Глюконеогенез. Есеп № 1. Ұзақ уақыт ащығу кезінде ақуыздар бос аминқышқылдарына дейін ыдырайды. Жауапты негіздеңіз:
1. Осы жағдайларда аминқышқылдары қандай процеске қатысады?
2. Қандай аминқышқылдары бұл процеске белсенді қатысады?
3. Бұл процеске тағы қандай заттар қатысуы мүмкін екенін түсіндіріңіз.
Есеп №2. Емдік ашығу курсынан өтіп жатқан науқаста қандағы глюкозаның қалыпты деңгейі негізінен глюконеогенез есебінен сақталады. Ұзақ уақыт ашығу кезінде аминқышқылдары глюконеогенездің негізгі субстраты болып табылады.
1. Адам бауырында глюкоза қай амин қышқылынан белсенді түрде синтезделеді?
2. Альфа-кетоглутараттан оксалоацетат түзілу реакцияларын жазыңыз, оксолацетаттың жүретін жолын көрсетіңіз
3. Глюконеогенез диаграммасын беріңіз, энергия шығыны бар барлық қайтымсыз реакциялардың ферменттерін көрсетіңіз.
4. Глюконеогенездің қандай реакциясы ТКҚЦ-ның анаплеротикалық реакциясы болып табылады.
Есеп № 3. Екінші субстрат циклінің реакцияларының бағыты фосфофруктокиназа мен фруктоза-1,6 бифосфат фосфатазасының белсенділігіне байланысты. Бұл циклде бір мезгілде аллостерикалық активатор және ингибитор қызметін атқаратын қосылыс бар. Ол үшін:
1. Осы қосылыстың түзілуі мен ыдырауының схемасын жазыңыз, осы реакцияларды катализдейтін ферменттерді көрсетіңіз.
2. Осы ферменттердің белсенділігін реттеу схемасын құрыңыз.
3. Гепатоциттерде ас қорыту кезінде осы зат мөлшерінің жоғарылау себебін түсіндіріңіз?
4. Бұл қосылыс аллостерикалық активатор мен ингибитор қызметін атқаратын схеманы көрсетіңіз.
5. Глюконеогенездің спецификалық реакцияларының бірі-глюкоза-6-фосфаттың глюкозаға айналуы. Неліктен бұл реакция маңызды екенін түсіндіріңіз?
Есеп № 4. Глюконеогенез ферменттерінің ақауынан туындаған глюкоза синтезінде субстрат ретінде лактатты қолданудың төмендеуі қандағы сүт қышқылының концентрациясының жоғарылауына, рН төмендеуі яғни лактоацидозға әкелуі мүмкін. Жауапты негіздеңіз:
1. Лактаттың глюконеогенезге қосылу жолын көрсетіңіз және бұл немен байланысты?
2. Пируваттың лактатқа айналу реакциясын жазып, ферменттер мен коферменттерді көрсетіңіз.
3. Қандағы лактат деңгейінің жоғарылауының себептерін атаңыз.