Тобы:Кя-20-1
Тұрсынбай Аида
Полисемия ғылымының шығу тарихы
Аннотация
Бұл мақалада полисемия ғылымының қазақ тіл білімінде алатын орны мен зерттелу тарихы туралы сөз болады. Полисемия ғылымының зерттелу тарихы көне заманнан ұлттық тілімізде ерекше орын алады
Тіл білімі саласының бастауы- сөз болғандықтан, полисемия- ғылымы сөздердің қолдану аясын, өзіндік ұғымын, сөздердің шығу тарихында ерекше орын алады. Жалпы мақалада, сөз әдебі, сөз тарихының қолдану аясы , ұлттық тілі біліміміз және тіл тарихымыз сөз болады
Кілт сөздер:Полисемия, шығу тарихы, сөз өнері, ұлттық тіл.
Полисемия - сөздің екі немесе бірнеше мағынаға ие болуы. Полисемия екі түрлі: грамматикалық полисемия және лексикалық. Полисемия сөздің қандай мағынада айтылуы сол сөздің басқа әр түрлі сөздермен тіркесіп келуі арқылы, белгілі бір контексте, нақтылы жағдайда, әңгіменің жалпы тақырыбына байланысты жүзеге асады. Сөздің негізгі (басты, тура) мағынасы мен оның туынды (қосалқы, ауыспалы) мағыналарын өзара ажырату барысында оның негізгі мағынасы контекстке тікелей бағынышты болмайды, өйткені ол ешқандай контекстке байланысты болмай-ақ, сол сөз айтылған кезде сөйлеушінің ойына бірден келетін мағына болып табылады. Сөз мағыналарының арасындағы семантикалық өзара байланыс олардың арасында ортақ мән беретін элементтердің, яғни семаның рөлі арқылы көрінеді.
Сөз-күрделі тілдік бірлік. Оның күрделі табиғатын анықтау үшін, ең алдымен, сөздің дыбыстық жағы мен мағыналық жағының ара қатысын және сөздің мағынасы мен ол арқылы білдірілетін ұғымның ара катысын айқындап алу қажет. Сөздің екі жағы бар: оның бірі сөздің дыбысталу жағы, екіншісі – сөздің мағыналық жағы. Дыбысталу сөздің материалдық жағын құрастырса, мағына сөздің идеалдык жағын құрайды. Екі жақ дыбысталу мен мағына сөздің бір-бірінен бөлінбейтін бөлшектері. Демек сез – дыбысталуен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік бірлік. Яғни, полисемия (грек тілінен аударғанда poly-кеп, sema мағына), полисемия, тілдік бірлікте бірнеше мағыналардың болуы [3]. Көптеген сөздер (сондай-ақ сөздердің кейбір грамматикалық формалары, фразеологиялық бірліктер мен синтаксистік құрылымдар) бір емес, бірнеше (екі немесе одан да кеп) мағыналарға ие, яғни (сездерге катысты) бұл олардың әр түрлі заттар мен құбылыстарды белгілеуге қызмет ететіндігін білдіреді. Сөздің бір немесе басқа мағынада пайда болуы осы сөздің басқа сөздермен, кейде контекстпен, жағдаймен тіркесу ерекшеліктерімен байланысты.
Тіл білімінің негізгі қолдану құралы сөз және сөздік қор. Осы бірліктердің молдығы белгілі бір тілдің байлығын, тілдік қуатын, танымдық өрісін бағалауға негіз болады.....Құбылыс көп, сез – аз деп белгілі ғалым Қ.Жұбанов атап көрсеткендей, тілдік деректер адамның қатысымдық әрекетін және ойлау жүйесін анықтау мақсатында талданады. Тілдегі сөздік құрам қабаттарында қоғамның даму барысында үнемі жаңа ұғымдар пайда болып отыратындықтан, табылған жаңа ұғымға жаңа атаулар үстей беру тілді түсініксіздікке ұшыратып, сөз атаулының мәні жойылар еді. Осы орайда бұрыннан тілде бар сезге даму нәтижесінде пайда болған соны ұғымның атауын беру сөзбен қатар тілдік мағынанын да дамуына негіз болады. Өйткені, тілдік тұрғыдан алғанда даму дегеніміздің өзі жаңа ұғым пайда болу және оған атау беру немесе бар атауды қатар қолдану.
Полисемияның пайда болуы мен дамуының әлеуметтік аспектісі маңызды рөл атқарады, өйткені әрбір әлеуметтік топтың өзіндік кәсіби немесе мәдени ерекшеліктері бар терминдердің өзіндік арсеналы бар. Полисемияда сөз таптарынан зат есім көптеген сөз бөліктерінің арсеналында жетекші рөл атқарады. Өйткені, полисемия тұрғысынан тек зат есім ғана ең қолайлы болып табылады, өйткені ол абстрактілі және нақты объектілерді де көрсете алады. Бұл ретте зат есімге тән объективтілікті ерекше атап ету керек, ол нақты және дерексіз де болады. Кейбір терминдер бізді қоршаған әлемде физикалық бейнесін табатын объектілерді белгілеу үшін қолданылады, ал кейбіреулері жалпылама ұғымдарды білдіреді.
Сөздердің көпмағыналылығы туралы тілші-ғалымдардың ой-пікірлері жан-жақты талданып, теориялық тұжырымдар жазылып бітті деуге болмайды. Лингвистика саласында көпмағыналылық құбылысы біршама зерттеу жұмыстарында қарастырылған. Сондай-ақ бұл мәселе қазақ тіл білімінде де лексика саласындағы зерттеу жұмыстарының тақырыбына арқау болған. Атап айтқанда Р.Садықбековтың Қазақ тіліндегі сөздердің көпмағыналылығы [8]. Ғ.Резуанованың Қазақ тіліндегі көпмағыналы сөздерден жасалған синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарлар [6] сиякты еңбектердің негізгі зерттеу еңбектері болуымен қатар, бірқатар анықтамалар мен тұжырымдар зерттелген.
Негізгі зерттеу еңбектері болуымен қатар, біркатар анықтамалар мен тұжырымдар К.Аханов . Ө.Болғанбаев , М.Белбаева , Ғ.Мұсабаев , Р.Барлыбаев , М.Оразов т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Бұдан орыс тіл білімінде де, қазақ тіл білімінде де көпмағыналылы құбылысы лексика саласында, сөздік қор аясында зерттелгенін байқауға болады. Ал біздің зерттеу тақырыбымыздың өзегі болып отырган фразеологизмдердегі көпмағыналылық құбылысы туралы көзқарастар орыс зерттеушілері Л.Э. Бинович . И. Краморенко . И.И. Чернышева . В.И. Зимин, А.В.Никитин ,
А.В. Кабыш , В.А. Губанова , Е.Н. Ермакова , А. А. Зализняк . П.Н.Корнилова Г.А. Лилич , қазақ ғалымдары …
Сөз мағынасы кеңеюінің непзгі шартының бірі көпмағыналылық құбылысы болса, фразеологиялық тіркестерде де бұл құбылыс ауқымды сипатқа ие болады. Өйткені фразалық тіркестердің бастапқы жеке мағынасының даму үрдісінде ұлғайып, көпмағыналылыққа ұласуын зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындайтын күрделі сала.
Сондықтан бұл пікірді фразеологиялық көпмағыналыққа да қатысты айтуға болады.Сөздердегі көпмағыналылықты зерттеуші Ғ.Резуанова тарамдалған полисемия дейді. Көпмағыналы сездердің аталған түрінде барлық мағыналардың ортақ компоненті болады. Мысал ретінде зерттеуші үй сезінің 1) адам тұратын, мекендейтін баспана; 2) уй. Аусп. Бірге тұратын адамдар, үй іші; 3) белгілі бір қоғамдық қажеттілік үшін пайдаланылатын орын, мекеме; Мәдениет үйі, өнер үйі ғалымдар үйі т.б. мағыналарын келтіреді. Бұл мағыналардың негізі мекенжай ұғымынан тарамдалып тұрғанын көрсетеді [6, 28 б.]. Бұл фразалық тіркестерде де негізгі семадан туындаған кейінгі мағыналардың жуықтас семаларға ауысқанын көрсетеді. Өйткені көбінесе, екіншілік, ішінара үшіншілік пайда болған мағыналардың түп негізі алғашқы сема екендігі анық. Өрі кез келген сөздердің байланысынан тіркес пайда болмайтындықтан, дайын, бірнеше уақыт бойы қалыптасқан тіркестер семантикалық ұқсастығына қарай жуықтас кейінгі мағыналардың пайда болуына тірек болады. Мысалы, қара шаңырақ тіркесі бастапқы мағынада тек жеке үй мағынасында болса, кейінгі мағыналық дамуы туған жер, мекеме сияқты жоғарыдағыдай ұғымдарға ие болған. Мысалы, қазақ өнерінің қара шаңырағы, білім, ғылымның қара шаңырағы т.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет.
2.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007
Достарыңызбен бөлісу: |