Гистология Срс Тұрсынәлі Үміт



Дата31.03.2022
өлшемі9,75 Kb.
#29442
Байланысты:
Срс Тұрсынәлі Үміт


Гистология Срс

Тұрсынәлі Үміт

П21—006—02

Тақырып: Жасуша тіршілігіне кері әсер ететін факторлар.

"Жасуша"-сөзі менің ойымша барлық ағзаны құрайтын,қоректене алатын, көбейе алатын, тыныстай алатын,ағзаның ең кішкентай бөлшегі.Әрине әр адам көз алдына жасушаны әр түрлі елестетеді. Бірақ ағзамызда болып жатқан барлық процесс осы кішкентай ғана жасушалардың бірлесіп жұмыс істегендерінің арқасында жүріп жатыр. Яғни біздің денсаулығымыз тікелей жасушаның жұмысына байланысты.

Жасуша-тіршіліктің ең ұсақ бірлігі болғандықтан, организмнің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің және дамудың негізі. Жасуша туралы мұндай түсінік тез арада емес, ол – 300 жыл бойы ғылымда орын алған микроскопиялық зерттеулер нәтижесінде қалыптасқаны анық. Бәріміз білетіндей жасушаны 1839 жылы Т.Шванн және М.Шлейден өсімдіктер мен жануарлардың микроскопиялық құрылысы туралы мәліметтерді жинақтап және талдап, жасушалық теорияны жасап шығарды. Тіршіліктің жасушадан да ұсақ түрлері бар, мысалы вирустар. Бірақ, олар тіршіліктің бірлігі деп саналмайды. Себебі, көбеюге қабілеттілік, зат және энергия алмасу, сезімталдық, адаптация, өзгергіштік, т.б. қасиеттер оларда жоқ. Осы қасиеттер жинағына ие болған ең ұсақ тіршілік түрі – тек қана жасуша.

Жасуша ағзамызда мәңгі тоқтаусыз жұмыс атқара алмайды. Олардыңда өмір сүретін ауысатын өзіндік сатылары болады.Жасуша өлуінің екі түрін ажыратамыз: некроз және апонтоз. Некроз жасушаның энергиясына және мембрананның өткiзгiштiгiне тiкелей немессе жанама әсер ететiн түрi химиялық немесе физикалық сыртқы факторлардың әсерлерден туындайды. Бұл жағдайларда жасушаның құрылысы мен қызметіне біртекті бұзылулар байқалады. Жасушаның құрамында әртүрлі өзгерістер байқалады.Мысалы: мембраналық компоненттер ісінеді, ATФ синтезі, акуыз, нуклеин қышқылдары синтезі, ДНК ыдырауы, лизосома ферменті тердiң белсендiлiгi тоқтатылып, лизиске алып келеді.

Апонтоз жасуша метобализмінің алғашқы бұзылуынсыз жүреді.Апоптоз - жасушаның алдын ала бағдарланған гендік ақпараты бойынша тіршілігін жоюы.Дамуын қадағалайтын екі түрлі гендер белгiлi . Апоптоз дамуын тежейтін ген Вс1-2 қадағалауымен антиапоптоздық нәруыз түзіледі . Ол митохондрилардың мембранасының өткізгіштігін төмендетіп , жасуша цитоплазмасына , апоптозды сергітетін фактор цитохромС шығарылуын азайтады Апоптоздың гендік бағдарламасын дабылдық ақпарат жүзеге асырады .Апоптоз кезінде жасуша тығыздалып , ядросы ыдырайды , ДНК молекуласы бөлшектенеді . Артынан жасуша бөлшектеніп апоптоздык денешіктер пайда болады . Оларды макрофагтар мен нейтрофильдер жеп қояды.



Сөзімді қорытындылай келе: Жасушаның бүлінуі мен өлуіне және ескіруіне көптеген себептер және факторлар әсер етеді . Жасушаның бүліністері пайда болуында әсер ететін ықпалдармен бірге , жасушаның өзінің ішкі жағдайы өте маңызды . Жасушаның алғашқы жағдайына байланысты кез келген ықпал қорғаныстық немесе бүліндіргіш әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар адамның қолымен жасайтын істері де маңызды деп ойлаймын. Мысалға: адам алкогольдік , наркотикалық заттардан аулақ болып , барлық тазалық шараларын сақтауы қажет! Қалыпты тіршілік еткен жағдайда жасуша қызмет ету барысында ескіріп , тіршілігін жойып және оның орнына жана жасушалар пайда болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет