Видеосабақ жоспарының Үлгісі



бет1/2
Дата27.09.2023
өлшемі0,67 Mb.
#110853
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
6-сабақ Мендель ашқан белгілердің тұқымқуалау заңдылықтары (копия)

ВИДЕОСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ


Мұғалімнің аты-жөні:

Сейсенғали Мадина

Пән/Сынып:

Биология, 9 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІІ тоқсан.

Тарау немесе бөлім атауы:

Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Сабақтың тақырыбы:

Мендель ашқан белгілердің тұқымқуалау заңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибридологиялық әдісі

Оқу мақсаты:

9.2.4.1- генетиканың дамуы мен қалыптасуындағы Мендель зерттеулерінің рөлін бағалау.



Сабақтың мақсаты:

Генетика ғылымының пайда болуы,Мендель заңдары мен гибридологиялық әдістің ерекшеліктерін сипаттау

Бағалау критериі:




Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар.
.
Ой қозғау сұрақтары:
Хромосомалар жыныстық жолмен көбейетін ағза жасушаларына қарай түседі?
Тозаңдану дегеніміз не?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Мендель ашқан белгілердің тұқымқуалау заңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибридологиялық әдісі

Назарын сабаққа аудару

Оқушының қызығушылығын тарту

Қалыптастырушы бағалау

Слайд 1





8 мин

9 мин

7

5 мин


Жаңа сабақ

Сабақты қортындылау



Генетика –белгілердің тұқым қуалау заңдылығын және өзгергіштігін зерттейтін ғылым Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды. Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1965 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің “Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер” деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырады. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады
Мендель Заңдары – тұқым қуалау белгілерінің ұрпақтан ұрпаққа берілу заңдылықтары. Ата-аналарынан ұрпақтарға жыныс клеткалары арқылы тұқым қуалау факторларының берілуімен түсіндіретін бұл теорияны Г.И. Мендель тұжырымдады. Грегор Иоганн Мендель. — аустириялық биолог және ботаник, белгілі табиғат зерттеуші, тұқым қуалау заңдылықтарын алғаш ашқан ғалым, генетиканың негізін салушы, монах.


Мендель өзінің тәжірибесіне бұршақ өсімдігін зерттеу нысаны ретінде алған. Бұршақты таңдау себебі:

  • Белгілер саны аз

  • Өздігінен тозаңданады, сары түсті бұршақта жасыл түсті ген және керсінше болмайды

  • Барлығы екі баламалы белгісі.

  • Өсіруге қолайлы

Мендельдің бірінші заңы
Мендель тәжірибе үшін баламалы жеті белгілері бойынша ажыратылатын бұршақтың әр түрлі сорттарын таңдап алды; тұқымы сары немесе жасыл, тұқымы тегіс немесе бұдыр, тұқым қабығы сұр немесе ақ, бойы биік немесе аласа, т.б. Аналық өсімдік ретінде қандай сорттың пайдаланғанына қарамастан, будандасудан кейін алынған 1-ұрпақ (F1) будандарында баламалы жұп белгінің тек біреуі ғана көрініс береді. Мұндай белгіні Мендель доминантты белгі  деп атады. Ол жұп белгілердің ішінен: тұқымның сары түсі жасыл түске, тегістігі тұқым бұдырлығына, тұқым қабығының сұр түсі ақ түске, бойының биіктігі аласалығына қарағанда доминанттылық көрсететінін байқады. 1-будан ұрпақта көрінбеген белгілерді Мендель рецессивті белгілер деп атады. Тұқым қуалауға талдау жасағанда 1-будан ұрпағы бірдей пішінді, бір типтес болғандықтан бұл құбылыс Мендельдің бірінші заңы деп аталады. Бұл доминнанттылық ережесі деп те атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет