Гүл диаграммасы мен формуласы



Дата11.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#137239

Гүл және оның құрылысы

Гүл —(лат. flos) жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге қажетті жыныс мүше. Гүлде микроспорофиллдер (аталық) мен мегаспорофилдер (жеміс жапырақшалары) болады .

Гүл —(лат. flos) жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге қажетті жыныс мүше. Гүлде микроспорофиллдер (аталық) мен мегаспорофилдер (жеміс жапырақшалары) болады .


Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл (астра). Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден бірнеше ондаған санға дейін жетеді.
Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді. Гүлдің бөліктері стерильді және фертильді болып ажыратылады. Стерильді (лат. стерилис-ұрпақсыз) бөлігіне гүлдің серіктері-тостаганша,күлте, ал фертильді (лат. фертилис – жемістілік ) бөлігіне - аталық және аналық жатады

Гүл орналасуына қарай төбелік және бүйірлік болуы мүмкін.

  • Гүл орналасуына қарай төбелік және бүйірлік болуы мүмкін.
  • Бүйірілік гүл, гүл жапырақтың (прицветник) қолтығынан шығады.


Қызғалдақтың жай гүлсерікті гүлі.
Қазтабанның қос гүлсерікті гүлі.
Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді. Гүл серігі жай және қос гүлсерікті деп бөлінеді.

Гүл симметриясын гүл серігіне қарап анықтайды. Егер бір гүлдің қақ ортасынан тең бөлінетіндей үштен артық сызық тартуға болса, ондай гүлді полисимметриялы гүл немесе дұрыс гүл, я болмаса актиноморфты, не радиалды гүл дейді; мысалы, итмұрынның, қызғалдақтың, алманың және т.б. өсімдіктердің гүлдері осындай. Егер күлте арқылы бір ғана сызық тартуға келетін болса, ондай гүлді моносимметриялы гүл неме­се бұрыс гүл деп атайды. Мысалы, шегіргүл, бұршақгүлі, тегеурінгүлі, бәрпі және т.

  • Гүл симметриясын гүл серігіне қарап анықтайды. Егер бір гүлдің қақ ортасынан тең бөлінетіндей үштен артық сызық тартуға болса, ондай гүлді полисимметриялы гүл немесе дұрыс гүл, я болмаса актиноморфты, не радиалды гүл дейді; мысалы, итмұрынның, қызғалдақтың, алманың және т.б. өсімдіктердің гүлдері осындай. Егер күлте арқылы бір ғана сызық тартуға келетін болса, ондай гүлді моносимметриялы гүл неме­се бұрыс гүл деп атайды. Мысалы, шегіргүл, бұршақгүлі, тегеурінгүлі, бәрпі және т.

Егер күлте арқылы екі ғана сызық жүргізуге болса, ондай гүлді бисимметриялы гүл дейді. Мысалы, бұған қапустаның, серігүлдің және т. б. гүлдері жатады. Егер күлте арқылы бір де сызық жүргізуге келмейтін бол­са, ондай гүлді ассиметриялы гүл немесе симметриясыз гүл дейді. Мысалы, канна, валериана және т.б. гүлдері.


Гүлдің құрылысын қысқаша ықшамдап көрсету үшін оны формуламен береді. Мұнда гүлдің симметриясы , гүл бөліктерінің әр шеңбердегі саны, гүл бөліктерінің кірігуі және аналықтың орналасуы ( жоғары немесе төменгі жатын ) бейнеленеді. Формулада гүл бөліктері арнаулы шартты таңбалармен белгіленеді. Мысалы ,
Са (Сalyx) - тостағанша , Co (Corolla)- күлте , A (Androeceum)- андроцей ,
C (Gynoeceuum)- гинецей, P (Perigonium)- жай гүл серігі (мұнда гүл бөліктерінің латынша атауларының алғашқы буыны немесе алғашқы әрпі алынған).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет