«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі хаттама №263



Дата10.12.2022
өлшемі45,5 Kb.
#56352


«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің
Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі
ХАТТАМА № 263
Атырау қаласы «2» желтоқсан 2022 жыл
17 сағат 30 минут


Мемлекеттік қайта аттестаттау комиссиясының отырысы
Төраға – Г.Турекешов
Хатшы – Э.Жеткінов
Қатысқандар:

  1. Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің лицензиялау бөлімінің бас маманы- Габиден Турекешов.

  2. Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының «жалпы білім беруді дамыту» бөлімінің басшысы Жайкина Нургул Орынбасаровна.

  3. Атырау облысы Білім беру басқармасы Исатай ауданы білім бөлімі Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі-Эльдар Жеткінов.



КҮН ТӘРТІБІ

  1. Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№34 көп салалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік қайта аттестаттау қорытындысын шығару туралы;

  2. Шешім шығару;

ТЫҢДАЛДЫ
Габиден Турекешов- Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№34 көп салалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік қайта аттестаттау қорытындысын талқылау үшін отырысты ашамын.


СӨЙЛЕДІ
1.Жайкина Нургул–Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы ҚР БҒМ 2016 жылғы 2 ақпандағы №124 бұйрығының бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім беру ұйымдарына бағалау жүргізу кезінде негізгі бағыттар мен зерделеу объектілері бойынша Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№34 көп салалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдармен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия қызметтің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді.
2.Жеткінов Эльдар Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№34 көп салалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік қайта аттестаттау комиссияның қорытындылары негізінде ұсынылған құжаттамалардың сәйкестігі, талап негіздері қалпына келтірілгендігін ескере отырып, білім беру ұйымын аттестаттауға ұсыныс етемін.
3.Габиден Турекешов– Талдау нәтижелері бойынша комиссиямен- Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№34 көп салалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келеді- деген қорытынды беріліп отыр;


ШЕШІМ ЕТЕДІ

1 Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№34 көп салалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келуіне байланысты «Аттестатталсын».


2.Мемлекеттік аттестаттау қорытындысын білім беру ұйымдарына жолдау және бұйрық әзірлеу Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Г.Турекешовке міндеттелсін.


Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төраға Г.Турекешов


Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының хатшы Э.Жеткінов

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет