Гистология — (грек hіstos – ұлпа және logos – ілім) – тірі ағзалардың (адам, жануар және басқа да көпжасушалы ағзалардың) ұлпаларын, олардың түзілуін, құрылымын, қызметін және өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылым
ЖАЛПЫ ГИСТОЛОГИЯ
Орындаған: Талғатов Берекет
Гистология — (грек. hіstos – ұлпа және logos – ілім) – тірі ағзалардың (адам, жануар және басқа да көпжасушалы ағзалардың) ұлпаларын, олардың түзілуін, құрылымын, қызметін және өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылым;
НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
Гистология пәні шартты тҥрде 5 бөлімнен тұрады:
Цитология – клетка құрылысы мен қызметі туралы ғылым.
2. Жалпы эмбриология – ұрық, оның даму ерекшеліктері мен қауіпті сатыларын, ұрықтан тыс мүшелерді және оның қызметін, жануарлар организмінің эмбрионалдық даму кезеңіндегі заңдылықтарын зерттейді.
3. Жалпы гистология– ұлпаларға тән жалпы заңдылықтар туралы ғылым.
4. Жеке гистология - жүйелер мен мүшелердің дамуын, құрылысын зерттейді.
5. Гистологиялық және микроскопиялық техника - гистологиялық препараттарды дайындау және оларды микроскоптау әдістерін зерттейді.
Ұлпа - белгілі бір функцияны атқаратын, құрылысы жағынан ұқсас, тарихи қалыптасқан жасушалар мен жасуша аралық заттардың комплексі.
Лейдиг пен Келликер ұлпаларды 4 топқа бөлген:
Эпителиальді ұлпалар.
2. Дәнекер ұлпалары.
3. Бұлшық ет ұлпалары.
4. Жүйке ұлпасы.
ЖАНУАРЛАР ҰЛПАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Эпителий — организмді сыртқы немесе ішкі ортадан бліп тұратын және олармен байланысты қамтамасыз ететін шекаралық ұлпа.
2. Эпителий жасушалары қабат құрап орналасады.
3. Эпителий ұлпасының негізгі массасын жасушалар кұрайды.
4. Эпителийге үнемі сыртқы орта әсер көрсетеді, соған байланысты олардың регенерациялық (қалпына келу) қабілеті жоғары.
5. Эпителий базальдық мембрананың үстінде орналасады. Базальдық мембрана эпителий жасушалары мен оның астындағы дәнекер жасушалардың тіршілік әрекеттерінің әсерінен пайда болады және осы екі ұлпаны, біріншіден - бірін-бірінен бөліп, екіншіден - оларды біріктіріп, біртұтас комплекс құрайды.
6. Эпителийде жүйке талшықтары көп болады, ал қан мен лимфа тамырлары болмайды. Эпителийдің негізгі қызметі өзінің астында орналасқан дәнекер ұлпасын қорғау.
Дәнекер ұлпамезенхимадан дамыған, оның құрамында кӛптеген жасуша аралық заттар (талшықты құрылымдар, аморфты заттар) мен жасушалар дифферондарының қатары бар.
Ішкі ортаның тұрақтылығын сақтайтын күрделі ұлпалар. Дәнекер ұлпа мүшелердің стромасын, ұлпалар арасындағы қабыршақ – перделерін, тері дермасы мен қаңқаны түзеді.
Бұлшық ет ұлпасы(textus mus- cularis, лат. textus — ұлпа, musculus — бұлшық ет) — адам мен жануарлар ағзасында жиырылу қызметін атқарып, қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асырады. Сонымен қатар ішкі мүшелердің жиырылуын (жүректің соғуын, қан мен лимфаның жылжуын, несептің шығуын және тағы басқа ағзадағы қозғалыс-қимылдарды) қамтамасыз ететін жоғары дәрежедегі маманданған ұлпалар. Барлық бұлшық ет ұлпаларына жиырылғыш қасиет тән. Жануарлардың барлық бұлшық еттері механохимиялық актин-миозиннің жиырылғыш жүйесінің дамуы нәтижесінде пайда болған.
Жүйке ұлпасыжүйке жүйесінің негізгі құрылымдық элементі. Олар арнайы қызмет атқарады: тітіркенуді қабылдайды, қозады, жүйке импульсін туындатады, оны өткізуді қамтамасыз етеді. Жүйке ұлпасының екі түрлі жасушалары бар – нейрондар мен нейроглиялар.
Жүйке ұлпасы эктодермадан дамиды. Ұрықтың арқа жағындағы эктодерма алғашында қалыңдап – жүйке пластинкасын түзеді (134-сурет, А), одан кейін пластинканың екі шеті көтеріліп, ортасында терең ойыс (науа) пайда болады (134-сурет, Б), соңында пластинканың екі шеті дорсальді эктодермадан үзіліп, ұштары бір-бірімен жалғасып, тері эктодермасынан бөлініп, жүйке түтігі дамып жетіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Тұңғышбаева З.Б. Цитология және гистология негіздері, Алматы, 2015ж.