 
Әлде өзің барып, күніне екі-үш реттен дәретін төгіп тұрасың ба?! Кереп жоқ дедім ғой, 
маған мұндай мешелдің! Ажырасам! Жазылып кетер деп шайтан үмітпен үш жыл 
сарғайып күттім. Сол да жетер — Мен әлі жаспын, — деді Раушан ентігін баса алмай 
алқына сөйлеп. — Адамға ұқсап өмір сүргім келеді. Ұқтың ба, өмір сүргім... Мына тірі 
өлікті қайта-қайта әкелем. Сен оны қайта-қайта маған тықпыштай бересің. Неге өздерің 
қарамайсындар? Неге өздерің күте бермейсіңдер?! Пәледен тезірек құтылғыларын келеді, 
ә' Мен жас басыммен омалып, ғұмыр бойы осының қасыңда отыра берем бе? Жоқ! Керегі 
жоқ, мұндай мешелдің' Жатсын осында. Жатыр ғой мыналар, жұрттан жаны артық емес 
шығар. Ал, ауруханадан зорлап шығаруға правоң жоқ сенің. Бәрібір өлексені үйіме 
кіргізбеймін! Маңайыма жолатпаймын! 
Дәрігер жігіт қапелімде сасқалақтап, не дерін білмей қалды. Көпке дейін аузына сөз 
түспей көзін жыпылықтата берді. Бір рауаятта барып есін жиғандай болды. Жүзінде ызғар 
ойнап, түтігіп кетті: 
— Адамга ұқсап өмір сүргім келеді дейсің, ә!? Мына сиқыңмен сен ешқашанда адамға 
ұқсай алмайсың! Адамнан садаға кет’ Мені түк білмейді деп ойлайтын шығарсың? Бәрін 


білем! Мына білдей азаматты мүгедек етіп тастаған да сен! Сенің удай ащы осы тілің! Сен 
сияқты жылан тілді зымияндарды соттау керек! 
Кезекші дәрігер бойын кернеген ашу-ызаға тұншығып одан әрі сөйлей алмай булығып 
қалды. Аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығып жатқан бетпақ әйелді біреулер дәлізге қарай 
итермелеп әкетті. 
Дәрігер ләм-мим демей, Ақылбектің төсегінің шетіне отырды да, науқастың аяқ-қолын 
сипалай бастады. Мен сонда ғана аңғардым. Бағанадан бері тіс жармай оқты көзімен 
әйелін атып жатқан ағайдың бүкіл денесі қалшылдап үстіне жапқан жұқа көрпеше 
тынымсыз дірілдеп тұр екен. 
Раушан жеңгейдің шынайы бейнесін мен сонда ғана көргендей болдым. Сырттай 
қарағанда жұрттың бәрі бірдей, бәрі жақсы сияқты емес пе? «Малдың аласы сыртында, ал 
адамның аласы ішінде» деген рас сөз ғой. 
Сонымен саған өз ауруым жөніндегі бар шындықты бүгін келгеніңде айтайын ба?, 
ертең операциядан соң өзің-ақ естіп білесің бе? 
Шындық. Соны саған айтудың керегі бар ма, Гауһар? Профессор маган өз сырқатым 
жөніндегі шындықты бүкпесіз айтып дұрыс істеді ме? Егер ол сәл жұмсартып, жеңілдетіп, 
яғни сәл-пәл өтірік қосып жібергенде, мен мұнша жан далбасаға түсіп, әңкі-тәңкім 
шықпас еді ғой. Өзім жөніндегі ащы шындықты дәрігерлерден қазмырлап сұрап жүріп 
біліп алғаныма мен бір сәт іштей қатты кынжылдым да. Зілі жоқ жалған сөздің де кейде 
жанға шипа, дертке дару болатынын дәрігерлер мен әйелдер ғана жақсы білсе керек. 
Әйтсе де, балдан тәтті жалған сөзден жанға батар ақиқаттың өзі артық емес пе? Қашан 
да адамдардың ағынан жарылып, бүкпесіз әңгімелескеніне не жетсін. Ақты ақ, қараны 
қара деп кесіп айтудың несі ерсі?
Шындық — құрамында ешқандай бөтен қоспасы жоқ тап-таза, саф алтын сияқты 
шығар деп ойлаймын. Бірақ таза алтынды адамдар сол күйінде ешқашанда қолданбайды 
ғой. Адамның әйтеуір бір кәдесіне асыру үшін саф алтынға басқа металдардан там-тұмдап 
болса да міндетті түрде қосады. Сонда ғана алтын құрыштай шынығып, сапасы жақсарып, 
беріктігі бұрынғыдан арта түседі. Бірақ бұл енді қанша берік деп мақтасақ та таза 
алтынның өзі емес қой. 
Дәл осы сияқты шын сөзге де кей-кейде бірер шым-шым жалған дерек қосып жіберсе, 
онда шындықтың адамға беретін эмоциялық ләззаты, рахаты, күш-қуаты бұрынғысынан 
еселеп арта түседі емес пе? Мұндай сөздің құрамында қоспасы, яғни өтірігі бар екенін 
анық-қанық біле тұрып-ақ оған рахаттанасың. Одан ләззат аласың. Мәселен, саған біреу: 
«Ай қабақ, алтын кірпік қыз көрдім», — десе сенесің бе? Бұл өтірік қой. Кіршгі алтын 
адам бола ма, сірә? Бірақ дарынды ақын сұлу қыздың бейнесін аспандағы айға, күнге, 
жұлдыздарға қиыстыра теңеп, жүрек тебірентерлік жыр жолдарын оқып жатқан сәтте 
ешкім оған: «Мынауың өтірік», — деп ұрыспайды ғой. Қайта мұндай жырлар 
қиялымызды қытықтап, өзімізді тәтті сезімдерге мас қып тастайды емес пе? Неге? Өйткені 
мұндай жырларда құрғақ шындықтың өзі ғана емес, жанымызға майдай жағып, судай 
сіңетін ұнамды алданыш та бар. Ешкімге зияны жоқ, қайта ләззаты мол мұндай алдамшы 
сезімдерге өзіміздің де іштей сенгіміз келіп тұрады. Көне заманның бір данышпаны 
поэзияны «шайтанның шарабы» деген екен. Бұл тегін айтылмаған сөз болса керек. 
Ал, егер, шынында да, адамдардың сана-сезімінен шындыққа жанаспайтын, бірақ 
балдай тәтті қиял-ойларын, фантастикалық сағым-елестерін, кейде бір-бірінің көңілін 
көтеру үшін айта салатын мадақтау сөздерін түк қоймай, жұлып алып тастаса не болар еді. 


Менің бір досым бар. Сол өзіне жақпайтын шындықты ертерек айтып қойғаны үшін 
туған әкесін өлердей жек көріп кеткенін білем. Абайсызда шындықтың бетін ашып 
қойғанына әкесі де ғұмыр бойы күйініп өтіпті. 
Әлгі досымның анасы өгей екен. Бірақ досым солай екенін он бір жасқа келгенше 
білмей, ешбір қайғы-уайымсыз, алаңсыз, балалық базарын қыздырып, ойнап-күліп жүре 
береді. Өгей анасы да бала дегенде ішкен асын жерге қоятын, ете мейірбан, елгезек адам 
болады. Ол өзінің өгейлігін балаға ешқашан да сездірмей, қыста ызғар, жазда шаң 
тигізбей, оны мәпелеп өсіреді. 
Бір күні ашу үстінде әкесі әйеліне: «Қанша айтқанмен, өгейдің аты өгей екен ғой», — 
деп қалады. Бұл сөзді құлағы шалып қалған бала көршілерінен қоймай сұрап жүріп бар 
шындықты біліп алады. Сөйтсе, оның туған анасы жеңіл мінезді әйел болған екен. 
Күйеуінің көзіне шөп салып, ақыры үш айлық нәрестесін де, күйеуін де тастап, кездейсоқ 
біреумен қол ұстасып, бір түнде қашып кетіпті. 
Жасы он бірге жеткенше кайғы-уайымның не екенін де сезбей келген жас жауқазындай 
ойын баласы туған анасы хақындағы ащы шындықты естігенде төбесінен жай түскендей 
есеңгіреп, тауы шағылып қалады. Содан бастап ол ішқұса боп, аш күзендей бүгіліп, 
бұрынғы ақ жарқын мінезінен де айрылып, үнемі тұнжырап, тымырайып, өзіндей 
балаларға да қосылмай, оңаша жүретін әдет шығарады. 
Содан әлгі досым отбасын құрып, өзі әке боп, бала- шаға қызығын көргенше бір 
жадырай алмай, өзінен-өзі сары уайымға салынып, көкіреп шерге толады да жүреді. 
«Менің балалық шағымды әкем ұрлап алып қойған», — деп күрсінетін ол кейде. «Егер 
әкем балалық жүрегімді жаралап, әлі қата қоймаған кабырғамды қаусатып кетпегенде бар 
ғой, менен бақытты адамды іздеп табу қиын болар еді. Ал, шындықты — жақсы мен 
жаманды, ақ пен қараны өскен соң өзім-ақ ажыратып алар едін ғой. Әкем байғұс 
шындықтың бетінсәл ертерек ашып тастағанына өкінем», — дейді ол кейде. 
Жазғы жауын жолдың шаңын басып, ауаны тазалап, себелеп қана өте шығады ғой. 
Мұндай жаңбырдан кейін шілденің шыжып тұрған ауасы біразға дейін қоңыр салқын боп, 
адамдар рақаттанып калады. Зияны жоқ жалған сөз де осы сияқты болуы тиіс. Дүниеде 
тамып кеткен жеріне дереу тамыр жаятын, артынша тікенекті шеңгел боп өсіп шығатын 
өтірік жаман ғой. 
Сондай өтіріктен сақтанайық, Гауһар Ал, менің өз бойымдағы ауыр дертті жеңіл 
дегенім, ертеңгі операцияны бүгіп қалғаным зілді өтірікке жата қоймас. Бүгін жасырсам 
да, бәрібір өтірігім күні ертең-ақ мәлім болады. Бірақ сені бір күн де болса қиналмасын, 
торықпасын, күйінбесін дедім. Саған бір минуттық артық қайғыны арқалатқым келмейді. 
Сенің көңіліңе ешқашан көлеңке түспесе екен деймін. 
Мына өмірдің қызығына тойған ба адам, сірә?' Жаман айтпай, жақсы жоқ. Күні ертең 
қан жылап, қара жамылып қалсаң, онда бәрін өзің-ақ түсінерсің. Мені кешірерсің онда, 
Гауһар. 
Гауһар! Бағана сен маған келіп, екеуіміз аурухана ауласында әрі-бері қыңырып жүрген 
соң-ақ аласұрған асау жүрек сәл саябырлап, көңілім орнығып, жаным жайланғандай боп 
еді Ал, өзіңмен аурухана қақпасы алдында қоштасып, палатаға қайтып кірген бойда-ақ 
дегбірім қайта қашып, тағы да тықыршып кеттім. Қайдағы бір берекесіз ойлар маза 
бермей, төзімімді тоздырды. 
Бүгін кешегіңен де көңілің көтеріңкі, сергек екенсің. Егер адамның ішкі жан дүниесіне 
сәуле құйылып, көңілі шат-шадыман болса, оның жүзі де өзінен-өзі нұрланып, 


әдеттегісінен көрікті боп көрініп кетеді ғой. Бүгін сен де солай, әдемі екенсің. Сол 
сұлулығынды бұзғым келмеді. Ондай қиянатқа қолым бармады: ертең операцияға 
түсетінімді сол себепті де айтпадым саған. 
Менің тағы бір кінәм бар, Гауһар Профессор маған: «Жұбайыңыз бүгін міндетті түрде 
маған жолықсын», — деп тапсырған еді. Оны да саған айтпай жасырып қалдым. Неге 
дейсің ғой? Айтайын. Егер операция өмірге аса қатерлі болса, яғни науқастың операция 
столынан тірі оралатынына сәл күдік туса-ақ нейрохирург ауру кісінің ең жанашыр 
адамынан қолхат сияқты қағаз жаздырып алып қалады. Сол бір сұсты қағазда «Осындай 
операцияға өзіміз келісім бердік», деген жолдар бар. Демек, бұл олай- бұлай боп кетуі де 
ықтимал деген сөз ғой. 
Егер сен бүгін мұндай қағазға қол қойсаң, ертең қандай күйге түсетініңді болжап білу 
қиын емес. «Неге ғана қол қойдым», — деп өзіңді-өзің іштен жеп тауысасың ғой. Ол 
қағазды көрсең сен бүгін-ақ жылап-сықтап есің кетер еді. 
Жаңа ғана мен профессордың кабинетіне кіріп, сол документке өзім қол қойып 
шықтым. Иә, өзіме-өзім кепілдік бердім. «Әйелім бүгін келген жоқ», — деп аузы- мұрным 
қисаймай өмірімде тұңғыш рет дәрігерге жалған сөйледім. Басқа лажым болмады. Сені 
түнде тыныш ұйықтасын дедім. Өзіннің бүгін ұзақ түнге кірпік қақпай қиналарымды 
сездім. Тым құрыса біреуіміз адамға ұқсап, рахаттанып ұйықтап шығайық деп түйдім. 
Мен осынша жасқа келіп, мұңдай ұзақ та, азапты түнді көрген емеспін. Ащы ішектей 
шұбатылған не деген таусылмайтын, ұзақ-сүре түн десеңші! Күні бойы еңбек етіп, әбден 
діңкелеп, ал түнде түк сезбей дереу ұйықтап қалудың өзі де зор бақыт екен ғой. 
Түні бойы ой-қиял әлеміне саяхат жасап, көз шырымын алмай, дөңбекшіп шықтым. 
Гауһар! Осы біз таң атып, күн шыққан сайын қуанамыз ба, жоқ па? Егер қуанбай 
жүрген болсақ, онда көп нәрседен құр қалып жүргенімізге кәміл сене бер. Алтын таңның 
арайлап атуын күн сайын көруден артық ләззат бола ма, сірә! Бүгін түнде тұңғыш рет 
соны сездім. Бірақ күнделікті күйбеңмен жүргенде көптеген ұлы құбылыстарды мулдем 
ұмытып кетеді екенбіз ғой.
Егер осыдан тірі қалсам, күн сайын ұйқыдан ертерек оянып, күллі әлемге жарык 
әкелетін құдіретті Күннің көкжиектен қалай көтеріліп шығарын күн сайын тамашалар 
едім. Мұны бүкіл ғұмыр бойы істер едім. Одан, сірә, жалықпас едім 
Неге дейсің ғой? Бұл сауалға бір-екі сөзбен жауап бере салу қиын шығар. Таң құдіретін, 
Күн шапағатын толық түсіну, түгел сезіну меніңше кез келген адамның қолынан келе 
беретін оп-оңай іс емес. Мұны тек түнере түскен бейуақ қараңғылыкта ажал дейтін үрейлі 
сезіммен жекпе-жек қалып, ұзақ түнге таңның атуын әрі асығып, әрі қорқып тықырши 
күткен жандар ғана жақсы ұғынса керек. 
Қара көрпе жамылған осы тылсым түн мен өлім қатері арасында әншейінде көзге 
шалына бермейтін құпия бір байланыс бар ма деп қалдым. Әйтеуір қара бояу мен 
ажалдың арасы онша алыс емес тәрізді. 
Ал, таң шапағы адамдарға әр жолы шексіз қуаныш әкеледі. Сол қуаныш қазанынан осы 
таңда сыбаға ала алмай, құр қол қалған жандар ертеңгі күнге үміт артады. Өйткені олар 
ертең де міндетті түрде дәл осындай таң атып,күн шығатынына кәміл сенімді болады. 
Өмір атты керуен осылайша күн сайын игі үмітке иек артып, тоқтаусыз, алға қарай жылжи 
береді. 
Ал, мен ше? Мүмкін, енді сан миллиондаған жылдардан кейін де, мәңгі-баки мен үшін 
ешқашанда таң да атпай, күн де шықпай, осы қара түнек басып тұра беретін шығар. Аспан 
шырағының басқалар үшін жарқырап жанғанынан маған не пайда? 


Рас, басқалар таң шапағын мен сияқты асыға, аптыға, құты қашып күтпейді Тіпті 
күткеннің өзінде де маған ұқсап қылаң бере бастаған таңғы сәуле бүгін маған өмір сыйлай 
ма, өлім сыйлай ма деп қорықпайды. Өйткені олардың бойында өздерін қыл мойынға 
тақап, төзімін тауысып бара жатқан мендегідей үрей сезімі жоқ. Мына тылсым түннің 
қара түнегін ысырып тастап, арайлы таңның атарына да, күн шұғыласына өздерінің 
шомылып аларына да олар шүбә келтірмейді. 
Ертең ұйқыдан ояна салып, өзінін бауыр еті баласын да, мейірім шашқан анасын да, 
адал жанды жарын да құшақтап сүйе алатынына титтей де күдіктенбейді. 
Күншығысымен-ақ қызметтес жолдастарын көретініне де, сүйікті жұмысын әрі қарай 
жалғастыра түсетініне де сенеді олар. Сау-саламат адамды күдік құрты неғылсын! 
Гауһар! Қазір түн ортасы, мен терезе жаққа қарап жатырмын. Дала бүгін тас қараңғы 
сияқты. Қасымдағы жолдастарым тұяқ серіппей үйықтап жатыр. Палата іші ала көлеңке. 
Өйткені дәліздегі электр шамының жарығы бөлменің сәл ғана ашық қалған есігінен ішке 
қарай сығырайып түсіп тұр. 
Бір кезде далада күн күркіреп, жай оты жарқ-жүрқ ете түсті. Нақ сол сәтте керуендей 
шұбатылған ой дүрмегін кенет үзіп алдым. Найзағай ойнағаңда бөлме іші қас қағымдай 
бір сәтке күндізгідей жап-жарық боп кетті. Іле-шала жаңбыр себелеп, терезе шыныларын 
тарсылдатып соққылай бастады. «Ертең алма ағаштары гүлдейтін шығар» деп ойладым. 
Бірақ сол бадырақтай-бадырақтай ғажайып ақ гүлдерді мен көре алам ба? 
Кешкі апақ-сапақта мамық түсті қаз бауыр бұлттар кокжиектен көтеріле бастаған еді. 
Оны өзіңді күтіп, бақ ішінде жүргенімде көргем. Енді қазір, түн ортасында сол бөлек-
салақ ұлпа бұлттар өзара тұтасып, аспан әлемінен тоқымдай ашық жер қалдырмай, теп-
тегіс торлап алған шығар. Бағана күн ұясына батарда шарбы бқлттардың бетіне қан 
жүгіргендей сәл ғана қызғылт түс пайда болған. Мұндайда қариялар: «Ертең ауа шайдай 
ашық болады», — деп жорамал айтатынды. Мүмкін, солай да шығар. Бірақ сол ертеңгі 
шайдай ашық аспанды мен көрем бе? 
Бәрін ұмытайын деп қанша жан салсам да осы бір күдік атты қызыл көз пәле қыр 
соңымнан қалмай-ақ қойды. 
Бір сәт өзімнің науқасымды да, ертеңгі операцияны да мүлдем естен шығарып, бұлдыр 
үміт пен тәтті қиялға елтігі жата берсем қандай рақат болар еді. 
Бұрын, денсаулықтың бар кезінде, уақытымның көп кезінде осындай ұзақ түндерде 
ұйықтамай жатып, неге армандамадым екен, э? Тіпті мен қазір арман-қиял дариясында 
қалай жүзу керектігін де ұмытып кеткен жоқпын ба? Адам қайта балалық шағында 
ақылдырақ бола ма деп қалдым. Ол кезде ойынға да, мектепке де, үй шаруасына да, тіпті 
армандауға да уақытымыз молынан жетіп жататынды. Ал, есейіп, ер жеткен соң «уақыт 
жоқ» деген сылтауды қалай қолдану керектігін мықтап меңгеріп алдық. 
Біз өз жалқаулығымызды осы арзан сылтаумен бүркемелеп, өзімізді-өзіміз алдап 
жүрген жоқпыз ба? Кейде маған солай боп көрінеді. 
Балауса шағымда маған түннің тамашасы күндізгідегіден де көп боп көрінетінді. Төбесі 
жайпақтау келген, аласа ғана шағын үйде тұрдық. Жазда мен сол үйдің төбесінен 
түспеуші едім. Кешкі асты апыл-ғұпыл іше сап, корпешемді алам да, сатымен үйдің 
төбесіне өрмелеп шығам. Сонда түнеймін. 
Үй төбесінде шалқамнан жатып алып, ашық аспанда жымылдасқан жұлдыздарды 
қызықтаймын. Алдымен өзім білетін жұлдыздарды түгендеп шығам. Бәрі орны-орнында 
тұрғанына әбден көзім жеткен соң ғана басқаларына көз салам. 


Аспан әлемі маған бас көтермей оқи беруге болатын ғажайып қызық кітаптай боп 
көрінуші еді. Сол кітапты оқып жатып, Арман аулына саяхат жасап кетем. Сонау қиял 
жетпес жұлдыздарға да талай мәрте барып қайтқам. Айға ұшып жететін космос кемесінің 
капитаны да болғам. Өзімше бұрын ешкім байқамаған жаңа жұлдыздар да ашқам. Тіпті 
оларға өзімше әдемі ат қойып та үлгергенекен ғой. 
Ертегілерде ғана кездесетін. Арман ауылын емін-еркін аралаудың өзі де бір ғанибет 
емес пе? Балауса шақта қиял қуып, армандап көрмеген жандар өмірде көп нәрседен құр 
алақан қалғанын сезе ме екен? Егер адамдар тек нақты есептерге ғана арқа сүйеп, арман 
атаулыны ұмытып кетсе не болар еді? Армандауды ұмыту жөнінде ойланудың өзі үрейлі 
емес пе? 
Біреудің қандай адам екенін білу үшін оның ақыл-парасатынан гөрі, арман-мақсатына 
көбірек назар аударамыз ғой. Адамды өмірге ынталандырып, күллі тіршілікке мән-мағына 
беретін де сол арман емес пе? Бізді ғұмыр бойы алға жетелеп, биік шыңдарға шығаратын, 
шабытты еңбекке жігерлендіретін осы арман ғой. 
Адамдар сонау көне заманнан бастап, ай мен жұлдыздарға баруды армандап, өзінің осы 
қиял-мақсаты жөнінде ғажайып ертегілер айтпағанда, бүгін космостық кемелер шексіз 
әлем кеңістігінде зырқырап ұшар ма еді? Мұның бәрі бір кездегі арманнан, қиялдан, 
аңыздан басталған жоқ па? Демек, армаңдау — еріккеннің ермегі емес. 
Арман — адамның канаты емес пе? Олай болса, неге біз ер жеткен соң тәтті қиялға 
берілуге, ізгі мақсатты армандауға уақыт таппай қаламыз? Тіпті бос арман, құрғақ қиял 
деп әлі де жас балаша армандай алатын жандарды мазақ ететін кездеріміз де болады ғой. 
Бір кезде адамға қанат жасап, аспанға ұшыруды армандаған жандарды: «Есі ауысқан 
екен», — деп тірідей отқа тастап, өртегені көне көз тарихқа жақсы мәлім. Бірақ 
табиғаттың бүкіл әлемдік ұлы заңдарын ашқандар, сол «қияли жандар, есі ауысқандар» 
ғой. Онда біз неге бүгінгі арманшылдарға миығымыздан күліп қараймыз? Қазіргі қолда 
бар нәрсенің бәрі бір кезде тек адамдардың қиялында ғана болды емес пе? 
«Қиялдың күш-қуаты білімнің өзінен де маңыздырақ». Мұны айтқан ұлы ғалым 
Альберт Эйнштейн. Демек, арман-қиялдың қуатты қанатына арқа сүйегендер ғана 
басқалар шыға алмаған биік шындарды игеріп алады. 
Мен сан қилы ойға шомып, қиялға беріліп жатырмын. Қазір жұрттың бәрі қалың 
ұйқыда. Адамның күні ертең істейтін жұмысы да, алдағы мақсаты да, көңіліне ұялаған 
арманы да сұмдық көп қой. Әйтсе де адамдар соның бәрін бір сәтке мүлдем ұмытып, тәтті 
ұйқыға беріледі. Күні бойғы күйбеңнен тынығып, рақатқа бөленеді. Сөйтіп адамдар қап-
қараңғы, тылсым түннің өзін де кәдеге жаратып, оны ләззат мекеніне айналдырып 
жібереді. Басқаларын есепке алмағанның өзінде, осы бір әрекетінің өзі-ақ адам 
табиғатының ұлылығын дәлелдеп көрсетуге толық жетіп жатыр емес пе? 
Таң қылаң бере бастады ма, аспандағы бұлт ыдыраңқырады ма, әйтеуір түні бойы қап-
қара боп тұрған терезе жақ бозамықтануға айналды. Иә, әлемге тағы бір жаңа. Күн шығып 
келе жатса керек. Өмірде күн сайын соны көруден артық қуаныш жоқ. Бірақ жайшылықта 
оған мән бермейміз. Тіпті оны ескермейміз де. Рас, әрбір таң арай шашып атқан сәтте 
біреулерге қуаныш сыйласа, енді біреулерге реніш ала келуі де ықтимал. Бірақ жұрттың 
бәрі одан тек шапағат қана күтеді. Өйткені адам табиғаты жамандыққа емес, жақсылыққа 
құштар. Ес біліп, етек жапқаннан бастап іздейтініміз де тек қана ізгілік. Өзімізге де, 
өзгелерге де соны қалаймыз. 


Әрине, мен қазір бүкіл жан-дүниесі, ой-сезімі, ақыл- парасаты о бастан-ақ күн 
шұғыласынан жаралған, өздері де жан-жағына мейірім-шарапатын шашып жүретін, жаны 
нұрлы адамдар хақында айтып отырмын. 
Ал, мына жарық дүниеге жатырқап қарайтын, қашан да меңіреу қараңғылыққа үйір, 
көңілдері көн боп кеткен қорқаулар құдіретті. Күннің отты көзінен зәре-қүты қалмай 
қорқады ғой. Хикая бұлар жайында емес. Өйткені мұндай жүрегі қара, түбі арамдарды 
адамзат ешқашанда өз санатына қосып санамаған. 
Тура біздің терезе түбінен зеңбірек атылғандай әлдене гүрс ете түсті. Оқыстан шыққан 
дыбыстан шошып кеттім. Далада күн күркіреп жатыр екен. Ұшқыр қиял тым алыстап 
кетсе керек. Қазір ауруханада жатқаным, ертең, жоқ енді бүгін өзіме операция 
жасалатыны қайта есіме түсті. Ауыр ойдан аз уақытқа болса да құтылып, сәл-пәл тынығып 
қалғаныма қуандым. Енді бойымдағы үрейді жеңіп, өзіме-өзім келген соң қасымда жатқан 
жолдастарымды ойлай бастадым. 
Бір палатада үшеуміз. Апау екеуі тарсыл-гүрсілге былқ етер емес. Қыбыр етпей 
ұйықтап жатыр. Өйткені екеуіне де әр үш-төрт сағат сайын ұйықтататын укол жасап 
кетеді. Екеуі де жер басып жүре алмайтын, аяқтан қалған науқастар 
Адамдар ауруханада жайшыдық кездегіден гөрі тезірек шүйіркелесіп, оп-оңай-ақ 
танысып, әп-сәтте кәдімгідей сырлас, мұңдас, кейде тіпті пікірлес боп кетеді екен. 
Басқаларды қайдам, әйтеуір біздер сөйттік. Күш ұзаққа тырп ете алмай көк жамбас боп, 
туралап жатқандықтан ба, әлде науқасымыз ұқсас болғаны үшін бе, кім білсін, әйтеуір 
айтқан сайын әңгімеміз қоюлана түседі. Небәрі үш-төрт күннің ішінде-ақ біздер бір-
бірімізді баяғыдан бері білетін адамдарша әкей-үкей боп қалдық.
Ішіміздегі ақсақалымыз — Ақылбек ағай. Ол өзі елуді енді ғана еңсере бастаса да төбе 
шашы сиреп, әжептәуір қасқаланып қалған, самайына қырау іліккен, атжақты, тік қабақ, 
қара торы кісі. Бір қарағанда жүзі сүсты, өңі ызғарлы көрінгенмен, ол мінезі жібектей 
есілген биязы, жаны жайдары, әзілқой жан екен. Бойы онша ұзын емес, қайта таиалдау 
болса керек. Зембілге салып, шалқасынан жаткан күйінде палатаға әкелгелі бері төсектен 
бір тұрған емес. 
Ақылбек аға ғылым хақында, ғалымдар жөнінде қаншама көсіле хикаяласа да, өзі 
туралы айтқанда шамдан- шақ аттай кібіртіктеп, сауалға сараң жауап береді екен: 
— Тәйірі, бізді қойшы Тындырғанымыз шамалы. Басымыз онша мықты емес қой. 
Әйтпесе адамның басына операция жасайтын жерде өстіп жатар ма едік, — деп өзі 
жайындағы сөзді қашанда қалжыңға айналдырып жібереді. Бұл кісінің ғылымда көп 
жаңалықтар ашқан белгілі ғалым екенін, әрі белді ғылыми мекемелердің бірін көп жылдар 
бойы басқарып келгенін біздер сырттан көңіл сұрай келіп жүрген жора-жолдастарының 
өзара әңгімесінен аңғарып қалған едік. 
Ал ең кенжеміз — Қайсар. Жасы жиырмаға енді ғана жеткен осы бір бүлдіршіндей, 
сүйкімді жігітке дәрігерлердің өздері де айрықша жан ашырлық сезіммен елжіреп, 
мейірлене қарайтын сияқты. Осында әкелгенде кірпік қақпай ес-түссіз еді. Арада бір 
тәулік өткен соң ғана көзін ашып, өзіне келді. 
Қайсар иба сақтап, үлкендердің сөзіне онша араласа бермейді. Кобінесе сөзімізге құлақ 
түріп, сәл күлімсірей қараған күйінде үн-түнсіз жата береді. 
Гауһар! Кейде біз адамның кескін-келбетіне, түр- әлпетіне, сыртқы болмысына қарап-
ақ «Мынау кісі жүрек жұтқан батыр шығар, ал мынау біреу жаны жоқ қорқақ болар», — 
дей саламыз. Сонымыз дұрыс емес екен. Оған әбден көзім жетті. Көзімді жеткізген осы 
Қайсар. 


Бұл жігіт әлі бет пердесі жыртылмаған баладай ұяң. Сырт көзге ол жасқаншақ та боп 
көрінеді. Егер оны біреу маған көшеде сыртынан көрсетіп «Мына бала жігіт нағыз 
батырдың өзі», — десе, мың жылда да сене қоймас едім. Өйткені оның өн бойында 
жаужүрек жандардың бейнесіне тән бірде-бір белгі — айбатты кескін-келбет те, сом дене 
де, найзадай өткір көзқарас та жоқ. Қойдан жуас, қозыдан момақан, кәдімгі өзіміз күнде 
көріп жүрген мыңдаған бозбалалардың бірі. 
Бірақ Қайсар мыңдардың бірі емес. Ерекше жаратылған жан ол. «Жиырма бес баланы 
ажалдан алып қалған жігіт» жөніндегі очеркті газеттен оқығаныда, осы шына- шақтай 
жігіттің қолынан соншама ерлік, ізгілік, адамгершілік қалай келді екен деп жағамды 
ұстадым. 
Меніңше, жайшылықта, қауіп-қатер жоқ кезде шешіле қоймайтын жалғыз ғана өмір 
жұмбағы бар. Кімнің ер жүрек, ал кімнің қорқақ екенін күні бұрын болжап шеше аласың 
ба? Жоқ, әрине Өмірдін бұл жұмбағы тек ажал иісі аңқыған қауіп-қатермен бетпе-бет 
келіп, онымен жекпе-жекке түскен сын-секундтарда ғана шешілсе керек. 
Әрбір адамның бойында батылдық та, қорқақтық та, сараңдық та қасиеттер там-тұмдап 
болса да бар ғой деймін. Бірақ сын сағатта солардың қайсысы жеңіп шығады? Қайсысы 
басым түседі? Міне, гәп осында. 
Жайшылықта ғұмыр бойы сыр бермей жүре беруіміз ықтимал. Бірақ қауіп-қатер 
төнгенде оның кім екені бір секундта-ақ мәлім боп қалады. Иә, біреулерді мәңгілік өшпес 
даңққа бөлеп, ал басқа біреулерді ғұмыр бойы арыла алмайтындай етіп масқаралап, қас 
қағымда өте шығатын осындай секундттарда адам бойындағы әлгі жақсылық пен 
жамандық, батылдық пен қорқақтық. Ар сотының таразысына барып түссе керек. Қай 
қасиеттің басым түсерін қашанда жүрек әміріне бағынатын Ақыл- парасат шешпей ме? 
Жайшылықта бетегеден биік. жусаннан аласа боп, жұрт көзіне жарқырап түсе 
бермейтін кейбір кішіпейіл жандар осындай сын-секундтарда қараңғы түндегі 
найзағайдай жарқ ете түседі ғой. 
Кеше бүкіл ел басына күн туып, жау жағадан алғанда бір секунд та ойланбай. Отаны 
үшін жанын пида етіп, өз кеудесімен жау дзотының амбразурасын жапқандар аз болған 
жоқ. Бұл тек батырлық қана емес, биік адамгершілік, зор парасаттылық. Патриоттық. Осы 
бір секунд ішінде атқарылған ерлік іске ол бүкіл ғұмыр бойы өзін әзірлеп келгеніне мен 
кәміл сенем.Ал, Қайсар ше? Ол да дәл солай ойлайтын шығар. Әйтпесе мұндай ерлікке 
бара алмас еді ғой. 
Қайсар жүк таситын машинасын құйындатып күндегі әдетімен бейғам келе жатты. 
Төбеден төмен қарай құлдилай құлап жатқан жолға түсе бере-ақ ол машинаның тормозы 
істен шыққанын сезді. Бірақ абыржыған жоқ. Көпірден өтіп, ойпатқа жеткенде екпіні 
басылып, машинаның өзі-ақ тоқтар деп ойлады. Бірақ көпірдің үстінде бір топ жас бала 
ойнап жүргенін кенеттен көзі шалып қалғанда арқасы мүздап қоя берді. Не істеу керек?! 
Көпірге дейін таяқ тастамдай ғана жер қалды. Қас қағамдай ғана уақыты бар. Көзді ашып-
жұмғанша ағып өте шығатын қып-қысқа уақыт ішінде ол бәрін ойланып та, толғанып та, 
бір шешімге бел буып та үлгіруі керек еді.
Қазір ол екінің бірін үстеуге мәжбүр. Не машинаны оңға қарай, яғни түпсіз терең 
шыңырауға қарай кілт бұрып жіберіп, өзі өлуі керек. Немесе көпірдің үстінде ойнап 
жүрген бір топ балдырғанды қызыл жоса қан ғып жаншып өтуі тиіс. Басқа лажы жоқ. 
Бір-ақ секунд! Әйтсе де мұның өзі онша аз уақыт емес екен. Қас пен көздің арасында 
өзінің бүкіл өмірін, әке- шешесін, сүйген қызын қалайша көз алдынан бір-бір өткізіп 
үлгіргеніне бүгін Қайсардың өзі де онша сене қоймайтын сияқты. Солай. Талай-талай 


жылдарға татитын секундтар болады. Сондай секундттарда сасып қалып, ғұмыр бойы 
өкініп өтетіндер де кездеседі екен. 
Қайсардың бар есінде қалғаны — машинаны терең сайға қарай кілт бұрып жібергені. 
Тірі қалам деп ойлаған жоқ екен. Кездейсоқ өлмей қапты. Машина күлпарша бопты. 
Мұның бәрін ол кейін естіп білген. 
Ауруханаға шала-жансар күйінде әкелген екен. Әйтеуір ол осы палатада есін жиып, 
көзін ашты. Бел омыртқасы сынып кетіпті. Демек, ол енді ешқашан өз аяғымен жер басып 
жүре алмайды. Мәңгілік мүгедек...
Ауызға үріп салғандай әп-әдемі қалыңдығы да бар екен. Көрдік. Артынан іздеп келіп 
кетті. Қайғылы оқиға екеуінің қосылу тойына үш күн қалғанда бопты. Тағдыр кейде тым 
қатыгез ғой. Бұлардың өмірі енді не болар екен? Кешегі қыз қайтып келе ме, жоқ па? 
Профессор оған бәрін бүкпесіз айтып жеткізген шығар. Демек, қыз тағы келсе, онда 
Қайсардың ауыр тағдырын бөлісуге бел буғаны. Ал, келмесе ше? 
Шіркін-ай, адам баласы туылып, мына жарық дүниеге келген соң қайғы-қасірет 
көрмей-ақ өтіп кетсе ғой. Адам ауырмаса, қартаймаса, өлмесе не болар еді? Онда, мүмкін, 
мына өмірдің шексіз рақатын, бар қызығын жан-тәнімізбен толық сезе алмас па едік? 
Ащының дәмін татпай, тәттінің қадіріне жету қиын ғой. Сол үшін тағдыр бізді кейде 
қинап-қинап ала ма екен? 
Бір күні зерігіп отырып осы пікірімді Ақылбек ағаға айттым. Ә дегенде ол бұған күлді 
де қойды. Ертеңіне ғана ол менің әлгі сөзіме қайта оралып, өзі бұл женінде бір хикая 
шертіп берді: 
— Адам, сірә, қайғы-қасірет көрмесе, ауырмаса, қартаймаса, өлмесе дейсің, ә? Баяғыда 
бір патша бопты. Оның жалғыз бір ұлы бар екен. Патша «Жалғыз балам өмірдің бірде-бір 
тауқыметін көрмесе», — деп армандайды екен. «Балам ауырган адамды, қартайған кісіні, 
марқұм болған пендені көрсе қайғымен қан жұтып, мына қызықты өмірден меселі қайтып 
қалар» деп ойлайды ол Сөйтеді де, патша жалғыз баласын ел-жұрттан аулақ жерге, алыс 
бір таудың үңгіріне қамап, жат көзге көрсетпей тәрбиелей береді. 
Ақыры патшаның баласы — шаһзада ер жетіп, жігіт болады. Өмірді көргісі келеді. 
Өзінше серуен құрып, табиғатты тамашаламақ болады. Қасына бір қызметшісін ертіп 
алып, үңгірден далаға шығады. 
Екеуі кең даланы қызыктап, мәз-мейрам боп күліп келе жатса, қарсы алдарынан бір 
өлмеші шал шығады. Оның кәрілігі сондай, белі бүгіліп, жауырыны күдістеніп, басы 
жерге тие жаздағандай, аузында бірде-бір тісі жоқ, шашы аппақ, беті әжімнен көрінбейтін, 
көздері ірің-ірің, буын- буындары дірілдеп, өзі таяққа сүйеніп әрең тұр екен. Өмірінде кәрі 
кісіні көрмеген шаһзада шалға таңырқай қарап, жанындағы қызметшісінен. 
— Мына адамды осыншама аянышты, соншама бейшара күйге түсірген кім? — деп 
сұрайды. Сонда жалшысы 
— Кәрілік Одан бірде-бір тірі пенде қашып құтылған емес. Қартайғанда сіз де нақ 
осындай боласыз, — дейді. 
Сонда шаһзада 
Мен жастықтың буына мас боп, кәрілік шақтың келерін ойламай жүр екем ғой. 
Мұндай жастық-мастық өмір құрысын! Түбінде мына шалдай боп қартаярымды көріп, 
біліп тұрып, мен енді қалайша серуен құрып, қалайша ойнап-күлмекпін?! Маған мұндай 
өмірдің керегі жоқ, — деп үңгіріне қайтып кіріп, далаға шықпай қойыпты. 
Әрі ойлап, бері ойлап, ақыры шаһзада көңіліне медеу тұтарлыктай бір жұбаныш ойлап 
тапса керек. Бір күні серуен құруға тағы да шығады. Бұл жолы олар бір ауру адамға душар 


болады. Әлгі кісі безгегі ұстап калшылдап, еріндері кезеріп, көздері жасаурап, аяғын әрең 
басып барады екен. Ғұмырында науқас көрмеген шаһзада қасындағы серігінен «Мына 
кісіге не болған?» — деп сұрайды. Бұл ауру адам екенін, ертең өзі де осылайша науқасқа 
ұшырауы мүмкін екенін білген соң шаһзада. 
— Бәріміз де бүгін сау-саламат, ал ертең дімкас, ауру екенбіз ғой! Бүйткен саулық 
құрысын! Түбінде бір осындай дертке шалдығарымды біле тұрып, мен қалайша бүгін 
көңіл көтеріп, серуен құрмақпын?! — деп ол тағы да үңгіріне кіріп кетеді. 
Шаһзада үңгірінен үшінші рет шықканда тағы бір сұмдықты көреді бір топ адам 
жылап-сықтап, шаштарын жұлып, беттерін тырнап, зарлап барады екен. Ұзын зембілге 
салып, үстін матамен жауып қойған бірдемені көтеріп, әлдеқайда әкетіп барады 
— Бүл не? — деп сұрайды таңырқаған шаһзада 
Өлген адам 
— Өлген адам деген не? 
Жаны жоқ кісі 
Шаһзада табытта жатқан өліктің бетін ашып көреді: 
— Енді мұны не істейді? 
Жерге көмеді 
— Неге? 
— Өиткені ол ешқашанда қайтып тірілмейді 
— Мені де сөйте ме? 
— Иә 
Сонда шаһзада қатты ашуланып «Жок, өмірді енді қайтып көргім келмейді!» — деп 
үңгіріне кіріп кеткен екен. Содан қайтып шықпапты 
Ақылбек хикаясын аяқтап, сәл күлімсірегендей боп — Иә, жігіттер, аурусыз, кәріліксіз, 
өлімсіз өмір жоқ, — деді. Шынында да, өмір бар жерде өлім бар. Бұл атам заманнан бері 
мәлім ақиқат қой. Несіне оған бас қатырам? Әйтсе де, әр қадым сайын аңдысып жүретін 
ажал қатерін адамға біржола ұмыттырып жіберудің өзі-ақ өмір күшінің ұлылығын 
дәлелдемей ме? 
Тыныштық, бейбіт кез түгілі, кейде адам борап тұрған оқ астында жүріп-ақ ажал 
үрейінен қаймықпайды ғой. Алға қойған биік мақсат-мұратына жету үшін үрей атаулыны 
мүлдем ұмытып кетеді. Жоқ! Ұмытпайды. Оны менсінбейді. Мойындамайды. Тіпті оны 
ойлағысы да, түсінгісі де келмейді. Ажалды есепке алмайды. Оның бары Да, жоғы да 
бәрібір оған. Мұндай жандарды мен өмірдің нағыз қожалары дер едім. Олар ешқашанда 
жалтақтамайды. Сары уайымға салынбайды. Көлденең келген көк аттыға мүңын шаға 
бермейді. 
Гауһар' Осындай, табанды жандарға қызығамын. Қолымнан келсе, мен де тура 
солардай болар едім «Болмасаң да ұқсап бақ» деген емес пе? Несі бар, мүмкін ақыры 
ұқсап та қалармын. Мен ертеңгі операциядан тайсақтамай, оған бекем бел буып отырмын 
ғой. Соның өзі осы мақсатқа жетер жолдағы алғашқы адым емес пе? Әйтпесе бағана 
профессор кабинетіне кіргенде «Жігітім, әлі де ойлан. Біз сені зорламаймыз. Тек осылай 
юте деп кеңес қана береміз», — деді. Демек, мен операцияға өз қалауым бойынша, тіпті 
өзім сұранып бара жатырмын. Солай емес пе? 
Мен тек бір ғана нәрсеге өкінем, Гауһар. Мына қайталанбас өмірдің барша құнын 
кештеу түсіңдім бе деп қорқам «Ертең операция», — деген сөзді естіген соң ғана ұйқыдан 
оянғандай, көзім ашылғандай болды. Өмірден де, табиғаттан да, адамдардың жүзінен де 
осы күнге дейін көрмей келген ізгілікті, сұлулықты, жылылықты аңғардым Бірақ 


тіріліктің бар қүнын ажал алдында ғана сезініп, кеш ұғынудан үрейлі азап жоқ шығар. 
Осыны ойлағанда ет жүрегім езіліп, ішім бордай үгіледі. Кеш те болса соны әйтеуір бір 
түсінгеінмді көңіліме демеу тұтам. Әйтпегенде ше? Қара жерге кіргенше соны ұқпай, 
өмірдентәлім алуға да жарамай, тұғырдан тайып кетіп жатқандар аз ба?! 
Гауһар' Мен осында бір кісімен таныстым. Жасы алпысты алқымдап қалса керек. Әйтсе 
де, өзі сондай ширақ. Әзілқой, қуақы, қалжыңбас адам. Маңайына жанап кетсең-ақ 
күлкіден аузыңды жиғызбайды. Аузын ашса-ақ шіексілең қатып күле бересің. Ол жатқан 
палатаны аурулар өзара «күлкі бөлмесі» деп атайды. 
Кейде біздер палатада қанша қамығып отырсақ та, әлгі кісі келгенде бәріміз жадырап 
сала береміз. Онымен әңгімелескен соң көңіліміз көтеріліп, масайрап, бір түрлі 
рақаттанып қаламыз. Сиқыры бар сияқты 
Қашан көрсең де ол жайма-шуақтанып, шат шадьшан боп, жайраң қағып жүреді. 
Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ осы адамның төрт құбыласы түгел шығар деп ойлаушы едім. 
Сөйтсем, ол байғұстың өмірде көрмеген азабы жоқ екен. Әбден көр азабын тартып, сан 
рет тағдырдың уын ішіпті. Бірақ басына түскен таудай тауқымет те оныңмеселін қайырып, 
қажырын мұқата алмаған екен. Мұның бәрін мен кейінірек өзінен емес, өзгелерден естіп 
білдім. 
Сол адам кешегі сұрапыл соғысқа бір қол, бір аяғын беріп қайтыпты. Әйтсе де, оның 
ағаш аяққа жақсы машықтанып алғаны сондай, оның жалғыз аяқпен жүргенін ешкім 
сезбейтін болған. Ол өзі бір аяқ, бір қолмен жүріп- ақ көп жылдар бойы осындағы үлкен 
бір заводта бас инженер боп істеп келген. Осыдан бес жыл бұрын ол қатты науқасқа 
шалдығып, әлгі жалғыз сау аяғы да жансызданып қалады. Дәрігерлер омыртқасының 
ішінде ісік бар деп табады. Сөйтіп, оған операция жасайды. 
Ауруханада сарғайып екі жыл бойы жатады. Енді ол бір таяққа сүйеніп, әрең 
қозғалатын боп қалды. Бірінші топтағы мүгедек ретінде завод оған тәп-тәуір пенсия беріп, 
құрметті демалысқа шығарды. Жеңіл машина сатып алуына көмектеседі. 
Бірақ ғұмыр бойы тер төгіп, адамдар арасында жүріп үйренген жан үйінде жайбарақат 
отыра алмайды. Жасы елуден асып қалған шағында мамандығын өзгертеді. Алты айлық 
бухгалтерлік курсты бітіреді де, сол өзі істеген заводта экономист болып істей береді. 
Алғашқы кезде оның машинаға мініп, түсіп жүруіне әйелі көмектескен екен. Бірақ 
күйеуінің енді қайтып өз аяғына мініп, жер басып кете алмайтынына көзі жеткен соң әйелі 
ажырасып, басқа біреуге тұрмысқа шығып кетіпті. 
Сол кезде ер жетіп қалған жалғыз ұлы автомобиль апатына ұшырап қаза табады. Қазір 
үш бөлмелі үйде жалғыз өзі тұрады. Омыртқасына екінші рет операция жасатпақ боп 
жатыр. 
Міне, нағыз адам деп осыны айт, Гауһар. 
Ал, кейбір жаны жасық, сүйегі күйреуік біреулер болмашы нәрсені көтере алмай, ақыр 
заман орнап қалғандай басын тауға да, тасқа да соғады. Жанын қоярға жер таппай 
аласұрады. Бұлар — дәрменсіздер. Қорқақтар. Бейшаралар. Мұндайлар ащы шындықтың 
бетіне тік қарауға қорқады. Өздерінің дәрменсіздігін жүртқа білдіргісі келмейді. Сол үшін 
өмірдің өзінен қашып, үңгірге барып бой тасалайды Өзіне-өзі қол жұмсайды. Басқа түскен 
қиындықтан өліп құтылуға тырысады. 
Алғашында мен оларды жүрек жұтқан батыр жандар шығар деп жүрдім. Өзіне-өзі қол 
жұмсағандардың қоян жүрек қорқак, бейшара екенін кейінірек өз басыма таудай тауқымет 


түскен кезде ғана ұқтым. Ұқтым да әлденеден жиіркендім. Біреулердің дәрменсіздігі 
арқама аяздай батты. 
Бұлар — көзі болса да көрмейтін, құлагы тұрса да естімейтін, тілі бар десек те сөйлей 
алмайтын тірі жансыздар. Олар өмірдің қайталанбас ғажайып көркін көруге, барша құнын 
түсінуге, сиқырлы әуенін тыңдауға дәрмені жетпегендер. Олар анадан туып, жарық 
дүниеге келгенмен де, айналасына жалтақтап қарағанмен де ешқашан мына өмірдің 
шынайы бейнесін көрген емес, сезген емес, ұққан емес. Өмірге үйқылы-ояу кеп, өмірден 
сол дел-сал күйінде аттанып кеткендер олар. 
Әйтпесе көкірек көзі ашық адам табиғаттың осыншама сұлулығын, адамдардың көл-
көсір ықылас-мейірімін, балалардың кіршіксіз күлкісін қалай ғана қиып, өзін-өзі өлтіреді, 
ә? Қайта адамдар өмір қызығын көру, сезіну, есіту үшін күресіп, сол үшін жан пида етіп 
жатқан жоқ па?! Майданда кейбір жүрексіздер қолында қаруы бола тұрып, жаумен бетпе-
бет ұшырасуға дәті шыдамай зәресі ұшып қорқады да, өз ықтиярымен күрестен бас 
тартады — душпанына өзі барып түтқын болады. Сөйтіп қара бастың қамы үшін бүкіл 
елін, достарын, туған-туыстарын сатып шыға келеді. 
Өзіне-өзі қол жұмсағандарды да, меніңше, ел-жұртына дәл сондай опасыздық 
жасағандар деп есептеу керек. Рас, бізде ондайлар көп емес. Бірақ бар ғой. Бірен-саран 
десек те үшырасып қалады емес пе? «Мың досың болса — аз, ал бір дұшпаның болса — 
көп» дейді халық даналығы. Демек, арамызда бір опасыз жан жүрсе, ол аз емес. 
Бұлар өздерінің түкке түрғысыз, рухани жағынан қайыршы жандар екенін іштерінен 
жақсы біледі. Бірак ғүмыр бойы сонысын басқаларға сездірмеуге тырысып, сол үшін жан 
ұшыра әрекет жасайды. Сол құпиясы ашылғанша іштей қалтырап-дірілдеп жүрсе де, 
сыртқа дөң айбат көрсетумен болады. Бірақ жұрт ақыры бір күні оның кім екенін біледі. 
Шындықты бетіне басады. Сол сәтте ол қолға түскен ұрыдай масқарасы шығады. Сонша 
жыл «артист» боп жүрген адам енді мына күйінде жүрттың бетіне қарауға жүрегі 
дауаламайды. Ақыры өзін-өзі құртып қана тынады ондайлар. 
Әрбір адам өмірдің қызығын, тіршіліктің ләззатын, адамның ұлылығын бұдан да 
асқар шыңдарға асқақтата түсуге өз халінше үлес қосу керек емес пе? Міне, осындай киелі 
парызды өтеуден өз еріктерімен әдейі бас тартқан адамды кім деуге болады? Әдетте еліне 
опасыздық жасағандарға қатал үкім шығарады. Соттайды. Заң солай. 
Ал, ел-жұрттан теріс айналып, өмір сүруден өз еркімен безгендерді не істейді? Не 
істеуге болады? Олар өздеріне- өздері-ақ өте әділ үкім шығарып қойған жоқ па? Соның 
өзі-ақ жетпей ме? Жоқ! Олар үшін бұл жаза тым аздық қылады. «Өліп кету қиын емес, 
өмір сүру қиын», — депті ғой бір данышпан. Сол қиындықтан қашқандардың әділ 
жазасын тірілер беруі керек. Егер менен біреу ондайларға енді не істеуге болады деп 
сұраса, мен былай дер едім: «Осындай ғажайып өмірден қашқан қарабеттердің есімін 
өзгелер түгілі, өз ұрпақтары да ешқашанда ауызға алмайтын болсын! Халқына осылайша 
опасыздық жасаған сатқындардың есімі жаңа туған күнәсіз нәрестелерге берілмейтін 
болсын! Көзінің тірі кезінде өз халқымен бірге жүріп, бірге тұрып көрмеген, оның 
қуанышы мен қайғысына ортақ болғысы келмеген мұндай қорқаулардың өлексесін де 
қасиетті адамдардың беиітіне жолатпайтын болсын!» 
Міне, сонда ғана біздер бүкіл жер бетіндегі мұндай опасыздық атаулыға әділ үкім 
шығарған боламыз. 
Қайдағы-жайдағыны ойлай береді екенсің деп маған ренжіме, Гауһар! Мынадай 
ауруханада, яғни өмір мен өлім күн сайын, сағат сайын арпалыска түсіп, бірде адам, бірде 
ажал жеңіп жатқан жерде кісі өзінен-өзі-ақ қиялшыл боп кете ме деп қалдым. Шынымды 


айтсам, мен ғұмырымда бұрын-соңды өзім хақымда, сен туралы, балаларымыз жөнінде, 
жалпы айналамыздағы адамдар жайында дәл қазіргідей көп ойланып, толғанған емеспін. 
Бұл жағынан алып қарасақ: менің ауырып қалғаным зиян емес, қайта өзіме пайдалы болды 
ма деп ойлаймын. 
Айдың күні аманда біздер еш нәрсеге шындап ой тоқтатып жатпаймыз ғой. Бәрін 
асығыс ойлап, асығыс істеп келген сияқтымын. Бір қызығы сау-саламат шағымда өзіме 
түсініксіз боп келген құбылыстың бәрі қазір маған ап-айқын, түсінікті боп тұр. Бұрын 
тіпті кейбір достарымның аумалы-төкпелі, құйты мінездеріне, оғаш қылықтарына миым 
жетпей іштей қайран қалып жүруші едім. Бүгін сол оғаш қылықтардың астарын өз 
көзіммен көріп тұрғандаймын. Баяғыдан бері осылайша, бүгінгідей ойлай алғанымда ғой, 
мен осы күнге дейін басқалар сезбеген көп нәрсенің сырына қанық болар едім. 
Мүмкін, дос-жарандар, туған-туысқандар хақында онша көп біле бермегеніміз дұрыс 
та шығар. Әйтпесе біз шамадан тыс міншіл, сыншыл, кінәмшіл боп кетер едік. Ал, жөнді 
білмеген соң біз әдетте жаманын жасырып, жақсысын асырып, белден басып кете береміз 
ғой. Тегінде, сол дұрыс болар. 
Гауһар! Мені біресе оны, біресе мұны әңгімелеп, әр нәрсенің басын бір шатып кетті 
деп ойлайтын шығарсың. Жоқ! Өтінем, нақ осы тұста мені дұрыс түсінуге әрекет жасашы. 
Саған бағанадан бері айтып отырғаным да, енді айтарым да тек жалғыз ғана пікір. Егер 
өзіңе бір ғана ойды дәл жеткізу үшін шамадан тыс езбеленіп, ділмәрлік жасап кеткен 
болсам, онда мені кешірерсің. 
Темірдің сапасы қандай екенін отқа қыздырып көрген соң ғана біледі емес пе? 
Меніңше, адам да солай. Әншейін кезде кісі өзін-өзі білмейді. Ғұмыр бойы өзін-өзі 
білмей, дүниеден өтіп кететіндер де аз емес. Әрбір адам өз басына таудай тауқымет 
түспей, аздап азап отына күймей өзін- өзі біле алмаса керек. Ал, мен «ертең операция» 
деген сөзді естіген минуттан кейін ғана өзімнің кім екенімді білдім десем иланасың ба? 
Бұл сөзім саған сенімсіздеу естілуі ықтимал. Өйткені жай уақытта адам басқа біреу түгілі, 
өзін-өзі терең түсініп, терең сезінуге әрекет жасамайды. Мұндай сезімдерге мән бермейді. 
Жалпы адамның табиғаты солай шығар. 
«Адам үшін ең киын нәрсе не?» Бұл сауалға сонау көне заманның ақыл-ой 
алыптарының бірі Фалес: «Өзін-өзі танып-білу», — деп жауап беріпті. «Өмірдегі ең оңай 
іс не?» — деген достарының сауалына данышпан: «Басқа біреуге кеңес беру», — деген 
екен. Бұл — ақиқат пікір. Бірақ сол шындыққа кейде көз жеткізіп, көңіл сендірудің өзі де 
жеңіл-желпі іс емес қой. 
Мен сияқты басқалар да өзінің қандай адам екенін жаны жарға таянғанда ғана сезе 
бастай ма екен? Әлде өзінің не қорқақ, не ер жүрек, не мейірімді, не тасбауыр, не нанғыш, 
не күдікшіл екенін о бастан-ақ жақсы біле ме? Бірақ сын сағат соққан сәтте сол 
жайшылық кездегі өзің туралы пікірдің көбі қате боп шығады-ау деп ойлап қалдым. Мен 
бұрын өзіме-өзім құдды жас баладай нанғыш адам боп көрінуші едім. Күдікшілдеу жан 
екенімді қазір ғана байқадым. Өткенге ой жүгіртіп қарасам, менің сапты аяқтан ас құйып, 
сабынан қарауыл қарайтындай тым секемшіл боп кеткен кездерім де болған екен. Оған тек 
қазір ғана анық-қанық көзім жетіп, көңілім сенген сияқты. 
Ақиқатқа көз жеткізу үшін адам кейде әлденеге күдіктеніп те қалады. Бұл табиғи 
құбылыс. Бірақ ашығын айтқанда сенімсіздік жиіркенішті сезім емес пе? Соны қалай 
ұқпай келгем. Рас, күдіктің жақсы нәрсе емес екеніне бұрын да ақылым жететін сияқты 
еді. Бірақ оны бар жан-жүрегіммен тек қазір ғана сезіндім. Ақылмен түсіну бір басқа да, 


ал жүрекпен сезіну бір басқа екен. Бүұл екеуінің арасында жер мен көктей айырма барын 
қалай ғана сезбей келгем? 
Рас, мен өмірімде орынсыз күдікпен сені ренжіте қойған жоқ шығармын, Гауһар Ал, 
егер абайсызда өзіңе шүбә келтірген болсам, онда бүгін кешірім сұрамақпын. 
Бүгін менің ойымда тырнақтай да күдік қалмаған сияқты. Мүмкін, сондықтан болар, 
қазір маған барлық нәрсе ап-айқын, кіршіксіз, мөлдір боп көрініп тұр. Тіпті өзімнің ой-
пікірім де әрі ашық, әрі қалтқысыз сияқты. Қазір кез келген адамға иланғым кеп тұр. 
Профессорға да нанам. Ертеңгі операцияның сәтті аяқталарына да күмәнім жоқ 
Рас, соңғы кездесуде профессордың көзінен болар-болмас күдік ұшқынын сезіп, іштей 
тіксініп қалдым. Сонда ол өз мүмкіндігше шүбә келтірді ме екен? Егер ол өзіне- өзі 
сенбесе операция жасамауы керек қой. Демек, көңілінде күдігі жоқ. Бүгін қалайда оған 
сенуім керек. Әйтпесе бес- алты сағатқа созылатын мұндай операциядан тірі шығу мүмкін 
емес. Профессорға ғана емес, өзіме-өзім де іштей берік болуым қажет-ақ 
Ертеңгі операцияның сәтті бітеріне бүкіл жан-жүрегімді ешбір қалтқысыз, тас-түйін 
етіп иландыра алам ба? Соған бойымдағы күш-қайратым, ерік-жігерім жете ме? Міне, бар 
гәп осында 
Талайларды арандай ашылған ажал аузынан суырып алған атақты профессорға неге 
күдіктенем? Кеше марқұм болған жігіт есіме түсіп тұрған шығар. Сол жадымнан 
көтерілмей-ақ қойды. Бір адамның өлімі қаншама кісінің көңіліне шүбә тудырды 
десеңізші. Жүздеген науқас құлан- таза сауығып, аяқтарына қайта мініп кетіп жатыр. 
Оларды ешкім көрмей ме деп қалдым. Ал, кешегі жігіттің кім екенін, қайдан келгенін, 
неше жаста екенін, қандай науқасқа шалдыққанын күллі аурухана бес саусақтай біледі. 
Менің де одан хабарым бар. 
Сонымен мен профессорға сенбеймін бе? Әлде операциядан қорқам ба? Мүмкін, бұл 
екеуі бір ғана сауал шығар. Профессорға күдіктенетіндей-ақ мен өзім кім едім? Жоқ. 
Оның өз ісіне жетік екеніне титтей де күмәнім жоқ. Демек, мен ертеңгі операциядан да 
жасқанып тұрғам жоқ. Бірақ өзіме де беймәлім бір тықырдың таянғанын жүрек құрғыр 
сезгендей ғой. Ол не өзі? 
Көпке дейін осы сауалга жауап іздеп жаттым. Ақыры таптым-ау деймін. Бұл — үрей. 
Бірақ ол өзі профессорға да мүлдем байланысты емес. Жақындап келе жатқан қауіп-
қатерден туатын, тірі жанның бәріне тән, табиғи қорқыныш сезімі. Бұдан ешкім, ешқашан 
қашып құтылған емес. «Мен өлімнен қорықпаймын деп айту — барып тұрған өтіріктің 
көкесі». Бұл ұлы гумманист Жан-Жак Руссоның пікірі. Адам өз бойында күн сайын 
туатын сан килы қоркыныш сезімін жеңіп отыратыны мәлім ғой. 
Ұсақ-түйек үреймен күресу аркылы біз өзіміздің ерік- жігерімізді қайрап, өткірлеп 
алатынымыз мәлім емес пе? Әйтпесе біздің қашанда пышақтай өткір ерік-жігеріміз 
әлдеқашан-ақ мұкалып қалар еді ғой. 
Мүмкін, шынында да, өзім сәл су жүректеу де шығармын. Мейлі. Коркақ-ак болайын. 
Жүрт не десе о десін. Оған қылшығым да қисаймайды. Тек қана мені анадан аяр туған, тірі 
пендеге иланбайтын күдікшіл демесе екен. Пәленше күдікшіл дегенді құлағым шалып 
қалса-ақ ішімнен: «Мен де сондай шығармын» деп көңілім қарайып, әлекей-шәлекей боп 
кетем. 
Маған әрқашанда күдік атаулының кені жүрек емес, ми — ақыл-ой сияқты болады да 
тұрады. Мүмкін, солай да шығар. Өйткені менің түсінігімде — жүрек ана сүтіндей ақ, 
бұлақ суындай мөлдір нәрсе. Тегінде, табиғатты таза жүректі ақыл-ой қанша қамшылап 


жатса да, ол жамандыққа қарай аттап баспайды. Жүрек о баста-ақ тек ізгілік үшін 
жаратылған ба деп те ойлаймын. 
Ал, адамның миы, ақыл-ойы ше? Небір зұлым, зымиян, қулық-сұмдықтарды ойлап 
табатын кім? Парасат па? Ақыл-ой ма? Жоқ. Түнектей түнерген жанкешті адамның миы. 
Мұндайларда нағыз жүрек болмайды. Қара тас боп қатып қалған жұдырықтай ет қана бар 
Бұлар жарық дүниеден жасқанып, тек түн қараңғысы түнекте ғана қанат қағуға жарайтын, 
басқалардан ұрланып тіршілік ететін байғыз күс іспеттес. Рас, сүрқия-құс сирек кездеседі. 
Бірақ оқта-текте көріп қалғанның озінде-ақ иесіз қалған ескі жүрт, көне қорғандар, қабір 
басы көзіңе елестеп, аяқ астынан көңілің қүлазып сала береді ғой. 
Құртақандай сіріңке шырпысы ұшан-теңіз орманды ертеп жіберу үшін молынан жетіп 
жатыр. Ал, тырнақтай ғана күдік бірте-бірте үлғая келіп екі достың арасындағы сенім 
қамалының құлпаршасын шығарып, талқандап тастағанын талай мәрте көрдік. Күдік 
құрты, әсіресе, аурухана ішінде өте-мөте қатерлі екен. Ең қиыны — миға бір кіріп қалған 
ызғарлы күдікті сол адамның өзі ахмалдап ойынан куып шықпаса, басқа ешкімнің де 
қолынан келмейді. Бұл бас сүйектің ішіне өсіп шыққан жаман ісіктен де қауіпті. Өйткені 
ісікті нейрохирургтер операция жолымен алып тастайды Ал, көңілге ұялап қалған күдікті 
алып тастауға олар дәрменсіз. 
Нейрохирург үшін әдетте ең қиыны — операцияға түсетін наукасты психикалық 
тұрғыдан әзірлеп, оның көңіл-күйін бәйге атындай баптап алу екен. Бұған дәрігер 
айрықша мән береді. Өйткені мұндай аса күрделі операцияға түсетін науқас адам дене 
күшінен гөрі, қыруар рухани, моральдық күш-жігерге, берік сенімге көбірек мұқтаж ғой 
Әлдеқашан-ақ өмірге өзіндік козқарасы қалыптасып, болары болып, бояуы сіңіп 
қалған кексе кісілерді «үгіттеп», оперцияға «көндіруден» қиын іс жоқ па деп қалдым. 
Әйтеуір біздің профессор ызаланғанда: «Маған операция жасаудан гөрі, ауру адамды 
соған көндіру қиынырақ соғып жүр», — дейді екен. 
Кейде дәрігердің қайраты селге кетеді. Жатпай-тұрмай, жалынып, жалбарынғандай 
боп зорға көндірген адамы дәл операция күні нілдей бұзылып, табанда айнып қалады. 
Жұртты осылайша аумалы-төкпелі ала мінез етіп қоятындар әлгі көңіліңе мәңгі-бақи күдік 
ұялап қалған, жаны жасық, жігерсіздер. 
Осыңдай күдік дертіне шалдыққан бір науқас жан бізбен көршілес палатада жатты 
Жасы жер ортасына кеп қалған, өзі қолтоқпақтай ғана, бет-аузы бір уыс, біреумен 
сөйлескенде жақ сүйектері ыржыңдап үрей туғызатын, тарамысша тырысып қалған біреу 
еді. 
Ол өзі маған басқа да адамдар сияқты ет пен сүйектен емес, күдіктен, сенімсіздіктен, 
үрейден жаралғандай боп корінетінді. Жұрттың бәріне сезіктене қарайды. Көзімен көріп, 
қолымен ұстап тұрған нәрсесіне де иланбайды. Дәрігердің сөзіне де, өзіне қойылған 
диагноздың дұрыстығына да, біреуді операциядан кейін құлантаза айығып кетіпті дегенге 
де сенбейді. 
Бұл кісі, сірә, күндіз-түні тыным таппайды. Күн үзаққа жүгіріп, аяғынан тозады. Оның 
ашпайтын есігі, кірмейтін палатасы, сөйлеспейтін адамы жоқ. Тіміскілеп жүріп бәрін 
қазымырлап сұрап, тәптіштеп қойын дәптеріне жазып алады. Ауруханада ол білмейтін 
«жаңалық» жоқ. Кімге, қашан, қандай операция жасалатынын жатқа соғады. Ол тіпті 
кімнің, қашан, қандай операциядан кейін өлгенін де қойын дәптеріне табанда жазып алып 
жүреді. 
Алайда, оның аурулар арасында «даңқын» шығарған бұл қылығы емес. Оның ең 
сүйікті «өнері» — бүгін-ертең операцияға түсуге іштей бел буып, дап-дайын отырған 


адамды айнытып қою. Науқастың көңіл-күйін бұзу, шүбә тудыру, жазылып кетеріне 
сенімін жою. 
Адам неден қорықса, соған тезірек сенеді ғой. Кейбір өзі қорқақтау, мінезі жұмсақтау, 
босбелбеу кісілер әлгі «білгішпен» он-он бес минут сойлескен соң-ақ сабындай бұзылып, 
күні ертеңгі операциядан бас тартып шыға келеді. Мұндайда жаңағы жымысқы өзінен-өзі 
масайрап, дәрігерден де күштімін дегендей тәкаппарланып кетеді. 
Мен әр жолы соның тапқырлығына таңданушы едім. Тегінде, өзі су жүрек адам 
басқаларды қорқытуға өте-мөте шебер келеді ме деп қалдым. Өйткені ол өзі күні-түні тек 
жан шошырлық үрейді ғана көзіне елестетіп жүреді де, тылсым қараңғылықтай қорқыныш 
сезімнің жиіркенішті бейнесін өзге жұрттан гөрі айқынырақ сезетін боп қалады екен. 
Сол көршіміз науқасқа «кеңес» беріп жатқанда өлген балықтың көзіндей бозғылт 
жанарын әлгі ауру кюіге қадап қойып, кірпік қақпай, құдды торғайды арбап отырған 
жыландай қыбыр етпей, сілейіп қатып қалушы еді. Ал, айтқаны өтіп, атқаны жете бастаса-
ақ өзінен-өзі бейне бір түлкі соғып жатқандай екіреңдеп, елеріп шыға келеді. Ділмәрсіп, 
көбік ауызданып, қатты қызып кеткен сәттерінде тіпті өз өтірігіне өзі де шынымен-ақ 
нанып, өз әңгімесіне өзі елтіп, өзі рақаттанып, делебесі қозып, өрекпіп кететінді. 
Сол неме маған да келді. Ертеңгі операцияны есітсе керек. Бірақ маған тісі батпады. 
Өзім де сол әзәзілдің келерін сезіп, көңілім қарайып, қанымды торсыққа құйып отыр едім. 
Ол менің көңілімді көзімнен жазбай таныды да, ұры мысықша аяғының ұшымен басып, 
зып беріп шығып кетті. 
Сол-ақ екен, дәл осы сияқты Бәкір дейтін бір туысым есіме сап ете түсті. Бұрын бас 
аман кезде оған жөнді мән де бермеген екем-ау, ә! Соның қызық-қызық қылықтары тап 
қазір ғана ойға оралып отыр. 
Қашан көрсең де ол әлдекімдерден өзінше сақтанып, өмірде жоқ адамдардан 
үрейленіп, «Сақтықта қорлық жоқ» дейді де жүреді. Бар әңгімесі: «Пәленшеге жолай 
көрме — қарасы жұғады, түгеншеге жакындама — бәлесі жұғады, бұл әңгіме тісіңнен 
шықпасын», — деген сияқты боп келеді. Біреудің үйіне қонаққа баруға да жасқанады. Ал 
егер сәті түсіп, бара қалса да бәрібір үй иесінің құлағына сыбырлап: «Менің мұнда 
келгеніңді пәленшелер білмесін», — деп жата жалбарынады. Осы жалғыз адамның өзі-ақ 
қаншама ақ жүрек адал жандардың көңіліне көлеңке түсіріп, қаншама кісінің кеудесіне 
күдік дертінің ұрығын сеуіп жүр десеңізші. Ол жалғыз болса бір сәрі, мұндайлар әр 
ауылдан табылады ғой. 
Олар адам бойындағы ең қасиетті нәрсе — Сенімге жармасады. Адамдар осы 
сенімнен айрылса не болмақ? Ең қатерлі нәрсе де осы емес пе?! Ешкімге нанбай қалай 
ғана өмір сүруге болады! Бәріміз бір күні өз қабілетімізге өзіміз сенбей қалсақ сұмдық 
қой. 
Ал, әлгі Бәкір туысым бәріне шек келтіріп отырады. Тіпті ертең тағы да бүгінгідей таң 
атып, тағы да күн шығарына ұдайы күдіктеніп жүреді. Ол бүгін жер басып жүрген 
біздерге ғана емес, әлі жарық дүниеге келмеген болашақ ұрпақтың жақсы адам боларына 
да күмән келтіреді. Сондықтан ол өзінің бүгінгі еңбектің жемісі ертеңгі ұрпаққа қалып қоя 
ма дегі зәресі ұшып қоркады «Мен өлген соң әлемді топан су бассын» дейтін шығар 
ішінен. Осындай мысық тілеулес жандармен осы күнге дейін неге күреспей келдім? 
Көрсем де көрмеген, білсем де білмеген боп жүре бердім ғой. Неге? Қорықтым ба? Әлде 
жиіркендім бе? Сондай шіріктерге ешкімнің де қол былғап, жаман атқа қалғысы келмейді 
Сонда мұндай қатерлі дертпен кім күреседі? 


Гауһар' Мүмкін, мен бүгін өзімше кемеңгерсіп шынында да әдеттегіңен көбірек 
сезімге беріліп кеткен шығармын. Олай болуы әбден ықтимал. Бірақ сеп менің бүгінгі 
көңіл-күйімді дұрыс түсінші Егер осы ауруханаға түсіп, қазіргідей жан азабын 
тартпағанымда мен сыр сандықтың түбінде жаткан бүл ойлардың бірде-бірін өзіңе 
айтпаған болар едім. Тіпті ондай ой-пікір тумас та еді ғой. Осы күйты сезімдердің төркіні 
де науқасыма, ертеңгі операцияға байланысты ма деп қалдым 
Сонымен саған бүгінгі көңіл-күйімнен туындап жатқан іштеп сырымды шертейіп. Көп 
нәрсенің осы күнге дейін қалайша ойыма кіріп те шықпай жүргеніне қайран қалам. Сен, 
сірә, мәселен, Сенім хақында ойланып-толғанып көрдің бе? Жоқ, әрине Айдың аманында 
кісі ондай «ұсақ-түйекке» мән бере қоймайды ғой. Ал, мен Сенімнің не екенін, тек бүгін 
ғана, яғни отыз бес жасқа келгенде әрең түсінген сияқтымын. 
Енді ой тоқтатып қарасам, адамға ең керегі де осы Сенім екен ғой. Бізді ғұмыр бойы, 
сірә, шаршатпай, шалдырмай, қалжыратпай, ұдайы биік арман асуларына бастап 
отыратын қандай күш екенін білесің бе? Ол — Сенім. Өз күшімізге деген Сенім, 
достарымыздың мейіріміне деген Сенім, ертеңгі күннің бұдан да шуақты болатынына 
деген Сенім. Күн сайын бойымызға күш-қуат құйып, көңілімізге шалқар шабыт, 
жүрегімізге ыстық махаббат сыйлайтын да сол Сенім емес пе?! 
Ең алдымен, адам өзіне-өзі әбден сенімді болуы керек, Гауһар Сонда ғана басқаларға 
илану онша қиынга соқпайды Әрине, көрінгенге нанып, жалпақ шешен бола беру де 
дұрыс емес шығар. Бірақ өзіңе-өзің мықтап сенсең, онда кімге көз жұмып сене беруге 
болағыны, ал кімнің күмәнді кісі екені бесенеден белгілі боп тұрады. Бүгін осыған көзім 
жетті. 
Енді саған осы пікірдің ақиқат екенін дәлелдеп көрейін. Мәселен, өз ойын өзгелерге 
ашық-жарқын, узілді- кесілді жеткізе алмай, сипалақтап, күмілжіп, міңгірлеп сөйлейтін 
адамдар меніңше өзіне-өзі анау айтқандай сене қоймайтын жандар шығар деп 
шамалаймын. Мұндай адам өзінің күш-қуатына да, ерік-қабілетіне де, ақыл-парасатына да 
азды-көпті шәк келтіреді-ау деп қалдым. Ол тіпті өзінің жан салып істеп жатқан 
жұмысының жүртқа өте- мөте қажетті нәрсе екеніне де берік сенімде емес. 
Мен бір жас дәрігер жігітті білем. Өз ісін ол ешкімнен кем білмейді. Жүйке 
ауруларын емдейтін дәрігер — невропатолог. Жап-жақсы адам. Жолдастарының арасында 
да, өтейтін жерінде де құрметті 
Бірақ соның бір мінезінен секем алып қалдым. Сол дәрігер медицина жөніндеп 
әңгімені онша жақтырмай, сәл күрең қабақтанып тыңдайтынына таңырқап, мұнысына 
көпке дейін түсіне алмай жүрдім. Ә дегенде, бұл мінезіне жете мән бере қойған жоқ едім 
Бірте-бірте еріксіз назар аудара бастадым. Бірнеше рет ауру адамдарды қалай 
қабылдағанын көріп, іштей тіксініп қалдым 
Гауһар' Қазіргі ауру адамдардың көбі білімді, мәдениетті жандар ғой Олар газет, 
журнал, телевизор арқылы оз науқастары хақында азды-көпті мағлұматы бар адамдар 
Сондықтан дәрігермен әңгімелескенде өз науқасының неден болғанын, қалай 
асқынып кеткенін, неліктен операция жасауға зәру екенін егжей-тегжейлі сұрап білгін 
келеді. Ал жаңағы мен айтып отырған жігіт өзіне көбірек сауал қойған ауруларды 
жақтырмай, сұрағына жауап бермей, кейде тіпті кейіп тастайды екен. Жалпы, ауру 
жөніндегі әңгімені жаны жақтырмайтыны сезіліп-ақ тұр. Өзі дәрігерлер жиналған 
отырыстарға да көп бара бермейді екен 
Бір қызығы — ол өзіне көрінуге келген ауру адамдармен әңгімелескенде өзінен-өзі 
шамданшақ аттай кібіртіктеп, табанда керенау тартып, науқасқа өзі айтып отырған 


дәрігерлік кеңесінің дұрыстығына өзі де кәміл сене қоймайтын кісідей күмілжіп, сылбыр 
сөйлейді 
Ал, табиғаты аса сезімтал, ішкі эмоциялық әсері күшті дамыған адамдар дәрігердің 
үніндеп, көзқарасындағы, қимыл-әрекетіндегі мұндай сенімсіздікті қалт жібермей кағып 
алып, одан өзінше қорытынды шығарады. «Дәрігер өзі айтқан сөзге өзі де онша сенбей 
отыр» деп ойлайды мұндайда науқас адамдар. Содан барып, қаралуға келген адамдар тәп-
тәуір дәрігердің қабілетіне, біліміне, мүмкіндігіне шәк келтіре бастайды. Ал, көңіліне 
мұндай күмән түскен науқас кісіге ешқандай ем қонбайтыны мәлім ғой. 
Сол дәрігер жігттің тағы бір мінезіне аң-таң болдым. Ол өзі жұмыстан тыс кезінде, 
дастарқан басындағы отырыстарда, көшеде, демалыс үйлеріне барғанда кез келген 
адаммен ашық-жарқын сөйлесіп, лезде-ақ әмпей-жәмпей боп қетеді екен. Ең бастысы — 
мұндай кезде ол күмілжемей, кібіртіктемей, сипақтамай бәйге атындай аңқылдайды. 
Аурухана ішіндегі өзінің енжарлығын да, күйректігінде, адамдарға деген салқындығы мен 
самарқаулығын да мүлдем ұмытып, жайраңдап шыға келеді. 
Әсіресе, біреу- жарым археология жайында әңгіме қозғап қалса-ақ әлгі дәрігер 
жігіттің құдайы беріп қалады екен. Көктен іздегені жерден табылғандай өзінен- өзі 
майсарап, табанда жүзі нұрланып, көздері ойнақшып, құлпырып кетеді. Жер астынан 
жақында табылған көне шаһарлар хақында делебесі қозып, тамсана сөйлегенде ол 
ауыздыға сөз аттыға жол бермей, желдей еседі. Мұндайда ол шабыттанып, аруақтанып, өз 
ойының растығына шексіз сеніммен, батыл-батыл сөйлеп жібереді. Сондағы әңгімесінің 
шын екеніне, оған ешкімнің де шүбә келтіре алмасына сен де титтей де күдік күмәнсіз 
сенер едің, Гауһар. Ол үшін дәрігердің бар жан-тәнімен қалай беріле сөйлегенін көзбен 
көрудің өзі-ақ жеткілікті. Аяқ астынан жанданып кеткен қөзқарасына, қайсар үніне, батыл 
қимылына қарап, оған сенбей қалу мүмкін емес. 
Өзінің археология хақында білмейтіні жоқ. Ол жөнінде небір қызық-қызық 
хикаяларды түйдек-түйдегімен айтып тастайды. Бұл саладағы ғалымдардың өмірін, 
еңбектерін ғана емес, әрқайсысының мінез-құлқы қандай болғанын, қайсысының қандай 
аурудан өлгеніне дейін біледі.
Дәрігер жігіттің мінезіндегі осы бір ерекшеліктің сырын мен кейінірек, сол дәрігермен 
жақын дос боп, өзімен бүкпесіз сырласатын дәрежеге жеткен кезде ғана түсіндім. 
Сөйтсем, дәрігер досым жас кезінен-ақ археолог болуды, сөйтіп көне тарихтың құпия 
беттерін ашуды армандап келген екен. Сол алыста, қиял жетпес қияда қалып қойған арман 
оты әлі де сөне қоймай, көңілінде маздап жатқанын сезгенімде оған бір түрлі жаным ашып 
кетті. 
Үйіндегі кітап сәресінде археологияға қатысты кітаптар, сурет-альбомдар, журналдар 
сіресіп түр. Ал медицина кітаптары онша көп емес сияқты. Оны кезінде қоярда- қоймай 
медицина институтына апарып, зорлағандай етіп оқытқан өзінің туған ағасы екен. Жалғыз 
ағасының көңілін жығуға ынжықтығы жібермесе керек. Ақыры институтты әжептәуір 
бағамен бітіріп, дәрігер дипломына ие болды. Мамандығы бойынша біраз жылдан бері 
істеп келеді. Абыройы жаман емес. Өз кәсібін біледі. Жұрт сыйлайды. 
Бірақ ол күн бүгінге дейін өзінің дәрігер екеніне іштей сенбейді. Ең қиыны — сенгісі 
келмейді. Жыл өткен сайын оның өз қабілетіне деген сенімі артудың орнына азая түсіп, 
бұрынғы күш-қайраты ұйлығып барады екен. Ол маған бірте-бірте сөніп бара жатқан шам 
сияқты боп көрініп кетті. 
Ал, біздің ауруханада бір жап-жас нейрохирург жігіт бар. Бұл мүлдем басқаша адам. 
Өзінің жастығына қарамай атақты профессордың көмекшісі. Профессор кейбір 


операцияларды соған сеніп тапсырып, өзі тек бақылап қана тұрады. Бірақ гәп оның 
білгіштігінде, қолының ептілігінде емес. Басқада Ол өзі қараған науқас жандардың іші-
бауырына кіріп, оларды демнің арасында ұршықша үйіріп әкетеді. Өзімен қалайша әкей-
үкей боп, қалайша оған шікі сырымды дастарқандайжайып салғанымды өзім де аңғармай 
қалдым. Соның жұлдызы ыстық-ау деймін. Әйтеуір осындағылардың сауы да, ауруы да 
соған үйір. Соңынан топырлап, шұбап жүреді. 
Бір жолы осы палатада онымен әңгімелесіп отырып: 
— Сіз өз кәсібіңізді қатты ұнататын сияқтысыз, — деп қалдым. 
Ол өзі топырағы ауыр, салмақты жігіт еді. Сол жолы тұңғыш рет ол жоқтан өзгеге 
шытынай қалатын шырт етпе мінез көрсетті. Үнжырғасы түсіп, танауы делдиіп, әлгі 
сұрағыма кәдімгідей ренжіп қалды. Мен не істерімді білмей, қипақтай бердім. Менің 
сауалыма жауап берудің орнына бір сәт ол маған сұрақ қойды: 
— Айтыңызшы, сіз үшін ақындық та кәсіп боп көріне ме? 
— Жоқ, — дедім сауалының астарын ұқпай.
— Суретші болу ше? О да бір кәсіп пе? 
— Жоқ. 
— Сонда не олар? 
Мен жауап таппай, сасқалақтап, күмілжіп қалсам керек. Ол өз сұрағына өзі жауап 
берді: 
— Меніңше, бүкіл жан-дүниесі, күллі жаратылысы шалқыған шабыттан қаланып, о 
баста ақын боп туылған жанның ақын болмай қалуға правосы жоқ. Демек, ақындық ол 
адамның өзі қалап алған мамандығы емес, қайта ақынның өзін оқтын-оқтын қыл мойынға 
тақап, сұмдық жан азабына түсіріп қинайтын табиғи парызы. Дәрігерлік те солай. О баста 
өзінің осы іске деген икемі, ынтасы, тіпті дарыны болмаса, қанша оқытса да одан нағыз 
дәрігер шықпайды. Дәрігерлікті кәдімгі кәсіптердің бірі деп түсінетіндерге жаным ашиды. 
Өзім дәрігермін. Әйтсе де, әріптестерім маған қашанда үнемі бір құпия, киелі қасиеті бар, 
елден ерекше жандар сияқты боп көрінеді. Мұндай қасиет басқа тірі пендеде жоқ екеніне 
жүрегім кәміл сенеді. Мені дәрігер еткен міне сол сенім. 
Иә, сенімнің ұлы күші бар. Меніңше, тек өз бойындағы күш-қуатқа, ерік-жігерге, 
дарын-қабілетке қалтқысыз, бар жан-тәнімен сенген адам ғана биік мұрат-мақсат 
шыңдарына шыға алады. 
«Мама! Сен айтқан ертегіде ұшырасатын Троя шаһарын мен қалайда іздеп табам!» 
Генрих Шлихман анасына осындай зор сеніммен ант ішкенде небәрі сегіз жаста ғана екен. 
Әрине, сегіз жасар баланың бұл сөзіне кезінде өзгелер түгілі, өз анасы да иланған жоқ. 
Баласының соншалықты батыл, үзілді-кесілді, сеніммен сөйлегеніне күлді де қойды. Бірақ 
сол бала өсе келе бүкіл әлемді таңдандырып, Трояны ақыры тапты гой. 
Рас, оның бүкіл ғұмыры сол ертегілер мен Гомердің аңыз-жырларында ғана аталатын, 
белгісіз қаланы іздеумен өтті. Бірақ ол ұлы жаңалық ашты ғой. Бұл хабар кезінде дүниені 
дүр сілкіндірген. Әйтпегенде ше! Мұндай қала тек Гомердің ұшқыр қиялынан туған атау 
ғана болуы ықтимал еді ғой. Ондай кала ешқашанда салынбаған, тек ертегі айтушылардың 
ойынан шығарылып алған нәрсе болса ше? Солай болуы да ғажап емес қой? Әрине. Онда 
Шлиманның бүкіл омір бойы істеген еңбегі босқа кетер ме еді. Әрине. Өмір бойы сағым 
қуалап, жалған мақсатқа жетем деп алданып өтуден ауыр өкініш жоқ шығар. Өмірде 
ондай тағдырлар да аз болмаса керек. 
Сегіз жасар Шлиман ертегіге сенді Есейе келе ол өзін- өзі сендіре білді. Өзіне-өзі 
сенімді адамның күш-жігерінде шек бола ма?! 


Ал, мен ше, Гауһар! Өзімнің нағыз инженер-қүрылысшы екеніме жүрегім сене ме? 
Әлде оған күнелту құралы деп қараймын ба? Мұндай сауалдар бұрын қалайша ойыма 
кіріп-шықпай жүрген? 
Қоғам алдындағы өз борышын ақыл-парасатпен терең түсініп, дәрігерлік міндетін 
ойдағыдай атқарып жүрсе де өз мамандығын іштей ұнатпайтын досым есіме түсті. 
Мүмкін, мен де сондай шығармын деген ой келді. Мұны қалайша тексеріп, білуге 
болады? 
Менің әкем өле-өлгенше ағаш өсіріп өткен бағбан болғанын білесің ғой. Сол кісі 
біреулерге қатты ызасы келіп, яки өз тағдырына күйініп, қайғы-қасіретке уланған 
сәттерінде ұдайы өзі еккен бақтың ішін жалғыз өзі аралап кететін. Сол ағаштарға мұңын 
айтқысы келгендей-ақ әрқайсысын алақанымен сипап-сипап өтетінді. Әр түп алмасын өз 
колымен отырғызып. өз баласындай мәпелеп жетілдірген, әрбір бұтағын жатқа білетін 
таныс бақты әкем неге аралайтын сонда? Мүмкін, ол ашуын тарқату үшін емес, өз 
өмірінің дұрыстығына, өзінің ел-жұртқа қажеттігіне, өз арының тазалығына көзін 
жеткізіп, өз бойындағы сенімін арттыра түсу үшін аралаған шығар. Адам қайғы-қасіретке 
ұшырағанда бойындағы сенімі күрт азайып кете ме деп қалдым. Өйткені жан күйінішіне 
түскен кісілерді әдетте жақын достары: «Уайым жеме, бәрі орнына келеді», — деп сендіре 
бастайды ғой. Солай екенін мүмкін кезінде әкем де сезген шығар. Әлде оның ең сенімді 
достары сол жайқалған бақтағы мөлдір жапырақты ағаштар болды ма екен? Онда әкем өз 
бойындағы күш-жігеріне де, өз кәсібін дұрыс таңдай білгеніне де ешбір күмән келтірмей, 
иманындай сенген екен ғой. 
Ал, менің бойымда өмірге деген, өз ісіме деген сондай үлкен Сенім бар ма? Егер мен 
өзіме-өзім сенбесем онда өмірге соншалықты құштар болар ма едім? Адам өзі нанбайтын 
нәрсеге өлердей кұмар болуы мүмкін емес қой. Алдымен өмірдің өзіне ғашық болмай 
тұрып, сол өмір- мұхиттың жалғыз ғана тамшысы — бір адамды жан тәнімен сүю мүмкін 
емес қой. Мұхит суының бір тамшысы арқылы күллі әлемдік мұхиттың кұрамын зерттеп 
біледі емес пе? Сол сияқты мен де бүкіл Сенім мен Махаббат әлемінің табиғатын жалғыз 
өзің арқылы танып білем, Гауһар. 
Егер өмірге қүштар болмасам, мен өзіңді соншалықты сүйе алар ма едім, Гауһар?! 
Онда достарымды осыншама еметайым езіліп сағынар ма едім?! Айнала төңірегімдеп 
бейтаныс жандардың бәрі көзіме оттай басылып, осыншама ыстық көрінер ме?! Туған 
елдің сұлу табиғаты жаныма ләззат беріп, мені соншалықты еліктіріп, қызықтырып, тіпті 
көркше мас қып қояр ма еді?! 
Демек, мен мына өмірге өгей емеспін. Өмірге өгей боп қалудан қорқынышты нәрсе 
жоқ шығар. Өгей анаға жақсаң да, өгей өмірге ұнау мүмкін емес шығар. 
Кең далада бұла болып, емін-еркін, арда өссем де, өмір- анаға арда бала емеспін. Мен 
өмірді, өмір мені жатырқап көрген жоқ. Соған ризамын. 
Жұмыс бастан асып, күнделікті күйбеңмен күйіп-шсш жүргенде кейде түңіліп кетіп, 
өз мамандығымыз жайында артық сөз де айтып жіберетініміз бар-ау. Әйтсе де, мен өз 
кәсібімді жанымдай жақсы көреді екем. Оған да осы ауруханада жатып көзім жетті. Өзіңе 
сәл көмескілеу көрініп тұрған нәрсенің бәріне осылайша алыстау жерден қарау керек пе 
деп ойлап қалдым. 
Иә, төбесі көкпен таласқан ғажайып үйлер тұрғызу, инженер-құрылысшы болу 
балауса шақтан-ақ аяулы арманым емес пе еді? Сол арман мені алдамағанына есейген 
кезімде көзім жетті. Демек, мен бұл жолда адаспаған екем. 


Кейде мен қала көшелерімен қыдырып келе жатып, өзіміз салған үйлердің жанынан 
өте бергенімде бейне бір жас баладай аяқ астынан мәз-мейрам боламын. Мұндай сәттерде 
бойымды бір түрлі мақтаныш сезімі кернеп кететін сияқты. Жер бетіндегі ең әсем 
үйлердің бәрінің кірпішін жалғыз өзім қалап шыққандай-ақ мерейім биіктеп, бір жасап 
қалам. Өзім жақсы коретін адамның бәрі мұндай сәттерде көзіме үй тұрғызып жатқан 
құрылысшы боп елестеп кетеді. Бақыт деген осы емес пе екен деген ойға келем. Мүмкін, 
солай да шығар. Бірақ өзім бақыт жөнінде бұрын-соңды ойлап көрген емеспін. Меніңше, 
оны сөзбен, оймен, қиялмен түсіну, сезіну мүмкін емес. Балды жеп көрмегендер тіл 
үйіретін тәттінің не екенін қайдан ұқсын.
Меніңше, тек бақытты жандар ғана бақыттың шынайы табиғатын жақсы сезінсе керек. 
Мен бүгін бақыттымын ба? Бүгін... Бүгін мүмкін бақытты да шығармын. Ал, ертең 
ше? Ертеңгі күнге, ертеңгі операцияға, ертеңгі өмірге қалтқысыз сенем бе? Егер 
көңілімнен күдік қүрты табылмаса, онда шынында да бақытты болғаным. Адамдар көбіне 
ертең өз өмірлерінде қандай оқиға боларын күні бұрын болжап біліп те жатады. Бірақ 
қандай көріпкелі бар, әулие адам болса да, ертең өз бойын қандай сезім билеп әкетерін 
біле алмайтын шығар. Ал, адамның өзі бақытты екенін сезіп, ләззаттана алмаған соң 
ондай бақыттан не пайда! Мен өзімнің бақытты екенімді бүкіл жан-тәніммен, алпыс екі 
тамырыммен толық сезген сәттерде ғана бақыттымын. 
Мейлі. Ертеңгіні бүгін уайымдамай-ақ қояйықшы. Әр нәрсені өз уақытында көрген 
қызық шығар. Ертеңгі Күннің бүгін емес, ертең шыққаны жақсы емес пе? Енді тек таң 
атса-ақ операция... 
Таң алдында бес-он минут қана мызғып, көз шырымын алғаным болмаса, бұл түнді 
мен үйқысыз өткіздім. 
Таңсәрі шақтағы алатөбе мезгілде әлденеден шошып ояндым. Елең-алаңдағы бозғыл 
сәуле түнгі қараңғылықты біржола жеңіп, палата ішіне алатеуім жарық түсе бастапты. 
«Бүгін операция» деген үрейлі ой есіме сап ете түсті. Оған дейін әлі бір-екі сағат уақыт 
бар. Соншама уақыт не істеймін? 
Ақылбек пен Қайсар бүгін ертерек оянса керек. Менің ұйқымды бұзбау үшін олар 
өзара сыбырлап сөйлесіп жатыр. Бүгін пәлендей еш нәрсе бола қоймайтындай-ақ жай- 
барақат, асықпай-аптықпай, күндегі әдеттерімен әзіл-қалжыңдарын араластыра әңгіме 
соғуда. Екеуі де іштерінен бүгін маған операция жасалатынын сезсе де, сезбеген, білсе де 
білмеген, тіпті оған мән бермеген боп жатыр. «Тәйірі, сол да сөз бе екен» дегендей ыңғай 
танытқысы келеді. 
Ауруханада науқастар бірін-бірі операция алдында тек осылай ғана демей алады. Ол 
күні палатада ешкім операция жөнінде тіс жарып, ауыз ашпайды. Бұл — қағазға 
түсірілмей қалған қатал заң. Дәстүр. Оны саған ешкім түсіндіріп жатпайды.Сын сағатта 
солай істеу керектігін ешкім айтпай-ақ өз жүрегіңмен үғасың. 
Міне, қазір сол заң күшіне еніп тұр. Мен де бүгін оларға назар аудармауға тырысам 
Бәрің ұмыту үшін тез-тез киініп алдым да, терезе алдына барып, тысқа көз тастадым. 
Аспан әлемінің бірте-бірте қүлдилай құлап, сонау көз ұшындағы жермен астасып кеткен 
көкжиегі жаңа ғана қарағанымда сарғылт түсті болатын. Енді сол кокжиектегі сарғылт 
бояу біртіндеп қып-қызыл түске айналып бара жатты. Шығар күн осылайша түрлі-түсті 
бояулар арқылы адамдарға хабар беріп келеді екен-ау деп ойладым 
Мәссаған' Қалайша бірден байқамадым екен? Алма ағаштарының бұтақтарын аппақ 
ақша қар көмкерін алғандай. Айнала төңіректің бәрі аппақ. Бір түннің ішінде ауладағы 
бүкіл алма гүлдеп кетіпті. Гүлдері бадырақтай- бадырақтай «Күн күркіремесе, алма 


ағаштары бүр жарып кете алмай, бусанып қатты қиналады», — деген әкемнің сөзі есіме 
түсті. 
Түнімен күн күркіреп, найзағай ойнап, соңынан ақ жауын төпеп шыққан еді. Қазір 
аспан шайдай ашық. Бір түннің ішінде соншама өзгеріс болғанына тіпті кеңілім онша сене 
қоймайтын сияқты. 
Кеше мына ағаштар, шынында да, бүр жарып, гүл шығаруға дәрмені жетпей, 
булығып, өзін-өзі азапқа салып, аласұрып жатқандай еді. Бүгін мені көрдіңдер ме 
дегендей еңселерін көтеріп, жайқалып, жадырап тұрғандай боп көрінді маған. 
Мен де бүгін кешегіден гөрі әлділеу сияқтымын 
Ертең де осылайша шығыс жақты алтын нұрға бөлеп, арайлап таң атады. Мына алма 
ағаштары ертең де дәл осылай боп гүлдеп тұрады. Адамдар ертең де осының бәрін 
тамашалап, рақаттанады. Одан арғы күні де дәл солай болады. 
Мұның бәрі мәңгі-бақи осылайша қайталана береді. Өйткені адам қанша қараса да 
өмір қызығына ешқашанда тоймайды. Ашық аспанды, алтын күнді, өмір гүлін 
тамашалаудан бұрын-соңды жалығып көрген емес — адам. 
Бүгін менің де кешегідей жігерім жасып, зәразап боп тұрған жоқ. Кеше сәл үрейге бой 
алдырып, өзім де жүнжіп кетсем керек. Терезеден далаға қарап тұрып, осындай ойға 
келдім. 
Әйтеуір бүгін өзіме-өзім кешегіден гөрі батылдау, тіпті еркіндеу боп көріндім. Бұл 
қайдан келген өжеттік? Тап қазір құдды жайшылық кездегідей өзіме-өзім сенімді екеніме 
шүбәм жоқ. 
Әдетте біз өзімізді қорқақ санаймыз ғой. Бірақ алыстан жаналғыш тажалдай боп 
үрейлі көрінетін сол қызыл көз пәле — қауіп-қатер төбемізге төніп, қоян-қолтық жақын 
кеп қалған сәтте қалайша қайраттанып, қалайша жігерленіп, көзсіз батыр боп кеткенімізді 
өзіміз де сезбей қаламыз. 
Қазір мен де сол таяп келген қатерді менсінбей тұрған шығармын. 
Гауһар! Көгілдір көктем көрінісі қашанда сені есіме салады. Қазіргі бар арман-тілегім 
— өзіңді тағы бір рет көру. Сенімен сырласу. Кеше саған таңертең кел деп айтпағаныма 
енді өкініп тұрмын. Бұрын-соңды өзіңді дәл қазіргідей аңсамаған шығармын. Саған айтар 
сырым ішіме сыймай бара жатқан сияқты. 
Бүгін ойлап қарасам, екеуіміз бірге өткізген он жылдың ішінде саған өзім хақында 
мардымды еш нәрсе айтпаппын ғой. Қашан да дүние өртеніп бара жатқандай ала өкпе боп, 
аптығып асығамыз да жүреміз. Қайда асығамыз? Неге асығамыз? Ауруханаға қамалмай, 
сау-саламат жүргенімде неге мен асықпай, аптықпай отырып, осы ойларымның бәрін өзіңе 
ақтармадым екен? 
Тіршілікті ең жақын, ең жақсы көретін адамдарымызбен сырласуға уақыт қимай, 
оларга сұмдық бір қатыгездік жасайды екенбіз ғой. Мұндай мейірімсіздікті басқаға емес, 
неге ең аяулы, ең қымбатты адамдарымызға жасаймыз? Неге? Себебі олар қашанда 
кешірімді келеді. Біз соны іштей сеземіз. Біле тұрып, жақсылыққа жамандықпен жауап 
береміз. Ғұмыр бойы әлгіндей кінәмізді ауырламай, бетімізге баспай жүргеніне алғыс 
айтудың орнына, оған үсті-үстіне қиянат жасаймыз — онымен сырласуға уақыт 
таппаймыз. 
Кейде арзымайтын істерге қыруар уақытымызды сарп қыламыз. Ал, ең жақын 
досымызға «уақыт жоқ» дей саламыз. Сөйтіп, оның көңіліне қалайша қаяу салып 
алғанымызды кейде өзіміз де байқамай қаламыз. Әрі өзіміз салған жауырды өзіміз жаба 


тоқып, түк көрмегендей көлгірсіп жүре береміз-ау. Мұның қиянат екенін енді ғана 
сезгендеймін. 
Ал, сен бұдан да зорын кешіріп, бетіме қарсы келмей, бәріне де мақүл деп жүре 
беріпсің ғой. Маған соншалықты кеңшілік жасағаныңа бүгін тәнті болдым. Кейбір күндері 
үйге мас боп оралсам да, түн ортасында келсем де ауыз ашып, қыңқ еткен жоқсың. Қилы-
қилы қылықтарыма да шыдадың. Рас, мұның бәріне кейінірек өзім де ұялып, кірер жер 
таппай жүрдім. Бірақ әлі күнге сол қисынсыз қылықтарым үшін сенен кешірім 
сұрамаппын ғой, Гауһар. Сөйтсем бәрі де менің қамым екен ғой. Он жылдан бері ылғи 
менің ыңғайыма қарай жығылып келесің. Менің көңілім жайында болса, бар мақсат-
арманыңа жеткендей қуанушы едің ғой. Мұның бәрін кезінде сезіп жүрсем де, оған жете 
мән бермегенім қалай? 
Иә, бәрін де біліп, бәрін түсініп жүрдім. Сен институтта жақсы оқыдың. Білімге 
сондай құштар едің. Бірақ менің жағдайыма қарадың да оқуды тастап, фабрикаға жұмысқа 
бардың. Саған сәл обалдау болғанын ішім сезді. Бірақ қолдағы қарт әке-шешеге де күтім 
керек еді. Сен солардың қас-қабағына қарадың. «Сен үшін, сенің әке-шешең үшін оқымай 
қалдым», — деп ешқашанда маған міндет қылған жоқсың. 
Алғашқы айлығыңа маған костюм алғаныңды қалай ұмытам, Гауһар? Ол кезде өзіңде 
жөнді көйлек те жоқ еді ғой. Сонда өзіңе емес, маған алдың. Өзің ішіп-жемесең де менің 
әке-шешемнің аузына тостың. Солардың көңілін жықпау үшін жаныңды салдың. 
Гауһар! Сен менен гөрі әлдеқайда жассың. Әйтсе де, отбасы жүгінің ауыр жағын осы 
күнге дейін сен көтеріп кепсің ғой. Бүгін ойлап қарасам, мен өз үйімнің ерке баласындай 
боп жүре беріппін-ау. Жаз шықса — қыстың қамын, қыс түссе — жаздың қамын жейтін 
сен. 
Жақсы көргеннің жөні осылай екен деп мені тым еркелетіп жібердің бе? Әлде мен 
өзім тұяқ қимылдатуға ерінетін бойкүйез жалқау болдым ба? Айтшы өзің! 
Құлқын сәріден тұрып, түн ортасы ауғанша тізе бүкпейсің ғой. Ас-су әзірлеу де, үй 
ішін жинау да, баланы бақшаға апару да, әкелу де, жол-жөнекей азық-түлік дүкендерін 
аралау да, тағы да толып жатқан қисапсыз жұмыстардың бәрі де бір өзіңнің мойныңда 
болды. Фабрикадағы жұмысың өз алдына бір төбе. 
Ал, мен ше? Мен тек өз қызметімді ғана білем. Қалған уақытымның бәрі зар жылап, 
зая кетіп жатыр екен ғой. Тым құрыса үй шаруасына да онша-мұнша қолғабыс 
тигізбеппін-ау. Әлі күнге дейін азық-түлік дүкенінің кай жерде екенін, яки еденді қалай 
жуып тазалау қажеттігін білмеймін. Тіпті өз үйімде не бар, не жоқ екенінен де бейхабар 
екенмін. 
Меніңше, төзім де табиғи таланттың бір түрі шығар. 
Бірақ сенің бір басыңа соншама көп шаруаны артып қойып, қалайша қабырғам 
қайыспай жүре бердім? Соны ойласам көңіл-күйім сабындай бұзылады. Неге мені кезінде 
жәукемге алмадың? Әйтсе де, сенің күшің сол үндемегеніңде боп түр ғой. Аядың ба мені? 
Әлде түбінде бір өзі түсінер дедің бе? Рас, бүгін өзім-ақ ұқтым бәрін. Бірақ бұл кештеу 
емес пе? Егер бүгіннен тірі қалсам, онда бұдан кейінгі тіршілігіміз мүлдем басқаша 
болады. Отбасының бар тауқыметін өз мойныма алам. 
Ал, егер тірі шықпасам ше? Онда мен сенің көзіңе қайдағы бір бозкүйік, борбас адам 
боп көрінген күйімде мәңгі бақи қалып қоям ба? Қазір мен үшін бұдан үрейлі нәрсе жоқ. 
Саған мен не жақсылық көрсеттім? Үйленерде бәрін үйіп-төгіп, тау-тау уәде беріп 
едім. Есіңде ме, «Неке тойынан кейін екеуіміз туристік саяхатқа шығамыз», — деп едім. 
Шықтык па? Жоқ. Алғашында қаржымыз аздау дедім. 


Ал, қалтамыз қалыңдаған кезде уақыт тапшы дедім. 
Есіңде ме, жыл сайын демалысқа бірге шығып, бірге курорттарға, демалыс үйлеріне 
барып тұратын боп келісіп едік қой. Қосылғалы бергі он жыл ішінде тым қүрыса ір мәрте 
бас қосып, курортқа бардық па? Жоқ. Неге. Менің жұмыс істейтін мекемем екеуімізге 
жолдама да алып берді ғой. Бірақ сен бармадың. Мен зорламадым. Үйдің кәкір- шүкір 
шаруалары басыңнан асып жатыр еді. 
Некеге тіркелер күнгі уәдем есіңде ме? Алтын сақинаны да, бриллиант көзі бар 
сырғаны да, меруерт моншақты да тойдан кейінгі бірінші айлығымнан әпермек болғам. 
Әпердім бе? Жок. Рас, саған киім алдық. Үйге бұйым алдық. Бірақ соның бәрінің не керегі 
бар? Әлі күнге дейін саған алтын сақина да, бриллиант көзді сырға да, меруерт моншақ та 
сыйламаппын ғой. Бұл не? Сараңдық па, әлде салақтық па? Салқындық па? 
Мөлдір махаббатты куә етіп тұрып, алдында ант ішкендей болып едім. Сен маған 
иманыңдай иландың. Сонда менің антты аттап, сертті бұзғаным ба? Саған айтканымның 
бәрі бос уәде, тоқылдақтың тәубесі боп шыққаны ма? Мынау сұмдық қой. Бетім бүлк 
етпей сонша уақыттан бері саған қалай ғана сөйлеп жүрдім екен? 
Бұлардың бірде-бірін бетіме салық етіп салған емессің сен, Гауһар! Өйткені кеңсің. 
Кешірімдісің. Кінәмшіл емессің. Ең бастысы — менің өзіңе деген ыстық ықыласыма 
ешқашанда шүбә келтірмейсің. 
Міне, көрдің бе, Гауһар? Менің операция столында жатып өлуге титтей де правом жоқ 
екен. Өйткені әлі тындырылмаған істерім басымнан асып жатыр. Алдымен саған берген 
сертімді орындап, неке сақинасын, тағы басқаларын түгел алуымыз керек. Аяқ жететін 
жердегі курорт- санаторийдің бәріне барамыз. Біз бармаған, біз көрмеген шаһар да, ауыл 
да, тау мен тас та қалмайды. Сосын үй шаруасын, бала күтімін, дүкеннен азық-түлік 
тасуды сенің нәзік иығыңнан түсіріп өле-өлгенше өзім арқалап өтем! Аспан айналып 
жерге түссе де саған, сірә, күрең қабақ көрсетпеймін. 
Айнала төңірегіміздегі басқа адамдарға да борыштар сияқтымын. Бүгін ойласам 
кезінде маған азды-көпті септігі тиіп, жақсылық жасаған жандар көп екен. Ал, менің кімге 
пайдам тиді? Қара бастың қамынан аса алмай калыппын ғой. 
Адам қашанда өзінің ерік-жігерінің әміршісі, ал өз ар- ожданының құлы болуы керек 
емес пе? Демек, мен өзімді- өзім ширата түсуіме болады. Ол үшін өз ерік-жігеріме әмірші 
боп, оны оқтын-оқтын қамшылап тұруым керек шығар. Сонда ғана мен адамдар 
алдындағы қасиетті азаматтық парызымды бір минутқа да жадымнан шығармас едім. 
Мен өз ар-ожданымның құлы бола алдым ба? Жоқ, әрине. Егер мен ондай биіктікке 
көтерілсем, онда саған берген антымнан аттап өтіп кетпес едім ғой. Бәрін кейінге 
қалдырып келдім. Ертең-бүрсігүні деп жүргенде зуылдап жылдар өте шыққанын да 
байқамай қаппыз-ау. 
Өмір өтіп баралы ертенменен, 
Қайтем оны?! 
Жанбаған, өртенбеген. 
Өзімнен-өзім бүгін жеркенемін, 
Өмірде еш нәрседен жеркенбеп ем, — 
деп жырлаған ақын Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдары есіме түсті. 
Осыншама жасқа келгенше мені тірі пенде « арсыз» деп айыптап көрген емес. Бірақ 
ар-намыстың шынайы табиғатын енді ғана ұқтым десем нанасың ба? Жасыратын несі бар? 
Турасын айтсаң, қазір менің бір аяғым көрде, бір аяғым жерде ғой. Жан алқымға кеп, өлім 
бейнесі көзіме елестеп тұр. Мұндай жан тылсымға тақалғанда жылдар бойы кеудемізде 


бұйығып жатқан ар-намыс оянып алып, адам жанын одан бетер қинай түседі екен. 
Тегінде, ары таза адамдар титтей де қиналмай-ақ, емін-еркін жан тапсыра ма деп қалдым. 
Мүмкін, оларды да қинайтын тағы бір құбылыстар бар шығар. Бірақ мен онысын 
білмедім. Өйткені осы бір жанталас сәтте өзімді-өзім сүттен ақ, судан таза адамдар 
қатарына қоса алмадым. Оған ар-ожданым жібермеді. Өйткені сенің алдыңда аз да болса 
өзімнің кінәлі екенімді жүрек құрғыр сезіп тұр. Өзімді-өзім қалай алдамақпын. 
Рас, ар-ождан дегеніміз жүрек яки өкпе секілді адамның денесінен тауып көрсетуге 
болатын жеке мүше емес. Алайда, ар-ождан солардың бәрінен де мықтысы ма деп қалдым. 
Ер жігітті қамшылап, не бір ерлік істерге жігерлендіріп жіберетін сол ар-намыс сезімі емес 
пе?! Демек, одан қүдіретті күш жоқ. Тірі қалсам, онда ғұмыр бойы осы бір күшке бас иіп 
өтер едім. 
Рас, ел-жұрттың, жора-жолдастардың, туған-туысқандарымның алдында арым тау 
суындай таза. Оған ешкім күмән келтірмейді. Инженер-құрылысшы ретінде тындырған 
істерім де аз емес. Біз салған әрбір үй соның куәсіндей боп қасқиып тұр. Біреудің ала 
жібін аттаған емеспін. 
Бірақ жанымдай жақсы көретін, ең жақын адамның алдында ұятты екенімді ойлағанда 
тындырған істерімнің бәрі көзіме көрінбей, құны көк тиын боп қалады. 
Қолымнан келген жақсылықты ешкімнен аягі қалған жоқпын. Қолымнан келген... 
Бірақ бұл бүгін аз секілді боп көрінді. Қолынан келмейтін жақсылықты істейтін де жандар 
бар. 
Гауһар! Балалық шағымызда балауса жүрегімді тебіренткен бір оқиға тап қазір ойға 
оралып отыр. Сол оқиғаның маған қатты әсер еткені сондай, әлі күнге дейін көз алдымда 
елестеп тұр. Бірақ сол оқиға маған сабақ болмаған екен. Өкінішті-ақ. 
Кешегі соғыстан екі аяғынан бірдей айрылып қайтқан Қаратай дейтін ағам туралы 
айтып едім ғой. Сол кісі құртақандай жер бауыр арбаға отырып, әрі өзін-өзі сол 
мүгедектер арбасына қайыс-жіппен мықтап таңып тастаушы еді. Сосын екі қолымен жер 
тіреп әлгі арбасын әрең жылжытатын. Бес-алты қадам жерге жету оған ақыреттен қиын 
еді. 
Біздер, ойын балалары, көктем келсе-ақ Сұрымсайдан шықпай қоятынбыз. Өйткені 
бұл кезде мұнда қызғалдақ та, көбелек те көп. Бұл сай ауылдан екі-үш километр жерде 
Бір күні Сұрымсайда қызғалдақ теріп жүріп зәрем ұшты. Өзімнен бес-алты адым 
жерде өсіп тұрған қалын шөптің бастары өзінен-өзі тербеліп, шайқалып кетті. Шоқ басып 
алғандай ыршып түстім. Маған қарай жылан жылжып келе жатқан шығар деп қалдым. 
Артынша-ақ әлдекімнің аһлеп, уһлеп, қүдды зорығып ыңыранғандай үні естілді. Бір 
сәт өз көзіме өзім сенбей аңырайып қалдым. Әлп қалың шөптің арасынан қылтиып 
мүгедек ағамның басы көрінді. Баяғы жер бауыр тақтай арбасымен жылжып жүр. Борша-
боршасы шығып терлеп, үсті-басы терге малынып тұр. Өзі әбден діңкелеп, шаршаса керек. 
Түтігіп кетіпті, бірақ көздерінен қуаныш үшқыны шашырайды. Қос жанары жарқ-жарқ 
етіп, бойында жатқан қыруар қайсарлықты сездіргісі келгендей. Бұл кісі мұнда қалай 
жеткен деген сауал ойыма өзінен- өзі сап ете түсті. Екі-үш километр жерге жолсыз, 
сүдігер арқылы қалай келген? Мынадай жер бауыр арбамен айнадай тегіс асфальтта 
қозғалудың өзі қияметтен қиын ғой. Әлде, біреу атпен яки арбамен жеткізіп тастады ма 
екен? Ол өзі маған сәл күлімсіреп, бір түрлі қуақылана қарап қояды. «Менің мұнда неге 
келгенімді білесің бе?» деп түрғандай. Үсті-басы адам көргісіз лай-лай. Жейдесінің 
жеңдерін шынтағына дейін түріп қойыпты. Екі білегін де тікен тілгілеп, айғыз-айғыз етіп 


тастаған Ағамның сонау көз ұшындағы ауылдан осында сүйретіліп, өз күшімен жеткеніне 
енді ешқандай күмәнім жоқ еді. 
Шынында да, соншама әбігерге түсіп неге келді екен деп ойладым. Дозақ отынан 
өткендей өзін-өзі осыншама азапқа салып неге келді? Сондай-ақ мына елсіз, жансыз сайда 
не бар? Бірақ әрі ойлап, бері ойлап дардай кісіні соншама азап шектіруге арзитындай-ақ 
мына сайдан еш нәрсе ойлап таппадым. 
Бағанадан бері өз ойыммен өзім әуре-сарсаң боп, түк те байқамаған екем. Ағам 
кеудесін астындағы жер бауыр тақтайша-арбаға жалпақ қайыстармен іпатып-пұтып таңып 
тастаған деп едім ғой. Кеуде түсынан айқыш-үйқыш тартылған сол қайыстардың ара-
арасына қаз-қатар етіп қызғалдақ гүлдерін тізіп қыстыра беріпті. Сонда бүл кісі шынымен-
ақ гүл теруге келген бе? Жоқ Гүлді не қылсын ол? Қыз дейсің бе, қызғалдаққа қызығатын. 
Ағам айтпай тұр. Әйтпесе бұл келуінде құпия бір сыр бар деп ойладым. «Сізге 
қызғалдақтың керегі не?» деп те сұрамақ боп оқталдым. Бірақ жүрегім дауаламады. 
«Немене, даланың гүлін маған қимай тұрсың ба, әлде сенің ойыңша мүгедектер адам емес 
пе?!» деп кейін тастаса қайтем. 
Ауылға бірге қайттық. Жол-жөнекей ағам өзінің екі аяғы сау кезде осы Сүрымсайда 
құрбыларымен асыр салып ойнағанын, ортекедей орғи шауып, көбелек қуғанын, кейінірек 
осында колхоз жылқысын баққанын, құлағына құрық тимеген небір асау аттарды 
ауыздықтап, арынын басқанын айтып берді. Ол өзінің соғысқа дейінгі өмірін 
әңгімілегенде жүзі бір түрлі нұрланып, көздері ойнақшын, тінп көзнің астындағы әжімдері 
де өзінен-өзі ғайып боп кетеді екен. 
Ақыры ауылға да жеттік-ау. Мен де ілесіп үйіне бардым. Ешкім жоқ екен. Жеңгем 
колхоз жұмысында болса керек. 
Үйдің іші тап-тұйнақтай жинаулы. Келген бойда-ақ ағам аласа стол үстіндегі қыш 
көзеге су құйып, ішіне өзі әкелген гүлдерді салып қойды. Сосын дереу жуынып, 
шайынды. Сақалын қырды. Таза жейдесін тауып киді. Бетіне әтір жағып алды. Айнаға 
қарап, шашын тарады. 
— Көке, қонаққа барасыз ба? — дедім өзімше пайымдап. 
— Жоқ, о. 
— Әйтпесе неге?.. — деп күмілжіп қалдым. «Әйтпесе неге сонша сәнденіп 
жатырсыз?» демекші едім. Аузым бармады. Айтар ойымды өзімше жонып, жұқалай 
түскен болдым: 
— Көке, бүгін мереке емес қой, — дедім 
— Бүгін мереке, Ержан! Үлкен мереке. Біздің үйде, әрине. Жеңгеңнің туған күні ғой. 
Мына гүлдерді кімге әкелді дейсің? Жеңгеңе! Ұқтың ба, балақай? 
— Ойбай-ау, маған бір ауыз айтсаңыз ғой. . Сізді сонша әуреге салмай-ақ қызғалдақты 
мен теріп келмес пе едім? 
— Жоқ, Ержан. Есіңде болсын. Ең жақсы көретін қызыңа сыйлайтын гүлді тек өз 
қолыңмен үзіп алатын бол. Сонда ғана гүлден махаббат иісі аңқитын болады. Тер сіңбеген 
бұйымның көк тиындық құны бола ма?' 
Сол ағамның осы бір сөзі бүгін есіме түсіп, өзімнен- өзім қысылдым. Мүгедек ағам 
жеңгеме бір минуттық қуаныш сыйлау үшін қаншама тер төкті десеңізші! Ағамның сол 
жолы малмандай боп терлегені, өкпесі өшіп шаршағаны, алақандарының күлдіреп, 
қабарып кеткені бір сәтте көзіме елестеп кетті 
Тегінде, адам бір-біріне қуаныш сыйлау үшін өмір сүрмей ме? Ал, мен сені қуанту 
үшін не істедім, Гауһар? Мен мүгедек емеспін. Он екі мүшем түгел. Сенің туған күніңді, 


сірә, ескермеппіз де ғой. Жылына бір-ақ рет келетін өз мерекемізді де жадымыздан 
шығарып алғанбыз ба? 
Рас, бір-екі рет саған бұл жөнінде айтқансыдым. Тойлайық та дедім. Бірақ сен керегі 
не деген соң біржола ұмытып кетіппін. Өжеттігін жетпеді. 
Койшы, соны.' Туған күн де сөз бе екен? Мен одан үлкендерін де істегем жоқ қой 
Тіпті сенің кейбір өтініштерінді де әлгі күнге сөз бұйдаға салып, орындамай келем ғой. 
Иә, Гауһар! Саған қуаныш сыйламақ түгілі, өзіңе қиянат жасап жүр екем-ау 
Соның бәрін кештеу ұққаныма өкінем. Өз қолыммен гүл үзіп, саған сыйламағаныма 
қынжылам. Күн сайын өзңіе қуаныш сезімін сыйлай алмағаныма қиналам. 
Мүмкін, әлі де кеш емес шығар. Өзңіе әлі де талай гүл, талай қуаныш сыйлармын. Ол 
үшін бүгін операциядан қалайда тірі шығу керек. Өлмей қалу менің мүмкіндігін ғана емес, 
міндетім де екен ғой. Міндетке алған істі қалай да орындау қажет емес пе? Ол үшін соңғы 
демім біткенше, беріспей алысып, арпалысып, өмір үшін күресті бір минутқа да 
саябырлатпауым керек. 
Гауһар! Мұндайда қай-қайдағы бір ойларға шырмалып қалады екенсің. Меніңше, адам 
атаулының бәріне тән бір кемшілік бар. Мүмкін, ол кемшілік емес, қайта адамның 
артықшылығы шығар. Әйтеуір анық-қанығына жете алмадым. Мен айтайын. Сен өзің 
сосын бұл жөнінде бір түйінге келерсің. 
Қашанда біз алыстағыны, биіктегіні, қиындағыны армандаймыз ғой. Асыл арман 
қашанда қол жетпестей, орындалмастай, іске аспайтындай боп көрінеді. Әйтсе де, соған 
жету үшін жанымызды саламыз. Жатпай-тұрмай ізденеміз. Үйқыдан беземіз. Күресеміз. 
Күні-түні армандаймыз. Аңсаймыз. Үздігіп кете жаздаймыз 
Бір қызығы — сол арманға қолымыз жетсе-ақ оны енді бұрынғыдай қадір тұтпаймыз. 
Оған жай нәрсе сияқты онша менсінбей қарайтын боп қаламыз. Оның бір кезде қиял 
жетпес арман болғанын, талай түндер зарықтырып ұйқы бермегенін бара-бара ұмыта 
бастаймыз. 
Гауһар' Бір кезде сенің әрбір сөзің, әрбір қимылың, әрбір кірпік қаққаның мені 
есімнен тандырып жібере жаздайтын. Әр сөзіңді тыңдап, әр қимылыңды тамашалап, 
кірпіктеріңді қызықтап тұра бергім келеді. Маған бұдан артық еш нәрсе керек емес тәрізді 
еді. 
Қазір неге өзіңді көргенде жүрек туламайды дейсің гой? Сені бұрынғыдай сүймейді 
деп ойлайсың ба? Жоқ. Олай ойласаң — қателескенің. Мен сені қазір бұрынғыдан мың есе 
артық сүйем. Онда неге мен бір кездегідей қас-қабағыңа қарап, ойыңдағыны айтқызбай-ақ 
өзім тауып отыруға әрекет жасамаймын? Неге өзіңе бұрынғыдай өлең жолдарын 
оқымаймын? Махаббат хикаяларын неге айтпай қойдым? Неге алғашқы кездегідей күн 
сайын сенің көңіл-күйіңді сұрап жатпаймын? Осыны білесің бе, Гауһар? 
Ал, мен білем. Бұрын білмеуші едім. Ауруханаға түскелі бері ғана ұққан сияқтымын. 
Адам жақсыға да, жаманға да үйренеді. Иә, үйренеді, көндігеді, дағдыланады, әдетке 
айналдырады. Айдың жартысы жарық, жартысы қараңғы ғой. Жамандыққа көндігу кейде 
керек те шығар. О жағын білмедім. 
Ал, адам жақсылыққа неге үйренеді?! Пайымдап қарасаңыз, бұл барып тұрған қылмыс 
қой. Бір минутқа өзің- ақ ойлап көрші, Гауһар Сені әлемдегі ең бақытты адам дейік. Сен 
бара-бара өзіңнің бақытты екеніңе әбден үйреніп, оған көндігің кеттің. Өзіңе әбден 
үйреншікті боп қалған, қашаннан-ақ әдетке айналып кеткен бақыт сезімінің енді саған 
қызығы бола ма? Басқаша айтқанда, өзіңе үйреншікті боп кеткен нәрсе сені қуанта ала ма? 
Жалпы, бақытты болуға көндігу керек пе? Жоқ, әрине. 


Ғұмыр дегеніміз қанша оқып жатсаң да, мәңгі-бақи таусылмайтын ғажайып қызық 
дастан емес пе? Күн сайын сол дастанның бір бетін оқып тастаймыз дейік. Ертеңгі 
оқылатын бетте қандай оқиға болары бүгін бізге беймәлім. Сондықтан ертеңгі күн де 
бәрімізге қызық көрінеді. Ертең де сол келген жерімізден бастап, тағы да тамсана оқимыз. 
Сөйтіп күн сайын жаңа, бұрын өзімізге беймәлім хикаялар оқып, ләззаттана береміз. 
Меніңше, ерлі-зайыпты адамдар да біріне-бірі нақ осындай ғұмыр бойы оқыса да 
таусылмайтын, кереметтей қызық жыр-дастан бола білуі керек. Ғұмыр бойы оқып 
рахаттануға болатын сұмдық үлкен дастанды бірер күнде асығып, аптығып, парақтап 
шыққаннан не пайда? Біз қайда асығамыз? 
Міне, енді өзің айтшы. Қолыңдағы бақытқа үйреншікті нәрсе ретінде қарауға бола ма? 
Жоқ, әрине. Егер үйреншікті десек, онда ол бақыт емес. 
Бірақ біз жақсылыққа, бақытқа, қуанышқа тез көндігіп аламыз. Оны әдетке 
айналдырып жібереміз. Сондықтан бірте-бірте жақсы хабарға қуана алмайтын, 
жамандыққа қайғырмайтын тас мерез боп шыға келеміз. 
Күн сайын көкжиектен көтеріліп Күн шығады. Бүкіл әлемге шұғыла шашады. Таң 
атады. Біз мұны күнде көреміз. Сондықтан күннің әр жолы қалай шығып, қалай батып 
жатқанына жөнді мән де бермейміз. Оған қарамаймыз да. Өйткені біз: бүгін де Күн құдды 
кеше өзіміз көргендей боп шығады, кешегідей боп ұясына батады деп ойлаймыз. Солай 
екеніне тіпті күні бұрын кәміл сенімде боламыз. 
Ал, шындығында, ертең де Күн тура бүгінгідей боп шыға ма? Жоқ! Өмір 
қайталанбайды дейміз. Әрбір секунд өмірдің ешқашанда қайталанбайтын өзіндік 
ерекшелігі бар емес пе? 
Демек, ертеңгі шығатын Күннің де онша-мұнша көзге шалына коймайтын өзіндік 
ерекшелігі бар. Олай болса, ертең Күн бүгінгіден өзгешелеу, басқашалау шығары хақ. 
Міне, сондықтан да адамзат сан мыңдаған жылдар бойы бұл киелі құбылысты 
тамашалаудан жалықпай келеді. Күннің шығуын әрбір тарихи ұрпақтың суретшілері әр 
түрлі етіп бейнелеуі де тегін емес шығар. Тіпті бір күнде салынған құдіретті Күннің екі 
суреті де бір-біріне ұқсамайды ғой.
Иә, сен бүгін мен үшін кешегі Гауһар емессің. Сәл де болса кешегіден гөрі 
өзгешелеусің. Бірақ мен көбіне ішкі жан дүниеңдегі кейбір өзгерістерді байқай алмай, 
қызықтай алмай, одан ләззатана алмай жүрмін бе деп қорқам. Бұл — сезімнің тоза 
бастауынан емес, адамның қашанда жақсылыққа тез үйреніп, жаттығып кетуінен туатын 
құбылыс. Сондықтан күнделікті күйбеңге әбден мойынсұнып, көндігіп алмай, қайта 
оқтын-оқтын сілкініп тастап, жылдар бойы бұйығып қалған, ұйлығып қалған ой-
сезімдерді оятып отыру керек шығар. Әйтпесе әлемдегінің бәрі бірте- бірте көзімізге 
үйреншікті көрініп, өзіміз еш нәрсеге таңданбайтын боп қаламыз ғой. Таңданбау — 
қызықпау деген сөз. Еш нәрсеге қызықпай ғұмыр кешудің керегі не? 
Табиғаты сезімтал жандар қашанда әрбір Күннің, әрбір секунд Уақыттың өзіндік 
ерекшеліктерін мүлт жібермей, жазбай таниды. Мұндай жандар басқалардан гөрі көбірек 
көре біледі, жақсырақ ести біледі, айқынырақ сезіне біледі. Сондықтан оларға бәрі қызық. 
Бәрі тамаша. Бәрі әдемі. Зерікпейді. Торықпайды. Ешқашан да сары уайымға салынбайды.
Бүгінгі операциядан аман шықсам, нақ осылардай адам болуға тырысам, Гауһар. Бұл 
жай уәде емес. Солай боларына ешбір шүбәсіз сене бер, сүйіктім. 
Міне, бейне бір ақша қарға көміліп қалғандай-ақ аппақ гүлге оранып алған алма 
бағына аурухана терезесінен қарап тұрып, мен қазір осыларды ойладым, Гауһар. 


Ақыры түн түндігі де түрілді. Жұрт дәлізде әрі-бері жүре бастады. 
Қазір ғана профессор біздің палатаға келіп кетті. Есіктен кірген бойда-ақ ол: 
— Қалай, дайынсың ба, Ержан? — деді бір түрлі мығым дауыспен. Оның даусындағы 
сенімділік, батылдық пен өжеттік қолма-қол профессордан зып беріп маған өтіп кеткендей 
еді. Дәрігердің сенімді даусы әп-сәтте мені де жігерлендіріп, қайраттандырып жібергендей 
болды. Арқамнан ауыр жүкті алып тастағандай-ақ заматта өзінен-өзі тынысым кеңіп сала 
берді. 
Байқадың ба, Гауһар? Профессор менің фамилиямды емес, атымды айтып сөйледі. 
Онда тұрған не бар дейтін шығарсың. Мынадай қысылтаяң шақта түймедей жақсылық 
көзіңе түйедей боп көрінеді екен. Ол «Ержан» дегенде ішім жылып қалды. Мені өзіне сәл 
де болса жақын тартқан сияқтанып кетті. 
Өзінің ұлық басын кішігік етіп, алдыма кеп тұрған профессорды көргенімде, өзімнен-
өзім сасқалақтап, қапелімде аузыма сөз түспей қалса керек. 
— Әрқашанда дайынмын, Елена Андреевна! — деппін. Бірақ профессордың есіктен 
шығуы мұң-ақ екен, өзіме де беймәлім бір қорқыныш сезімі тұла бойымды қайта билеп, 
төстеп, еріксіз әлдеқайда дедектетіп әкетіп бара жатты. Сонда мен неден жүрексінем? 
Неден тайсалам? Мен қауіптенетіндей не бар? 
Мүмкін, операцияға баруға жүрексініп, батылдығым жетпей тұрған шығар. Жоқ. Оған 
баяғыда-ақ бекем бел буып, тас түйін шешімге келгем. Мүмкін, мен жаңағы 
профессордың қабілетіне сенбей тұрған шығармын. Жоқ. Оған шәк келтірмеймін 
Иманымдай нанам. Онда өзіме-өзім сенбей жүргенім бе? Өз күш-қуатыма, қайрат-
жігеріме күдік келтіргенім бе? Жоқ, әрине Бүгінгідей мен ешқашан да осыншалықты 
өзіме-өзім берік, мұндай сенімді болып көрген емеспін. Көңілімде күдіктің көлеңкесі де 
жоқ. 
Бірақ жүрегі құрғыр әлденеден шошитын сиякты. Неден? Әдетте адам белгісіз, өзіне 
түсініксіз нәрсеге ұшырап қалса да қорқады ғой. Жас балалар қараңғы бейуақтан зәрелері 
ұшып, қалай қорықса, ересек адамдар да өздеріне белпсіз нәрседен солай үрейленеді. Мен 
үшін қазір белгісіз нәрсе не? Әрине, өлім қатері. Тірі қалам ба, жоқ па деген сауал бір 
минут та есімнен шықпай отыр, көкейімде «мен мұндалап» сайрап тұр ғой. 
Бірақ қорқақтық емес, Гауһар Қорқыныш — табиғи сезім. Ол тіршілік иесінің бәріне 
де тән қасиет. Өмір сүру үшін қажетті қасиет. Еш нәрседен қорықпаса, тиісті жерінде 
сақтанбаса, көзсіз батыр бола берсе, онда жер бетінде тірі жан қалмас еді. 
Ол, қорқақтық — адамға біткен табиғи қасиет емес қой. Ешкім анасынан сужүрек боп 
тумайды. Ол өсе келе пайда болады. Демек, қорқақ болу — адамның дүние танымына, 
тіпті әлеуметтік көзқарасына байланысты туатын үғым емес пе? «Қорқақ адам — ең 
қауіпті адам» Мұны айтқан неміс жазушысы Карл Берне. Неге олай деген? Себебі қорқақ 
адам қашанда опасыз келеді. Ал, опасыз, қорқақтар өз жанын аман алып қалу үшін бүкіл 
әлемді сатып кетуге әзір. 
Үрей сезімі барлық адамға тән табиғи қасиет. Одан ешкім қашып құтылган емес. 
Қорқыныш сезімінің ең күштісі — ажал үрейі. Ажалдың қыл арқаны мойынға түсіп, 
қылғындыра бастағанда ғана адамды ажал үрейі билей ме? Жоқ. Сау-саламат шапқылап 
жүргенде-ақ бойымызда азды-көпті қорқыныш сезімі болатын шыгар. Әйтпесе неге өлікті 
көргенде төбе қүйқамыз шымырлап кетеді? 
Әйтсе де, өлім қаупі ұдайы төбемізден төніп тұрмайды. Көбінесе оны өз басымызға 
қатер төнген сәттерде ғана еске аламыз. Өйткені «адамның ақыл-ойын үрей сезіміне 
билетіп қоюға болмайды». Көне заманның ұлы ақыны Данте Алигьери осылай депті. 


Бір қызығы — адам бойындағы қорқыныш сезімшіңтабиғатын, әсіресе, ажал үрейінің 
ішкі сырын ғалымдар көптен бері-ақ зерттеп келеді екен. Орыстың ұлы ғалымы, атақты 
физиолог И.И. Мечников бұл салада бүкіл әлемдік ғылымға қыруар үлес қосқан жан 
саналады. Алаида ол «қорқыныш сезімін зерттеуге, оның құпияларын ашып көрсетуге, 
ажал үрейінің бейнесін жасауға» ғалымдардан гөрі, ақын-жазушылар көбірек еңбек 
сіңірген деп мойындайды. 
Өз шығармаларында қорқыныш сезімі, ажал үрейі хақында мейлінше ғылыми 
дәлдікпен жаза білген бірнеше жазушының есімін ұлы физиолог зор ілтипатпен атап 
көрсетеді. Олар: ағылшын ақыны Джордж Байрон, француз жазушылары Альфонс Додэ 
мен Эмиль Золя, орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой. Мәшһүр ғалым солардың ішінде, 
әсіресе, Толстойды айрықша жоғары бағалайды. Жазушы логикалық ойлану әдісімен-ақ 
сол кезде ғылымның күші жетпеген сырларды ашқан екен. 
Адам бойындағы қорқыныш сезімін өз басына сан рет ажал үрейі төнген жазушыдан 
артық кім бейнелеп жазбақ? Сол сұмпайы сезімді бейнелеп көрсетудің керегі не дейсің 
ғой. 
Гауһар! Өзің-ақ айтшы, төрелігін. Егер бір тас қараңғы меңіреу түндерді 
ғүмырымызда бір рет те көрмеген болсақ, онда күллі әлемге шуақты шүғыла шашып, 
арайлап таң атқан сәтте мына жарық дүниеге соншама қатты қуана алар ма едік? Сары 
шұнақ аяздың не екенін білмейтін, өмірінде тоңып көрмеген адам пеш жанып тұрған жып-
жылы үйдіңрақатын жан-тәнімен сезе ала ма? Шілденің шыжыған ыстығында өкпесі 
аузына тығылып, тандыры кеуіп шөлдеген жан ғана саялы бақ пен салқын судың ләззатын 
өзінің жан-жүрегімен толық сезе білсе керек 
Дәл сол сияқты үрей сезімінің бар қаһарын көкірек кезімен көріп, жан-тәнімен айқын 
сезе білген адам ғана жер бетінде өмір сүріп, тірі жүрудің өзі ұлы бақыт екенін толық ұға 
алады ғой. Мұны ол тек ақыл-оймен ғана емес, өзінің жан-жүрегімен сезінетін болады 
Өмірдің ұлылығын, өзінің шексіз бақытты екенін басқалардан гөрі, әлде- қайда тереңірек 
түсінудің өзі бақыт қой. 
Лев Толстой нағыз қорқыныш сезімімен тұңғыш рет жиырма алты жасында бетпе-бет 
ұшырастым дегі жазады. Севастополь соғысы кезінде жау қоршауында қалып қойған 
жиырма алты жастағы орыс офицерінің жан шошырлық, үрейге толы көңіл-күйін 
суреттейтін жолдарды оқыған сәтте қалай арқаң мұздап, ішің қалшылдап кеткенін өзің де 
сезбей қаласың. 
Бірақ мұндай үрейлі сезім бірте-бірте сейіліп, кейінірек тіпті жазушы оны ұмытып 
кетеді. Тек ширек ғасырдан кейін ғана, Толстой елу жасқа тақап қалған шағында сонша 
жыл бойы білінбей, бұғып жатқан өлім бейнесі оқ жыландай басын қақшаңдатып, ұлы 
жазушының алдынан шыға келіпті. Кәрілікпен бірге өзіне жақындай түскен ажал бейнесі 
енді ғана оған бұрынғысынан жүз есе үрейлі, аса қорқынышты, мейлінше жексұрын боп 
көрінеді. 
«Өмірдің қызығына мас боп жүргенде, — деп жазады ол, — біз еш нәрсеге мән 
бермейді екенбіз-ау. Әйтпесе түбінде бір ажалға душар боларымды о баста қалай 
сезбегем? Бұл сұмдық баяғыдан-ақ жұрттың бәріне мәлім нәрсе ғой. Тап қазір болмаса да, 
ақыры бір науқасқа шалдығарың, өлерің хақ. Менің ең жақын, ең жақсы көретін 
адамдарымды атың өшкір ажал талай мәрте арамыздан алып та кетті ғой. Бір күні кезек 
маған да келеді. Осының бәрін көре тұрып, біле тұрып, қалай ғана өмір сүруге болады 
екен?! Міне, ғажап деп осыны айт!» 


Барлық адамға тон ажал үрейінің табиғатын өз туындыларында мейлінше сенімді етіп 
көрсете білген жазушылардың бірі Альфонс Додэ. Ол өзінің бір досына жазған хатыңда 
ағынан жарылып, былай депті: «Осы бір ажал үрейі өзегімді өртеп бітті. Қанымды қақ 
қылды. Жанымды жай таптырмай қойды. Әсіресе, пәтер ауыстырғанда зәрем кетеді. Жаңа 
үйге көшіп келгенде табалдырықтан аттай бере-ақ жаман ойға келем: мен өлгенде 
табытым осы үйдің қай жерінде тұрады екен деп көзіммен бөлмелердің ішін тінткілеп, 
табыт қоюға ыңғайлылау деген жердің бәрін дереу қарап, көріп шығам». 
Виктор Гюго өз үйіне қонаққа келген атақты адамдардың бәріне міндетті түрде тек 
жалғыз ғана сауал береді екен. Жазушы өз қонағына қиыла қарап отырып: «Сіз, сірә, 
ажалым жақындап келе жатыр деп үрейленбейсіз бе?» — деп сұрайтын болған. Сонда әлгі 
қонақтардың бәрі шетінен: «Қорқам» яки «Қатты қорқам», — деп жауап қатқан екен. 
Бұл аталған жазушылардың бәрі өлім емес, өмірдің ұлылығын бүкіл әлемге паш еткен 
жандар. Олар тылсым ажал үрейін жасырмай бейнелеу арқылы бізге өмірді сан түрлі 
қырынан көрсетеді. Өмірге деген қүштарлығымызды арттыра түседі. 
Міне, көрдің бе, Гауһар! Ажал үрейі барлық жанға тән табиғи қасиет екенін енді 
ұқтың ба? Менің осындай күрделі, нейрохирургиялық операция алдында онша- мұнша 
қобалжығанымды сен қорқақтық деп ойлама. Мұның бәрін сен дұрыс түсінсін деп әдейі 
әңгімелеп отырмын. Қазір бойымда қорқыныш сезімі барын сенен жасырғым да келмейді. 
Бірақ үрей сезімінің жетегіне еріп кете беретіндей-ақ күйреуік, бос белбеу емеспін. Бүгін 
жымысқы сезімдерден гөрі, ақыл-парасатқа көбірек ерік беру керектігін білем. 
Енді бірнеше минуттан кейін мені операция столына алып кетеді. Соңғы 
минуттарымда не істесем екен? Саған хат жазып қалдырсам ба екен, Гауһар? Үлгірем бе? 
Жоқ. Кешелі бері бұл қалай ойыма келмеген? Бірақ не деп жазам? Мен айтатын нәрсенің 
бәрін өзің-ақ білетін сияқтысың ғой, Гауһар. Балаларымызды жақсы адам етіп тәрбиелеу 
керектігін менен жақсы сезесің. Бірақ оларды ренжітпеші. Есі болса өсе келе бәрін өздері-
ақ түсінеді. Әйтеуір жасытып алма. Жасық адам — жарты адам. Екеуінде жөнге салу үшін 
бір-екі шапалақтап жіберіп едім. Соған қазір өлердей өкініп отырмын Ал, өзіңе не демек 
едім? Қолыма қалам алып қанша оқталсам да, бәрібір саған еш нәрсе жаза алмадым. Айтар 
ойым көп сияқты еді. Бірақ қағазға түсіруге арзитындай пікірім жоқ боп шықты. Неге? 
Адам қашанда қиялға бай, сөзге кедей демекпін бе? Жоқ Ой елегінен өткен сөздерді ғана 
адам сыртқа шығарады. Әйтсе де, ешбір кіршіксіз, аппақ қағазға тек терең ойдың 
түңғиығынан теріп алынған маржан сөздерді ғана жазуға болатын шығар деген пікірге 
келдім. Ал, ондай сөз менде жоқ сияқты боп тұрады 
Оның үстіне, хат жазып қалдыру — операциядан тірі калатыныма сенбеу деген сөз 
ғой. Ал, мен тағы да талай жыл бақытты ғұмыр кешетініме иманымдай иланғым келеді. 
Міне, жан жүрегім соған кәдімгідей нанып та тұр. Онда несіне саған хат жазам, Гауһар? 
Тіпті ол жөнінде ойланудың өзі ұят емес пе? 
Сонда қазір не істеуім керек? Операция бөлмесіне әкетер алдындағы ең соңғы 
минуттарын басқалар қалай өткізетінін білгің келе ме? Оны да күнде көріп жүрмін. 
Айтайын. 
Бұл өзі операцияға түсетін адамның өміріндегі ең ауыр, ақырет-минуттар деуге 
болады. Мұндайда сағат тілі бір нүктеден тапжылмай, мелшиіп тоқтап қалғандай болады. 
Әр минут уақыттың өзі мәңгі-бақи таусылмайтындай сұмдық ұзап кетеді. 
Міне, сол азапқа толы соңғы минуттарды неғұрлым тезірек, жеңілірек, жанға жара 
салмайтындай етіп өткізіп жіберу үшін әркім әр түрлі «әдіс» қолданады. 


Кейбіреулер ең соңғы минуттарын өзінің отбасымен, бала-шағасымен әңгімелесіп 
тұрып өткізгенді ұнатады. Осындай қиын-қыстау, алмағайып сәттерде ең жақын 
адамдардың жаныңда болғанға не жетсін. Бұл өоңілге зор демеу ғой. Бірақ мұның жаман 
жағы да бар. Көзбен көріп тұрған соң оларды қиып тастап, бірден операцияға кету сұмдық 
қиын болады екен. Жақында бір егделеу ер кісі жігіт болып қалған баласымен операция 
алдында осылайша қоштасып тұрып жүрегі қысылып, есінен танып қалды. 
Операцияға түсетін күні өзінің жақын туыстарын аурухана маңайына жолатпай, тек ең 
жақын достарын шақыртып алатындар да бар. Бұлар көбінесе достарымен бірге өткізген 
қызықты күңдерін, бастан кешірген күлкші оқиғаларын бір-біріне айтып, соңғы 
минуттарда мәз-мейрам боп масайрап күліп жатады екен. Бұл «әдістің» де бір кемшілігі 
бар. Сәл іштей қобалжып, қорқып тұрғаныңды әлгілерден біреу-жарымы сезсе-ақ көрер 
көзге бәріне мазақ боласың. Кейде олар өздерінше «қамқорлық» жасаған боп, барша 
жұрттың көзінше саған «қорықпа» деп кеңес бере бастайды. Өзі үрейі ұшып тұрған 
науқасқа бұдан артық қиянат жасау мүмкін емес. 
Бізбен көршілес палатада бір жігіт жатты. Ешкіммен ашық-жарқын сөйлеспей, өзінше 
оқшау жүретін, тымырсықтау адам көрінген еді. Өткір көздерін адамға қадағанда 
өңмеңіңнен өтіп кете жаздайды. Не керек, сол жігіт ең соңғы минутына дейін палатада 
өзімен бірге жатқан науқастармен шахмат ойнап отыра берді. Оны операцияға алып 
кетуге дәрігерлер келгенде ойын әлі біткен жоқ еді. Әлгі жігіт өзімен шахмат ойнап 
отырған кісіге жуан даусымен бұйыра сөйледі: 
— Ей, мына позицияны бұзбай, шахмат тақтайын күйінде алып қой. Мен қайтып 
келген соң ойынды жалғастыра береміз. Сен мені ұдайы жеңіп келдің. Бірақ түбінде мен 
сені бір рет жеңбей қоймаймын! — Бұл сөзді ол өзін жүгіртек-арбаға жатқызып, операция 
столына әкетіп бара жатқан ең соңғы минутта айтты. Даусы мығым, аса сенімді боп 
естілді. Меніңше, ең мықты, жүйкесі берік жандар осылар болса керек. Олар ауыр 
минуттарда ешкімнің колдап, қолпаштауын, демеуін, мүсіркеуін қажет етпейді. Қандай 
дауыл соқса да, қасқиып жалғыз өзі қарсы тұруға әзір. 
Ал, мен ше? Менің не істегенімді білгің келе ме? Міне, операцияның басталуына он 
бес минут қалды. Мен әлі кітап оқып жатырмын. Уақыт өткізу үшін емес. Бұдан үш-төрт 
күн бұрын осы бір кітап қолыма түсіп еді Бастаған кітапты аяқтап шығу керек қой. 
Ақырына дейін оқып үлгерем бе, жоқ па? Мүмкін, үлгерермін. . 
Осындай ауыр минуттарда серік болған қандай кітап дейсің ғой. Бүл өзі қанша рет 
оқысаң да, қайта-қайта қолға ала бергің кеп тұратын ғажайып бір жыр-дастан. Ерлік 
дастаны деуге болады. Қиын-қыстау сәттерде оқу үшін жазылған сияқты.
Бұл — Войничтің атышулы «Бөгелек» романы. Тегінде, ажалды тәрік қып, өлімді 
менсінбейтін, жаужүрек жаннын сағын сындыру мүмкін емес екен ғой. Адамның жаны 
болаттан да берік пе деп қалдым. 
Міне, арайлап алтын таң атып, күлімдеп күн шыққан сәтте. Артурды қараңғы 
қапастан жарық дүниеге, аулаға шығарды. Жоқ. Күннің жанға шипа, дертке дәру шуағына 
бөлеп, рахаттандыру үшін емес, қайта сол таңғы шапаққа ғашық, қүштар жан Бөгелекке 
күннің нұрын мәңгі-бақи көрсетпей қою үшін — оны атып тастау үшін далаға алып 
шықты. 
Күннің көзі күлімдеп көрінген сәтте ғана Бөгелек өз дұшпандарымен бетпе-бет 
ұшырасты. Жауларын көрген бойда-ақ қайтадан зығырданы қайнап, жігерленіп кетті. Енді 
ол күреске тайсалмай шығуға әзір еді. Басқалар сияқты ол өзін атар алдында көзін 
орамалмен байлатқан жоқ. Арандай аузын ашқан жалмауыз ажалдың жүзіне қаймықпай, 


тік қарап өткісі келді өмірден. Бір топ солдат оған қарап мылтық кезеп, «атыңдар» деген 
каһарлы бұйрықты күтіп, мелшиіп тұр. Өмірінде тауы шағылып, тауаны қайтып көрмеген 
ер жүрек жігіт өз жендеттерінің алдында еңсесін биік ұстап ұнжырғасын түсірмей, ажалды 
менсінгісі келмей, өзіне қару кезеген солдаттарға, шайдай ашық аспанға күлімсірей қарап 
тұр. Не деген қайсарлық десеңізші! 
Міне, «Мен де өз науқасыма, ажал үрейіне нақ осындай өжеттілікпен қарсы тұра 
білуім керек» деген ой келді. Қайраты қара тастай қайсар жанға іштей тағзым еттім. Тап 
қазір маған жетіспей тұрған қасиет те осы табандылық, өжеттік екенін жан-жүрегіммен 
сездім. Осы бір жаныма жақын қаһарманның өр мінезі, тәкаппарлығы табанда-ақ менің де 
бойымды ширатып жібергендей еді. 
Сол сәтте бір ақынның мынадай өлең жолдары өзінен- өзі ойыма кеп орала берді: 
Жанбырдың тамшылары жер ширатар, 
Тағдырдың камшылары ер ширатар. 
...Жер емес тамшыдан соң жатса езіліп, 
Ер емес қамшыдан соң кетсе үзіліп* 
Рас, қаныпезер жендеттер Богелекті өлтірді. Бірақ қайсар жан жеңілген жоқ. Ажалды 
мойындамай, өлімді менсінбей кетті. Өзінің ажал үрейінен әлдеқайда жоғары тұрғанын, 
әрі мәңгі-бақи сол өлімнен еңсесі биік күйінде қала беретінін дәлелдеп кетті. 
Иә, ол биік мақсат, асқақ арман, ізгі мұраттар жолында өзін құрбан етті. Бірақ өмірдің 
қиын-қыстау өткелінде бойына медеу, жанына демеу іздеген әрбір адамға сол бір от 
жүректі жігіттің қаһармандығы өнеге емес пе?! Демек, тағдырдың қамшысынан 
қаймықпаган қайсар Бөгелектің рухы бүгін мені де қолдайтыны хақ қой. 
Рас, бүгінгі операцияда өмір мен өлімнің қайсысы жеңері әзірше беймәлім. Әйтсе де, 
менің өмірден үміт үзгім келмейді. Тірі қалатыныма, профессор қолының жеңілдігіне, 
өзімнің кұлан таза сауығып, қатарға қосылып кететініме, өзіңе әлі де талай-талай 
куанышты күндер сыйлайтыныма, екі бірдей ұлымның алдында әкелік, елімнің алдында 
азаматтық борышымды қалайда өтейтініме кәміл сенгім келеді. Басыма бұлт айналса, 
жанымда сенің болатыныңа иманымдай иланғым кеп тур, Гауһар, 
Міне, мені операция столына әкетуге дәрігерлер келді. Нақ сол сәтте жалғыз сенің 
бейнең ғана қараңғы түнгі жарық жұлдыздай арман аспанында жарқырап тұрды. Сол 
жалғыз жұлдыз тап казір өмірге деген үміт сәулесін менің жан-жүрегіме аямай құйып 
жатқандай еді. 
Міне, операция бөлмесіне әкетіп барады... 

Қалкашым, мен тірімін, қатардамын, 
Өмірімнің тағы көрдім атар таңын. 
Ажалмен айқастым да өлмей қалдым, 
Бар екен әлі менің татар дәмім, — 
деген жолдарды Әбділда ақын менің дәл осы сәттегі көңіл- күйімді білдіру үшін 
жазған сияқты. 
Бір рауаятта наркоздан оянғандай болдым. Өзіме-өзім келіп, есімді жинай бастасам 
керек. Көзімді ашсам өз палатамда жатыр екем. «Тірімін, елмей, операциядан тірі 
шығыппын ғой». Ең алдымен ойлағаным осы болды. Әйтеуір тірілердің қатарындамын. 


Басқа жағын ойланып, толғануға қазір мұршам да жоқ. Ойлағым да келмейді. Ең бастысы 
— тірімін, Гауһар. 
Бар сезгенім — тынысым тарылып, біреу алқымымнан қылғындырып тұрғандай-ақ 
ауа жетпей, деміккен үстіне деміге түстім. Қаным кеуіп, аузымнан демім от боп шығады. 
Еріндерім кебірсіп, бір-біріне желімдей жабысып капты. Тілім аузыма сыймай, таңдайым 
қақырап, шөлдеп барам 
Есімді жиған алғашқы секундта-ақ өзіме де беймәлім бір дүлей күш мені жан 
тылсымға такап, қас қағымда әңкі- тәңкімді шығарып жібергендей еді. Біресе шала-шарпы 
есімнен танып, талықсып, біресе өзіме-өзім келіп, жаным жарға таянып, барып-келіп 
жаттым. 
Қазір күннің қай мезгілі екен деп ойладым Күндіз бе, әлде түн іші ме? Қанша 
тырысып бақсам да көзімді ашуға дәрменім жетер емес. Кірпіктерім құдды шойыннан 
қүйылғандай зіл батпан боп, ауырлап кетіпті. «Пәленшенің қатты ауырғаны сондай, 
бейшараның кірпік қағуға шамасы келмей жатыр», — деген сияқты сөздерді талай мәрте 
естігем. Бірақ адам басы ауырмай, балтыры сыздамай жүргенде мұндай сөздің терең 
тамырына онша үңіле бермейді ғой. Мүмкін, онысы дүрыс та шығар. Сау-саламат жан 
қайдағы-жайдағы жымысқы ойларға беріліп, басын катырып неғылсын. 
Әйтсе де, жауырынынан жел өтіп, азап-бейнет шегіп жатқан науқас адамға кірпік 
қағудың өзі шынында да мүң екен. Қаңтардағы мұздай сіресіп қатып қалған жансыз 
кірпіктерді бір рет қана тербеп жіберу үшін сонша көп күш-жігер керек деп кім ойлаған, 
сірә. 
Көзімді аша алмай діңкем құрыды. Жан дәрмен қып жатып, ақыры бір кезде көзімді 
ашып алғандай болдым- ау. Бірақ енді жанарым жабылмай қинады. Кірпік қозғалмай, 
мелшиіп қалса бар ғой, өлген қойдың көзіндей бақырайып тұрған қос жанар құдды біреу 
тұз құйып жатқандай дуылдап ашып кетеді екен. 
Палатаның іші ала көлеңке тәрізді. Қалың тұманды күндері айнала-төңірек осылайша 
бұлдырап, күңгірт тартып, еміс-еміс қана сағымданып көрінеді. Әлде кешкі апақ- сапақ 
ақшам шак па екен? 
Бүкіл денем күйіп, жанып барады. Барша әлем алаулап өртеніп жатқандай боп кетті. 
Тіпті мынау үстімдегі жұп- жұқа жамылғыш та денеме шоқтай тиеді. Аузымнан шыққан 
деміме дейін от-жалынға айналып кеткен сияқты. 
Көзіме шалынған нәрсенің бәрі — есік те, терезе де, палатаның төрт қабырғасы да, 
Ақылбек пен Қайсар жатқан кереуеттер де дөңгеленіп, шыр көбелек айналып тұр боп 
шығады. Наркоз тарқарда адамның басы айналады деуіш еді. Сол шығар деген ой келді. 
Құлақтарым шыңылдап, палатаның іші жан-төзгісіз у- шу боп кеткендей. Бейне бір 
жүздеген ұсталардың балға, төстері дәл менің жастығымның астында үздіксіз соғылып 
тұрғандай. Оқтын-оқтын шаң-шұң дауыс шыққандай болады. Мен мына күйімде еш 
нәрсенің анық-қанығына көз жеткізе алмасымды сездім. 
Мұның бәрі аздық қылғандай-ақ белгісіз бір зіл батпан салмақ үстімнен басып, 
жанымды жаншып, еңсемді езе түскендей еді. 
Әйтеуір есімді жиғалы бері көңілге демеу қылғаным: «Тірі қаппын ғой» деген жалғыз 
ой болды. Осы ойдың өзі- ақ маған жанды жанитын құдіреттей әсер едгі. «Ең бастысы — 
тірі екенмін! Ендігі қиындығына қалайда тозу керек» деп түйдім. 
Төзбегенде қайтесің? Басқа түссе, баспақшы. Әйтсе де, адамның жаны сірі екен ғой. 
Мұндайда тән азабы мен жан қасіретіне шыдай алмай күңірене күйзеліп, байбалам 
салып жүретіндер де болады «Өлдім-талдым, қүтқарыңдар!» — деп бажалақтап, безек 


қаққанда жұрттың бәрін аяғынан тік тұрғызады. Әсіресе, туған-туысқандары қатты 
әбігерге түседі 
«Бас жарылса, бөрік ішінде» деп дымыңды шығармай, іштей тас-түйін боп, қарысып 
жата беру де жеңілемес. Мұндайда адам қайта аһлап, уһлеп, жиі-жиі күрсініп алып, мұңын 
шағып жылап жатса, азабы азайғандай, бойы жеңілдегендей сезіледі екен. 
Әйтеуір ағыл-тегіл боп жылап алғың кеп тұрады. Бірақ біз мұндай сезімді парасатқа 
жығып бергенді жөн көреміз ғой. Сондай жылауық сезімге берілмей, тек санаға ғана 
мойынсұнып, сыртқа сыр шашпай жатқан жандарды жұрт: «Төзімі темірден жаралған 
екен» деп аспанға шығара мақтайды емес пе? Мұндайлар басына түскен азаптың бар 
салмағын жалғыз өзі көтеруге тырысады. Тірі жанға, ең жақын адамына да мұңын айтып, 
шешілмейді. Сыртқа сыр бермейді. 
Бірақ таудай тауқыметті, жан төзгісіз азап-бейнет пен зәбір-жапаны сыртқа шығармай 
ішке бүгіп қалудың керегі не? Өзгелерге төзімді адам боп көріну үшін бе? Әлде: «Мен 
мына жылап-сықтап жатқан жандар сияқты емеспін, обаста басқаша, бұлардан гөрі 
беріктеу жаралғанмын», — деп өтірік айту үшін керек пе? 
Одан гөрі ішіне беріік боп қатып, жанын жауратып жатқан мұң-зарын көз жасымен 
жуса да сыртқа шығарып, аз да болса бойын жеңілдетіп алғаны жөн емес пе? Мұндайда 
ағыл-тегіл жылап, тас боп қатқан көңілді азды- көпті жіпсітіп, жуасытып алғанның несі 
айып?! Іштей қайғыдан қан жұтып жатса да, тісін тісіне қойып, сыртқа сыр бермей, 
көлгірсіп жүретін жандарды жақсы адам деуіміз керек пе? Әлде ішіне инедей сыр бүкпей, 
өзінің ішекқарнын алдымызға ақтарып салып, достарынан тіпті көз жасын да жасырмай, 
ағынан жарылған адамды мақтауымыз керек пе? Көз жасы әрқашанда әлсіздіктің белгісі 
ме?! Ал, қатыгез мінез — батырлықтың нышаны ма? Ел басына күн туғанда жау жүрек 
қаһарман да, жұртпен бірге қабырғасы қайысып, бір сәтке ет жүрегі елжіреп, көзіне жас 
алады емес пе?! Бүкіл елдің өзегі бордай үгіліп, қанттай еріп, кәрі-жас күңірене жылап 
жатқанда түк болмағандай іш мерезденіп, тіпті күліп жүретін қоян жүрек қорқақтар, 
өлексе іздеген қорқаулар да болады ғой 
Әрине, басқа түскен қайғы-қасіретке біржола беріліп кету де жақсы емес шығар. Сәл 
нәрсеге малма тымақтанып, бойындағы алаулаған ынта-жігерінен айрылып қалудың несі 
мәртебе! Әйтсе де, көзіне жас алғанның бәрін жасық деуге де аузым бармайды Меніңше, 
темірдей төзімділік пен болаттай беріктіктің тамыры біз ойлағаннан гөрі әлдеқайда 
тереңде жатыр. 
Бұрынғыдан да бетер демігіп, тандырым кебе түсті. Су сұрайын десем сөйлей 
алмаймын. Жағым тас боп қарысып қалған. 
Қанша тырбаңдасам да не аяғымды, не қолымды қимылдата алар емеспін. Менің 
еркіме бағынбайтын аяқ- қолдарым былқ етпей жатыр. Неге? 
Енді өзімнің шарасыздығыма қорлығым келіп, дәрменсіздігіме жан жүйкем босап 
кетті. Сол сәтте өксіп- өксіп жылап алғым келді. Бірақ маған қасарысқандай көңілім тас 
керең боп, бір мызғымай сіресіп қапты. Жаным жіпсір емес. 
Бәрінен де адамның көзінен оңайлықпен жас шыға қоймағаны қиын екен. Мұндай 
сұмдықты кім көрген! Біреулер қатты қайғы-қасіретке душар болғанда ауыл кариялары. 
«Мейлі жыласын, бойын босатсын, тартынбай егіліп, шерін тарқатын алсын. Әйтпесе іш 
құса боп, дертке шалдығып қалады», — деп жататын. 
Осы сөздің жаны бар ма деп қалдым. Мұндайда адамның жан жүйкесі босап, ағыл-
тегіл жылап алса-ақ іштегі запыран-қайғы көз жасымен сыртқа кеткендей бойың жеңілдеп 
сала береді екен. Әйтеуір өзім талай рет сөйттім. 


Мен көпке дейін қатып қалған қара тастай мелшиіп, еш нәрсеге ішім жылымай, 
жарыла алмай, іш мерезденіп, мелшиіп жата бердім. Әншейінде сәл нәрсеге бордай 
үплетін көңілім енді мәңгі-бақи жіпсімейтін мұздай боп семіп қалған сияқты. 
Сол бір сәтте маған жұрттың бәрі көзіме күліп, сыртымнан табалап, шоқ-шоқ деп 
тұрғандай көрініп кетті. Соны ойлағанда іш қазандай қайнап, өзімді-өзім тұңғыш рет 
әлемдегі ең дәрменсіз, бейшара жан сезіндім. Бірақ сол арада жанарыма лықсып кеп 
қалған көз жасын көктемгі жауындай нөсерлете төгіп-төгіп жіберуге дәрменім келмей, 
ызаға булығып, іштей күйзеле бердім. 
Шіркін-ай, көз жасын көл қылып, мейірі қанғанша егіл- тегіл еңіреп алған адамның 
арманы жоқ шығар деп те ойладым. Көзімнен жас парласа-ақ еңсемді езіп бара жатқан 
азап-дозақтан құтылатындай боп тұрдым. Тер қысқанда сәл жіпсісең де тынысың кеңіп, 
бойың жеңілдеп қалады ғой. Адамды уайым қысса да солай бола ма деп қалдым. Бірақ 
бүгін журегім, сірә, бусанар емес. 
Басым зар қақсап, алып барады. Жұрттың бәрі жабыла мені түйе бас қылып, жан-
жағымнан үздіксіз тоқпақтап, миыма шеге қағып жатқандай зырқырайды. Құлақтарым 
сұмдық қатты шыңылдап, түк естір емеспін. Көздерім қарауытып, оқтын-оқтын түк 
көрмей қалады. 
Тамағым қақырап, қаңсып барадың Жаныма қаттырақ батқаны да осы болды. 
Еріндерім бейне бір-біріне шаңдып тігіп тастағандай-ақ қыбыр етер емес. Тілім де 
таңдайыма жабысып қалған тәрізді. 
Енді ғана аңғардым. Еріндерім емес, жақ сүйектерім ашылмай, айқасып, тас боп 
қарысып қалған екен. Бұл күйімде менің бір тамшы да су ұрттай алмасым айқын еді. Су 
ішпек түгілі, бұл қалпымда шөлдедім деп айта да алмаймын ғой. 
Тас-түйін боп сіресіп қалған жағымды қалай ашарымды білмей, дел-сал күйімде, 
есеңгіреп жата бердім. Бүкіл денем, барша жүйке тамырларым тас-түйін боп тартылып, 
сақиып қапты. Тек ішмде жігісімей жатқан мүз еріп, ауыр азаптан туған бойдағы 
қатыгездіктің ызғары сәл-пәл тараса ғана елжірер едім. Ол үшін көңілді босатып, жылап- 
жылап алуым қажет. Бірақ соның өзі де қазір қолымнан келмей, діңкем құрып, амалым 
таусылып тұр ғой, Гауһар' Бағанадан бері қасымда отырған бүлдіршіндей, жап- жас 
медсестра қызға көзіммен меңзеп, стол үстіндегі су құйылған графинді көрсеттім. 
Шамасы, оқуды биыл ғана бітіріп келсе керек. Мені түсіне алмай, соңысына өзі 
қысылғандай қипақтап қалды. Маған бірдеме дегендей болды. Бірақ әлі құлағым ештеңе 
естір емес. 
Мен де қасарысқандай көзімді графиннен алмай, соған тесіліп қараған күйімде жата 
бердім. Бір сәт мен қарап жаткан жаққа кездейсоқ көзі түсіп кетті де, «ә, ұқтым» дегендей 
ол өзінің түсінгеніне қуанып қалды. Асықпай басып, палатадан шықты да, бір жақтан 
стақан мен шәй қасық әкелді. Сөйтті де, ерініме бір қасық су тамызды.Бірақ су аузыма 
бармай сыртқа төгіліп берді «Неге ішпеисіз? Су сұраған жоқсыз ба?» дегендей кыз маған 
аңтарыла қарады. Бір тамшы су ұрттауды аспандағы армандай көріп, қаным қақ боп 
жатқанын мына қыз қайдан үқсын! 
Сол сәтте біздің палатаға кезекші дәрігер кіріп келді. Сүңғақ бойлы, ат жақты, қою 
қара шашты, ак құба жігітті мұнда танымайтын адам жоқ. Ол — нейрохирург 
Профессордың ең жақын көретін көмекшісі. Бұл жігіт туралы өзіңе айтып едім ғой. Аты 
— Мейман Сөзінің әзіл-шынын ажырату қиын. Сәл қылжақбастау ма деп қаласың. 
Міне, қазір де сәл езу тартып, күлімсіреген күйінде менен көз алмай, қуақыланып тұр. 
Оның мына түріне қарағанда маған соншама күйіп-пісетіндей түк те бола қойған 


жоқсияқты «Бір-екі күн шыда, сосын өз аяғыңмен шапқылап кетесің» деп тұрғандай еді 
Мейман Көжеков. 
Ал, менің күн ұзакқа су сұрап жатқанымды ол айтқызбай-ақ ұқты. Неге су ұрттамай, 
қиналып жатқанымды да жазбай таныды. Шамасы, операпиядан соң тура маған ұқсап, 
жағы қарысып қалатындардың талайын бұрын да көрген-ау деп ойладым. 
Дәрігер қасыма, кереуетке отырды да, сүйріктей ұп- ұзын саусақтарымен бетімді 
уқалап, қарысын қалған жақ сүйектеріме массаж жасай бастады. Жан салып, жарты 
сағаттай әуреленді-ау. Бірақ бұл әрекетінен ештеме өнбеді Сіресіп калған жақ сүйектерім 
былқ етер емес. 
Тура сол сәтте палатаның есігі ашылды да. Мейіркүл апай кіріп келді. Бұл кісінің 
қандай адам екенін білмейсің ғои сен, Гауһар. Ол өзі осында көптен бері фельдшер, яғни 
медсестра боп істейді екен. Біздер сияқты ол сүйек пен еттен емес, мейірім мен ықыластан 
жаралған ба деп қаласың. Ауруларға дәрі ғана емес, дәрмен де беретін медсестраның бәрі 
дәл осы кісідей мейірбан болса ғой, шіркін. 
Күллі ауруханадан оған риза емес жанды іздеп табу қиын шығар. Қайтсем науқас 
адамның көңілін жадыратам деп, жаны қалмай құрдай жорғалап, бәйек боп ұшып- қонып 
жүргені. Тікелей міндетіне жатпайтын, сан қилы, ұсақ-түйек істерді де, титтей де жаны 
кейімей, ертелі-кеш бір тынбай, тыйпыңдап жүріп тындыра береді. 
Өздігінен жүріп, тұра алмайтын науқасқа бір стақан шай әкеп бере салу яки оның 
терлеп жатқанын көрсе көйлегін ауыстырып кигізе салу, ашық қалса үстіне көрпе жаба 
салу — бір қарағанда оп-оңай іс сияқты ғой. Бірақ адам төрт тағандап, тырп ете алмай 
жатқанда осының өзі мұң боп қалады екен. Мейіркүл апай соны жан-жүрегімен сезетін 
сияқты көрінді маған. Сондай жаның қиналған сәттерде айтқаныңды екі етпей, титтей де 
қиналмай, қабақ шытпай қол ұшын беруге қашанда әзір. Мейіркүл апайды бір көргенде-ақ 
еріксіз жақсы көріп кетесің. 
Бұл кісі жер ортасынан асып қалса да әлі күнге жалғыз басты екен. Өзіне бір түрлі 
жаным ашиды. Жас кезінде бір жігітке ғашық болып, ғұмыр бойы соны күтіп өтіпті 
деседі. Жақында сол «жігіттің» кім екенін де сезіп қалдық. Алғашта сенерімізді де, 
сенбесімізді де білмей жағамызды ұстадық. Бұл құпияны тек біздің палата ғана біледі. 
Әлгі «жігіт» кім дейсің ғой? Ақылбек аға екен. Бүл өз алдына бір жыр-дастан. 
Ауруханадан тірі шығып, үйге барсам өзіңе бәрін бүге-шігесіне дейін әңгімелеп берем, 
Гауһар. 
Ал, қазір сол Мейіркүл апай менің бас жағымда ілулі тұрған аппақ орамалды алып, 
маңдайымнан шып-шып шыққан мұздай терді сүртіп жатыр. 
Ол тек мейірімді аналарға ғана тән ықыласпен бейне- бір сәбиін әлдилеп отырғандай-
ақ еміреніп, жібектей жұмсақ алақанымен мандайымды сипай бастады. Мына аялы 
алақандар мейірбан анамды көзіме елестетіп жібергендей болды. 
Сол-ақ екен, көңілім өксіп, іші бауырым елжіреп, көзімнен қалайша ыстық жас 
шығып кеткенін өзім де сезбей қалдым. Үн-түнсіз, егіле жыладым. 
Бетімнен айғыз-айғыз боп, сорғалап жатқан көз жасымды ешкімнен жасырғым да 
келген жоқ. Көзімнен жас парлап аққан сайын бойымдағы зілдей ауыр қасірет жүгі 
жеңілдеп, тынысым кеңіп бара жатты. 
Бірте-бірте денем сергіп, буын-буындарым бұрынғыдай сіреспей, босаңсып қалғанын 
іштей сездім. Әзер-мәзер дегенде ақыры аузымды да аштым-ау әйтеуір. Бірінші айтқаным 
«су!» деген сөз болды. 


Мейіркүл апай емпелеңдеп барып, графиндегі судан стақанға құйып алды да, шай 
қасықпен менің аузыма тамыза бастады. Оймақтай ғана қасықпен берген нәрі өңешіме 
жетпей-ақ құдды құмға құйылған судай заматта қаңсып қалған еріндеріме сіңіп кетіп 
жатты. Аузыма су құйған сайын шөлім қанудың орнына, қайта бұрынғыдан бетер аңқам 
кеуіп жалана түстім. 
Ал, жаңағы жас қыз қолына шприцті ұстаған күйінде аң-таң боп қапты. «Қандай 
сиқырыңыз бар?» дегендей Мейіркүл апайға аңтарыла қарайды. Тас керең боп бітіп қалған 
құлағымның тығыны өзінен-өзі ашылып кеткендей болды. Жұрттың бәрі сапылдап өойлеп 
жатыр екен. Дәрігер жігіттің жас медсестраға қарап: «Бұл — адам эмоциясына 
байланысты құбылыс», — дегенін естіп қалдым. 
Кешелі бері не боп, не қойғанның бәрін жаңағы дәрігер жігіттен естіп білдім. 
Операция бес сағат отыз минутқа созылыпты. Наркоздың күшімен он екі сағаттай 
ұйықтасам керек. Профессор операциядан кейін мені жүрегі мықты, өкпесі таза екен деп 
мақтапты. Бірақ басқа еш нәрсе айтпапты. Демек, мен өз аяғыма мініп кете алам ба, жоқ 
па, мына қолдарым неге қимылдамай қалған деген сауалдарға тек профессордың өзі ғана 
жауап бере алады деген сөз. 
Енді не де болса соның келуін күтуім керек. Дүниеде тағатың таусылып, сарғайып 
күткен жаман. Мұндайда уақыт та өтпей қояды ғой.
Белге соққан жыландай жандалбасаға түсіп, кирелеңдеп жатсам да тірі қалғаныма 
іштей шым-шымдап қуана бастаған сияқтымын. Әлгінде ғана дүние-төңірек төңкеріліп 
кетердей боп, айналаны тым-тырыс үрейлі бейуақ қарауыта қаптап алған еді. Енді сонау 
көз жетпес қиырдан өмірге деген үміт оты сығырайып, жылт ете қалғандай болды. Бірақ 
осы әлжуаз жарық біреу-жарым үп десе-ақ жалп етіп өшіп қалатындай өлімсіреп қана 
жанып тұр. Шықпа жаным, шықпа деп, өмірдің етегіне тырнағымның ұшы зорға ілініп 
жатқанда сол сығырайған үміт отын байқамай сөндіріп алудан қауіпті нәрсе жоқ екенін 
жан жүйкеммен сездім. Сондықтан: «Профессор операциядан кейін мен жөнінде не айтты, 
менің аяқ-қолым неге жансыз?» деп қасымдағы кісілерден де сұрағам жоқ. Ол туралы 
жаңағы дәрігер жігітке де, медсестраға да, Мейіркүл апайға да ауыз ашпадым. Өйткені 
біреу анық-қанығына жетпей-ақ түйеден түскендей қып, дүңк еткізіп қойып қалса, 
айықпас ауруға ұшырайтындай боп, әлденеден секем алғандай елегізе бердім. Мүмкін, 
ащы шындықты есітуге жүрегім дауаламай жатқан шығар. Білмедім. Әйтеуір неде болса 
профессордың өз аузынан есітуге бекем бел будым. 
Басымның зырқырап, омыртқамның қақсап ауырғаны үдей түспесе, бір сәтке де 
басылар емес. Содан ба? Әйтеуір қара терге малындым. Борша-боршам шықты. Үстімдегі 
жейде мен көрпе әп-сәтте малмандай су боп шыға келеді. Оларды әр жарты сағатта 
ауыстырып жатыр. Тіпті адамның денесінде соншама көгі су болады дегенге сену қиын 
сияқты. Маңдайдан шып-шып шыққан моншақ-моншақ тер үздіксіз бетімді жуып, ағыл-
тегіл қойныма құйылып жатыр. 
Әлдекім менің қол сағатымды жастығымның жанына, маған көрінетіндей етіп қойып 
кетіпті. Жаңағы медсестра қыз шығар. Әйтеуір уақытты біліп жататын болдым. 
Профессордың палаталарды аралайтын мезгілі де жақындап капты. Не дейді екен ол?! 
«Бәрін операциядан соң айтам», — деп көптеген сауалыма жауап бермеген еді. Қазір 
бойымды бір-біріне қайшы келетін екі түрлі сезім билеп алып, мені екеуі екі жаққа 
тартқылап жатқандай көрінді. Бірі маған: «Осындай күрделі операциядан тірі қалғаныңа, 
мына жарық дүниені тағы да көргеніңе қуан, бақытты екенсің, Ержан» деп тұрғандай. 
Екіншісі: «Ержан, енді сен жер басып жүре алмайтын мешел шығарсың. Әйтпесе аяқ-


қолың неге қимылдамайды? Ондай ғаріп тіршіліктің керегі не саған?!» деп сыбырлап 
жатқандай. 
Шынында да, өз аяғыма қайтып міне алмай, мешел боп, жер сипалап қалсам қайтем?! 
Осыны ойлағанымда оқыстан біреу қойныма жылан салып жібергендей тұла бойым 
тітіркеніп кетті. Өз ойымнан өзім шошып есеңгіреп қалғандай едім. Екі аяғынан бірдей 
айрылған мүгедек жандарды бір сәтке көз алдыма елестетіп көргім келді. 
Екі жанында биік екі дөңгелегі бар бесік-арбаға мінген мүгедек жандарды күнде көріп 
жүрміз ғой, Соларды ұшыратып қалсам-ақ табанда іші-бауырым елжіреп, көңілім қатты 
қүлазып кетеді, Неге? Мүмкін, оларды іштей аяйтын шығармын, 
Бірақ олар ешкімнің мүсіркеуіне мұқтаж емес, Оған осы ауруханаға түскелі бері әбден 
көзім жетті, Көрінгенге еметайы езініп тұратын күйрек, борбас жандарды өлердей жек 
көреді олар, Қайтпас қайсарлықты, бір беттілікті, табандылықты құрмет тұтады 
Тозақ отынан өтіп келген бұл мүгедектер өмірдің қадірін, тіршіліктің бағасын төрт 
мүшесі түгелдердің қай- қайсысынан да артық біледі, терең сезінеді. Өздеріне аяушылық 
сезімін білдіріп, есіркеп, мүсіркеп жатқанды жақтырмайды олар. Мұны кемсітуден кем 
көрмейді. Ертең маған да біреулердің жаны ашып, «алда бейшара-ай» деп тұрса қайтем? 
Күні бұрын дегбірімді қашырып, өзімді-өзім іштей жеп таусылғаннан не пайда? Ең 
дұрысы — еш нәрсе ойламау. Бірақ мұның өзі тек айтуға ғана оңай екен. Әйтпесе көңіліне 
ұя салып алған жымысқы ой-пікірлерді жүректен жұлып тастау қайдан жеңіл болсын. 
Міне, тағы отыз минуттан кейін профессор келуі керек. Бәрі сонда бір-ақ мәлім 
болады. Профессор шындықты жасырмайды. Айтарын білтелеп, сипақтатып жатпайды. 
Жұқалап, сипалап сөйлеген басқа дәрігерлерді де жақтырмайды. Ол аурудың көзіне тік 
қарап тұрып «жүресің!», не «жүре алмайсың!» деп кесіп-жарып турасын төбеден 
түскендей етіп бір-ақ айтып салады. 
Сот үкіміндей ауыр естілетін мұндай соққыға шыдай алмай көз жасын көрсеткен ер 
кісілерге профессор қатты зекіп тастайды: «Тәйт! Жаман ырым бастамай отыр' Еркек 
кіндік емессің бе?! Зіңгіттей боп сен жыласаң, онда анау бала-шағаң қайтеді?! Тірі 
қалғаныңа щүкірлік қыл. Аяқсыз-ақ тіршілік бесігін тербетіп жатқандар аз ба?! Ендігәрі 
мұндай жасық мінез көрсетпе!» Мүмкін, ащы шындықты бүкпей, ашықтан-ашық айтып 
салғаны дүрыс та шығар. Ертелі-кеш бәрібір белгілі болады ғой. Одан гөрі бәрін бірден 
біліп, өз тағдырына ертерек көндіге бергені жөн емес пе? 
Әйтсе де, енді ешқашан да өз аяғыңмең «жүре алмайсың» деген ызғарлы хабарды 
естуден ауыр нәрсе жоқ шыгар. Біреулер өзінің ауыр тағдырына жоғарыдан келген 
зауалдай мойынсұнып, қыңқ етпейді. Шыдайды. Ал, сабыр суы сарқылып қалғандары 
мұндайда басын тауға да, тасқа да соғып, жан ұшыра шыңғырады. Жұртты әлекке салып 
қоядығ Ешкімнің басу сөзін елең кылмайды. 
Міне, сондай бір ауыр сынға түсу кезегі бүгін маған да кеп түр. Жақсылық хабар 
айтса жақсы Ал, егер профессор «жүрмейсің» десе ше? Мұндай сұмдықты естігенде 
жынданып кетпесем игі еді. 
Гауһар! Қай жерің ауырса, жаның тап сол жерде түрғандай боп сезіледі екен. Біреу 
менің омырткамды отпес арамен әрі-бері аралап тұрғандай арқа тұсым тынымсыз 
қақсатып алып барады. Мидың жүз мындаған тамырлары әрқайсысы өз алдына жеке-жеке 
сырқырап ауыратын тәрізді. Олардың әрқайсысы мені «өз әдісімен» азаптауға ұмтылып 
жатыр ма деп қалдым. Тіпті олар кейде- «Қайсымыз көбірек қинай алады екенбіз» деп 
өзара бәсекеге түсіп, бақсыларша зікір салып, ойнақшып кеткендей болады. Мұндай 
сәттерде ойлануға да мұршам келмей, қалжырап барып, талықсып кетем. 


Иә, мен ақыры операциядан «тірі қалам ба, жоқ на» деген күдік белесінен асып өткен 
сияқтымын. Тірі қалдым. Бірақ енді одан да үрейлі, ажалдың өзінен де сүсты сауал 
алдыма көлденеңдеп кеп тұра қалды. Бұл — «Өз аяғыма қайтып міне алам ба, жоқ па?» 
деген күдікті сұрақ еді. 
Гауһар! Қандай қиын десек те жан азабына да, тон азабына да төзуге әзірмін. Шыдай 
білу — үміт шырағын сөндірмеу деген сөз ғой. Ал, сол үмітке иек артып қана, соның 
күшімен ауру азабын жеңіп жатқан жоқпын ба?
Егер профессордан «жүресің» деген бір ауыз сөз естісем- ақ мына қиындықтың бірде-
бірін елең де қылмас едім. 
Тірі адам армансыз болмайды ғой. Бірақ жүріп кетсем, өзіннің армансыз, әлемдегі ең 
бақытты жан екеніме күдік келтірмес едім. Басыма таудай тауқымет төңкеріліп жатса да 
тағдырыма, сірә, налымас едім. 
Мен енді тұла бойымды зар қақсатып, алып бара жатқан тән азабы мен ішімді құрттай 
кемірген жан азабынан бірер минутқа болса да қүтылу үшін ой-қиялымды басқа жаққа 
аударуға тырыстым. Бірақ не туралы ойласам да қиялым тайғақтап, бейне бір жүгенсіз ат 
тәрізді мені басы ауған жаққа алып қашып кете берді. Мұндайда тізгінін қос қолдап ұстап 
отырғанға не жетсін. Әйтсе де оған қауқарың келмей, дымың құриды екен. 
Ақыры табан тіреп, тұмсық тінстіріп, рахаттана қиялдауға болатын ой-қазығын 
таптым-ау деймін. Бұл өзі қашанда менің қиялымды қанаттандырып, көңіліме жел беріп 
жіберетін ой еді. Ең бастысы осыны ойлағанымда басқа ұсақ-түйектің бәрі оп-оңай-ақ 
жадымнан шығып кетеді. Бұл жолы да солай болды. Жанталасқа түсіп жатсам да ой 
тізгінін өзіме қажетті жаққа қарай тарта алғаныма іштей сүйсініп те қалдым. 
Гауһар! Біз екеуіміз танысқан соң сенің сөзіңмен айтқанда «қыз бен жігіт» боп үш-ақ 
күн жүрдік қой. Төртінші күні қаладан біздің ауылға қарай тартып отырдық. Сол күннен 
бастап сен келіншек кәдесін істедің. Балауса шақпен біржола қоштасқандай болдың. 
Мен қазір қайталанбас қызығы мол сол үш күндік өміріміз туралы ойланып, өткен 
күндердің ләззатынан нәр алып жатырмын. 
Иә, небәрі үш-ақ күн .. Үш күнде адам бірін-бірі біліп бола ма? Бұл жеңілтектік қой. 
Адам тағдырын үш күннің ішінде шешу ұшқалақтық емес пе?! 
Мүмкін, солай да шығар. Әр нәрсеге уақыт сыны керек қой. Бірақ махаббат ісінде 
кұдіретті. Уақыттың өзі де кәдеге аспай қалатын сияқты. 
Кезінде бізді «жеңілтек» деп сынаған менің бір досым болды. Ақылды-ақ жігіт еді. Өз 
қалыңдығымен үш жыл бойы бірге оқыған. Бірге жүрген. Сабақ кезінде де, қолдары бос 
уақытта да жұптарын жазбайды екен. Бірін-бірі жатқа білетін сияқты. Солар семья құрды. 
Тойында болдық. Жақсы-жақсы тілектер айттық. Ақыры не болды дейсің ғой? Үш айға 
жетпей-ақ неке бұзып ажырасып тынды. Келіншегі де сүп-сүйкімді, сондай инабатты жан 
еді. Біздер соны түсінбей дел-сал болғанбыз бір кезде. 
Шынында да, мұндайда үш күн көптік қыла ма? Әлде үш жыл аздық қыла ма? 
Қайсысы дұрыс? 
Рас, Гауһар, біздер бақытты отбасын құрдық. Алғашқы пәк сезім біздерді алдамапты. 
Он жыл бойы біргеміз. Әлі күнге дір-бірімізге бір рет те күрең қабақ көрсеткен жоқпыз. 
Арамызға кикілжің кірген емес. Балаларымыз өсіп келеді. Бақыттымыз. 
Әйтсе де, мен екеуміздің тез қосыла қалғанымызға кейде іштей өкінем. Үш-ақ күн. 
Бұл тым аз ғой. Тым құрыса тағы да бірер ай жүре тұрып, адам өмірінде бір-ақ рет 
болатын сол бір сиқырлы сәттің зәмзәм суындай сусынынан көбірек ішу керек пе еді? Тек 
қыз бен жігіттің арасында ғана болатын айрықша ұяңдық сезімінің дәмін тым аз таттық 


па? Сол бір ләззаты бал татитын шақты қолдан қысқартып, өзімізге-өзіміз қиянат жасаған 
жоқпыз ба? 
Мүмкін, сол зәмзәм суы аз болғаны үшін маған тым тәтті көрінген шығар. Онда мен 
үш күн аз деп несіне өкінем?! Қайта қуанбаймын ба?! 
Достарым маған ылғи отбасы жағынан сенен бақытты жан жоқ дейтін. Мүмкін, солай 
да шығар. Бірақ мен бұл жөнінде ойланып көрген жан емеспін Тегінде, өзі бақытты адам 
бұл жөнінде, сірә, ойлана қоймаса керек. Өзі уайым-қайғысыз, шат-шадыман жүрген адам 
қуаныштың қандай сезім екенін ойлап, бас қатырып неғылсын! 
Меніңше, бақытты адам онша-мұншаны елең қылмайтын маспен тең. Тек тұяғы тасқа 
соғылған сәтте ғана ол мастығынан айығып, айнала төңірегіне ой тоқтатып қарай 
бастайды. Әйтеуір мен өзім солай болдым. 
Бақыт шарабынан аз іштім бе, көп іштім бе, кім білсін. Әйтсе де, амандықтың 
арқасында өмірде әжептәуір мас боп теңселе басып жүргенім хақ. Міне, бүгін сол 
мастығым табанда тарқап кеткендей болды. Ал, өмірдің ащы шындығына көз ашып, тік 
қарауға жүрегім дауаламайтын сияқты. Сонда мен неден қорқам? Өлім қатері төбемнен 
найзағадай жарқ-жұрқ етіп өтіп кетті емес пе? 
Ендігі көрерім мүгедектік пе? Мүмкін, ауруымнан қүлан-таза айығып, қатарға 
қосылып кетермін. Егер жазылмайтын болсам, онда несіне операция жасатып, осыншама 
азап шегіп жатырмын?! 
Жоқ. Мына бейнеттің бәрін жақсылыққа жориын. Бірақ бүгінгі зілдей ауыр ойлар 
бейне бір қаршығаның мойнына кигізілген жығауылдай ұшқыр қиялдың емін-еркін көкке 
қалықтап кетуіне бөгет болып тұр. Алдымен мен осы от ноқтасынан босанып алуым керек 
емес пе? Көңілімді аққа ұйытып, ауру азабынан ақыры бір құтылатыныма жүрегімді 
сендіре алмасам, онда кім болғаным менің?! 
Рас, қазір сүйек-сүйегімді зыркырата қақсайтын тән азабы мен аяқсыз қалам ба деген 
жымысқы ойдан туған үрейлі жан азабы мені екі жақтап, адам төзгісіз зымыстанға тақап 
барады. Тым құрыса солардың бірінен — ой азабынан құтылу қолымнан келмей ме?! 
Бойыма күні-түні запыран құйып, өзімді улап жатқан сұрқия ойлардың жығасын 
жықпасам, онда менің нем адам! 
Профессор келгенше менің тағдырым беймәлім боп тұр ғой. Бірақ адам қашанда 
белгісіз нәрсені жақсылықтан гөрі, жамандыққа қарай көбірек жоруға бейім бе деп 
қалдым. Неге? Адам өзіне жақсылықты қимай ма? Жоқ. Одан емес шығар. Меніңше қазір 
өзім бәрінен де гөрі мүгедек боп қалудан қаттырак қорқып жатырмын ғой. Сондықтан 
ойым да жамандыққа жүйріктеу боп тұр. Адам неден үрейленсе соған сақ тұрады емес пе? 
Жастығымның жанында жатқан қол сағатыма қарадым. Профессордың жүмысқа 
келетін уақыты әлдеқашан өтіп кетіпті. Бірақ ол әлі жоқ. Неге кешікті екен? Әлде басқа 
палаталарды аралап жүр ме? Жоқ. Әдетте ол таңертең ауруханаға кірген бойда-ақ, ең 
алдымен кеше операция жасалған науқасты барып көреді. Олай болса, бүгін елден бұрын 
маған келуі керек еді ғой. Неге кешігіп жатыр? Әлде маған тиесілі хабар сұмдық ауыр боп, 
соны айтудан қаймығып, бейжай боп жүр ме? Жоқ. Әкесі өлгенді де естіртеді ғой. 
ГІрофессор ондай жасқаншақ жан емес. 
Мына кезекші дәрігер де, медсестра да қаннен-қаперсіз, бейқам жүр ғой. Соған 
қарағанда маған секем туғызатындай түк те бола қойған жоқ шығар. Әйтсе де, сабыр суым 
сарқылған сияқты. 


Ақыры беймаза ойдан құтылу үшш «Профессор неге кешікті», — деп Мейіркүл 
ағайдан сұрадым. «Елена Андреевна бүгін келмейді басқа бір ауруханаға консилиумға 
шақыртып әкетіпті», — деді Мейіркүл апай. 
Міне, нағыз азап деп осыны айт. Әрбір минут уақытты қолмен итермелегендей етіп, 
зорға өткізіп, салым суға кетіп жатканда, профессорды тағы бір тәулік бойы зарыға күтуге 
мәжбүрмін. 
Дүниеде белгісіздік жаман екен. Мен әйтеуір бір өз аяғымнан жер басып, жүре алам 
ба, жоқ па? Бұл сауалға қазір табанда ешкім жауап бере алмайды. Оны тек омыртқамды 
ашып, өз көзімен жұлындағы ісікті көрген профессор ғана біледі Ал, профессорды тағы 
жиырма төрт сағат бойы күтіп жатуым керек. Оған минут сайын сарқыла түскен шыдам-
төзімім жете ме? Мен үшін енді ең басты нәрсе Уақыт боп қалды. 
Гауһар, сен жұмысыңда шығарсың? Не ойлап отыр екенсің? Маған операция 
жасалғанын білмейсің ғой. Әлде кеше келіп, бәрін естіп кеттің бе? Онда бүгін жаныңды 
қоярға жер таппай, тағатың таусылып жүрген шығар. Әлде операция күнін озіңнен 
жасырғаныма ренжіп қалдың ба? Білем. Сенің ашуың тез тарқайды ғой. Мүмкін, қазір 
мына аурухананы айналшықтап, палатаға бас сұға алмай діңкең кұрып жүрген шығар. 
Мұндағы тәртіп қатал. Білесің ғой. Операция жасалған ауруға бір апта бойы сырттан 
келетін адамды жолатпай қояды. 
Палатада есімді жиғалы бері денемнің ыстығы бір минутқа да басылар емес. 
Медсестра сағат сайын өлшесе де, қызуым отыз тоғыз бен қырық градустан бір түспей-ақ 
қойды. Оны қойшы. Соған мән беріп жатқан мен де жоқ. 
Қазір бәрінен де жаныма батып бара жатқаны — омыртқаның зар қақсаған тынымсыз 
ауруы ғой. Біреу омыртқамның еттерін сылып тастап, жалаңаш қу сүйектерін бас салып 
егеп жатқандай-ақ арқа тұсым зырқырай жөнелгенде жаным көзіме көрінгендей болады. 
Миыма үсті- үстіне үздіксіз біз шаншып, шеге сұғып түрғандай басым зырқ-зырқ етеді. 
Мұндай азапты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны тек осындай операцияға түсіп, тірі 
шыққан жандар ғана сезетін шығар. 
Егер сен қазір менің жанымда болсаң, онда мұның бәрін елең қылмас па едім? Өзің 
маған зор медеу екенсің ғой, Гауһар. Сен қазір қасымда отырсаң, онда мәңгілікке тоқтап 
қалғандай тапжылмай тұрған уақыт та тезірек өтіп кетер еді. Қазір маған осы бір тәулік 
бір жылдан көп боп көрінетін сияқты. 
Өмірде адамның еркіне бағынбайтын бір ғана нәрсе бар ма деп қалдым. Ол — Уақыт 
шығар. Оған адамның билігі жүрмесе керек. Біз сағат тілінің жүрісін тездету яки баяулату 
үшін өзімізді-өзіміз алдауға мәжбүрміз. 

Гауһар! Сонымен Уақыт дегеніміз не? Ол хақында ойланып па едің, сірә? Әншейін 
кезде осы зырылдауық Уақыттың сиқырлы сырларына жөнді мән де бермейді екенбіз ғой. 
Бірде жайбасар жандай сылбыр қимылдап, бірде жүйрік аттай қүйындата жөнелетін 
Уақыт жөнінде мен бүгін көген көзденіп жатып көп ойландым. Бірақ ол маған түпсіз терең 
теңіздей боп көрінді. 
Әйтсе де, сол тұңғиыққа бойлап көруге талпынып, «Уақыт дегеніміз не» деген 
мәңгілік сауалға жауап іздедім. Қиялға ерік беріп, бұл сауалдың жауабын өзгелерден де 
сұрап көрдім. 
Бұған әркім әр түрлі жауап берді. Уақыт — әр адамның көзіне әр түрлі боп көрінетін 
сиқырлы тас секілді екен.
— Уақыт — материяның өмір сүруінің бір формасы, — деді ғалым. 


Көпті көрген көне көз қарияның жауабы бұдан басқашалау еді. 
— Уа, дариға, Уақыт-ай! Келмеске кеткен жігіт-желең шағым емес пе ол! — деді 
ақсақал. 
Сосын жас жігіттен сұрадым. 
— Уақыт — алдағы биік асуларға шығу үшін қажетті қүрал, — деді ол. 
Демек, Уақыт біреулер үшін өткен шақ, ал біреулер үшін болашақ екен ғой. 
Естен кетпес қайғы-қасіретті ұмыттыратын да, айықпас ауыр дерттің емдеушісі де, 
даулы істердің ең төрешісі де Уақыт емес пе? 
«Уақыт — ғажайып ұстаз, бірақ өкінішке орай, түбінде ол өз шөкірттерін жалмап жеп 
бітеді». Әлемге мәшһүр француздың ұлы композиторы Луи Берлиоз осылай депті. 
Бәрімізге өмірді үйрететін де, бәрімізді өмірден әкететін де Уақыт демекші ғой ол. 
Ал, мен үшін тап қазір Уақыт әрі қуанышты, әрі қорқынышты нәрсе боп тұр. 
Қуанышты болатын себебі — аса күрделі де, қауіпті операциядан тірі шықтым. Осыдан 
біржола айығып, аяғыма мініп кетуім де ғажап емес. Қорқынышты болатын себебі: бұдан 
былай ғұмыр бойы мүгедек боп қалуым да ықтимал. Өйткені мұндай операцияны кейде 
аяқ-қолды емдеу үшін емес, адамды ажалдан арашалап қалу үшін жасайды. 
Менің тағдырым ертең, профессор келген соң белгілі болады. Оған дейін бір күн, бір 
түн уақыт бар. Сондықтан Уақыт хикаясын айта түсейін саған, Гауһар. 
Біз әдетте адам үшін ең қымбат нәрсе өмір дегенді көп айтамыз ғой. Сол өмірдің 
өлшемі Уақыт емес пе? Демек, өмір дегеніміздің өзі ең алдымен белгілі мөлшердегі Уақыт 
қой. Олай болса, адам үшін Уақыттан қымбат асыл қазына жоқ. Ғұмырдың қызығына 
тоймай, тағы да бірнеше сағат, бірнеше күн, бірнеше ай өмір сүруді армандап, ажалмен 
арпалысып жатқан ауыр науқастарды көрген сәтте мен осындай ойға келдім. 
Бірақ біз жайшылықта Уақытты онша бағаламаймыз ғой. 
Осы бір қасиетті нәрсенің қадіріне жете бермейміз. Кейде алтынға бергісіз осы 
қазынаны босқа ысырап қыламыз. 
Ең жаманы — селге кеткен мал-мүліктей боп, босқа шығын болған уақытқа онша 
өкінбейміз. Қынжылмаймыз. Егер абайсызда бес-он сом ақшаны жоғалтып алсақ, бүған 
күйіп-пісеміз. Ал, бес-он минут уақытымыз далаға кетсе, түк болмағандай-ақ қаннен-
қаперсіз, күліп-ойнап жүреміз. 
Біреудің бір сомын ұрлаған адамды ұры деп ат қойып, айдар тағамыз. Айыпқа 
тартамыз. Тәзірін береміз. Мұнымыз жөн-ақ дейік. Ал, біреудің бірнеше сағат уақытын 
(яғни бірнеше сағат өмірін) ұрлаған адамға біз түк те істемейміз. Тіпті оған тіс жарып, 
ауыз ашпаймыз. Мұны айыпқа санамаймыз. Егер байыптап қарасақ, әлгі ұрланған, не 
жоғалған ақшаны өндіріп алуға яки орнын толтыруға болатын сияқты. Ал ұрланған 
уақытты өндіріп, қайтарып алу мүлде мүмкін емес қой. 
Кейде тіпті сол Уақыттың тезірек өтіп кетуін тілейміз. Міне, қазір мен профессорды 
асыға күтіп, бір күнгі өмірімнің неғұрлым жылдамырақ, үшті-күйлі өте шығуын қалап 
жатырмын.
Бірақ мұндайда Уақыт та қырсығып, қарысып калады екен. Жайбасар минуттар менің 
төзімімді сынағысы келгендей-ақ самарқау қимылдап, әрең қозғалады. Сағат тілі емес, 
бүгін адамдар да жайбағыстап кеткен сияқты. 
Шіркін-ай, сау-саламат өмірдің жөні бөлек екен ғой. Бейқам жүргенде минуттар 
түгілі, сағаттардың қалайша сынаптай сырғып өтіп жатқанын өзім де сезбей қалушы едім-
ау. Қас пен көздің арасында таң атып, күн батып жататынды. 


Бірақ біз Уақыттың көз ілеспейтін тездікпен зымырап өте шыққанына несіне мәз 
боламыз? Мұның өзі кәрілікке қарай ерікті түрде асығу емес пе? Ертең көретін нәрсені 
қалайда бүгін біліп қалуға несіне асығамыз? 
Мүмкін, әрбір минут уақыттың таудай тауқыметін тартып, шексіз ләззатын толық 
игеріп, рахатын да, азабын да, жан-жүйкемізбен терең сезініп барып, өткізгеніміз жөн 
шығар. Сонда ғана біздер өмірдің әрбір минутының «өзіндік құнын» егжей-тегжейлі 
түсінер едік. Әйтпесе бір минуты да ойымызда қалмай, өзінен-өзі ғайып боп кеткен өмір- 
уақытынан не пайда? 
Әйтсе де, бүгін Уақыт-өзен өзінің әдеттегі ағысын бірте- бірте баяулатып, ақыры 
мәңгілікке тоқтап, сосын мұз боп бір орында сіресіп қатып қалған тәрізді көрінеді маған. 
Жастығымның жанында жатқан сағатыма бағана бір көз қиығын тастағанымнан кейін 
кемінде екі-үш сағаттай уақыт өткен шығар деп ойлап едім. Өйткені мен сол мерзім 
ішінде күллі өмірімнің небір қиын-қыстау өткелдерін, қуаныш сезіміне толы бақытты 
сәттерін түп-түгел дерлік көз алдымнан тізбектеп өткізіп, отыз бес жылдық ғұмырыма 
ойша саяхат жасап шықтым. Соның бәріне небәрі он бес минут-ақ уақыт жетіпті 
Сұмдық-ай, он бес минут дегеніміз сұмдық көп уақыт екен ғой. Бұрын қалай 
аңғармағам? Минуттардың қадіріне жетпеген адам рәсуа болған сағаттарға өкінеді дейсің 
бе, Гауһар? 
Әрбір күндік өмірінің бағасын білмейтін жан бір жылдық уақытының қадірін қайдан 
түсінсін. Өйткені біз аз Уақытқа ынсап қылмаймыз. Қанағат тұтпаймыз. Жылдардың ұсақ-
түйек минуттардан құралатынын кейде ұмытып кетеміз. 
Біздің Ақылбек аға энтимолог қой. Сондықтан шығар, әйтеуір ол көбіне шыбын-
шіркейлердің өмірі хақында айтуды ұнатады. Соның бір әңгімесі қазір есіме түсті.
Тұт ағашының торлаған қауын тәрізді тілім-тілім боп жарылып кеткен қабығының 
қуыс-қуыстарына ұя салатын бір шырылдауық жәндік болады. Оны бала кезімізде талай 
ұстап ойнағанбыз. Түрі шыбынға да, шіркейге де ұқсамайтын осы құртақандай жәндікті 
ғылым тілінде цикада деп атайды екен. Цикада өзінің «әншілік өнері» жағынан шынында 
да шырылдауық шегірткеге тартқан. Сыбызғы үніндей жіп-жіңішке даусымен ертелі-кеш 
әндетеді де жатады. Олар біреу-екеу боп емес, жүз шақтысы, тіпті мың шақтысы жабылып 
хор айтқандай дауыс қосып шырқай жөнеледі. Бұлар ән салудан, сірә, жалықпаса керек. 
Егер қолынан келсе ол барша әлемді әнге айналдырып, қайғы-қасірет атаулының 
бәрін біржола ұмыттырып жіберер еді. Бір ғажабы — осы ұлы музыкант мына жарық 
дүниеде небәрі бір-ақ күн өмір сүреді. Иә, солай Цикаданың анадан туып, көз ашып, 
шексіз өмір мұхитын көрген күні — сол өмір атаулы әлеммен мәңгілікке қоштасқанда 
күні болып табылады. Ол мәңгілік өмірден өз сыбағасына тиген бір күндік ғұмырды өзіне 
қанағат қылатын сияқты. Тіршілік иесі ретіндегі өзінің барлық борышын ол осы бір 
тәуліктің ішінде түп-түгел өтеп шығады. Туылып та, өмірді кызықтап та, артына мұрагер 
ұрпақ қалдырып та, әлемге ән сыйлап та, ең бастысы — өз ғұмырының санаулы сағаты 
соғып біткен сәтте абыржымай, қайта құйқылжыта әнге басып, мына жарық дүниемен 
көңілді түрде қоштасып та үлгереді. Қияметтей қиын тағдырына, көзді ашып-жұмғанша 
сырғып өте шығатын бір-ақ күндік өміріне зәредей налымай, өз сыбағасына артық бір 
минут та ғұмыр тілемей, ол үшін ешкімге жалынбай, жалбарынбай, қыңқ етпей өліп кете 
беретінін айтсаңызшы! 
Тегінде, адамға жетпейтін ең киелі қасиет осы шығар. Әйтеуір өмірдің қызығына 
көзіміз тоймайды ғой, сірә. Ажал аузында жатсақ та «тағы бір күн, тағы бір сағат, тағы бір 
минут» деп жалмаңдап, тіршіліктің етегіне қос қолдап жабысып, тырмысып қатып 


қалатын қомағайлық әдетіміз бар емес пе? Бұл не озі? Өмірге құштарлық па? Әлде мәңгі- 
бақи көзі тоймайтын ашқарақтық па? Мүмкін, екеуі де шығар. Кім білсін. 
Өмірге деген мұндай қомағайлық мүмкін адамға қажетті қасиет шығар. Бұл ашкөздік 
емес, біздің ерік-жігерімізді мұқалтпай, ылғи қайрап отыратын тәкаппарлық болар. Ал, 
мұндай өктемдіктің, өжеттіктің өзі әлгіндей өмірге деген құштарлықтан тумай ма? 
Шіркін-ай, өмірді қайта бастауға мүмкіндік болса ғой. Көп нәрсені мен басқаша істер 
едім, Гауһар Өмір-ананың бізге тартқан ең қымбат сыйлығы Уақыт екенін ертерек 
түсінгендер бақытты жандар шығар. 
Бірақ аза бойым қаза болатындай-ақ бүкіл ғұмырым босқа кеткен жоқ қой. Оқыдым. 
Отбасын құрдым. Әке болдым. Жұрт қатарлы еңбек еттім. Бұл аз ба? Әрине, аз емес. Мен 
енді өзімді-өзім осылайша жұбата бастадым. Тегінде, адамның миында әрқашан бізді 
ақтап, қорғап, істелмей қалған істерге себеп-сылтау тауып беріп отыратын «қамқоршы» 
тетік бар болса керек. Сол «қамқоршы» механизм біздің бесенеден белгілі боп тұрған 
кінәмізді де жуып-шайып, әйтеуір қолынан келгенше қорғап қалуға тырысады. Өзінше 
«адвокат» рөлін атқарады. Мүмкін, мұндай тетіктің бары дұрыс та шығар. Әйтпесе біз 
өзімізді- өзіміз іштей жеп тауысып қояр едік қой. 
Біз өз қылмысымызды өзіміз ақтауға тырысамыз. Бұған Ақыл-ой көнсе де, Жүрек 
көнбей тулап жатады. Осылайша ішкі дүниесі теңіздей толқып, ой мен сезім күресі 
басталады. Ақыл-парасат пен Жүрек-сезім тоғысып қалған тұйықтан шығып кетуге жол 
таппай, бұлқан-талқан боп, ақыры ашуға мінеміз. Күйіп-пісіп, дел-сал боламыз. Жүйкеміз 
жұқарады. 
Уақыт! Өмірдегі ең басты, ең құдіретті құбылысқа күні бүгінге дейін қалайша мән 
бермей келгем? Шынында да, Уақыт әміріне мойынсұнбайтын тіршілік иесі жоқ екен ғой 
әлемде. Мүмкін, сондықтан шығар, әйтеуір адамдар есте жоқ ерте заманнан-ақ Уақытты 
тізгіндеуге әрекет жасаған. Космос кеңістігі де, қиял жетпес жылдамдық та бағынды 
адамға. Бірақ Уақыт атты ұлы күш асау аттай тулап әлі күнге мойнына құрық салдырмай 
келеді. 
Бұдан екі мың жылдай бұрын-ақ сонау көне заманның асқан данышпаны Сенека 
былай деп жазған екен «Әлемдегі барлық мал-мүлік, дүние-жиһаздың бірде-бірі біздікі 
емес. Біз еш нәрсені меншіктей алмаймыз. Табиғат біздің жеке меншігімізге енші етіп бір 
ғана нәрсе берген. 
Ол — Уақыт. Мәңгі өзендей үздіксіз ағып жатқан осы нәрсені ғана біздер менікі, 
менің сыбағам деп айта аламыз.Бірақ сынаптай сусып, уысында тұрмайтын бұл мүлікті кіп 
болса сол сенен сұрап жатпай-ақ әкете береді. Әрі оны ешқайсысы қайтарып бермейді. 
Дәлірек айтсақ, қайтарып бере алмайды. Мен де құдай емеспін. Біраз уақытымды босқа 
шығын еттім. Әйтсе де, мен өмірімнің қанша уақыты қандай іске сарп болғанын жақсы 
білем. Өйткені ес біліп, етек жапқалы бері өз меншігімдегі уақыттың есеп-қисабын үзбей 
жүргізіп келем». 
Демек, адамдар ерте заманнан-ақ Уақытты қадірлей білген. Олар да біз сияқты 
асыққан. Уақытты үнемдеуге тырысқан. Құм сағатын, Күн сағатын, Су сағатын ойлай 
тапқан. 
Ал, қазіргі техникалық прогрестің түпкі мақсаты не? Қысқаша айтсақ — Уақытты 
үнемдеу. Сол үшін адам ат- арбадан автомобильге, одан самолетке ауысып отырды. 
Жайбасар хаттың орнына телеграмма салып, телефон соғатын болды. Енді ол құс 
қауырсынымен емес, автоматты, шарикті қаламсаптармен жазуға көшті. Электронды- 
есептеу машиналары енгізілуде.


Бірақ Уақыт әлі де жетісер емес. Бұдан екі мың жыл бұрын адам Уақытқа қандай 
тапшы болса, тап қазір де жағдай нақ сондай. Титтей де өзгеріс жоқ сияқты. Қайта адам 
бұрынғыдан да асығыс, қарбалас, тағатсыз боп кеткен тәрізді. 
Қазір кімнен сұрасаңыз да бір минут «артық» уақыты жоқ. Тіпті ең жақын достарға 
хат жазуға да, балаларымен серуендеп қайтуға да, балалық базарын өткізген туған ауылға 
оқта-текте барып тұруға да уақыты жоқ. Бірінші кластың оқушысы да, студент те, 
профессор да, зейнеткер шал да асығып барады. Айналасына, адамдарға, сұлу табиғатқа 
жайбарақат көз салып, қаннен-қаперсіз тамашалауға мұршасы келмейді. Өйткені «артық» 
уақыты жоқ. 
Шынында да, Уақыт соншалықты аз ба? Әлде біз оны дұрыс пайдалана алмаймыз ба? 
Біреулердің уақыты бәріне де жетіп, артып жатады ғой. Мүмкін,біз өз дәрменсіздігімізді 
мойындауға намыстанып, бар айыпты Уақытқа арта салатын шығармыз. 
Иә, Уақытпен әкей-үкей боп кету оңай емес. Сынаптай сусып, тұлпардай зымыраған 
Уақыт қашаннан-ақ мойнына құрық салдырмай келеді. Адам кеңістікті де, материяны да 
бағындырды. Бірақ Уақытқа әлі күші жетер емес. 
Соның өзінде, құйындатқан Уақыт-тұлпарды әлдеқашан тізгіндеп, айтқанына 
көндіріп, айдауына жүргізіп алғандар да аз емес екен. Мен сол алтын Уақытты нандай 
қадірлеп, қалтасындағы ақшадай есептеп жұмсайтын талай жанды өз көзіммен көрдім. 
Солардың бірі мына қасымдағы Ақылбек аға шығар деп түйдім. 
Бұл кісі ауырдым екен деп біз сияқты шаңыраққа қарап, босқа сарылып жатқан жоқ. 
Жастығының асты толған қағаз. Шалкасынан жатқан күйде күндіз-түні тынбай жазады. 
Осы аурухананың өзінде бірнеше ғылыми еңбектерін жазып шығыпты. Мұнысы аздық 
қылғандай-ақ көңіл сұрап келген өз аспиранттарына кеңес беріп жатады. Олардың 
жұмыстарын қарап, пікір айтады. Ғылымның осы саласындағы жаңа кітаптардың бірін 
қоймай, бәрімен танысып, оқып шығады. 
Соның өзінде бұл кісі аурухана тәртібін бұзбайды. Жұрт ұйқыға жатқан кезде ол да 
ұйықтайды. Басқалар төсектен тұрған кезде Ақылбек аға да оянады. Бізбен бірге 
тамақтанады. Дәрі-дәрмек қабылдайды. Дәрігерге көрінеді. Қолы қалт еткен сәттерде 
бізбен әңгімелеседі. Осылардан артатын уақыттың өзі де аз емес екен ғой. Соның бәрінде 
ол бас көтермей жұмыс істейді. 
Төсекке таңылып жатқанда осыншама еңбек етсе, сонда сау-саламат кезінде қандай 
болған десеңізші! 
Бұл кісінің осыншама төсек тартып, тапжылмай жатканына үш жыл бопты. Соның бір 
күнін де босқа жібермепті Өзінің науқасы неғұрлым меңдеген сайын ол соғұрлым көбірек 
еңбек ете түскен. Әлде ойындағы пікірлерін қағазға түсіріп үлгере алмай қаламын деп 
асықты ма екен? 
Қазір ол зейнеткер екен. Соңғы үш жыл бойы ақы алмай, жұмысты тегін істеген. 
Кейде біз жігерсіз екенімізді мойындағымыз келмей, бар кінәні Уақыттың 
тапшылығына арта салғанды ұнатамыз. Өзгені емес, өзімізді-өзіміз солай алдаймыз. 
Көңілді солай жұбатамыз. Бойымыздағы ерік-жігердің аздығын басқаларға білдірмеу үшін 
сыныққа сылтау іздейміз. Сондай сылтаулардың ең қолайлысы — Уақыт аз дей салу. 
Есіме бір мүсінші досым түсті. Кезінде көп үміт күттірген мүсінші еді. Туған ауылға 
барған сайын ол мақта өсірушілердің еңбектегі ерлігіне, адамгершілігіне, 
парасаттылығына кайран қалып, тәнті болатын. Досым өзіне жақсы таныс бес-алты 
диқанның портретті мүсіндерін жасамақшы да болды «Бұл — менің өмірдегі ең басты 
мақсатым», — дейтін. 


Бірақ ол ауыл өмірінен бірде-бір мүсін жасаған жоқ. Қашан кездессек те уақытының 
тапшылығын айтып мұңын шағатын. 
— Бізде қызмет ауыр ғой. Мойын бұруға мұрша жоқ. Осы бір қызметтен қалай 
құтылсам, әлгі өзіңе айтқан мүсіндерді солай жасап тастар едім, — дейтін. 
Ақыры сол досым өзінің азар да безер болған жұмысынан босады. Бірақ еш нәрсе 
тындырған жоқ. Жоқ. Қабілеті жетпей қалғандықтан емес. Оның қолынан іс келетініне 
біздер, достары ешқашан да күдік келтірген емеспіз. Ол дарынды еді. Әйтсе де, ол 
кездеген нысанасына жете алмай қалды. Өйткені ол кезінде Уақытгы қадірлей алмады. 
Тегінде, өмірде қабілетсіз, дарынсыз адам жоқ. Ал, жігерсіз жандар, жанбай жатып 
сөніп қалатындар бар. Әлгі мүсінші досым сондайлардың бірі ғой деймін. Ол жанын 
қинағысы келмеді. Үлкен іске батылдығы, жігері жетпеді. 
Өзінің бойындағы күш-қуатына өзі сенбей, өзін-өзі өмірінде бір рет те мықтап сынап 
көрмей-ақ мына жарық дүниеден босқа өтіп кету адам үшін қандай өкінішті десеңізші! 
Жігерсіздік! Меніңше, адамзаттың қас дұшпаны — еріншектік пен жігерсіздік. Өз күшіне 
өзі сенбеушілік. Осындай жасық сезімдердің құрбаны боп, бір рет те жарық көрмей, 
адаммен бірге молаға көміліп жатқан асыл қазыналар — дарындар, күш-қуаттар 
қаншама?! 
Өмір отына болаттай шыныққан қайсар жандар әдетте өлімнен емес, осындай 
жігерсіздіктен жасқанған. Өзім өліп қалам-ау деп емес, халқым үшін түк тындырмай 
кетем бе деп қорыққан. Өз бойындағы рухани байлықты басқаларға беріп үлгере алмай, 
өзіммен бірге жерге көміліп қала ма деп шошыған. 
Леся Украинка Жастайынан айықпас ауыр дертке шалдыққан ақын қыз бар ғұмырын 
дерлік төсекте сал боп жатып өткізген. Денесінің қызуы қырық градустан асып кеткен 
сәттерде де ол қаламын қолынан тастамаған. Қайта ажал төніп жақындаған сайын ақын да 
жігерлене түскен. Өмірінің әрбір минутын есептеп жатқан екен. 
Ақын қыз тіпті өзінің неше сағаттық өмірі қалағанын да жақсы білген сияқты. 
Мейірімсіз Уақыттың сусты жүзіне тайсалмай, тік қарауға жасқанбаған ол. Өз өмірінің ең 
соңғы минуттарын да босқа сарп еткісі келмеген. 
Соңғы минуттар... Бұл тек айтуға ғана жеңіл. Ең қымбат, ең қиын минуттар. Бірнеше 
минут қана өмірім қалғанын мен де білсем не істер едім? Леся жыр жазған екен. Біреулер 
қас қағымдай ғана соңғы сәтінде аспан әлеміне қарап, жұлдыздармен, Күнмен мәңгілікке 
қоштасқан. Енді біреулер өздерінің ең сүйікті адамдарын көз алдына елестетіп, солармен 
ойша дидарласқан. 
Ал, мен ше? Мен қайтер едім? Білмедім. Мені әлі ондай ауыр сезім билей қойған жоқ. 
Ешкіммен де, еш нәрсемен де қоштасқым келмейді. Қоштасуға қимайтын тәріздімін. 
Соншама нәрседен қалайша адам өз еркімен үміт үзіп, біржола қоштаса алады. Тегінде, 
оған да едәуір батылдық керек шығар. 
Ауруханада кейбіреулер өз ғұмырларының соңғы сәттері тақап қалғанын да айқын 
сезіп жатады. Бірақ бұл сұмдық ауыр шығар. Дұрысы — білмеу. Жеңілдеу болар. Әйтсе 
де, кім білсін? Әлде бәрін күні бұрын сезген де дұрыс па? 
Бәрінен де діңкемді күртып, жұлынға тиген нәрсе белгісіздік болар. Ертең профессор 
не айтады? Бәрі де операциядан соң мәлім болады деген еді ғой. Енді өз аяғыма мініп 
кетем бе, жоқ па? Қолдарым неге қимылдамай қалды? Қашанғы аузыма біреу қасық тосып 
тамақтандырып отырады? Әлде... Жоқ! Профессор әлі соңғы сөзін айтқан жоқ. Үміт 
шамын күні бұрын қолдан өшіруге менің қандай хақым бар?! 


Ал, егер ертең профессор төбемнен жай түскендей етіп «жүрмейсің» десе не істеймін? 
Онда соншама дозақ отына өртеніп, тірі қалғанымнан не пайда? Аяқ-қолын бесікке таңып 
тастаған сәбиге ұқсап, тырп ете алмай тағы да қанша уақыт жатам? Бір жыл ма, он жыл 
ма? Әлде ғұмыр бойы ма? Тағы он жылдан кейін де, жүз жылдан соң да, ешқашанда енді 
қайтып, өз аяғыңмен жер басып жүре алмайтыныңды есітуден, соны іштей мойындаудан 
ауыр қасірет жоқ шығар. 
Мына жатқан Ақылбек аға соңдай қасіретке ұшыраған жан. Енді ол өле-өлгенше өз 
аяғына міне алмай кетеді. Осы жатқан орнынан қайтып тұрмайды. Тұра алмайды.
Соны өзі біледі. Бәрін емдейтін, бәрін ұмыттыратын құдіретті Уақыттың өзі де бұл 
кісіге енді көмектесе алмайды. Оны да біледі Ақылбек аға. 
Бірақ ол сағы сынып, жүні жығылған адамға ұқсамайды. Әйтеуір өзімізге күрең қабақ 
көрсеткен емес. Құдды күні ертең науқасынан айығып, үйіне қайтатын адамдай қашан 
көрсең де мәз-мейрам. Тойда билеп, торқа киген біреу ме деп қаласың. 
Бірақ оқта-текте көңілін сұрай келген әлдекімдер оның жанды жеріне тиіп кететін 
сияқты. Мұндай кісілер келіп кетісімен-ақ ағамыз бір түрлі жабырқап, жасып, жібі босап 
қалғандай көрінеді. 
Көлгірліктің көкесін жұрт ауру адамға жасайды екен. Дардай кісі түгілі, бес жасар 
бала сенбейтін бірдемелерді аузы-мұрны қисаймай соға беретінін қайтесің. Тегінде, олар 
ауру адам ақылынан алжасып қалады деп ойласа керек. Онсыз да бәріне тозып жатқан 
Ақылбек ағаға қайдағы бір жасық немелер тәлімсіп: «Төзімді болыңыз», — деп өздерінше 
ақыл айтқансиды. Бірақ солардың көбі аурудың көңілін сұрағанның жөні осы шығар деп 
көлгірсіп, бет алды лағып кетеді. «Төзімді болыңыз» деген сөздің терең мән-мағанасына 
бойламай-ақ, жеңіл-желпі түрінде оны лақ еткізе салатын сияқты боп естіледі маған. 
Меніңше, дертке шалдығып, демін санап жатқан жанға немқұрайды қарап, ауызға 
түскен жаттанды сөздерді құса салудан жиіркенішті қылмыс жоқ. Сіркесі су көтермей 
жатқан кісі көңіліндегі кірбінді қалт жібермей қағып алады. Жайшылықта біреу өзіңді сәл 
асыра мақтағанын іштей сезсең де, соған сенгің кеп тұрады. Ал, науқас адам шындықтың 
өзіне әрең иланады. Әрбір сөзіңді он рет ой таразысына салып өлшемей, оның көңілі 
көншімейді. 
Ауруханаға көңіл сұрай келген біреулер: «Ауырып тұрдың — аунап тұрдың. Өмірің 
ұзақ болады екен», — дейді. Ғұмырында енді қайтып орнынан тұрмасын Ақылбек аға 
ақыл-оймен ғана емес, жан-жүрегімен де сезеді. «Аунап тұрасың» деп ең жанды жеріне 
қол тигізіп, бітеу жараның бетін шұқылаудың керегі не? Үзақ өмір кімге керек деп 
ойлайды екен солар. 
Адамның өмірін тек Уақытпен өлшеуге тырысатындар мықтап қателеседі. Егер өмір 
тек Уақыт өлшемімен ғана бағаланса, онда неғұрлым ұзақ уақыт өз жанын ғана қорғаштап 
жүргендерді соғұрлым бақытты дер едік. Ғұмырында жанын қинамай, әділдік үшін 
әділетсіздікпен күреспей, жақсылық үшін жамандықпен айқаспай, өзгелер үшін өз жанын 
қатерге тікпей, тек ұзақ жылдар бойы жүре берудің ғана қамын ойлаудан әрі аспайтын 
жандарды жұрт қашан қадір тұтқан? Жүз жасағандардың бәрін бірдей шетінен халық 
төбесіне көтере бермейді ғой. Демек, мәселе ұзақ жыл өмір сүруде емес. Гәп басқада 
Шығыс халықтарында мынадай бір аңыз бар. Аты әлемге мәшһүр бір ғұламадан өз 
шәкірті 
— 
Ұстаз, неше жасқа келдіңіз? — деп сұрапты. Сонда ғалым ойланып тұрып 
— 
Білмедім. Шамасы, жасым мыңнан асып қалса керек, — деп жауап беріпті 
Бүған түсінбеген шәкірті таңырқап! 


— 
Қалайша? — дейді 
Ғұлама шәкіртіне қыска ғана жауап берген екен: 
— 
Мен өзін әр адамға пайдам тиіп, жақсылық жасаған сайын мерейім артып, 
рахаттанып, бір жасап қалам. Сондықтан адамның жасын жыл санымен емес, өзгелер үшін 
жасаған жақсы істерінің санымен есептегенді жөн көрем. Өз құлқыны үшін құмырсқа да, 
көң қоңыз да тырбаңдап әрекет жасайды. Ал, адамның олардан артықшылығы — өзгелер 
үшін атқарған еңбегінде ғой, — депті. 
Әрине, қысқа жіп күрмеуге келмейтіні хақ Әйтсе де, өзінің қып-қысқа ғұмырында 
қыруар іс тындырып үлгірген, ғаламат жаңалықтар ашқан, жарқын болашақ үшін өз 
кеудесін оққа тосып. қыршын кеткендер аз ба?! Олар менің жасыма жетпей тұрып-ақ 
мәңгілік, өшпес өмірге ие болады. 
Демек, мені қинап жатқан нәрсе — өмірім қысқа боп қалады-ау деген қауіп емес, 
өзім атқарған істердің аздығы екен ғой. Есептеп қарасам орта мектепте он жыл, 
институтта бес жыл, аспирантурада үш жыл оқыппын. Сонда мемлекет мені он сегіз жыл 
үзбей оқытқан. Қамқорлық жасаған. Ал мен небәрі тоғыз жылдай ғана жұмыс істеппін. 
Қоғамнан алғаным көп, ал қайтарып бергенім өте-мөте аз. Мардымсыз. Біреуден көп ақша 
қарыз алып, енді оны қайтаратын мерзімі жеткенде бергісі келмей қашқақтап жүрген әккі 
адам сияқты емеспін бе деген ой келді. Енді бәрін де түсіне бастағандай болдым. Түні 
бойы берекемді алып, құтымды қашырып жатқан нәрсе — Ар соты екен ғой. 
Әдетте қатты науқас адам кешірімшіл келеді. Жайшылықта ала жылан, аш бақа боп 
жүрген небір жексұрын адамдардың өздері де ажалмен арпалысып жатқанында көзіңе 
ыстық көрінеді екен. Тіпті сау-саламат кезімде астамдық жасап, соған артық сөз айтып 
қойған екем ғой деп өзінен кешірім сұрағың келіп тұрады. Бірақ адам қанша қиналса да 
Ар сотының алдында өз кінәсін өзі кешіре алмайды екен. Адамды іштен жеп тауысатын 
нақ осы соттан қатал сот жер бетінде жок шығар. 
Рас, ешкімнің ала жібін аттағам жоқ. Тірі жанға зәредей қиянатым жоқ. Арым таза. 
Бірақ Уақыт атты төрешінің алдында айыпты сияқтымын. «Ары таза адам үшін бір күндік 
өмірін босқа өткізуден ауыр қылмыс жоқ», — депті ғой бір данышпан. Бір күн емес, бір ай 
емес, талай жылдардың жеміссіз өткеніне өкінем. Егер алда өмір болса, мұның бәрін азды-
көпті қолдан келгенше түзетермін. Ал, олай болмаса ше? Онда бұл өмірге келгенім де, 
кеткенім де беймәлім боп қалғаны ма? Бұдан ауыр жаза жоқ шығар. 
Сүйек-сүйегімнің бәрі зырқырап, азапқа салып қойғаны аздық қылғандай-ақ астыма 
салынған қалың тақтай жамбасымды тесіп барады. Айтпақшы, сен білмейтін шығарсың, 
Гауһар. Мен сияқты омыртқасы кесілген науқастарды әдеттегі жұмсақ кереуетке емес, 
тақтай төселген тастай қатты төсекке жатқызады. Жұмсақ төсекте кесілген сүйектер 
бұралып, майысып кетеді деп қорка ма, әлде басқа бір себебі бар ма, кім білсін. Тақтайдың 
үстіне тастаған жалғыз матрац не болады дейсің. 
Үш сағат бойы қыбыр етпей, бір қалпымды өзгертпей жатуға әрең шыдаймын. Күн 
ұзаққа өзім де тақтайдай қақиып, сіресіп қалам. Тағы бір минут осылай жатсам, жамбасым 
тесіліп кететіндей боп тұрады. Күні-түні демей әр үш сағат сайын екі медсестра келіп, 
мені ақырын көтереді де, бір жамбасымнан екінші жағыма ауыстырып жатқызып кетеді 
Солардың келуін минут санап, сабырым сарқыла күтем. 
Жайшылықта аунап-қунап, керегінше қимылдап, өзімізге ең ыңғайлы қалыпқа түсіп 
жатамыз ғой. Сондықтан мұндай бейнетке душар болмаймыз. 
Мұндайда адам, әсіресе, ерік-жігерден көбірек тапшылық көреді екен. Өзімді-өзім 
іштей қанша қайрап, тісімді тісіме қойып жатсам да, шыдамым шытынайын деді. 


Профессордың келуіне, менің тағдырымның мәлім болуына бірнеше минут қана уақыт 
қалды. 
Аш ішектей созылған соңғы бір тәулік Уақыттың өзі маған отыз бес жылдық 
ғұмырымнан көбірек боп көрінді. 
Шиқ етіп ашылған есік дыбысы Уақыт жөніндегі ой дүрмегін үзіп жіберді. 
Профессор кіріп келді. Оны көрген бетте-ақ жүрегім құрық көрмеген құлындай тулап 
кетті. Алқынып өкпем аузыма тығылғандай болды. Не дер екен? Жүрем бе, жоқ па? 
Профессор операциядан кейін үзілді-кесілді айтатынын аурулар жақсы біледі. Мен 
де естігем. Қазіргі оның бір ауыз сөзі менің бүкіл болашақ өмірімді, тағдырымды анықтап 
бермек. Асығып, жүректің алып үшқаны соншама, маған профессор есікті екі-үш сағатта 
әрең жауып болғандай, бүгін қасақана жай қимылдайтындай боп көрінді. Ол кібіртіктеп 
есіктің алдында ұзақ тұрып қалғандай еді. Мүмкін, маған солай көрінген шығар. 
Әйтеуір бір кезде маған қарай аяңдады-ау, ақыры. Кісендеулі аттай аяғын типыңдап 
әрең қозғайтын сияқты Бүйтсе бар ғой, есік пен төрдей жерге мықшыңдап білдей бір күн 
жүретін шығар деп ойладым. 
Күнде есіктен кірген бойда-ақ сампылдап сөйлей жөнелетін. Бүгін неге тіс 
жармайды? Әлде айтуға ауыр хабары бар ма? Әлде қасыма келіп өзіме ғана сыбырлап 
айтпақ па? Не де болса ертерек естісем екен. 
Енді сәл үндемей тұрса-ақ тағатым таусылып, көкірегім қарс айрылып кетердей 
болды. Тұла бойымды белгісіз бір ашу-ыза кернеп бара жатты. Елена Андреевна соны 
сезді білем, түсін жылытып, сәл ғана езу тартқандай болды. Бірақ бұған бағанадан бері 
аласұрып, бұлқан-талқан боп жатқан жүрегім орныға қойған жоқ. Қайта әлденеден секем 
алып қалғандай жүрегім шошынып, зуылдап кетті. Дәрігердің күлімсірегенін місе 
тұтпасам керек. Профессор мұнымды да қалт жібермей сезіп қойды. Әдетте ол айтпақ 
ойын білтелеп жатпай, төтелеп соғатын. Бұл жолы олай істемеді. Менің бұрынғыдан бетер 
зәрем ұшты. 
Елена Андреевна үн-түнсіз қасыма кеп, кереуеттің шетіне отырды. Аяқ-қолымның 
ұштарын қайта-қайта инемен шұқылап көріп, сезімталдығын тексере бастады. Екі қолым 
да иненің өткір ұшын жақсы сезетін сияқты. 
Бірақ өткір инені қанша шаншып жатса да, екі аяғым түк сезер емес. Бұрын 
аяқтарым ине шаншығанды сезбесе де, біреудің қолымен сипалағанын жақсы сезуші едім. 
Ал, қазір мүлдем жаны жоқ. Семіп қалған, құдды маған байлап қойған ағаш аяқ сияқты. 
Профессордың қасындағы бір топ дәрігерлер де менен көздерін алмай, тесіле қарап 
тұр. Олардың мына өлі тыныштықты бұзуға жүректері дауаламайтын сияқты. Осы бір топ 
ақ халатты адамдар тас боп қатып, сілтідей тынып қалған еді. 
Бір сәт профессор ішінде айықпас дерті бар адамдай: «Иә», — деп бір ауыр күрсінді. 
Жүрегім зырқ ете түсті. Елена Андреевнаның осы бір аянышты үні маған бәрін 
жеткізгендей болды. Мен мүшкіл халімді толық түсіндім. Әйтсе де, оның ойын ақырына 
дейін білу үшін үндемей жата бердім. 
Кенет ол мені мақтай бастады. Бұл жақсылықтың белгісі емес еді. 
— 
Жарайсың! Жігіт-ақ екенсің өзің! Операция бес жарым сағатқа созылды. 
Жүрегің қыңқ еткен жоқ 
Бірақ бұл сөздер құлағыма кірер емес. Есілдертім басқада. Жүрем бе, жоқ па? Соны 
қашан айтпақ? «Жүрем бе, жоқ па?! — деп бар даусыммен айғайлап жіберуге сәл қалдым. 
Енді сөйлемек боп оқтала бергенімде, профессордың өзі тіл қатты: 


— 
Қолдарым қимылдамай қалды деп қорықпа. Көп ұзамай-ақ жанданып кетеді. 
Бес-алты ай шыда, батырым. Ал, аяғыңа келетін болсақ... — деді де Елена Андреевна 
кішкене мүдіріп қалды. Бірақ маған ол бірнеше сағат бойы ләм-мим демей, үн-түнсіз 
мелшиіп тұрып қалғандай боп көрінді. Ақыры бір кезде барып ол үзіліп қалған сөзін одан 
әрі сабақтай түсті. — Меніңше, аяқтарың осылай қалатын шығар. . әйтсе де сен тірі 
қалғаныңа қуан. Осындай күрделі операциядан аман шықтың. Бұл — жарық дүниеге, 
мына өмірге қайта туып келумен бірдей. Демек, сен ұмытпа, кешегі күн сенің қайта туған 
күнің! 
Профессордың одан әрі не айтып, не қойғанын естігем де жоқ, ұққам да жоқ. Көзім 
бұлдырап, құлағым шуылдап, айнала төңіректің бәрі ың-жың боп кетті. Ол енді маған 
аузы жыбырлап, бірдемелерді ымдап түсіндіріп жатқан мылқау адамдай боп көрінді. 
Өзімнен-өзім табан астында еш нәрседен қорықпайтын да, еш нәрсеге қуанбайтын да 
тас мерез жан сияқты боп қалдым. Мына өмірде енді мен қызығатын түк те қалмағандай-
ақ көңшім бір түрлі қараңғы тартып кетті. Отыз бес жыл бойы әлдекімдермен тынбай 
күресіп, ақыры жұрт алдында масқарам шығып жығылып, енді адамдарға көрінуге беті 
күйіп қалған бейшараның кейпіне түстім 
Дәрігерлер шығып кетті 
Палата іші алғашта сәл бұлдыр тартып, сағымданып тұрды да, соңынан бөлме ішінде 
қараңғы түнек түнере түскендей болды. Әлдекімдер аяқ-қолымды шырмап, жан пенде жоқ 
жапан түзге жалғыз өзімді тастап кеткендей беймәлім бір жалғыздық үрейі бойымды 
билеп бара жатты. Өзімді-өзім бейне бір жұртта қалған жүрындай сезіндім. 
Енді еш жерім ауырмайтын да, сыздамайтын да сияқты. Не боп, не қойғанын 
ақырына дейін түсінуге жетем жетпейтін тәрізді. Сонда менің ойлану қабілетінен де 
маһрұм болғаным ба? 
Дәл қазір мен өңі мен түсін жөнді ажырата алмай, төсекте ұйқылы-ояу күйінде дел-
сал боп жатқан адамдай едім. 
Күні-түні бір тынбай, бірде сарқырап, бірде саябырлап көз алдымда ағып жатқан 
өмір-өзен оқыстан кілт тоқтап қалғандай болды «Енді ешқашан да өз аяғыммен жер 
басып, жүре алмаймын» деген жалғыз суық ой ғана оқ жыландай басын қақшаңдатып, 
төбемнен тажалдай төніп тұрды. 

Гауһар! Бүгін көрер таңды көзіммен атқыздым. Мынау кең дүние тарылып 
кеткендей. Өкпем аузыма тығылып, деміп барам. Күллі әлемнің тауқыметі жалғыз менің 
басыма кеп төңкеріліп қалғандай. Ақыреттей ауыр мүгедектік өмірді іштей мойындап, 
оған жан-жүрегімді иландыру оңай дейсің бе?! Тап қазір де шим әлем-жәлем боп күйіп 
тұр. 
Көңіл көгіне үйіріліп қалған күдік бұлты да өздігінен айығар емес. Мендегі үміт 
шұғыласы да баяулап батып бара жатқандай. Бірте-бірте көңілім де қараңғы тарта түсті. 
Қазір көңіліме жел беріп, рухтандырып жіберетін сен де жоқсың қасымда, Гауһар 
Адам деген қызық қой. Соншама күйіп-пісіп, өз тағдырыма нәлет айтып, өмірден 
азар да безер боп жатсам да көңілдегі үміт отын сөндіргім келмейтін сияқты. Ондай 
қиянатқа қолым бармайтын тәрізді. 
Мүндайда өзіңді жұбатып, көңіліңе демеу берер адам іздейді екенсің. Жанға жалау, 
ойға медеу болатындай ішкі сүйеніш тапқың кеп тұрады. Көңілден көңіл су ішпесе, адам 
жаны да шөліркеп қалады екен ғой. 


Мен мүгедек кісіні көрсем-ақ есіме өзінен-өзі Қаратай көкем түседі. Неге екенін 
қайдам, әйтеуір жан төзгісіз ауыр сәттерде сол мүгедек ағам дәл қасыма кеп тұрғандай 
болады. Мен есейген шағымда да екі аяқтан бірдей айрылған талай жарымжан кәріптерді 
ұшыраттым. Бірақ бала кездегі сол бір қайғылы көрініс көкірегіме беріп бездей бекіп, бір 
тас түйін боп қалса керек. 
Гауһар! Сол мүгедек ағам туралы саған бұрын да талай айтқам. Соғыстан алғаш 
келгенде ол мүгедектер арбасына да отыра алмайтын. Бейне бір құндақтап тастаған 
нәрестеге ұқсап, ертелі-кеш көздері жәудіреп жата беретінді. 
Қазір де сол ағам көз алдымда тұр. Ол кезде бала едік қой. Сол кісінің асаудай 
аласұрған ішкі жан-дүниесін, ішін өртеген күйікті сыртқа шығармауға тырысып, бала-
шағасына қандай қиындықпен күлімсірегенін енді ғана толық ұққандай болдым. Өміріне 
өксімей, тағдырына налымай, ажалмен арпалыста минут сайын ерлік жасап, дүниеден 
мойымай өткен сол ағамды тап қазір көрсем құшақтап, қажымас қайратына бас иер едім. 
Әлі есімде, өзі сондай бала жанды адам еді. Біз барсақ дардай кісі ойнағысы кеп 
тұрған жас баладай шынымен- ақ жадырап қалатынды. Күллі ауылдың боқмұрын 
тентектері де өзіне өлердей үйір болатын. Әңгіменің майын тамызатын ол. Қамыстан 
бәрімізге ысқырық, сырнай, сыбызғы жасап беруден жалыққан емес. 
Біз оның үйіне, әсіресе, ерте көктемде жиі-жиі баратынбыз. Әр жолы оған құшақ-
құшақ етіп қызыл талдың солқылдақ жас шыбықтарын апарамыз. Ол әсіресе, қыр 
қьізғалдағын теріп келген балаларға мейірлене қарайтын. 
«Ағаштан түйін түйген шебер» деген мақтау сөз алғаш рет осы кісі хақында 
айтылған шығар. Өз басым әлі күнге солай ойлаймын. 
Шыбықтан алуан түрлі, ғажайып себеттер тоқитын. Жеміс-жидек тасуға лайықтап 
жасаған шелек сияқтысы. Да, қауынқақ яки құрт жаюға ыңғайлы леген тәріздісі де, нан 
сап коюға қолайлы жәшікке ұқсасы да бар. Әсіресе, жұрт зембіліне құмар еді. 
Соның бәрін ол кереуетте шалқасынан жатып алып жасайтын. Ол үшін кереуеттің 
екі бүйірінен адам бойындай екі бақан қақтырып, оған өзінің қолы жететін тұстан 
жуандығы білектей-білектей таяқтарды кесе-көлденең тас қып байлатып тастаған. 
Себеттерді біз апарған шыбықтардан тоқитын. 
Сондағы бір аңғарғаным — ол жұмыс істеген кезінде көздері жайнап, өзі көңілденіп 
кетеді екен. Мұндайда тіпті ыңылдап, өзінше ақырын ғана мұңлы әуенге салып әндетіп те 
қояды. Мүмкін, ол сол сәтте еркін құлаш сермей алмай, төрт тағандап қалғанына 
қынжылатын шығар. Әлде, сау-саламат шағын аңсағаны ма екен? 
Ол өзі күні ұзаққа мықшыңдап жатып, қара терге түсіп әрең жасаған әлгіндей 
бұйымдарын, сірә, сатып көрген емес. Жұртқа тегін үлестіретін. «Бала-шағаңның несібесі 
ғой», — деп біреулер ақша ұсынса-ақ, ағай күре тамырын адырайтып шыға келетін: 
— Сендердің тиын-тебендеріңе күнім қарап қалған жоқ. Мен де осы ауылдың 
азаматы емеспін бе? Жұлдыз санап жата берем бе?! 
Әйтсе де, төсектен тұрмай жасаған бұйымдарды алғашында ақысыз алуға ешкімнің 
дәті бармай жүрді. Бірақ кейінірек алдымен жақын көршілері, бірте-бірте күллі ауыл 
қорада үйіліп жатқан, күлтеленген жібектей шыбықтардан шебер тоқылған алуан түрлі 
әдемі бұйымдарды таласып әкететін болды. Құр қол қалғандары тіпті «заказ» беретін әдет 
шығарды. Бұған ағай қуанбаса, қабақ шытқан емес, сірә 
Ағайдың күн көрісі де төмен емес еді. Дегенмен, жеміс- жидек піскенде жұрт оған 
үйін-төгіп әкеп тастайды. Күзде егін жинағанда ауыл адамдары қап-қап етіп алтындай сап-
сары жүгері түсіріп беретін. Бұған ағай ә дегенде түп сыртына шығып, бұлқан-талқан боп 


жүрді де, ақыры жұртқа күші келмейтініне көзі жеткен соң қолын бір-ақ сілтеді. Қанша 
долданса да азды-көпті еңбегінің ел кәдесіне асқанына шексіз риза еді ол. Кейде бұл 
қуанышын жасыра алмайтын. 
Ғұмырлық мүгедек боп қалғанын ұқса да, ешкімге күрең қабақ көрсетпей, өмірден 
үмітін ұзбей өткен ағайдың жүрегі қандай төзімді болды екен десеңізші. Әлде үміті үзілсе 
де, өмір дариясы тоқтамай аға бергені ме? Үміт отын сөндірмеген шығар. Әлде 
мүгедектікті ол жоғарыдан келген зауалдай қабылдады ма екен? 
Әрине, ағайдың көңіліне демеу болған нәрселер аз емес. Ең бастысы — кеше ел 
басына күн туғанда ол тайсалмай өзінің азаматтық борышын өтеді. Қан майдаңда халқы 
үшін мүгедек болды. Не айтса да жарасады. Ұпайы түгел ғой. 
Ал, мен ше? Не тындырып мүгедек атандым? Ел аман, жұрт тынышта ұшыраған 
ғарштікке адам қаттырақ күйінеді екен. Күн жаумай су болған жаман ғой 
Рас, бізді де дәрігерлер бейне бір соғыс кезінің жарадар жандарындай алақанына 
салып, мәпелеп емдеуде. Бірақ түк тындырмай, жұртқа масыл болу жанға ауыр болатын 
сияқты 
Ең қиыны — адамның өзі сатып алған бақытсыздық шығар. Мешел қып тастаған 
мына операцияға өзім келісім бердім ғой. Көңілге түскен түніннен өзегім өртеніп кете 
жаздайды. 
Азды-көпті өмірді аяқ-қолдан қалмай өткізгенге не жетсін, шіркін?! Өзің салған 
жараға ем қонуы да қиын. Одан да қайғы-қасіретіңе басқа біреудің айыпты болғаны жақсы 
ма деп қалдым. Өйткені бар кінәні басқа біреуге үйіп төгіп арта салсаң, тынысың 
кәдімгідей кеңіп, аз да болса жеңілдеп қаласың 
Дүниеде адам өзін-өзі айыптап іштен жеп тауысқан қиын. Азаптың ең ауыр түрі де 
осы шығар. Мұндайда жанға батқан жараны ашып, тірі жанға көрсете алмайсың. Айтсаң 
өзің кінәлі боп шығасың. Не де болса ол өз ішінде қалады. Сосын ине жұтқан итке ұқсап 
жан далбаса жасап, аһлеп-уһлеп дөңбекінумен болады екенсің. 
Ал, қайғыңа басқа біреу айыпты болса, тым қүрығанда ішкі шеріңді тарқатып, 
әлдекімдерге нәлет оқып аласың ғой. Тегінде, адамның табиғаты өзінен гөрі өзгелерді 
айыптауға бейімдеу ме деп қалдым. Көбіне өзімізге әліміз жетпей, қайдағы бір тағдырды, 
әлдекімді қарғап-сілеуге ұстамыз. Мұның өзі жан қарманып, барып-келіп жатқан 
науқастың зіл батпан қасіретін аз да болса да жеңілдетсе керек. Әйтеуір өзгені кінәлау 
жеңілдеу сияқты. 
Бірақ табанда бұл пікірден де айнып қалдым. Өз бақытсыздығыңды өзгеден көрудің 
несі мәртебе? Несі жеңіл?
Адам о бастан-ақ тәкаппар ғой. Өзі кінәлі екенін сезсе, ол онша-мұншаға мойымай, 
қайта өз айыбын жуып-шайып жіберу үшін қайсарлана, қасарыса түспей ме? Мұндайда ол 
жігерленіп, қайратқа мініп кетпей ме?! 
Өзінің азаматтық, адамдық борышын өтеу жолында бақытсыздыққа душар 
болғандар онша өкінбесе керек. Мына қасымда жатқан Қайсар солай. Әрине, оның 
науқасы жеңіл емес. Бірақ сонша бүлдіршінді аузын арандай ашқан ажалдан арашалап 
қалғанын іштей көңіліне демеу қылуына болмай ма? 
Қайсар десе өзі де қайсар екен. Бір аяғы көрде, бір аяғы жерде жатса да ұнжырғасын 
бір түсірмей, тас-түйін боп берік жатыр. «Төзімділікті менен үйреніңдер» дегендей 
күлімсіреп қояды. Қайысар да емес, ойысар да емес ол. 
Ал, Ақылбек аға өзінің де, өзге жандардың да тауқыметін бізден гөрі айқынырақ 
ұғынып, тереңірек сезінсе керек. Өйткені ол бәрімізден көп білетін ғалым ғой. Мұндайда 


аурудың жай-жапсарын терең түсінетін адамның тартатын жан азабы да көбірек бола ма 
деп қалдым. 
Баяғыда бір патша: «Білімге байыған адам, түбінде қайғы-қасіретке де белшесінен 
кенеліп қалады», — деп өз халқын оқытпай қойған екен. 
Сонда қалай? Түк білмеген, түк сезбеген жақсы ма? Адам қайтадан қараңғы түнекке 
түсіп, тек өзінің соқыр сезіміне ғана бағынып, тіршіліктің бәрін көз жұмып істей беруі 
керек пе? Жоқ! Азабы молдау десек те бәрін ақыл- парасатпен ұғынып, жан-жүрекпен 
сезініп барып, әрекет жасағанға не жетсін! 
Адамның артықтығы да осы саналығында емес пе?! Бүкіл азап-бейнетін, қауіп-
қатерін, қорқыныш-үрейін әбден түсініп тұрып жасаған ерлік қана, меніңше, нағыз 
қаһармандық саналса керек. Міне, Ақылбек ағаға басқалардан гөрі көбірек тәнті түратын 
себебім де осы ғой. 
Ал төбесіне төнген қатерді аңғармай, түсінбей, білмей жасаған ерліктің өзі де түптеп 
келгенде ерлік емес, есер- соқтық боп шықпай ма? 
Қашанда жұрт тек ақыл-парасаты мен бойындағы ерлік- жігері тең түсіп жататын 
осы Ақылбек пен Қайсардай жандарға ғана тәнті тұрып, соларға ғана бас иеді емес пе?! 
Тағдырдың қанша уын ішіп, запыранын жұтса да өмірден меселі қайтпаған осы екі жан 
майданнан мүгедек боп оралған Қаратай ағама ұқсап кетті. 
Енді бір сәт бұлардың үшеуі де ажалды менсінбей, өлімді күлімсіреп қабылдаған, 
тәкаппар Бөгелекпен жақсы таныс шығар деген ой келді. Мүмкін, мына өмірге деген 
құштарлықтың, төзімділік пен қайсарлықтың қайнар бұлағы біреу-ақ шығар. Әйтеуір 
қияметтей қиындықта да өз тағдырының тізгніін қолынан шығармай берік ұстай білген 
Бөгелек ажалға өліспей беріспейтін менің дос-туыстарымның рухани қамқоршысы сияқты 
боп көрінді. 
Менің қасымдағы Ақылбек пен Қайсар тағдырдың жазғаны болар деп төсекте 
әрекетсіз жатқан жандар емес. Бұлардың әрбір минуты өмір үшін күреске толы. Мұндайда 
аурухана үйінің біз жатқан үшінші қабатынан өзін-өзі тастап, өліп кету түк те емес. Ең 
қиыны — өзіңді күні- түні шыр көбелек айналдыратын өлімге тізгін бермей, тағдырға 
мойынсұнбай қою шығар. 
Өзіңді жатырқап, маңайына жолатпай безіп жүрген өмір-ананың етегіне күн сайын 
арда емген баладай жармасып, жаныңды салып жабыса беру үшін қаншама ерік- жігер 
керек десеңізші?! Адам өмірге соншама ғашық болады екен-ау деген ой келеді кейде 
маған. Әйтпесе жылдар бойы төсекке жіпсіз байланып, тырп етуге мұршаң келмей, 
көкжамбас боп езіліп, төрт тағандап жатқан мешел тіршіліктен гөрі тып-тыныш өлім мың 
есе артық емес пе? Иә, мұндайда қысқа күнде қырық өлгенше, көзді тас жұмып жіберіп 
бір-ақ рет өлу онша қиын да, қорқынышты да емес сияқты. Ең қиыны — өлмей, тірі жүру. 
Демек, Ақылбек пен Қайсар өмірдің жеңіл жағын емес, азабы мол ауыр жағын өздері 
қалап алған екен ғой.Мұндай жандардың, сірә, тауы шағылып, тауаны қайтпаса керек. 
Бірақ мен солардай бола алам ба? Бір күннің өзінде жілігі шағылып қалған адамның 
ғұмыр бойына қажыр- қайраты жете ме? Мүмкін, мен әлі бойымдағы күш-қуатты да жөнді 
сезбейтін шығармын. Өйткені мұндай ауыр сынға әлі түсіп көргенім жоқ қой. «Шу» 
дегеннен-ақ босаңдық жасап, осалдық көрсететін менің соншама сүйегім жасық па еді? 
Мынадай жандалбасаға түскенде адамның аяқ астынан бозокпе, босаң бел боп кетуі 
де ғажап емес қой. Тұла бойымды қақсатып алып бара жатқан тән азабына да, жүрегімді 
құм қылып, ойыма запыран зәрін құйған жан қасіретіне де төзу қолымнан келе ме? Жоқ 
па? 


Бұған күні бұрын бал ашып, сәуегейлік жасамай-ақ қояйық. Өмірдің өзі көрсетер, 
Гауһар Рас, бүгін жүрекке шемен дерт байланып, көңіліме тас түйіп түсті Бірақ өмірден 
әлі меселім қайтып, қажырым мұқалған жоқ.Бір рет жауырыным жерге тиді екен деп 
белдесуден қашатын су жүрегің мен емес. 
Белім бүгіліп, қабырғам сөгіліп кетсе де, мен өмірден күдерімді үзбеймін. Сол үшін 
ажалдың өзімен де арпалысып, алыса берем. Күрес әлі біткен жоқ. Айқас әлі алда. 
10 
Гауһар! Ауруханадан аяқ-қолсыз, мешел боп оралдым ғой, саған. Амал қанша... Сол 
жолы мені зембілмен әрі-бері тасып жүргенде өзегіңе өрт түскендей боп, өмірден түңіліп 
те кеткен шығарсың. Екі аяқ пен екі қолды құрбандыққа шалып, тірі қалудың не керегі бар 
деп те ойлаған боларсың іштей. Ал, менің тірі қалғым келді. Өзіңді күн сайын, сағат 
сайын, минут сайын көріп жату үшін өмірдің етегіне жармасып, тіршілікке тырмысып тірі 
қалу қажет еді. 
Екі бірдей баламды да қимадым-ау деймін. Әйтеуір тірі болсам, төрт тағандап 
қалсам да, соларды көзіммен көріп жатам ғой. Маған соның өзі зор ғанибет, шексіз бақыт 
емес пе?! Одан артық не керек, тәйірі? Тек қана өзің күндердің күнінде ауырламасаң 
болды, мына мешелді. 
Ауруханадан әкелгенде мені өз үйіміздің үшінші қабатына қалай көтеріп 
шығарғандарың есіңде ме? Қасақана сол сәтте лифті де істемей қалды емес пе. Береке 
тапқыр біздің көршілер елгезек жандар ғой. Айтқызбай-ақ бәрін өздері түсіне кетеді. 
Білдей-білдей жігіттер тұрғанда қояр да қоймай зембілдің бір жағын өзің көтердің емес 
пе? Сонда ішім бордай үгіліп, бір түрлі елжіреп кеттім. 
Адам қыбыр етпей, мелшиіп жатып алса, тіпті ауырлап кете ме деп қалдым. Оның 
үстіне, кесілген омыртқа сүйектері де әлі қатайып біте қойған жоқ, Сәл қисықтау қозғап 
алса-ақ сарт етіп шығып кетейін деп ілініп-салынып тұр. Итшілеп жүріп өз төсегіме 
жеткіздіңдер-ау. 
Төбем көкке екі елі-ақ жетпей қалған шығар. Әйтпегенде ше! Енді сен қасымдасың, 
Гауһар. Сен жанымда тұрсаң, жан азабы да, тән азабы да азайып бара жатқандай сезінем. 
Қос қанаты бүп-бүтін құсты ұшпайды деп кім айтады?! Қасыма екі балам бірдей 
«папа» деп шауып келген сәтте мен екі аяғыммен енді қайтып жер баса алмайтынымды да 
ұмытып кеткендей болдым. 
Ауруханада мен ешкімі жоқ жандарды көрдім. Артынан іздеп келетін тірі пенде жоқ. 
Ондайларды мемлекет өз қамқорлығына алады екен. Мүгедектер үйіне апарады. Жас 
сәбидей алақанға салып, бағып қағады. 
Мен бақытты екенмін, Гауһар. Міне, енді төрт көзіміз түгел болдық. Үшеуіңе қанша 
қарасам да, көзім тояр емес Мейірім қанар емес. Жоқ. Тірі қалғаныма өкінбеймін. Көзді 
ашып-жүмғанша алты ай уақыт да зымырап, көрген түстей өте шығады. «Әрі кеткенде 
алты айдың ішінде екі қолың да жанданып, өзінің бұрынғы қалпына келеді», — деген 
профессор. Оған сенем. Бірақ аяқтарым... Аяқтарым осы күйінде қалады ғой. 
Егер маған сау кезімде әзірейіл келіп, «Не екі балаңды бер, не екі аяғыңды бер», — 
десе не істер едін? Әрине, ойланып-толғанып жатпай екі аяғымды қияр едім. Демек, 
осындай операцияға келісім беріп, қателеспеген екем ғой. Онда несіне өкінем? Жоқ. Мен 
өкініп жатқам жоқ. Кетер аяғым — кетпен таяғым. Енді басқа түскенді мойынмен көтеріп, 
осындай өмірге кекіл түйдім. 


Көңіл жетер ағайын тегіс жиналды-ау деймін сол күні біздің үйге. Соншама көп 
кісінің жалғыз мен үшін бәйек боп, апы кіріп, күпі шығып жүргенін көргенімде бір түрлі 
ыңғайсызданып, қысылып қалдым. Бірақ бұл маған зор медеу еді. 
Ұзақ уақыт ауруханада жатып, өзім де әбден малма тымақтанып, ынта-жігерімнен 
айрылып қалсам керек. Мына жұрт менің қажырымды қайрап, жанымды жани түскендей-
ақ аяқ астынан жігерлендіріп жіберді. Қиын-қыстау сәтте иіліп төсек, жайылып жастық 
болуға жарайтын дос- жарандарым аз емес екен деп ойладым. Соған көзім жетті. 
«Ер қараға бір қара боп, қатарға қосылып кетерсің», — деп бәрі де көңілімді 
жұбатқан болады. Еш жерім ауырмай, сыздамай, көзім тірі жатса, қатарға қосылғаным сол 
емес пе? Бірақ қазір бүкіл денем зар қақсап жатыр ғой. Іштей тас-түйін боп тістеніп алғам. 
Гауһар! Осы күнге дейін қалай байқамай келдік? Көңіл сүйер дос-жаран көп екен 
ғой. Бәрі де шетінен бауырмал, кең қолтық, кең есік жандар емес пе? 
Жалғыздықта жабыққан көңілді бір көншітіп, жақсылап демдеп алғандай болдым. 
Бірақ қуанышым ұзаққа бармады. Сол заматта-ақ лып етіп, көңілдің күю өшіп 
калғандай болды. Өзінен-өзі-ақ өшейін деп өлімсіреп, әрең жанып тұрған үміт шамын 
үрлеп сөндіре салу да онша қиын емес еді. 
Сол күні көңілімді су сепкендей басып тастаған кім дейсің ғой Бәкір деген туысым. 
Әйелі екеуі сол кеште жұртпен бірге қайтпай, біздің үйде қалып қойған еді. 
Дос-жарандар қоштасып, үйден шығып кетісімен-ақ ол кердеңдей басып мен жатқан 
бөлмеге кірді. Ылғи ашық тұратын есікті де жаба келді Бағанадан безек қағып ойнап 
жүрген екі баланың у-шуы да су сепкендей басыла қалды. Қасақана қылғандай сен де зым-
зия боп кеттің. Шамасы, сен сол сәтте Бәкірдің әйелімен ас үйде әңгімелесіп отырдың-ау 
деймін. 
Бүгін Бәкірді тану қиын еді. Қашан да бүкшиіп, суыққа тоңған адам сияқты басын 
мойнына тығып алып, кісінің бетіне тік қараудан жасқанып, қипақтап тұратынды. 
Мұндайлар өзіне қарсы келе алмайтын, өзінен әлсіздерді көргенде жанданып, аруақтанып 
кете ме деп қалдым. 
Бүгін Бәкірдің бойы да оқтау жұтқандай тіп-тік. Ызалы көздері менің өңменімнен 
өтіп кете жаздайды. Тәкаппар. Кесіп-кесіп, бұйыра сөйлейді. 
Сау-саламат кезімде Бәкірмен дүрдараз, кез бастау боп жүретінбіз. Бет-аузы бір 
жапырақ, дене құрылысы жеті-сегіз жасар баладай-ақ осы туысымды көрген сайын 
ішімнен «Анасынан шала туған шығар» деп ойлайтынмын. 
Мінезі де қызық Лажы болса адамға жолағысы келмейді. Көшеде де ұры мысық 
сияқты аяғының ұшымен ғана басып жүреді. Қаттырақ басса жер ойылып түсіп кететіндей 
қорқады. Басқаны қайдам, маған әйтеуір сол дүкенге де, тіпті күнделікті жұмысына да 
ұрланып барып, ұрланып қайтатын сияқты боп көрінуші еді 
Бір есікке кірерде ол сәл бөгеліп, артымнан біреу аңдып келе жатқан жоқ па 
дегендей жан-жағына жалтақтап қарап алады. Үйден далаға шығарда да өзгелер сияқты 
бірден сытылып шығып кетпейді. Алдымен қылтитып есіктен басын тысқа шығарады. 
Сосын жұдырықтай басы кекшеңдеп, өлген қойдың көзіндей жансыз жанары жалтақтап, 
айнала төңірегін барлап алады. Жақын маңайда тірі пенденің жоқтығына әбден көзі 
жеткен соң ғана көз шеспейтін жылдамдықпен есіктен ыткып шығып кетеді. Мұндайда ол 
бөлменің бір бұрышынан екіншісіне зып беріп қашып өткен тышқанды есіме салатын. 
Бірақ оның мұндай қылығына бұрын онша мән бермеуші едім. Әдеті шығар деп күлетінбіз 
де қоятынбыз. 


Әйтсе де, бұл әдет емес екен, Гауһар Ауру екен. Ауруханада осындай науқастарды 
көрдім. Кәдімгідей ем жасайды оларға. Мұндай кеселді жұрт өзара әңгіме кезінде 
«қуғынға ұшыраған патша» деп те атайды екен 
Сөйлегенде тура кекіреге тойған текедей бақылдайды. Ең жаманы — әңгімелескенде 
бейне бір шыныдан жасап қойғандай-ақ бір нүктеден қозғалмайтын жансыз жанарын 
көзіңнен айырмайды. Көздері үңірейіп кеткен. Мылтықтың ұңғысындай сұсты боп 
көрінеді. 
Бәкірдің арамдығына найза бойламайды. Соның несін айтып отырмын саған, Гауһар 
Өзің де жақсы білесің ғой. Есіңде ме, бір жолы әйелінің бізге кеп, мұңын шаққаны. 
Ерлізайыпты екеуі құдды ит пен мысықтай. Қосылғалы бері аңдысып, арбасып, жауласып, 
бірін-бірін атарға оғы болмай келеді. Бұлар тіпті қонақта отырғанның өзінде де бірін-бірі 
іліп, қағып, өшін алып қалу жағын қарастырады. Маған сол екеуі бір-біріне мына 
дүниенің жақсылығын қимайтын сияқты боп көрінеді. Ажырасып та кетпейді олар. Ғұмыр 
бойы бірін-бірі азаптап өткісі келетін тәрізді 
Бәкірдің әйелі күйеуінің аяр қылықтарын саған жыр ғып айтып беріпті ғой. Сонда 
сенің «Қолтоқпақтай ғана осы адамның бойына соншама көп жамандық қалай сыйып 
кетеді екен», — деп жағаңды ұстағаның әлі есімде. Шіркіннің, тілі удай ащы ғой. Аузын 
ашса-ақ зәр шашады. Нағыз кер азудың өзі. Тілінің ілмешегі бар. Біреуді қағытпай, 
мұқатпай сөйлей алмайды 
Міне, сол шипиген әлжуаз Бәкір ілмиіп кеп қасыма отырды. Жаңа ол оңаша сәтті 
аңдып, есіктен басын сұққанда-ақ шітей тіксініп қалған едім. Ауруханадан талай 
сұмдықты көріп, етім үйреніп кетсе де, мынаның жансыз жанарына тік қарауға әлденеден 
сескенетін сияқтымын 
Қашан да айналасына ызғар шашып тұратын ызалы көздері енді күлімсірей қапты 
Қутың-қутың етеді. Бетіме ашық арсыздықпен кекете қарап отыр. 
Қазір ол көктен іздегенін жерден тауып тұр. Қас қағымдай бір сәтке ойнақши қалған 
көздері-ақ көп нәрсені аңғартқандай еді «Ә, мүсәпірлік қалай екен?! Қашанғы күнің көкте 
жүзе берсін. Тағдырдың уын сен де бір ішіп көрсейші» дегендей еді ол. Бет-пішінінен 
оның табасы қанып тұрғанын аңғару қиын емес болатын. 
Бұл неге айызы қанған адамша менің қайғыма рақаттанады? Бұған не жамандық 
істеп едім? Жоқ Өмірімде Бәкірге істеген қиянатым жоқ. Әйтпесе неге қазір тура 
жүндемек болған адамдай тісін тісіне қойып отыр? Әлде «Жақсы аттан жығылса, жаман 
адам табалар» дегеннің кері келіп тұр ма? 
Тап қазір екі көзі адырайып, танауы делдиіп, төбемнен әзірейілдей төніп тұр 
Әлденеге миығынан күлетін сияқты. Ләм-мим деп ауыз ашпайды. Дәл осы күйінде ол 
торғайды арбап тұрған жыланға ұқсар еді. Мен қазір бұл күйімде сол торғай құрлы да 
жоқпын. Менің қазір тырп ете алмасымды ол жақсы біледі. Сол үшін де ол күшейіп тұр. 
Сау кезімде өзім түгілі көлеңкемнен жасқанатын жасықтың есіруін қарашы «Құлан 
құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды» деген осы екен-ау деп ойладым. Бойымдағы 
бар ашу-ызаны көзбен аңғартпақ болдым. Біздер бір сәт көзбен арбасып, екеуіміз де 
қалшиып қалдық. Егер қолдарым сау болса, қазір мына шіріктің жағасынан ала түсер едім. 
Жайшылықта жаңқа құрлы көрмеуші едім- ау, мынадай сілінтіктерді. Енді міне, ең 
әлжуаз, ең қауқарсыз неменің өзі мені басынып отыр. Тырп етіп қарсылық көрсетуге 
шамам жоқ. Тіпті қаттырақ сөйлеуге де дәрменсіз сияқтымын. Өзімнің соншалықты 
бейшара күйге түскеніме ызаланып, қағанағым қарс айрылып кететіндей боп 


жаттым.Әйтсе де, бұған не жамандық жасадым екен? Соны ойлай-ойлай басым қатты. 
Неге маған ол қанды кегі бар адамдай көздері қанталап қарайды? 
Бұл адам емес, өлексемен қоректенетін құзғын еді. Мен оның көзіне өлексе боп 
көріндім. Өмір-бақи бұқпантайлап, көрінгеннен зәресі ұшып, өзінен мықтының бетіне 
келмей, жан сауғалап жүрген мұндай қорқаулар запыран зәрін жылдар бойы ішіне жинай 
береді ғой. 
Міне, ұзындағы өшін, қысқадағы кегін ала алмай ішінен тынып жүргенде тырнағына 
мен іліндім. Бүгін ол жұртпен бірге көңіл сұрауға емес, сол бойындағы зәрін маған 
шашып, бір құмар тарқатуға келген тәрізді. 
Көшедегі бес жасар баладан бастап, қойнындағы әйеліне дейінгі жұрттың бәрін 
дұшпан санайды. Өзінің жастайынан қортық боп, бойының өспей қалғанын да, алапес 
тәрізді елге қосылмай, саяқ жүретінін де, тіпті әйелімен жаман тұратынын да өзінен емес, 
өзгелерден көреді. Ол өзін жұрттан қорлық көріп, жапа шегіп жүрген адам санайды. Іштегі 
ашу-ызасы қазандай қаинайды. Соны сыртқа шығаратын қолайлы сәтті іздейді. 
Шынында да, Бәкірдің өмір бойы жолы қырсығып, иті қырын жүгірумен болды. 
Мектепте де өзі жарытып оқымады. Бірақ үздік оқитындарды күндегенде тауаны 
тарылып кететін. Сонысынан да аз таяқ жеген жоқ. Оныншы сыныпта жүргенімізде тілі 
ащы қыздар оны келемеждеп: «Балақай, биыл бірінші сыныпқа барасың ба?» — деп итін 
шығаратын. Соны әйтеуір армияға да алмады. Жарамайды депті. Сол кезде- ақ ол 
ішкілікке салынып кетті. 
Қанша жыл барса да институтқа түсе алмады. Білімі жетпеді. Мен институтты 
бітірген жылы да ол «Оқуға түсуге келдім» деп емтихан тапсырып жүретін. 
Мектепті бірге бітірген ауылдас жігіттердің қай-қайсысын көрсе де үнемі: «Менің 
жолым ауыр ғой. Әйтеуір өзге жұрттың асығы алшасынан тұра қалады. Менен де 
жамандар институтты бітіріп алды», — деп мұңын шағатын. 
Ең жаман әдеті — сұмдық күншіл еді. Қаршадайынан- ақ күбірлеген күңкіл сөзге 
үйір. Мектепте біреу бес алса да, қабырға газетіне тәуір өлең жазса да, қыздарға сөйлесе 
де, тіпті жаңа шалбар киіп келсе де күндеп, талағы тарс айрылып кете жаздайтын. 
Бұрын осының бәріне мән бермей келген екем ғой. Мына Бәкір мені өмір бойы 
күндеп жүріпті-ау. Мен инженер дипломын алғанымда, ол әзіл айтқан боп: «Қазір мұндай 
мұқаба көрінген күшіктің қалтасынан табылады», — деп күлген еді. 
Гауһар! Екеуіміздің неке тойымызда да ол әкесінен қатты таяқ жеген баладай бас 
терісі салбырап, сүмірейіп отырған. Ертеңіне бір досыма жолығып: «Келіншек байғұсқа 
жаным ашыды. Әп-әжептәуір қыз екен. Мына біздің тік қаққан әккіге абайсызда алданып 
қалған ғой», — депті. 
Біздің балаларымыз да бір мектепте оқыды ғой. Үлкен ұлымыз бірінші сыныпты 
үздік бағамен, мақтау қағаз алып бітірді. Бәкірдің қызы да сол сыныпта оқыды. Ата-
аналар жиналысында Бәкірдіңталай бұлан-таланы шығып: «Сендер мақтау қағазды да 
тамыр-таныстарыңа бересіңдер», — деп көптің көзінше мұғалімдерге дүрсе қоя беріпті. 
Оны өзің айтып келіп едің ғой, Гауһар 
Соның бәрін кезінде елемей, ескермей жүре берген екем. Осы бір ішмерез туысымды 
қазір ғана танығандай болдым. Бұрын өзі көзге түсе бермейтін. Сөйтсем, ол байғыз секілді 
бейуақ қараңғылыққа, жамандыққа үйір екен ғой. «Адамның іші де мұнша тар, көңілі 
соншама қара бола береді екен-ау» деп ойладым. 
Міне, енді сол Бәкір өзінің ғұмыр бойы аңсаған арманына қолы жеткен адамдай 
мәре-сәре боп отыр. Айызын қандыра түскісі келгендей-ақ менің жансыз жатқан 


аяқтарыма қарайды. «Мына аяқ-қолдардың шаруасы біткені рас па? Бір күні болмаса бір 
күні жазылып кетіп, жазамды беріп жүрмей ме?» деп іштей күдіктенетін де тәрізді. Соның 
анық-қанығына көз жеткізіп алғысы келгендей әл- жуаз қолдарын ербең-ербең еткізіп 
денемнің әр жерін бір ұстайды. 
Ақыры ол өз ойын жасырмай, қоламтасын қоздатты: 
— Түсінем. Тас түскен жеріне ауыр. Бәрінен де саған қиын болды ғой. Бірақ 
қашанғы әйеліңе масыл боп төсекте жата бересің?! Ұят қой. Гауһар күнде жылайды екен. 
Қашанғы отырсын омалып. Жас емес пе? Сен оның жолына байлау болма. Жібер, еркіне 
Кетсін ұшып. Сен бұл үйде жатқанда ездігінен кете алмайды ол. Сенен қысылады. Аяйды 
Ол үшін алдымен сен кетуің керек. Мүгедектер үйіне.. Біздің өкімет ешкімді далаға 
тастамайды. Ал, балалардан қам жеме, мен оларды бір жақсы интернатқа өзім 
орналастырам, — деп менің көзіме не айтар екен дегендей барлай қарады. Мен тіс жарған 
жоқпын. Ол сөзін ұштай түсті. — Кесімді күн — кесілген ет емес пе? Адам кейде өзінің 
талқаны таусылғанын да сезбей ме деп қалдым. Мұндайда батылдық керек. Жақында 
мына сен тәрізді кәріп боп қалған бір жігіт өз тағдырын қолына алып, мәселені бір-ақ 
шешіпті. Асылып өліпті. Байғұс қырық жылғы қиямет-қайымнан бір-ақ құтылыпты. Бірақ 
ол үшін таудай жүрек керек. Сенің қолыңнан о да келмейді ғой. Бейшара-ай... Тірі өлік 
боп жата беруден не пайда?! 
Ә дегенде, мен оны ит терісін басына қаптап, балағат- тамақ болдым. Бірақ ол 
ойымнан тез айнып қалдым. Сегіз кессе сіркедей қан шықпайтын, бет бақтырмас без 
бүйрекке сөзімді шығын қылып қайтем? Бүған керегі де сол менің тас-талқан боп ашуға 
мінгенім емес пе? Мұндайлар біреу әлем-жәлем боп, егіл-тегіл жылап жатса, содан ләззат 
алады ғой. 
Рас, операциядан кейін қатты азап шектім. Бірақ мына бүгінгі жан азабы одан жүз 
есе ауыр соғып тұр. Егер мені сәл-пәл адамға ұқсас, айтысуға, тартысуға арзитын адам 
қинаса, жаным мұнша жапа шекпес еді. Дүниеде ит пен құсқа таланған ауыр екен ғой. 
Бір сәт өзінді дауыстап шақырып мына сүмелекті үйден қуғызып жіберсем бе екен 
деп ойладым, Гауһар. Онда өзім күресе алмай, әйелімді ортаға салып, мына шірікке 
әлсіздік көрсеткен болам ғой. Бұған керегі де сол емес пе? 
Әрине, бір қолым қимылдаса да қазір ашу үстінде алқымын езіп тастар едім. Бірақ 
қазір тілім мен көзімнен басқа қаруым болмай, діңкем құрып тұр ғой. Іш қазандай 
қайнайды, тырп етуге мұрша жоқ. 
«Сенің сыртың бүтін болса да, ішің түтін. Сен тірілер қатарында жоқсың. Сен өлгелі 
қашан! Ал, мен қозғала алмай, төсекке байланып жатсам да, баяғыдай жан сарайым 
сайрап тұр. Жүрегім тірі. Көкірек көзім ашық. Осы үйде, осы күйде жатып-ақ мен сенен 
өмірді көп көрем, көп сезем, көбірек ләззат алам», — демек болдым 
«Соншама өшігетіндей-ақ сенің қай шырағыңа көлеңке болып едім» деп сұрауға да 
оқталдым. 
Бірақ бұл сөздерім өзіме жасықтау, әлсіздеу боп көрінді. Оның үстіне, қазір 
сөйлесем даусым қаттырақ шығып кетіп, мынаған сыр беріп қоюым да ықтимал. Қазір мен 
үшін ең басты нәрсе — мына сүмелекке күйреуік боп көрінбеу. Төрт құбыласы түгел 
адамдай-ақ сәл күлімсіреп, еш нәрсеге мән бермей, жайбарақат жата беру керек. 
Әйтсе де, әккі дұшпан керегені кертіп жатқанда карап қалуға болмас. Мұндай 
жымысқы жандарға айтар менің де ойым бар емес пе? Бір сәт шабыты келген нағыз 
ақындарша өзінен-өзі арқам қозып, аруақтанып кеттім: 
Өз ойым бар өзімнің өз дегенім, 


Қайтем жұрттың кай жерді көздегенін, 
Өшпей тұрса ботады ой жарығым, 
Сезсем бопты өзіенің сезбегенін Іші өлмеген еркектің сырты өлмейді. Жан жаураса 
кайта адам жөндетмейді — 
деп жазыпты ғой әлгі ақын 
Меніңше, адам тек өз жанынан шығарған өлеңін ғана дәл осындай шексіз сеніммен, 
шынайы сезіммен, жан- тәншен беріле оқитын шығар. Бір сәтке өзге түгілі, тіпті өзіме де 
осы өлең өзімдікі сияқты боп кетті. Өйткені ол менің тап қазіргі жан-дүниеме тым жақын 
тұр еді. Өлеңнің соңғы екі жолын үш реттен қайталадым. 
Неге екенін қайдам, әйтеуір мен өлең жолдарын оқып бола бергенімде, Бәкір аяқ 
астынан өңі қуарып, жуған шүберектей боп-боз боп, есікке қарай шегіншектеп бара жатты 
Мүмкін, ол өзінің«іші өліп», «жаны жаурап» айықпайтын дертке шалдыққанын нақ сол 
сәтте ғана ұққан шығар. 
Сен жөніндегі сөздерді ол менің жанды жеріме әдейі тигізіп айтып отыр ғой, Гауһар 
Бәкір мені бұлан-таланы шығып ашу-ызаға тұншығып қалады деп ойласа керек. Бірақ мен 
қызылтанау болғам жоқ. Қынқ етпедім. Қайта әлгі сөзге қуанғандай сыңай танытып, 
шабыты қозған ақындай сампылдап өлең оқи жөнелдім. Соған қарап ол мені жынданып 
кетті деп қорықты ма екен? 
Кәлимаға тілін келтіріп жатқан молдаға ұқсап, еріндерін жыбырлатып күбір-күбір 
еткен күйінде бөлмеден шығып кетті. 
Гауһар' Сол аярдың дәлізге шығып саған не айтып, не қойғанын естігем жоқ. Бірақ 
екі балам бірдей ебіл-себіл жылап, жаныма жетіп келгенде әлгінің тағы бір сұмдық 
шығарғанын ішім дереу сезе қойды. Маған әлі жетпеген соң сендерге тиіскенін түсіну 
қиын емес еді. Бұл — жылан жүрісті зымияндардың ежелгі әдісі ғой. 
Жарадан ірің ағызып кеткен екен ол. Екі ұлымның да сора-сорасы шығып, еңіреп, 
бебеу қаққанда көкірегім қарс айрылып кете жаздады. 
Сау кезімде балаларымның қайсысы жылап келсе де дереу аймалап сүйіп, мойныма 
мінгізіп, далаға көтеріп кетуші едім. Жеті жасар Мұхит та, екі жасар Қайрат та соған 
үйренген. Қазір олар өксігін баса алмай «Папам қашан аймалайды» деп күтіп тұр. Тым 
құрыса қазір екеуінің де бастарынан бір-бір сипап қоюға зар боп, қалшиып қалған 
қолдарымды қимылдата алмай, өзегіме өрт түсіп жатқанын мына екі құлыным қайдан 
білсін?! 
Бағана мені зембілге сап әкелген бойда-ақ Қайратым алдымнан жүгіріп шығып 
«Папа' Ертең жазыласың ба? Сосын мені мойныңа мінгізесің бе?» — деген 
Нәрестеніңалып ұшқан көңілін жыққым келмей «Иә, жазылам, мойныма мінгізем», — дей 
салғам Қазір кіп-кішкене Қайрат өзі ебіл-дебіл жылап тұрып, менен «Ертең жазылам дедің 
ғой, ә», — деп қайта-қайта сұрайды. 
Дәлізде не боп, не қойып жатқанын Мұхиттың сөзіне қарап тұспалдадым Інісіне 
қарағанда ағасының сөзі айқындау еді 
— Анау бір кісі сені енді қайтып тұрмайды деп жатыр. Жүрмейді деп жатыр 
Мамамды ұрысты. Мамам жылап қалды. Анау кісі сені бір жаққа апарып тастамақшы 
Бәрібір өледі дейді Ал, сен өлмейсің ғой, папа, ә? Өлмейсің ғой. Зығырданым қайнап 
кетті. Табанда-ақ аза бойым қаза болды. Мен операциядан кейін профессордан енді 
қайтып жер басып жүре алмайтынымды естіген сәтте де мұншалықты жан азабына түскен 
жоқ едім. Мына ешбір кінәсіз сәбилердің жүрегіне мәңги-бақи өшпес дақ түсіріп, жігерін 
құм қылудан тайынбаған қаныпезерді тап қазір шайнамай жұтып жіберуге бар едім 


Мен қазір өзімнің қайғылы тағдырыма емес, дүниеде осы күнге дейін Бәкір секілді 
аярлардың жер басып жүргеніне қынжылып жатырмын. Мұндай мысық тілеулес, қара 
жүректер бұрын да болған. Оқта-текте десек те қазір да ұшырасып қалады. Ал, егер ақ 
жүректі, адал жандар оларға қарсы күреске шықпаса, онда болашақта да болары хақ 
Демек, қайғыға қамалып жата бермей, білек сыбанып күреске шығуым керек. Мына 
Мұхит пен Қайрат ер жеткенде араларында Бәкірлер жүрмесе екен. Сол үшін мен де 
қолымнан келгенін істеуім керек қой. Ал, қолымнан не келеді? Талпынсам әлі де көп 
нәрсе келетін сияқты. Мен кірпіш қалап, үй тұрғызып келген жанмын ғой. Сөздерді де дәл 
солай бір-біріне қиюластырып, жұрттың кәдесіне жарайтын дүние жасай алам ба екен 
деген ой келді маған. Рас, бұл қиынырақ. Инемен құдық қазу дегеніміз нақ осы шығар. 
Бірақ оңай олжаның қадірі бола ма? Кірпіштен әп-әдемі, жұртқа жағатын үй тұрғызу 
жеңіл деп кім айтады? Әйтсе де, оны үйрендім ғой. Демек, жанымды салсам мұны да 
меңгерем. Бұл қаруды да игерем. Сол жолда қандай ақырет-азапқа душар болсам да 
өкінбеймін. Мына етбауыры елжіреп, төсегіннің екі жағында еіңреп, менен көмек күтіп 
тұрған екі ұлым үшін, жер бетіндегі барша қорғансыз балалар үшін жазам. Жазу керек. 
Бұл менің өмірдегі ең соңғы қаруым шығар. 
Әділдік, жақсылық, адалдық үшін күреспей өткен өмірден не пайда! Адамдарға 
«осындай зымияндардан сақтаныңдар, бір біріңе бауырмал болыңдар!» — деймін. Тым 
құрыса мұндай айыр тілді аярлардың бір-екеуін жұртқа паш етіп көрсетермін. 
Жер бетіндегі жамандық атаулыга қарсы аянбай күресіп жатқан ақ ниетті 
жазушылар армиясына солдат болуға жараймын ба? Ол үшін отқа да, суға да түсу керек 
шығар. Мен сондай сынға төзем бе? Өмірдің ауыр бір сынынан сүрінбей өттім ғой 
Мүмкін, ендігісінен де өтермін... 
Ал, менің тап қазіргі арманым мүлдем басқа. Тағдыр маған тек бір минуттық қана 
күш-қуат берсе ғой, шіркін. Бір минут аяғыммен жер басып тұра алсам . Соның өзі- ақ 
өмірдегі бар арманымды орындауға жетіп артар еді. Сол жалғыз минут ішінде мен дәлізге 
шығып, Бәкірдің өтін алып аузына қүйып та, Қайратты мойныма бір рет мінгізіп те, 
Мұхиттың басынан сипап аймалап та, Гауһар сенің мөлт-мөлт еткен көз жасыңды сүртіп 
те үлгерер едім. 
Егер мен қазір осы айтқандарымды істей алсам бар ғой, өмірден басқа еш нәрсе 
қаламай-ақ мына өлі төсекте тағы жүз жыл жат десе де қыңқ етпей үн-түнсіз жата беруге 
риза едім. 
Бірақ ондай минут қайда? Ол тек арман ғой. Бір минуттық саулықтың соншама 
қымбат дүние екенін бас аман, бауыр бүтін кезде кім білді дейсің. 
Жаңа Бәкір ашықтан-ашық табалап «Енді сен тірі өліксің ғой», — дегенде тырс 
еткен жоқ едім. Қазір Қайратым жаныма кеп: «Папа, ертең мені мойныңа мінгізесің ғой», 
— дегенде көзімнен ыстық жас қалай ыршып кеткенін өзім де сезбей қалдым. Енді екі 
балама қосылып, үшеуіміз де бордай егіліп епл-тепл болдық. Тек мен ұлдарым сияқты 
дауыс шығармай, іштей егіліп, елжіреп, үн-түнсіз, аузымнан шыққан демім от боп 
жыладым. 
Бір сәтке барлық туған-туысқаным, жора-жолдасым көзіме кұдды осы Бәкір сияқты 
боп елестеп кетті. 
Тіршілік шыр айналған құйын екен, 
Құйында өмір сүру қиын екен, 
Қауымым, қимастарым деп жүргенім Әншеиін сауық құрған жиын екен — 
деп ақын қалай тауып айтқан 


Мен осындай ауыр ойға шырмалып жатқанда бөлмеге сен кіріп келдің ғой, Гауһар 
Сонда сен біз қосылғалы бері тұңғыш рет менің көзімнен жас көрдің. Төбеңнен біреу 
мұздай су құйып жібергендей болды-ау деймін. Селк ете түстің. Сенің бүйтіп қатты 
шошынғаныңды бұрын-соңды мен де көрген жоқ едім. Әйтсе де, сен тез есінді жиып 
алдың. Осы шаңырақтың бар ауыртпалығы енді өз мойныңа ауысқалы тұрғанын сен дәл 
осы минутта, қас қағымдай сәтте ұғып үлгерсең керек, Гауһар. Мына екі бірдей темір 
қанат балапанның да, ғұмырлыққа мешеулік қамытын киген менің де тағдырым енді сенің 
ғана қолыңда еді, Гауһар. Мүгедек әкесін кезек-кезек аймалап жатқан екі баланы тірідей 
жетім етіп, зар жылатып қоймаймыз ба? Ертең осы екеуін бір көруге зар боп қалмаймын 
ба мен? Менің мешелдігім екі бірдей ұлымның жүректеріне жазылмас жара боп жабыспай 
ма? Қысқа күнде қырық өліп, күндіз-түні ажалмен арпаласып жатқан науқасты бағып- 
қағу қияметтен қиын емес пе? 
Міне, осы қиын сауалдардың бәріне сен табанда жауап беруің керек еді. Өйткені бұл 
үйдегі барша жанның тағдыры енді жалғыз саған ғана, сенің жауабыңа ғана байланысты 
болатынды. Еріксіз ыршып кеткен менің бір тамшы көз жасымды көргенде, соның бәрін 
сен бірден-ақ ұқтың. Балаларды әкесінен айырмау үшін таудай тауқыметті жалғыз өзің 
көтеру керектігін де сездің. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан безуге мәжбүр болатыныңды да 
жан- жүрегіңмен түсіндің. Жиырма жетіге жетпей-ақ саған жастық шақтың көңілді 
күндерімен біржола қоштасу керек еді Оны да аңғардың сен. 
Тап қазір сенің үзілді-кесілді бірдеңе айтуың керектігін мен түгілі, мына қаршадай 
балалардың алаңсыз жүректері де сезіп тұрған сияқты. Екеуі де мамам не дер екен 
дегендей жәутеңдеп саған қарай береді. Бәріміздің де тағдырымыз нақ осы секундта, сен 
мені де, екі баланы да үн-түнсіз, кезек-кезек сүйіп жатқан сәтте шешілгенін жүрегім 
бірден сезді. 
Сен ауыз ашқан жоқсың. Бірақ көңіліңдегінің бәрін көзіңнен таныдым. Сен бір 
секундқа да қобалжыған жоқсың. Менің басыма түскен ауыртпалықтың қандайын болса 
да бөлісуге іштей тас-түйін боп бекініп алған едің. 
Біз екеуіміз бұдан кейін де талай мәрте өмір сынына түстік қой. Бірақ ең ауыры осы 
алғашқысы, менің ғүмырлық мешелдігім өзіңе мәлім болған күні еді. Адамның ойына 
келмейтін небір сұмдықтарды саған Бәкірдің айтқанын мен кейінірек есітіп білдім. Мені 
неге мүгедектер үйіне жіберуге асыққанын да түсіндік. Мен кеткен соң, екі баламды 
интернатқа орналастырып, біздің үш бөлмелі пәтерді өзінің бір бөлмелі ескі үйіне «заңды 
түрде» ауыстырып алмақшы екен. 
Ерлі-зайыптының арасына есі кеткен кіріседі ғой. Бәкір араға кірісті. Құлындағы 
сақауын, құнандағы тістеуін айтып, бар жамандықты маған үйіп-төгіпті. Әйтсе де, соның 
бірде-біріне иланбай, қаңқу сөзге құлак аспай, аяр немені иттей ғып, жанын жағасына 
келтіріп, үйден қуып шыққаныңа мың да бір риза болдым. 
Рас, біз Бәкірден де, әйелінен де көпке дейін құтыла алмадық. Сен көшеге шықсаң-ақ 
ізіңе түсіп, майлы күйедей жабысты. Саған «қамқоршы» болды. Бетіңнің қызылы қашпай 
тұрғанда теңіңді тауып ал деп «кеңес» те берді. Тіпті саған лайықты бір жақсы адамды 
қарастырып қойғанын да айтумен болды. Бұл іске олар барын салып, білек сыбанып 
кірісті. 
Менің онсыз да жаралы жүрегімді сыздатқың келмеген шығар. Жігерімді жасытам 
деп жасқанған боларсың. Әйтеуір әлгі туыс сымақтардың бауырыңа кіріп, іштей жайламақ 
болған әрекетінің бәрін маған тек арада көп уақыт өткен соң ғана айттың ғой. 


Гауһар! Ауруханадан келген күні маған не дегенің есіңде ме? Сол күні маған бір-ақ 
ауыз сөз айттың. Бір- ақ рет айттың. Бірақ сол сөзді біреу құлағыма минут сайын 
сыбырлап, қайталап жатқандай боп тұрады. «Жыламашы! Мына екі баланың көзіне 
көрініп, тірі жатсаң болғаны. Қалған тірліктің бәрін мен өз мойныма алам», — дедің ғой. 
Шынында да, біздің үйдің бар ауыртпалығы сол күннен бастап, сенің мойныңа 
түскен еді. 
11 
Ауруханадан үйге келген алғашқы күннің оқиғалары әлі күнге көз алдымда тұр. 
Адамға қатты әсер еткен ұсақ- түйектің өзі көңілге берік ұялап қалады екен ғой. Соның 
бәрі жаңа ғана болып өткендей. 
Профессор операциядан кейін маған әзіл-шынын араластырып: «Өмірге сен екінші 
рет келдің, анаңнан екінші рет туылдың. Медицина ғылымы саған екінші рет өмір 
сыйлады», — деген еді. Мүмкін, солай да шығар. 
Бірақ маған бірінші ғұмыр сыйлаған анам болса, екіншісін сен сыйладың ғой, 
Гауһар. Егер сен сол алғашқы күннен бастап-ақ көңілімнің суаты бола алмағаныңда екі 
бірдей ұлым жүрегіме күндіз-түні тынымсыз мейірім нұрын құйып жатпағанда, 
әлдеқашан-ақ жұлдызым сөнері хақ еді. 
Сен көңілдегі мұңды таратып, көздегі жасты тыйып қана қойған жоқсың. Көңілімнің 
күнін өшіріп алмау үшін ұдайы жанымда болып, қасымнан қарс аттам шықпадың. 
Аурудың азабынан мұз боп қатқан жүрегімді май қып еріттің. Сөніп бара жатқан өмір 
шамына күш-жігер нәрін күндіз-түні тамызып отырдың. 
Аурудың жан төзгісіз бейнеті күн өткен сайын көбеймесе азайған жоқ. Операциядан 
бар тапқаным — тірі қалдым. Соншама азап тартып, қайғы арқалап тірі қалудың қажеті 
бар ма еді деген ой келеді кейде маған. Сағат сайын, минут сайын жан далбасаға түсіп, 
сорға қамалып, бүйтіп жанды көлеңке боп жатқанша неге бірден еліп кетпедім екен? Бәкір 
айтқандай «көзді жұмып жіберіп, бар азаптан бір-ақ қүтылу керек» пе еді? Ол маған онша 
қиын емес сияқты. Ауру маған азу тісін әдеттегісінен де қаттырақ батырып жіберген 
сәттерде ажалдың өзі қол жетпес армандай, жанға сая мекен жайдай боп көрінеді. 
Мұндай сәттерде өмір сүруден гөрі маған өліп кету мың есе жеңіл еді. 
Бірақ менің көңілімдегі кірді тауып, ой санамды жамандыққа жолатпай, аумалы-
төкпелі тіршіліктің күн шуақты жағын көбірек көре білуге үйреткен сен ғой, Гауһар. Мені 
ажал аузынан алып қалған сен болдың. Сенің көңіл мейірімің болды. Балаларымның 
жәутеңдеген көздері болды 
Ауруханадан оралған бірінші күннің оқиғалары есіме түссе-ақ бойымды осындай ой-
сезімдер билеп алады. Сонымен Бәкір келіп кеткен соң біз үй ішіміз түп-түгел ит көрген 
мысықтай үрпиісіп отырып қалдық «Отырдым» деген сөзді мен тек шартты түрде ғана 
айтам ғой. Өйткені операциядан кейін екі-үш жылға дейін маған боксе басып отыруға 
болмайтын еді. Қырық құрау қайта жамалған омыртқа сүйектерім бітіп кеткенге дейін 
тастай қатты тақтайдың үстінде қыбыр етпей жатуым керек болды. 
Сөйтіп дел-сал боп, есеңгіреп отырғанымызда есіктің қоңырауы шытдырап, безек 
кағып қоя берді. Адамның тұла бойын ашу-ыза кернеп, қанын торсыққа құйып отырған 
кезде сәл ғана дыбыстың өзі құлақты жарып жіберетіндей қатты естітеді екен. Күтпеген 
қоңыраудан тік- сінің қалдық «Түнделетіп жүрген кім екен?» — дегендей- ақ екеуіміз бір-
бірімізге қарадық .Әлгі Бөкір боп жүрмесе игі еді 
Есікті сен барып аштың ғой, Гауһар. Әлдекім сенен «Ержан осында тұра ма?» — деп 
сұрап жатқанын төргі бөлмеде жатып-ақ есіттім. 


Ұзын бойлы, маңдайы кере қарыс, бұйра шашты, қара торы келген жігіт пен ауызға 
үріп салғандай ақ құба келіншек маған күлімсіреп қарап тұр. Ал, қасындағы жігіт ә 
дегенде-ақ кезіме оттай басылды. Бірақ қапелімде сасқалақтап, жыға тани алмай 
кібіртіктеп қалдым. 
Анау-мынауға қарайтын емес мына жігіт. Арсалаңдап кеп жатқан жерімнен тарпа 
бас салып, мені сүйіп жатыр. Қасындағы келіншек те маған бір түрлі мейірлене қарайды. 
Мен бір елгезек күйге түстім 
Ақыры есіме түсті-ау. Гүрілдеген зор даусынан таныдым. Арада көп жылдар өтті ғой 
Бұл жігіт менің туғаным да, туысқаным да емес. Тіпті ауылдас та емес. Көрші 
ауылдан Орта мектепте бірге оқыдық. Қалаға оқу іздеп бірге келдік. Ол педагогика 
институтын бітірді. Бір медсестра қызға үйленіпті деп естігем. Әйтсе де, өзімен анау 
айтқандаи әмпей-жәмпей емес едік. Бұдан он шақты жыл бұрын біз жаңадан үйленген 
кезде бір келгені бар. Содан кейін көріп отырғаным осы. Мен Нұрлыбекті сол жолы маған 
өкпелеп кеткен шығар деп жүруші едім. 
Ол кезде біз қала шетіндегі бір үйді жалдап тұрдық. Пәтеріміз екі бөлмелі еді. 
Әйтеуір өзімізге жетіп артатын. Нұрлыбек оның бір бөлмесінде уақытша тұруға сұранды. 
Бұған үй иесі де келісе кетті. Бірақ мен көнбей қойдым. Өйткені өзімнің жақын ағайыным 
Бәкір де біздің бір бөлмені сұрап жүрген еді. Туысым ғой деп әлгі бөлмені соған бермек 
болдым. 
Нұрлыбек келіп кеткен күннің ертеңіне-ақ Бәкір отбасымен бізге көшіп алды. Бұл 
кезде олардың тұңғышы әлі бір жасқа да толған жоқ еді. Есіңде ме, Гауһар? Ол кезде сен 
Мұхитқа екіқабат боп, үйде отырушы едің ғой. Ал, Бәкірдің әйелі қызын балалар 
бақшасына орналастыра алмай, өзі жұмысынан қол үзіп қалған екен. Сонда сен' «Ақыр 
үйдемін ғой», — деп Бәкірдің қызын бір жылдай бақшаға алғанша бағып бердің. Бейне бір 
өз балаңдай аймалап, қолыңнан тастамаушы едің. Сол Бәкір үшін мен мына Нұрлыбектің 
алдында өлердей ұяттымын. 
Бірақ Нұрлыбектің көңілінде инедей де кірбің жоқ екен. Қасындағы сағағынан үзіліп 
тұрған әсем келіншек Нұрлыбектің әйелі Алма екен. Ол да күйеуі сияқты кісінің іші-
бауырына кіріп кетеді. Екі бірдей елгезек жанның бірін- бірі тауып қосылғанын қарашы 
деп ойладым іштей. 
Бұлар қазір қала шетіндегі бір колхозда тұратын боп шықты. Нұрлыбек сондағы 
мектепте мұғалім, ал Алма колхоз ауруханасында фельдшер екен. «Жалғыз ұлымыз бар, 
алдағы оқу жылы бірінші класқа барады», — деп екеуі де мәре-сәре боп отыр. 
Алыстағы ауылда тұратын Нұрлыбектің әке-шешесі жақында қыдырып келген екен. 
Менің халімді солардан естіп, бүгін ауруханаға барыпты. Профессордың өзімен 
сөйлесіпті. Демек, бар жағдайды бұл екеуі жақсы білсе керек деп түйдім іштей. Шынында 
да, солай болып шықты. 
Ә дегенде, ол түк білмейтін адамдай-ақ қалжыңға басты: 
— Әй, батырым' Күннің қызылы батпай тұрып, төсекке жатып алғаның не?! Тұр! Тез 
киін. Мына екі келіншекті қолтықтап алайық та, тура ресторанға тартайық. 
Мен де әзілге әзілмен жауап бердім:
— Сол ресторанның кесірі ғой. Көбірек ішіп қойып, басымды көтере алмай әңкі-
тәңкім шығып жатыр. Өзім де Нұрлыбек келмесе орнымнан тұрмаймын деп қырсығып 
жатыр едім. 


Біздер жаңа ғана әлденеден сескеніп, бұйығып қалғандай-ақ сопайып-сопайып отыр 
едік. Нұрлыбек пен Алма кіріп келген бойда-ақ бөлме ішінде күн шұғыласы түскендей 
нұрланып, жүректі жібітетіндей бір жылу пайда болды. 
Осы екі адамның бізге әйтеуір бір жақсылық әкелгенін біздер түгілі, Мұхит пен 
Қайраттың сәби жүректері де сезген төрізді. Бағана менің көзімнен бір тамшы жас көргелі 
бері үрпшсіп, қасымыздан шықпай қойған екі бала да «Енді қатерлі минуттар өтті, барлық 
тіршілік өз орнына келді» дегендей-ақ өздерінің үйреншікті ойындарына кірісіп кетті. 
Нұрлыбек пен Алманың келуі маған көп ой салды. Мен дос тандай алдым ба? Жалпы 
менің айнымас досым бар ма? Болса кімдер? 
Қайығым желге өрлеп тұрғанда алдыма лыпыл қағып жүрген дос-жарандар көп еді 
ғой. Жайшылықта адамды майлы ішіктей айналдыратын сол жылмақайлар қайда? Мен 
ауруханаға түскелі үш айдан асты. Солардың көбі зым-зия боп жоғалып кетті емес пе? Ал, 
туған-туысқандар ше? Шыбын жаным сенің жолыңда құрбан деп өліп- өшіп жүретін 
туыссымақтар қайда? 
«Туған-туысқанды біз өзіміз таңдап алмаймыз, өйткені оны бізге құдайдың өзі 
сыйлайды. Ал достарды өзіміз таңдап аламыз ғой», — депті американ жазушысы Этель 
Мамфорд. Сонда қалай? Мен дос таңдай алмағаным ба? Онда өз кінәм өзімде екен ғой 
Менде дос та, туыс та жоқ па? 
Бар! Болғанда қандай! Рас, онша көп емес. Бірақ бірі мыңға татитын достар ғой. Екі-
үш грамм алтын өндіру үшін жүздеген тонна құмды елеп шығады емес пе? Мен осы 
қарапайым қағиданы кештеу түсінгешніме қатты өкінем. Тасым өрге домалап тұрғанда 
Нұрлыбектей нүрлы жандарды танымай, бауырыма тартпай, Бәкір тәрізді зымиян, 
әккілерге алданып қалғаныма қынжылам. 
Әйтсе де, жақсыда кек болмайды екен. Кезінде еленбей, көлеңкеде қалып қойған 
достарымның бәрі басыма ауыртпалық түскенде қасыма келді 
Ал, сөзінде тұрлау, ісінде береке жоқ жалған достардың бәрі менің енді қайтып аяқ 
баспайтынымды естіген сәтте-ақ мойындарын сыртқа салып кетті 
Қайта енді бұрын өзім танымайтын, білмейтін адамдармен жақындасып, достасып, 
бауырласып кеттік 
«Қойның қуанышқа толы, шат-шадыман шақта сенің кім екеніңді достарың танып 
білетін болады. Ал өз басыңа бұлт айналғанда кімдердің дос екенін сен өзің танып 
білесің» Қалай дәл тауып айтылған сөз десеңізші. Мүмкін, мұны айтқан Джон Коллинздің 
басынан да осындай оқиғалар өткен шығар 
Біздің қандай жандар екенімізді Нұрлыбек айдың аманында-ақ танып білген. Ал, біз 
оны тек өз басымызға іс түскенде ғана танып отырмыз. Амал қанша солай болып шықты 
Нұрлыбек пен Алма біздің әжептәуір қамығып қалған көңілімізге жел беріп, 
рухтандырып кетті Солар келердің алдында ғана өзім көштен қалған күшіктей елепзе 
бастап едім. Досымды көргенде жан жүйем босап, әлдекімдерді іздеп аласұрған жүрегім 
орнына түскендей болды 
Гауһар' Екеуімізді тек жақсы адамдар ғана қоршап жүр екен ғой. Есінде ме, ертеңіне 
мен жұмыс бітейтін мекемеден қаншама жігіттер халімізді сұрап келді. Олар әлі күнге 
дейін бізден қол үзген жоқ. Бірде-бір өтінішім жерде қалған емес. Айтқанымды екі 
етпейді, азаматтар Қияметтей қиын азаптарға төзіп, салымыз суға кетпей жұргені 
солардың арқасы емес пе? 
Бірақ Нұрлыбек пен Алманың біздің бұдан кейінгі өмірімізде алған орны айрықша 
болды Тегінде, осындай достары бар жандар өздерін бақытты санаса болатын 


шығар.Бұлардың бізге деген ыстық ықыласын, шексіз көмегін сөзбен айтып жеткізу 
мүмкін емес еді. 
Рас, біз әлі таршылыққа ұшырай қойған жоқ едік. Бірінші топтағы мүгедек ретінде 
маған жап-жаксы зейнетақы тағайындапты. Оның үстіне, менің бұрынғы жұмыс орным да 
азды-көпті көмек беріп тұрған. 
Әйтсе де, Нұрлыбек пен Алма біздің жер болған көңілімізді көкке көтеріп 
жібергендей еді. 
Мен өз қолыммен қасық ұстап, тамақ іше алмайтын едім ғой, Гауһар. Ол кезде ас 
түгілі, ішетін суды да өзің аузыма қасықпен құйып тұрдың емес пе. Сен бірер аптадан 
кейін жұмысқа шығуың керек еді. Сондағы бар үмітіміз әлі жеті жасқа да тола қоймаған 
Мұхит болатын. Буыны бекіп, бұғанасы қатпаған баланың еңсесін езіп жібермейміз бе деп 
те қиналдық? Бірақ басқа амалымыз да жоқ еді. Біздер осындай тұйыққа тіреліп, дел-сал 
боп отырғанымызда Нұрлыбек пен Алма келді ғой. Жай келген жоқ. Біздің 
жағдайымыздың бәрін біліп, түсініп, қол жалғауға кепті. 
Нұрлыбек досым дегенге қоң етін ойып беруден тайынбайтын жігіт екенін бұрын да 
білетінмін. Бірақ сол күнгі сөзі мені сең соққан балықтай есеңгіретіп тастады. Ол 
ойындағысын білтелеп жатпай-ақ турасын айтып салды — Ер басына күн туғанда 
қараспасақ, онда біздің адамдығымыз қайда? Ертең менің де осындай күйге ұшырап 
қалмасыма кім кепіл! Мен өстіп жатсам, сен қарап қалмайтын шығарсың, Ержа? Демек, 
анау-мынау сөзді қой. Бүгіннен бастап, екі отбасы мойын серік болып, тіршілік жасайық 
Сен өзіңе-өзің келгенше Гауһар жаныңда болсын. Жұмысқа әзірше шықпай-ақ қойсын. Біз 
Алма екеуіміз бірдей айлық аламыз ғой. Өзімізге бір адамның жалақысы да жетіп 
артылады. Біреуіміздің ақшамызды айлық алған сайын өздеріңе әкеп беріп тұрамыз. Ең 
бастысы — қорықпа. Біз бармыз ғой. Керек-жарақтың бәрін бізге айта беріңдер. Өле 
жегенше, бөле жейік. Нұрлыбек пен Алма осылай деп кетті. Сөздерінде тұрды. Көмегін 
аяған жоқ. 
Бірақ біздер үшін ең бастысы — осы екі асыл жанның рухани көмегі еді. Араға апта 
салмай келіп тұрды. Солар келгелі менің де Гауһар сенің де жүрегіңде болашаққа деген 
сенім пайда болды ғой. Мұндайда адам іштей біреуге арқа сүйесе батылдау сөйлеп, 
еркіндеу қимылдайды екен. Бізге керегі рухани тірек еді. Біз оны таптық. Дәлірек айтсақ, 
олар бізді тапты. 
Кейінірек, мен өзімнің мүгедектік өміріме бойым үйрене бастаған шақта талай-талай 
достарым табылып, лебіз білдіріп, лепес қылып жатты. Бірақ солардың бірде-бірі біздің 
отбасы үшін Нұрлыбек пен Алмадай бола алған жоқ. Олардай болуы мүмкін де емес еді. 
Әйтсе де, күндіз-түні өзіме жан серік боп, басымда отырған өзіңсің ғой, Гауһар. 
Ауруханадан үйге келген соң да талай рет төбемнен ажал төнді. Тіпті дәрігерлердің өзі де 
менен күдер үзе бастаған еді. Ең жақын туыстар да, дос- жарандар да менің енді тірі 
қалатыныма күдіктенді. Өйткені жағдайым, шынында да, ауыр болатын. Мені енді жатқан 
орнымнан қозғалтып, ауруханаға апарудың өзі қауіпті боп қалды. Маған келгендердің көбі 
енді менімен іштей қоштасып шығып кетіп жатты.Сол кезде екі-үш сауысқан 
шықылықтап, біздің үйдің айналасынан шықпай қойды. 
Мені операциядан кейін бір ай бойы рентген сәулесімен емдеген еді. Бұл өмірге аса 
қатерлі ем екен. Профессордың айтуынша маған ол ауадай қажет бопты. 
Өмірде адамнан төзімді тіршілік иесі жоқ шығар. Кейде оны ит жанды деп те 
мақтаймыз ғой. Ал, шындығында, ит дегеніңіз анау айтқандай мықты емес сияқты. 


Біздің профессордың айтпайтын әңгімесі жоқ. Екі жүз елу өлшем рентген сәулесін 
алған овчарка ит табанда сеспей қатады екен. Ал мен алты мың бес жүз өлшем рентген 
сәулесін қабылдадым. Бірақ тірі қалдым. Әйтсе де, мені тірі деу де қиын еді. Өлі мен 
тірінің арасында — біресе есімнен танып, біресе өзіме келіп не әрі емес, не бері емес боп 
жатам. Қайта-қайта қан құйды. Өз қанымды рентген сәулесі күйдіріп жіберсе керек. 
Көзімді ашсам-ақ сені көрем, Гауһар. Мені рентген сәулесімен екі ай емдегенде 
күндіз-түні өзің қасымда болдың ғой. Профессор рұхсат етті. Өйткені мен өзімше тамақ та 
іше алмайтын, тіпті төсекте жатқан күйімде дәрет те сындыра алмайтын ауыр халде едім. 
Аузыма қасықпен тамызған суды жұтудың өзі де маған жан төзгісіз азаптай боп 
көрінетінді. 
Аурухананың өзінде екі ай бойы қасымнан қарс кетпей, тапжылмай жанымда 
отырдың. Басқалар күдер үзгенде де, сен мені жамандыққа қимадың. Маған қалтқысыз 
сендің. Шүбә келтірмедің. Мүмкін, мені ажалдан алып қалған сенің сол сенімің шығар. 
Сенің маған деген шексіз мейір-ықыласың — мүмкін менің оқ қағарым шығар. Әлде 
ауруханада екі ай бойы тапжылмай менің жанымда отырғанда, бір минут та босаңдық 
көрсетпеген темірдей берік төзімің бе, мені аман алып қалған? 
Әдетте біз махаббат жөнінде басымыз ауырмай, балтырымыз сыздамай, ойнап-күліп 
жүргенде көбірек айтуды ұнатамыз ғой. Мүмкін, шынайы сүйіспеншілік жырын өмір мен 
өлім арпалысқа түскен сәтте ғана айту керек шығар. Сонда ғана махаббат өзінің құдіретті 
күшін көрсетіп, өмірдің өлімді жеңіп шығуына себепші болар. 
Әйтсе де, мен сенің басыңа түскен азаптың бар ауыртпалығын үйге келген соң ғана 
сездім. Екі баланы мезгілінде тамақтандыру да, киіндіру де, олардың бірін мектепке, 
екіншісін балалар бақшасына апару да, әкелу де, үй ішін, киім-кешекті, ыдыс-аяқты 
тазалау да, азық-түлік дүкендерін аралау да, басқа да толып жатқан жұмыстардың бәрі 
сенің мойныңда. Мұның бәрі саған үйреншікті, әдеттегі іс сияқты көрінеді. 
Бірақ менің өзім сені қысқа күнде қырық мәрте әуре- сарсаңға салам ғой. Рас, екі 
қол, екі аяқтан бірдей айрылып, отыз бес жасында көген көзденіп жату кімге де болса 
жеңіл соқпайды. Бірақ кейде мен ішімнен менен гөрі саған қиындау ма деп те ойланам. 
Оны тек өз басына осындай тауқымет түскен адамдар ғана жан-жүрегімен сезіне білсе 
керек. 
Өзім арғымақтай аяқтан гөрі, саушылықта алдыма сыймайтын екі қолымның 
тақсіретін көбірек тарттым-ау деймін. Бір қасық тамақты өз қолымен аузына апарып, ас 
ішудің қандай рахат екенін төрт мүшесі түгел жандар түсіне қоя ма екен?! Әй, қайдам. Ол 
үшін күн сайын қақалып- шашалып, төсегіне төгіп-шашып кісі қолынан екі-үш рет 
тамақтанып көру керек шығар 
Аңқасы кеуіп, шөлдеп жатқанда қол созым жерден бір стақан суды алып іше алмай, 
суға қарап көзін сатып, телміріп көрмегендер қолдың қадірін қайдан білсін. Жан 
қысылғанда маңдайдан сел боп аққан мұздай тер қос жанарыма құйылып, көзімді тұздай 
ашытқан сәтте ғана мен өз қолымның қадір-қасиетін толық түсінгендей болдым. Қас 
қағымдай бір сәтте маңдайдағы ағыл-тегіл терді сипай салатын киелі қолға құл боп кеткің 
кеп тұрады ғой. 
Сен дәрі іздеп дәріханаға, азық-түлік әкелуге дүкенге кеткен минуттарыңда мені 
осындай ойлар мазалаушы еді. 
Гауһар! Сенің маған жасаған бір күнгі қамқорлығыңның өзі-ақ кейбір әйелдердің 
күйеуіне ғұмыр бойы жасайтын қызметінен жүз есе артық шығар. Ең өкіншітісі — сен жас 
жауқазын шағыңда мүгедек жанға байланып қалдың ғой «Гауһар! Жолыңа бөгет 


болмаймын, маған алаңдама, саған өле-өлгенше ризамын» деп айтуға талай мәрте 
оқталдым. Бірақ аузым бармады. Көңіліңе қаяу түсіргім келмеді. Бәрібір мені тастап 
кетпесіңді жүрегім сезді. Алайда, сені соншама тәшпішке салып қоюдың өзі маған 
кешірілмес қылмыстай боп көрінетін. Сенің құрбы- құрдастарың ешбір алаңсыз ойнап-
күліп жүр ғой. Ал, сен күндіз-түні қапасқа қамалып, әл үстінде жатқан ауруды адам қылам 
деп жасыңа жетпей бетіңе әжім, шашыңа ақ түсе бастады. Жазығың не сенің? 
Рас, ауруды ешкім тағдырдан сұрап алмайды. Алайда, кеселге шалдыққан 
күйеулерін айыптап, ауруханада көптің көзінше құтпан айғырдай азынаған талай сұлу 
әйелді көрдік кой. Бұлардың өкпесін аузына тістеп айтысып жатқанын көрсең-ақ құйқа 
тамырың шымырлап кетеді. 
Күйеуі сау кезінде өзеті үзіліп, үстіне түсіп кете жаздап тұрған кейбір келіншектерді 
күйеуі мүгедек боп қалғанда көрсең бар ғой, танымай қаласың. Әлгі әйелдер сағымдай 
құбылып, сабындай бұзылып шыға келеді екен. Әжептәуір әйелдердің табанда кемтар боп 
қалған күйеулерін даттап, онымен пәлен жыл бірге тұрғанына пүшайман жеп жатқанын 
көрсең, өмірден безіп кеткің келеді. 
Соларды бүгін көз алдыма келтірсем-ақ сенің қадір- қасиетің бұрынғыдан да 
биіктеп, асқақтай түседі, Гауһар. Бірақ сенің осынша еңбегіңді ешқашан да ақтай 
алмайтыным, жер басып жүре алмайтыным есіме түссе-ақ сай- сүйегім сырқырап сала 
береді. 
Әйтсе де, сенің шексіз сеніміңді, өшпес үмітіңді қолымнан келгенше ақтау үшін 
сағымды сындырмай, сабыр таяғына таяндым. Азаптан қашып, ажалға өздігімнен бас 
имедім. Қалайда тірі қалуға, өмір сүруге, тіршілік тынысын сезінуге бел байладым. 
Гауһар! Енді өлмей, тірі жату — сенің алдындағы азаматтық парызым сияқты боп 
қалды. Жоқ! Әйтеуір тірі жату мақсат емес. Ондай өлі сыбаға кімге керек? Мен өмір үшін 
өліммен ерегісіп, ажалмен арпаласып, кесел-дертпен тістесіп жатам. Адамның өз билігі 
өзінде, өз тағдыры өз қолында екенің барша жұртқа паш етем. Ол үшін бір минуттық 
ғұмырымды да босқа сарп етпей, қолымнан келгенше еңбек етем. Елімнің ұлы дүрмегіне 
мен де қосылам. 
Бойымда күш-қуатым сарқылса, онда ой-сезімім бар емес пе? Әлі менің ой-жарығым 
сөнген жоқ қой. О да Қару емес пе?! Күндіз-түні бір тынбай тулап жатқан өмір-
дариясында мен де өз әліміме кұлаш сермеп, алға қарай ұмтылам. 
«Басыңа ер сыналар күн туды, Ержан Сен де енді күн ұзаққа шаңыраққа қарап, босқа 
сарылып жата берме. Ер қараға бір қара боп, қолыңнан келгенше іске кіріс, Ержан!» 
Мен енді өзімді-өзім осылайша қайрап түстім 
12 
Гауһар! Айықпас дертке шалдығып ұзақ жылдар бойы санамен сарғайып, өлі мен 
тірінің арасында сары төсек боп жатқан дімкәс жандардың талайымен ауруханада таныс, 
тағдырлас болдым ғой. Қазір ойлап қарасам, мен өмірге о бастан ғашық сол өршіл 
жандардың тірлік-тынысына да, арман-мақсаттарына да, қайтпас-қайсар мінездеріне де 
қанық сияқтымын. Солардың кейбіреуімен ауруханада басталған достығымыз әлі күнге 
дейін үзілмей келеді. 
Жан төгісіз ауыр кеселдің қаншама көп запыран-зәрін ішіп жатса да, күні-түні демей 
аурудың ақырет-азабын тартып жатса да, аза бойы қаза болмай, тағдырына тағзым 
қылмай, ажалмен арпаласып, әр минуттық ғұмыр үшін тісін тісіне қойып, ақырына дейін 
күресе білген сол қайсар жандардың ерлікке толы өмірі кейінгі толқын жастарға тағлым 
болмай ма деген ой келді маған. 


Болмашы қиындыққа төзе алмай, басын тауға да, тасқа да соғып, әп-сәтте 
ұнжырғасы түсіп қалатын борбас жандар да оқта-текте кездесіп жүр ғой. Мүмкін, соларға 
дәріс болар. 
Сонда тіпті ұдайы қайығы желге өрлеп, өмір-өзенінде үйректей жүзіп, қаздай 
қалқып, сау-саламат жүрген жандар да өздерінің бақытты екенін бұрынғыдан да тереңірек 
сезінбей ме? Өмірдің қадір-қасиетін бұрынғыдан да жақсырақ түсінетін болмай ма? Сонда 
айдарынан жел ескен албырт шақтың әрбір минутын босқа сарп қылмай, ел игілігіне 
жұмсау керектігін жастар бұрынғыдан да айқынырақ ұқпай ма? 
Демек, ажалмен арпаласып жатса да, сірә, мойымай, өмірден күдер үзбей, тағдырын 
өз қолына ала білген қайсар жандар хақында қалайда жазуым керек. 
Жазу керек! 
Осы бір ой-сезім жүректің терең түпкірінен қылт етіп бас көтерісімен-ақ жанымды 
қоярға жер таптырмай, тұла бойымды алып ұшып бара жатты. Тіпті сау-саламат 
жүргенімде өн бойымды мұншалықты албырт сезім кернемеген еді. 
Биік жартасты тынымсыз соққылап жатқан асау толқындардай бір күшті сезім менің 
де жан-жүрегімді қайта- қайта ұрғылап, ой-сезімімді тербеп, шайқай берді. Осы бір 
сиқырлы сезім бойыма сарқылмас күш-жігер нәрін құйып жатқандай еді. Талайдан бері 
бұйығып қалған, ұйлығып қалған ой-сезімдерім әлгі соққыдан соң қайта ояна бастағандай 
болды. 
Мен айнала төңірегімдегінің бәрін енді ғана ой көзімен анық-қанық көре бастадым. 
Бейне бір бұған дейін су қараңғы соқыр боп келгендей-ақ адамдардың мінезіндегі, іс 
әрекетіндегі, сөйлеу мәнеріндегі бұрын көзіме түсе қоймаған құбылыстарды енді бүге-
шігесіне дейін көретін боп қалдым. Әлемді ой көзімен көре білу дегеніміз мүмкін осы 
шығар. 
Өзгелердің көрмегенін көріп, сезбегенін сезіп, білмегенін біліп жүрудің өзі зор 
бақыт емес пе? Меніңше, қаламгер жанның өзге жұрттан бар артықшылығы да сол болса 
керек. Әлемнің көз тоймайтын көркіне адамдар сенің көзіңмен қарап, тамашалайтын 
болады. Тұла бойыңды шымырлата балқытып, ет-жүрегіңді елжіреткен отты сезімдер енді 
сенің шығармаңды оқығанда өзгелердің де жан жүйесін босатып, оларды да ләззат бесіпне 
бөлеп тербете жөнеледі 
Ана өз сәбиін бесікке салып, тербегенде тек «әлди, әлди бөбегім» деп қана қоймайды 
Жүрегінің терең түпкірінде жатқан, бұрын-соңды ешкімге айтпаған, ең қымбат ой- 
сезімдерін бесік жырына қосып әуендетеді. 
Ал, менде сол ананың ақ сүтіндей таза ой-сезімдер бар ма? Егер бар болса ол қандай 
ой? Тек өз балама, өз әйеліме, өз отбасыма ғана айтатын ой ма, әлде бүкіл қауымға, 
әлеуметке білдіретін пікір ме? Міне, ең алдымен соны анықтап алу керек шығар 
Жазушы деген кім? Меніңше, жазушы дегеніміз жеке адамға ғана емес, бүкіл 
қоғамға айтар келелі ой-пікірі бар адам болса керек. Ондай ой-пікірлер өзінен-өзі тумасы 
хақ. 
Егер мен осындай ауыр дертке шалдығып қалмағанымда, кеп жылдар бойы тән 
азабы мен жан азабынан жапа шекпегенімде, тағдырдың тауқыметіне мойымай, ажалмен 
күні-түні арпалысып жатқан өмірге өлердей құштар жандарды көрмегенімде, онда жұртқа 
айтар ой-пікір тумас та еді ғой. Демек, қолыма қалам алуым керек. Тағдырым соны талап 
етіп тұрған жоқ па? Ал, мұндай талаптан туған нәрсе ешқашанда жасанды болған емес. 
Сондықтан бүгін көңілімді тербеп, ойымды түрткілеп, тағатымды тауысып «Ержан! Сен 
қолыңа қалам алуға міндеттісің», — деп жатқан сезімдірге бағынуым керек.Ойымдағының 


бәрін бүкпесіз, қаз-қалпында қағаз бетіне түсіруім қажет. Ішкі сезім соны талап етіп, 
өзімді қыл мойынға тақап барады. Демек, жұртқа айтар сөзімнің бар болғаны ғой. Бірақ 
сол бар нәрсені оқырман қауымға жеткізудің өзі ақыреттен қиын емес пе? Ол қолымнан 
келе ме? 
Оған қабілет, шеберлік, тәжірибе керек емес пе? Міне, жазу өнерінің «бисмілләсы» 
нақ осы сауалдан бастала ма деп қалдым. 
Бойымда сондай бір қабілет барын төрт мүшем түгел кезінде-ақ сезе бастаған едім. 
Бірақ оған кезінде мән бергем жоқ. Егер қазір бар күйігім ішіме түсіп, іш-құса боп 
жатпағанымда ғүмыр бойы оны елең де қылмас едім. Бір кезде жастар газетінің тапсыруы 
бойынша қүрылысшылар өмірінен бірнеше очерк жазғаным бар. Газет редакторының сөзі 
әлі күнге құлағымда сампылдап тұр «Сіз құрылыс маманысыз. Қайнаған өмірдің 
ортасында жүрсіз. Бұл саланы, сондағы жастардың тыныс-тіршілігін бізден гөрі жақсы 
білесіз. Жазыңыз», — деген еді 
Алғашқы жазғандарым өзге түгілі, өзіме де ұнамаған. Ал, кейінгі біреуін редакция 
алқасының мөжілісінде мақтапты Ал, ең соңғы көлемді очеркім жастар газетінің арнайы 
бәйгесін жеңіп алды. Жұмысшы жастар өмірінен жазылған очерктерге газет бәйге 
жариялаған болатын. Маған екінші орын тиіпті. Сонда әлгі редактор жігіт мені құттықтап 
тұрып «Міне, көрдіңіз бе, сізде жазу қабілеті бар, тіліңіз жатық екен», — деген. 
Мұның бәрі кезінде маған еріккеннің ермегіндей, елеусіз ғана бір нәрсе боп көрінген 
еді. Ал, қазір ол менің өмірімдегі ең басты нәрсе сияқты. Ендігі өмірімнің мән- мазмұны 
осы жазу өнерін игеруіме байланысты ма деп қалдым. 
Әрине, өмірінде бес-алты очерк жазғанның бәрі бірдей көркем туынды жасай 
бермейді. Бұл екі ұғымның арасында жер мен көктей алшақтық жатқанын жүрегім сезеді. 
Тек ойға мырза, тілге бай, шынайы сөз зергерлері ғана көркем бұйымдар жасай алса керек. 
Ал, менде айтар ой да бар, азды-көпті жазу қабілеті де жоқ емес. Жалғыз ғана 
жетіспейтіні шеберлік қой. Бірақ мұны жалғыз ғана деп азырқануға да болмайтын шығар. 
Өйткені сол «шеберлік» деген жалғыз ауыз сөзге сыйып тұрған шексіз кең де, түпсіз терең 
ұғым жазушы атаулының ең басты қасиеті емес пе? Егер біздің тілдік қорымызда 
«жазушы» деген сөз жоқ болса, онда біз осындай киелі өнер иелерін «сөз ұстасы» яки «тіл 
зергері» деп атамас па едік? 
Бірақ қай жазушы анадан осындай зергер боп туылған? Шеберлік дегеніміз 
өзгелерден оқып үйренудің, сан мың мәрте қайталанып жататын тәжірибенің нәтижесі 
емес пе? Адамның ішкі жан-дүниесін жарып шығып, өзгелердің жүрегіне жол табатын 
шұғалы сөздерді бір-бірімен қиюластыру оңай іс деп ешкім де ойламаса керек. Ол түгілі, 
тіпті жерде жатқан дап-дайын кірпішті ала сап, үйдің қабырғасын қалаудың өзі де жеңіл 
шаруа емес қой. Адамдар бұл кәсіпті де айлап, жылдап үйреніп жатады емес пе? Демек, 
сөзді де осылайша бір-біріне қиюластырып, өрнек жасауға болады ғой. Рас, ол үшін 
сарқылмас ерік-жігер, темірдей төзім керек шығар. 
Мен тебінгіден тер, қабырғадан қар жаудырған азапты сыннан сүрінбей өттім емес 
пе? Операциядан кейін жан төзгісіз аурудың тепкісін жеп, теперішін көрдім ғой. Сол 
бейнетке төзген жан енді жазу өнерін игеруге жетпей ме? Тек қана ой жарығым сөнбесе 
екен. Өмірден үмітімді үзіп алмасам болғаны. Басқасының бәріне төзем. 
Ал, «Мені жаз, мені бейнелеп көрсет» деп жан-жағымнан жармасып, дегбірімді алып 
бара жатқан ой-сезімдердің ұшы-қиыры жоқ сияқты. Екі аяғынан бірдей айрылса да 
қабағы қоңыр тартпай, ұнжырғасы түспей, бұрқыратып ғылыми еңбектерін жазып жатқан 
Ақылбек аға да, өзгелердің өмірі үшін өз басын ажалға тігіп, сал боп қалған бала 


жігіт.Қайсар да, мәңгілік мүгедек екенін біле тұрып, Қайсарға өмірлік серік болуға бел 
буған бүлдіршіндей сол бір қыз да, екі қолымен жер тіреп жүріп-ақ жеңгемізге гүл теретін 
Қаратай көкем де қазір көз алдымда, ой-экранынан ап-айқын көрініп түр. Бұл бейнелердің 
өзіме анық көрінетіні сондай, тіпті қолмен ұстауға болатын сияқты. 
Қаламгер өзі жазатын объектісін егжей-тегжейлі білуі керек деп жатады ғой. 
Жылдар бойы ең ауыр науқастардың арасында жаттым. Жай тамашалап жатқам жоқ. 
Кеселдің азап-бейнетін солармен бірге тарттым, тағдырдың уын солармен бірге іштім. 
Таудай тауқыметті сол науқас жандармен бірге көтердім. Өзім де ажал аузында болып 
қайттым. 
Сонда өздерінің бойындағы сарқылмас ерік-жігерін, шыдам-төзімін өткір қанжардай 
сілтеп, ажалды жеңіп жатқандардың көңіл-күйін, ой-сезімін, арман-мақсатын менен артық 
кім біледі? 
Міне, менің өзге қаламгерлерден артықшылығым да, күштілігім де нақ осында 
жатқан жоқ па?! Бірақ олардан әлсіз жақтарым да аз емес қой. Ең бастысы — мен әлі сөз 
өнерімен жеткілікті таныс емеспін. 
Әйтсе де, мен дәл осы күнге дейін діттеген нысанама жетпей тынған емеспін. Бұл 
мақсатқа жетеріме де көңілім сенеді. Шүбәм жоқ. Тек қана өмір жетсе екен. 
Сол өмірді жеткізу үшін асығу қажет сияқты. Сөз бұйдаға салына бермей дереу іске 
кіріскенім жөн шығар. Басқалар сияқты арқаны кеңге салып, оза көшіп, кең жайлап 
жататын көл-көсір уақыт жоқ менде. Әсіресе, соңғы күндері науқасым бұрынғыдан да 
қатты меңдеп кетті. Мен үшін қазір әрбір минут алтыннан қымбат. Демек, тап қазір 
кіріспесем, онда кешігем. Кешігу — мен үшін өліммен тең. 
Бірақ қалай жазам? Қазірше қолым жансыз ғой. «Тағы бес-алты ай солай болады, 
сосын бірте-бірте жандана бастайды», — деген профессор. Сонда мен бес-алты ай бойы 
түк тындырмай, нан соғар боп жата беруім керек пе? Жоқ! Қазір менің бес-алты ай түгілі, 
бес-алты минутты да босқа сарп қылуға хақым жоқ. 
Табанда көмекке сені шақырдым ғой, Гауһар! Басқа лажым жоқ еді. Сен қалам, қағаз 
алып, жаныма отырдың. Менің көңілімді жықпау үшін басыңнан асып жатқан үй ішінің 
ұсақ-түйек шаруаларын да жинастырып қойдың. 
Сен қасыма кеп отырғанда тілімнің тиегі ағытылып кететін шығар деп ойлап едім. 
Бірақ олай болмай шықты. Асау аттай аласұрған ағыл-тегіл ой-сезімдер алқымыма кеп, 
тілімнің ұшында тұрғандай. Әйтсе де, соны шашпай- төкпей, қаз-қалпында, бояуын 
өзгертпей айтуға, қағазға түсіртуге тілім қысқалық қылатын сияқты. 
Көңілімде сайрап тұрған әп-әдемі ой-пікірлерді сыртқа шығарайын десем тілім 
құдды күрмеліп қалғандай-ақ аузыма бір түзу сөз түспейді. Шамданшақ аттай өзімнен- 
өзім кібіртіктей берем. Өз ойымды өзгелерге жеткізе алатындай жанды сөздер табам деп 
өңкі-тәңкім шықты. Ой- экраннан көзіме ап-айқын көрініп тұрған бейнелер қағазға 
түсіргенде түкке тұрғысыз, күңгірт бірдеме, мүсәпір пікір, түсініксіз шатпақ боп сөлбіреп 
қалады. Алғашқы күннің өзінде қанша қағаз жырттық десеңші. 
Бірақ жазам деген ойдан күдерімді үзгем жоқ. Алғашқы сәтсіздіктен жілігім 
шағылып қалса, онда ешқашан еш нәрсе тындыра алмасымды білем. Ертеңіне түн түндігі 
түріле тағы кірістік. Бұл күні де тілі құрғыр шешілмей, ойға ерік бере алмай, байлаулы 
бұзаудай бір орынға таңылып, қаңтарылып қалдық. 
Бұрын-соңды тілім сөзден, тізем жардан сүрінген жоқ сияқты еді. Мына ақ қағазды 
көргенде тілім кірпідей жиырылып, жаңа ғана көкейде сайрап түрған сөздердің бәрі 
қарасын көрсетпей, әлдеқайда қашып кететін тәрізді. Сөздің шұрайлысын тапқым келеді. 


Бірақ қайдағы бір дәмі жоқ, тұлдыр сөздер ғана ойға оралады. Өзімнің мұндай 
дәрменсіздігіме қыжыным қайнап, бір рауаятта ызадан жарылып кете жаздадым. 
Ертеңіне жазуға тағы отырдық. Осылайша он бес күн бойы өзіммен-өзім аяусыз 
арпалыса бердім. Бірақ мен қанша қасарыссам да бәрібір бұдан ештеңе өнбесіне көзім 
жете бастады. Не істеуім керек? Бұл қамалды алудың қандай амалы бар? Әлде ол анадан 
қалам ұстап туған жандардың ғана сыбағасы ма? 
Қанша илесең де басы бірікпейтін сусыма құмнан қалайша кірпіш құюға болады? 
Әлде мен сол құмның басын біріктіретін цементті таппай жүрмін бе? 
Мүмкін, бұл істің тіс қаққан ұсталарына жолығып, жай- жапсарың сұрап алу керек 
шығар. Біреуден көрмей, білмей, сұрамай тұрып, сәулетті үй түгілі, жаман мал қора 
тұрғызу да мүмкін емес қой. Мұны неге бұрынырақ ойламағам? Әр істің өз ұсталары 
болады ғой. Демек, мен алдымен сөз зергерлерінен дәріс алуым керек. Сонда ғана тіл 
ұстартып сөз өнерін игеруге болатын шығар. 
Төсекте тырп ете алмай жатып, әлдекімнен көмек сұрағандай-ақ жан-жағыма 
жалтақтай карадым. Бір сәт көктен іздегенім жерден табылып, жүрегім тулап кетті. Әр 
нәрсені алдымен асықпай ақылға салып, ойланып алмаса қиын екен-ау. Қаражаяу мен 
түгілі, аты мәшһүр жазушылардың өзіне дәріс беретін ұлы ұстаздар төсегімнің қасына 
кеп, тізіліп тұр ғой. Солармен бір ауыз сөз ақылдасып алмай жатып, бірдеме жазам деудің 
өзі зор қиянат шығар. 
Лев Толстой мен Мұхтар Әуезов, Пушкин мен Абай, Чехов пен Майлин, тағы басқа 
толып жатқан сөз зергерлері кітап сөрелерінен маған күлімсіреп қарап тұрғандай болды. 
Енді менің шәкірттік өмірім басталды. Бірақ ұзақ уақыт шәкірт боп жүруге менің 
хақым жоқ еді. Басқалардың университетте бес жыл оқитынын мен осы бес-алты айда 
үйреніп шығуға міндетті екенімді ішім сезді. 
Сол күннен бастап, сен маған күні-түні кітап оқып беруге кірістің ғой, Гауһар. Бірақ 
басқа тірліктерің де саған тізе бүктірмей, діңкелетіп жүрген еді. Күніне үш мезгіл казан 
асатын да, азық-түлік дүкендерін аралайтын да, мектеп пен бала бақшаға баратын да, 
менің аузыма қасықпен ас-су құйып, малмандай боп терлеген сайын көйлегім мен 
көрпемді ауыстырып отыратын да жалғыз сен ғой, Гауһар. 
Сенің қасқалдақтың қанындай тапшы уақытыңа одан әрі қиянат жасағым келмеді. 
«Кітапты қалай да өзім оқуым керек» деп түйдім іштей. Ақыры мұның да амалын таптым-
ау. Өзіңе айтып отырып, жұқа тақтайдан кітапты тіреп қоюға бейімдеп тәп-тәуір тығырық 
жасатқаным есіңде шығар, Гауһар. 
Мен күндіз-түні қозғалмай, шалқамнан түсіп жатам ғой. Тығырық-тіреуішті төсіме 
салып, оған оқитын кітабымды сүйетіп қойғызам. Емін-еркін оқи беруге болады екен. 
Бірақ әр екі-үш минут сайын сені көмекке шақырумен болдым ғой, Гауһар. Өйткені 
кітаптың келесі бетін ашып беріп отыратын жәрдемге зәру едім. 
Ертеңіне маған мұндай көмекшінің де керегі болмай қалды. Басымды жастықтан сәл 
ғана көтеріп, кітап парақтарын тілімнің ұшымен өзім ашып үйрендім. 
Бұл өзі маған онша қиын да емес екен. Бірақ көпке дейін әдейі қара бояу жағып 
қойғандай-ақ тілім көмірдей боп, жүрегім лоблып, бейжай бола бердім. Әйтсе де, бұл 
менің операциядан кейінгі алғашқы жеңісім еді. Жазу өнерін үйренсем де, ғұмыр бойы 
үйрене алмай кетсем де, әйтеуір енді бұрынғыдай зерігіп, текке көкжамбас боп 
жатпайтыным хақ. 
Енді әр тәуліктегі жиырма төрт сағат уақыт та маған аз боп көріне бастады. Өзім де 
көптен бері еш нөрсе оқымай, әбден шөліркеп қалсам керек. Кітаптан көз алғым келмей 


қалды. Кейде тіпті түн баласына кірпік қақпай, таңды таңға ұрып жүрдім. Оқыған сайын 
өрісім ұзайып, тұсауым кеңіп бара жатқанын іштей сезіндім. 
Менің алғашқы үш айда оқығанымның өзі-ақ институтта төрт жылда парақтап 
шыққан кітаптар санынан көбірек еді. Мәселе тек оқылған кітаптың санында ғана емес. 
Институтта жүргенде мен кітапты баға алу, емтиханнан сүрінбей өту үшін, оқытушыдан 
ұялмау үшін оқитын сияқты едім. Ал, қазір өзім үшін, құстай қалықтап көкке көтеріліп, 
сонау биіктен әлемді тамашалау үшін, аяғыма түскен тұсаудан тезірек құтылу үшін оқып 
жатқан тәріздімін. 
Кітаптағы әсем жасалған бейнелер, айшықты теңеулер, қанатты сөздер, ұтымды 
тіркестер, түрлі-түсті суреттер сол күйінде ойымда жатталып қалып жатыр. Қиыннан 
қиыстырылған қара сөздің өзі де құдды өлең сияқты іштей ұйқасып тұрады екен-ау деп 
ойладым сонда мен. Тіліммен кітаптың әр бетін ашқан сайын бұрын өзіме беймәлім боп 
келген ғажайып бір рухани өмір есігі ашылып жатқандай еді. Осыншама ғажайып 
дүниелерді осы күнге дейін қалайша көрмей жүргем деп енді өзімді-өзім айыптай 
бастадым. Осындай ғажайып шығармалардың бетін ашпай-ақ мына өмірден өтіп кететін 
адамдар да бар шығар деп ойладым бір сәт. Енді соларға, өзіме бейтаныс кісілерге жаным 
ашып, қабырғам қайысты. Осы кітаптарды кеш те болса көргеніме шүкірлік қылдым. Егер 
бүйтіп, науқастанып жатпағанымда осылардың бірде-бірін оқымас па едім? Мүмкін. 
Әдетте біз «уақыт жоқ» деген сылтауға көбірек сүйенеміз ғой. Ал, мұндай кітаптарды 
оқуға уақыт таппаудың өзі барып тұрған қиянат емес пе? 
Мен кітап оқи бастағалы бері үш ай уақыт өтіпті. Бірақ маған үш ай емес, үш жүз 
жыл зымырап өте шыққандай болды. Өйткені менің мына кітаптардан оқып білгенім, 
түйгенім, сезгенім тым көп сияқты еді. 
Енді жаза бастасам да болатын шығар деп ойладым. Әйтеуір оң мен солымды танып, 
көркем туындының ірге тасын қалай қалап, қабырғасын қалай тұрғызатынын, тіпті төбесін 
қалай жабатынын да там-тұмдап жобалай бастаған сияқтымын ғой. Сөздік қорым сағат 
санап арта түскендей. Енді үй салуға қажетті құрылыс материалдары да бұрынғыдан гөрі 
көбейіп қалды деп түйдім. Қолымда бір сынық кірпіш жоқ кезде үй тұрғызбақ боп жан 
терге түскенімді есіме алып, күлкім келді. 
Сөз құдіретін енді ғана абайлай бастаған едім. 
Қуаты күшті нұрлы сөз Қуатын білген абайлар, — 
деген өлең жолдары енді менің өмірлік ұраныма айнала бастағандай еді. Мұны Абай 
өзгелерге емес, тек маған ғана арнап айтып тұрғандай боп естілетінді. 
Әйтсе де, менің білгенімнен әлі білмейтінім, сезгенімнен сезбегенім көп екен. Оған 
көп ұзамай-ақ көзім жетті. Бұл кездейсоқ оқиға бұлай болған еді. 
Нұрлыбек пен Алма әдетте бізге өздері ғана келетін. Бір жолы демалыс күні 
қастарына бір жігітті ерте кепті. Оны біз көптің бірі ретінде ғана қарсы алдық. Айрықша 
сый-құрмет жасап жатпадық. Өйткені ол әлі біз үшін тек жақын досымыздың танысы ғана 
болатын. 
Аты Дастан екен. 
Әйтсе де, осы бір мығым денелі, кең жауырынды, ойлы көздері адамға мейірім 
ұшқынын шашып тұрғандай ыстық көрінетін сары жігіт көптің бірі емес еді. Әдебиет 
дүниесінің ну орманында жалғыз өзім адасып, у жеген бурыл бөрідей аласұрып 
жатқанымда, тар жерде осы жігіт маған қол ұшын берді. Жоқ! Қол ұшын берді деу әбес 
шығар. Дастан менің бүкіл өмірімнің ағысын мүлдем басқаша арнаға салып жіберді. Сол 


сәттен бастап, әдебиет өмірінің күнделікті тіршілік-тынысына етене араласып кеттім. 
Жалпы менің қаламымды ұштап берген сол Дастан шығар деп ойладым. 
Нұрлыбек оған менің хал-жайымды айтса керек. Өйткені бәрін айтқызбай-ақ біліп 
тұр. Шайдан кейін Дастан қасыма жақынырақ кеп отырды да, жастығымның астындағы 
қалың дәптерді сұрап алды. Бұл дәптерде менін аурухана өмірінен жазылған шағын 
әңгімем бар еді. Соны көз жүгіртіп оқып шықты да, таңырқаған кісідей қасын сәл жоғары 
көтеріп, маған қарады: 
— 
Мынаны өзіңіз жаздыңыз ба? 
— 
Жоқ. Гауһар ғой, — деппін сасқалақтап. 
Ол мырс етіп күлді де: 
— 
Жоқ. Мені дұрыс түсінбедіңіз. Мына әңгіменің авторы сіз бе дегенім ғой. 
— 
Әрине, — дедім неге сұрап тұрғанын да жөнді ұқпай. 
Дастан әлденені іштей ой таразысына салып, өлшепжатқандай-ақ бір сәтке үн-түнсіз 
қалды. Сәлден кейін барып, қүдды әр сөзін шегелеп жатқандай нықтап-нықтап сөйлей 
бастады. 
— 
Тіліңіз шұрайлы екен. Қып-қысқа әңгімеде қаншама қанатты сөздер, жанды 
суреттер, ұтымды ойлар бар десеңізші. Сіздің қолыңыздан көп нәрсе келетін сияқты. Бірақ 
кейбір олқылықтары да бадырайып көрініп тұр. Әңгімеңіз композициялық құрылысы 
жағынан қатгы ақсап жатыр. Оған өкінбеңіз. Көш жүре түзеледі емес пе? — деді ол маған 
ойлы көздерімен қарап. 
Сосын әлдене ойына түскендей орнынан лып етіп тұрды да, кітап сөресінің қасына 
барды. Әрі-бері қарады да, сөреден қалың бір кітапты суырып алып, менің жаныма қайта 
кеп отырды. Қолындағы кітап беттерінен көзін алмай, тез- тез парақтап жатып, маған 
сөйлей берді: 
— 
Сіз, сірә, аударма жасап көріп пе едіңіз? 
— 
Жоқ. 
— 
Жасар ма едіңіз? 
— 
Қолдан келетін шаруа болса... 
— 
Онда сізді сынап көрсек қайтеді? 
— 
Қайдам. Сыннан сүрініп жүрмесем. 
— 
Сүрінбейтін тұяқ бола ма? Палуандар күреске түсер алдында өзін-өзі іштей 
не деп жұбататынын білесіз бе? 
— 
Жоқ. 
— 
«Жығылсам жер көтереді» деп өзін бір демеп алады. 
Дастанның бұл сөзіне ду күлдік. 
— Ә, міне, таптым, —деді ол шынында да бір жақсы нәрсе тауып алғандай қуанып. 
Сөйтті де қолындағы орысша кітаптан шағын ғана бір сөйлем оқыды. 
Небәрі бес-алты сөзден ғана тұратын осы жай сөйлемді қазақ тіліне аудару ә дегенде 
маған оп-оңай боп көрінді. Күнде мың мәрте айтып жүрген сөздер сияқты. Мен ойланып-
толғанып жатпай-ақ бірден аудара салдым. Бірақ мұным Дастанға ұнаған жоқ. Ол тіпті 
маған бетін тыржитып, жақтырмай қарағандай боп көрінді. Әйтсе де, Дастан иба сақтап 
сөйледі: 
— 
Асықпаңыз. Сөйлемді сөзбе-сөз сірестіріп аударуға болмайды. Онда 
автордың негізгі ойын оқырман қауымға дәл жеткізе алмаймыз. Сіз мына сөйлемнің 
қысқалығына қарап, оңай деп қалдыңыз. Сізге мен әдейі қиын сөйлем бердім. Бұл 
сөйлемде адамның психикалық көңіл-күйі сайрап тұр. Баспаның редакциялық кеңесінде 


осы сөйлемнің аудармасы хақында көдімгідей дау боп, совет мүшелері пікір таластырды. 
Ақыры мынадай тоқтамға келдік, — деп ол маған жаңағы сөйлемнің қазақшасын айтып 
берді. 
Мен аудармашының тапқырлығына қайран қалдым. Өйткені Дастан әлгі сөйлемде 
бадырайып көрініп тұрған сөздердің өзін емес, оның астарында сырт көзге шалынбай, 
жасырын жатқан ойды тауып аударған еді. Мұндайды мен тұңғыш рет көрдім. Мына жігіт 
енді маған өзіміз тәрізді жай адам емес, бізде жоқ киелі қасиеттері бар сиқыршыға ұқсап 
кетті. 
Менің аударма өнеріне іштей қатты қызығып тұрғанымды ол сезді білем. Қолындағы 
кітаптан тағы бір сөйлем оқыды. Бұл жолы біршама дұрыс аударып, ойынан шықсам 
керек. Мені аспанға көтере мақтай жөнелді: 
— 
Міне, осылай болу керек! Сізден нағыз аудармашы шығуы әбден ықтимал. 
Тіл байлығыңыз жетіп жатыр. Бұл — аудармашының басты құралы. Тек әлгіндей үстірт 
аударуға әуестенбеңіз. Бағбандар ағаштың өсіп тұрған бұтақтарынан гөрі оның тереңде 
жатқан тамырына көбірек қамқорлық жасайды ғой. Автордың түпкі ойын дұрыс түсініп, 
сөйлемнің бояуын бұзбай дәл жеткізуге тырысыңыз. 
Сосын Дастан маған тағы да бірнеше сөйлем аудартып көрді. Қолымнан бірдеме 
келетініне көзі жетті-ау деймін. Әйтеуір кетерінде сенімді дауыспен үзілді-кесілді сөйледі: 
— 
Біз сізге жұмыс береміз. Аударыңыз. Бір жағынан отбасыңызға материалдық 
көмек болады. Екінші жағынан, аударма дегеніңіз жазушы болам деген адамға 
таптырмайтын мектеп қой, — деді. 
Осы бір сары жігіт менің көңіліме жел беріп, өзімді рухтандырып жіберген еді.
Ертеңіне Нұрлыбек жалғыз өзі келді. Көңілді сияқты. Көзінің астымен маған қулана 
қарайды. Бір жақсы хабар барын жүрегім сезе қойды. 
Нұрлыбек кешегі әңгімеге оралып, Дастанның кім екенін маған енді егжей-тегжейлі 
айтып берді. Ол көркем әдебиеттер шығаратын баспаның білдей директоры екен. Бірін-
бірі студент кезінен білетінін, содан бері өздерінің үзбей қатысып тұратынын айтты. 
Дастанның қаламы жүйрік жазушы, дарынды аудармашы екенін мен кейінірек білдім. 
Мені қуантқаны — Дастан сөзінде тұрыпты. Маған аударуға бір кітап беріп 
жіберіпті. Баспа әкімшілігі тіпті менімен шарт жасасыпты. Енді мен сол шарттың өзіме 
қоятын талап-тілектерімен танысып шығып, сосын осы құжатқа қол қоюым керек екен. 
«Бұл құжаттың бір данасы сенде қалады, екіншісін мен баспаға апарып берем», — деп 
ескертті Нұрлыбек. 
Қалыңдығы бір еліден сәл-ақ асатын кітапты аударуға бір жыл уақыт беріпті. «Неге 
сонша көп уақыт көрсеткен» деп ойладым шартты оқып жатқанда. Ертерек аударып 
бітірсек болмай ма? Шартта кітаптың көлемі он жеті баспа табақ деп жазылған. Әдетте 
мен мұндай хикаяттарды екі-үш күнде оқып тастаймын. Енді соны он екі ай бойы езіп, 
мыжып жатуым керек пе? Жоқ! Мен оны тез-тез аударып тастаймын да, шартта 
көрсетілген мерзімі жеткенше ешкімге көрсетпей жасырып қоям деп ойладым. 
Бірақ ол ойымның қате екеніне ертеңіне-ақ көзім жетті. Біреудің сөйлемін аударып 
жатқаннан гөрі, өз ойынды, өз сөйлеміңді бұрқыратып жазып тастау мың есе жеңіл ме деп 
қалдым. Оқығанда оп-оңай боп көрінетін сөйлемдер аудара бастағанда өзінен-өзі 
қиындап, уысқа түспей, қолға ілікпей, сағымданып кетеді екен. Әсіресе, кейбір сөздердің 
баламасын табу қиын боп шықты. Тағы да тұйыққа тірелдім. Аударма маған ірге алдырар 
емес. 
Тұйықтан шығудың басқа жолын іздеу керек еді. 


Гауһар! Ертеңіне сені кітапханаға жібердім ғой. Көп кітап әкелдің. Олардың ішінде 
өлеңдер де, әңгімелер де, хикаяттар мен романдар да бар еді. Мұның бәрі орыс тілінен 
қазақшаға, қазақ тілінен орысшаға аударылған көркем туындылар.
Мен енді төсегімдегі тығырыққа екі кітапты қатарынан сүйеп қойып, әрбір 
сөйлемнің орысшасын да, қазақшасын да бір-бірімен салыстырып оқи бастадым. Екі 
кітапқа жалтақ-жалтақ қараумен талай ұзақ түн кештім. Аударманың жеңіл-желпі кәсіп 
емес, үлкен өнер, қыруар күш- жігерді талап ететін сұмдық қиын іс екеніне сонда ғана 
көзім жеткендей болды. 
Әйтсе де, жазуға деген құштарлық менің жан-жүйкемді әбден билеп-төстеп алған 
еді. Енді көркем бейнелерге, ұтымды сөз тіркестеріне, аударма өнеріне қатысы жоқ ұсақ- 
түйек ойлардың бәрі өзінен-өзі ысырылып, шетке шығып қалып жатты. Тіпті сай-
сүйегімнің сырқырап ауырғаны азайып бара жатқандай болды. 
Келісті теңеулер іздеп, әсемдік әлемін аралап кеткен кейбір сәттерде аяқ-қолымның 
дәрменсіздігін де ұмыта бастаймын. Сондай минуттарда әлемде менен бақытты жан 
жоқтай көрінеді маған. Демек, менің ендігі бақытым — еңбекте, шығармашылық әрекетте 
деп түйдім іштей. Өйткені ол менің қайғы-қасіретімді ұмыттырады, көңілімді көкке 
көтереді. Бойыма күш-жігер береді. Өмірге сенімімді арттырады. Еңбек арқылы мен 
өзімнің қоғамға қажет екенімді сезінем. Ал, маған өмірде бұдан артық бақыттың керегі 
жоқ. 
Осындай ойлар келіп, аударма жасауға жан-тәніммен қайта кірістім. Бірақ таңның 
атысынан бастап, күннің батысына дейін қанша ұрынсам да алғашқы күні мардымды 
ештеңе өндіре алмадым. Небәрі бес-алты сөйлем ғана аударыппын. Оларымның өзі де мәз 
емес. Бастары қосылмай, бейне бір оқалақ тиген сиырлардай әрқайсысы бет- бетімен 
қожырап кеткен. Бұл сөйлемдердің бір-біріне ешқашандай қатысы жоқ тәрізді. Сонда ғана 
мен қалыңдығы бір елі ғана кітапты аударуға неге табаны күректей бір жыл уақыт 
берілгенін ұқтым. 
Кейде тілімнің қысқалығына күйініп, біржола түңіліп кеткендей болам. Мұндайда 
«Айласыздың батыры айға шабады» деп мен босқа тыраштанып жатқам жоқ па деген 
жымысқы ой да жылт ете қалады. Бірақ бұл секілді күдік онша ұзаққа бармайды. Құдды 
ошаққа жантақ тастағандай-ақ қас қағымдай бір сәтке лап етіп жанады да, табанда өшіп 
қалады. 
Өзімді әбден мезі еткен іске қайта кірісем. Енді бұрынғыдай мен сені босқа қасыма 
отырғызып, телміртіп қоймайтын болдым. Тағы бір жаңа әдіс таптым. 
Мен аударып жатқан кітаптың әрбір бетінде екі жүз қырық-екі жүз елу сөзден бар 
екен. Бәрін санап шықтым. Алдымен кітаптың бір бетін бірнеше мөрте қайталап оқып 
шығам. Сонда орыс тіліндегі текст өзінен-өзі жатталып қалады. Сөйлемдердің өзара 
байланысы ұдайы ойымда сайрап тұрады. Сосын әрбір сөйлемді ойша аударып шығам. 
Артынша-ақ ойша әлгі сөйлемдерге редакция жасаймын. Осылайша кітаптың бір бетін 
түгел ойша аударып, яғни жаттап болған соң ғана оны қағазға түсіру үшін сені шақыратын 
болдым. 
Мен енді жеке сөздермен ғана емес, тұтас сөйлемдермен, сан қилы образдармен, 
көркем теңеулермен егес-қиясқа түскен едім. Көңілі көлдей тасып, белшеден өмірдің 
қызығына батып, басы аман, бауыры бүтін боп жүрген жандар үшін мұндай бақастықтың 
қажеті де жоқ шығар. Өлі болып көрде жоқ, тірі болып төрде жоқ менің жөнім бір бөлек. 
Өлім сағатын күткендей ыпыны кетіп көрмеген жандар менің сол сәттегі мүшкіл халімді 
түсіне қояр ма екен, сірә? Қысқасы — мен аударма жасай білуге, жаза білуге міндетті 


едім. Бұл айқаста жеңілуге иненің жасуындай да хақым жоғын түсіндім. Тағдырдың 
запырандай ащы уын ішіп, төрт тағандап жатқан мен үшін мұндай егес-күресте жығылу 
— өмірмен мәңгілікке қоштасумен бірдей болатынды. Өйткені қолымнан түк келмесін 
анық сезсем-ақ пұшайман боп, сағым сынары хақ. Адам өзінің тайқы маңдайлығын сезе 
бастаса-ақ үміт оты біртіндеп сөне бастайды ғой. 
Сондықтан осы бір талас-тартыста қалай да жеңіп шығу үшін барымды салдым. 
Тәулігіне төрт-бес сағаттан ғана ұйықтап жүрдім. Қалған уақыттың бәрінде ауру-
сырқатыма қарамай, қара терге түсіп, күндіз-түні дамыл таппай сөз-кірпіштерді қалап 
үйрене бердім. 
Кейде күн ұзаққа ұрынып, өлердей діңкелеп, дәрменім құрып қалт-құлт еткізіп әрең 
тұрғызған тұтас қабырғалар енді қалап бола бергенімде гүрс етіп құлап түсетінді. 
Мұндайда тісті тіске қойып бәрін басынан қайта бастауға тура келеді. Осындай сәттерде 
көңілдің күні өшіп, айнала төңірегімнің бәрі қарауытып кеткендей бола қалады. Әбден 
жүйкелеп, төс табаным жерге тиді. 
Көзім қарауытып, басым шыр көбелек айналып, ес- түсімнен айрылып қалғанша 
қасарысып, қарысып аударма жасай бердім. Жаннан кешсем де, жазудан күдер үзгем жоқ. 
Осындай жанталас, арпалыста бірнеше айлар өтті. 
Ақыры менімен қастасқандай-ақ сіресіп қалатын сөйлемдер де сәл-пәл жуасып, иі 
жұмсап, икемге келе бастады. Шәкірттік дәуірдің аяқталып келе жатқанын ішім сезгендей 
болды. Әзірше аспанға шарықтап шығып, қалықтап ұшпасам да, бара-бара темір қанат боп 
келе жаттым. Соны сезген соң өзім де алған бетімнен таймай, тірі жан, тісті бақа боп 
талпына бердім. 
Бірте-бірте қанатым қатайып, өз күшіме сенімім нығая түскен сайын өзіме күнде 
келіп-кетіп жүрген үйреншікті адамдардың өздері де көзіме барынша әдемі, мейірімді, 
бауырмал жандар боп көріне бастады. Мүмкін, олар шынында да солай шығар. Әйтеуір 
бұл кезде мен: жанға нәр, бойға қуат беретін нұрлы сөздер тек өмірге ғашық адамдардың 
ғана аузына түсетін шығар деп ойлайтынмын. Өйткені мен өз тағдырымды өз қолыма ала 
бастағанымды сездім. Тілдің майын тамызбасам да, сөз мұхитында құлашты еркін 
сермейтін күн жақындап келе жатқанын аңғардым. 
Бірақ көздеген меженің әлі тым алыс екенін де білдім. 
Әйтсе де, аударма өнерінің бетін бері қарата бастадым. Тіл тиегі ағытылған сайын 
тұсауым кеңіп келе жатты. Енді бұрынғыдай күн ұзаққа бір сөйлемді айналшықтап, 
кібіртіктей бермей, кейде желе шоқырақтап алатынды шығардым. Бұрын қолға ілікпей, 
уысқа түспей келген онша-мұнша сөздерді енді ой-теңізден іліп алып, ұршықтай үйіріп 
әкететін болдым. 
Күн ұзаққа аударма жасап, түні бойы кітап оқуды үйреншікті әдетке айналдырдым. 
Үш айдан кейін күніне өзіме берілген повестің бір бетін аударып отыруға жарап қалдым. 
Соны сезінудің өзі менің жанымды жанып, жігерімді қайрай түсті. Мен нақ осы кезден 
бастап қана қасымдағы балаларымның сыңғырлаған күміс күлкісін есіте бастадым. Мына 
жарық дүниеге жаңадан көзім ашылғандай-ақ екі ұлымның нұрлы жүздерін көруге енді 
ғана мұршам келген еді. Сенің мейірге толы, жұлдыздай жарқыраған жанарыңа да 
ауруханадан келгелі бері қазір ғана көз тоқтатсам керек, Гауһар. 
Тасым өрге домалай бастағанын сезгелі бері жұмысым да өнімді бола түсті. Енді 
аударма бұрынғыдай азап емес, өзінше бір ләззатқа айналды. Айшықты сөздер, сұлу 
теңеулер іздеп, сөйлем құрастырып жатқан шабытты сәттерде ғана тынығатын боп 


қалдым. Бірер сағат ештеңе ойланбай, бос жатсам-ақ тұла бойымның сырқырап ауырғаны 
қайта қозып, көңілім құлазып, жаным жабығып кетеді. 
Тәулігіне енді бес-алты сағат ұйықтап, қалған уақыттың бәрінде дерлік жұмыс 
істеуді үйреншікті әдетке айналдырдым. 
Ақыры көркем аударма жасай алатыныма анық-қанық көзім жетті. Қолымнан келе 
ме, жоқ па деген күдіктен құтылғандай болдым. Ол өзі күндіз-түні тіс құртындай 
жанымды кеміріп, мазалап біткен еді. 
Бойымда өз күшіме, қабілетіме, шығармашылық мүмкіндігіме деген берік сенім 
пайда болды. Бұрын өзімнің инженер-құрылысшы екеніме қалай илансам, қазір 
аудармашы екеніме солай сенетін сияқтымын. Өзімді-өзім енді бұрынғыдан гөрі еркіндеу, 
батылдау, тіпті кейде күштілеу сезіне бастадым. 
Баспаның бір жылдық жұмыс деп берген кітабын мен бір жүз отыз жеті күнде 
аударып біттім. Бұл — төрт жарым ай деген сөз. Қалған сегіз айда не істеймін? Әлде өз 
кітабымды жазуға кіріссем бе екен? Мүмкін, біткен жұмысты баспаға дереу беріп жіберу 
керек шығар? 
Осындай ойлармен арада бір күнім өтті. Ол күні түк істегем жоқ. Тіпті әдеттегідей 
кешкісін кітап та оқымадым. Өзіме-өзім демалыс жарияладым. Бұл күні Мұхитпен, 
Қайратпен әңгімелестім. 
Талай рет тұяғымды тасқа соғып, өмірден қанша захмет шегіп жатсам да мен, сірә, 
кіші ұлымның сауалдарына бойым үйренбей-ақ қойды. Өйткені Қайрат жанымның ең 
жаралы жерін тырналайтын. Ол менен: 
— Папа! Қашан тұрасың? Қашан жүресің? Қашан мені былтырғыдай хайуанаттар 
паркіне апарасың? — деп сұраған сайын ет жүрегім елжіреп кетеді. Мұндайда балама не 
айтарымды білмей, тілім күрмеліп қалады. 
Бұл жағынан Мұхит жақсы. Ол ішімді ит тырнағандай қылатын әлгіндей сұрақтар 
бермейді. Менің енді ешқашанда мына өлі төсектен тұра алмасымды мүмкін оның сәби 
жүрегі сезетін шығар. Ащы шындықты өз ұлымнан несіне жасырам? Қам көңіл боп 
қалады деп қорқам ба? Осы бастан әкесінің мәңгілік мүгедек екенін біліп, мойындап 
өскені дұрыс па деп қалдым. 
Бір күні Қайрат көшеден егіл-тегіл жылап келді. Өксігі басылар емес. Сотқар 
балалардың бірінен таяқ жесе керек. Көзінің асты күлдіреп, көгеріп қапты. 
— 
Жігіт адам да жылай ма екен?' — дедім мен Қайратқа жекіп. 
— 
Жоқ, — деді ол жылап тұрып. — Мен оның ұрғанына жылағам жоқ 
— 
Әйтпесе неге сонша ебш-дебш боп түрсың? 
— 
Саған тіл тигізді ол. 
— 
Қалайша маған тіл тигізеді? Мен төбелескем жоқ қой. 
— 
Сені папама айтам деп едім... 
— 
Иә? 
— 
Сенің папаңнан қазір ит те қорықпайды. Ол төсегінен де тұра алмайтын 
мешел деді. Ал, сен мешел емессің ғой, ә? Ертең жүресің ғой? 
— 
Жүрем, балам, жүрем .. Тек сен жыламашы. Әйтпесе сені жылауық деп 
күледі ол. 
— 
Оның көзінше жылағам жоқ. Былай шығып, жыладым. 
Енді Қайрат емес, іштей егіліп мен жыладым. Көзден жас шығармай, кайғы 
запыранын жұтып, алпыс екі тамырым түгел егіліп, жан-жүйем езіліп, бар қайғы-


қасіретімді толық сезініп жыладым. Көз жасымды тірі пендеге көрсетпей ұзақ түнге 
жылай-жылай әбден дәрменім құрып, ақырында талықсып кетсем керек 
Адамның кейде өзін-өзі көз жасына суарып, қатаятын сәттері де болады екен. 
Түнімен жылап, ертеңіне кәдімгідей ширатылып, қатайып қалғанымды сездім. Әлдекімге 
іштей ерегісіп, егесіп, өршеленіп бара жатқандай сезімде едім. 
Таңертең, шынында да, талабым тай тегендей боп, қайсарланып ояндым. Кеше ғана 
аударып біткен жүмысты қайта қолға алдық қой, Гауһар. Өйткені сол аударманың 
сапасына көңілім толмай тұрғандай болды. Қолжазбаның алғашқы бес-алты парағын саған 
оқытып едім, көңілім табанда әлем-жәлем болды. Бес-алты бетте сәтті шыққан бес-алты 
ғана сөз бар екен. 
«Бастан-аяқ қайта аударып шығу керек» деген ой табанда сап ете түсті. 
Сол күні қайта кірістік қой, Гауһар. Сен титтей де қиналған жоқсың. Қынжылған 
жоқсың. Соныңа мың да бір рахмет. Өйткені сенің ауырлап тұрғаныңды сезіп қалсам-ақ 
жаным жабығып, іске зауқым соқпай қалар еді. Сенің жадыраған жүзіңді көріп, мен де 
іске құлшына кірістім 
Аяғыма салынған шідерді біреу шешіп жібергендей-ақ енді еркін көсілдім. Жазғанда 
тіл жетпей қадатындай қиын көрінетін бейнелердің өзі де енді бұрынғыдай ойқастамай, 
сәл-пәл жуасып, айтқаныма көніп, айдауыма жүретіндей бола бастады. 
Енді байқап қарасам, алғашқы аударғанымда түп нұсқаның эмоциялық бояуларын 
ашық шығара алмаған екем. Астары бар айшықты сөздердің баламасын жөндеп 
іздемеппін де ғой Асықсам керек. Кітаптағы сөзді емес, ойды, образды аудару керек екен-
ау. Мен түпнұсқаны дәлме-дәл көшіруге, әріпшілдікке салынып кетіппін. Соның бәрін 
енді ғана, кітапты екінші мәрте тәржіма жасай бастағанымда барып сездім. 
Зейнетінен гөрі бейнеті көбірек осы бір аударма ісі мені сөз өнеріне ғана емес, 
темірдей төзімді болу өнеріне де баули түскендей еді. Ертелі-кеш көзімнін майын 
тауысып, сан алуан ойларды тілмен шалуға дәрменім келмей, діңкелеп жатсам да қолға 
алған істі тоқтатқам жоқ. Біздер дамыл таппай жаза бердік қой, Гауһар 
Қимылдаған қыр асады екен. Екі жарым ай дегенде білдей кітапты екінші рет 
тәржіма жасап шықтық. Сонда бас-аяғы жеті айдың ішінде көлемі он жеті баспатабақ 
хикаятты екі мәрте аударып қойыппыз 
Алғашқысындай емес, мына екіншісі өзіме ұнайтын сияқты. Әрбір сөзі көңіліме 
қонып, жүрегіме ұялап қалған тәрізді. Құдды өлеңге ұқсап өзара ұйқасып, үйлесіп, 
қабысып жатқан бейне бір сиқырлы әндей сыңғырлап, әуезді естілетін сөз тіркестерін 
жалықпай қайта-қайта саған оқытып, тыңдай бергім кеп тұрады, Гауһар. 
Бұл — мен үшін үлкен жеңіс еді. Бойымды мақтаныш сезімі кернеді. Аяқ-қолдан 
бірдей айрылып, жан шыдатпас аурудан аза бойы қаза боп, қысқа күнде қырық өлген жан 
ғана түсінетін шығар мені. Ұзақ түнге кірпік қақпай, аузына сыймай ісіп кеткен әлсіз 
тілімен кітап беттерін жалап ашпай тұрып, мені түсіну қиын болар, сірә 
Мен бұдан кейінде талай-талай әңгімелер, хикаяттар, романдар аудардым. Бірақ 
солардың бірде-бірі осы алғашқысындай есімде қалған жоқ. Екі қолым бірдей істемей 
қалғандықтан ғана емес. Күні-түні сай-сүйегім сырқырап, жанымды қоярға жер таппай 
жатқандықтан да емес. 
Ең қиыны — менің өмір шамым біртіндеп өшіп бара жатыр еді. Мен үшін енді тірі 
жата берудің ешқандай қажеті қалмағандай бола бастағанды. Алдымда ешбір мақсат 
қалмай бара жатқанды 


Осындай үміт шамы сығырайып, сөне бастаған сәтте әлгі кітапты маған аударуға 
берген еді. Сен мені өлмей, тірі қалуға мәжбүр еттің, Гауһар. Мен үшін кең дүние тар боп 
кеткен сәттерде жанымнан қарыс аттап шықпадың. Жылау күндерді, бұлау күндерді бірге 
өткіздік. Әйтпегенде соншама азапқа жалғыз жатып төзер ме едім? Бір аяғым көрде, бір 
аяғым жерде жатып соншама жұмыс істер ме едім? Тіл өнерін, сөз зергерлігін өз әлімше 
игере алар ма едім? Кім білсін? 
Бірінші кітапты шындап келгенде мен емес, сен тәржіма қылдың ғой. Мен тек 
ауызбен ғана айттым. Ал мен қайта-қайта өзгерткен сайын сен әрбір парақты сан мәрте 
қайталап көшірумен болдың. Сенің сол жолғы сарғайып отырып жеті ай жазған 
қағаздарыңды есептесе, көлемі кемінде жиырма-отыз томдық кітаптай болар еді-ау деймін 
Ең бастысы — сен менің қолымнан іс келетініне иманыңдай иландың. Сенің 
бойыңдағы сол сенім маған таусылмас күш-жігер берді. Сендегі сол пәк сенімді ақтау 
үшін мен бәріне де әзір едім. Небір ауыр ойлардан іш құса боп, аш күзендей бүгіліп 
жатсам да, тірі жанға сыр бергем жоқ. Біз екеуіміздің қандай дозақ отын кешіп өткенімізді 
өзгелер түгілі, ең жақын адамдарымыз да білмейді ғой, Гауһар 
Әрине, қуанышты сәттеріміз де аз болған жоқ. Есіңде ме, алғашқы аударма 
кітабымыздың жарық көрген күш? Ащы менен тәттіні татқан біледі ғой. Мен өзім сау-
саламат жүргенде де, сірә, бүйтіп қуанып көрген емеспін. Мүмкін, әбден өмірдің зәрін 
татып барып, қол жеткен қуаныш жайшылық кездегіден гөрі артықтау боп көрінетін 
шығар. Оған дауым жоқ. Бірақ шығармашылық жеңістің иісін сезіп, дәмін татқан соң ғана 
мен бақыттың не екенін аңғара бастағандай болдым 
Бейне бір күн тәрізді көзі түскен жеріне шапақ шашып, қасындағы кісілерді нұрға 
бөлеп жүретін жандар болады. Күн күллі әлемге сәуле шашудан жалықпайды 
Жер-жиһанға тіршілік тынысын үздіксіз құйып тұрады. Сан ғасырлар бойы 
айналасына шұғылалы шашу шашып жатса да, Күннің бойындағы от-жалынның қызуы 
мәңгі- бақи басылмайды, сәулесі қазан болмайды. Күн өзінің киелі міндетін ешқашан да 
ауырсынбаса керек. Өйткені әлемге сәуле шашу, дүниені жарық қылу оның табиғи міндеті 
ғой. 
О баста жаны нұрдан жаралған адамдар да солай. Қолынан келген жақсылығын 
міндет қылмай-ақ істей береді. Қайта біреуге қол ұшын бергенінен өздері ләззат ала ма 
деп қалдым. Әйтеуір мұндай кісілер өздері үшін емес, өзгелер үшін өмір сүретін сияқты. 
Біздің тәржіма жасаған кітабымыз басылып шыққанда алғашқы данасын әкеп 
көрсеткен де Дастан еді. Мен кітапты көргенде өз көзіме өзім сенбедім. Аяқ астынан 
әбігерленіп, көңілім қалбалақтап қалды. Естен танып қуанған да, қорыққан да адамға 
бірдей әсер етеді екен-ау. Апым кіріп, күпім шығып жатқанда Дастанға бір ауыз рахмет 
демеппін де ғой. Оның қашан шығып қоштасып кеткенін де білмеймін. 
Мүмкін, ләм-мим демегенім дұрыс та болған шығар. Өйткені бұл ұсақ-түйек нәрсе 
емес қой. Дастанға «рахметтен» гөрі салмақтылау, қомақтылау, күштілеу сөз тауып 
айтсам деймін. Егер қолымнан келсе, әлемдегі бар жақсылықты соның басына үйіп-төгер 
едім. Бірақ осындай жақсылық жасадым, сені аудармашы еттім деп жүрген ол жоқ. Қайта: 
«Өстіп жатып еңбек еткен саған рахмет», — деп талай айтты өзіме. Шіркін-ай, барлық 
адамдар осындай болса ғой. Өмір сүру қандай жеңіл болар еді. 
Дастан әкеп, жастығымның жанына қойып кеткен кітаптың кереметтей әдемі 
мұқабасынан көз алмай, қанша уақыт телміріп қарап жатқанымды білмеймін. Әйтеуір өзім 
бастап оқып көруге жүрегім дауаламайтын сияқты. Белгісіз бір үрей сезімі пайда болды. 


Әйтсе де, бекер жасқанған екем, Гауһар. Сен алғашқы бір бетін оқып шыққаныңда-
ақ жүрегім орнына түсті. Бірде-бір сөзін өзгертпепті. Бәрі сол өз қалпында, өзіміз жазған 
күйінде самсап тұр. 
Сен тек бірінші бетін ғана оқып шықтың, Гауһар. Одан кейінгі беттерін саған 
оқытқам жоқ. Сен келген тұстан бастап, арғы жағын мен өзім мүдірмей жатқа айта 
жөнелдім.
Сен таңырқаған күйіңде кітаптан көз алмай, дұрыс, дұрыс дегендей басыңды изедің 
де отырдың. Мен үш күн бойы ертелі-кеш ауыз жаппай он жеті баспа табақ хикаятты 
бастан-аяқ жатқа айтып шықтым. Өйткені жан төзгісіз азапта он ойланып, жүз толғанып 
жатып жазған әрбір сөз бейне бір тасқа қашап түсірілген әріптердей мәңгілікке өшпес боп, 
ойымда өзінен-өзі жатталып қалған еді. 
Әрбір минуты қаз-қалпында жадымда сақталып қалған өмір көріністері де аз емес 
Әсіресе, Нұрлыбек пен Алманың туған күніме әкелген сыйлығын өле-өлгенше ұмыта 
алмаспын. Осы екеуі келсе-ақ біздің үйге жан кіргендей құлпырып, тіпті балаларға дейін 
мәре-сәре боп қалады 
Нұрлыбек ақ матаға оралған ауыр бір нәрсені әрең көтеріп, есіктен кіріп келе жатты 
Бұл не? Қас қағымдай сәтте ойымды онға, санамды санға жүгірттім. Бірақ еш нәрсеге 
ұқсата алмадым. Нұрлыбек әкелген затын құндақ- таулы баладай мәпелей құшақтаған 
күйінде мен жатқан бөлмеге кірді де, мұны қайда қоям дегендей бір сәтке аңырайып 
тұрып қалды. Сосын қолындағы ұйықтап қалған бөбегін оятып алам ба деп жасқанған 
анадай әкелген бұйымын абайлап қана столдың үстіне апарып қоя салды. 
Менің сабырсызданып жатқанымды сезген Алма әлгі бұйымды орап қойған 
шүберекті сыпырып алды. Мәссаған! Мынау жазатын машинка ғой! Бұл менің өңім түгілі, 
түсіме де кірген емес. Тап қазір бізге ең зәрлі нәрсе. Егер Нұрлыбек қазір маған өзім мініп 
жүретін жеңіл машина сыйласа да бүйтіп қуанбас едім. Өйткені бізге ең керегі де осындай 
машинка еді. 
Гауһар! Бәрінен де саған жақсы болды ғой. Күні-түні тынымсыз жаза беріп, көшіре 
беріп саусақтарың ойылып, қолдарың икемге келмей қалғанын білем. Сен де бір азаптан 
құтылдың. Әрі енді жұмысымыз да өнімдірек болар деп ойлаймын. 
Рас, сен әзірше машинка басуды білмейсің. Бірақ тез үйреніп кетесің. Қандай кәсіпті 
болса да тез игеріп алатыныңа көзім жеткелі қашан. Бұл сенің қолыңнан келетін іс. Оған 
шүбәм жоқ. Егер қолдарыма жан бітіп, сәл-пәл қимылдай бастаса-ақ машинка басуды мен 
де үйреніп алар едім. 
Бірақ қалшиып қатып қалған қолдарым былқ етер емес. Профессордың айтқан алты 
айы да өтті. Әйтсе де, екі қолым баз-баяғы қалпында жатыр. Әлде дәрігер қателесті ме 
екен? Мүмкін менің жүрегімді тым жентектеп жібермеу үшін көңілімді аулай салған 
шығар. Әйтпесе неге қозғалмайды қолдарым? 
Жоқ! Ондай еңсені езіп, көңілді торықтыратын ойлардан аулақ болуым керек. Қазір 
менің бойымдағы ең жанды сезім біреу-ақ. Ол — еңбекке деген құштарлық. Мен тек жан 
салып жазу арқылы ғана сенің де, Гауһар, Дастанның да, Нұрлыбек пен Алманың да маған 
деген шексіз сенімін, адамгершілігін, қамқорлығын ақтай алам. Отан алдындағы 
борышымды азды-көпті өтеп шығам. Оқырман қауымның кәдесіне асатындай дүние жасай 
алсам, ел қатарлы азаматтық борышымды өтегенім емес пе?! 
Сенің қолың — менің қолым емес пе, Гауһар? Көз алдымда гүлдей жайнап сен 
жүргенде, қос қанатым — екі балам аман тұрғанда менің құтым шайқалмайды. Әлі де 
бойымда құмды судай сапыратын күшім бар екеніне көзім жетті ғой. «Құдай салды, мен 


көндім» деп тағдырға мойынсұнып, босқа жатқан мен жоқ. Өмірдің жалғаны мен 
қасіретіне қарсы қажымай арпалысып, соңғы демім біткенше күресе берем. Ал, күрес 
қашанда жан аямай, тынымсыз әрекет жасауды талап етеді. 
Демек, мен сары уайымды иықтатып алмай, тайсақтамай, білек сыбанып дереу күрес 
алаңына шығуым қажет. Ер жігіттің бойындағы бес қарудан менде қалғаны біреу- ақ. Ол 
— қалам. Менің ендігі күшім осы қаруды дұрыс ұстап, батыл сермей білуде. 
Гауһар! Мен өзіме сенем. Өз қабілетіме шәк келтірмеймін. Жоқ! Қабілетіме дегенім 
артықтау шығар. Менің қолымнан не келіп, не қоятыны әлі беймәлім. Оны алдағы өмір 
көрсетер. Қабілетіме емес, бойымдағы ерік-жігерге, жақсылар үшін қасық қаным 
қалғанша күресе беретініме иланам. 
Аяқ-қолым байланып, тірлік-тынысым әлі де ұстараның жүзінде тұрса да бар ғой, 
қолымнан азды-көпті іс келетінін ойланған сәттерде көңілім желдей есіп, оттай маздап 
сала береді. Мұндайда көңіл көгіне үйіріліп келген күдіктің бұлты да сейіліп кетеді. 
Ұшқыр қиял қүйқылжып, мені әлдеқайда биікке көтеріп әкетіп бара жатады. 
Мен енді өзім сияқты ауыр дертке шалдығып, кемтар боп қалған жандар өмірінен 
жаза бастаған шығармамды қайта қолға алдым. Аударма жұмысы, шынында да, маған 
сабақ болса керек. Өз кітабымды жазуға кіріскен бойда- ақ тұсауымның кеңіп қалғанын 
сездім. Бұрынғыдан гөрі еркінірек қимылдай бастадым. Өзіме жақсы таныс өмірді 
бейнелеп көрсетуге құлшына кірістім. 
Кейде жазып жатып бұлдыр үміт, тәтті қиялға елтіп кетем. Мен де көптің бірі боп, 
енді еңбекке араласа бастағанымды ойыма алсам-ақ көңілім жібіп, жаным бусанып кеңіп 
сала береді. 
Қарға адым жер мұң боп, жастайынан төрт тағандап қалған, бірақ сонда да болса, 
сірә, тауы шағылмай, тауаны қайтпай жатқан табанды жандар қаншама десеңізші! 
Олардың әрқайсысы хақында бір-бір дастан жазуға болар еді. Мен солардың өзім білетін 
бір-екеуін ғана әңгіме етпекпін. 
Жоқ! Менің хикаям кемтар жандар хақында емес, қайта аяқ-қолдан қалса да өмірден 
кемтарлық көрмеген адамдар жөнінде болмақ. Өйткені мен өзім тағдырдың ащы қамшысы 
тұщы етке тиген сайын өршелене түсетін өршіл, асқақ жандарға ғана бас ием. Бұларды 
өмірдің өзі шыңдап, сомдай соғып өсіргенін жақсы білем. Мүгедек боп жатса да нарға 
жүгін салғысыз, нар атандай жандардың талайымен сырлас, мұңдас болдым ғой. 
Рас, ауыр дерт оларды алқымнан алып минут сайын мың түрлі күйге салады. Бірақ 
көңілден базары кетпей, өмірден назары қайтпай жатқан қайсар кісілер қайғы- қасірет 
атаулыға аяқ шалдырмайды, ноқта салдырмайды екен. 
Шынында да, шипасы жоқ саңырау қайғыдан не пайда? 
Айлар, жылдар, ғасырлар өтер. Бірақ о баста анадан өжет боп туылған жандардың 
өздері түгілі, рухы да мыстан-тағдырға жалбарынып, аяғына бас ұрмайды. Ауру- сырқаты 
түгілі, қажет болса ажалдың өзінен де тайсалмайды олар. 
Мен сондай жандар хақында жазбақпын. 
Қайғы-қасіретті менсінбей, қандай қиындық көрсе де мойымай, налымай, 
жанарының нұры таймай өмірге мәңгі- бақи ғашық боп, айлар, жылдар бойы сарғайып, 
көздері жәудіреп, төсекке байланып жатқан жандар қазір көз алдымда тұр. Олар жазғы 
жаңбырдан кейін бұрынғысынан да ширатылып, масатыдай құлпырып, тазара түсетін кең 
жазира дала іспеттес. Тағдыр қамшысы неғұрлым қатты тисе, олар солғұрлым ширап, 
ерік-жігерін қайрай түседі. Соның бәрін өз көзіммен көрдім ғой. Өзім бастан кешірдім 
емес пе?! 


Қазір де аяқ-қолдан бірдей қалып, қыбыр етпей жатырмын. Әлі қанша уақыт көген 
көзденіп жатарым да беймәлім. 
Ендігі бар арманым: бойымды кернеп, жүректі тербеп, көңілімде сайрап тұрған ой-
сезімдерді ақ қағазға түсіруге қатыгез тағдыр аз ғана мәулет берсе екен... Өмірден басқа 
нәрсе тілемес едім. Маған уақыт қажет, Гауһар. Ал уақыт — өмір ғой. 
14 
Тамылжыған тамыздың сол бір күнгі арайлап атқан алтын таңын, алаулаған аптапты. 
Күнін қалай ұмытам мен?! Бұл күні, шынында да, аспан әлемінің көк күмбезінен 
күлімсірей қараған Күн де, құмырсқаның илеуіндей құжынаған қала халқы да, көше 
бойлап қаз-қатар сап түзеп, жасыл желек жамылып тұрған әсем ағаштар да маған қошемет 
жасап жатқандай тым жайнап, құлпырып кеткен еді. 
Бұл менің төрт жылдан кейін жарық дүниені тұңғыш рет көруім ғой. 
Бүгін мені көтеріп, балконға шығарып, биік креслоға отырғыздың ғой, Гауһар. Үйдің 
үшінші қабатында отырып-ақ соншама көп нәрсе көруге болады деп кім ойлаған. 
Осыншама мол сұлулық бірден жанарыма сыймай, миыма қонбай, көз алдым бұлдырап, 
басым шыр көбелек айналып бара жатты. 
Күннің дертке шипа шұғыласына, жазғы даланың жұпар иісіне елтіп, мас боп 
қалғандай едім. Адам қараңғы қапастан шыққанда бірден соншама көп жақсылық көрсе, 
есінен танып қалуы да ғажап емес екен-ау. Мен не сау емес, не мас емес күйімде дел-сал 
боп, есеңгіреп өзіме- өзім келе алмай біраз ошарылып қалсам керек. 
Мына нұрлы дүниені бұдан төрт жыл бұрын көргенімде далада көктем еді. Ен дала 
жаңа ғана тап беріп келе жатқан жасыл мәуітіден шапан жамылып, күллі әлем түлеп, 
түрленіп келе жатқан болатын. Алма ағаштары ақша қардай аппақ боп гүлдеп, 
бұтақтарына қонақтаған бүртік- бүртік таңғы шык тамшыларын ерте көктемнің шуақты 
күні маржан секілді жылтыратып, терлетіп жатқан-ды. 
Қысқы ұйқыдан жаңа ғана оянып, бой түзеп келе жатқан сол бір көктемнің 
ғажаптарын өз аяғыммен жер басып, дала кезіп жүріп тамашалаған едім-ау, шіркін. 
Бір кезде өз аяғыммен жұрт сияқты жер басып жүргеніме қазір өзгелер түгілі, өзім де 
сенбейтін сияқтымын. Әрине, ол кезде менің көңілімнің көк жайлауында да қыр 
қызғалдақтары жайқалып, сиқырлы көктем салтанат құрып тұрған болатын-ды. Көңіл 
құсы құйқылжып кеткен сәттерде жер-жиһандағы барлық адам көзіме бақытты жандардай 
боп көрінетін. Қолымды сәл созсам күнге де жететіндей-ақ өзімді соншалықты құдіретті 
сезінуші едім. Егер жан салып жүгірсем, сонау көз ұшындағы жер мен көктің түйіскен 
жеріне да қас қағымда жетіп баратындай боп тұрушы едім. 
Бірақ соншама бақытты екенімді ол кезде сезбеппін де ғой. 
Міне, содан бері мына әлемге төрт рет көктем келіп кетіпті. Бірақ мен бір-біріне 
ұқсамайтын, ешқашанда қайталанбас сол көктемдердің бірде-бірін көргем жоқ. Көктем 
күнінің шуағын армандап, аңсағалы қашан. 
Әйтсе де, мен көктемнен біржола қол үзіп, оны ұмытып кеткем жоқ. Жыл сайын қыс 
қаһарынан қайтысымен-ақ терезеден көктемнің иісі аңқып, маған да даланың жұпар ауасы 
кеп жататын-ды. Бүкіл табиғаттың түлеп, жайқалып, құлпырып жатқанын маған осы бір 
өмір иісі толық сездіргендей болатын. Сол сәтте көкорай шалғында жалаң аяқ шапқылаған 
балалық шағым да, қыздарға қызғалдақ терген бозбалалық дәуірім де, өзім асыр салып 
ойнаған қырларға енді баламды апарып, әке боп барған заманым да көзіме елестеп кетеді. 
Көктем көріністерін көксеген сайын осылайша ой-елес дүниесіне еніп, тәтті қиялдың 
айдын шалқар көлінде жалғыз жүзе беруден жалықпаушы едім, сірә. 


Міне, енді әлемге жадырап жаз келіпті. Биылғы жылдың көктемін көрмесем де, 
жазының шуағына шомылып отырмын. Бұған әлі онша көңілім сене қоймайтын сияқты. 
Жақсылыққа көңілді иландыру үшін азды-көпті уақыт керек секілді. 
Алғашында мынау у-шуға құлағым тұнып, біразға дейін түк те естімей, тас керең 
боп қалдым. Сәлден кейін ғана саңлауым ашылып, сан қилы дыбыстарды бір-бірінен 
ажырата бастадым. Қаланың өзіме үйреншікті, адеттегі у-шуын жатырқап қалсам керек. 
Жаздың күні дала соншалықты жарық болады екен-ау деп ойладым. Әлемнің 
жарықтығы сондай, тіпті ұзақ уақыт көзді ашып отыру мүмкін емес тәрізді. Ішкі жан-
дүниеме де нұр құйылып кеткендей-ақ әп-сәтте көңілімде титтей де көлеңке қалмады. 
Тұла бойымды әлдеқандай бір жайдары, жарқын, шаттық сезімі билеп бара жатқандай еді. 
Күннің мейірім, жылылық шашқан көзінен қашқақтап, көлеңке іздеп жүргендерді 
көргенде ызам келді. «Адамдар, бір минут ғұмырларың болса да көлеңкеде емес, жарықта 
жүріп қалыңдар» деп айғалап жібере жаздадым. Бірақ менің ойымды күн ұзаққа қараңғы 
қапасқа қамалмай, далада емін-еркін шапқылап жүрген, сау-саламат адамдар қайдан 
түсінсін! Кейде олар өмірдің қандай қымбат ләззатынан өз еріктерімен бас тартып 
жүргендерін аңғармайтын да шығар. 
Жер қайыстырып жүйткіген жұртқа көзім түскен кезде ғана мен өзімнің төрт жылдан 
бері іштей нені аңсап, кімді іздеп жатқанымды бірден түсіндім. Кемерінен шыға лықсып, 
асып-тасып тынымсыз ағып жатқан адамдар-дариясына қойып кетіп сүңгімегелі қашан!? 
Мен лек-легімен ағылған жұрттың ішіне кіріп, көптің бірі боп кетуді сағынып қаппын ғой. 
Менің бұл сезімімді аласапыран адамдар теңізінен толқынмен жағаға шығып қалған, көп 
жылдар бойы өз отбасының шағын аралынан ұзап кете алмай, жұрттан оқшауланып 
қалған жандар ғана жақсы ұғынса керек. Әйтеуір адамдарды сағынғаным анық еді. 
Сол сәтте көшеден лек-легімен ағылып өтіп жатқан адамдардың бәрі шетінен маған 
бірге туғаң, ет жақын бауырымдай боп, көзіме жылы көрініп кетті. Олар да мені іш 
тартып, қуанышыма ортақтасқысы кеп бара жатқан сияқты. Кез келген біреуін тоқтатып 
сөйлескім келеді. Маған тіпті олардың өздері-ақ бірер минутқа бөгеліп, хал- жайымды 
сұрайтындай боп тұрады. 
Бірақ мойын бұрып қараған тірі пенде болған жоқ. Жасы да, кәрісі де, әйелі де, 
еркегі де әлдеқайда асығып-үсігіп барады. Менімен ешкімнің ісі жоқ екен ғой деп түйдім. 
Бүгін мен төрт жыл бойы үздіксіз еңсемді езген бейуақ тылсымнан құтылып, жарық 
дүниеге шықтым ғой. Мына жұрт неге қуанбайды оған? Балконда отырған адамға 
күлімсірей қарап, қуаныштарын сездіріп өту қиын ба сонша? 
Әлде олар кеше кешкісін маған доктор келіп, төрт жылдан кейін тұңғыш рет жатқан 
жерімнен тұрғызып, орындыққа отырғызып кеткенін білмей ме? Төрт жыл бойы менің көк 
жамбас боп, жастықтан бас көтермей сарғайып жатқанымды білмесе керек, мыналар. 
Әйтпесе дәл біздің үйдің түбінен осынша адамның еш нәрсені елемей өте шығуы мүмкін 
емес сияқты боп көрінді 
Бірақ алтын Күннің астында, мамық Жердңғ үстінде жүрудің өзі адам үшін шексіз 
бақыт екенін солар түсіне ме екен? Мұндайды ақылмен аңғару мүмкін емес қой. Оны тек 
жүрекпен ғана сезіну керек шығар. 
Балконнан төмен қарап, жұртқа- «Ей, азаматтар! Сендер бәрің де бақыттысыңдар! 
Соған қуаныңдар! Бір-бірінді құттықтаңдар! Адамдарға шұғадай шуақ шашуды Күннен 
үйреніңдер!» дегім келді. 
Бірақ олардың мені ұқпасын жүрегім сезді. Әйтсе де, менің тап қазіргі алып ұшқан 
жан-күйімді түсінетіндері де болуы ғажап емес қой. Әбден аурудың тауқыметін тартып, 


денсаулықтың құнын алпыс екі тамырымен толық сезгендер аз ба? Кешегі соғыста болып, 
ажал аузынан тірі қайтқандар менің көңіл-күйімді айтқызбай-ақ түсінбей ме? 
Дегенмен, мұндай жандар онша көп емес шығар деп ойладым 
Міне, сондықтан да мен әлгі ойымды адамдарға қалайда айтуым керек. Ол үшін 
ойымдағының бәрін шашпай- төкпей, қаз-қалпында қағазға түсіруге міндеттімін. Сонда 
ғана көңілім жай табарын сезем, Гауһар 
Енді мен көшедегі бейтаныс жандар туралы емес, өзіме жақын таныс адамдар 
жөнінде ойлай бастадым. Олар да қазір мына сеңдей соғысқан жұрттың арасында жүрген 
шығар. Бірақ бес саусақ бірдей емес қой. 
Өзгелердің қуанышына сүйініп, қайғысына күйініп жүретіндері де бар. Қырық кессе 
қылаудай қан шықпайтын қатыгездері де кездеседі. Аузын ашса, көмекейі көрінетін 
аңқаулары да, жұмыртқадан жүн қырыққан сұмдары да бар 
Демек, мына лек-легімен ағылып жатқан халықтың да бәрі бірдей емес деген ой 
келді. Сонда да олардың ішінде ақ ниеттілері де, менің бүгінгі қуанышыма ортақ болуға 
әзір тұрғандары да аз емес екенін сезем. 
Рас, ауыр дертке шалдығып, аяғыма шідер түскелі кейбір достарым сыртын беріп 
кетті. Олар мені әлдеқашан естерінен шығарып та жіберген шығар. Бір қызығы — олар 
мені ұмытса да, мен оларды жамандыққа қия алмайтын сияқтымын. Күндердің күнінде 
бәрі де баяғыдай жайраң қағып, қайтып келетіндей болады да тұрады. Бәрін де сағынып 
жүргенімді сезем. Егер олар тап қазір келсе, төрт жыл бойы хабарсыз қалғандарын да 
біржола ұмытып, шетінен бауырыма басып, беттерінен сүйер едім. 
Тіпті ғұмыр бойы көзіме бір көрінбей кетсе де ренжімеймін оларға. Олардан 
айрылып қалғаныма өкінбеймін де. Мен жаңа достар, жақсы таныстар таптым ғой. Әйтсе 
де, балалық шақты бірге өткізген достарымды да аңсап, кей-кейде көңілім жасып қалады. 
Мен де өзімше өмір кешіп жатырмын ғой. Төрт жыл бойы тырп ете алмай қалсам да 
еш нәрседен кемтарлық көрген жоқпын. Бәрі де жетіп жатыр. Жеке адамдар ғана емес, 
бүкіл мемлекет маған қамқорлық жасап келеді. Өмір заңының құдіретіне ауырып жатып, 
талай мәрте іштей табындым. Мүгедек жаңдарға деген мұндай шексіз қамкорлық тек 
қазақ елінің тұрмыс-салтына ғана тән екенін ауруханаға түскен алғашқы күндерден 
бастап-ақ сезе бастадым «Соншама жүрт бәйек боп, осынша қамқорлық жасайтындай-ақ 
мен кім едім?» деп кейде өзімнен-өзім қысылам 
Дегенмен, соңғы кезде болмашыға қамыға беретін боп барам ба деп те сезіктенем. 
Рас, сыртқа сыр бергем жоқ әлі. Әйтсе де, бәрін өзің сезіп жүрсің ғой, Гауһар Менің ерік-
жігерімді де қайрап, ұштай түсетін де өзіңсің. 
Адам бәріне көндіксе де, ауруға үйренбейді екен. Жан төзгісіз ауыр дерт әлі күнге 
дейін сай-сүйегімді сырқыратып, қысқа түнде қырық аунатып, азапқа салады да қояды. 
Күндіз-түні бір сәтке де саябыр таппайды. 
Бірақ әзірше мен қайғы-уайымға ірге алдырғам жоқ. Жалым жатып, қоңым түскен 
жоқ. Бұл да сенің арқаң, Гауһар. 
Отбасымыз айрандай ұйып отыр. Төрт жылдан бері арамызға кикілжің кірген жоқ. 
Сені азғырушылар да болды емес пе? Теңіңді тап, мешелді таста, бойыңда күш, бетіңде 
қызыл барда ойнап-күліп қал деп «ақыл» айтушылар да шықты. Мені өлілер қатарына 
қосып, саған лебіз білдіріп, лепес қылуға әрекет жасағандар да болды 
Бірақ сен өзіңе берік, маған адал бола білдің ғой, Гауһар! 
Міне, сенің сол адалдығыңа, адамдығыңа, азаматтығыңа бас ием, Гауһар 


Біздер көктемнің шуакты күндерінің рахатын ғана емес, қаңтардың азынаған 
аязының азабын да қақ бөлістік қой. Адам түгілі, атаң түйеге ауырлық қылатын менің 
басыма түскен қасірет жүгін екеулеп жүріп, аулаққа лақтырып тастаппыз ғой. 
Мені аман алып қалу үшін сен жастық шақтың қым- қиғаш қызығыңан, балдай тәтті 
ләззатынан бездің. Өзіңе жетпей тұрған бақытты маған сыйладың 
Сол үшін саған мәңгі-бақи қарыздармын, Гауһар. Бүлдіршіндей балаларымыз аялы 
ана мейірімінен, әке ықыласынан бір күнге де айрылып, көген көз боп көрген жоқ. Олар ер 
жеткенде сенің бұл ерлігіңді де жан- жүректерімен ұғынып, өз алғыстарын айтарына 
шүбәм жоқ. Күні ертең-ақ өз немерелерің сенің есіміңді ауыздарынан тастамай, 
екеуіміздің қуанышы мен қайғысы аралас өмірімізді айта-айта аңызға айналдырып 
жіберері хақ. Ал, бүгін менің арқа тірер асқар тауым сен күрсінбесең екен деп тілеймін 
ішімнен. 
Сенің жүзіңңен қасірет көлеңкесі көрінбесе, онда мен де өзіме қылқаңдай қадалған 
кеселімді біржола ұмытып, төбем көкке тигендей қуанам. 
Екі бірдей баланың анасы болған шағыңда сен мұңаймасаң екен, Гауһар. Онда менің 
де бақытты әке болғаным. Бір үйдің бар ауыртпалығын жалғыз өзің ауырсынбай арқалап 
жүрсің ғой. Егер сен шаршамасаң, онда мені де бәйге атындай ойқастап, тың тұр деп біле 
бер. 
Гауһар! Сенің саулығың — менің амандығым ғой. Сондықтан мен өзіме емес, саған 
күш-қуат, қайрат-жігер тілеймін. Тек осы бетіңнен таймай, бәсеңдемей, төмендемей, 
арман көгінде самғап, шарықтай бер 
Қашан да көзімнің — нұры, көңілімнің — суаты, парасатымның — қайнар бұлағы 
бола бер, Гауһар 
Ал, мен аяқ-қолсыз төсек тартып жатсам да, босқа қарап жатпауға бекем будым. 
Төрт жылдан бері өзімді алақанына салып, сәбидей етіп әлпештеп келе жатқан ел- 
жұртымның ақ нанын адал еңбегіммен ақтап шықсам, онда менде иненің жасуындай 
арман болмас еді. Сол үшін осы кітапты жазуға барымды салдым. Мінсіз дүние жасадым 
деп айту қиын. Бірақ аянып қалғам жок. Оқырман қауым іштегі шерімді емес, маңдайдағы 
терімді көрер деп үміттенем. Өйткені мен көңілдегі мұңымды емес, жүректегі сырымды, 
қайғыны жеңген қуанышты жырымды айтуға тырыстым ғой 
Отанымның алдындағы азаматтық парызымды ойлансам-ақ күні-түні жанымды 
жегідей жеген ауру-сырқатымды да ұмытып, өзімнен-өзім қайсарланып, жігерленіп, 
аруақтанып кетем. Бойыма сарқылмастай күш-жігер пайда болады. Жанымды жалынды 
шабыт сезімі кернейді 
Науқасым меңдеп, кең дүние мен үшін тар боп кеткен сәттерде қынжылған да 
шығармын. Қиналған да болармын. Бірақ мен ешқашан да түңілгем жоқ 
Гауһар! Күндей күлімдеп, аспанымда жарқырап сен тұрғанда, қос қанатымдай 
самғап, екі жағымда екі ұлым жүргенде, білектегі күшімдей жаныма қайнап біткен 
достарым барда мен неден қамығам? Қас қағымдай сәтке де жабырқауға хақым жоқ. 
Басыма тағдыр салған таудай тауқыметті көтере алмай, белім бүгіліп, қабырғам сөгіліп 
кетсе де бар ғой, мен өмір үшін күреси бір минутқа да тоқтатпаймын. Соңғы демім 
біткенше күресе берем. Бұл саған берген соңғы сертім, Гауһар. Өмірден, сірә, үміт үзгім 
келмейді. 
15 


— Ержан! Өмір-өзеннің ағысына көз ілескен бе, сірә, — деп бастады сөзін Гауһар — 
Қас қағымда желдей зулап жеті жыл да өте шығыпты-ау, Ержан. Маған бәрі де құдды күні 
кешегідей болады да тұрады. Әйтсе де, саған операция жасағалы бері жеті жыл бопты ғой. 
Аяқ астынан жармасқан дертпен жеті жыл бойы арпалысып келеміз. Онымен әлі 
қанша уақыт алысарымыз беймәлім. Бірақ қара жүрек кеселдің жауырынын жерге бір 
тигіздік-ау деймін. Тас кенедей жабысқан ауыр кеселді сен жеңіп шықтың. Жеті жыл 
бойы қиындық атаулыға тізе бүгіп, қол қусырған жоқсың 
Шар болат шоқта жатып шыңдалғанын мен өз көзіммен көрдім ғой 
Ең бастысы — қиын-қыстау сәтте арқа сүйеп, қара тұтар достарымыз қасымызда 
болды. Жақсылардың ақылы азық, сөзі сусын ғой. Солар бізді қанаттыға қақтырмай, 
тұмсықтыға шоқытпай, панасына алып жүрді емес пе? Сол жайсаң жандардың шапағатын 
ешқашанда ұмытпауымыз керек. Сондай дос-жарандары бар біздер бақытты шығармыз, 
Ержан. 
Солардың арқасында біздер еш нәрседен кемтарлық көрмедік. Өзіміз тату-тәтті 
бірліктен айрылмадық. Балаларымыз өсіп келеді. Екеуінің де әзірге іші жарау, жоны 
қырау. Балалық базарын бейғам тамашалап, шапқылап жүр. 
Әйтсе де, тас түскен жеріне ауыр ғой. Аурудың азабы операциядан кейін де азая 
қойған жоқ. Аз күнде-ақ әбден жүдеп, ыңыршағың айналып кетті емес пе? Өйткені 
шілдеде мұз қатырған ызғарлы кесел сені сағат санап қыл мойынға тақап бара жатты ғой. 
Бірақ сен қайғы-уайымды жел жағыңнан жүргізбедің. Жан төзгісіз бейнет шегіп, 
жаурыныңнан жел өтіп жатса да, сірә, тегеуірінің қайтқан жоқ. Мойымадың. Сенің 
темірдей төзіміңе тәнті болдым, Ержан. 
Өзіңді өлердей діңкелеткен дерттің ыстығына күйіп, суығына тоңып жатсаң да жеті 
жыл бойы бізге күрең қабақ көрсеткен жоқсың. Өз басың шырғаланға түсіп жатсаң да 
біздің қас-қабамызға қараумен болдың. Егер сен төзім таяғына сүйенбей, шыдамсыздық 
жасап аһлеп-уһлей бергеніңде бар ғой, онда баяғыда-ақ үйдің шырқы бұзылып, бәріміз де 
бытырып, тоз-тоз боп кетер едік қой. Әйтеуір қанша бейнет шексек те әлі күнге іргеміз 
сөгілмей, бірлігіміз бұзылмай келеді. Айрандай ұйып отырғанымыз да сенің арқаң ғой, 
Ержан. 
Өзің инеліктей қатып, тері тарамысыңа ілініп жатсаң да менің көңілімді аулап, 
ойымды демеуге тырыстың. Өзің мұз боп тоңып жатып, менің жүрегіме жылу бердің. 
Сүйегің сал, көңілің дал болса да, қабағыңнан қайғының ізі көрінбеді. 
Адамға осындай жылы жүрек, сергек көңілден артық не керек! 
Бүгін ойлап қарасам, менің жүрегіме жара салмау үшін өз басыңдағы азаптың бірде-
бірін білдірмеуге тырысқан екенсің ғой. Мені күні бұрын қинамау үшін тіпті операция 
болатын күнді де жасырдың емес пе? Бірақ мен білген едім. Сол күні өзіңмен қоштасарда 
көңілім әлденеден секем алып қалғандай болды. Менің көзіме сен бордай үгіліп, іштей 
жылап тұрғандай боп көріндің. Үйге жеткенше жүректі күшті қылған осы сезімнің анық-
қанығына көз жеткізе алмай, қайдағы бір жымысқы ойлар ішімді иттей кеміріп келді. 
Сол жолы ұшы-қиыры жоқ, ішектей шұбатылып ұзақ түнде кірпік ілгем жоқ. Таңды 
әрең атқызғандай болдым. Балаларды тамақтандыра сап, дереу саған, ауруханаға бет 
алдым. 
Күндегідей трамвайға отырып баруға шыдамым жетпеді. Бір сұмдықты сезгендей 
жүрегім лүпілдеп, асау аттай әлденеден тулап, дүрсілдеп, өзінен-өзі тағатым таусылып 
бара жатты. Одан әрі аялдамада тұра беруге шыдамым жетпей, саған таксиге отырып 
бардым. 


Палатаңа ала өкпе боп, ентігіп кіріп бардым. Жүрек құрғыр бір пәлені сезген екен 
ғой. Мен бір-екі минутқа кешігіп қалыппын. Сені жаңа ғана операция бөлмесіне әкеткен 
екен. Көңілім алау-жалау болды. Неге жасырдың деп өзіңе өлердей ренжідім. Неге 
ертерек келмедім деп өзімді-өзім іштей жедім. Ішім түтін, сыртым бүтін боп палатада 
сенің төсегіңнің жанында біраз отырдым. Ә дегенде зілдей ауыр ойлар жүйкені кесіп, 
әлденеден көңілім құлазып, егіл-тегіл жылағым келді. Егер қасыңда жатқан Ақылбек аға 
мен Қайсар маған көз ашып, жүрек жуатын жылы сөздер айтпағанда бар ғой, аурухананы 
басыма көтеріп айғай сап жыларым да хақ еді. Өйткені бұл операцияның өмірге тым 
қатерлі екенін профессордың тәуекел жасап отырғанын сен жасырсаң да, мен білуші едім. 
Сені аман алып қалудың операциядан басқа амалы жоқ екенін Елена Андреевна маған да 
айтқан болатын. 
Сені операция жасаған күні балаларды үйге қамап кетіп, өзім үйірсек аттай 
аурухананы айналшықтай бердім. Операция бес жарым сағатқа созылды. Мен де сонша 
уақыт тізе бүккем жоқ. Бұл менің өмірімдегі ең ұзақ күн болды. Сол бір күн мені қан 
жылатып, қара жамылтып кетердей боп тұрды. 
Бақытым бар екен. Тірі шықтың ғой, әйтеуір. Иманым ұшып, жаным жарға таянған 
сәттегі арманымның өзі де осы еді. «Мүгедек болса да мейлі, тірі қалса екен», — деп 
тіледім ғой тағдырдан. Сенің аяқ-қолдан кемтар боп қалуың ықтимал екенін профессор 
маған операцияға дейін-ақ ескерткен 
— 
Онда операция жасаудың керегі не? — деппін мен сонда профессорға 
таңырқай қарап 
— 
Бұл өзі өте сирек кездесетін кесел. Операция жасаудағы мақсатымыз — 
адамды ажалдан арашалап қалу. Мұндайда аяқ-қолдан қалып, қоюы ықтимал. Бірақ тірі 
қалады ғой. Жасамасақ, өмірі ұзаққа бармайды, — деді профессор маған ойлы көздерімен 
қарап. 
Сонымен әңгіме біткен. Қалғаны операциядан кейін мәлім болады деген ол маған 
Енді не айтар екен? 
Ақыры операция бітті-ау Бірақ мені енді палатаға кіргізбеді. Әйтеуір тірі 
қалғанынды естігенімде қуаныштан есеңгіреп қалғандай болдым. Не де болса өз аузынан 
естімек боп, сол күні кешке дейін профессор шығатын есіктен көз алмай, аңдыдым да 
отырдым. 
Ақыры бір кезде шықты-ау. Анадай жерден мені көріп, сәл күлімсірегендей болды. 
Елена Андреевнаның көңілді жүзін көргенімде күн ұзаққа титықтап, дәрменім құрып, 
шаршағанымды да ұмытып кеттім. Оны бас салып құшақтап, сүйе беріппін 
Профессорды үйіне дейін шығарып салдым. Сол жолы ол маған көп нәрсе айтты, 
Ержан Жиырма-отыз минуттың ішінде-ақ өзінен ғұмырлық тағлым алғандай болдым. 
Сенің науқасың хақында өзің естімеген құпияларды мен есітіп білдім. Ендігі, бұдан 
былайғы өміріміздің бұрынғыдай болмасын сол сәтте-ақ жан-жүрегіммен ұқтым. Ұрттап 
ішіп, шайқап төккен кұндер артта қалғанын сездім. Соның бәрін білгенде не істерімді 
білмей, жан далбасаға түстім де қалдым 
Бес жылдан кейін сенің қолдарыңа жан бітіп, бірте- бірте қимылдай бастағанда мен 
ғана емес, Елена Андреевнаның өзі де жағасын ұстап, таңырқаған еді. Өйткені 
операциядан кейін үйіне шығарып салғанымда ол маған мұңлы дауыспен 
— 
Ержанның қолы да семіп қалуы ғажап емес. Бірақ оны әзірше айтпай-ақ 
қояйық. Тым ауыр соғып жүрер, — деген 


Ержан! Сен өзіңді-өзің жақсылыққа сендіре білдің ғой. Ауруды жеңіп шығатыныңа 
да, қолдарыңа қуат кіретініне де шәк келтірген жоқсың. Күнде қолыңды маған уқалатып, 
массаж жасаттың. Мен сенің көңіл жықпау үшін ғана жасайтынмын. Әйтпесе оның бес 
жылдан кейін жанданарын кім біліпті дейсің. Сосын өзің де күн-түн демей саусақтарыңды 
қимылдатуға әрекет жасап, қара терге түсіп жаттың ғой. Мүмкін, соның пайдасы шығар. 
Әйтеуір профессор сол жолы сені көрген соң-ақ мені оңаша шығарып: «Қаншама ауру 
жандарды көріп жүріп, мұндай өмірге құштар жанды әлі күнге дейін кездестіргем жоқ», 
— деген еді. 
Сенің алғашқы қолың қимылдай бастаған күн әлі күнге дейін каз-қалпында көз 
алдымда тұр. Ол оқиға бұдан екі жыл бұрын болған еді. Демалыс күні болатын. Балалар да 
үйде еді. Мен ас үйде түскі тамақты әзірлеп жатқам. 
Бір кезде: «Гауһар, Гауһар!» — деп айғайлаған даусың қаттырақ шығып кетсе керек. 
Зәрем зәр түбіне кетті. Саған бірдеме боп қалды ма деп иманым ұшқаны сондай, Мұхит 
кеп қолымнан тартқылап, «жүр, жүрдің» астына алып жатқанда да қаққан қазықтай 
қақиып, бір орыннан қозғала алмай, мелшиіппін де қаппын. 
— Гауһар! Қолым... Қолдарымды қара, — деуге әрең шамаң келгенін сездім. Бірақ өз 
көзіме өзім сенбедім. Мен қуанарымды да, қорқарымды да білмей, түгіне түсінбей, басым 
шыр көбелек айналып, бөлменің қақ ортасында көзімді жыпылықтатып тұра беріппін ғой. 
Аспанға ұшуға ыңғайланса да, дәрмені жетпей тыпырлап жатқан құстың темір қанат 
балапандарындай дір-дір еткен әлжуаз саусақтарыңа бірден көзім түсті. Бес жыл бойы 
былқ етпей, құр сүлдері қалған жіп-жіңішке саусақтарың құдды безгегі ұстаған адамның 
қолындай қалшылдап тұр. Қолыңа жан біткенін көз көрсе де, оған көңіл сенбейтін сияқты. 
Бұған мен түгілі, тіпті өзің де сенер-сенбесіңді білмей ошарылып қалдың ғой. Маған 
бір, дірілдеп жатқан саусақтарыңа бір жалтақтаумен болдың. Сосын бес жылдан бері 
кеудеңде керек емес нәрседей болбырап жатқан екі Қолыңды да сәл ғана көтеріп, көзіңе 
тақадың. Енді саусақтардың тыпырлап, ойнақшып жатқанын жақынырақ жерден 
тамашалай бастадың. Бірақ ұзақ қызықтай алмадың. Екі қолыңның да қары талып кетті 
білем. Ауыр жүк көтеріп қиналған адамдай-ақ «уһ» деп екі қолыңды да кеудеңе тастай 
салдың. Бес жыл бойы былқ етпей, шала- жансар боп қалған қолдар тым әлсіз еді. 
Әйтсе де, сен жан дәрмен қылып тырбанып, оң қолыңды тағы бір рет қимылдата 
алдың. Қарасам, амандасуға қол ұсынған адамдай-ақ алақаның ашық жатыр екен. 
«Қолыңды әкел» дегеніңді айтқызбай-ақ көзіңнен таныдым. Мен сенің ашық жатқан 
алақаныңа қолымды салдым. Сол сәтте кенет еріндерің дірілдеп, маған бірдеме демек боп 
оқталдың. Бірақ айта алмадың. Өйткені өзің тым қатты қобалжып, көңілің ұйқы-тұйқы боп 
жатыр еді. Сен әлжуаз саусақтарыңмен менің қолымды ақырын ғана, білінер-білінбес етіп 
қана бір мәрте қыстың. Екінші рет қысуға қауқарың жетпеді. 
Әйтсе де, сол бір мәрте қолымды қысқаныңның өзі-ақ төбемді көкке тигізгендей 
болды. Сол арқылы сен менің талай жыл күні-түні тізе бүкпей, жарғақ құлағым жастыққа 
тимей өзіңе істеген қызметіме алғыс айтқандай едің. Бұл менің өмірімдегі ең қуанышты, 
ең бақытты күн болды. Сонда, сен қолымды болар-болмас қысқан сәтте бес жылғы көрген 
қиындығым бір күнгідей де болмай ұмытылып кетті. 
Аяқ астынан бәрі дереу өзгеріп, өзімнің әлемдегі ең бақытты адам боп шыға 
келгеніме өзім де қайран қалдым. Бүкіл өмірінде бір мәрте де көңіліне қаяу түспеген, 
қайғы-қасірет атаулыны мүлдем сезбеген, армансыз адам боп шыға келдім. Тегінде, 
адамның табиғаты жамандықты тезірек ұмытуға бейім тұра ма деп қалдым. Мүмкін, 


онысы жақсы да шығар. Өйткені құс — ұшуға, адам — бақытты болуға жаралған емес 
пе?! 
Сонда біздің қуанғанымызды көріп, балалардың мәз болғанын айтсайшы. Төсекте 
жатқан жеріңнен саған тарпа бас салып, екеуі екі алақанынды алма-кезек шөпілдетіп 
сүюмен болды ғой. Басымызға бақыт құсы кеп қонғанын олар өздерінің бала 
жүректерімен айқын сезген еді. 
Сол күні қуанышымызда шек болған жоқ. 
Әйтпегенде ше! Ғұмыр бойы сау-саламат боп, шыбығы шырпылмай, қылауына қыл 
түспей жүргендер мұндай қуаныштың терең сырын оңайлықпен түсіне қояр ма екен! Діріл 
қаққан саусақтарыңмен қасық ұстап, өз қолыңмен аузыңа тамақ апарғаныңды көргенімде 
өмірдегі бар арманым орындалғандай болды ғой. Жоқ! Мені дұрыс түсін, Ержан. Тағы жүз 
жыл бойы сенің аузыңа тамақ тосып, су тамызып отыру керек болса да қабақ шытпай, 
қиналмай, жан-тәніммен істей беруге әзірмін. Оның несін айтам саған. Менің ниетімді 
өзің де жақсы білесің емес пе? 
Гәп басқада. Адам өз қолымен не істесе де — тамақ ішсе де, қалам ұстаса да, тіпті өз 
қолын өзі суға малып жуып жатса да, орамалмен мандай терін бір сүртіп қойса да сұмдық 
рахаттанып қалады ғой. Оны мен сенің осындайда жайраң қағып кететін мейірімге толы 
жанарыңнан аңғарам. 
Өз қолыңмен қасық ұстап, өзің тамақ іше бастағаныңа да екі жыл боп қапты-ау. Екі 
жылдан бері сен кұнде таңертең төсегіңнің қасыңа кеп тұрған екі ұлыңның бастарынан, 
шаштарынан сипайсың. Арқаларынан қағасың. Менің алақанымды өз алақанына салып 
сипай бастағаныңа да екі жыл болды. 
Екі жылдан бері қолыңнан қаламың түскен жоқ. 
Ал, бұдан жеті жыл бұрын сенің бел омыртқанды ашып, жұлын миға аса күрделі 
нейрохирургиялық операция жасалған еді. 
Күнделікті күйбеңмен жүргенде жеті жылдың қалай өтіп кеткенін сезбей де қаппыз 
ғой. Сен операцияға түскен жылы Қайрат екі жасқа да толған жоқ еді. Айналшықтап 
қасыңнан шықпайтын. Қашан қарасаң да сенің шашыңды сипалап, өзіңнен ертегі тыңдап 
отыратын-ды. Қазір ол тоғызға шықты. Биыл үшінші сыныпқа барады. Бойы да тез өсіп, 
өзің сияқты боп сорайып барады. 
Әйтсе де, ол езінің кішкентай кезіндегі бір әдетін — күнде таңертең сенің төсегіңе 
отырып алып, шашыңды сипап, тарап қоюды ұмытқан жоқ. Мейлі. Тарай берсін. Онысы 
дұрыс та шығар. Адамға қамқор, мейірбан боп өседі. 
Ал, Мұхитың биыл он төртке шығып қалды. Қолымнан көп жұмысымды алды. 
Бұрынғыдай бәріне жалғыз өзім дедектеп жүгірмеймін. Қолғанатым бар. Соған шүкірлік 
қылам. 
Ержан! Сенің арқаңда ұзын арқау, кең тұсау боп жүріп еш нәрсені аңғармаған екем 
ғой. Шығарға жаны басқа достарың бар екенін бұрын да білуші едім. Қысылтаяң сәттерде 
көмегімізге солар жарады емес пе? Әсіресе, анау Василий Жуков деген өзіңмен қызметтес 
болған жігіт сен Қысылып жатқанда жанын қоярға жер таппай, зыр жүгіріп жүрді ғой. 
Операциядан кейін сенің аузыңа лимон суын тамызу керек болды. Профессор солай 
деді. Мен қанша шарқ ұрып, жан салып іздесем де лимон таппай-ақ қойдым. Ерте көктем 
болатын-ды. Бұл кезде сауда орындарында да лимон азайып, тапшы боп қалады екен. Не 
керек, екі дана лимонды әлгі Василий тауып келді. Сондағы менің қуанғанымды көрсең. 
Зәрлі кезінде бір тамшы судың өзі ауру адамның тағдырын шешіп кетеді ғой. Оның үстіне 


профессор: «Қалай да лимон табыңыз, қышқылтым сусынды қажет етіп жатыр», — деген 
еді. 
Сол лимон, шынында да, саған шипа болды. Аузыңа су алмай қойған едің. Содан 
кейін су ішетін боп қалдың. 
Қалада атымен жоқ лимонды Василийдің қайдан тапқанын мен кейінірек есітіп 
білдім. Ол анау-мынауға мойын бұрмай, тура тауға қарай тартып кеткен екен. Қаланың 
сыртындағы ботаникалық тәжірибе станциясына барып, директорына жолығыпты. Бар 
жағдайды бүкпесіз айтыпты оған. Тәжірибе үшін өсіріп, күн сайын бақылап отырған бір 
түп лимон ағашының басында былтырғыдан небәрі төрт дана лимон жемісі қалған екен. 
Директор әрі- бері ойланып отырып, ақыры соның екі данасын өз қолымен үзіп әперіпті. 
Басқаның бәрін ұмытып кетсек те Василийдің сол жақсылығын ешқашанда ұмытуға 
болмайды, Ержан. 
Осы жеті жылдың ішінде жақсылардың шарапатын, жамандардың кесапатын аз 
көргеніміз жоқ қой. 
Әйтсе де, жер бетіндегі жақсы адамдар көп екен. Тіпті бұрын танымайтын кісілер 
кеше абыржып қалған кезімізде көмек қолын ұсынып, ықылас білдіріп жатты емес пе? 
Әсіресе, сол Василий, Нұрлыбек, Дастан сияқты жігіттер аяқтарынан тік тұрды ғой. 
Солардың арқасында жалғызсырап қалмадық. Тұрмыстан да кемтарлық көрген жоқпыз. 
Әйтеуір бес-алты отбасының қамқорлығында болдық. Біз оларға мәңгі-бақи қарыздармыз 
ғой. 
Сені операциядан кейінгі алғаш көргенімде абайсызда шоқ басып алғандай ыршып 
түссем керек. Ә дегенде, танымай қалдым. Адам соншама өзгеріп кетеді деп кім ойлаған. 
Бес-алты күннің ішінде бет сүйегің шодырайып, ұртың суалып, көздерің шүңірейіп ішіне 
түсіп кеткен екен. Қос жанарың өлі ашық жатса да, шырағың сөніп қалғандай боп көрінді 
маған. Ішім мұздап сала берді. Сенен жасырар сыр жоқ қой менде, Ержан! Сол жолы мен 
тірі адаммен емес, құдды өлікпен сөйлескендей болдым. Өйткені сенің бет-әлпетіңде тірі 
адамның бейнесінен нышан қалмаған еді. 
Тұла бойымды удай жайлаған қалың қасіретті көтере алмай ауруханадан әрең 
шықтым. Сенімен іштей қоштасып кеттім. Өзің де менімен ырзаласып, бақылдасып 
жатқандай боп сөйледің ғой. Мүмкін, қорыққанға қос көрініп, маған солай елес берген 
шығар. Әйтеуір аурухана ауласына шыққанымда құлазып, жүрегім бір сұмдықты 
сезгендей суылдай берді. Палатаға қайта кіріп, өзіңді бас салып сүйе бергім келді. Бірақ 
мені кіргізбеді. Енді бұрынғыдан бетер ішім әлем-жәлем боп кетті. 
Екі бала үшеуіміз зар еңіреп, ұлардай шулап қаламыз ба деген жымысқы ой да жылт 
ете қалды. 
Басым әңкі-тәңкі боп, жүнім жығылып, ауруханадан үйге келсем, төрде малдас 
құрып Бәкір туысқаның отыр. Басында сәлдесі, қолында тәсбиғы, алдында ашық жатқан 
құран кітабы жоқ демесең, айны-қатесіз молданың өзі ғой. Екі аяғын астына бүгіп 
қаздиып отыруы, еріндерін жыбырлатып, сыбырлап сөйлеуі, адамға көзін сатып, мөлиіп 
қарауы құдды жаназа оқып отырған молдаға ұқсайды екен. Көздері іннің түбінен қараған 
жыландай ызғар шашып тұр. 
Бәкірдің мына сиқын көргенімде, біреу төбемнен мұздай су құйып жібергендей-ақ 
тұла бойым түршігіп кетті. 
Ержан! Бүгінгі күнге дейін мен жүрегіме шемен боп байланған қайғы-шерімді 
сыртқа шығара алмай, іштен тынып келдім ғой. Саған көңілді көрінуге тырысып, күліп 


сөйлесіп жүрдім. Өйткені онсыз да науқасың меңдеп, жаның қысылып жатқанда жараға 
себілген тұздай ғып, саған азап үстіне азап бергім келмеді. 
Сол жолғы Бәкірдің қылығын есіме алсам бар ғой, тап қазір де ішім мұздап, төбе 
құйқам шымырлап кетеді. Адам қашанда жаман ойға жүйрік қой. Бәкірдің іннен шыққан 
суырдай сөлбіреген ұсқынына көзім түскен бойда-ақ «Ержанға бірдеме боп қалған екен» 
деген жаман ой басыма сап ете түсті. Бірақ өзім Ержаннан қазір ғана келіп тұрмын ғой деп 
ойладым. Әлде ауруханадан телефон соғып, суық хабар айтты ма екен? Олай болса мынау 
неге тілден қалған адамдай үн-түнсіз мөлиіп отыр? Аспан айналып, жерге түсіп кетсе де 
тезірек айтпай ма? Әдейі менің төзімімді сынамақ па? 
Мен ұстараның жүзіңде қалт-құлт етіп қанша тұрғанымды білмеймін. Әйтеуір 
«Ержанға бірдеме боп қалған ба?» деп сұрауға жүрегім дауаламады. Бейне бір өзара 
арбасып жатқан сиқыршы жандардай-ақ бір-бірімізге оқты көздерімізді қадап қойып, 
кірпік қақпай тұра бердік. 
Ақыры мен көзімді тайдырып әкеттім. «Мынау жәдігөй адамның қанын терісін 
теспей соратын шығар» деп ойладым сол сәтте. Енді не де болса сұрамақ боп оңтайлана 
бердім. 
Бірақ аузымды ашып та үлгермедім. Тұзақ үзген алаяқ неме көңілімдегінің бәрін 
көзімнен жазбай таныды. Оны сөйлеген сөздерінен аңғарған едім. Өзі бүгін мүсәпір бола 
қапты: 
— Тағдырсыз тәбділ болмас, — деді ол бір кезде мұрнымен міңгірлей сөйлеп. — 
Менен басқа кімі бар ол сор маңдайдың. Сыртынан сұрап біліп жүрмін. Рас, әзірше үзіле 
қойған жоқ. Жаны кеудесінде. Бірақ сенен несін жасырам, халі мүшкіл екен. Бүгін-ертең-
ақ олай-бұлай боп кетуі ғажап емес. Айналдырған ауру алмай қоймайды. Өлген адамға түк 
емес. Мына сен байғұсқа қиын болады ғой. Екі бала — екі жүз пәле емес пе? Жаман 
айтпай жақсы жоқ. Анау-мынаусын қамдай беру керек. Бірақ әлі менен басқа тырс еткен 
тірі пенде жоқ. Ертең жамбасы жерге тигенде жұртқа масқара боп қалмайық. Есіңде 
болсын, ертең «байым өлді» деп келген-кеткенге лақылдап барыңды шаша берме! Тірі 
адамға тіршілік керек... 
Ол өзінше ділмөрсіп, ауыз жаппай сампылдап сөйлеп жатты. Бірақ одан әрі не деп, 
не қойғанын естігем жоқ. Келген ізіммен кері бұрылып, саған қарай жүгірдім, Ержан. 
Ауруханаға жеткенше өкпем аузыма тығылды. Бір тықырдың таянғанын сезгендей-
ақ жүрек құрғыр да суылдап барады. Көздерім бұлдырап, құлағым шыңылдап, 
айналамның бәрі ың-жың боп кетті. 
Ай-шайға қарамай, киіп-жарып палатаңа кіріп бардым. Сен әлі оянбапсың. Кеудең 
біресе жоғары көтеріліп, біресе төмен түсіп, кәдімгідей тыныс алып, емін-еркін 
жатқаныңды көрген соң ғана жүрегім орнына түскендей болды-ау. Ақылбек аға менің 
әлденеден қатты үрейленіп кеткенімді қан-сөлі жоқ жүзімнен сезсе керек. «Қорықпаңыз, 
бәрі жақсы, тыныш ұйықтап жатыр», — деді. Сонда барып, мен өзіме-өзім келіп, есімді 
жисам керек. 
Содан бері жеті жыл өтті ғой. Бірак мысық тілеулес туысқаныңның сол күнгі бет-
әлпеті әлі күнге дейін көз алдымда тұр. Соны ойлай қалсам, май ішкендей жүрегім 
кілкілдеп кетеді. 
Рас, мұндай қара жүнді карғалар арамызда көп емес. Онысына да шүкірлік. Әйтпесе 
ондайлар жұрттан Күннің көзін қызғанып пәле болар еді ғой. Әйтсе де, мұндайларды аз 
екен деп ескермей, елемей кою да жөн емес шығар. Бір данышпан: «Жүз досың болса да 
— аз, жалғыз ғана жауың болса да — көп», — депті ғой. 


Әйтсе де, достарымыз, тілеулес таныстарымыз көп екен, Ержан. Оған сен өлі мен 
тірінің арасында жатқаныңда көзім жетті. Солар болмағанда, басымызға түскен таудай 
таукыметті мен жалғыз өзім көтере алар ма едім? Әрине, жоқ. Достарың аяқтарынан тік 
тұрды ғой. Ақыреттей азапты кеселден өлмей тірі қалғаның мүмкін солардың арқасы 
шығар. Мүмкін, балалардың бағына тірі қалған боларсың. Әйтеуір менің бақыт-шамым 
өшіп барып, қайта жанып, жарқырап кеткендей болды ғой. 
Жер жұқартып жүрген жанның бәрі бірдей мейірбан деп ешкім айта алмас. Сен 
ауруханада жанталасып жатқаныңда жым-жылас жоғалып, шымша батып кеткен 
туыстарың да болды. Бетің бері қарай бастаған кезде арамызға ши жүгірткен 
таныстарымыз да бар еді. Үндемей жүріп, іргемізден ін қазушылар да табылды. 
Бірақ мұндайлар көп емес, саусақпен санарлықтай ғана екен. Тіпті солардың өздері 
де кейінірек сен төсектен бас көтерген кезде үйге келіп, кешірім сұранып, ықылас- 
ниеттерін білдіріп жатты ғой. 
Әйтсе де, сол қиын-қыстау сәтте касыңда болған достарың көзге ыстық, көңілге 
жақын боп тұрады екен. Оған жақында тағы бір мәрте әбден көзім жетіп, көңілім сенді. 
Бүгін осындай бір оқиға есіме түсіп отыр. 
Бұл күнгі куанышымызда шек болған жоқ қой. Төрт жыл бойы төсектен тұрмай, 
жастықтан басыңды бір көтермей, езіліп жаттың ғой. Төрт жылдан кейін тұңғыш рет 
басыңды көтеріп, кәдімгідей бөксе басып отырдың. Дәрігер омыртқа сүйектеріңді әбден 
қарап болып, сосын ақырын көтеріп төсекке отырғызбақ болды. Сен маған қарадың. Бұл 
менен «қайтеміз?» деп сұрағаның еді. Мен «мақұл» дегендей бас изедім. Сен жүрегің 
онша дауаламай, отыруға қорқыңқырап жатсаң да дәрігерге: «Тұрсақ, тұрайық, сал 
жамбас болғанымыз жетер», — деп күлдің. 
Алғашқы жолы сен небәрі үш-ақ минут отырдың. Бірақ соның өзі саған қанша көп 
қуаныш әкелді десеңші! Аяқ астынан жүзің нұрланып, көздерің ойнақшып, көңілің көкке 
көтеріліп кетті ғой. Мен сенің мұндай елгезек күйге түскеніңді көптен бері көрген жоқ 
едім. Сенің үш минут тұрып отырғаныңды екеуіміз сонда ұзақ түнге әңгіме қылып 
шықтық қой. 
Дәрігердің тапсыруы бойынша ертеңіне сені өзім көтеріп, отырғыздым. Сен: 
«Балконға шығар, жарық дүниені көрейін», — дедің. Қызық сонда болды. 
Төрт жыл бойы киілмей, оралған күйінде шифоньерде ілулі тұрған киімдерінді 
алғанымда өз көзіме өзім сенбедім. Кезіңде бір-екі мәрте ғана киілген судай жаңа 
костюмдерің, көйлектерің, бас киімдерің өзінен-өзі сарғайып, көне тартып, адам 
танымастай боп кетіпті. Аппақ нейлон көйлектер бейне бір сары бояуға малып алғандай. 
Жыл сайын киімдеріңді бір-екі рет күнге жайып алушы едім. Сонда да байқамаған 
екем. Көйлектер мен костюмдердің қайсысын ұстасам да, тігісі сетінеп, көбесінен сөгіліп 
тұр. Адамның үстінде жүргенде көп жылға дейін шыдайтын мықты материалдардан 
тігілген киім-кешектердің өзі киілмей, шифоньерде тұрып-ақ іріп, ыдырап кетеді деп кім 
ойлаған. Иыққа ілуге жарайтын бірде-бір киімнің қалмағанын білгеніңде сен төрт жылдан 
бері түңғыш рет ішек-сілең қатқанша күлдің. Сосын отырып-отырып: «Дала көрмесе, киім 
де тозып кетеді екен-ау, Гауһар. Бәрінен де адам төзімді шығар. Мен өзім әлі тоза қойған 
жоқпын ғой, ә», — дедің маған күлімсірей қарап. 
Сол күнгі оқиғалар қазір де көз алдымда тұр. Маған айтып, Райымбек дейтін досыңа 
телефон соқтырдың. Мұндайда трубканы құлағыңа мен тосып тұрушы едім ғой. 
«Райымбек! — дедің сен телефон трубкасына аузыңды тақап. — Менің отырғанымды 
көргің келе ме? Онда тез жет! Он минуттан артық күтуге уақытым жоқ», — деп қарқылдап 


күлдің. Басқа ләм-мим деген жоқсың. Дәрігердің айтуынша бүгін он минут қана отыруың 
керек еді. 
Шынында да, арада он-он бес минут өтпей-ақ өкпесін қолына салып Райымбек жетті. 
Бар пәрменінше жүгірсе керек. Бізден екі кварталдай жерде тұратын. Алқынып, біразға 
дейін ентігін баса алмай абыржыды. 
Аяқтарыңды еденге салбыратып қойып, биік кереует үстінде сенің кәдімгідей 
еңсеңді көтеріп отырғаныңды көргенде, ол қуанғанынан сасқалақтап қалды. Мұндайда не 
істеу керек еді дегендей ошарылып біраз тұрды. Сосын үн-түнсіз жаныңа келіп, сені 
қапсыра құшақтап, бетіңнен сүйіп жатты. 
Сен Райымбекке дүкеннен киім алдырмақшы болдың. Өйткені екеуің бір размерлі 
киім киетіндеріңді бұрыннан білуші едім. Сау кезіңде екеуің бірдей киініп, егіз қозыдай 
боп, көшеде жұптарыңды жазбай жүретінсіңдер. Араларыңнан қыл өтпейтін еді ғой. 
Мен қонаққа дастарқан жасау үшін ас үйге шығып кеттім. Қайтып кірсем екеуің 
құдды суретке түсіп жатқан кісілердей иық тіресіп, бір-біріңе бастарыңды тақап, бір 
нүктеден көздеріңді алмай, кірпік қақпай, мелшиіп отырсыңдар. Мені күлдіру үшін 
Райымбектің жасағаны ғой. Ол өзінің үстіндегі бар киімін шешіп алып, оны саған кигізіп 
қойыпты. Ал, өзі сенің тозығы жетіп, тулаққа айналғандай көзге тұрпайы көрінетін әлгі 
ескі, іріп кеткен киімдеріңді киіп алыпты. 
Бұрын қалай байқамай келгем. Саған киім сұмдық жарасады екен ғой. Сенің ақ 
көйлек пен костюм киіп, мынадай галстук тағып отырғаныңды көрмегелі қай заман. Төрт 
жылдан бері төсекте тек ішкі киімдеріңмен ғана жаттың ғой. Кейде жаның қысылып, қара 
терге түскенде жұп-жұқа майканы да ауырлап, шештіріп тастайтынсың. 
«Адам көркі — шүберек» екені рас-ау. Мүлдем басқа адам боп шыға келдің. Өзіңнен 
көз алмай, сүйсіне қарап тұра бергім келді. Саған, әсіресе, қызыл-қоңыр түсті костюм 
көбірек жарасады екен. «Енді саған тек сондай костюмдер сатып әперем» деп түйдім 
іштей. 
Райымбек киім-кешек әкеп бер деп өзіне ұсынған ақша- ны алмай, сенің ескі-
құсқыңды «теберік» деп күле-күле киіп кеткен еді. Кешке жақын үлкен бір бума нәрсені 
әрең көтеріп келді. Бәрі киім екен. «Дүкенде киім қалдырдың ба?» — деп күлдің сен. 
Әсіресе, көздің жауын алатын жып-жылтыр былғары туфлиді көргенде досыңды өлердей 
мазақ қылдың: 
— Мұндай сәнді туфлиді киіп, көшеге шығуға жарайтын бір пар аяқты да сол 
дүкеннен сатып ала салмадың ба? — деп күлдің. 
Досы үшін жанын құрбан қылуга әзір осы бір ақ көңіл жігіт сен дегенде ішкен асын 
жерге қояды. Бұрын радиодан «Райымбек Дарханбаев ән шырқайды», — дегенді 
құлағымыз шалса-ақ елең ете қалушы едік. Қазір сол әндердің бәрін ол саған өзі үйге 
келіп айтып беріп жүр. Қолы қалт етіп, театрдан босаса-ақ домбырасын арқалап саған 
келеді. Сен басқа дос-жарандарыңа: «Жұрт әуре боп салпылдап концертке барады, ал, 
маған концерт өзі келеді», — деп әзіл-шынын араластыра мақтанып жүрдің. Бұл сөзіңді 
әлі күнге дейін аузыңнан тастамайсың. Өйткені Райымбек осы кезге дейін бізге келіп, 
арнайы концерт береді. 
Ержан! Сенің басыңа түскен таудай тауқыметті сездірмей, бойыңа қылқандай 
қадалып алып, сай-сүйегіңді сырқыратқан ауыр дерттің азабын азды-көпті жеңілдетіп 
жүрген қандай сиқырлы күш деп ойлайсың? Ол күш — сенің достарың. Бұған инедей 
шүбәм жоқ. 


Әйтсе де, ең басты күш өзіңсің ғой, Ержан. Саясы жоқ дараққа бұлбұл қонбайды. 
Достарың сенің кереметтей жан саяңда болып, көлеңкелеуді ұнатады ғой. 
Маңайдағы темір-терсекті өзіне тартып, жинап алатын магнит секілді сенің де 
бойыңда айналаңдағы адамдарды бауырыңа тартатын киелі қасиетің бар. Саған ересектер 
түгілі, бала-шағаға дейін үйір. Осы бір қасиетіңнен кешегі қиын-қыстау күндерде де 
айрылған жоқсың. Сондықтан біз үміт оты өлсіреп бара жатқан қияметтей қиын күндерде 
жалғыз қалған жоқпыз. Көңіл жетер ағайын-достарымыз, қадір білер жора-
жолдастарымыз қасымызда болды. Соның бәрі сенің арқаң. Сенің өз жақсылығыңа 
жұрттың қайтарған жақсылығы шығар деп білем. 
Ержан! Сен қашанда көңілдегі кірді тауып, көмекейдегі көмескіні болжай білесің 
ғой. Мен үнемі соныңа қайран қалам. Сол қасиетіңе сүйсінем. 
Шығыстың бір ақыны: «Құстың — қоразы, ал адамның — мекиені сәнқой болады» 
депті ғой. Мүмкін солай да шығар. «Қыздың көзі қызылда» деген сөз де бар емес пе? 
Әйтеуір әйел баласы қашанда әлекей-шәлекейге үйір ғой. Саусақтарыма сан қилы 
сақиналар салып, мойныма моншақ, құлағыма сырға дегендей-ақ әлем-жәлем тағуды мен 
де ұнатам. Көйлектің де сәндісін іздемейтін қыз- келіншек жоқ шығар. Бірақ өзім сөн 
құмар болсам да, сән қуушы емеспін. 
Ауру кірген үйге — әлек кіреді ғой. Соңғы жеті жылда өзімнің үсті-басыма да 
қарамай, салақсып кеттім. Бетке — опа, қас пен кірпікке — сүрме, ерінге — қызыл бояу 
тимегелі қашан. Әйел табиғатының өзі оқта-текте соларды аңсайды екен. 
Әсіресе, сенің науқасың сәл-пәл жеңілдеп, бетің бері қарағалы бері өзім қатарлы 
келіншектер тәрізді менің де әлем-жәлем тағыңып, әлеміштеніп киінгім келіп жүр еді. 
Бұрын сау кезіңде мұндай бұйымдарды көктемде келетін әйелдер мерекесіңе көбірек 
әперуші едің. Рас, өзім сатып алам десем қолымда ақша қазір де бар. Сенің қолымды 
қақпайтынынды да білем. Бірақ мен жеті жылдан бері сенің өз қолыңнан гүл алмай, 
сыйлық алмай келдім ғой. Соны аңсап, соны сағыңып қалсам керек. 
Ертең халықаралық әйелдер күні. Үлкен мереке. Көктем тойы. 
Бүгін мен парфюмерия дүкенінің алдынан өтіп бара жатып, көңілім бір түрлі алау-
жалау боп кетті. Өзіңдей бір ер кісі дүкеннен жылтыр қағазға орап, түрлі-түсті 
ленталармен белінен оралған ғажайып бір түйіншек алып шықты. Оның ішіндегі жұпар 
иісті әтір де, әсем құтыдағы опа да, сирек кездесетін крем де көздің жауын алатындай боп 
көрініп түр екен. Әлгі жігіттің қолында бір шоқ гүлі де бар. Әйелі мәре-сәре боп қалған 
шығар. 
Тегінде,, әйел байғұсқа көп нәрсенің керегі де жоқ. Кейбір еркектер мұндайда алтын 
мен бриллиант іздеп әуре-сарсаңға түседі. Меніңше, шын көңілден берілген сыйлықтың 
арзан, қымбаты болмайды. Гәп не сыйлағаныңда емес, саған қандай адамның сый 
тартқанында болса керек. 
Есіңде ме, Ержан? Сен өз аяғыңмен шапқылап жүрген шағыңда қалада сатылатын 
гүлдерді місе тұтпай: «Өз қолыңмен терген гүлдің иісі басқаша болады», — деп маған 
таудан бәйшешек теріп әкеп сыйлаушы едің ғой. Сол гүлдер шынында да маған ерекше, 
басқа гүлдердің бірде- біріне ұқсамайтыңдай, ғажайып көрінуші еді. Мүмкін, мен сол 
гүлдердің иісін аңсап жүрген шығармын. 
Бұдан жеті-сегіз жыл бұрын өзің сыйлаған моншақтарың мен сырғаларың да әлі 
күнге дейін көзіме оттай басылып, күні кеше ғана алғандай боп тұрады. Мен үшін олардан 
қымбат бұйым жоқ. Оқта-текте оларды құтысынан шығарып алып, әрі-бері көріп, сүртіп 


қоям. Бірақ тақпаймын. Өйткені аурудың азабын тартып, қайғысын арқалап жатқаныңда 
көңіліңе кірбің келіп қала ма деп тартынам. 
Бүгін бізді жұмыстан ертерек босатты. Үйге жеткенше әлгіндей сан түрлі ойлар 
тағатымды тауысып, құтымды қашырып келді. Табалдырықтан аттай бере-ақ аңқиған 
күйімде тұрып қаппын. Сен жатқан кереуеттің бас жағында аласа стол тұратын. Біреу 
соның үстіне ваза қойып, ішіне дала гүлі — бәйшешекті салып қойыпты. Алғашқы көктем 
гүлін көргенде сенің сау-саламат шапқылап жүрген кездерің есіме түсті. Мына балауса 
гүлді қазір ғана өз қолыңмен үзіп әкелгендей боп көрініп кеттің. Жаңа ғана парфюмерия 
дүкені алдында бейтаныс адамның қолынан көрген түйіншектей жылтыр қағазға оралған 
нәрсе стол үстінде тұр. Бұл маған арнап алдырған сыйлығың екенін бірден-ақ сездім. Әтір, 
опа, крем. Сенің мына сыйлығыңа, ықыласыңа ет жүрегім елжіреп сала берді. 
Әйел көңіліндей нәзік нәрсе жоқ шығар жер бетінде. Бұл менің сенен жеті жылдан 
кейін алған тұңғыш сыйлығым. Жатқан жеріңнен бас салып сүйе бергім келді. Бірақ 
оятқам жоқ. Түнімен қысылып, көз ілмей шығып едің. Таңертең өзім жұмысқа кетерде 
дәрігер шақыртқам. Сол келіп ұйықтататын укол жасап кетсе керек. 
Вазадағы гүлді көргенімде аң-таң болып, түгіне түсінбей қалдым. Дүкенге кімді 
жұмсадың? Тау гүлін теріп келген кім? Әй, несіне оған бас қатырам? Бұл сыйлықты 
беруші — сен, алушы — мен. Сен жұмсағанда құрақ ұшып тұратын достарың көп қой. 
Солардың бірі шығар. Бірақ мына бәйшешекті құдды өз қолыңмен теріп келген гүлдей 
етіп қабылдаймын, Ержан. Түрлі-түсті ленталарға оралған сыйлығыңды өз қолыңнан 
алғандай болдым. Өйткені мұның бәрі сенің жүрек қалауың бойынша әкелінген нәрселер 
ғой. 
Мына бәйшешекті иіскегенімде біздің үйге де көктем келіп кіргендей болды. Маған 
деген ықыласың жан- жүйемді босатты. Екеуіміз жаңа қосылған кездегідей бойымды 
нөсер сезім билеп кетті. Мен саған ұзақ мейірлене қарап тұрдым. Бірақ сен көпке дейін 
ояна қоймадың. Күлімсіреген күйіңде ұйықтап қапсың. Мүмкін, түсіңде екеуіміз бірге 
өткізген қызықты күндерімізді есіңе алып жатқан шығарсың. Әлде алдағы күндерді, 
тарлан тартып келе жатқан екі ұлыңның бақытын ойлап, тәтті қиялға беріліп кеттің бе 
екен? Әйтеуір бүгін қиналмай, көңіліңді аққа ұйытып жатқаныңа шүбәм жоқ, Ержан. 
Рас, сен әлі құлан-таза айығып кеткен жоқсың. Алдағы күндердің тауқыметі де аз 
емес шығар. Бірақ сен жалғыз емессің ғой. Жаныңда мен бармын. Арқаңда балаларың тұр. 
Айналаңда достарың жүр. 
Сен өзің де шоқта жатып шыңдалған шар болат емессің бе, Ержан?! 
Ержан! Сен аяусыз арпалыста ажалдың өзін де жеңіп шықтың. Тірі қалдың. Бұдан 
артық не керек бізге?! Демек, біздер бақыттымыз. 
Өмір әлі алда, Ержан. 
16 
Бір кезде Ақылбек жатақханада өзімен бірге тұратын достарының құлақты 
сарсытқан татымсыз әңгімелерінен, жастық-мастықтың әуресінде желігіп жүрген көңілді 
жастардың тынымсыз айғай-шуынан, араның ұясындай гуілдеген айналасындағы 
адамдардан азар да безер болатын еді. Кей-кейде күллі дүниені тәрік қылып, екі қолын 
төбесіне қойған күйінде басы ауған жаққа безіп кеткісі келетін-ді. Мұндай сәттерде ол 
жалғыз ұшқан шыбын ызыңы естілетіндей тып-тыныш бөлмеде оңаша отырып алып, 
өзінің диссертациялық жұмысын бұрқыратып жазып тастауды армандайтын. 
Ақылбек ол кезде әлі қылыштың жүзіндей қылшылдаған жас еді. Аспирант болатын. 
Мына у-шу жатақханаға кірген бойда-ақ таныс жігіттер тұс-тұстан әзіл-қалжың айтып, 


оны ара талағандай қылып тастайтын. Жастайынан томаға-тұйық боп өскен Ақылбекке 
енді жалғыздық пен тыныштық қиянның қиынында тұрған армандай боп көрінетін. 
Ақыры оның көксеген бар арманы орыңдалғандай болды. Өзіне берілген оңаша 
пәтерде құлаққа ұрған танадай жым-жырт тыныштық та орнады, ғылыми еңбегін де 
жазып бітті, ғылым докторы да атанды. 
Содан бері талай-талай жыл өтті. Ақылбектің өмірдегі бар арманы орындалғандай 
еді. Бірақ ойда жоқта ол ауыр дертке шалдығып, төсек тартып жатып қалды. 
Міне, бүгін өз үйі өзіне қапас сияқты. Екі аяғы бірдей сал боп, тырп етуге дәрмені 
келмей жатыр. Төрт тағандап қалса да ұнжырғасы түсер емес. Сергек. 
Әйтсе де, ауруханадан келгелі бері ол жалғыз еді. Әйелі алдына ас-суын қояды да, 
үн-түнсіз шығып кетеді. Бүл бөлмеге баласы да кірмейді. Бірте-бірте Ақылбек бір кезде 
өзін мезі қылған айғай-шуды, адам даусын, өмір толқындарының үнін аңсап, сағынатын 
боп қалды. Елегізіп, даладан естілетін әрбір дыбысқа құлақ түріп жататын болды. 
Үн жоқ, түн жоқ меңіреу тыныштық орнаған жерде өмір шамы өзінен-өзі біртіндеп 
сығырайып, сөне бастайды екен. Үнсіздік пен жалғыздық желдей ескен көңілді ғана емес, 
жансыз қара тасты да бордай үгіп тастайтынын кім білген десеңізші. Ақпай қалған су 
лезде-ақ борсып кетеді ғой. 
Жәдігөй-тыныштық жұрттан жырылып, шетке шығып қалған бозкүйік жандарды 
алдап-арбап өз құшағына тартып алады да, сосын ғұмыр бойы адамның терісін теспей 
қанын сора береді екен. Әлгі жан өзінің мықтап алданғанын жауырыны жерге тигенде бір-
ақ біледі. Өмір толқындарының у-шуы тынымсыз естіліп тұрған жерлерде ғана тіршілік 
иісі аңқып тұрады екен ғой. 
Әйтсе де, мұның бәрін Ақылбек тым кеш түсінді. Айықпас дертке шалдыққанда 
ұғынды. Өз кеселінің түпкі сырын аңғарғанда іші қазандай қайнап, өзегі өртеніп кете 
жаздады. Мұның бәріне өзгелер емес, өзі кінәлі болғандықтан ешкімге мұңын шаға алмай 
іштен тынды. 
«Өзім қатарлы достарым жұртпен араласып-құраласып жүріп-ақ менен гөрі көбірек 
шаруа тындырып тастады ғой. Неге мен де ел қатарлы ойнап-күліп жүріп еңбек етпедім. 
Ғұмыр бойы оңаша тырбаңдап, еңбек ләззатын да сезе алмадым. Тылсым тыныштыққа, 
оңаша өмірге неге сонша үйір болдым? Мені осындай ауыр дертке ұшыратқан, ұзақ 
жылдар бойы жанымды тіс қҰртындай кеміріп келген нәрсе осы жалғыздық емес пе?». 
Осындай ауыр ойлар оның қабырғасын қайыстырып, іштен кеміріп жатыр еді. 
Рас, Ақылбек жалғыз жан емес. Көргеннің көзі тойғандай әйелі бар. Бұлар отасқан 
он тоғыз жылдың ішінде мына жарық дүниеге бір қыз, екі ұл бала әкелді. 
Әйтсе де, Ақылбек өз үйінде мықтап өлі тыныштық орнатып тастаған екен. Бұл үйде 
ешкім дауыстап сөйлеп, қарқылдап күлген емес. Әлденеден жасқанатын жандарша 
аяқтарының ұшымен ғана абайлап басады. Осы үйде үш бала туылса да іңгәләп жылаған 
шақалақ даусы естілген емес, сірә. Бұлардың тіпті радиосы да сыбырлап қана сөйлейтін 
сиякты. Мұндағы ең басты нәрсе — жым-жырт үнсіздік болатын-ды 
Раушанды үш баланың анасы деп ешкім ойламайтын. Өйткені оның бала көтеріп, 
сәби жетектеп жүргенін езгелер түгілі, ең жақын көршілері де көрген емес. Ғұмырында 
пұшпағы қанамаған әйелдей-ақ ылғи сыптай боп, қаздияды да тұрады. Бұлар үш балалы 
болса да, бала өсіріп, оны кәмелетке жеткізудің толып жатқан қиындығын да, шексіз 
рахатын да сезген жоқ 
Түңғыш ұлы туысымен Раушан қызыл шақа шақалақты аз уақыт ішінде-ақ емшектен 
шығарды да, Ақылбектің алыстағы ауылда тұратын әке-шешесінің қолына апарып тастады 


Әйелінің мұнысына алғашында Ақылбек сәл қарсылық білдіргендей болды. Бірақ Раушан 
аяқ астынан ашуға мініп, өзінен-өзі екілене, еліре сөйлеп күйеуінің аузын аштырмай 
басып тастады 
— Бала тудым екен деп үйде омалып отыра берем бе?! Маған кандидаттық 
диссертацияны сен жазып бересің бе?! Әлде мына баланы сен емізіп үйде отырасың ба, ә?! 
Сөйтіп түңғыш бала туылысымен-ақ бұл үйге кикілжің кірген еді Бірақ сырт көзге сыр 
білдірген жоқ. Түк болмағандай-ақ жұбын жазбай жүре берді. Үйде у-шу шығармау үшін 
Ақылбек те енді әйелінің ыңғайына көше беретін боп алды 
Әйтсе де, Ақылбек әйеліне, сірә, көңілі суып, пәлендей ренжіген емес «Рас, жас қой 
әлі, бойдан күші таймай тұрған шағында еңбегін жазып, қорғап алсын», — деп түйді 
іштей ол. Бұлар осылайша жауырды жаба тоқып, дос-жарандарына, ағайын-
туысқандарына сыр алдырмай, үндемей жүре берді Сырт көзге сыр бермеу — бұл 
отбасының басты ұраны сияқты еді. Бірін-бірі жеп қоюға әзір тұрса да, ләм-мим демей, 
сырттай сыйласып, іштерінен тынатын да қоятын 
Немере бағуға қарттар да онша қарсы бола қойған жоқ. Бұдан кейінгі екі бала да 
ауылда өсті. 
Тұңғыш ұлы Арман тоғыз жасқа толғанда Ақылбектің анасы дүние салды. Артынша 
бір айға жетпей әкесі де марқұм болды. Енді Ақылбек үш баласын да қалаға, өз үйіне 
әкелді. 
Балалар келісімен-ақ бұрын тып-тыныш, айнадай тап- таза үйдің берекесі қашты. Үш 
бала бірдей асыр салып ойнағанда Раушанға бүкіл дүние у-шу боп жатқандай-ақ жанын 
қоярға жер таппай апалақтап қалды. Оның үстіне әлі қолдың табы түспеген су жаңа 
мебельдердің сыры көшіп, хрусталь ыдыс-аяқтар шетінен қирап жатқандай боп кетті. 
Раушанның талай жылдардан бері әбден қалыптасып қалған тып-тыныш үйреншікті 
өміріне біреу оқыстан қол сұғып, қастандық жасап жатқандай көрінді. Оның үстіне күйеуі 
де енді бар ықыласын балаларына үйіп-төгіп, Раушанды көзге ілмей қойғандай боп тұрды. 
Күніне екі-үш рет қазан асып, ыдыс-аяқ жуып сілікпесі шығып бара жатқандай болды. 
Табаны күректей бір апта бойы тырнақ боятуға да, шашты сәндеуге де бара алмай, 
байлаулы бұзаудай үйден аттап шыға алмай, аяғына шырмау түсіп қалды. «Бүйте берсем 
өлердей титықтап, өзімнен- өзім жүнжіп, жасыма жетпей қартайып кетеді екем» деп 
ойлады ол. Енді қалайда мына у-шудан құтылмақ болды. Сол күні-ақ ол қызметтен жаңа 
ғана келіп, диванда демалып жатқан Ақылбектің шашын сипап отырып әңгіме қозғады. 
— 
Мына балалар кең дала, еркін өмірге үйреніп қалған екен. Қала тәртібіне 
көндігер емес. Ауылдың таза ауасы мен сары қымызына не жетсін. Оның үстіне басқалар 
сияқты емес, сенің денсаулығың нашар. Дәрігер айтты ғой, саған тыныштық керек. Сосын 
күтім керек. Балалар келгелі бері өзіңе жөндеп шай де бере алмай қалдым. 
Ақылбек әйелін ернінің емеуірінінен таниды. Демек, Раушан өзегін жарып шыққан, 
өз балаларын ауырлай бастапты. «Ауылға жөнелтіп жібер», — дегенді меңзеп отыр. Бірақ 
Ақылбек әйелінің бұл ойын түсінбегендей ыңғай байқатты. Раушан енді айтарын білтелеп 
жатпай-ақ төтелей соғып, бұйыра сөйледі: 
— 
Шақырт, анау зоотехник ініңді. «Інісі бардың — тынысы бар» емес пе? 
Ауылда білдей-білдей інілерің жалаңдап жүргенде біз мына қаладағы қуықтай үйімізге 
бала қамап отырамыз ба?! 
Ақыры әйелінің айтқаны болды. Ақылбек үш баласын да ауылда тұратын інілерінің 
үйіне жіберіп тынды. 


Бұлар шаңырақ көтеріп, отау тіккелі бері де зымырап он тоғыз жыл өтіп кетіпті. 
Мұны тұңғыш ұлы естеріне салғандай еді. Ол ауылдағы он жылдықты бітіріп, қалаға 
оқуға келді. 
Иә, өткен күнде белгі жоқ қой. Бұдан он сегіз жыл бұрын Ақылбек астанадағы 
университетті бітірген еді. Раушан педагогика институтының соңғы курсында оқитын. 
Екеуінің де мамандығы биолог. Ақылбек оқуды бітіріп, аспирантураға түскен жылы бұлар 
отбасын құрды. Содан бері ерлі-зайыптылар биология ғылыми-зерттеу институтында 
бірге еңбек етіп келеді. 
Ақылбек ғылыми іске ынталылығын бірден танытты. Екі-үш жылда-ақ ғылым 
кандидаты болып шыға келді. Сосын араға он шақты жыл салып барып доктор атанды. 
Көп ұзамай профессор болды. 
Раушан кіші ғылыми қызметкер дәрежесінен әрі аса алмай қалды. Мұнысына ол 
іштей қатты қынжылатын. Бірақ тірі жанға тіс жарып, сыр білдірген емес. Кейбір достары 
оған қалжыңдап: 
— 
Әй, Раушан! Сен қашан доктор боласың? — дейтін. Мұндайда әзілге ол әзіл 
сөзбен жауап беретін: 
— 
Бір үйге бір доктор жетпей ме? Еркектердің намысына тигім келмейді. Озып 
кетсем Ақылбек ренжиді ғой. Әйтпесе осы күнге дейін академик боп қалар едім. 
Ақылбек ойда жоқта, аяқ астынан, өз үйінде отырып- ақ ауыр дертке тап болды. 
Бірден ашу үстінде аяқ-қолы істемей сал боп қалды. Дәрігерлер миға қан құйылған — 
геморрагиялық инфаркт, яғни инсульт деп тапты. 
Бір қызығы мұндай науқасқа үндемес, ешкімнің бетіне қарсы келмейтін, сырт көзге 
қойдан жуас, қозыдан момақан боп көрінетін адамдар көбірек шалдығады екен. Өйткені 
осындай көңіл жықпас, «ұстамды» жандар өздерін басқалар жерден алып, жерге салып 
жәбірлеп жатса да мыңқ етпейді ғой. Қарсы келіп, ауыз ащпайды. Өзінің әділдігін айтып, 
әділетсіз жалаға қарсы күреспейді. Бойында қазандай қайнап, асаудай тулап жатқан 
қыруар ашу- ыза толқындарын ақылға жеңдіріп сыртқа шығармай басып тастай береді. 
Бірақ адам табиғаты мұндай «қорлыққа» шыдамайды. Жамандық бірте-бірте 
ұмытылып, өзінен-өзі ғайып боп кетпейді. Құдды удай ащы запыран тәрізді адамның 
жүрегіне там-тұмдап жылдар бойы жинала береді екен. Адам бойындағы тулаған албырт 
та, асыл сезімді ұдайы тұншықтыра беру де қиянат емес пе? Біз өз бойымыздағы 
бұдқынып жатқан ыстық сезімді ұдайы ақыл-парасатқа жығып бере берсек не болмақ? 
Тым құрыса екеуінің тізгіннің қатар ұстасақ қайтеді? Жұртқа шамадан тыс сыпайы, 
«ұстамды» боп көріну үшін тиісті сөзіңді де айтпай, қоқыр-соқырдың бәрін кепелеп ішке 
жинай беру дұрыс па? 
Ақылбек бүгін осындай ауыр ойларға шомып жатыр еді. Әсіресе, ол әйеліне, сірә, 
қарсы келіп, өз пікірін айтып, дәлелдеп көрген емес. Отбасын құрып, бір шаңырақтың 
астында бірге өмір сүргелі бері бір мәрте де Раушанға «Мынауың дұрыс емес», — деген 
жоқ. Рас, жаңадан қосылған жылдары оқта-текте болса да өз пікірін айтып қалатын. Бірақ 
одан ештеңе өнбейтініне көзі жеткен соң ауыз ашпайтын боп алды 
Ал, әйелі сөзін малданбаған соң онымен айтысып жатудан не пайда деп ойлайтын 
Анда-санда дөң айбат көрсетіп, ашуын тарқатып алуға балалары да үйде емес 
Шіркін-ай, кезінде адамға бала да керек, баланың сотқарлығы да керек екен-ау. Үйдің 
шаңын шығарып, қым-қиғаш қызыл шеке боп жатқан ылғи боқташақ тентектерге «Тәйт! 
Ойқастамай тыныш отырыңдар!» — деп бір зекіп тастасаң да әжептәуір бойың жеңілдеп, 
онша-мұнша шерің тарқап қалмай ма? 


Басы аман, бауыры бүтін кезінде-ақ Ақылбек балаларын аңсайтын. Сағынатын Оқта-
текте ауылға бара қалса, балаларын оңаша шығарып алып «Бір рет мені папа деп айтшы, 
құшақташы мені, құлыным», — деп өз балаларына өзі жалынатын 
Әйтсе де, Ақылбек өз жүрегінің терең түпкірінде «мен мұндалап» тулап жатқан осы 
бір аялы ойларын әйеліне сездірген емес. Не де болса іштей күйіп, іштен тынып, ләм-мим 
демей жүре беретін. Ерлі-зайыптылар сонша жыл ішінде бір рет те ағынан жарылып 
сырласқан емес. Бет жыртысып, ұрысқан да емес. Сырттай сыйластық сақтайтын-ды 
Адамның ішкі жан-дүниесі әлемдегі жақсы-жаман қазынаның бәрі ішіне сыйып кете 
беретін ертегіде кездесетін сиқырлы қапшық емес қой. Қанша мықты десек те, сыр 
сандықтың қақпағын оқтын-оқтын ашып, ішкі сырды сыртқа шығарып тұрмаса қиын екен. 
Мұндай «төзімді» адамдар күндердің күнінде аяқ астынан жарылып, бүлқан-талқан 
болғанда өзін танымай қаласыз. Құдды қопарғыш зат — динамит абайсызда от тиіп 
жарылғандай оқыстан гүрс ете түседі. Мұндайда алдымен әлгі адамның өзі мертігіп кетуі 
ықтимал деп кім ойлаған десеңізші. 
Ақылбектің осыған әбден көзі жетіп, көңілі сенгелі қашан. Он тоғыз жыл бойы там-
тұмдап жиналған ашу- ыза ақыры ішіне сыймай асып-тасып бір күні фонтанша атылды. 
Бұған әйелінің: «Арман оқуға түсті ғой, енді оны институттың жатақханасына жіберейік», 
— деген бір ауыз сөзі себеп болды. Мұны естігенде Ақылбек бірден аппақ, қудай боп-боз 
боп, жүзінде бір тамшы қаны қалмай, қасындағы креслоға мықшиып отыра кетті. 
Ә дегенде, ол тапа-тал түсте төбесінен жай түскендей есеңгіреп, әйелінің не айтып, 
не қойғанын ұқпай, аңқиып тұрып қалғандай еді. Біраздан кейін ғана есін жиып алғандай, 
әлгі сөздердің шын мән-мағынасын аңғарғандай болды. Сонда ғана көздері қанталап, түгі 
сыртына шығып, Раушанды тірідей жүндемек боп тұра ұмтылды. Сабыр суы сарқылды-ау 
деймін. Бірақ бір-екі аттады да, тәлтіректеп барып сылқ құлап түсті. 
Оны ес-түссіз күйінде жедел жәрдем машинасы ауруханаға әкетті. Ең беделді деген 
дәрігерлер көрді. Алайда, Ақылбек сол жығылғанынан қайтып тұра алмай-ақ қойды. 
Иә, Ақылбек жер қозғалып, әлем-тапырық боп жатса да былқ етпей, жайбарақат 
жүре беретін ауыр мінезді жан еді. Өмір атты алып мұхиттың қаһарлы толқындарына да 
бейне бір мызғымас жартастай бәріне де төтеп беріп, қасқиып тұра беретін-ді. 
Әйтсе де, таудай долы толқындар күндіз-түні тынымсыз соққылай берсе, сол 
жартастың өзі де сүйектей мүжіліп, бірте-бірте шегіне түсетін сәттері де ұшырасады екен. 
Өмір соққысы кімге де болса жеңіл соқпайтыны мәлім ғой. Әйтсе де, Ақылбек шегінген 
жоқ. Ол өзгелер тәрізді басқа түскен тауқыметке аһлап, уһлеп күйіп- піскен емес. 
Көлденең келген көк аттыға мұңын шағып, жүрегін дастарқанша жайған жоқ. Қол сынса 
жең ішінде деп, өз отбасының сырын сыртқа шығармауға тырысты. Зілдей ауыр ойларын 
тірі жанға тіс жарып айтқан емес, сірә. 
Ал, оның қазіргі жан төзгісіз азап қасіреті адам түгілі, атан түйеге ауырлық қылар 
еді. Екі аяғы да сал боп, қыбыр етіп қозғалуға мұршасы келмей, үш жылдан бері төсегінен 
бір мәрте де тұрып көрмей, көк жамбас боп сарғайып жападан-жалғыз жатқан Ақылбектің 
көзіне тік қараудың өзіне адамның жүрегі дауалай бермейтін. 
Иә, ол үш жылдан бері жападан-жалғыз жатыр. Жоқ. Әйелі Ақылбекті тастап, 
ажырасып кеткен жоқ. Осы үйде. Арман да осында. Бәрі осы үйде. Әйтсе де, Ақылбек 
жалғыз... 
Рас, алғашқы күндері Раушан күн сайын күйеуін ваннаға өзі көтеріп салып, 
шомылдырып, жиі-жиі көрпетөсегін ауыстырып, күні-түні бәйек боп қасынан шықпай 
жүрді. Күн ұзаққа тырп етпей төсекте жатқан күйеуінің жанында үн-түнсіз отырып, кейде 


көзіне жас алатын. Ақыры Ақылбектің де көңілі жібіп, жаны бусанып алғашқы райынан 
қайта бастады. Бәрі де біртіндеп өзінің бұрынғы, үйреншікті ырғағына түсіп келе 
жатқандай еді. 
Бірақ бітіп келе жатқан жараның бетін көп ұзамай Раушан қайта тырнап, дал-дұлын 
шығарып тастады. 
Бұл оқиға ойда жоқта, аяқ астынан болды. Ақылбектің науқасын дәрігерлер егжей-
тегжейлі зерттей келіп, ақыры ол енді өз аяғымен жер басып жүре алмайды деген 
қорытындыға келді. Бірінші топтағы мүгедек ретінде оны құрметті демалысқа шығару 
жөнінде шешім қабылданды. 
Мұны естігенде, Раушан есінен танып қала жаздады. Өз құлағына өзі сенерін де, 
сенбесін де білмеді. Оған қас қағымда айнала төңіректің бәрі бұлдырап, сағымданып, 
тұман басып кеткендей болды. Өзіне әлденелерді айтып жатқан бір топ ақ халатты 
адамдардың ауыздары жыбырлап, қолдары ербеңдеп көрінсе де, дауыстары естілмейтін 
сияқты. Бейне бір кино көріп отырғандай еді. 
Раушан құдды сең соққан балықтай есеңгіреп, есінен айрылып қалғандай болды. 
Жоқ. Ақылбекке жаны ашып емес, оны елең қылған да жоқ. Раушан қазір өз қамы, өз 
тағдыры үшін ғана абыржып отыр. Оған тап қазір ақыр заман болатындай, кең дүние 
өзінен-өзі тарылып бара жатқандай боп кетті. Төрт бөлмелі үйде, сіресіп тұрған дүние-
жиһаздар да, ай сайын екі рет өзі шытырлатып санап алатын профессордың айлығы да 
қолынан сусып шығып, түпсіз тұңғиыққа батып бара жатқандай боп көрінді. 
Бөлмеде ерлі-зайыпты екеуі ғана қалды. Ақылбекті ауруханадан әкелген бір топ 
адам қоштасып шығып кетті. Жаңа есік алдында күйеуін жедел жәрдем машинасынан 
түсіріп жатқанда, Раушан терезеден қарап тұрған. Бұлардың пәтері зәулім үйдің бесінші 
қабатында еді. Төрт жігіт терлеп-тепшіп жүріп, Ақылбекті бесінші қабатқа әрең шығарды. 
Ол өзі онша ауыр да емес еді. Мына қуықтай тап-тар, жыландай ирелеңдеп жатқан тас 
баспалдақтардан ұп-ұзын, ебедейсіз зембілді алып жүру ақыреттен қиын болды. 
Зембілдің бір жағын бас дәрігердің өзі көтеріпті. Соның өзінен-ақ Раушан іштей 
тіксініп, секем алып қалған еді. Сол күдігі расқа шықты. 
Міне, Ақылбек биік кереуетте шалқасынан түсіп, қыбыр етпей жатыр. Аз күнде-ақ 
жалы жатып, қоңы түсіп қалған секілді. Әлде жаңа ғана айтылған «зейнеткер», «мүгедек» 
деген сөздер еңсесін езіп жіберді ме екен? Әлде бүгінгі күнге дейін маңдайын күн 
шалмаған мына әйелінің ертеңгі күні не болады деп толғана ма? Әлде әкесіне жоламай, 
тосырқап, жатырқап жүрген ұлы Арманның өз колында өспегеніне, оның балалық 
қылықтарын көре алмағанына өкініп жатыр ма? Кім білсін? Әйтеуір шаңыраққа қараған 
күйінде бір нүктеден көзін алмай, мелшиді де қалды. 
Жаңағы бас дәрігердің бір ауыз сөзі Раушанның бүкіл өмірін көз алдына елестетіп 
жібергендей болды. Ол Раушанды оңаша шақырып алып, күйеуіне енді күні-түні күтім 
қажеттігін қайта-қайта табыстады: 
— Ең бастысы — ықылас. Әдетте мұндай науқастар жасық, тіпті жылауық боп 
қалады. Ренжітіп алмаңыз. Қас- Қабағына қараңыз. Бір-екі ай, біраз көндігіп алғанша үйде 
болыңыз. Көбірек қасында отырыңыз. Институт директорымен өзім сөйлесем. Сізді бір-
екі айға қызметтен босатуын сұраймын. О жағынан қам жемеңіз. Жадыңызда сақтаңыз. 
Ақылбектің ендігі дәрігері Сіз боласыз. Бәрі де енді сізге байланысты. Ал, біз қолдан 
келгенін аянбаймыз. Біздің көмегіміз қажет бола қалса, қысылмай дереу телефон соғыңыз. 
Раушанның есіне бұдан бірнеше жыл бұрын дүние салған өз анасы түсті. Ол да нақ 
осы Ақылбек сияқты ойда жоқта екі аяғынан бірдей айрылып, сал боп қалған еді. Сол 


жылы Раушан өзінің туып-өскен аулындағы орта мектепті бітіріп, кәмелеттік аттестат 
алды. 
Көйлек-көншегін чемоданға салып, Раушан қалаға оқуға жүрмек боп жиналып 
жатқанда да ауыл қариялары әлгіндей ақыл айтып, жынына тиген: 
— Шырағым, әкең болса соғыста өлді. Мына шешең байғұс аяқтан қалды. Мешел 
кемпірді жалғыз тастап қайда барасың?! Сен бұл бейшараның маңдайдағы жалғызысың 
ғой, оқу қашпас. Әзірге оны қоя тұр. Қайда барсаң да екі қолға бір жұмыс қой. Осы 
колхозда-ақ істе. Біз де саған бөтен емеспіз. Қарап қалмаспыз. 
Бірақ бұл сөздер айдарынан жел есіп тұрған он сегіз жасар Раушанның құлағына 
кіріп те шыққан жоқ. «Ақылы алқымынан аспаған мына кәрі-құртаңның данышпансып, 
біреуге кеңес бергенін қарашы» деп ойлады ол. Мен он жыл бойы не үшін оқыдым? Үйде 
омалып отыру үшін бе? Әлде колхоздың сиыр қорасын тазалап, бүкшеңдеп сиыр сауып 
жүру үшін бе? Жоқ. Мектепте менен де нашар оқыған қыздар білім іздеп басы ауған 
жаққа кетіп жатыр ғой. Солардан қай жерім кем? Мен де барам қалаға. Ал, шешем өзі-ақ 
түсінеді ғой. Қарсы болып, бағымды байлай қоймас. Асарын асап, жасарын жасап болған 
жоқ па ол?! Қасында отырғанда не тындырам? Бәрібір ол ауруынан айығып, аяғына мініп 
кетпейді ғой. Дәрігерлер солай деді. Демек, жолымнан қалмауым керек. 
Ақыры Раушан екі аяғы бірдей сал боп жатқан шешесін жамағайындарының біріне 
табыс етіп, бір-екі айда кеп қалам деп қалаға тартып отырды. Ауру кемпір бөтен адамның 
қолына қарап, жалтаң көз боп қала берді. Күн ұзаққа есікке телміре қарап қызын күтіп 
жатады да қояды. Бірақ қызы сол кеткеннен мол кетті. Институтты бітіріп Ақылбекке 
тұрмысқа шыққанша аулына қарап аяқ басқан жоқ. Бара қалса ажал аузында жатқан анасы 
етегіне жармасып, жабысып, жібермей қоятындай боп тұратын. 
Бірақ бес жылдан кейін Раушан туған аулына Ақылбекті ертіп барғанда анасы 
жармасқан да, жабысқан да жоқ. Тіпті қызының сәлемін де қабыл алмады. Бейне бір өзіне 
таныс емес бөгде адамды көргендей үн-түнсіз бедірейіп жата берді. 
Тек сәлден кейін барып қана алдымен кебірсіген еріндері дір-дір етті де, артынша 
қарлыққан өлсіз дауыспен сөйлей бастады: 
— Тасбауыр! Келдің бе, ақыры?! Бес жыл бойы қараңды көрсетпей қайда қаңғып 
жүрсің?! Ақша бетің тілінгір- ау, енді не деп кеп тұрсың?! Тумай, туа шәккір! Мыналар, 
— деп кемпір өзі жатқан үйдің адамдарын иегімен меңзеп, — маған тумаса да туғандай 
болды, мені бөтенсімей алақандарына салып, жас баладай әлпештеп отыр. Өле-өлгенше 
өкіметке де ризамын. Кешегі азды-көпті еңбегімді ұмытпапты. Зейнетақы берді. Обалы не 
керек, осы ауылдың кәрі-жасы мен десе аяқтарынан тік тұрады. Сыйлайды. Соғыс 
құрбаны болған әкеңнің аруағын құрметтейді. Мен бейбақ сені жалаң аяқ жар кешіп, 
қызыл аяқ қыр кешіп, жесір жүріп өсіріп едім, жетпегір. Сондағы көрсеткенің осы ма?! 
Ел-жұртқа масқара қылдың! Жоқ. Туған анаңнан безіп, сен өзің жұртқа масқара болдың 
ғой. Құдай- ау, мен бала емес, қара тас туған екем! Енді ант мезгілім де алыс емес, — деп 
кемпір бір ауыр күрсініп алды. — Сен шіріген жұмыртқа! Бар айтарым, ақ сүтімнің айы 
ұрсын сені, қарабет! 
Кемпір ашу-ызаға булығып, одан әрі сөйлей алмай ентігіп, алқынып, жөтеліп кетті. 
Сосын көпке дейін сазарып, үн-түнсіз жатты да қойды. Тек Раушан үйден шығып кеткен 
соң ғана құдды қара тасты қақ жарып шыққан жалғыз тамшыдай кемпірдің көзінен бір 
бүртік жас ыршып түсті. 
Өмірінде өз кінәсін, сірә, өзге түгілі өз арының алдында да мойындай қоймайтын 
адамдар болады. Таудай қылмыс жасап қойса да ондайлар өзін-өзі ар сотына салып, күйіп-


пісіп, әлекке түсіп жатпайды. Бар айыпты басқаларға арта салады да, өзі сүттен ақ, қардан 
таза, бейкүнә періште боп жайбарақат жүре береді. 
Раушан да сондайлардың бірі еді. Анасының аяғына жығылуға барған жоқ ол. Ел-
жұртқа мақтану үшін барды. Институт бітіргенін білсін, күйеуге шыққанын көрсін. Дос-
дұшпанның іші күйсін деп ойлаған еді. Бірақ оған ешкім көз тоқтатып тамсанған жоқ. 
Қайта кейбіреулер жиіркене қарағандай болды. 
Ауылдан ол жай кеткен жоқ. Бетіне қарсы келген, яки «мұның не» деген ағайын-
туғанның бәрімен бет жыртысып, ала арқанын үзіп кетті. «Алжып қапты», — деп анасын 
да айыптап кетті. 
Сол жолы жұрттың бәрін өлердей жек көріп кетті. Абайсызда араға таланып қалған 
адамдай алды-артына қарамай қашты. Сол кеткеннен аулына ат ізін салған жоқ. Тіпті 
анасы марқұм болғанда да тырс еткен жоқ. Бармады. Безірейіп жүре берді. Қайта 
бұрынғысынан гөрі арқабасы кеңіп қалғандай сезінді. 
Ақылбек өз әйелінің кім екенін арада он тоғыз жыл өткен соң ғана там-тұмдап түсіне 
бастағандай еді. Басы аман, бауыры бүтінде ол хақында шындап ойланған емес. Жұмыс 
басты, ер жанышты боп жүре берген екен. 
Міне, бүгін Раушан да ой түпкірін ақтарып отыр. Бір кезде ағайын-туыстары оған: 
«Науқас анаңды бақ, қасында отыр», — деп еді. Ал бүгін тағы оған: «Науқас күйеуіңді 
бақ, қасында отыр», — дейді. Бұл не? Тағдырдың тәлкегі ме? Соңғы жылдары Раушан осы 
«отыр» деген сөзді жиі естігені сондай, біреу «отыр» десе аза бойы қаза болады. 
«Лабароторияда отыр, кітапханада отыр, архивте отыр». Енді келіп, үйіңде отыр дейді. 
Әйтсе де, соның бәріне қасарысқандай-ақ Раушан отырған жоқ. Қайта тыным таппай 
жүре берді. Қолды-аяққа тұрмады. Сән ательесінде, шаштараз салондарында, концерт 
залдарында, қонақта, дүкендерде тағы басқаларда жүрді. Әлі де жүре бермек еді. Бірақ 
ойда жоқта Ақылбек аяғына тұсау боп оралғалы тұр. 
Жоқ! Ошақтың үш бұтынан шықпай, үй күшік боп езіліп отыра беретін шор аяқ күң 
мен емес! — деп түйді Раушан іштей. Кетем! Көз көрмес, құлақ естімес жаққа қаңғып 
кетем. Омалып отырғанда кімді күтем? Нені күтем? Сарылып тағы жүз жыл күтсем де, 
Ақылбек бәрібір енді қайтып аяғымен жер басып жүре алмайтыны хақ. Осылай масыл боп 
жатқаны жатқан. Тіпті өздігінен дәрет сындыруға дәрмені келмейді. Ертелі-кеш соның 
боқ-сідігін төгіп не мұратқа жетем? Ал, ол өз мақсатына жетті: профессор болды. Сол 
кезде ол маған қарайлаған жоқ. Қарасқан жоқ. Әйтпесе зерттеу тақырыбымыз да жақын 
еді. Неше рет ашып айттым да. Бірақ ол желігі басылмай тұрғанда, жалына қол тигізбей 
маңайына жуытпай қойды ғой. Тіпті маған бір жолы «Аузы-мұрның қисаймай сондай 
сөзді қалай ғана айтасың?» — деп кейіп тастады емес пе? Ол өзі кандидат, доктор да 
болды. Демек, әркім өзі үшін. Қара бастың қамы үшін. Бұл — өмір заңы. Тағдырдың 
айдауына, өмірдің илеуіне көнбейтін жан бар ма?! Ертең өсе келе Арман да өз жөнімен, өз 
жолымен кетеді. Сонда мына менің қасымда кім қалады? Ақылбек пе? Бұрынғы Ақылбек 
жоқ енді. Тек сүлдесі ғана қалған. Өлі мен тірінің арасында өз жанымен арпаласып жатқан 
бейшара Ақылбек кімге керек дейсің. Мүгедек ол. Тырп етуге дәрмені жоқ. Бірінші 
топтағы мүгедек. Алдына қойған асты алып ішуге шамасы келмейтін мүгедек. Екі аяғы 
бірдей сал боп, сарғайып жатқан жарымжан кімге сүйеу, кімге тіреу боп жарытар дейсің. 
Демек, дереу ажырасу керек. Бұған Ақылбек те қарсы бола қоймас. Түсінеді ғой 
бәрін. Енді ешқашанда орнынан тұрып, жер басып жүре алмасын біледі ол. Сондықтан 
«Мен өлгенше қасымда күзетіп отыр» деуге өзінің де аузы бармас. Бағымды байламас. 


Өзі-ақ айтар деп ойлап едім, тырс етер түрі жоқ. Өлімнен басқаның ертесі жақсы ғой. 
Тезірек ажырасып, тынсақ екен. 
Әрине, неке бұзу онша қиынға соқпас. Заң мен жағында. Өлсең де, тірілсең де 
мүгедекпен бірге тұр деп, сірә, мені ешкім зорлай алмайды. Рас, дос-жарандар біраз күн 
өсек қылар. Мейлі. Бәрібір жұртқа жақпайсың. Сөйлесең тақ-тақ дейді, сөйлемесең 
ақымақ дейді. 
Гәп басқада. Ғұмыр бойы тірнектеп жиған дүниені қалай бөлісеміз? Өзіміз бе, өлде 
сот арқылы ма? Өзіміз тындырсақ қатып кетер еді. Сот араласса-ақ істің бүлінгені. Менің 
табысым тырнақ боятуға да жетпей қалатыны рас. Ол менен бес есе көп жалақы алып 
келді. Демек, мына дүние-жиһаздың көбі соған қала ма? Жоқ! Аузына түсіп тұрған астан 
айрылып қалатын босбелбеу ынжығың мен емес, — деп Раушан іштей өзін-өзі қайрай 
түсті. Арпалысып, алысып өлем! Ине-жіп те қалдырмаймын. Бәрін әкетем. Күні-түні 
тыным таппай, көрінгенге көз түрткі боп жинаған көз құртындай бұйымдарымды қалай 
ғана қиып тастап кетем? Егер мен тырнақтап жинамасам мына араб кілемдері мен жапон 
фарфорлары, румын үй жиһаздары мен чех хрустальдары қайдан келер еді?! Аспаннан 
түсер ме еді? Жоқ. Ақылбек бәрін біледі. Арқа етім арша, борбай етім борша боп осы 
кілемдерді қалай тасығанымды өзі де көрген. Сол кезде- ақ үйге бір нәрсе алайын десем, 
керек емес деп байбалам салатын. Мүмкін, оған қазір де керегі жоқ шығар? Шынында да, 
мен несіне қайдағы бір қалың қайғыны төндіріп отырмын? Бір аяғы жерде, бір аяғы көрде 
жатқан байғұсқа дүние-жиһаздың керегі не?! 
Ақылбек өлердей бір беткей, тымырық адам ғой деп түйді Раушан. Көпшігі қисайып 
кетпей тұрғанда ептеп- септеп көңілін аулай беру керек. Әйтпесе ертең қызыл көз бәле 
арқасына қол тигізбей ойқастап кетсе... Онда халім мүшкіл. Маған түк тимей, жер сипап 
қалуым ықтимал. 
Тағы да мені құдай сақтапты деп Раушан іштей өз ойын ұштай түсті. Тегінде, оқ 
қағарым бар шығар. Әйтпесе Ақылбектің қалай инсульт боп қалғанын жұрт біліп қойса, 
екі аяғымды бір етікке тығады ғой. Өзі де ауыз ашып, тірі жанға айтпапты. Қалай 
болғанын әзірге дәрігерлер де білмейді. Әйтеуір бір күні аузынан қағынып қалмаса игі еді. 
Оған бармас. Ынжықтығы жібере қоймас оған. Бұл сыр ашылмай, өзімен бірге молаға 
көмілсе екен. 
Жүзінде бір тамшы қан-сөл жоқ, боп-боз боп, ес-түссіз жатқан Ақылбекті ауруханаға 
әкетіп бара жатқанын көргенде Раушан күйеуін іштей өлілердің қатарына қосып қойған 
еді. Бірақ Ақылбек өлмепті. Оны үш ай емдеп, бас дәрігердің өзі машинамен үйіне әкеп 
салды. Бұл белгілі ғалымға, инабатты азаматқа көрсетілген зор құрмет еді. Оны Раушан 
бірден түсінді. 
Міне, Ақылбектің үйіне қайтып келгеніне де бүгін он бір күн боп қапты. Бірақ 
науқастың беті бері қарар емес. Қайта күннен-күнге әлсіреп, жанары сөніп бара жатқан 
сияқты. 
Раушанның осы бір күдігі барған сайын қоюлана түсті. Әсіресе, ол бүгін таңертең 
Ақылбек жатқан бөлмеге кіргенде иманы ұшты. Көзі адырайып, жақ сүйектері ыржыңдап, 
адам бейнесі кеткен, құдды тірі аруақтай үрейлі біреудің өзіне тесіле қарап төсекте 
жатқанын көргенде, Раушан төбесінен мұздай су құйып жібергендей селк ете түсті. 
Екі күннен бері ол күйеуі жатқан бөлмеге бас сұқпаған еді. Қас қағымда өн бойы 
қалшылдап, мұздап кеткендей болды. «Бүгін өлетін шығар» деген жымысқы ой Раушанға 
табанда сап етіп жармаса түсті. Сұмдық бір қорқыныш сезімі оны билеп-төстеп, жан 
алқымнан тұншықтырып әкетіп бара жатты. 


Жоқ! Раушан тап қазір тағдыр қосқан жарынан, жан серігінен, үш баланың әкесінен 
айрылып қалам-ау деп қорыққан жоқ. Бұл әйелдің зәресін қашырып, үрейін алған мүлдем 
басқа нәрселер еді. Қазір оны сол бір ауыр ойлар діңкелетіп, қыл мойынға тақап бара 
жатты. 
Күйеуінің жамбасы жерге тиген күні-ақ ол өзінің қаздай қалқып, үйректей жүзіп 
жүрген бейғам өмірінен, күйеуінің құрметіне көрсетілген қошеметтен айрыларын, 
тіршіліктің бар тауқыметі өз басына түсерін ұқты. Раушан осындай ойлардан үрейленген 
болатын. 
17 
Ақылбек мүгедек боп қалғалы бері де талай рет ауруханаға жатып шықты. Ол 
оқтын-оқтын есінен танып, талықсып қала беретін дертке ұшыраған еді. Ауруы күннен-
күнге меңдеп бара жатты. 
Бір жолы ол ауруханада үш айдай жатып қалды. Кеселі асқынып кеткен екен. 
Дәрігерлердің күшімен тірі қалыпты. Ажал аузынан аман шығыпты. 
Ауруы ушығып Ақылбек қайта-қайта талықсып кетіп, қатты қиналып жатқан 
күндердің бірінде аурухананың бас дәрігері Раушанды шақыртып алды: 
— 
Мына кризис өткенше аурудың жаныңда күндіз-түні күзетіп отыратын адам 
керек. Мүмкін, өзіңіз отырарсыз. Күйеуіңіздің халі тым нашар. Мұндай жағдайда 
науқастың қасында жақын кісілерінің болуына біз рұқсат етеміз. Соны өзіңізбен ақылдасу 
үшін шақыртқан едім, — деді бас дәрігер. 
— 
Ойбай-ау, күндіз-түні сарылып отыратын уақыт қайда менде?! Қызмет бар, 
үй ішінің шаруасы да аз емес. Оның үстіне, аурухана ішіндегі дәрі-дәрмектің иісіне бір 
минут та төзе алмаймын. Ұнамсыз иіске аллергиям бар. Кешірерсіз, — деді Раушан бет-
аузы бүлк етпей. 
— 
Жұмыс орныңызға біз өзіміз телефон соғып келісер едік, — деді дәрігер енді 
қарсы алдында пәлсініп отырған Раушанға жақтырмай қарап. 
Раушан әлденеден шошып кеткен адамдай-ақ ат-тонын ала қашты: 
— 
Атай көрмеңіз. Ес-түссіз жатқан ауруды көрсем-ақ зәрем ұшады. 
Кешірерсіз... Өздеріңіз амалдап... 
Раушан зып беріп кабинеттен шыгып кетті. Бас дәрігер бағанадан бері бұлардың 
әңгімесін есітіп тұрған медсестра әйелге қарады. Дәрігердің бұл көзқарасынан: «Көрдіңіз 
бе, қандай қатыгез әйелдер болады» дегенді аңғару қиын емес еді. 
Осы қара торы әйелді бас дәрігер өз ісін жетік білетін, аса ұқыпты фельдшер ретінде 
ғана емес, ақ көңіл, инабатты адам ретінде де құрмет тұтатын-ды. 
Міне, бүгін осы медсестра жөніндегі ойының дұрыстығына тағы да көзі жеткендей 
болды. Қашан да көздері мейірім ұшқынын шашып тұратын әйел бас дәрігерден қиылып 
сұранып тұр: 
— 
Доктор! Мен ертеңнен бастап кезекті демалысыма шығам ғой. Маған рұқсат 
етіңіз. Кризис өткенше мен қасында болайын. 
— 
Мейіркүл апай, кешіріңіз, Ақылбек сіздің жақыныңыз ба еді? 
— 
Жоқ! Ешкімім де емес. Бірақ танушы едім... 
— 
Мейіркүл апай! Сіз көптен бері демалысқа шыққан жоқсыз. Тынығуыңыз 
керек. Оның үстіне, біздің ұжым сізге санаторияға жолдама бөліп отыр ғой. Ал, 
Ақылбектен қам жемеңіз. Медсестралардың бірін сол кісіге уақытша бекітіп қоюға тура 
келеді. Сіз жолыңыздан қалмаңыз. 


Бірақ Мейіркүл санаторияға барған жоқ. Демалысын Ақылбектің палатасында 
өткізді. Науқас көзін ашып, өзіне- өзі келгенше күндіз-түні қасында болды. 
Ақылбек өзі жан алқымға тақаған бас ауруынан есін жиып, көзін ашқан бойда-ақ 
алдымен дәл қасында өзіне мейірлене қарап отырған Мейіркүлді көрді. Талай күн, талай 
түндер бойы аузына су тамызып, өзіне күтім жасап отырған осы Мейіркүл екенін ол 
бірден ұқты. Өйткені аурумен алысып, жанталасып жатқан сәттерде бірнеше рет құлағына 
осы бір әйелдің таныс даусы еміс-еміс келіп, оның бейнесі көзіне елестегендей боп еді. 
Сөйтсе, ол елес емес, шын боп шықты. Түсі емес, өңі екеніне енді ғана көзі жеткендей 
болды. 
Ақылбек мынадай күйде жатып, Мейіркүлді тұңғыш рет көргенде өзегіне өрт 
түскендей-ақ іші бір түрлі әлем- жәлем боп кетті. Ә дегенде, қуанарын да, күйінерін де 
білмей апалақтап қалды. Мейіркүлдің осы ауруханада медсестра боп істейтінін білген соң 
ғана сәл-пәл есін жиғандай болды. 
Мейіркүлдің алдында ол өзін кінәлі санайтын. Шынында да солай сияқты еді. Жасы 
жер ортасынан асып қалса да Мейіркүл тұрмыс құрған жоқ. Өгей шешесі аурушаң болды. 
Соны тастап кете алмады. Басқа да себептері бар еді. Оны тек Ақылбек пен Мейіркүл ғана 
білетін. 
Тап қазір Ақылбек өзі төсекке байланып жатса да, өзінен гөрі қасында отырған 
Мейіркүлге көбірек жаны ашитын сияқты. Енді аяғына мініп, ауруынан сауығып кетсе 
ғой, онда ғұмыр бойы осы әйелге табынып өтер еді. 
Бір айдан бері күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей басында отырған осы бір мейірбан 
әйелдің ақ жарқын жүрегін сау кезімде неге түсінбедім екен деп іштей қынжылды 
Ақылбек. «Біздер бір-біріміз үшін жаралғандай жарасты едік қой. Сен менің алғашқы 
махаббатымсың ғой, Мейіркүл. Сол судан таза, сүттен ақ мөлдір сезімді аттап кетуге 
қалай ғана арым шыдады екен? Рас, арыңды аяққа басқам жоқ. Әйтсе де, сенің алдыңда 
кешірілмес кінәм бар сияқты...» 
Міне, биік кереует үстінде кендірі кесіліп, көздері шүңірейіп, жүзі жуған шүберектей 
бозарып, құр сүлдері қалған Ақылбек жатыр. Оны аурудың азабы ғана емес, ар соты да 
қазір жанын қысып, қинай бастаған сияқты. Қазір ол өзінің балауса күндерін есіне алып, 
жаныңда отырған Мейіркүлмен іштей. үнсіз, көзбен сөйлесіп, сырласып жатқандай еді. 
«...Бірінші курста маған университет жатақханасынан орын тимеді. Сонда біз үш 
студент боп сендердің бір бөлмелеріңде пәтерде тұрдық қой, Мейіркүл. Сол жылы сен 
оныншы класта оқитынсың. 
Сен ол кезде жаяу жатып, атты түсіп қарайтындай-ақ сұлу едің. Біздер саған 
сөйлемек түгілі, жәудіреген көздеріңе тік қарауға да кәдімгідей қаймытушы едік. Жатсақ 
та, тұрсақ та үшеуіміздің де әңгімеміз сен болдың. Біздер үшін сен өмір бойы оқыса да 
таусылмайтын ғажайып бір дастан сияқты едің. 
Бүгін ойлап қарасам, сол кезде-ақ сен менен гөрі батылдау болған екенсің ғой. 
Тарихтан ба, әлде әдебиеттен бе, әйтеуір бір сабақтан көмектесіп, түсіндіріп жіберіңіз деп 
біздің бөлмеге кіргенің әлі есімде. Мен жалғыз өзім отыр едім. Ә дегенде, төбемнен жай 
түскендей сәл есеңгіреп қалсам керек. Біраздан кейін барып қана есімді жиғандай болдым. 
Сенің не айтқаныңды емес, қалай айтқаның ғана есімде қалыпты ғой. Ұп-ұзын 
кірпіктердің астындағы қарақаттай мөлдір көздерің дамылсыз ойнақшып, айналасына 
мейірім ұшқынын аямай шашып жатты. Уылжып тұрған қаймақ еріндеріңнен көзімді 
айырып ала алмай көпке дейін ошарылып қалсам керек. Сол жолы мені тұтықпа ауруы бар 
екен деп қалған шығарсың. Қайта-қайта кекештеніп, тілім күрмеле берді ғой. 


Ол кезде сен ойында инедей бөтен ойы жоқ, аңғырт бала екенсің-ау. Кітаптан 
әлденені түсіндіріп отырғанда саусақтарым кездейсоқ білегіңе тиіп кетсе-ақ бейне бір өн 
бойымнан электр тогы жүріп өткендей денем әлдеқалай дірілдеп кететін. 
Кейде екеуіміз әлденеге дауласып, яки әңгімеге беріліп кеткенімізде жібектей жұп-
жұмсақ, ыстық алақаныңды менің қолымның үстіне тастай салатынсың. Мұндайда мен 
абайсызда шоқ басып алғандай ыршып түсем. Бірақ сен еш нәрсеге мән бермейсің. Мені 
қандай жан азабына салып қойғаныңды өзің де сезбейсің. Түк болмағандай-ақ жайбарақат 
отырып, сөйлей бересің. Әңгіме кезінде кейде басымыз түйісіп, сенің оттай ыстық лебің 
бетіме тигенде басым шыр көбелек айналып, мол ләззатқа кәдімгідей елтіп, мас боп 
қалушы едім. 
Маған, әсіресе, рояльда ойнағаның ұнайтын. Мұндайда әлемде нашар өлең, жаман 
әуен жоқ сияқты боп тұратын. Кез келген музыка өзінен-өзі құйқылжып, құлпырып, 
түрленіп сала беретін. Әншейінде онша ұнамайтын өлеңдердің өзінен енді жаңа мән-
мағына, терең сыр ұққандай болушы едім. Егер адамдарды бір кезде шынында да 
музыкамен емдейтін болса, онда рояльда тек сен ғана ойнайтын шығарсың деп ойлаушы 
едім. 
Есіңде ме, Мейіркүл? Арманың музыкант болу еді ғой. Сенің талантыңа ешкім шүбә 
келтірген емес. Бірақ сен консерваторияға емес, медицина училищесіне бардың. Науқас 
шешеңе бола солай істегеңінді мен түсіндім. Ауру жеңген анаңның ғұмырын бір сағатқа 
болса да ұзарту үшін өз арманыңнан бас тарттың. 
Мейіркүл! Сен мектепті бітірген күні үйімізде кішігірім той болды ғой. Рас, оған 
небәрі он-он бес қана адам шақырылған еді. Әйтсе де мен осынша жыл өмір сүріп, одан 
үлкен, одан қызықты той көргенім жоқ. 
Сенің кәмелеттік аттестат алған күнің — менің өмірімдегі ең бақытты күн боп 
қалды. 
Мұны мен кейінірек барып қана түсіндім. Сол кеште екеуіміз дөңгелене биледік. Сен 
сонда бүкіл жан жүрегіңмен биге беріліп, менен басқа еш нәрсені көрмей, сезбей, ойламай 
биледің. 
Мына дүниеде қуаныштың соншама молдығына таңырқағандай қарақат көздерің 
күлімсіреді. Асыл арманыңнан да артық көрінетін ғажайып қызды аш белінен қапсыра 
қысып, әлемдегі басқа нәрсенің бәрін бір сәтке мүлдем ұмытып, вальс толқынында 
қалықтай билеуден артық бұл өмірде не бар?! Демек, кейін басыма қандай ауыр тауқымет 
түссе де, мен бұл өмірдің қызығын көрмедім деп айта алмасам керек деп ойладым сонда. 
Адамның қолы жететін бақыттың бәріне менің де қолым жетті-ау деп ойладым өзіңмен 
құйындай ұйытқып билеп жүргенде. 
Мен күнде таңертең таңның арайлап атқанына емес, сені тағы бір мәрте көретініме 
қуанып төсектен тұрушы едім. Маған мына әлемдегі бар сұлулықтың сырын ұқтырған да 
сен шығарсың деп ойлаймын, Мейіркүл. Өзіңе кездескен күнге дейін жарық дүниедегі, 
айнала төңіректегі табиғаттың көл-көсір, ғажайып көркін көрмей, құстардың мың 
құбылған дауыстарын естімей, өзендердің сылдырап аққан әсем әуенін ұқпай қалай босқа 
жүре бергеніме өзім де қайран қалған едім-ау сонда. 
Бірақ мен ол кезде саған бұл сөздердің бірде-бірін айтпағам ғой. Жанымда жүрген өз 
бақытыма қол созғам жоқ. 
Сәл қол созсам-ақ, ол көктемгі көбелектей ұшып кетер деп қорықтым. Сені сағымға 
айналып кете ме деп жасқандым. Маған өзіңді күн сайын көріп тұрудың өзі де қол жетпес 
армандай еді. 


Неге мен өз жүрегімнің әмірін орындап, сол кезде осы сөздерді саған айтпадым 
екен?! Жазғы шықтай мөп-мөлдір, пәк сезімнің бойымнан дер кезінде бұлықсып, сыртқа 
оқша атылып шығуына неге мен жол бермедім? Құдды құрық тимеген асаудай тулаған 
бойымдағы ыстық сезімді қалай ғана тұншықтырып тастай бердім? Адам да өзіне-өзі 
соншама қиянат жасайды екен-ау. Қазір ойласам мен өзіме- өзім айтса адам сенгісіз 
сұмдық киянат жасағандай боп көрінем. 
Менің бақытқа толы, жайма-шуақ күндерім жазғы жаңбырдай себелеп, көзді ашып-
жұмғанша зымырап өте шықты. Әр адамның өмірінде ертелі-кеш әйтеуір бір жауынды 
күндердің болары хақ. Бірақ менің бұлтты күндерім басқалардан гөрі ұзаңқырап кетті 
білем. Оған кінәлі мен өзім. Менің бойыма туа біткен жігерсіздік еді. 
Сүрінбейтін тұяқ бар ма?! Бірақ адамның өміріндегі алғашқы адымдарының сәтті 
басталғанына не жетсін! «Шу» дегенде-ақ сүрінген аттың бәйгеден озып келмесі хақ қой. 
Өткен өмірді ой таразысына салып қарасам, мен алғашқы адымдарымды-ақ шалыс 
басқан екенмін. Рас, университетті үздік бітіріп, қызыл диплом алдым. Мені 
аспирантураға қалдырды. Өзіме ұнайтын тақырыпты берді. Осы саладағы ең атақты 
ғалымдардың бірі маған жетекші боп бекітілді. 
Мен бұған алғашында сенерімді де, сенбесімді де білмей дел-сал боп жүрдім. Сонша 
нәрсенің бірден бола қалғанына өзін сенсем де, жүрегің иланбайтын тәрізді еді. Бірте- 
бірте жұлдызымның оңынан туып тұрғанына көзім жетіп, көңілім сенді. 
Бірақ көктен түскен қуаныштан мас боп жүріп, теп- тегіс жерде қалай 
сүрініпкеткенімді өзім де жөнді аңғармай қалдым. 
Қоңыр кұз еді. Алматыда оқып жүрген біздің ауыл жастары бас қосып, сауық кешін 
өткізбек бопты. Оған мені де шақырды. Оған сені ертпей жалғыз өзім сопайып баруды ар 
көрдім, Мейіркүл. Бірақ саған «жүр» деуге де жүрегім дауаламады. Олай ойлап, бұлай 
ойлап, ақыры бармай-ақ қояйын деп шештім. Әйтсе де болмады «Бармаймын» деп үзілді-
кесілді айтуға аузым бармады. Ауылдас жігіттер де жабысып, қадалған жерінен қан алмай 
қоймайтын немелер еді. Ақыры бардым 
Сауық кеші әлдеқашан басталып кетсе керек. Оны дастархан басында отырған 
жастардың даурыға сөйлеген сөздерінен-ақ аңғардым. Келгеніме іштей өкініп қалдым. 
Өздерінше мейманасы асып, мәре-сәре боп, бойларына мастық кіріп, бет алды желігіп 
отырған ортаға сені шақырмағаныма бір жағынан қуанып қалдым, Мейіркүл. Мауыққан 
мысықтай көздері тұманданып, сезімге мас боп, есеңгіреп отырғандарды көргенімде өзім 
де әлденеден жиіркенгендей тіксініп қалдым. 
Бірақ қайтып шығып кете алмай іштен тындым. тетіктенген судан тайынбас, нар 
тәуекел дедім. Сүмірейіп барып көрсеткен орындарына отыра кеттім. 
Бұл кешті жүргізуші асаба жігіт бізден бір курс төмен оқитын, өзіме жақсы таныс 
студент боп шықты. Ол аузымен айды алып, қолымен күн орнататын өлердей мақтаншақ, 
көбік ауыз көк малта еді. Өзінен-өзі лепіріп, малтасын езіп жатыр екен. 
Мені көргенде ол көктен іздегенін жерден тапқандай қуанып кетті. Шамасы, айтар 
сөзі таусылып, тілге тиек етер адамы да қалмаса керек. Көрген бойда-ақ ол маған аш 
кенеше жабысып алды. Мені аспанға щығара мақтап, аузына келгенін лықсыта берді. Жер 
басып жүргендердің ішінен менен артық адамды іздеп табу қиың екен. Әйтеуір 
табанымды жерге тигізбей қойды. Ең дарынды аспирант та, ең мәдениетті жігіт те, 
келешектеп ең атақты ғалым да мен боп шықтым. Жиналған жұрттың бәрі кірпік қақпай 
маған қарап қапты. Бейне бір осы кеште менің мәселем қаралып жатқандай ұялып, 
қысылғанымнан жерге кіріп кете жаздадым «Қойсайшы» деп жалғыз ауыз сөзбен әлгі 


бөспе жігіттің бетін қайтарың тастауға ынжықтығым жібермесе керек. Мүмкін, 
көпшіліктің көзінше қайдағы бір мылжың немемен бет жыртысқым келмеген шығар. 
Әйтеуір аузын буған өгіз сияқты маңқиып отыра бердім. 
Төр жақта құралай көздері тыным таппай ойнақшып, талдырмаштау келген, ақ құба, 
әдеміше қыз отыр екен. Жібек талды, қолаң қара шашын жинамай-ақ сол күйінде 
арқасына жайып тастай салған. Қасындағы жігітке мойнын бұрып, бота көздерінен 
мейірім ұшқынын шашып жатқандай жәудірей қараған сәтте қыздың қою мақпал шашына 
да жан бітіп, торғындай толқынданып, желбіреп кетеді Бір сәт оның кірпік астынан көз 
тастап, мені бақылап отырғанын сезіп қалдым 
Ол сықылықтай күлгенде аппақ маржан тістері түп- түгел көрініп, ал қызыл оймақ 
еріндері уылжып тұрады екен. Соншама жүзі жылы көрінсе де, мен оны жайшылықта 
зілдене сөйлейтін қытымыр мінезді жан ба деп қалдым. Өйткені ол мен табалдырықтан 
аттап, енді кіре бергенімде-ақ бірден иегімен нұсқап, қай жерге отыруым керектігін 
көрсетті. Маған босаға жақтан орын тиді 
Әлгі қыз жүзіктің көзінен өткендей жұтынып тұр. Ә дегенде, ол маған оғына көз 
тоқтатып қараған жоқ. Қасындағы қияқ мұртты, бұйра бас, әлжуаз жігіттің қушиған 
иығына бір қолын артып қойып, екінші қолын дирижерларша сермеп, жұртқа нұсқау 
беруде екен. Кеш жүргізушісін тыңдап жатқан тірі пенде жоқ. Жұрттың бәрі әлгі қыздың 
аузына қарайды. Осында келгендердің бәрін тұрғызатын да, жүргізетін де, ішкізетін де, 
қойғызатын да сол екенін анық сездім. 
Осы кешті жүргізуші жігіт мені дарынды аспирант, болашығынан зор үміт күтетін 
биолог-ғалым деп аяқ-қолымды жерге тигізбей ала жөнелгенде, әлгі «әмірші» қыз өз 
көзіне өзі сенбей қалған адамдай кірпіктерін жиі-жиі қағып, жыпылықтата берді. Оның 
күдікпен қарайтындай- ақ жөні бар еді. Мен олпы-солпы киініп, үсті-басыма мән бермей 
қалай болса солай жүре беруші едім. Көйлектің жағасы мен шалбардың қыры үтік көрмей, 
мыж-мыж боп кететін-ді. Мен мына түріммен аспиранттан гөрі ауылдан биыл ғана қалаға 
оқуға келген абитуриентке көбірек ұқсасам керек. 
Әйтсе де, әлгі «әмірші» қыз маған назар аударды. Екі көзі менде. Мүмкін, жаңағы 
мені жер-көкке сыйғызбай лепіре мақтаған бөспе сөздерге иланып қалған шығар. Жоқ 
Мынау ақыл азуы шықпаған ерме қыз сияқты емес. Көпті көрген әккі әйел тәрізді. Ақылы 
алқымынан аспаған ақымақ та емес. Ойнақы көздерімен адамның ішін-сыртын түгел 
тінткілеп, не ойлап, не қойғаныңа дейін қалт жібермей сезіп отыр. 
Бірақ ол маған сенді. Адалдығыма ма, әлде болашағыма ма? Қандай қасиетіме көзі 
жетті? Жаңа ғана, мені жұртқа таныстырмай тұрғанда ол маған бір түрлі жиіркенішті 
көзбен қарағандай еді ғой. Аяқ астынан қалайша жұлдызым ыстық көрініп қалды екен? 
Есіктен кіріп келгенімде кердең мінез танытып, жеңімен сәлем берді емес пе? Әлде сол 
қылығына ұялып, жуып-шаймақ па? Жоқ. Мынау жүзі жанатын жан сияқты емес деп 
ойладым. Түгәне түсінбей, басым қатты. Көркіне көз сүрінетін, небір жігіттің сұлтандары 
отыр ғой. Соларға неге көз тікпейді? Талай жігіттер содан көзін алмай, үзіліп, үздігіп отыр 
емес пе? 
Мына бей-берекет, желбуаз топтан тезірек құтылғым келіп, қайтуға асығып, 
тықыршып иненің ұшында отырдым. Мұндайда сағат тілі де өгіз аяңмен асықпай 
қозғалып, уақыт та өтпей қояды ғой. Ақыры бір кезде көптен күткен үзіліс те жарияланды. 
Сол сәттегі абыр-сабырды пайдаланып, ұры мысықтай аяғымның ұшымен есікке қарай 
беттедім. Бөлмеден енді шыға бергенімде, біреу менің атымды атап шақырды. Жалт 
қарасам, жаңағы «әмірші» қыз екен. Амалсыз бөгеліп қалдым. Сол-ақ екен, музыка ойнап 


кетті. Қыз мені биге шақырды. Біздер биледік. Ұсталып қалғаныма іштей өкіндім. Бірақ 
сыр бергем жоқ. 
Үзілістен соң әркім өз орнына отырды. Мен де өз орныма жайғастым. Тек әлгі қыз 
ғана өз жайына бармай, менің қасымдағы орындыққа отыра кетті. Ол өзгелер тәрізді 
сызылып, сызданып тұрмайды екен. Адамды киіп кетеді. Ерке балаша тайсалмай 
сөйлеседі. Жайдары ма деп қаласың. Мүмкін, маған осы ашық-жарқындығы ұнаған 
шығар. Әйтеуір батыл қимылдайды. Өзі менімен баяғыдан таныс кісідей емін-еркін 
сөйлеседі. 
Адамды еркіне қоймай, әп-сәтте билеп-төстеп алады екен. Сол арада ол өзін 
таныстырып та үлгерді. Педагогика институтының соңғы курсында оқитын боп шықты. 
Сөз арасында маған ол: «Сіз бен біз жақын адамдармыз, мен де болашақ биологпын, 
сондықтан бірге болғанымыз жөн шығар», — деп сықылықтап күліп қойды. 
Мына сиқыммен аққудың көгілдіріндей әдемі қызға қалай жағып қалғаныма өзім де 
түсінбей дел-сал болдым. Мен ғана емес, осында отырған жұрттың бәрі әлгі қызды маған 
қимайтын сияқты. Тек сол қыз ғана ешкім білмейтін бір құпия сырға әбден қанық тәрізді 
еді. 
Бұл жұмбақтың шешімін мен арада көп жылдар өткен соң ғана таптым. Мұндайлар 
өздерінің айдауына жүретін, айтқанына көнетін, ию алмас момын, бала мінезді, ынжық 
жандарды бір көргенде-ақ жазбай таниды. Өзі сияқты бит ішіне қан құйған қуларға 
жоламай қояды екен. 
Ал, қазір жаңағы қыз жаныма кеп отырды. Сонша жігітті менсінбей, маған өзі 
келгеніне бір жағынан мерейім өсіп, әжептәуір қомпиып қалсам керек. Сол сәтте кетіп 
қалмағаныма іштей қуандым да. 
Бір сәт төр жақта жаңа ғана мына қызды өзінше иемденіп отырған бұйра бас, мұртты 
жігітке көзім түсіп кетті. Сол-ақ екен, ішім мұздап сала берді. Табанда мені түтіп жеп 
қоятындай-ақ оқты көздерімен атып отыр екен. Жүнін сыртқа түкситіп, сұстанып алыпты. 
Мына қыздың қасынан кетіп қалғанын менен көріп, өлердей намысы қозып, ақ сайтаны 
ұстап отыр. Мен де оны ішімнен жақтырмай, кірпікше жиырыла қалдым. Ол қазір ылаң 
салып, қиқаң шығарғысы кеп отырған адам сияқты көрінді маған. Бір-екі мәрте көзбен 
сүзініп те қалдық. Атып тұрып, шығып кеткім келді. Бір-ақ отырған орнымнан тырп еткем 
жоқ. Өзіме де беймәлім бір сиқырлы күш мені тапжылтпай тастады. Неге мен кетем? Неге 
ол кетпейді? Ол сосын менен қорқып кетті деп іштей масайрамай ма? Мына қыз маған 
арқа сүйеп, әдейі қасыма келген шығар. Жоқ Енді кетсем бар ғой, осы жұрттың бәрі мені 
қорқып қашты деп ойлайды 
Мейіркүл! Сол сәтте сені көз алдыма елестетіп көрдім. Өзіңді қасыма кеп отырған 
қызбен ойша салыстырып та қойдым. Сенің жүзіңде жылылық көбірек-ау деп қалдым. Рас, 
жанымдағы қыз сенен гөрі әдемілеу жаралған. Бірақ көзге бір түрлі салқындау боп 
көрінеді екен. Сен, Мейіркүл, сәл ұяңдаусың ғой. Ал, бұл ашық-жарқын. Тіпті шамадан 
тыс батылдау ма деп қаласың. Адамды бір көргенде-ақ ұршықша иіріп әкетеді. Онымен 
сөйлескенде кісі іштей қысылып-қымтырылмайды, қиналмайды. Қайта қалайша бәйге 
атындай аңқылдап кеткеніңді өзің де сезбей қаласың. Шіркін, сол қыздың мінезі сенде 
болса ғой, Мейіркүл. Онда мен көкірегімді кернеп жүрген жыр-дастанымды өзіңе 
баяғыда-ақ айтып берер едім. 
Не керек, сол кеш біткенше қыздың қасында тапжылмай отырып, ақыры оны 
жатақханасына дейін шығарып салдым. Ертеңіне тағы да кездесетін боп қоштастық. 


Қоштасарда ол маған өзін қашан, қай жерде күтуім керектігін тәптіштеп түсіндіріп берді. 
Аты — Раушан екен. 
Неге екенін қайдам, ертеңіне сол кездесуге аяғым тартпай-ақ қойды. Сол күні сен де 
үйде едің, Мейіркүл. Қасыңа барып отырғым келді. Кешегі қыз сияқты батыл-батыл 
сөйлеп, көкейде жүрген ойымды бүкпесіз жайып салғым келді өзіңеі Сені би алаңына, 
киноға, театрға, паркке, әйтеуір бір жаққа шақырғым келді. Қасыңа да бардым. Сен кітап 
оқып отыр екенсің. Қуанып қалғандай көріндің көзіме. Бірақ бірдеме деуге аузым 
бармады. Жүрегім дауаламады. Ертеңгі сабақты сылтауратып есіктен шығып кеттім. 
Сол кеткеннен Раушанға бардым. Өзімді-өзім зорлап бардым. Сол жолы біздер ұзақ 
қыдырдық. Басымыз ауған жаққа жүре бердік. Раушан кетуге асыға қоймады. «Қайтайық» 
деуге ұялдым. Таң бозарып атқанша қаланы кезіп, жүре бердік. 
Ертеңіне кешке қарай Раушан біздің жатақханаға өзі келді. Бұлай болар деп 
ойламаған едім. Әрі қысылып, әрі апалақтап сасып қалдым. Раушан мұны дереу сезе 
қойды да, өзінше қалжыңдасқан болды «Бұл күнде деді ол, күле сөйлеп, — жігіт қызды 
емес, қайта қыз жігітті іздейді. Бұл модаға айналғалы қашан. Ал заманның ағымына, 
өмірдің илеуіне кім қарсы шықпақ?! Мен бе, әлде сен бе? Бүгінгі өмір дариясының ағысы 
күшті. Онша-мұнша адам оған шесе алмайды», — деп қыз сықылықтай күлді. 
Мен мұны жай айтыла салған әзіл шығар деп күлдім де қойдым. Бірақ ол мен 
ойлағандай қылжақ сөз болмай шықты. Ертеңіне тағы келді. Бара-бара мұнысы әдетке 
айналды. Өзі келеді, өзі кетеді Менің нем кетеді деп ойладым. Оның күнде келіп, кетуіне 
бірте-бірте етім де үйренгендей болды. Келмей қалса тіпті елеңдеп тұратын боп қалдым. 
Сөйтіп жүргенімде Раушан тағы бір «өнер» шығарды. Бір күні кешкісін әдеттегісінен 
ұзағырақ отырды да: «Бүгін қайтпаймын, осында қонам» деп маған наздана қарап, 
сықылықтай күлді. Алғашқыда мен қалжыңы шығар деп отырдым. Соңынан байқасам 
шынында да кететін түрі жоқ. 
— 
Қалай қайтпайсың? — деппін сасқалақтап. 
— 
Қалай дейтіні бар ма? Мені қуып шықпассың? 
— 
Жоқ, ә. Бірақ комендант бірдеме деп жүрмесе... 
— 
Комендант та адам шығар, түсінер. Мына тас қараңғыда қалаға қалай 
қайтам? Қорқам ғой. 
Біздің жатақхана, шынында да, қаладан алыста, Алатау бөктеріндегі ну қалың алма 
бағының ішінде еді. Түнде бұл маңай көзге түртсе көргісіз қап-қараңғы боп кетеді. 
— 
Мен апарып салайын, — дедім өзімді-өзім зорлағандай күшене сөйлеп. 
— 
Ойбай-ау, мен не деймін, сыбызғым не дейді? Түн ортасында жатақханаға 
кім кіргізеді мені?! Қыздарға не бетімді айтам? Төсегіңді қызғансаң, мен мына диванға-ақ 
сыйып кетем. 
Ақыры ол біздің бөлмеде түнеп шықты. Мұнысын екі- үш күннен соң тағы да 
қайталады. Бірте-бірте бұл да үйреншікіті әдетке айналып бара жатты. 
Раушан екеуіміздің арамызда сырт көзге жөнді көріне қоймайтын астыртын, іштей 
егес басталғандай еді. Мен Раушанның бізге келіп-кетіп, кейде тіпті түнеп қалып жүргенін 
ешкім көрмесе екен деп күйіп-пісем. Ал, Раушан болса, керісінше әрекет жасайды. 
Осында жататын аспиранттардың көзіне көбірек түсе беру үшін жанын салады. Қызға 
үзілді-кесілді келме деп айтуға күйректігім жібермеді. Күмілжіп тұрып бірдеме деген 
болам. Ондай сөзге Раушан тіпті құлақ та түрмейді. Әйтсе де, мен арым таза, қиянатым 
жоқ қой деп үндемей жүре бердім. 


Мен енді өзімнің соншалықты дәрменсіздігіме, күйректігіме қынжылдым. Бірақ 
күнде өзімді-өзім «Ешкімнің арын аттағам жоқ, несіне қынжылам» деп жұбатумен 
болдым. 
Бұл кезде мен жүмыстың қызығына түсіп кеткен едім. Күндіз-түні кітапхана 
залдарында, университет лабораториясында, ғылыми-зерттеу институттарында болам. 
Диссертацияға қажетті материалдарды жинаймын. Жатақханаға түнделетіп кеш қайтып 
жүрдім. 
Бір күні кешке келсем, менің жататын кереуетімді біреу балконға шығарып 
қойыпты. Бөлменің ортасында ұзын стол қойылған. Үсті толған тағам. Ішімдік. Болбырап 
піскен кесек-кесек ет. Уылжыған алма, мөп-мөлдір жүзім. Дастархан тұнып тұр. 
Түгіне түсінбей, диванда үндемей кітап оқып отырған Раушанға қарадым. 
— 
Бұл не той? 
— 
Шынымен-ақ, білмейсің бе? 
— 
Жоқ. 
— 
Сәл ойланып көрші. 
— 
Нені ойланам? 
— 
Өзіңді. 
— 
Өзіме не бопты? 
— 
Үлкен оқиға... 
— 
Жұмбақтамай айтсаңшы! 
— 
Неге сонша ашуланасың? 
— 
Жоқ, ә... 
— 
Бүгін сен жиырма беске толдың ғой. 
— 
Ақшаны қайдан... 
— 
Қорықпай-ақ қой, сен. Ешкімді тонағам жоқ. Стипендия алдық, бүгін. 
Иә, мүлдем ұмытып кетіппін-ау. Ұмытқам жоқ. Өмірімде туған күнімді атап көрген 
жан емеспін. Бір түрлі ұят сияқты. Дегенмен, өзгелердің мұндай тойынан қалмайтынмын. 
Шынында да, жиырма бес деген адамның өміріндегі үлкен бір белес қой. Қайтып 
оралмайтын, қартайған шақта армандайтын, ақындардың жырына арқау болған жиырма 
бес... 
Бүгін қаншама көп достарыммен, таныстарыммен кездестім. Бірақ бірде-бірі менің 
туған күнімді естеріне де алған жоқ. жиыррма бес жасқа келдің деп құттықтаған жоқ. 
Тіпті менімен ешқайсысы жөндеп сөйлескен де жоқ. Бәрі асығыс. Бәрі шаруа басты. 
Мүмкін, олар менің туған күнімді білмейтін шығар. Өмірі оны өзім де тойлаған 
емеспін ғой. Әйтсе де, мүлдем бөтен адамның өзіңе қамқорлық жасап жүргенін сезінудің 
өзі жақсы екен. Бұл өзі маған бұрын таныс емес сезім еді. Егер қаласа, ықылас қойса, 
адамдар бір- біріне қанша көп қуаныш сезімін сыйлай алады, ә! Ол үшін көп нәрсенің де 
керегі жоқ екен ғой өзі. Небәрі кішкене құнт-ықылас болса жетіп жатыр. Бірақ кейде 
соның өзін де, бір-екі ауыз жылы сөзді де қимай, сұмдық сараңдық жасап жібереміз-ау. 
Көбіне құнттамаймыз ғой. Мен өзімше ескеріп, ешкімді туған күнімен арнайы барып 
қолын қысқан емеспін. Басқа біреулер құттықтап жатса, қосыла салам. Мұным дұрыс емес 
екен ғой деп ойладым. 
Сол сәтте тағы да сен есіме түстің, Мейіркүл. Раушанның орнына сен неге гүл алып 
келмедің екен, ә? Әлде саған өзім баруым керек пе еді? Осы қыз, жігіт деп бөліп жатудың 
керегі не? Мына Раушан сияқты киіп кету керек қой. 


Ішімнен қанша жек көріп жүрсем де, нақ сол сәтте Раушанға бір түрлі ішім жылып 
сала берді. Бота көздері жәудіреп, тойған қозыдай моп-момакан ғана отырған осы бір 
қызға тұңғыш рет ұзақ көз тоқтатып, елжірей карадым. Тап казір оның шашынан сипап, 
маңдайынан сүйгім кеп кетті. Бірақ алқымға кеп қалған сезімді жайбарақат бұғып жатқан 
ақылға жеңгіздім. Қуанғанымды да, ризалығымды да білдірмеуге тырыстым. Бар болғаны: 
— 
Кел онда, отырайық столға, — деппін. 
— 
Екеуіміз ғана ма? 
— 
Әйтпегенде ше? 
— 
Қой. Ұят болар. Шақыр, көрші жігіттерді. 
Өзіммен студент кезден-ақ жақын боп жүретін бес-алты аспирант келді. Бірде-бірі 
Раушанды көрмеген екен. Бірақ маған бір қыздың келгіштеп жүргенін, менің одан азар да 
безер екенімді құлақтары шалып қалған болуы керек. Оны сөздерінен байқадым. Раушан 
шай дайыңдамақ боп, ас үйге шығып кеткен сәтте олар ала қалжың, ақтай күлкіге көшті. 
Сосын бәрі жабылып, маған дүрсе қоя берді: 
— 
Бұдан артық періштені қайдан таппақсың?! 
— 
Пай-пай, басқа қонған бақытты маңдайға теуіпті деген осы да. 
— 
Бақыттың да көзі соқыр! Не тазға жолығады, не ақылы азға жолығады екен 
ғой. 
— 
Қолыңа өзі кеп қонған құстан былбырап жүріп айрылып қалсаң бар ғой, 
өмірің өкінішпен өтпей ме? 
— 
Сен енді мұндай қызды төбеңмен жер қазсаң да таба алмайсың. 
— 
«Өзің сүйгенді емес, өзіңді сүйгенді ал» дегенді есітіп пе едің? 
— 
Пісірген тағамдарын айтсайшы, шіркін! Таңдайды жұлып барады ғой. 
Бәрі де Раушанға тамсанып, таңдайларының суын жұтып кетті. Бөлмеде екеуміз ғана 
қалдық. Қонақтар есіктен шығысымен-ақ Раушан қасыма кеп отырды. Біздер тағы да бір-
екі рюмкадан ішіп салдық. Ішкен сайын ерікті билеп, бойды алып барады. 
Ішкілік пе, Раушанның ықыласы ма, достардың жылы лебізі ме, мүмкін бәрі де 
шығар, әйтеуір байқаймын топсам босап қапты. Дастархан жинап, томпаң қағып жүрген 
осы бір қызға енді елжірей қарап, іштей егіліп отырмын «Өзі, шынында да, ауызға үріп 
салғандай-ақ сүйкімді екен ғой. Осы күнге дейін қалай байқамағанмын, ә?» — деген ой 
сап ете түсті. 
Алдына кіп-кшікентай алжапқыш байлап алып, столдың үстін тез-тез сүртіп жатқан 
Раушанды үн-түнсіз білегінен ұстап, өзіме қарай ақырын ғана тарттым. Ол да қарсыласа 
қойған жоқ. Қайта нақ осы сәтті көптен бері- ақ зарыға күткен жандай қасыма сылқ етіп 
отыра кетті. Басқаларды маңайына жолатпай қойған асау елік менің құрығыма өзі кеп 
мойнын ұсынып тұрғандай көрінді. Найзағайдай жарқ етіп бір секундта-ақ өте шығатын 
жалған сезім бе, жалынғандай жәутеңдеп тұрған қызға деген аяныш сезімі ме, әлде мастық 
кезде бас көтеретін сиқырлы соқыр сезім бе, әйтеуір оны түңғыш рет жан-тәніммен 
қапсыра құшақтап, бауырыма бастым. Сол-ақ екен, ол әлдекімнен көптен бері жапа шегіп, 
жәбір көріп, енді ғана жанашыр адамына жолығып, соған мұңын шағып жатқан жандай 
өзінен-өзі өксіп-өксіп жылап жіберді. Ол егіліп жылаған сайын кішірейіп, құшағыма оттай 
басылып, бойыма судай сіңіп жатты 
Біз екеуіміз сол күнгі таңды ерлі-зайыпты адамдар боп бірге қарсы алдық. 
Бірте-бірте алғашқы күндердің ішігдедегі аптаптай ыстығы да басылайын деді. Енді 
мен бейне бір ес-түссіз мас күйінде ауыр қылмыс жасап қойып, ертеңіне есін жинағанда 


кешегі қылығынан бүгін өзі қысылған кісідей жанымды қоярға жер таппай қипақтай 
бердім. 
Беттің арын белге түйіп, өзіңе барып, ағымнан жарылмақ та болдым, Мейіркүл. 
Бірақ не бетіммен барам? Не айтам? «Ару жанның арын аттағаным рас еді, бірақ енді өз 
басымды арашалай алмай жүрмін, мені құтқара гөр, Мейіркүл», — демекпін бе?! Әлде 
«Бәрі жалған, мына қыз маған жала жауып жүр, оған сенбе», — деп саған өтірік айтам ба? 
Жоқ! Бұл қақпанға өзім түстім, демек, одан енді қалай да өзім құтылып шығуым керек деп 
түйдім. 
Бірақ мен қанша жан ұшыра тырбаңдасам да абайсызда түскен тордан құтылып кете 
алмадым. Қайта құтылмақ боп ұмсынған сайын қоймалжың лайға бұрынғыдан бетер бата 
түстім. 
Сөйтіп жүргенде, Арман дүниеге келді. Тұңғышымыздың қуанышы бізге көп нәрсені 
ұмыттырып жібергендей болды. Раушанға бірте-бірте көңілім жібіп, ықыласым артып 
бара жатқанын сездім. Бір қолыммен тұңғышымды көтеріп, екіншісімен әйелімді 
қолтықтап, нәрестехана есігінен әке боп шығып бара жатқанымда дүниеде менен бақытты 
жан жоқ сияқты еді. 
Бірақ бұдан үш жыл бұрын менің айықпас, ауыр дертке шалдыққанымды білгенде 
Раушан сағымдай құбылып, сабындай бұзылып шыға келді. Енді ол баяғы, бұдан он тоғыз 
жыл бұрынғы айлалы, аяр Раушанға көбірек ұқсайтын еді. 
Бір-бірімізді ешқашан да сүймегенімізді мүгедек боп қалған соң ғана білдік. Біздер 
сырт көзге сыр бермеу үшін ғана ғұмыр бойы өмір сахнасында «ғашықтар» рөлін ойнап 
келіппіз. Соны есіме алғанда қағанағым қарс айрылып кете жаздайды. 
Ақылбек бір сәтке осындай ойларға шомып, қасында отырған Мейіркүлге мұңын 
шағып жатқандай еді. 
Өмірде адам айтса нанғысыз оқиғалар бола береді екен ғой. Ақылбек жұртпен онша 
араласпай, оқшауланып қалған екен. Ол енді өзгелер түгілі, пәлен жыл бір шаңырақтың 
астында отандасып келген өз әйелін де жөнді білмейтін боп шықты. Ондаған жылдар 
бойы ол көзі бола тұрып, айналасындағы өмірді көрмей, құлағы болса да ешкімді естімей, 
тілі тұрса да сөйлемей келген екен. Раушан не айтса, не естісе, не көрсе тек сонымен ғана 
қанағаттанып келіпті. 
Соның бәрін Ақылбек енді ғана, аяғына шырмау түскен соң барып түсініп отыр 
18 
Ақылбек бүгін аурухана төсегінде жатыр. Басына түскен тауқыметке біртіндеп 
көндігіп келе жатқан сияқты. Әйтсе де, Раушанның аярлығын есіне алса-ақ ашу-ызадан 
аза бойы қаза боп кетеді
Бір сәт Ақылбектің көз алдына аммофиль-ара елестеп кетті. Бұл өзі арамдығына 
найза бойламайтын, нағыз аяр- ара. «Бұдан жәдігөй, бұдан тасбауыр жәндік жер бетінде 
жоқ шығар» деп ойлайтын ол. 
Ақылбек энтимолог-ғалым. Демек, жәндіктердің, шыбын-шіркейлердің тіршілігін 
зерттейді. Өзі кейде әзіл- шынын араластырып: «Біз көктем келсе-ақ тентек балалар 
сияқты көбелек қуып кетеміз», — дейтін. Ол жыл сайын арнайы экспедицияны басқарып, 
жәндіктері мол тау мен тасты кезіп жүретін. Сондай сапарға шыққанда әлгі аяр-араның 
«шектен шыққан» зұлымдығын, жәдігөйлігіп, мейірімсіздігін талай тамашалап, жағасын 
ұстаған. 
Әлгі аммофиль-ара жұмыртқадан жүн қырыққан қу. Сол қулық-сұмдығымен өзінен 
он есе күшті дұшпанын қас қағымда алдап соғады. Мұның күні-түні соңына түсіп 


іздейтіні — күміс қоңыз. Иә, айлы түнде жалт-жұлт етіп көрінетін кәдімгі әсем қоңызға 
«ғашық» ол. 
Жайшылықта күміс қоңыз жаңағы аяр-арадан қорықпайды. Одан айылын да 
жимайды. Өйткені қоңыздың тоғыз қабат торқадай қалың сауытына әккі араның 
қылдырықтай нәзік инесі батпайды да. Ара жүз рет шақса да қоңыз былқ етпейді. Жәдігөй 
ара өзінің әлсіздігің, дәрменсіздігін, дұшпанын қара күшпен жыға алмасын іштей сезеді. 
Сондықтан ол көбіне айлаға көшеді. Айлакер ара өз жемтігін шыр көбелек айнала ұшып, 
ызыңдап, құйқылжытып, бір ырғақтағы әнге басады. «Өнерпаз» араның әніне құмар 
бейшара қоңыз дереу музыкаға елтіп, мас боп қалады. Нақ сол кезде күміс қоңыздың 
омыртқа тұсындағы иненің жасуындай жіп-жіңішке сызат бір секундқа өзінен-өзі ашылып 
кетеді екен. Анадан зұлым туылған әккі араға керегі де сол. Сол бір секундтың ішінде ол 
өзінің найзадай өткір піскек мұртын аңқау қоңыздың арқа жұлынына кіріп еткізіп 
шаншып үлгереді. Құралайды көзге атқан мергендей-ақ иненің жасуындай тесікке 
найзасын мүлт жібермей, дәл шаншиды. 
Рас, бұған күміс қоңыз өле қоймайды. Бірақ төрт аяғынан да бірдей айрылып, өмір 
бойы орнынан тырп етіп қозғала алмайтын боп қалады. «Қаныпезер» араға керегі де сол. 
Іздейтіні — кеудесінде жаны бар, бірақ өздігінен қашып кете алмайтын «мүгедек-қоңыз». 
Егер мұндайда әлгі қоңыз өліп қалса, «мерген» ара оған қарамайды да. Өйткені араға 
керегі өздігінен жүре алмайтын, бірақ кеудесінде жаны бар тірі қоңыз. Неге дейсіз ғой? 
Мұның да өзіндік сыры бар. 
Әккі ара өзінің «тірі тұтқынын» сүйрелеп, жер астындағы тас қараңғы ініне апарады. 
Бірақ оны өзі жемейді. Бұл оның әлі дүниеге келмеген, болашақ ұрпағына әзірлеп жатқан 
азығы. Енді жаңағы аналық ара қараңғы інде, әлгі «тұтқын» қоңыздың жанында жатып өзі 
ұрық тастайды. Ара ұрығын төгеді де, өз ұрпағының өсіп- жетілуін күтіп жатпай-ақ сол 
минутта іннен шығып қашып кетеді. Ол өз балаларын өмірінде бір рет те көрмейді. Тіпті 
өзі ұрық төккен маңайға жоламай алыс өлкелерге ұшып кетеді. 
Ал, араның жаңа тастаған ұрығы үш-төрт айдан кейін ғана тіріліп, көзін ашады. Әлгі 
«мүгедек қоңыз» соған дейін, яғни үш-төрт ай бойы тырп ете алмай, жәутең көз боп жата 
береді. Ара ұрығы өсіп, жетілген соң азық іздеп әуре болмайды. Олар қара құрымдай 
құжынап, тап қастарында дайын жатқан асқа — әлі жан бере қоймаған тірі қоңызды тарпа 
бас салып, әш-пүшке келтірмей түгін қоймай жеп қояды. 
«Бейшараны тірідей тұтқындап, үш-төрт ай азаптаудың өзі қандай қатыгездік!» деп 
ойлайтын сол кезде Ақылбек. 
Қазір Ақылбек бағанадан бері біресе о жағына, біресе бұл жағына шығып, өзін 
айналшықтап, аузы тыным таппай, әлденелерді айтып, көлгірси күліп жүрген әйелін әлгі 
аяр-араға ұқсатты. 
Раушан бүгін науқас күйеуіне жаны ашығансып, қанша аһ-уһ десе де даусынан 
титтей де қайғының нышаны сезілмейтін сияқты. Мұндайға сау кезінде Ақылбек мән бере 
қоймайтын. Раушанның аярлығын жаңа ғана аңғарғандай болды. Табанда іші мұздап, 
өзінен-өзі тітіркеніп кетті. 
Ақылбек аяқтан қалып, мешел болғалы өзін осындай тірі «тұтқын» санайтын. 
Жақында ғана үйінде болған бір оқиға есіне түсті. 
Бір күні таңертең Раушан еш нәрсе болмағандай-ақ Ақылбек жатқан бөлмеге жайраң 
қағып кіріп келді. Ақылбек ә дегенде өз көзіне өзі сенбей, қас қағымдай бір сәтке 
ошарылып қалды. Күні кеше ғана азуы алты қарыс боп, ашуға булығып, оқты көзімен 
атып жүр еді. Бүгін өзінен- өзі мүләйімсіп, жуас бола қапты. Тіпті өзі шыбын жаным 


сеніңжолыңда құрбан деп, шліп төсек, жайылып жастық болып, өліп-өшіп бара жатқан 
сияқты көрінді 
Сол сәтте Раушан күйеуінің ішіне кіріп, сыртына шықты. Байыз таппай мәймөңкелей 
сөйлеп отыр. Әңгімесі қоюлап барады. 
Бірақ Ақылбек бұл кезде әйелінің шын сөзіне де оңайлықпен илана қоймайтын боп 
қалған еді. Сондықтан ол Раушанның не айтып, не қойғанын құлағына ілген де жоқ. 
Құдды дыбыссыз кино көріп отырғандай-ақ Раушанның бет-әлпетіндегі сан қилы 
өзгерістерді ғана қызықтап, соны тамашалап жатыр. 
Бұрын сау-саламат шағында Ақылбек, сірә, әйелінің жүріс-тұрысына, қас-қабағына, 
сөйлеу мәнеріне дауыс ырғағына көз тоқтатып қарамаған екен. Соның бәрін бүгін ғана 
көргендей-ақ аузын ашқан күйінде аңқиып қапты 
Бағаналы бері әйелінің жүзінен көз алмай жатқан Ақылбек бір сәт Раушанның негізгі 
әңгімеге көшкенін көзінен жазбай таныды. Ол өз ойымен әуре боп, әйелінің сөзін тыңдай 
алған жоқ еді. Енді ғана құлақ түрді 
— 
Сен жатқалы абыржып, есіміз шығып кетті ғой, — деді Раушан — Мына 
үйдің де берекесі қашты. Тозып барады. Жөндеу керек. Бұл үйдің еденіне бояу тимегелі 
қашан. Қабырғалары да қара күйе боп кетті. Жақсылап ақтап тастасам деп едім. 
«Айтар ойың бұл емес» деп ойлады Ақылбек. Өйткені Раушан өмірінде үйдің 
қабырғасына да, еденіне де қол тигізген жан емес. Ешқашан маңдайы терлеп, шаруа 
істеген жоқ. 
— 
Балалардан да хабарсыз қалдық, — деп әңгімесін Раушан ұштай түсті — 
Бес-алты күнге сұранып ауылға барып келсем деген ойым бар. Бұған қалай қарайсың? 
Ақылбек әйелінің бұл сөзіне де иланған жоқ «Бауырыма кіріп, іштен жайламақ қой» 
деп ойлады ол. Әйтсе де, енді көкейіндегісін қашан шығарар екен деп шыдамы таусылып, 
тағатсыздана бастады. 
Тап қазір Раушанға күйеуінің иі жұмсарғандай боп көрінді. Енді ол Ақылбекті 
майлы шіектей айналдыра бастады
— Ақылбек! Сен біраз күн, мен үйді жөндеп, ауылға барып қайтқанша әлгі... Әлгі не 
еді өзі... Мүгедектер үйінде жата түрсаң қайтеді, ә? Кейін өзім барып әкелем. Онда күтімің 
де жақсы болады. Жалгыз жатып, зерікпейсің. Менің де көңілім алаң болмайды саған... 
Раушан тағы да малтасын езіп, әлденелерді түсіндіріп жатты. Бірақ Ақылбек одан 
арғысын естіген жоқ. «Мүгедектер үйі» деген жалғыз ауыз сөзді ғана біреу құлағына 
қайта-қайта сыбырлап, үздіксіз кайталап жатқандай болды. 
Өз әйелін өзі қапелімде танымай қалған адамдай-ақ ол Раушаннан көз алмай, 
таңырқай қарады. Әйтсе де, Ақылбек әйелінің көкейіндегісін бірден ұқты. «Қанша жаман 
болса да мұндайға бармайтын шығар» деп ойлаушы еді. «Иә, бұл ештеңеден 
тайынбайтын, қаныпезер екен ғой» деп түйді Ақылбек. Раушан қазір оған: «Енді керегің 
жоқ, кет. Мүгедектер үйіне бар. Мен емін-еркін өз бетіммен өмір сүргім келеді», — деп 
отыр. 
Бір сәт Ақылбек ашуға мініп әйеліне: «Сенің қай шырағыңа көлеңке болдым!» деп 
айғайлап жібере жаздады. Бірақ үндемеді. Өзін-өзі тежеп қалды. 
Өтірік жыламсырап отырған әйеліне қабағының астымен қарап жатып, терең ойға 
шомды. Қанша жыл бірге өмір сүрсек, сонша жыл бір-бірімізді алдап келген екенбіз ғой 
деп ойлады Ақылбек. Сырт көзге сыр бермеуге тырысып, бір-бірімізге жалған сыйластық 
жасап келіппіз-ау. Бір-біріміздің ішімізді ашатын кілтті он тоғыз жыл іздеп таба алмадық 
па? Мүмкін, ол кілтті мүлдем іздеген де жоқ шығармыз, ә? Неге сонша сабырлы болдым 


екен? Неге сонша көңіл жықпас ынжық болдым екен? Егер кезінде бір-бірімізді кінәлап, 
керісіп алып тұрғанда ішімізге мұнша запыран жиналмас еді ғой. Қазір сен жүрегіңе он 
тоғыз жыл жиналған кекті менен бір-ақ қайтарып алғың кеп тұр ғой. Сол үшін мені 
мүгедектер үйіне қуып жатқан жоқсың ба?! 
Кезінде мен сенің жан шошырлық қатыгез мінездеріңді көрсем де кермеген, білсем 
де білмеген боп жүре бердім. Мүмкін, соным қате болған шығар. Сен де мен жөніндегі өз 
ойыңды, сірә, ағыңнан жарылып айтқан емессің. Біз әйтеуір көңіл жықпау, бетке келмеу 
жағын қарастыра беріппіз ғой. 
Рас, біздер он тоғыз жыл бойы бір үйде тұрып келдік. Бір қазаннан ас іштік. Бір 
жастыққа бас қойдық. Бірақ біздер бір-бірімізге мүлдем жат едік. Сонша жыл бірге тұрып, 
бір мәрте де ағымыздан жарылып сырласпаған екенбіз ғой. Көңілден көңіл су ішпеген соң 
оны отбасы деудің кереп не?! 
Бірте-бірте сырттай сыйластыққа әбден етіміз көндігіп кетті. Бір-бірімізді 
жақтырмай, іш мылтықпен атысып жатсақ та амандасуды, денсаулық сұрасуды, 
қолтықтасып көшеде қыдыруды, кейде тіпті құшақтасып, сүйісіп көрісуді ұмытпадық. 
Әрине, мұның бәрін екеуіміз де өз еркімізден тыс, әлдекімнің қатал бұйрығын орындап 
жатқандай өзімізді-өзіміз зорлап істедік. Соншама азапқа түсіп, өмір сахнасында өтірік 
көлгірсіп ойнай бергенше неге дереу ажырасып кетпедік екен? Суға батып, ажал қатерін 
сезген сәтте адамдар бірін-бірі жібермей, бір-біріне тас боп жабысып қалады да, екеуі 
тұңғиыққа батып кетеді екен деп естуші едім. Бізге ондай өлім қатері төнген жоқ. Онда 
неге бір-бірімізден қатып ұстасып қалдық? Неге бір- бірімізді аямай тұңғиыққа қарай 
сүйрей бердік? Неге өмір бойы бір-бірімізді алдап келдік? Мүмкін, бір-бірімізге жақсы 
өмірді қимаған шығармыз. Менің бақытты болып кетуімнен сен қорықтың ба? Әлде сенің 
өз бақытыңды тауып алуыңнан мен жасқандым ба? 
Ғұмыр бойы менімен бақталас боп өттің ғой, сен Раушан. 
Ұзақ жылдар бойы іштей аңдыса бергенше неге ашықтан-ашық айтысып, тартысып 
алмадық екен? Мынауың дұрыс емес деп неге ашып айтпадың маған?! Онда зілдей ауыр 
ойлардан екеуіміз де бірдей құтылар едік қой. 
Сен өзіңде жоқ қасиеттерді өзгелердің бойынан көргеніңде оған қызығып емес, 
қызғанып қарайсың. Адамның жүрегінен гөрі оның қабілетін, талантын жоғары 
бағалайсың. Жүрек-сезімді есепке алмайсың Ал, шындығында, ақыл-ойға қозғау салып, 
оны ізгілік, адамгершілік арнасына бағыттап отыратын нәрсе — жүрек қой. Парасат пен 
сезім бір арнаға құйылып жататын, анадан егіз туылған құбылыстар ғой. Мөлдір сезімнен 
айрылып, жалғыз өзі қалып қойған сыңар талант қашанда адамға қатер туғызады емес пе? 
Ақыл-ойы жеткілікті, бірақ тасбауыр, мейірімсіз жандар әлемде аз ба? Адамды мыңдап 
қырып жоятын небір сұмдық қару-жарақтардың авторларын ақымақ деп кім айта алады? 
Меніңше, ақыл-ой қашанда қаңтардағы мұздай салқын нәрсе. Оны өзінің сол таза 
күйінде жұмсауға болмайды. Тек ізгі ниетті жандарға тән нәрсе — оттай ыстық 
адамгершілік сезімімен суарылғанда ғана ақыл-ой киелі күшке айналады 
Сен менің біліміме қызығып, өмір бойы соны күндеп келдің. Ал, шындығында, сен 
күндейтін нәрсе ол емес еді. Менен мың есе білгіш, миллион есе қабілетті жандар толып 
жатыр ғой. Көбірек еңбек етсең — мен білгенді сен өзіңде игеріп алар едің. 
Бірақ сен басқа бірде-бір адамда жоқ, тек менде, менін бойымда ғана бар ең асыл 
нәрсені байқамадың. Мүмкін. байқағың келмеген шығар. Соған қызықсаң да, қызғансаң да 
арзыр еді. Ол — менің жүрегім болатын-ды. Мұндай жүрек тек менде ғана бар. Жоқ Ол 
басқалардың жүрегінен артық деп тұрғам жоқ. Мүмкін, бәрінен де нашар шығар. Гәп онда 


емес. Сан мыңдаған мейірімді ыстык жүректердің бірі ғана болар менікі. Бірақ ол 
басқаларға ұқсамай, өзінше соғады ғой. Сен оның лүпіліне, ырғағына, әуеніне он тоғыз 
жыл ішінде тым құрыса бір мәрте де құлақ түрмедің-ау, сабаз Назарға ілмедің. Көңіл 
қоймадың. Сондықтан біз екеуіміз ғұмыр бойы бір- бірімізді түсінісе алмай өттік. Іштей 
алысып, арпалысып кеттік 
Мүмкін, оған өзім де кінәлі шығармын Сенің ішкі жандүниеңе тереңірек бойлауға 
шамам жетпеген болар. Қашанда сен сыртқа сыр бермеуге тырысып келдің ғой. Бұл сенің 
өмірдегі басты ұраның еді. Сен адамдарға (тіпт маған да) тек жақсы мінезіңді, жағымды 
қылығыңды, ұтымды ойларыңды, әдемі киімдеріңді ғана көрсетіп калуды тырыстың 
Ащы мен тұщы, күн мен түн, ыстық пен суық қашанда бір-бірімен алмасып, 
араласып, кезектесіп, сапырылысып жататынын адамдар жақсы біледі. Сондықтан олар 
үнемі күлімсіреп, көлгірсіп, қашан көрсең де бас шұлғып үн-түнсіз, ұрыс-керіссіз ылғи 
жақсы боп жүретін жандарға онша сене бермейді «Үндемегеннен үйдей бәле шығады» деп 
ондай кісілерден қауіптеніп, сақтанып жүреді. Ондай жандарға сыр шашпауға тырысады 
ғой. Сен қашан да ішкі сырыңды бүгін қалу үшін, ішкі жандүниенді тірі пендеге көрсетпеу 
үшін жылайтын жерде — күлдің, ал қарқылдап күлетін жерде — қабақ шыттың. Демек, 
сен өзіңнен басқа, айнала төңірегіңдегі жұрттың бәрін дұшпан санадың. Оларға титтей де 
сенбедің. Сөйлесең де, күлсең де, тіпті жыласаң да шын жүректен емес, жұртқа дұшпан 
көзі қылып істедің. Сондықтан сенің шын сөзіңе ешкім сенбеді. Өзгелер түилі, тіпті 
қасыңда жүрген мен де иланбайтын боп қалдым. 
Раушан! Шындап келгенде, менің сенен бір ғана артықшылығым бар-ау деймін. Мен 
адамдарға сенем. Күлгенімді де, жылағанымды да жасырғым келмейді олардан. Аузынан 
сөзі түскен, қолынан бөзі түскен аңғырт дейтін шығар біреулер мені. Мейлі дей берсін. 
Тек қана «зымиян», «аяр», «екі жүзді» демесе екен. 
Неге екенін қайдам, әйтеуір өзім бала мінезді аңқау, сенгіш адамдарды ұнатам. Аяқ 
астынан бұлқан-талқан боп ашуланып, қас-қағымда райынан қайтатын зілсіз жандарға 
құштармын. Анасының арын аяққа басып жатқанын көрсе де көрмеген боп, ашуға тізгін 
бермей, «ауыр» мінезді, «әдепті» жігіт боп көрінуге тырысатын, сосын он жылдан кейін 
астыртын кек алудың жолын іздейтін зымияндардан жиіркенем. Жоқ. Маған деген 
ренішін айтып отыр екен деп ойлап қалма. 
Қазір саған да, Арманға да өкпем жоқ. Қайта ұлымның алдында мен өзімді күнәхәр 
санаймын. Соның балалық шағына көбірек қиянат жасап жібердік пе деп қорқам. Кейде 
өзімді қылмыскердей сезінем. Кісі қолында тірі жетім боп өсті ғой ол. Арман қазір бізге: 
«Өз үйімде ешкімнен қаймықпай асыр салып ойнайтын балалық шағымды тауып 
беріңдер» деп талап қойса қайтер едім? Өз баласының ең қымбат шағын — балалығын 
көрмеген жандар бақытсыз ғой деп ойлаймын. Біз тірі тұрып, өзінің жетім боп өскенін 
Арман ұмыта ма? Әрине, ұмытпайды. Өйткені ол бәрін ақылға салып түсінсе де, бәрібір 
асау жүрек мұндайда парасатқа бой бермей, ойқастап кетеді емес пе? 
Ғұмырымда саған титтей де жамандық ойлаған емеспін, Раушан. Сен хақында үнемі 
жақсы ойлап, көңілімді аққа ұйытып жатам. Ал, егер ашу үстінде артық сөз айтып қойған 
болсам кешірерсің. Төсекте жатқалы бері жүйкем жұқарып, тауаным тарылып кетті ғой.
Саған неге ренжиін? Уыздай жастық шағыңды, өз өміріңнің жайнаған ең әдемі, 
көктем кезін басқаға емес, маған сыйладың ғой. Демек, мені азды-көпті ұнаттың. Рас, 
менің жүрегіммен санаспадың сен. Иә, сен аса сұлу едің Мейіркүлден де әдемі едің. Сен 
соны білдің. Сен соған сендің. Бірақ «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» дегенді ескермедің. 
Әлде мұның бәрін ақ көңіл, аңғырт Мейіркүлге ерегісіп істедің бе? 


О баста сен мені ұялшақ, момын шығар деп қателестің. Көш жүре түзелер деп 
үміттендің. Бірақ мен тек жуас қана емес, сонымен бірге сүйегі жасық, шала піскен 
өкпедей болбыраған ынжық та боп шықтым ғой. Әйтеуір сен солай дейтінсің. Мені өз 
жұмысынан басқаны білмейтін де, көрмейтін де, естімейтін де тар табан деп 
ойлайтыныңды баяғыды-ақ сезгем 
Мейлі Солай-ақ болсын. Әйтсе де, мен түндей түнерген күдіктің құлы емеспін. 
Көңілім таза. Ал, сен жұрттың бәріне күдікпен қарап келдің. Тіпті өзіңнің ең жақын, бірге 
оқыған құрбы-құрдастарыңа да сенбедің. Маған да иланбадың. Мен кетіп қалатындай-ақ 
ізімді аңдумен болдың. Мені басқа адамдарға қоспауға тырыстың. Солармен сөйлессем 
табанда менен айнып қалады деп қорықтың. Мен кеңсе мен үйдің арасындағы жолды ғана 
білдім. Қалған уақытта мені әлі есі кіре қоймаған жас балаға ұқсатып, өзің жетектеп 
жүрдің. Турасын айтсақ, сен өзің қазық қағып, көлеңкесіне бұзау байлайтын қулардан едің 
ғой. Әйтеуір күніне бір рет көшеге шығарып, серуендетіп қайтуды ұмытқан емессің. 
Оныңа да рахмет. Бірақ сен үйге тірі пендені жолатпай қойдың емес пе? Тіпті менің әке- 
шешем келсе де күрең қабақтанып шыға келетінсің. Әйтеуір үйге қонақ келсе сен кірпідей 
жиырыла қалатынсың 
Ата сақалым аузыма шыққанша екі адам есігіме, төрт адам төріме отырмапты. 
Адамы жоқ, елсіз аралда тұратын жандардай-ақ жөндеп ешкіммен барыс-келіс 
жасамаппыз ғой. Сонша жыл екеуіміз ғана оңаша жүре беріппіз-ау. 
Тегінде, шыдамның да белгілі бір шегі болса керек. Бір адам қанша қайғы, қанша 
азап, қанша бейнет көтере алады? Кім өлшеп, кім есептепті дейсіз соны. Бірак әр адамның 
ондай мүмкіндігі әр түрлі екеніне дау жоқ. Мәселен, менің төзімім табаны күректей он 
алты жылға жетті. Он алты жылдан кейін инсульт боп құладым. Содан бері төсекте жатып 
үш жыл өмір өткіздім. 
Мен сонша уақыт сенің қолында тірідей тұтқын боп келдім ғой. Әйтпегенде ше! 
Аспирант кезімде де, кандидат болғанымда да, тіпті білдей доктор атанғанымда да мені 
қия бастырмай, ізімді андумен болдың. Сен менің аяқ- қолымды ғана емес, ой-өрісімді де, 
қиял-арманымды да өрмекшінің торындай көзге шалынбас қыл арқанмен сан жылдар 
бойы мықтап матай беріпсің-ау 
Сен тіпті ең жақын достарыма да мені жолатпай қойдың ғой. Айналдырған бес-алты 
адамнан басқа ешкіммен қатыспай, томаға-тұйық боп қалдық емес пе? Неге? 
Кезінде бұл сауалға жауап таппай, әр ойдың түбіне бір түсіп, ақылым алпыс жаққа 
жүгіріп дел-сал болған едім. Соның бәрін енді түсіндім. Өйткені сен өзіңнен басқа тірі 
пендені ұнатпайсың. Ешкімді жақтырмайсың. Жұрттың бәрін өзіңе дос емес, дұшпан 
санайсың. Ешкімге сенбейсің. Жұрттың бәрі өзің тәрізді өмір сахнасындағы «артист» деп 
білесің. Томаға-тұйық өмірге құштарсың. 
Жұртқа қанша көлгірсіп көршінің келсе де сен іштей тым тұйықсың. Ал, тұйық адам 
тоғаннан сәл болмаса асып- тасып кетейін деп тұрған су тәрізді қашанда қатерлі. Кез 
келген минутта бөгеннің быт-шытын шығарып, айналасын аймандай етіп жіберуі ғажап 
емес. Демек, тоған суындағы тыныштық — алдамшы тыныштық. Өйткені онда сумен 
сарқырап аққан өзеннің қаншама арынды ашу-ызасы тұншығып, булығып жатыр 
десеңізші. 
Тау суындай арынды да, айбарлы ашуыңды сен сонша жыл қалай ғана бөгеп келдің? 
Әйтсе де, сол күні қалайша аяқ астынан мөрт кеттің? Сен менің төсектен қайтып 
тұрмасымды, енді ғұмыр бойы төрт тағандап қалатынымды білген минутта-ақ жын буған 


бақсыдай бүліндің. Сол сәтте сен пәлен жыл бойы жүзіңе жамылып келген бет пердеңді 
сілкіп ашып тастап, маған өзіңнің табиғи бейнеңді көрсеттің. 
Ал, шынайы бейнең адам шошырлықтай еді. Ызалы көздерің суық ызғар шашып, 
мені жүндей түткің кеп тұр екен. Жүзіңнен тек ашу-ыза ғана емес, қанды кегін қайырып, 
әбден айызы қанып тұрған адамның сиқын көргендей болдым. «Өзіңе де сол керек», — 
деп мені іштей табалап, зілді кекесінмен күлдің. Ұзындағы өшіңді, қысқадағы кегіңді 
менен алып, арқа-басың кеңіп қалғандай көріндің. 
Саған жасаған қылшықтай қиянатым жоқ еді ғой, Раушан. Неге сонша өшіктің 
маған? Бұл сауалдың да жауабын кейінірек таптым. 
Өйткені сен ешқашан да мені сүйген жоқсың. О баста сүйем деп мені ғана емес, 
өзіңді де қоса алдадың. Мені алдау саған онша қиын емес еді. Кейде сенің ықыласыңа 
құлап та жүрдім ғой. Бірақ сен өзіңді-өзің алдай алмадың. Ол қолыңнан келмеді. Өйткені 
адамның табиғаты сондай. Ең қиыны — өзгелерді емес, өзіңді-өзің иландыру болса керек. 
Әйтсе де, біз неге басқалар сияқты өзіміз бала өсіріп, өз ұрпағымыздың қызығын 
өзіміз көрмедік? Неге сен ана, мен әке болмадым? Мүмкін, сен кезінде үш балаға бірдей 
ана боп бауырыңа басқаныңда, бүгін маған да мұнша қатыгездік жасамас па едің? Әдетте 
аналар мейірімді болады ғой. Әйел атаулыға тән таусылмас бұлақтай көл- көсір, сүттей 
таза мейірім сезімін мүмкін сол аналарға бесікте іңгәләп жатқан нәзік сәбилер сыйлайтын 
шығар. Сен сол сыйдан маһрұм болдың ғой, Раушан 
Мүмкін, мұның бәріне кезінде өз ойымды ашып айтпай, ішіме бүгіп қалған мен 
кінәлі шығармын, Раушан? Мені тап қазір дұрыс түсін. Мен мүгедектер үйінен қашып 
отырғаным жоқ. Оған жан-жан деп-ақ барар едім. Кемтар боп қалған жандар үшін онда 
барлық жағдай жасалғанын жақсы білем. Әр адамды алақандарына салып, жас баладай 
мәпелеп отыр 
Ондағылар мен сияқты ертелі-кеш санамен сарғайып, шаңыраққа қарап, зерігіп 
жатпайды. Бір минут зерігуге де, торығуға да мұршасы келмейді. Әркім өзіне ұнайтын 
іспен әуре. Жұмыссыз, қарап жатқан жан жоқ. Жұмыстан бос кезінде оларды бесік-арбаға 
отырғызып алып, қалаған жағына қыдыртады да жүреді. Өзін кішігірім қалашық деуге 
болады. Ғажайып саябақ та, сәулетті клуб та, қазынасы мол кітапхана да бар 
Бірақ мүгедектер үйіне мен не деп барам? Өз үйім жоқ деп пе? Әлде отбасым жоқ 
деп пе? Мүмкін мен аяқтан айрылған соң әйеліме ұнамай қалдым дегенім жөн шығар? Бұл 
шындық қой. Бірақ мұндай шындыққа кім сенеді?! Демек, сау кезінде өзің де әйеліңе 
өлердей қиянат жасап келгенсің демей ме? Әйтпесе әйелің неге безеді дейді ғой. 
Баламыздың алды ер жетіп, ақыл тоқтатып қалды емес пе? Солар неге сені күтпейді 
десе не бетімді айтам!? Ішімізді жарып шыққан шұбар жылан емес пе еді? Тасбауыр деуге 
қалай ғана аузым бармақ? Әлде өз кінәмді өзім мойындап, кезінде бала тәрбиелеудің 
азабынан қашқанымызды, көкек сияқты өз жұмыртқамызды басқа құстың ұясына тастай 
сала алды-артымызға қарамай безгенімізді айтайын ба? 
Мүмкін, олар маған бұл сауалдардың бірде-бірін қоймас. Бірақ өз үйім, өз отбасым 
тұрған кезде беттің арын белге түйіп, дайын ас, даяр төсекке қалай ғана барам? Мүмкін, 
ол орынға үйі де, күйі де жоқ, менен де мұқтаж кәріп жандар баруы керек шығар. 
Тіпті оның бәрін есепке алмағанның өзінде менің сол жақта жатқанымды білсе, мына 
Арман не ойлайды. Ол бәрін түсінеді ғой. Неге кеттің десе оған не айтам? Мамаң қуып 
шықты деймін бе? Ертең қартайып, басың ауырып, балтырың сыздаған сәтте сені де үйден 
сүйреп шығарып тастамасына кім кепіл? Сені қойшы. Әбден боларың болып, бояуың сіңді 


ғой. Ертең Арман отбасын құрмай ма? Сонда олар да бастарына іс түскенде біз тәрізді 
бірін-бірі тастап қашатын болсын деп отырсың ба? 
Бүгін ойлап қарасам, мен ғұмыр бойы сенің айтқаныңнан бір шықпай келген екем. 
Біз отбасын құрғалы бері сенің айтқаның өтіп, атқаның жетіп тұрды. Ал, мен өз пікірімді 
ауызға алудан да маһрұм боп қалған едім. Ойланып, толғанып жатпай-ақ сен не десең де 
бас изей беретінмін. Өйткені саған сол ұнайтын. Солай істесем ғана құлағым тыныш 
болатын. Ал, маған керегі сол тыныштық еді. Өйткені мен жұмыстан басқа, сенен өзге еш 
нәрсені көрмей, естімей, су соқыр, тас керең боп қалғаң едім. 
Санамның саңылауы енді ғана ашылып, көкірек көзім көре бастаған секілді. Әлемге 
сенің ғана көзіңмен қарап, әбден жаман үйреніп қалған екем. Әйтсе де, жарық дүниені өз 
жанарыммен қызықтай бастадым. Талай-талай жылдар бойы бұйығып қалған, ұйлығып 
қалған ойларым кеш те болса оянып келе жатқан сияқты. Мен бүгін соған қуанам. 
Көңіліме соны медеу тұтам. 
Мен ғұмыр бойы сенің айтқаныңды істеп келдім ғой. Сенің ең соңғы тілегіңді де 
орындайын. Мүгедектер үйіне баруға тас-түйін боп іштей бекіндім Менің ендігі орным 
сонда. Өмір оты онда да жалындап тұр. Ой-сезімім сөнбей, тіршіліктен, еңбектен қол үзіп 
қалмай, мына жарық дүниенің ғажайып көріністерін тамашалап жатсам болды емес пе?! 
Бірақ аздап өкінем... 
Он тоғыз жыл бойы ақ пен қараны ажырата алмай, саған алданып, тоқылдақтың 
тәубесінде жүргеніме өкінем. Балапандарымды сары ауыз кезінен бауырыма баспай, 
жігерін жасытып алғаныма қынжылам. Қатты мертігіп, төсек тартып жатып қалғаныма 
қиналам. 
Әйтсе де, басыма қиын-қыстау күн туғанда сенің теріс қарап, шыр айналып 
кеткеніңе несіне қиналам?! Тек сені сонша уақыт білмей, алданып келгеніме ғана өкінем. 
Әйтпесе баласынан безген анадан не үміт, не қайыр! Мен бөрікті тастап, бөріден 
құтылғаныма қуанам. Бірақ осының бәрін ертерек аңғармағаныма бармағымды тістеймін. 
Орны толмас өкіншітен не пайда! Қайғыдан қан жұтып, текке қарап жатар кісің мен 
емес. Бір күндік, бір сағаттық ғүмырым қалса да өмірге өз үлесімді қосып қалам. Ғылыми 
еңбектерімді жазам. Өзім істеген институттың қолымнан келетін кез келген жұмысынан 
бас тартпаймын. Өз аспиранттарыма жетекшілік етуді де тастамаймын. Мейлі. Мені 
зейнеткерлікке шығара берсін. Мен мұның бәрін ешбір ақысыз, айлық сұрамай-ақ 
осылайша, төсекте жатып тегін істеп берем. Бұл менің ғылым үшін, жастар үшін, болашақ 
үшін қосқан үлесім болсын. 
Мен қайғы-қасіретке емес, еңбек қуанышына үйренген адаммын. Уақыт атты 
құдіретті күштің әрбір минутын есепке алып, әр минут үшін ар сотының алдында жауап 
беріп үйренген жанмын. Енді маған өмірдің әрбір секунды бұрынғыдан жүз есе, мың есе 
қымбат. 
Тағы қанша минут, қанша күн, қанша жыл өмірім бар? 
Білмеймін. Білгім де келмейді Әйтеуір асыл қазынадай қымбат уақытымның бәрін, 
бір минутын да өзіме алып қалмай, түп-түгел адамдарға арнарым хақ. Қазір жүректегі үміт 
отын сөндірмей, жағып тұрған да, белімді бүгіп, қабырғамды сөгіп жіберердей ауыр 
науқасымды азды-кепті жеңілдеткен де, бойымдағы күш-қуатты сарқытпай, жаныма нәр 
тамызып, жігер құйып жатқан да еңбекке деген құштарлық қой. 
Мен әлі де еңбек ету қабілетіме сенем. Ел-жұртыма қажеттігіме иланам. 
Адамдардың адамдығына шүбәм жоқ. Демек, мүгедек боп қалдым деп сары уайымга 
салынуға, еңбектен қол үзіп қалуға менің ешқандай хақым жоқ. 


Басқа түскен қиындықпен бел шешіп, білек түріп айқаспай, атыспай, қоян жүрек 
қорқақтарша қан майданда қаруын тастап, екі қолын жоғары көтеріп, жауға беріле 
салатын опасыз жан мен емес. Мен жараланып, мертігіп жатсам да Адам деген киелі 
есімге кір жұқтырмау үшін соңғы демім біткенше күресе берем. Бұл меңің тіршіліктегі 
соңғы сертім болсын! 
Әрі менің ортан қолдай үш балам бар ғой. Соларға үміт артам. Түбінде олар менің 
халімді жан жүректерімен түсінер. Қасыма отырып, басымнан сипар. Әке деп бетімнен 
сүйер. Қолтығымнан демер. Маған қанат болар. Сол сәтте мен өзімнің мүгедек екенімді де 
ұмытармын. Мен енді сол шұғылалы сәтті күтем. Төсекте жатып, өмірге, еңбекке, мені 
қамқорлыққа алған жандарға араласып жүріп күтем. Өмір шамы сөнгенше күте берем. 
Үмітімді үзбеймін мен, өмірден! 
Күрес әлі біткен жоқ. Мен енді өмір үшін күресем. Бұрынғыдан он есе, жүз есе еңбек 
етем. Қолымнан келгеннің бәрін өзіме өмір сыйлаған адамдардан аямаймын. Қолымнан 
әлі де көп нәрсе келеріме шүбәм жоқ. Менің өмірге, өзіме деген сенімім бұрынғы сау-
саламат көздегіден жүз есе көп сияқты. 
Тағдырыма тағзым қылмай өтем. Тағдыр екі аяғыма бірдей мықтап шырмау салса да, 
жан дүниемді қараңғы қапасқа қамай алмайды. Қазір-ақ жодігәй-тағдыр жәмпеңдеп 
аяғыма бас ұрып жүр. Мен өз тағдырымның қожасымын! 
Аяқсыз қалсам да сен тәрізді аяр жайдардан артық екенімді, халқыма керек екенімді 
дәлелдеп өтем. Жақсылық үшін жамандықпен күресем. Менің көрер күнім, атар таңым әлі 
алда. 
Ақылбек бұл сөздердің бірде-бірін әйеліне айтқан жоқ. Сонша жылдар ұқпаған 
нәрсесін қазір де бәрібір Раушанның түсіне қоймасын сезді. Мұның бәрі аурухана 
төсегінде сал боп жатқан Ақылбектің ой-толғаныстары ғана еді.
Арман бас дәрігерге кіруге кезек күтіп отыр. Кеше әкесі өзіне көңіл сұрай келген бір 
танысынан «Арман бас дәрігерге барып жолықсын», — деп сәлем айтып жіберіпті. Қанша 
ойланса да неге бүйтіп шақыртқанына ақылы жетпей әбден дел-сал болды. Бас дәрігерде 
менің нем бар? Одан гөрі өзіне, палатасына кіріп барсам ба екен деп те ойлады. Бірақ 
аурухананың жүйке ауруларын емдейтін — неврология бөлімшесіне кіру үшін дәрігердің 
арнайы рұқсат қағазы қажет екендігі есіне түсіп, бұл ойынан тез қайтты. 
Ол бұрын-соңды Арманды мұнда шақыртқан емес. Соңғы үш жылдың ішінде әкесі 
осы ауруханаға бірнеше рет түсіп шықты. Арман мұнда үш рет қана келді. Ол кезде әлі 
әкесі мен шешесінің арасы жақсы сияқты еді. 
Әйтеуір Арманға солай көрінетін. Мамасына еріп екі рет келген. Тек бір мәрте ғана 
өз бетімен келгені бар. Онда әкесі ес-түссіз, бірдемелерді сандырақтап жатыр еді. 
Арманды танымады. Содан кейін ауруханаға бас сұғып отырғаны осы. 
Кең де, жарық қабылдау бөлмесі. Бас дәрігердің кабинетіне кіре беріске койылған 
креслоларда бес-алты адам үйме-жүйме боп, өзара шүйіркелесіп қапты. Бәрі кезек күтіп 
отырса керек. 
Бірін-бірі бұрыннан жақсы білетін адамдар сияқты. Өздері бірін-бірі қағытып, 
қалжың, күлкіге қарық боп отыр. Олар өздерінен кейін келіп, бөлменің бір шетінде оңаша 
тұрған орындыққа барып отыра кеткен бала жігітке назар да аударған жоқ. Бейтаныс 
кісілермен Арманның да ісі болмай, өз ойымен әуре еді. 
Айнадай жалтыраған паркет-еденді өкшесі биік туфлиімен тақ-тұқ еткізіп, бір жас 
қыз кіріп келді. Үстінде ақша қардай аппақ халат. Мөп-мөлдір қарақат көздерімен лезде-
ақ отырғандарынды бір сүзіп шықты да: 


— Кешірерсіздер, жолдастар. Бас дәрігерді аяқ астынан консилиумға шақыртып 
әкетті. Ол кісі бір сағаттан кейін ғана босайтынын ескертіп, сіздерден кешірім сұранады, 
— деді. Әлгі қыз соны айтты да, жалт бұрылып қайта шығып кетті. 
Бірақ қабылдау бөлмесіндегі әлгі кісілердің бірде-бірі тырп еткен жоқ. Еш нәрсе 
естімегендей-ақ орны орнында жайбарақат отыра берді. Әңгімелері де бірте-бірте 
қоюланып бара жатса керек. Бір-біріне кезек берісер емес. 
Арман бір сағат бойы мына бөлмеде сарылып отыра бергенше, таза ауаға шығып, 
сейіліп қайтпақ болды. Орнынан тұрмақ боп сәл ыңғайлана берді де, креслоға сылқ етіп 
қайта отыра кетті. Мына кісілер сол сәтте Арманның әкесінің атын атағандай боп естілді. 
Мүмкін, әкеммен аттас басқа біреуді айтып отырған шығар деп те ойлады ол. Әйтсе де, ол 
еңді еріксіз әңгімеге құлақ түрді. Жоқ. Басқа емес, әңгіме өз әкесі туралы екен. Өйткені 
әкесін айтқан сайын әлгілер шешесінің есімін қоса-қабат айтады. Бұлардың бағаналы бергі 
әңгімелері өз әкесі хақында екендігіне енді Арманның инедей де күдігі қалмады. 
Мына әңгімені тыңдаған сайын Арман өзінің әкесі мең анасы хақындағы бұрын өзіне 
жұмбақ боп жүрген көп сырларға қаныға түскендей еді. Бұлар әкесінің достары екені 
бесенеден белгілі боп тұр. Әйтпесе оның өмірін егжей-тегжейлі қайдан біледі? Әкесінің 
кезінде қалай оқығанын, қалай еңбек еткенін, қалай үйленгенін, қанша баласы барын, тіпті 
мына айықпас дертке қалай шалдыққанын бүге-шігесіне дейін тәптіштеп айтып отыр. 
Арман мыналардың әңгімесін тыңдай отырып, бір нәрсеге қайран қалды. Бұл оның 
өмірінде ойына кіріп- шықпаған сөздер еді. Ә дегенде ол есеңгіреп, не боп жатқанын онша 
түсіне алмай, апалақтап қалды. Өйткені мыналардың бәрі күні бұрын келісіп алғандай-ақ 
Арманның әкесін жер-көкке сыйғызбай мақтап, ал шешесін өлердей даттап сөйлейді. 
Бірде-бірі шешесі хақында нобайы түзу сөз айтар емес. 
Арман текке қарап отырып-ақ өз бойын ашу-ыза кернеп бара жатқанын сезді. 
Қарғып тұрып: «Өтірікті соқпаңдар, менің анам ондай адам емес!» — деп айғайлап 
жібергісі келді. Әйтсе де, өзін-өзі ұстады. Әліптің артын бақты. Бірақ әкесіндей мына егде 
кісілердің ақ сөйлеп, әділін айтып отырғаңдарына Арманның бірте-бірте көзі жете 
бастады. Бұлар бет алды емес, әрбір сөзін салмақтап, елеп, екшеп, дәлелдеп сөйлеп отыр 
еді. Демек, біздің отбасын жақсы білетін адамдар деп түйді іштей Арман. Жаңағы жақсы- 
жаман сөздің бәрін дұшпандықпен емес, қайта сол отбасына жан ашырлықпен тілге тиек 
еткендерін аңғару қиын емес еді. 
Әсіресе, әкесі ауруға шалдыққаннан кейінгі көп нәрселер Арманға түсініксіз 
болатын-ды. Мына бейтаныс жандар сол құпиялардың астарын ашып көрсеткендей 
болды. Арман ғұмыр бойы түсінбей, өзін сан мәрте дел-сал қылған қиын жұмбақтардың 
шешімін ойда жоқта егжей- тегжейлі түсініп алды. 
Арман қазір қарын шашы алынбағаң, сары ауыз бала емес. Бәрін түсінеді. Биыл 
медицина институтының бірінші курсын бітіреді. 
Бір сәт ол бағанадан бері өзін елең қылмай, әңгімелерін көсілтіп отырған кісілерге 
көз тоқтатып қарай бастады. Есік жақтағы шоқша сақалды, тарамыстау келген, шаштары 
қудай аппақ кісі көзіне жылы ұшырады. Бір жерде көрген сияқты. Соның қасындағы 
дөңгеленіп қалған, тапалтақ бойлы, жалтыр бас адам да таныс тәрізді. Бірақ қайдан 
көргенін есіне түсіре алмай-ақ қойды. Не өзі оқитын институттан, яки әкесінің 
альбомындағы суреттерден көргені анық. Әйтеуір бұл екеуінің де үлкен ғалым екені, 
әкесінің достары екені шүбәсіз еді. Басқаларын бұрын-соңды көрген емес. 
Есікке таяу отырған жаңағы ақ шашты, арық кісінің үнінде өкініш барын аңғару 
қиын емес еді. 


Ақылбек бауырын жарып шыққан балаларын бір көруге зар болып жатыр Өзі о 
баста-ақ балажанды еді. Бірақ әйелі балаларын жолатпай, мысын құртып келді ғой. Үлкен 
ұлы осы қалада дейді, — деп ол сөз жалғай түсті. — Біздің институтта екен. Өткен жолы 
келгенімде Ақылбек көз қырыңды сала жүр деп тапсырып еді. Әлі оны көргем жоқ. Бүгін-
ертең кафедраға шақыртып алып сөйлеспекпін өзімен. 
Арман әңгіме өзі туралы боп жатқанына қысылғандай еді. Бірақ мені танымайды ғой 
деп өзін-өзі жұбатты. — Ал, қалған екі баласы ауылда екен, — деді әлгі адам, Ақылбектің 
інілерінің қолында. Солардың бәрін жинап әкеп, Ақылбектің көзіне бір көрсету керек еді. 
Жалтаң көз боп жатқанда демеу ғой. 
— 
Қазір Раушан қайда? — деді қасындағы семіз кісі деміге сөйлеп. 
Шашы түгілі, қастары да аппақ қудай боп кеткен жаңағы шал көріпкелі бар адамдай 
бәрін біліп отыр: 
— 
Ол курортқа кеткен. Емделем деп жүрген. Ақылбектің кризисі өткенше күт 
деп қанша жалбарынсақ та қарамады.
— Раушан бұрын Ақылбекті сандыққа салып сақтағандай-ақ тықпыштап, бізге 
жолатпай жүруші еді. Енді күйеуінің басына бұлт айналғанда жұрттан бұрын Раушанның 
өзі қашып кетіпті ғой, — деп сөзге бағанадан бері үндемей отырған ақ құба келген, кең 
маңдайлы, көзілдірікті егде әйел араласты. 
— 
Ақылбекті ажалдан алып қалған Мейіркүл ғой, — деп көзілдірікті әйел сөзін 
жұқалап жона түсті. — Бәрімізден сол мықты боп шықты. Кеше Ақылбектің жаны иненің 
ұшына ілініп, өлім аузында жатқанда қайсымыз қасында болдық? Мейіркүл бір ай бойы 
күні-түні қасында күзетіп отырды, береке тапқыр. Ақылбек үш жылдан бері төсекке 
байланып, мешел боп жатыр. Соның көрпе-төсегін, киім- кешегін күңде кім жуып тазалап 
отыр? Раушан ба? Жоқ. Мейіркүл! Ақылбектің әзір де ойға медет тұтып, көңіл жұбатары 
— Мейіркүл. Сол байғұсқа үш жылдан бері бір тыным жоқ. Ал, біздер оқта-текте барып, 
бір көрініп кеткенге үлкен іс тындырғандай болып кеуде қағамыз 
— 
Мейіркүлге үйленсең қор болмайсың деп мен оған бұдан ширек ғасыр 
бұрын айтқам. Бірақ айтқанымды істемеді. Қазір де мен Ақылбекке: «Мейіркүлге үйлен 
дегелі келдім», — деді қауға сақалды семіз кісі қабағын түкситіп. Бұған отырғандардың 
бәрі ду күлді. 
— 
Кеңесәі сәл кештеу емес пе? — деп қасындағы біреу оны қағытып қалды. 
— 
Жоқ! Дәл уақытында айтып тұрмын, — деді әлгі адам өзі титтей де күлмей. 
Тек жаңағы көзілдірікті кексе әйел ғана сабырлы қалпын бұзбай сөйледі. 
— 
«Мысыққа — ойын, тышқанға — өлім» деген осы шығар. Ол байғұстың 
қазір бір аяғы жерде, бір аяғы көрде жатыр. Сендер қайдағы бір қараң қалған өсекті 
тірілтіп, мәз-мейрам боласыңдар. 
— 
Қайдағы өсек?! Өсек емес, Ақылбек бір кезде Мейіркүлге өлердей ғашық 
еді, — деп әлгі кісі жеңістік бермей қойды. — Сенбесеңдер, қазір көргенде Ақылбектің 
өзінен сұраңдаршы. Егер Раушан килікпегенде... 
Жаңағы кісі сөзін ақырына дейін айтып үлгермеді. Нақ сол сәтте есік ашылып, 
қабылдау бөлмесіне біреу кіріп келді. Даудырап әңгіме соғып отырғандардың бәрі құдды 
үріккен қойдай дүрлігіп орындарынан тұрып кетті. Бәрі әлгі адам келген жаққа бұрылды. 
Арқа жақта отырған Арманға енді ешкім көрінбей қалды. Ол да лып етіп отырған орнынан 
тұрды. 
Білдей-білдей кісілердің өзі жапа-тармағай тұрып кеткендеріне қарап, Арман бас 
дәрігер кеп қалған шығар деп ойлап еді. Сөйтсе басқа біреу екен. Ә дегенде, Арман өз 


көзіне өзі сенбей, кірпіктерін жыпылықтата берді. Өйткені мына кілең ығай мен сығайдың 
тік тұрып қошемет көрсетіп жатқан адамы өзі күнде көретін фельдшер әйел — Мейіркүл 
еді. 
Мейіркүл мына адамдардың кімге келгенін айтқызбай- ақ біліп тұрған секілді. Соған 
қарап бұлар әкесіне күнде кеп жүрген адамдар екенін сезді Арман. Бәрі Мейіркүл не айтар 
екен дегендей содан көз алмай телміріп тұр. Демек, осы кісі әкеме күтім жасап, қарап 
отыр екен деп түйді іштей Арман. 
— 
Кеше ғана жақсы еді, — деп бастады сөзін Мейіркүл. — Тіпті ауруханадан 
шығару жөнінде әңгіме ете бастаған едік. Бүгін түнде ауруы қайта қысып, әлсіретіп 
тастады. Қазір ғана Ақылбекке консилиум жасалды. Миына екінші рет қан кеткен деп 
тапты. Жағдайы өте ауыр. Кез келген минутта үзіліп кетуі ғажап емес. Бұл айтқаным 
профессордың пікірі. Түсініп тұрған шығарсыздар. Әйтеуір бүгін- ертең хабарсыз 
болмаңыздар 
— 
Аурудың беті бері қарағанша біз, бірімізден кейін біріміз алмасып, күні-түні 
Ақылбектің қасында боламыз. Оған не қажет болса да бізге қысылмай айта бер. Ол 
бәрімізге де ортақ адам ғой. 
Сол сәтте Мейіркүлдің көзі жұрттың арт жағында тұрған Арманға түсті. Мейіркүл 
көктен іздегенін жерден тапқандай-ақ қуанып кеткендей болды. Мүмкін, Арманға солай 
көрінген шығар. Ол жұртпен асығыс-үсігіс қоштасты да, Арманды оңаша жерге шақырып 
алды. 
— 
Сен қорықпа. Бірақ білгеніңдұрыс. Әкеңнің жағдайы ауыр. Қазір ес-түссіз 
жатыр. Бас дәрігердің өзі де сол палатада отыр. Өзіне-өзі келіп, есін жиған сайын сендерді 
— өзіңді, Ләззат пен Мұратты сұрайды. Көргісі келеді. Бұл оның ең соңғы өтінші болуы 
да ғажап емес. Мен әкеңе «Балаларды алдырам ауылдан», — деп уәде беріп қойдым. Не 
істейміз, Арман? Сені бас дәрігер арқылы шақыртқан мен едім. 
Арманның табанда тұла бойы түрінігін, арқасы мұздап сала берді. «Әкем өліп қалуы 
мүмкін-ау» деген пікір үш ұйықтаса ойына келген емес еді. Жамандыққа әлі де көңілі 
сенбейтін сияқты. Мұның бәрі жай қыңқыл-сыңқыл тәрізді көрінетін оған. Бүгін-ертең 
әкесі мен шешесі татуласып, тіршіліктің бәрі өз орнына келетіндей боп тұратын-ды. Сол 
күнді іштей асыға күтіп жүретін ол. 
Жан шошырлық бір тықырдың тақап қалғанын Арман тап қазір ғана шындап 
сезгендей болды. Сол-ақ екен, көңілі мұздап, көздері қарауытып, бір бейуақ тылсым үрей 
төбесінен төніп келе жатқандай боп кетті Арман өмірінде бүйтіп үрейленген емес. Не 
істеу керек? Жақын адам осындайда керек екен-ау деген ой да сап ете қалды. Әкесі ес- 
түссіз, талықсып жатыр. Ал, шешесі алыста, курортқа кеткен. Кіммен ақылдасады? 
Өмірінде тұңғыш рет туған шешесінің қылығына іштей зығырданы қайнап, қыжыны 
келді. Анасы туралы жаңа ғана айтылған ащы сөздер қайта есіне түсті. «Балаларынан 
безіп жүрсе, күйеуі ауырғанда қасында болмаса...» Бөтен біреулер әкем үшін күйіп-пісіп, 
бәйек боп жүр ғой. 
Арман өзі танымаса да жаңа әкесінің халін білуге келіп, енді «кезектесіп күзетеміз» 
деп тұрған адамдардың бәріне іштей қатты риза еді. Әкемнің қандай жақсы достары бар 
деп ойлады ол. Демек, әкемнің өзі де жаман адам емес. Өзі нашар кісіде сондай достары 
бола ма? 
Қазір Арманға ең жақын адам Мейіркүл еді. Мұны өзінің балалық жүрегімен бірден 
ұқты. 


Ең қиын сәттерде әкесінің қасында болмағанына, оны күні бүгінге дейін дұрыс 
түсінбей, әкесінен қашқақтап жүргеніне іштей қатты налыды. Өзін-өзі табанда түтіп жеп 
қойғысы келді. Егер әкесі осыдан тірі қалса, ғұмыр бойы қасында болып, айтқанынан 
шықпас едім деп іштей ант суын ішіп жатқандай болды. 
Арман ана құшағын, әке мейірімін көрмей өсті. Әйтсе де, көздері мейірім ұшқынын 
шашып, адамды жанарымен аймалап тұрған осы жылы жүзді әйелдің қасында Арман өзін-
өзі ана құшағындағы сәбидей сезінді. Төніп келе жатқан тажалдай үрейден оны тек осы 
әйел ғана арашалап алып қалатындай боп тұрды. Арман қазір Мейіркүлді «мама» деп 
құшақтап сүюге әзір еді. Мұның бәрі ойда жоқта, әрі соншалықты тез болғанына бала да, 
ана да қайран қалып тұрған сияқты. Мүмкін, ажал қатері бәрін де тездетіп жіберген 
шығар. Қауіп-қатерде, жауып тұрған оқ астында адамдар бірін-бірі қас қағымда-ақ 
түсінеді ғой. Жайшылық кезде мұндай істерге жылдар да жетпейтін шығар. 
Арман үн-түнсіз Мейіркүлге қарады. Бала жігіттің көздері «Мен не істеуім керек, не 
айтсаңыз да екі етпеймін» дегенді ұқтырғысы келгендей-ақ жәудіреп тұр еді 
Баланың ойын Мейіркүл жазбай таныды. Қолындағы кішкентай сөмкесін ашты да, 
Арманға ақша ұсынды 
— 
Міне, жолыңа қажет болады. Екі күнге сабағыңнан сұран да, ауылға тарт. 
Бүгін жүріп кет. Бар да Ләззат пен Мұратты алып қайт. Бұл әкеңнің тілегі. Ағаңа солай 
айт. Балаларды тура біздің үйге әкеле бер. Мен сендер келгенше бір бөлмені жөндеп, 
ыңғайлап қоям. Біздің үйді білесің ғой? 
— 
Білем 
Арманның ол үйде бір-екі рет болғаны бар. Бір жолы әкесінің киімдері үйшіп 
жуылмай кетті. Одан жаман иіс шығады деп шешесі бір құшақ кірді сарайға шығарып 
тастаған еді. Соны осы әйел жуам деп өз үйіне әкеткен. Арман ертеңіне әкесінің киімдерін 
әкелуге барған болатын. Сол жолы Мейіркүл қоярда-қоймай Арманның үстіндегі 
киімдерін де сыпырып алып, табанда жуып-шайып, кептіріп, үтіктеп берген. Қазір Арман 
мына әйелдің сол бір жақсылығын, сондағы ыстық ықыласын есіне алып тұр еді 
Бірін-бірі жаңа ғана тауып, бірін-бірі енді ғана түсінген екі адам аурухана 
қақпасының алдында қоштасып жатты. Бірі — ана, екіншісі — бала болғысы келіп, бір-
біріне іштей иіп, елжіреп тұрғандарын жүздерінен аңғару қиын емес еді 
Арман сол күні поезға отырып, алыстағы аулына жүріп кетті 
20 
«Адам көңілі тасыса — көлдей, басылып қалса — шөлдей екен-ау» деп ойлады. 
Ақылбек Кеше ғана оған кең дүние тарылып кеткендей көрініп, жігері құм боп жатыр еді. 
Ал, бүгін ғұмырында, сірә, тәшпіш көрмеген жандай-ақ көңілі тасып, мерейі асып, жанары 
жайнап шыға келді 
Бұдан үш күн бұрын ол өзіне-өзі келіп көзін ашты. Сол өз палатасында жатыр екен 
Қасында Мейіркүл отыр. 
— 
Ләзатты көргің келе ме? — деді Мейіркүл күлімсіреп 
— 
Иә... Ол қайда? — Ақылбек елеріп, екіленіп кетті. Әйтсе де Мейіркүл 
жауаптың орнына тағы да сауал берді 
— 
Мұратты көргің келе ме? 
— 
Айтсайшы, олар қайда?.. 
— 
Осында. 
Бүгін таңертең Мейіркүл, шынында да, Ақылбектің үш баласын палатаға ертіп келді. 
Соларды көрген бойда-ақ Ақылбек өзінің науқас екенін біржола ұмытып кеткендей болды. 


Көктен түскен қуанышқа сенерін де, сенбесін де білмей тұрған адамша сасқалақтап, үш 
баласын алма-кезек аймалап, иіскелей берді. 
Әсіресе, Ләззат пен Мұратты қатты сағынып қалыпты. Бұларды соңғы рет бұдан 
төрт жылдай бұрын, жұрт қатарлы жер басып жүрген кезінде, аулына барып көрген еді. 
Онда Ләззат бес жаста, Мұрат жетіде болатын-ды. Екеуі де сорайып өсіп қапты. 
Ләззат тап-тұйнақтай киініпті. Киімдері үтіктелген. Шашын қос бұрым етіп өріп 
төбесіне ақ бантик байлапты. Мұраттың үстінде де су жаңа костюм. Өзіне жарасып-ақ тұр. 
Мұның бәрі Мейіркүлдің ісі екенін Ақылбек көрген бойда-ақ түсінді. Бірақ 
балалардың көзінше Мейіркүлге үндеген жоқ. Тағы бір байқағаны — үш баласы да 
Мейіркүлге аз күнде-ақ бауыр басып, үйір боп қапты. Әсіресе, Ләззаты Мейіркүлден бір 
елі айрылар емес. Палатадан шығып кеткенше Мейіркүлдің мойнына асылды да отырды. 
Бүған Мейіркүл де мәз-мейрам боп, жүздері нұрланып, жасарып кеткен сияқты. Қазір ол 
қырық бесте емес, отызға жаңа шыққан жас жауқызын сарымсақтай, көркіне көз тоятын 
әдемі келіншек еді. 
Балалар да біраз уақыт үйірінен адасып қалып, анасын енді ғана тапқан құлындардай 
ойнақшып, Мейіркүлді айналшықтай береді. Бүгін балаларының бақытты жүзін көргенде 
Ақылбектің көңілі жай тапқандай болды 
Ауруханаға түскелі бері Ақылбек бүгін өзін түңғыш рет көңілді сезінді. Бір сәтке 
қуанышы қойнына сыймай кеткендей болды. Ақ шелегі түскендей ақтарыла 
сөйлеп,ойындағысының бәрін қасында жатқан науқас кісіге айтқысы кеп тұрды. Бірақ тіс 
жарған жоқ. Өйткені оны бүгін дауылды күнгі теңіз бетіндей тулаған ой толқындары 
есеңгіретіп тастаған еді. 
Бүгін оған қызметтес болған достары да келді. Ақылбек бір сәтке өзін институтта 
бұрынғысынша қызмет істеп жүрген адамдай сезінді. Ол өзінің ғылыми жұмысқа 
қатысатынын есітіп білгенде төбесі көкке тигендей болды. Өзі істеп келген институттың 
ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына оның да зерттеп жүрген проблемалары 
енгізіліпті. Денсаулығына байланысты Ақылбектің үйде жұмыс істеуіне ғылыми кеңес 
рұхсат етіпті. Бұдан бірнеше жыл бұрын өзі бастаған зерттеу жұмыстарын өзі ақырына 
дейін істеп шығатынын ойлаған сәтте оның бойын шабыт кернеп кеткендей болды. 
Ақылбек бүгін шексіз бақытты еді. 
21 
Тамыздың тамылжыган ыстық күндерінің бірінде қала шетіндегі аласа жер үйдің 
қасына бір жеңіл машина кеп кілт тоқтады. Тура сол сәтті күтіп тұрғандай-ақ қалың алма 
бақтың ішіндегі үйден бір жас әйел шықты. Машинадан алдымен жап-жас жігіт түсті. 
Сосын әлгі әйел екеуі машинада отырған егде кісіні екі жағынан қапсыра құшақтап 
көтеріп, ескекті қайық секілді қолмен тартқылап жүргізетін мүгедектер арбасына абайлап 
қана апарып отырғызды. 
Бүл күні Арман әкесін ауруханадан шығарып, Мейіркүлдің үйіне әкелген еді. Алма 
бақтың ішіне кіргенде-ақ Ақылбектің тынысы кеңіп сала берді. Мұндай шілдеде қала 
ішіндегі көп қабатты үйлер тым ыстық, қапырық болады. Жұрттың көбі қала шетіндегі 
саяжайға шығып кетеді. Мына үй сондай бір жанға сая қоңыр салқын бақ ішінде тұр екен. 
Машинадан түскен бойда-ақ осы аласа ғана үй Ақылбектің көзіне оттай ыстық боп 
көрінді. Әйтпегенде ше! Ақылбек осында бір жылдай тұрған. Ол кезде мына зәулім 
теректер де, көлеңкесі қою алма ағаштары да енді ғана қондырылған қылдырықтай 
шыбықтар еді. 


Қазір мұның бәрі оның көңілін аяқ-астынан ұйқы- тұйқы етіп жіберді. Мына аласа 
үйдің өзі ол кезде Ақылбекке зәулім ғимарат боп көрінетін-ді. Онда Мейіркүлдің әкесі де, 
шешесі де тірі еді. 
Бақ ішінде ойнап жүрген Ләззат пен Мұрат та әкесінің алдынан жүгіріп шықты. 
Көршілері де Ақылбектің көңілін сұрауға біртіндеп келе бастады. 
Мейіркүлдің өгей шешесі марқұм болғалы бері қаңырап бос тұрған осы үш бөлмелі 
үйге бүгін қайта жан біткендей болды. 
Жүрт аяғы саябырлаған сәтте Мейіркүл келіп: 
— Міне, Ақылбек, бүгін өз бөлмеңе келдің, — деді күлімсіреп. 
Мейіркүлдің қалжыңдап айтқан осы бір ауыз сөзі Ақылбектің қиял жетпес алыста 
қалып қойған балауса өмірін көзіне елестетіп жібергендей болды. 
«Иә, бұдан жиырма бес жыл бұрын осы бөлме шынында да менікі еді» деп ойлады 
Ақылбек. Мейіркүл! Менің жастық шағым, бақытты күндерім, ыстық сезімдерім осы үйде, 
нақ осы бөлмеде қалып қойғандай көрінеді маған. «Өз бөлмеңе келдің», — деген бір ауыз 
сөзің жанымды күйзелтіп, ойымды ойсыратып жіберді ғой. Мен өз бөлмемнен неге кеттім 
сонда? Неге осында біржола қалып қоймадым? Неге? Бұл сауалдарға бүгін кім жауап 
беруі тиіс? 
Мейіркүл! Тағдыр бізді тағы да табыстырып отыр. Кеше Арман ауруханаға келіп: 
«Папа! Енді бәріміз бір жерде болайық», — дегенде баламды құшақтап сүйдім. Көзімнен 
қалай жас ыршып кеткенін білмеймін. Арман менің көңілімдегі, сенің жүрегіңдегі ой-
толғаныстарын айтқызбай-ақ түсінген екен. Балам бәрін де жан-жүрегімен ұғыпты. 
Мүмкін, тағдыр дегеніміз әке мен баланың осылайша бірін-бірі тілсіз түсінуі шығар. 
Бақыт дегеніміз осы болар. 
Біздер бір қалада тұрсақ та саған қайтып оралу үшін маған жиырма бес жыл уақыт 
қажет болыпты ғой. 
Рас, бүгін де мен мұнда өз аяғыммен келгем жоқ. Егер осындай ауыр дертке 
шалдығып, мешел боп қалмағанымда... Онда ғұмыр бойы кездеспей-ақ кетер ме едік? 
Мүмкін, бұл дерт маған жоғарыдан келген зауал емес, басыма қонған бақыт құсы шығар. 
«Тым құрыса енді қалған азғантай өміріңді өксітпей, өле-өлгенше өзің қалаған 
Мейіркүлдің Қасында бол» дегені ме екен? Әйтеуір мені бүгін күндей шұғылалы 
Мейіркүлдің пәтеріне әкелгендеріңе ризамын. Әрине, кешігіп келдім ғой, саған. Оны 
ойласам өзегім өртеніп кете жаздайды. Бірақ өткен іске өкінгеннен не пайда? 
Құдды күні кеше болғандай-ақ бәрі де әлі күнге сол қаз-қалпында көз алдымда тұр, 
Мейіркүл. Мен оқу іздеп алғаш қалаға келгенімде де сендер осы үйде тұрушы едіңдер. 
Бірінші курста маған университет жатақханасынан орын тимей қалды. Сонда пәтер 
іздегеніміз есімде. Біздер үш студент едік. Бір апта бойы қала кезіп, ақыры осы үйді 
таптық. Біздер нақ осы бөлмеде бір жылдай тұрдық қой. 
Араға ширек ғасыр уақыт салып, ақыры осы үйге оралам деп кім ойлапты. Тепсе 
темір үзетін кезімде кетіп, мүгедек боп оралдым ғой саған. Көк семсердің жүзіндей 
қылшылдаған отты шағымды неге сенің жаныңда өткізбедім екен? 
Сені кезінде қуанышыма, балауса өміріме ортақ ете алмадым ғой. Сондықтан бүгінгі 
зілдей ауыр мүгедектік өміріме де серік еткім келмеп еді. Олай істеуге хақым жоқ 
болатын. Оны өзіңе де ауруханада сан мәрте айттым ғой. Менің мүгедектер үйіне бармақ 
болғанымды да білесің. 


Бірақ ең соңғы минутта жүрек әміріне бағындым. Неге үйткенімді өзім де білмеймін. 
Мүмкін, солай істеуіме өзің де, Арман да, тіпті Ләззат пен Мұрат та себепші болған 
шығар. 
Мейіркүл! Сен маған өмір сыйладың ғой. Сен болмағанда үш жылдан бері тірі 
жатуым екі талай еді. Оны сен де, мен де, барлық достарымыз да біледі. 
Әйтсе де, олар бір нәрсені білмеуі мүмкін. Сен маған өмір ғана емес, өз 
балаларымды да қайтарып бергеніңді біле ме олар? Ана мейірімін, әке қамқорлығын 
көрмей жатырқап кеткен үш бірдей баланы бауырыңа басып, оларға өз әкесін тауып 
бергеніңді біле ме екен? Саған сол үшін ғұмыр бойы бас иіп өтем, Мейіркүл. 
Мейірімге толы көздерің жәудіреп, тап қазір өзің не ойлап отыр екенсің? 
Ал, бұл кезде Мейіркүлдің қиялы да қияға шарықтап, тым алыстап кеткен еді. Оны 
Ақылбек сезді ме екен? Кім білсін... 
Ақылбек! «Басқан ізде белгі жоқ, өткен күндер енді жоқ» деп өмірге налисың ба деп 
ойлады Мейіркүл. Әлде «Ат айналып қазығын тапты» деп қуанасың ба? Әйтеуір менің 
жалғыз тілегім, болған іске болаттай берік болуы. Өзіңді-өзің іштей жеп, босқа 
таусылмашы. Сен мүгедектігіңді ұмытшы. Барар жер, басар тауым болмаған соң келдім 
деп қынжылмашы. Қиналмашы, ақылдым менің. Кеш те болса ұққаныңа ризамын. 
Ең жақын жора-жолдастарыңа, туған-туысқандарыңа, қызметтес достарыңа бармай, 
маған келгеніңе ризамын. Сенің бүгін өз жүрегіңнің қалауымен, осы үйге біржола 
кіргеніңе қуаныштымын. Мейлі. Ойы бұзық, тілі ащылар аузына келгенін айта берсін. Ит 
үреді, керуен көшеді. 
Рас, кештеу келдің. Оған сен айыпты емессің. Түсінем. Бәрін де жүрегім сезеді. Бал 
жаласқан балауса күндердің келмеске кеткенін ұқпай не бопты маған? Басқан із, көрген 
қызық сағымданып көз ұшында қалып қойғалы қашан. Ал, ендігі мақсат: тәніміз бөлек 
болса да, жанымыз бір ұяда сақталсын деген ой. Сенің де ниетің сар алтындай тап-таза 
екеніне титтей шүбәм жоқ. Тегінде, кіршіксіз жүрекке ұялаған мөлдір арман. Уақыт атты 
ең қатыгез әміршінің өзіне де мойынсұнбай, ешқашанда айнымай, ана сүтіндей аппақ 
күйінде сақталып қалады екен-ау. 
Иә, кезінде күттім сені, Ақылбек. Көп күттім. Төбем көкке жетіп, қуанған күндері де, 
қара жүрегім қақ айрылып, қайғырған күндері де күттім. Ол кезде маған күн тек сені ояту 
үшін шығып, кешкісін сені ұйықтату үшін бататын сияқты еді. 
Сен сол кезде бұғанасы қатпаған, балақ жүні жетпеген балапан құстай-ақ өмір 
шыңына енді ғана талпынып бара жатқан бала жігіт едің ғой. Ал, бүгін шашыңа қырау 
түсіп, жүзіңе әжім үйіріле бастапты. Сенің бау-бақшаңа қоңыр күз ертерек түскен бе деп 
қалдым. Құдай-ау, шаш пен әжімнен қаймығып, қашқақтап өткен өмірдің кімге керегі 
бар?! «Мезгілінде ағармаған шаштың да, атасына нәлет» депті ғой бір ақын. 
Иә, содан бері талай-талай жылдар өтіп кетіпті-ау. Қыста ызғар, жазда шаң тигізбей 
өсірген әкені де, шешені де қара жерге тапсырдым. Есіңде ме, марқұмдар екеуі бірдей 
бәйек қағып, сен дегенде ішкен астарын жерге қоятын-ды. «Қала балалары тәрізді тік 
мінез емес, қашан көрсең қыздай сызылып тұрады» — деп анам сені жер- көкке 
сыйғызбай мақтайтын. 
Басыма бұлт айналған сол бір қаралы күндері сен келмедің. Өйткені келе алмайтын 
едің. Оны түсінем. 
Әйтсе де, сенің арың таза. Қолыңнан келген көмегіңді аямадың. Рас, жақсылығыңды 
кейінірек білдім. Өйткені мұның бәрін тікелей өз қолыңмен емес, өзгелер арқылы, 


достарыңның қолымен істеп келдің ғой. Мені сонша уақыт ұмытпай, жүрегіңнің бір 
түпкірінде сақтап жүргеніңе іштей елжіреп, еңсем аспандап қалатын. 
Есіңде ме, Ақылбек? Ол кездегі менің арманым консерватория еді гой. Бірақ маган 
рояль емес, ауруға укол жасайтын шприц бұйырған екен. Музыкант емес, фельдшер боп 
шыға келдім. Неге дейсің ғой. Мұның өзі ұзақ- сонар хикая. Әйтсе де, саған тоқсан ауыз 
сөздің тобықтай түйінін айтайын. 
Менің кезінде өзің көрген шешем өгей еді ғой. Бірақ ол, сірә, маған өгейлігін 
білдірмей кетті. Балажанды болатын. Мен дегенде жанын қоярға жер таппайтын. 
Сол кісі қартайған шағында сал боп, екі аяқтан бірдей қалды. Әрі аурушаң еді. Оған 
ұдайы укол жасатып, дәрі- дәрмек беріп тұру қажет болды. Сол үшін өзім фельдшер 
болып алдым. 
Мүгедек шешемнің ыңғайына қарап тұрмысқа да шықпай, үйде отырып қалдым. 
Маған лебіз білдіруші жігіттер де аз болған жоқ. Бірақ оларға өзім сыйсам да, ауру кемпір 
сыйыспас деп ойладым. Мүмкін, қателескен де шығармын. Кім білсін?.. Әйтеуір анамның 
алдындағы азаматтық парызымды адал өтедім-ау деймін. 
Ақылбек! Айта берсем менің өмірім талай таңға таусылмайтын ұзақ дастан еді. 
Ең бастысы — біздің өмір жолымыз тағы да тоғысты. Жақсылықтың ерте-кеші жоқ 
дейміз ғой. Солай да шығар. Өзіңе қамқоршы, мына өрімдей балаларымызға ана бола 
білсем, онда менде арман жоқ. 
Ақылбек! Мен қазір сені бұдан жиырма бес жыл бұрынғыдай сүйем бе? Білмедім. 
Меніңше, ғашықтық — жастық дәуреннің еншісіне берілген сыбаға шығар деп ойлаймын. 
Ал, біздің жасымыз, құдайға шүкір, жер ортасына кеп қалды ғой. Сонда менің ойымды да, 
бойымды да билеп-төстеп алған қандай сиқырлы сезім? Мүмкін, ол мүлдем сезім емес, 
басқа бір құбылыс шығар. Әйтеуір сол сезім маған бүгін буырқанған жастық сезімнен гөрі 
күштірек, жоғарырақ, салмақтырақ сияқты боп көрінеді. Сен де мені сонша жылдар бойы 
жүрегіңде сақтап, аялап, әлпештеп, армандап жүріпсің ғой. Ал, мен орта жасқа келгенше 
бұлдыр үміт, тәтті қиялға елтіп, сағым қуып жүре беріппін. Осылайша өмір өтіп кеткенін 
аңғармай да қалдым. 
Сен екі аяқтан қалып, қиналып қалғаныңда басқаларды емес, көмекке мені 
шақырдың ғой. Демек, мені сонша жыл бойы жүрегіңде сақтап келген екенсің. Соныңа 
риза болдым. 
Мен де сенен аянып қалғам жоқ. Сен үшін қолымнан келгеннің бәрін істейтініме 
сене бер, Ақылбек. Менің ендігі еркім өзіңде. Мүмкін, бұл сенің маған деген тау суындай 
таза сезімің үшін төленетін әйелдік парызым шығар. Парызымды өтеу сезімнің ісі емес, 
парасаттың туындысы емес пе? Демек, мені билеген өткінші сезім емес, тұрақты Парасат 
қой. Біздің жасымыздағы кісілер құйты сезімнен гөрі, байсалды ақыл-парасатқа көбірек 
тағзым етеді. Қүдіретті Парасат екеуімізге де бар даусымен айғай сап: «Біріңе- бірің демеу 
болыңдар», — деп тұр емес пе!? Неге үндемейсің, Ақылбек?! 
Әрине, Мейіркүл бұл сөздердің бірде-бірін Ақылбекке айтқан жоқ. Мұның бәрі 
Мейіргүлдің ішкі толғаныстары еді. 
Өзінің бақыт таңы атып келе жатқанын Ақылбек те жаңа ғана анық сезгендей болды. 
22 
Күн кешкіріп, екіндіге таяп қалған еді. Ымырт әлі үйіріле қойған жоқ болатын. 
Әйтсе де, айналасы бау-бақшалы мынау жалғыз қабат аласа үйдің кең терезелерінен көше 
жаққа электр нұры шашырап тұр. 


Бұл өңірге күз биыл ертерек түсті. Алғашқы қара суықтан кейін-ақ бақтағы 
ағаштардың жапырақтары сыпырылып, қою көлеңкелі бұтақтары жалаңаштанып қалды. 
Алма ағаштарының түбіне сап-сары жапырақтардан кілем жайып қойғандай. 
Мынау үй ала жаздай бау-бақшаның көк желегіне көміліп. мүлдем көрінбей қалады. 
Ал, казір жапырағынан айрылып, сидиып-сидиып тұрған ағаш бұтақтарының арасынан 
бұл үй құдды алақандағыдай анық көрінеді. Тіпті көше тараптан абайлап қараған кісіге 
үйдің ішінде әрі-бері қараңдап жүрген адамдар да кәдімгідей- ақ көрініп тұр. 
Айнала төңірегі шыр көбелек бау-бақшамен көмкерілген осы үйге жаздың күні 
кешкі қараңғылық көршілеріне қарағанда ертерек түскендей болады. Сондықтан бұл 
отбасының адамдары үйдегі шамды апақ-сапақта-ақ жағып қойып үйренген. Міне, бүгін 
де іңір түспей тұрып-ақ барлық бөлменің шамын жарқыратып койыпты. Әйтсе де, әлі 
терезе перделерін түсірмеген екен. Үйдің ішіндегінің бәрі көше жақтан ап-айқын көрініп 
тұр. 
Әне, терезе түбіне қойылған столда дене құрылысы тығыршықтай, кең жауырынды, 
жасы елудің айналасындағы, өткір көзді, қыр мұрынды, еңкіштеу келген кісі бетін терезе 
жаққа беріп отыр. Ол басын тұқыра төмен қарап әлдене жазып жатыр. Тек оқта-текте ғана 
басын қағаздан көтеріп, қалам ұстаған қолын маңдайына апарып ойға шомғандай болады. 
Стол үстінде үйіліп жатқан кітаптарды парақтайды, қағаздарды ақтарады, сосын барып 
жазуына қайта кірісіп кетеді. 
Бұл адамның жазу столы да, отырған «орындығы» да өзгешелеу еді. Ол әдеттегі 
орындықта емес, аяғы істемейтін мүгедектерге арналған бесік-арбада отыр. Кәдімгі 
велосипедтегі секілді мүгедек-арбаның жіп-жіңішке, биік екі дөңгелегі отырған адамның 
екі жағынан сорайып шығып, иығына жақындап тұр. Жазу столын да осы кісінің өзіне 
лайықтап, бесік-арбаға ыңғайлап жатаған етіп жасаған сияқты. . 
Әйтеуір қазір ол қағаздан бас алмай, тез-тез жазып жатыр. Есіл-дерті алдында 
жатқан ак қағаздарда болса керек. Қазір ол өз жұмысынан басқаның бәрін мүлдем ұмытып 
кеткен тәрізді. 
Сонымен қабаттас, екінші терезеге көше жақтан кез салған кісі алдымен бөлменің 
төр жағына койылған пианиноны көрер еді. Осы екі бөлменің арасын жалғыз ғана қабырға 
беліп тұр. Бұл бөлмеде екі адам бар еді. 
Бірі — сегіз-тоғыз жастар шамасындағы бүлдіршіндей қыз бала. Ол пианино ойнап 
отыр. Екіншісі — сырт сымбаты талдырмаш, сұңғақ бойлы, қою қолаң шаштарын 
иығынан асырмай қиып тастаған, әдеміше келген, жүзі жайдары, күлім көз әйел. Ол күй 
сандыққа бір шынтағын сүйеген күйінде қасында пианино ойнап отырған қыз балаға 
елжірей қарап қапты. Сол әйел оқтын-оқтын жаңағы қыз баланың ойынын тоқтатып, оның 
көз алдында ашық тұрған нота дәптерінен бірдемелерді түсіндіріп қояды. Әйел сөйлеген 
сайын қыз басын шұлғып, оның сөзін мақұлдай түседі. 
Есік алдында екі бала жігіт жүресінен отырып алып, балғамен бірдемені 
тарсылдатып соғып жатыр. Екеуі де мойындарын тұқырып алып, бір іске қызу кіріскен. 
Шамасы, бұзылған мотоциклді жөндемек боп ұрынып жатса керек. Анда-санда мотор үні 
гүр ете түседі де, қайтадан лезде тына қалады. 
Пианино ойнап жатқан бөлмеден далаға еміс-еміс музыка сазы естіледі. Жаңағы 
мотор қаттырақ гүрілдеп кеткен сәттерде ғана әсем әуен естілмей қалады. Артынша- ақ 
құйқылжыған әуен қайта шығады. 
Бір кезде әлгі қыз тұрды да, оның орнына қасында тұрған әйел отырды. Сол-ақ екен, 
ол сыбызғыдай сызылған жіңішке даусымен «Ана туралы жырды» тамылжыта жөнелді. 


Енді пианино үні де бірте-бірте құбылып, неше түрлі бұралып, кестеленіп, өрнектеліп, 
жанданып бара жатты. 
Сол сәтте бағаналы бері жазып отырған кісі де қағаздан басын көтеріп, әнге құлақ 
түре қалды. Ол құйқылжыған музыка ырғағына іштей үн қосып, осы әуенге елтіп, мас боп 
қалған жандай-ақ білінер-білінбес күйде тербеліп, теңселіп отыр. 
Темір-терсектерді тақылдатып, күн ұзаққа тыным таппай жүрген екі бала жігіт те сол 
сәтте істеп жатқан жұмыстарын қоя салып, терезеге жақын барды. Өлең айтып тұрған 
мамасы мен қарындасы бұларға қарап сәл ғана күлімсірегендей болды. Ағайынды екі жігіт 
өз істеріне қайта кірісіп кетті. 
Мына музыка әуені жұмыс істеп отырған Ақылбектің көңіліне нұр құйып жатқандай 
еді. 
Бір кезде осындай әсем әуеннің ырғағына еріп, Мейірқүл екеуі желдей есіп, шыр 
көбелек дөңгелене билегенін көз алдына келтірді ол. Алты қырдың астында қалған сол бір 
жайдары балауса шаққа оны мына сиқырлы ән қол бұлғап шақырып тұрғандай болды. 
«Арада қанша жыл өтсе де Мейіркүлдің даусы онша өзгермепті-ау» деп ойлады Ақылбек. 
Әлдеқашан ұмыт болған жастық шақтың оқиғалары өзінен-өзі ойға оралып, көзге елестеп 
жатты. Демек, еш нәрсе ұмытылмайды екен ғой. Адам өмірінде болған жақсылы-жаманды 
оқиғаның бәрі өзінің уақыт-сағатын, қолайлы сәтін, керек кезін күтіп жүректің терең 
түпкірінде бұғып жатады екен-ау. Сан жылдар бойы Ақылбектің бойында бұйығып, 
ұйлығып жатқан сезімдерді әлгі ән оятып, тербетіп, жандандырып жібергендей еді. 
Мейіркүлдің сазды үні қазір Ақылбектің ой-қиялын тербеп, мөлдір сезімдерін 
нөсерлетіп, көңіл құсын көкке ұшырып жатты. 
Соңғы үш жыл бойы жұртта қалған жұрындай боп, жападан-жалғыз өз үйінде 
зарығып жатып, еркіндікке енді шыққан Ақылбек үшін мына ән жай әуен емес, өмірдің өз 
үніндей аса қымбат нәрсе еді. Мейіркүл шырқаған асқақ әнмен бірге Ақылбектің де көңілі 
қалықтап, бойына күш-жігер қосылып, мәртебесі арта берді. Балалары жанында жүріп, 
Мейіркүлі қасында болса, онда Ақылбек те өзін-өзі кереметтей қуатты сезінерін тап казір 
анық- қанық ұққан еді. Мұндай кезде ол кандай істі болса да жапырып, сапырып, айпап-
жайпап жіберетінін жақсы біледі. 
Ауруханадан шыққалы бері ол тыным тапқан жоқ. Бір кезде бастап қойған ғылыми 
жұмыстарын жазуда. Мұндайда бұрын екі-үш күн бас көтермей отырған соң- ақ денесі 
дел-сал боп қалжырап, қажып қалатын. Ал, қазір құдды бәйге атындай кесілген сайын еті 
қызып, құлшынып, жұмысқа құмарта түскендей болады. Бұған Ақылбектің өзі де женді 
түсінбей қайран қалды. Демек, жүйкелерінің жұмыс қабілеті, ең алдымен, адамның көңіл-
күйіне байланысты екен ғой деп түйді ол өзінше. 
Жаңа ғана пианинода Ләззат ойнаған музыка сазы, Мейіркүл үні Ақылбектің ойын 
арман биігіне шарықтатып жіберген еді. Ол қазір сол биіктен төмен түскісі келмей, яғни 
кезіңде өз басына түскен тауқыметті қас қағымдай бір сәтке де ойлағысы келмей тұр. 
Қазір ол аулада мөре-сәре боп жүрген Арман мен Мұраттың көңілді, қаяусыз күлкілеріне 
мейірі қанып, соған ләззаттанып отыр. 
Оған екі ұлының бүгін күн ұзаққа қайдағы бір темір- терсектерді соққылап жатқан 
тарсыл-гүрсілі де ұнайтын тәрізді. Бала-шағаның көңілді айғай-шуы енді оның көңіліне 
ұялап, бойына судай сіңетін болып барады. Мұны Ақылбек балаларын қасына алғалы бері 
аңғарып жүр. Мүмкін, ол бұрын да бала даусын осылай аңсап келген шығар... 
Әйтеуір бір кезде Ақылбек жеке саяқ, оңаша өмірге, қабір басындағыдай меңіреу 
тыныштыққа құштар еді. Соны армандайтын. Айналасында күндіз-түні бір тыным таппай 


әуендетіп қүйқылжытып жатқан өмір үнінен, адамдардың құлаққа әндей боп естілетін 
даусынан, айқай-шуынан қашатын. 
Ал, бүгін Ақылбек мүлдем басқаша ойлайды. Басқаша түсінеді. Өзінің бойына күн 
сайын жаңадан күш-жігер, ерік-төзім қүйып жатқан сарқылмас қайнар бұлақ — өмір 
музыкасындай, тіршілік әуеніндей сазды естілетін осы адамдар үні, солардың даусы, 
лебізі, күлкісі екенін ол қазір жақсы біледі. 
Ақылбектің өмір шырағы сөніп барып, әрең дегенде қайта жанып кетті ғой. Сол 
шамды сөңдірмей, адамды ажал аузынан алып шыққан қандай күш? Ең алдымен 
мейірімнен жаралған шапағатты жандардың жылы лебізі. Достарының ыстық ықыласы. 
Ең бастысы — сол абзал жандардың алдындағы азаматтық, адамдық жауапкершілік. 
Шындап келгенде, өлмей жер бетінде адамша өмір сүрудің өзі де қасиетті борыш қой. 
Меніңше, адал жанды әрбір адамға бұдан жауапты міндет болмаса керек. 
Мейіркүл салған әнді тыңдай отырып, Ақылбек осындай ойларға шомған еді. 
«Өмірдегінің бәрі де, ең алдымен, от басы, ошақ қасындағы жан жылуынан, 
отбасындағы ауыз бірліктен, адамдардың бірін-бірі түсіне білуден басталады екен-ау» деп 
ойлады Ақылбек. 
Иә, Мейіркүл екеуі жұлдызы жарасқан, ынтымақ ұясындай тату-тәтті отбасын 
құрды. 
Бағаналы бері көңілді музыка сазына елтіп отырғак Ақылбектің жанарына бірте-
бірте қуаныш толып, жүзі нұрланып, көңілі желдей есіп, мейірлене түсті. 
Ақылбек өзінің бақытты екенін бар жан-жүйесімен сезінді. Ол күллі әлемнің көз 
тоймас сұлулығын, жұлдыз дары жымыңдасқан бүгінгідей ғажайып аспанын, дос-
жарандарының күлімсіреген нұрлы жүздерін көріп, содан өзі өмірлік лөззат алып, 
бақытты жандарда ғана болатын ерекше бір сиқырлы сезімге бөленіп отыр. 
Көше жаққа жарық шашып тұрған бұл үйдің терезесінен бір әйел көз алар емес. Ол 
көзіне кино экранындай боп көрінген осы үйдің кең терезелеріне телміріп қарап тұр. 
Қараған сайын іші әлем-жәлем боп, тынысы тарылып бара жатқан секілді. «Біздің үйде 
ешқашан өлең айтылмаған екен-ау» деп ойлады ол. 
Ақылбектің қуанышқа толы жанарын, Мейіркүлдің кәдімгідей жасарып, жайнаң 
қаққан жайдары жүдін көрген сәтте жаңағы әйел ызаға булығып, қара жүрегі қақ айрылып 
кетердей-ақ тісін тісіне қойып зорға шыдап тұрды. 
Ол Раушан еді. 
Басына қонған бақты маңдайдан тепкенін Раушан қазір ғана түсінгендей болды. 
Э п и л о г 
Аса қадірлі оқырман қауым! 
«Үміт үзгім келмейді» деп аталатын осы хикаят-монологтың желісіне айналған 
оқиғалар бұдан отыз бес жыл бұрын болған. 
Иә, Алла берген қос арғымаққа — екі аяғыма еркін мінбей, жер басып жүрмей, 
жалынды жастық шақтың той- думанға толы қызықты базарын күнде аралап көрмей, 
көктем келген сайын кең жазира далада жалаң аяқ жүгірмей, сәйгүлік атқа сәндене мінбей, 
бәсекелі бәйгеге түспей, егінжайда құлаштап кетпен шаппай, сәбилерімді мойныма 
отырғызып алып қала парктерін араламай, асқар таулар бөктерінен бәйшешек теріп, оны 
қыз-келіншектерге сыйламай, өмір мұхитында балықша жүзбей ғүмыр кешіп келе 
жатқаныма биыл отыз бес жыл болыпты. 


Басқа түскен таудай тауқыметті өмірлік серігім Гауһар (шынайы есімі Қуаныш) 
екеуіміз ұзақ жылдар бойы бірлесе көтеріп келеміз. Хикаятта балалық шақтары 
бейнеленген ұлдарымыз Мұхит пен Қайрат осы уақыт ішінде балапан құстай бапталған, 
қыран құстай қомданған жігіттер болып шыға келді. Өйткені мен екі ұлымның да 
аспандағы қыран құстай емін-еркін самғап, өздері көздеген өмір шыңдарына өз 
қанаттарымен ұшып шығуларына ерік берген едім. Кезінде әкем марқұм маған осындай 
еркіндік берген болатын. Иә, әкем мені «Жаманға жалынба, адамға табынба, өмір 
жолындағы өз жүгіңді өзің көтеріп жүр, біреуге салмақ салма, өз биігіңе өзің ұшып шық», 
— деп тәрбиеледі. Мен солай істедім. Екі ұлым да өз тағдырларын өздері шешіп келеді. 
Соны мақтаныш етем. 
Мұхит бизнес саласын жетік меңгерген іскер адам болып шықты. Ал, Қайрат жоғары 
лауазымды мемлекеттік қызмет атқарып жүр. Әйтсе де, мен өз ұлдарымның атақ- 
дәрежесін емес, жоғары адамгершілік қасиеттерін мақтаныш етіп айтуды ұнатамын. 
Бүгінде бір кездел жас келіншек Гауһар (Қуаныш) екі келінінің енесі, бес 
немересінің мейірімді әжесі болып отыр. Тұңғыш немереміз Қанат — Америка 
университеттерінің бірінде студент, одан кейінгі немерелеріміз — Шынар мен Айсұлтан 
мектептің үздік оқушылары, әрі музыка академиясының дарынды шәкірттері. Азат — 
физика-математика мектебінің оқушысы. Ең кенже немереміз — Диана балалар 
бақшасына барады. 
Келіндеріміз Фатима мен Самал бейне бір біздін қос қанатымыз іспеттес, үй 
шаруасынын бәрін солар атқарады. Әйтеуір тағдыр бізге мейірім мен ізеттен жаралған 
осындай сүйкімді келіндер сыйлаған екен. 
Иә, жақсы келін туған қызыңнан кем болмайтыны рас. Алайда осы қарапайым 
қағиданың дұрыстығына қартайған шағымда ғана көзім жетті. Дәлірек айтсам, Фатима 
келінім өзінің бізге деген ыстық ықыласымен, ізеттілігімен, инабаттылығымен көзімді 
жеткізді. Егер тәңір пендесін жарылқағысы келсе, оған, ең алдымен, жақсы келін беретін 
шығар деген ойға келдім. Менің келінім — менің бақытым. Соған шүкірлік етем. 
«Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологының тағы бір жарқын жанды қаһарманы 
Нұрлыбек қайғылы қазаға ұшырады. Ал, оның сүйікті жұбайы Алма өзінің жалғыз ұлы 
Ғалымның балаларын, яғни немерелерін тәрбиелеп отырған әже, құрметті демалыстағы 
зейнеткер. Ал, Ғалым — елімізге есімі мәлім бизнес қайраткері. 
Ақылбек пен Мейіркүл болса, сонау алыста қалған ауыр жылдардан бастап, дәл күні 
бүгінге дейін тату-тәтті, бақытты ғұмыр кешіп келе жатқан зейнеткер жандар. Балалары ер 
жетіп, азамат болған. 
Ал, өмірдегі өз қателігін кеш түсінген Раушан жүйке науқасына шалдығып, үйінде 
асылып өлді. Оқырман қауым! 
Ойда жоқта аяқ-қолымнан бірдей айрылып, қатыгез тағдыр мені аурухана төсегіне 
тастай етіп байлап тастаған күні тура отыз бес жасқа толған едім. Ал, осы хикаяттың 
соңғы сөзін, яғни эпилогын жетпістің жетегіне ілінген қария кезімде жазып отырмын 
Ондағы мақсатым осы хикаят қаһармандарының отыз бес жылдан кейінгі тағдырымен 
сіздерді қысқаша таныстыру еді. 
Міне, хикаят қаһармандарының кейінгі тағдырлары енді сіздерге мәлім болды. 
Сөйтіп, мен бұдан отыз бес жыл бұрын басталған «Үміт үзгім келмейді» деп 
аталатын хикаят-монологыма бүгін соңғы нүктесін қойып отырмын. 
Тағдыр маған ақыреттен ауыр, қияметтен қиын ғұмыр бере отырып, жаныма жалау 
болатындай көптеген көркем туындылар, қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі бойынша 


оқулықтар, түркология ғылымын арқау еткен ғылыми еңбектер жазуыма уақыт берген 
екен. 
Мен өз тағдырыма, өмірлік серігім Қуанышқа, ұлдарым Мұхит пен Қайратқа, 
немерелеріме, айналамдағы адал жандардың бәріне мейлінше ризамын. Демек, мен 
бақытты жанмын. Біздер бақытты адамдармыз. Ұрпақтарымызға да Алланың нұры жауып, 
егеменді еліміздің бақытты азаматтары болсын Әумин! 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет