Реферат Тақырыбы: Гистология,цитология және эмюриологияның даму тарихы



Дата18.11.2023
өлшемі20,89 Kb.
#124639
түріРеферат

Реферат

Тақырыбы:Гистология,цитология және эмюриологияның даму тарихы.
Орындаған:Елеусін Нұрила
Қабылдаған:Айдана Суюншибайқызы

Кіріспе:
1.Гистология туралы ұғым


2.Гистологияның зерттеу пәні және бөлімдері
3.Цитология-жасушалар туралы ілім
4.Гистологияның даму тарихы
Гистология-морфологиялық ғылымға жататын негізгі ілім.Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде
микроскопты ойлап тапқанға дейін пайда болған.Жалпы организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің,Галеннің,Ибн Синаның,Везалийдің,Фаллопидің тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.Микроскопиялық зерттеулердің негізінде әртүрлі ұлпалармен құрылымдарды бір топқа топтастырып қарау қате еді.Бұл кезең XVIII-ғасырдың аяғына дейін созылған.Анатомия мен гистология көптеген медицинадағы пәндердің негізі болып табылады.Гистиология сөзі-«gistos» тін, «logos» ілім болып табылады.Гистиология бірнеше бөлімнен тұрады:Цитология-жасушаның құрылысын,қызметін зерттейді.Жалпы эмбриология-“эмбрион”-ұрық,оның дамуын,даму ерекшеліктері мен ондағы қауіпті сатыларын,ұрықтан тыс мүшелер мен олардың қызметін,одан нәрестенің туғанға дейінгі мерзімін зерттейді.Жалпы гистология-ағза мүшелерінің құрамындағы тіндердің шығу тегі мен құрылысын,атқаратын қызметін,тіндердің түрлерін,ерекшеліктерін қарастырады.Жеке гистология-ағзадағы жеке мүшелердің құрылысын,қызметін шығу тегін талдайды.Болашақ дәрігерге бұл ілімдердің бір-бірімен байланысын,мүшелердің құрылысын,қалыпты жағдайдағы микроскопиялық,субмикроскопиялық ерекшеліктерін білудің маңызы зор.Бұл ғылымдар бір-бірімен байланысты.Анатомия,физиология,биология пәндері гистология пәндерінің мәліметтеріне сүйене отырып,организмнің сау кезіндегі
Гистологиялық құрылысын білмей,ондағы патологиялық процестерді білу мүмкін емес.Қазіргі медицинада цитологиялық,
Гистологиялық зерттеу әдістері және цитодиагностика жиі қолданылады.Мысалы:сау және ауру организмнің қанын,сүйек
кемігін,жұлын сұйығын және басқа да мүшелерін цитологиялық әдістермен зерттеп,олардан препараттар дайындалады.

Адам организмі тірі материяны қалыптастыратын иерархиялық(бір-біріне бағынышты) структуралық-функциялық(құрылымдық-қызметтік) деңгейлердің жүйесі болып табылады:жасушалартіндероргандардың морфофункциялық бірліктеріоргандар(ағзалар,мүшелер)органдар жүйесіорганизм.Олардың әрбірі өзіне тән,басқа деңгейлерден ажыратып тұратын морфофункциялық ерекшеліктер мен заңдылықтарға ие.Сондықтан бұл деңгейлердің әрқайсысы нақтылы болып табылады.Мысалы организм,ағзалар жүйесі және ағзаларды-қалыпты анатомия мен физиология,тіндерді-гистология,ал жасушаларды цитология пәндері зерттейді.


Адам гистологиясы-адам ағзасын қалыптастыратын тіндердің микроскоптық құрылысы мен тіршілік әрекеттерін,яғни тіршілік қалыптасуының тіндік деңгейін зерттейтін фундаментальді,екі бөлімдерден тұрады:жалпы гистология мен жеке гистологиядан.
Жалпы гистология-негізгі тіндер топтарының фундаментальді қасиеттерін зерттейтін ғылым;яғни бұл-өзіндік тіндер туралы ілім.Аталған тіндердің қайсыбірі болсада эмбриондық даму кезінде қалыптастын жасушалар мен олардың туындыларының күрделі жүйесі болып табылады.Эмбриология-ұрықтың тіндері мен мүшелерінің даму көздері,пайда болу механизмдері туралы ілім.
Цитология-жасушалар құрылысы мен қызметтерінің жалпы принциптері туралы ілім.Сонымен цитология,эмбриология және
Жалпы гистологияны біріккен пән ретінде оқу,олардың сыртқы сипаттамаларына емес,ал бұл ілімдердің арасындағы ішкі жаратылыс байланыстарына негізделген.Әртүрлі тіндер эмбриондық даму кезінде бірігіп,күрделі жүйелерді органдарды
қалыптастырады.
Цитология-жасуша туралы ғылым.Цитология ғылым біржасушалы,көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.Ал жасуша
бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын,қызметін және дамуын сипаттайды.Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология,тәнтану,эмбриология,физиология,генетика,биохимия,
молекулалық биология және т.б ғылым негіздердәі қалануына жол ашты.Цитология бөлімі-цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын,олардың түзілуін,жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді.Цитохимияның негізгі жетістіктерінің бірі-нуклеин қышқылдарының ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау.
Жасушаның белсенді қызметіне байланысты ақуыздың өзгеріске ұшырау себептерін және олардың зат айналымындағы рөлін зерттеу де цитохимияның үлесіне тиеді.Бұдан біз цитология ғылымының көп саланы қамтитынын байқаймыз.Өзінің даму бағытында цитология тек биологиямен ғана емес, сонымен
қатар медицина,ауылшаруашылық,химия,физика,математика және т.б ғылымдармен де тығыз байланысты.Бұл ғылымдардың жетістіктері мен әдістері цитологиялық зерттеулерде кең көлемде қолданылады.Сондай-ақ цитологияның жетістіктері көптеген ғылымның негізін салуда маңызды рөл атқарады.Осы ашылған жаңалық органикалық дүние бірлігінің өте нанымды дәлелінің
бірі болды.Осындай дәлелді өсімдіктер мен жануарлардың жасуша құрылымының ұқсастықтарын да көруге болады.Цитология да биохимия,биофизика,генетика және молекулалық биология салаларындай ғылыми әдістемелік тәсілдерге жүгінеді.Осы тәсілдер арқылы ол соңғы жылдары жасушаны жан-жақты зерттеуде нәтижелі жетістіктерге жетті.

Гистология ғылымның дамуы мен шығу тарихы бірнеше кезеғнен тұрады.Ол микроскоптың шығу тарихымен тығыз байланысты.Әсіресе электронды микроскопияның пайда болуымен көптеген гистологиялық цитосубмикроскопиялық әдістердің маңызы зор.Жасуша теориясының шығуы мен оның мәні:жасуша тірі ағзаның ең ұсақ бөлігі,әр түрлі ағзаның жасушалары құрылысы жағынан ұқсас болады,жасушалардың көбеюі тек ғана бөліну арқылы жүзеге асады,көп жасушалы ағза жасушадан және жасуша туындыларынан тұрады.Гистология ғылымының дамуының соңғы кезеңдерінің бірі электронды микроскопияның жарыққа шығуымен тығыз байланысты.Осының арқасында ультрамикроскопиялық көптеген жаңалықтар ашылды.Электронды микроскоптың 100-150мың есе үлкейту қасиетіне ие.Қазақстанда гистология саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар:Ф.Мұхаммедғалиев,А.Зорина,Б.Шайкенов,І.Шағыров,


З.Слободин т.б Қазіргі кезде гистологиялық зерттеулермен Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің Зоология институты,Қазақ ұлттық мед.университеті және т.б жоғары оқу орындарының арнайы кафедралары шұғылданады.
Қолданылған әдебиеттер: Аяпова Ж.О.”Цитология,Эмбриология және Гистология”,С.А.Ажаев”Гистология”,Интернет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет