Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831) шығармашылығы классикалық неміс философиясының шыңы болып есептеледі. Ол алғаш рет барлық табиғи, тарихи және рухани дүниенің ұдайы дамуын көрсетті



Дата06.10.2023
өлшемі19,8 Kb.
#113240

Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831) шығармашылығы классикалық неміс философиясының шыңы болып есептеледі. Ол алғаш рет барлық табиғи, тарихи және рухани дүниенің ұдайы дамуын көрсетті. Ол объективті идеализм тұрғысынан диалектиканың негізгі заңдары мен категорияларын ашты және дәлелдеді.

Гегель, Кант ұсынған мән және құбылыстың арасындағы мета-физикалық бөлінумен келіспеді. Құбылыс, Гегелдің ойынша, мәннен кем объективті емес. Мән құбылыс арқылы көрінеді ал құбылыс мәнді қолдаушы. Бұл бірінсіз бірі бола алмайтын қарама-қарсылықтардың бірлігі. Сол себептен Канттың өзіндік заттың принципиалды түрде танылмайтындығы туралы дәлелдері орынсыз. Өзіндік заттар, дейді Гегель, ол тек қана алғашқы кезең, заттардың дамуының алғашқы сатысы. «Мысалы өзіндік адам — әзірге ол нәресте, өсімдік өркені — өзіндік өсімдік… Барлық заттар әуелгі кезде өзінде, бірақ онымен іс тоқтатылмайды». (Гегелъ. Энциклопедия философских наук. Ч.1.М.; 1929. С.214-215)

Гегель, Канттың субъективизмін және агностицизмін сынай отырып болмыс пен ойлаудың тепе-тендіктерінің негізінде әлемді адекватгы тану мүмкіншілігін мақұлдайды. Сонымен қатар Гегель ой мен шындықтьщ арақатынасын қарастыра отырып, идеалдылықтан (қисындылықтан) шындыққа, абсолюттік идеядан табиғатқа өту мәселесін қойды. Абсолютті ой өзі абсолюттігінен «жұлынып шығуы» тиісті, яғни «өзінен өзін-өзі шығарып басқа өрістерге кіруі керек» М.Ф., Кричевский А.В. Абсолютная идея и абсолютный дух в философии Гегеля. М., 1993. С. 118.) Табиғат тек осы өрістердің біреуі ғана болады екен және осы идеялардың ішкі дамуының кезеңдеріне сәйкес оның озге болмысы немесе оның өзге іске айналуы.

Гегельше табиғат принципті түрде о баста оның негізінде жат-қандықтан идеядан түсініледі. Сөзсіз бұл ой идеалды, бірақ нақты болмысты, әлемді, дамудың жалпыға бірдей заңдарын зерттегенде онда терең мәнді тиімділік бар. Гегелдің ойынша диалектика — да-мудың және дүниежүзілік рухтың бар болуының және ол жаратқан қоршаған әлемінің негізгі заңы.

Әлемге деген философиялық тәсілдің ерекше моделі ретіндегі диалектиканың негізінде Гегель көрсеткен диалектиканың негізгі зандары жатады: «терістеуді терістеу заңы», «санның сапаға ауысу заңы», «қарама — қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы». Бұл заңдар бір бірінен дербес болмай, бірыңғай жалпы даму барысының біртұтас компоненттері сияқты іске асады. Кез келген заттың, құбылыстардың белгілі бір сапасы және оның сол затты құрайтын жақтары бірлікте болады, бірақ сол сапаның ішіндегі сипаттары мен қарама-қайшы тенденциялардың сандық қордалануы нәтижесінде қарама-қайшылыққа келеді және заттың дамуы сол сапаны терістеп, кейбір қасиеттерді жаңа сапада сақтауы арқылы жүзеге асады.

Жалпы диалектиканың бұл заңдары әлемдегі заттарға, құбылыстарға даму объектісі тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Гегелге барлық адамзат рухани мәдениетінің әрбір кезеңін рухтың қалыптасуының үдерісі ретіндегі орасан күрделі философиялық жүйесін жасауға мүмкін болды. Бұл адамзаттың келе жатқан ерекше сатысы және жалпы дүниежүзілік мәдениетке араласа отырып әрбір адам әлемдік рухтың дамуының барлық сатыларынан өте алады. Бұл сатылардың ұшар шыңында болмыс пен ой абсолютті тепе-тендікке жетеді, одан кейін таза ойдың, яғни логика (қисын) өрісі басталады.

Гегель философиясы ойлау (сана) мен болмыстың тепе-теңдігінен басталады. Заттар және олар туралы ойлар сайма-сай, сол себептен өзінің имманенттік анықтамаларында ойлау және заттардың нағыз табиғаты тепе-тең, бір.

Болмыс пен ойлаудың тепе-тендігі Гегелдің ойынша, әлемнің субстанционалдық бірлігі болып табылады. Бірақ тепе-теңдік абстракты емес, нақтылы, яғни айырмашылықты қажет етеді, Тепе-тендік және айырмашылық — қарама-қарсылықтардың бірлігі. Ойлау және болмыс екеуі де бір заңға бағынышты. Гегель, объективті абсолютті ойлауды, тек қана алғашқы басталым және барлық бардың дамуының қозғаушы күші, деп ойлайды. Әр алуан құбылыстарда көріне отырып, ол абсолюттік идея тұрғысында болады.

Абсолютті идея дегеніміз: —
Жалғыз бар болатын нағыз нақтылық (ақиқат);
Барлық қоршаған әлемнің және оның заттары мен құбылыстарының басқы себебі;
Сана-сезімге иелі Дүниежүзілік рух жаратуға да қабілетті.
Абсолютті идея орнында тұрмайды. Ол бір сатыдан екінші сатыға, нақтылыққа және маңыздылыққа өтіп толассыз дамуда болады. Абстрактылықтан нақтылыққа өту — дамудың жалпы принципі. Дамудың ең жоғары сатысы — «абсолютті рух». Абсолютті идея бұл сатыда адамдық теория өрісінен көрінеді және өзін өзі ойлау пәніне айналдырады.

Енді Гегелдің осы философиялық жүйесін толығырақ қарастыралық. Ол негізінен үш кезеңнен тұрады: 1) логика, 2) табиғат философиясы, 3) рух философиясы.


РЕКЛАМА
Кисын (логика) «Абсолюттік идеяның» өзін өзі ашуының бірінші кезеңі. Логика, оның ойынша кұдайлық ойлыақылмен сай келетін «таза ойлыақылдың» жүйесі. Логика, «абсолюттік идеяны» ғылыми — теориялық түрде ұғу.

Логика арқылы «Абсолюттік идея» категориялар жүйесі түрінде танымның қарапайым — болмыс, бейболмыс, нақтылы болмыс, сапа, сан, категорияларынан бастап әр алуан — химизм, биологизм сияқты анықтайтын ұғымдармен бүткіл жалпылық мазмұны ашылады. Гегель категорияларды ағымдағы, толассыз өздігінен пайда болатын қозғалыс күй-жағдайындағы таза ой деп сипаттады. Қандай түрде, немесе мазмұнына байланысты категориялар сезіммен қабылданатын материалға мұқтаж емес. Таза ақыл, ой және ойлардың даму сатылары ретінде олар өзінен өзі мазмұнды сол себептен заттардың мәнін құрайды.

Қисын (логика) абсолюттік ойлардың, мазмұнын беретін ұғымдардың (категориялардың) заңды қозғалысы, оның өздігінен дамуы кезеңдері. Бұл ойлардың қозғалысы неден басталады? Ұзақ талқылаудан кейін Гегель мынадай қорытындыға келеді, басталым таза болмыс категориясынан. Болмыс, оның пікірінше, мәңгі-бақи бар бола алмайды және пайда болуы тиісті. Бірақ неден? Негізінде, бейболмыстан, жоқтан. «Әзірге ешнәрсе жоқ және әйтеуір бірдеңе пайда болуы тиісті. Басталу таза ештеңенің өзі емес, түк те еместің сондай түрі, одан әйтеуір бір бірдеңе болу тиісті, демек о баста да болатын. Сондықтан оны да, басқаны да яғни болмысты да, бейболмысты да ұстанған; ол болмыс және бейболмыстың бірлігі немесе, басқаша айтсақ, ол болмыс, және сонымен қатар, бейболмыстағы болмыс». (Гегель. Наука логики. Соч. Т. V. М., 1937. С. 57-58.)

Егер ғылыми жаратылыстану мен себепті байланыстылықтың алғы шарттары тұрғысынан қарастырсақ Гегель ойларының тұспасы жасанды көрінуі мүмкін. Шын мәнінде дымсыз ештеңеден нақты бірдеңе пайда бола қоймайды. Бірақ Гегельде нақты әлем туралы сөз болып жатқан жоқ, ол әлем бар болғанға дейінгі құдай ойлары.

Үй — жалпылық, ерекшелік және жалқылық. Бірақ, бұл бірлік нақты заттарға, объективті әлемге тән, содан соң барып логикалық түрлерге байланысты логикалық ұғымдар, пікірлерді және ойша қорытындылауды талдауға диалектикалық әдісті қолдана отырып, Гегель дәстүрлі формалды логикалықтан гөрі осы түрлердің диалектикасын ашты. Гегель диалектикасы кез-келген диалектиканың ең басты түрі, бірақ тек, ол өз мистикалық түрінен тазаланған соң болады — деп, Маркс әділ бағалаған.


РЕКЛАМА
Табиғат философиясы. Гегель абсолюттік идеяның дамуының екінші сатысы деп, табиғатты есептейді. Табиғат абсолютті ойдың туындысы, оның өзге болмысы. Рухтан болғандықтан, табиғат оларға байланыссыз бар бола алмайды. Гегель мұндай айтылуды қолданбағанмен, философияның ең басты сұрағын дәл осылайша шешеді. Гегель әлемнің жаратылысы туралы дәстүрлі діни түсініктерден алшақтау тұруға тырысады. Оның сөзі бойынша абсолюттік идея логика сатысында кеңістік пен уақыттан тыс бар болады. Оның логикасында бүл категориялардың жоқ болуы кездейсоқ емес. Гегельдің айтуы бойынша ең алғашқы не еді, содан соң не болды деу орынсыз. Дәл бұл сұраққа «ең алғашқы» және «сонан соң» айтыльшдары сай келмейді. Олар «таза логкалықтың» біріншілік және екіншілігін білдіреді. Бірақ Құдай Гегелде мүлдем дәстүрлі түрінде болмайды, ол — әлемдік ақыл-парасаттың абстрактылы ойы болғанмен, ол, әлемнің жаратылысы туралы христиандық догмалардан бас тартпайды.

Табиғаттың өз түргысы Гегель үшін тартымды емес, ол, табиғатқа абсолютті ойдың даму кезеңі ретінде мән береді. Оның табиғатта көрінуін механика, физика, органика деп есептейді. Рух табиғаттан, сыртқы материалдық қабығынан, нашар деңгей ретінде жыртып шығады.

Өзінің ойларында Гегель кейіннен жаратылыстануда растаулар тапқан диалектикалық болжамдар да айтты. Оларға, мысалы химиядағы сандық өзгерістердің сапаға ауысуы, тоқты материя қозғалысының ерекше түрі ретінде түсінуі жатады. Бүтіндей алғанда философ табиғаты механикалық, метафизикалық тұрғыдан түсінуден аса алмады.



Рух философиясы. Бұл гегелдік жүйенің алғашқы екеуінің жинақталған үшінші сатысы. Бұл жерде абсолюттік ой бейне бір оянатындай, осында қалай табиғи тегінен азат болып, өзінің әлпетін абсолюттік рухтан табады. Адам- табиғаттың бөлігі.Бірақ адамдық рух — табиғаттың емес, абсолютті рухтың өнімі. Табиғаттың өзі рухтан туындаған. «Біз үшін рух өзінің алғы шарты ретінде табиғатқа ие болады, ол оның ақиқаты, және сол себептен оған қатысында абсолютті. Бұл ақиқатында табиғат жоқ болып кетті, және рух онда идея ретінде анықталды, өзіне — өзі үшін — болмысқа қол жеткізді».

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет