Гистология,Эмбриология ҚР дамуы pdf



Дата17.10.2023
өлшемі7,36 Mb.
#117342

ТАҚЫРЫБЫ:
ГИСТОЛОГИЯ, ЦИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭМБРИОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ. ГИСТОЛОГИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУЫ
“Астана медицина университеті” КеАҚ
Гистология және цитология кафедрасы
Орындаған:Арыстанбай Назым
Топ:121 ЖМ
Қабылдаған: Тулеева Алия Молдабаевна
2023 ж
ЖОСПАРЫ:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Гистология бөлімдері
2.2 Гистологияның даму тарихы
2.3 Гистологияның ҚР дамуы
2.4 Эмбриология ҚР дамуы
3 Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Адам организмі тірі материяны калыптастыратын иерархиялық (бір-біріне бағынышты) структура- функциялық (құрылым-қызметтік) деңгейлердің. жүйесі болып табылады: жасушалар -> тіндер -> органдардың бірліктері -> органдар (мүшелер) -> органдар жүйесі организм. Олардын әрбірі езіне тән, баска денгейлерден айырып түратын, морфофункциялык ерекшеліктер мен заңдылықтарға ие. Сондықтан,бұл деңгейлердің әрқайсысы нақтылы медицина-биологиялықғылымдардың зерттеу нысанасы (объектісі) болып табылады.
Адам гистологиясы - адам ағзасын қалыптастыратын тіндердің микроскопиялық құрылысы мен тіршілік әрекеттерін, яғни тіршілік қалыптасуының тіндік деңгейін зерттейтін медицина-биологиялық ғылым.
ГИСТОЛОГИЯ бөлімдері:
▪️Цитология
▪️Эмбриология
▪️Жалпы гистология
▪️Жеке гистология
Гистологияның ҚР дамуы
Қазақстанда гистологияның дамуы 1932 жылы Қазақ Мемлекеттік Медицина
Институтында гистология, цитология және эмбриология кафедрасының ашылуымен байланысты. 1934 жылы кафедра меңгерушісі болып З.Ф.Гусева тағайындалған. 1937
жылдан бастап кафедрада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады.
1937 жылдары кафедра қызметкерлері адам ұрығының даму барысындағы патологиясын зерттеді және көздің мүйізді
қабатын ауыстырып салу жұмысы
бойынша А.В.Кирилличеваның
қатысуымен ғылыми зерттеу
жұмыстары жүргізілді.
1959-1971 жылдар аралығында
кафедраны А.В.Кирилличева
басқарды.Ол кездегі негізгі ғылыми
зерттеу жұмыстары гистогенез, тканьдердің реактивтілігі, регенерация, эволюциялық динамика тақырыптарына арналды.
1971-1980 жылдары негізгі ғылыми бағыттар
Д витаминнің жетіспеушілігі және аминоқышқылдың дисбаланс мәселелерін зерттеуге бағытталды. Одан кейінгі жылдары иондық сәулелердің және динамикалық факторлардың бірігіп ішкі мүшелердің морфофункционалдық жағдайына арналды.
1980-1990 жылдары профессор
A.Т.Толыбековтың басшылығымен "сыртқы
орта факторларының адам ағзасына әсері"
деген тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.
1998 жылдан бастап гистологиялық
және цитологиялық зерттеулер
тақырыптары тіршілік ортаның
өзгеруіне байланысты ішкі
мүшелердің тәуліктік ритмінің
цитологиялық негізін шешуге
арналды.
Қазақстанда Гистология саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар: Ф.Мұхамедғалиев, А.Зорина, Б.Шайкенов, I.Шағыров, 3.Слободин, т.б. Қазіргі кезде гистологиялық
зерттеулермен Қазақстан Білім және Ғылым министрлігінің Зоология институты, «Биоген» жабық акцион.
қоғамы, Қазақ ұлттық мед. ун-ті, т.б. жоғары оқу орындарының арнайы кафедралары шұғылданады.
ЭКҰ немесе экстракорпоральды ұрықтану, бұл – әйел ағзасынан тыс жасанды ұрықтану болып табылатын медициналық манипуляция.
Қазақстандағы ЭКҰ тарихы.
Қосалқы репродуктивті технологиялар (ҚРТ) қолданылған отандық репродуктологияның алғашқы даму кезеңі 1987 жылы бастау алды деп есептеуге болады. Бұл кезде Алматы қаласында перзенті жоқ неке проблемалары бойынша мамандандырылған мекеме – қалалық Адам репродукциясы орталығы (ҚАРО) ашылды.
Орталықтың негізін қалаған және алғашқы басшысы бас дәрігер Жусубалиева Тамара Муфтаховнаболды. Осы орталықта ер адам мен әйел бедеулігімен күресудің заманауи тәсілдері мен технологияларын белсенді енгізу басталды.
1993 жылы Қазақстанда ЭКҰ-ның алғашқы зертханасын ашу дайындығы басталды. Бұл шетелдік мамандарды тартуға байланысты күрделі үдеріс болды. 1995 жылы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау басқармасы: «Денсаулық сақтау басқармасы ҚАРО-ға халыққа ақылы медициналық көмек көрсетудің бір түр ретінде экстракорпоральды ұрықтандыру әдістерін енгізуге рұқсат етеді » деген №872-у бұйрық шығарды. Қазақстан Республикасындағы ЭКҰ-ның алғашқы зертханасының ресми түрде ашылған күн 1995 жыл 5 қазан болды. Бір жылға жетпей 1996 жылы 31 шілдеде ЭКҰ әдіс мен ұрықтандырылған тұңғыш қыз бала дүниеге келді. 2000 жылы зертхана жеке статус алып, ЭКҰ Орталығы болып атауы өзгертілді .
Қазақстандағы ЭКҰ жетістіктері. Алғашында бес қызметкерден тұрған бұл медициналық мекеме қазіргі кезде 200-ден аса маман жұмыс істейтін репродуктивті медицина ғылыми-зерттеу институтына айналды. Қазіргі кезде Қазақстанда ЭКҰ-ның 26 орталығы қызмет көрсетеді. Олар Алматы, Нұр?Сұлтан, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Қарағанды және т.б. қалаларда орналасқан. Олардың ішінде мемлекеттік 4 және 22 жекеменшік клиника бар. Қазақстандағы орташа ЭКҰ бағдарламасының тиімділігі 40-тан 46%-ға дейін құрайды. Бұлар – жүктілікпен аяқталған шаралар. Дүниежүзінде нәтиже 19,1%-дан 50%-ға дейін өзгереді. Тағы бір көпшілік қабылдаған маңызды әлемдік көрсеткіштің бірі – ЭКҰ шаралары нәтижесінде ұрықтандырылған дені сау балалардың туу көрсеткіші. Орташа әлемдік көрсеткіш 25–30%-ды құрайды. Қазақстанда үкіметтің қолдауының арқасында бұл көрсеткіш 38%-дан асады
ҚОРЫТЫНДЫ
Гистология теориялық пән болғанымен, оның практикалық маңызды да ерекше. Гистологияның мәліметтері организмдегі түрлі патологиялық процестерді білу үшін қажет. Мысалы, органдардың дағдылы жағдайдағы құрылысы мен қызмет ерекшеліктерін білместен олардағы патологиялық өзгерістерді көріп түсінуге болмайды. Сонымен, гистология органдардың, ұлпалардың және оларды түзуші клеткалық және клеткалық құрылысы жоқ элементтердің құрылысы мен дамуын дұрыс түсінуге жалпы биологиялық және тарихи негіз болып саналады. Медициналық эмбриология адам ұрығының даму заңдылықтарын зерттейді. Адамның дамуының қатерлі кезеңдерінде, ана плацента нәресте жүйесінің қызметтік және
метаболизмдік ерекшеліктеріне, тіндердің дамуының заңдылықты үрдістері мен эмрионалдық даму көздеріне ерекше назар аударады. Медицинада муның
барлығының маңызы зор. Қазіргі кезде адам эмбриологиясы бойынша алынған білім бедеуліктің себептерін анықтауға және оны жоюға, фетальды мүшелерді трансплантациялауға, ұрықтануға қарсы құралдарды дайындауға және қолдануға бағытталған.
1. 2. 3. 4.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедиясы Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы, 1998
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2009 (ISBN 5- 89800-123-9), 1 том
Петренко В.М. “ЭМБРИОЛОГИЯ ЧЕЛОВЕКА “ Реферативный журнал
Сайты: pubmed.com
scopus. com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет