Газеттегі журналистік зерттеу
Журналистік зерттеу – бұл қоғамдық проблемалар,жемқорлық,заңды бұзу, қызметтік жағдайды асыра пайдалану немесе қандай да бір себептермен құпияда ұсталған ақпарат жарияланатын материал.
Журналист белгілі бір жоспарды ұстанып жұмыс істегенде ғана журналистік зерттеуді сәтті жүргізе алады. Яғни, журналистік зерттеуге кіріспес бұрын оны жүргізудің нақты жоспары болуы тиіс.
Журналистік зерттеуді жүргізу үшін тақырып таңдау өте маңызды. Журналист қай жерде заңның бұзылғанын, қай жерде биліктің асыра пайдаланылғанын білуі қажет.
Публицистиканың теоретиктері бұл жанрды ұзақ уақыт бойы байқамай келген. Оны репортаж, корреспонденция, мақала жанрына да жатқызылуы заңды құбылыс. Журналистік зерттеудің қазақ журналистикасында қалыптасуы мен дамуы XX ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Әсіресе, 1980-90 жылдары жылдары соттық отырысты мұқият зерттейтін корреспонденциялар көбейді. Тәжірибе көрсеткендей, әр жанрдың қалыптасуы мен дамуы ондаған жылдарды талап етеді. Журналистиканың жанр теориясы тәжірибеден туындайды және тәжірибеге негізделеді. Қазақстандағы журналистік зерттеудің қалыптасуы да ондаган жылдарга созылған.
Журналист әрқашан өз пікірі мен дерегіне қайшы келетін жағдайлардан аулақ болуы тиіс. Журналистер үшін ең басты ереже – мақала зерттеу субъектісі жарияланбас, не тапсырмас бұрын кез-келген кінәлауға жауап беру мүмкіндігіне ие болу.
«Объективтілік» ұғымынан бас тарту «шындықтың» мақаладан алып тасталынуын не «объективтіліктің» журналистік зерттеуде маңызды рөл атқармағанын білдірмейді. Керісінше, зерттеуші - журналист бұл жағдайда ешқашан нүкте қоюға болмайтынын ескеріп, оқиға арқылы оның түп-тамырына жетіп, шындықты табуға талпынады»,- дейді зерттеушілер.
Журналистік зерттеу жанрында корреспонденция, мақала, очеркке сәйкес белгілер кездеседі. Журналистік зерттеудің басқа жанрлардан төмендегідей ерекшеліктері бар: зерттеудің мақсаты; зерттеудің пәні; зерттеудің әдісі; алынған материалды мазмұндау тәсілі өзгеше болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |