Адам балалық шағында қаншалықты көп оқыса, есейгенде соншалықты бай болады Цицерон «Кітабы жоқ үй жаны жоқ дене сияқты»



Дата14.01.2023
өлшемі14,27 Kb.
#61262
Байланысты:
Адам балалық шағында қаншалықты көп оқыса


Адам балалық шағында қаншалықты көп оқыса, есейгенде соншалықты бай болады
Цицерон «Кітабы жоқ үй жаны жоқ дене сияқты», — деген екен. Ғалымдарға сенсек, бұл сөйлемді рухани байлыққа ғана қатысты емес, материалды байлыққа да қатыстыруға болады екен: итальяндық экономистер балалық шақтағы кітапқұмарлық пен есейгендегі әл-ауқат тығыз байланыста екенін дәлелдеген.
Падуи (Италия) университетінің үш экономисті тоғыз еуропалық елдің 6 000 адамын зерттеп, бала кезден кітапқұмар адамдар қазірде кітапты аз оқыған немесе кішкентай кезінде мүлде кітап оқымаған балаларға қарағанда көбірек ақша табатынын анықтаған.
Олар 1920-1956 жыл аралығын зерттеген. Дәл осы аралықта Европада мектеп реформасы орын алып, оқу жылына тағы бір жыл қосылған. Зерттеушілер қосымша оқу жылы адамның орташа өмір бойлық пайдасын 9%-ға арттырғанын анықтаған. Бірақ аз ғана кітап оқыған балалар үшін бұл сан 5%-ға ғана өскен, ал көп оқығандар үшін — 21%-ға.
Бұл құбылысты танымал ағылшын неврологы Сьюзан Гринфилд былай түсіндірді. Баланың миын кітаптан асып, ештеңе дамыта алмайды, себебі әдебиет ойлау процессін дамытатын бірден-бір құрал. Себебі әр сюжеттің басы, өрбуі, шарықтау шегі мен соңы бар – мұндай құрылым мидың бар бөлігін жұмыс істетіп, тізбектеуге бейімдейді, оқиғалардың байланысы жайлы ойландырады және кейіпкерлердің іс-әрекетін саралауға үйретеді.
Сондықтан ересек кезде логикалық ойлай алу қабілеті мен зейін қою бала кезде оқыған кітаптардың санына байланысты. Және оқуға деген құштарлығын арттыру – оған жасаған үлкен сыйымыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет