Глоссарий Қоршаған орта



Дата06.01.2022
өлшемі18,75 Kb.
#12394

Глоссарий

Қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы, атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;

Яндекс.ДиректБыстрая публикация в журналах РИНЦ18+

Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйелесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;

Қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері;

Табиғи ресурстар – қоғамдық материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық, т.б. қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;

Табиғат пайдалану – адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану;

Қоршаған ортаның сапасы – қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;

Қоршаған ортаның сапасын нормалау – адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының қөрсеткіштері;

Спецодежда в ПушкинеСпецодежда в ПушкинеПерейтиЯндекс.Директ

Қоршаған ортаны ластау – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

Экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтық және нормативтік - техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметте орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйм салу;

Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антрпогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі;

экологиялық жүйе - организмдердің және олар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы.



Түр ішілік – гомотиптік реакциялар. Гомотиптік реакциялар – бір түрге жататын дара организмдер арасындағы өзара әрекеттер

Бәсекелестік- 2 популяцияның әрқайсысы екеуіне жағымсыз әсер етуі.болса,

Бейтараптылық- 2 популяция өзара әрекеттеспейтін болса және олардың ешқайсысы екіншілеріне ықпал етпесе, онда айтарлықтай экологиялық мәні жоқ жағдай- нейтрализм орын алады. Нағыз нейтрализм табиғатта өте сирек кездеседі, себебі, кез-келген экожүйеде барлық популяциялардың арасында жанама әркеттер болуы мүмкін.

Мутализмге екі жаққа бірдей пайда әкелетін қарым-қатынастар жатады.

Қоршаған орта-табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым- қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай -ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды және жансыз жиынтығы.

Қоршаған ортаны қорғау- табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс- қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі; қоршаған ортаны қорғау объектілері- қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері.

Табиғи ресурстар-қоғғамдық материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т.б. қызмет процесінде пайдаланатын құрамдас бөліктері.

Табиғатты пайдалану- адамның шаруашылық жіне өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы.

Қоршаған ортаның мониторингі- адамның қоршаған табиғи ортаның жай- күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар туралы ескерту.

Қоршаған ортаның сапасын нормалау-адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу.

Қоршаған ортаны ластау-қоршаған ортаны ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиактивті материалдардың өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай- ақ қоршаған шудың, тербелістің, магниттік өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

Табиғатты қорғау-табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қағамдық ауқымдағы іс- шаралар жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет