Гистология және цитология кафедрасы



бет4/11
Дата27.04.2022
өлшемі24.43 Mb.
#32547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ЭКТОПИЯЛЫҚ ДАМУЫ


Сүйек тінінің эктопиялық дамуы- сүйек тінінің организмнің әдеттен тыс, яғни қалыпты жағдайда сүйек дамымайтын, жерлерінде пайда болуы. Мысалы, қаңқаның бөлігіне жатпайтын қандай да бір жұмсақ тінде. Эктопиялық сүйектер өлікті сою кезінде егде адамдардың ірі артерияларының қабырғаларында, бүйректерінде, көз қабықтарында, миокардтың инфарктқа ұшыраған аймағында, қаңқа бұлшық етінде, сіңірлерінде табылады.

Эктопиялық остеогенез көзінің қызметін дәнекер тін құрамындағы ізашар- жасушалар атқарады. Олар, организмнің зақымданған жерлерінде немесе қабыну ошақтарында бөлінетін остеогенездік факторлардың қоздыру әсерінен, остеобласттарға дифференцияланады. Эктопиялық остеогенездің кейбір мұндай қоздырғыш заттары сүйектің морфогенездік ақуыздары айқындалып, таза түрінде ажыратылып, алынды. Оларды борпылдақ талшықты дәнекер тінге немесе қаңқа бұлшық етіне еккен жағдайда, бұларда сүйек тіні дамиды. Эксперимент арқылы дәлелденгені- индуктор заттар қуықтың кілегейлі қабығында, құрамында өлтірілген жасушалары бар сүйек түйіршіктерінде, минералсызданған сүйек жаңқаларында болады. Бұларды да борпылдақ талшықты дәнекер тінге ауыстырып қондырған жағдайда эктопиялық сүйек дами бастайды.

Мұндай зерттеулердің тәжірибелік маңызы- сүйегі сынған адамдардың организмінде остеогенді жасушалар қоры жетіспеген жағдайа немесе сүйек сынықтарында остеогенезді ынталандыру қажет болғанда, осы индуктор- заттарды қолдануға мүмкіндігі жоғары болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет