Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Метафораны сөз өнері (поэтика, риторика), эстетика, логика, философия, тіл (стилистика, лексикология, психолингвистика) ғылымдары зерттейді. “Метафора табиғатында жұмбақтылық бар” (Аристотель). Сөз өнерінде метафораның символикалық, эмоционалдық ерекше мәні бар. Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады:
Көркем мəтіндегі метафораның стильдік қызметіХалық тілі тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін, бейнелі ойды бедерлеп жеткізетін өрнекті сөз орамдарына аса бай. «Сөздің, немесе тілдің, көркемдігі» дегенде, ең алдымен, оның əсерлілігін ұғамыз. Əсерлі сөйлеу, яғни көркем тілмен сөйлеу, өз ойын өзгеге шама-шарқынша айқын түсіндіру — тек өнер адамдарына ғана емес, мəдениеттімін деген бар қауымға міндет əрі қажет.Суретті бейнелі, көркем ойлау арқылы бір нəрсенің тікелей өзін емес оған ұқсас өзге затқа не құбылысқа балап, мағынасын, мазмұнын тереңдете, əсерін күшейту дейтін болсақ, онда бұл көркемдеу құралы болған метафораны əр түрлі етіп қиыстыру шығармада үлкен шеберлікті талап етеді.
Троптардың ішінде көркем əдебиетте, оның ішінде прозалық шығармаларда актив қолданылатыны метафора. Метафоралық қолданыстардың өнімділігін аталған жазушылардың повестерінен де көре аламыз.Метафора жасау көптеген семантикалық процестердің нəтижесінде туады. Айталық, ол, ең алдымен, жаңа ұғымды жасаудағы троптың бір түрі; екіншіден, полисемия тудыру құралы; үшіншіден, метафора эмоционалды-экспрессивті лексика жасауға белсенді түрде қатысады; төртіншіден, синоним жасауда метафораның өзіндік орны бар; бесіншіден, метафора тілдің терминологиялық өрісінің кеңеюіне де ықпал жасайды; алтыншыдан, жаңа мағыналық тіркестердің дүниеге келуіне əсер етеді.
Қ.Жұмалиев өзінің еңбегінде: «Метафора — тіл табиғатында терең тамыр жайған сөйлеу өнеріміздің барлық саласынан бой көрсететін жалпы тілдік категория, сөзді астарлай қолдану» десе [1; 2], академик З.Қабдолов: «...метафора (гр. metaphora — көшіру) — сөз мəнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау, сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, əсерін күшейту», — дейді [2; 201].
Достарыңызбен бөлісу: |