Гуманитарлық бағыттағы мамандықтың бірі филология саласы



бет1/2
Дата27.10.2022
өлшемі32,21 Kb.
#45879
  1   2

Гуманитарлық бағыттағы мамандықтың бірі - филология саласы
Филологиялық білім беру – бұл классикалық гуманитарлық білім беру. Қазақстанда алғаш ашылған оқу орындарында білім беріле бастаған да дәл осы филология мамандығы болатын. Тарихи қалыптасқан бұл мамандықтың 90 жылдық тарихы бар. Бұл ғылым түріне тіл білімі, филология (тілтаным), әдебиеттану, коммуникация теориясы, лингвистика, аударма ісі, тіл мен әдебиетті оқыту методикасы, стилистика, тіл мәдениеті, тіл тарихы, тіл саясаты тәрізді тілге қатысты барлық бағыттар мен құбылыстардың жиынтығы жатады. Филология мен лингвистика – бүгінгі таңда әлемдік бағытта дамып жатқан ғылымдар. Себебі әлемдікйй үрдіске айналған әрі ортақ ғаламдастыру құндылықтарын қалыптастырып жатқан тілдік құбылыстар мен тілдік тенденциялардың орын алуына байланысты бұл ғылымның да дамып, кеңеюуі, үлкен ғылыми-идеологиялық күшке айналуы байқалады. Сол сияқты қазақстандық филологияның да басты мақсаты – полимәдениетті білім беру бағдарламасын тағайындау. Бұл, өз кезегінде, Қазақстанның ғаламдық интеграцияға жақындауын жылдамдатады. Қазақстандық саясаттың негізгі эталонына айналған үштілді мемлекеттік саясаттың да орын алуына тікелей қазақстандық филологияның қатысы бар екені белгілі.
«Адамдардың хайуандардан артықшылығы сөйлей білуінде». Иә, бұл тұжырым барлық жерде айтылып келеді. Адамдар ымдасудан сөйлесуге дейін үлкен бір жолды бастан кешірді. Одан кейін адамдар жазуды игере бастады. Нәтижесінде мәтіндермен жұмыс жасайтын жаңа мамандық иелері пайда болды. Олар өз кезегінде «филолог» деп аталды.
Филология гректің «сөзге ғашықтық» деген сөзінен шыққан. Филологтар 2500 жылдан бері еңбек етіп келеді. Антикалық дәуірде Грекия мен Римдегі мектеп оқушылары әдебиетке жақын бір сабақты оқып жүрген. Кейінірек ол сабақтың бүгінгі филология пәніне қатысты болғаны анықталып отыр.
Бұл мамандықты таңдаған жандар көбіне өткен күннің тарихына көз жүгіртіп, санасына түйгенді ұнатады. Кез келген дүниенің тарихына баса мән береді. Ал мамандықтың өзі ежелгі гректердің өмірімен және тұрмысымен тығыз байланысты қаралады. Өйткені, ежелгі гректерде шешендік өнерді меңгеру, жұрт алдында сөйлей білу, өзіңді тапқырлықпен тығырықтан алып шыға білуге баса назар аударылған. Кейіннен бұл ерекшелік еуропалықтарға, одан кейін араб елдерінің тіршілігімен біте қайнасып кетті. Қазіргі таңдағы ғылымда филологияның атқаратын қызметі айрықша. Белгілі бір өркениетке ғана тиесілі болмай, әр халықтың әлемінде шырқау шыңына өрмелеп барады десек қателеспейміз. 
Бүгінгі қоғамға бұл мамандық иелері ауадай қажет. Ұлттық рухтың оянуына, халықтың тілін, ділін сақтап қалуына ықпал ететін халықтың көзі мен құлағы болуға дағдыланған мамандар – осы филологтар. Мектепте оқушыларды мұғалімдер әдебиетке баулуға, тіліне баса мән беруге және әлем туралы таным-түйсігін оятуға ұмтылады. Оның себебі де жоқ емес. Дұрыс жаза білу, өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастыра білу, болашағыңның іргетасын қалаумен тең. Ал филолог мамандар келешекте дәл осы тұрғыдан да еліне елеулі еңбек сіңіре алады.
Филология (гр. philologia сөзге құмарлық) — жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі, әдебиеттану, мәтінтану, деректеметану, палеография т. б. гуманитарлық пәндердің жиынтығы. Мәтін филологияның алғашқы нақты негізі болды, онын дамуына философия елеулі ықпал етті.
Филологияның ішкі құрылымы екі жақты қарама-қарсылыққа негізделген: бір жағында — нақты мәтіннің қарапайым қызметі, екінші жағында — шегі дәл белгісіз онын жалпы қызметі. Mәдениеттің өзін-өзі тануына қызмет ете отырып, филология жазу өркениетінің неғұрлым толысқан шағында пайда болған. Таяу Шығыстың өте жоғары көне мәдениеті тіпті филологияны білмеген, ал батыс еуропалық орта ғасырда да ол жоғары сатыда болмаған. Ежелгі Үнді мен Грекияда филология дүниетанымдык рефлексияның ойлау мен сөйлеуге қатысы тұрғысынан зерттелген. Филологияның жоғарылауы дүниетанымдық ойдың ұлы дәуірлерімен (Аристотельден кейінгі эллинистік әлемде, Р. Декарттан кейінгі 17 ғ-дағы Еуропада, И. Канттан кейінгі 19 ғ.-дағы Германияда) сәйкес келіп отырады. Үнді филологиясы Панини (б.з.д. 5—4 г. шамасы), Патанджали (б.з.д. 2 ғ.) сияқты грамматистер мен стилистика теорияшылдарын берді. Ежелгі Қытай мәдениетінде де өзінің филологиялык дәстүрі болған (5—6 ғ. Лю Се т. б.). Бірақ жаңа дәуірге дейін Үнді филологиясының жетістіктерімен таныс болмаған Еуропа филологиясы үшін негізгі білім көзі Грекия болды, онын негізінде Гомер ілімі жатты. Софистер дәуірінде (б.з.д. 5—4 ғ.) филологияны жетілдіруге Протагор, Горгий, Продик айрықша еңбек етті. Грек әдебиет теориясы Аристотельдің "Поэтикасында" толығып жетілді. Эллин дәуірінде филология философиядан бөлініп, онымен Александрия мен Пергамнын кітапханашы-мамандары шұғылданды. Дионисий Фракийский (б.з.д. 170—90 ж.) қазіргі кезде белгілі сөз татары туралы ілімді қалыптастырды. Қайта өркендеу дәуіріндегі ойшылдар антикалық құнды деректердің мазмұнын меңгеріп қоймай, ежелгі дәуірлер тілінде сөйлеп, сол әлемнің рухани дүниесін игеруге тырысты. 16—18 ғғ. Германияда филологияның жана дәуірі басталды. Неміс филологы Ф. А. Вольф "филология" терминін қолданысқа енгізді, 19 ғасырдағы неміс филологтарынын (Г. Узенер, Э. Роде т. б.) арқасында көне тарихтан филология бөлініп шықты. Сол кезде романтизм және басқа идеялық ағымдардың әсерімен классикалық филологиямен бірге "жана филология", оның түрлері германтану (ағайынды Я. және В. Гриммдер), славянтану (А. X. Востоков, В. Ганка) және шығыстану пайда болды. Бірақ кейін тіл білімі, әдебиеттану, тарих т. б. салалар бір кездегі біртұтас тарих-филология ғылымынан бөлініп шыққанына қарамастан, филология баспасөздің ерекше бір тәсілі ретінде бірлігін күні бүгінге дейін сақтап келеді. Қазіргі заманда гуманитарлық білімді математика сияқты формалдандыруға тырысушылық басым. Математиканың нақты әдістері филологияның шеткі салаларында ғана қолданылуы мүмкін, бірақ оның негізгі мәніне әсер ете алмайды.

Филолог мамандардығын бітіргендердің 85% жұмыспен қамтылуда: бұл – жоғарғы көрсеткіш және қоғам қажет ететін мамандық екенін дәлелдейді. Тілге қатысты барлық қызметтерді атқара беретін бұл сала мамандары – барлық салада жұмыс жасай алатын әмбебап мамандық иелері. Бүкіл әлем бойынша тілдерді меңгерген маман ең әмбебап маман болып отыр. Филолог мамандар мемлекеттік басқарушы-өндірістік органдарда, ұйымдастыру-басқару мекемелерінде, білім беру саласында, аударма жасау, ресми іс-қағаздар, ғылым саласында ғылыми-зерттеу қызметкері, БАҚ саласында, мемлекеттік қызметкер, өзге де әлеуметтік-гуманитарлық салаларда бақ сынай алады. Әсіресе, филолог кәсіби маман ретінде журналистика саласында, PR-маман, редактор ретінде сұранысқа ие. Соған сәйкес филолог мамандардың сұранысы да жоғарылай түскен: 2013-2015 жылы олардың сұранысы 4 000 болған, ал 2020 жылғы болжам бойынша бұл сан 10 000 жетпек.


Филологиялық білім берудің имиджін қалыптастыру қолға алынып жатыр, бір жағынан, бұл өзекті де. Болашақ халықаралық бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Гумелев атындағы ЕҰУ, Бекетов атындағы ҚарМУ 20 оқытушы шетелде оқып келді. Қазақстандық тілдік модел бойынша, мемлекеттік тіл – қазақстандық қоғамды біріктіруші фактор. Дәл осы жерде филологтардың атқаратын қызметі мен жасайтын ғылыми-зерттеу жұмыстары, іске асырылған жобалар филологтардың көкжиегін кеңейте түседі. Полимәдениетті білім беру, қазақстандық көптілділікті, қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын қалыптастыру, мемлекеттік тілдің ұлттық корпусын жасау, мемлекеттік тілді мемлекеттік құрылымдардың барлық саласында қуаттандыру, ел аумағында этностық тілдерді дамыту, IT-мамандарды дайындау тәрізді мәселелер мен міндеттер филология мамандығының қоғамдық беделін арттыра түседі.
Әр елдің өзінің белгілі бір филологиялық бағыттары бар екені белгілі. Қазақстандық филологтардың, әсіресе, қазақ филологиясы мамандарының алдында тұрған маңызды проблема құрылымдық тіл білімі бағытынан функционалды (жұмсалымды) тіл білімі бағытына, аспектісіне ауысу процесі («формадан мазмұнға қарай») болып отыр. Бұл, өз кезегінде, Қазақстандағы іргелі ЖОО орындарында қолға алына бастаған үлкен үрдіс, соған байланысты филологиялық пәндердің өзгеруі, жаңаша пәндердің қалыптасуы қатар өрбіп жатыр. ЖОО арқылы қалыптасқан филологиялық бағыттар арқылы орта білім беру жүйесіне де өзгерістер ендіріп жатыр. Бүгінгі таңда тілді қажеттілік ретінде қарастыру, тану белгісі тұрғысынан көптеген пәндік өзгешеліктер пайда болуда. Тілді дұрыс пайдалану, соның ішінде кәсіби мақсатта жұмсау мәселелері алда тұр. Қазіргі мектепте беріліп жатқан кез келген филологиялық білімдердің дәл осы тілді пайдалануда, қажеттілікті өтеу тұрғысында қаншалықты қанағаттандыра алады? Қарапайым ғана мысал, орта білім бағдарламасында бар сөйлем мүшелерін синтаксистік талдау бағыты қаншалықты дұрыс, ол не үшін керек? Міне, осындай мәселелер төңірегінде туындаған мәселелер, өз кезегінде, жаңа филологиялық элективті пәндердің қалыптасуына әкеліп жатыр.
Сонымен қатар, Қазақстанда тілдік саясаттың басты рөлге айналуымен жалпы тіл білімінің ғылымдары социолингвистика, психолингвистика, антропоөзектік ғылымдарының дамуымен когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, тіл философиясы, қолданбалы лингвистиканың маңыздылығының артуымен компьютерлік лингвистика, корпусты лингвистика, криминалды лингвистика салалары қалана бастады. Жалпы тіл білімі теориялары қарастыратын мәдениетаралық коммуникация мәселелері әлемдегі ең өзекті мәселеге айналған. Бұл тұрғыда Қазақстандағы тіл білімі салалары мәдениетаралық қатысымдағы қазақ тілі мәселелерін қарастырады. Тілді жүйелі-құрылымдық зерттеуден алып шығып тілді халықтың рухани-мәдени коды, адамның санасы тұрғысынан қарастыратын антропоөзектік бағыттар тіл біліміне жаңаша көзқарастар алып келді. Тілді функционалды, прагаматикалық, коммуникативтік жағынан сипаттау прагмалингвистика теориялар қалыптасып жатыр. Қазіргі тіл білімінде тіл мен ақиқаттың арақатынасы, тіл мен ойлау арақатынасының терең заңдылықтарын ашатын когнитивті лингвистиканың қарқын алып келе жатқанын байқауға болады. Қоғам мен мемлекеттік органдарының сұранысына ие сот-сараптамалық линвгистикасы – юриспруденция мен лингвистиканың арасында қалыптасқан салааралық ғылыми пән. Мұндай қолданбалы пәндер – студенттердің ғана емес, кез келген қоғам мүшелерінің қызығушылығын тудыратын құбылыстар. Қоғам мүшелеріне де, барлық студент қауымға маңызды лингвистикалық экология мен әлеуметтік лингвистика саласы мемлекеттік тілдің маңыздылығымен шұғылданып отыр бүгінгі таңда.
Қазақстандағы үштілді мемлекеттік саясат тікелей білім саласына қатысты болғаннан кейін де филология пәндері жаңа жүйеге көше түскен. Филология мамандықтарының қай мамандығында болмасын ағылшын тілді арнайы топтарды (спецгруппа) бөлу және көршілік пәндерді ағылшын тілінде оқыту системалары енгізіліп басталды. Сонымен қатар, магистратура мамандықтарына түсу үшін ағылшын тілінен IELTS сертификатын талап ету шаралары – тілдік саясатты қанағаттандырудың айқын белгілері.
Филологиялық білім берудің айырылмас бөлімі – бұл педагогика. Шет тілдерін, мемлекеттік тілді екінші шет тілі ретінде оқыту, шет тілдерін кәсіби мақсатта оқыту, оқытуда психологиялық аспектіні, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді ескеру, орта білім беру жүйесіндегі филологиялық білім беру бағдары (кәсіби-бағдарлы қазақ тілі), методикалық ерекшеліктері тәрізді сан қырлы мәселелермен айналысатын бұл сала күрделі теориялық аймақ болып табылады. Жеке маманның кәсіби бейімделу сапасын қалыптастыру болашақ мамандардың сапалы даярлаудың шарты болмақ. Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру – білім алушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып, интеллектуалды белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, алған білімін қолдана алу қуатының қалыптасуы. Мәселен, 5В020500-Филология: қазақ филологиясы мамандығы бойынша оқу жоспары негізінде «Қазақ тілінің функционалды аспектісі және өзекті мәселелері» атты білім беру бағыты енгізілген: бұл бойынша лингвистикалық білім берудің басты мақсаты – коммуникативті тұлғаны қалыптастыру. Тілдік құзіреттілік ретінде білім алып жатқан тілдің жүйесін деңгейлер бойынша меңгеру танылады: фонетика, лексика, морфология, сөзжасам, синтаксис, текст стилистикасының негізі.
Сонымен қатар, полимәдениетті білім беру мен мәдениетаралық қатынастар шеңберіндегі тілдердің өзара байланысын, лингвомәдени жағынан қарастыру, ұлттық эквиваленттердің арақатынасын көрсету, менталды айырмашылықтарын ажырату, шет тілін үйретуді кадрларды дайындауды бөлінбес бөлігіне айналдыру, өзге де мамандықтарды лингвистикалық даярлау мәселелері филологиялық пәндерді қалыптастыра алды.
Филологияның өзi жеке ғылым болып XIX ғасырда ғана қалыптасқанын ескерсек, қазақ филологиясы ғылым ретiнде кеңестiк кезеңде дами бастады. Бұл салада еңбек еткен ғалымдарымыз көп. А.Байтұрсынов,Ы.Алтынсариннан бері келе Р.Сыздық, А.Ысқақов С.М.Исаев, К.Аханов сынды мамандар бар.
Бұл мамандықты таңдаған жандар көбіне өткен күннің тарихына көз жүгіртіп, санасына түйгенді ұнатады. Кез келген дүниенің тарихына баса мән береді. Ал мамандықтың өзі ежелгі гректердің өмірімен және тұрмысымен тығыз байланысты қаралады. Өйткені, ежелгі гректерде шешендік өнерді меңгеру, жұрт алдында сөйлей білу, өзіңді тапқырлықпен тығырықтан алып шыға білуге баса назар аударылған. Кейіннен бұл ерекшелік еуропалықтарға, одан кейін араб елдерінің тіршілігімен біте қайнасып кетті. Қазіргі таңдағы ғылымда филологияның атқаратын қызметі айрықша. Белгілі бір өркениетке ғана тиесілі болмай, әр халықтың әлемінде шырқау шыңына өрмелеп барады десек қателеспейміз. Бүгінгі қоғамға бұл мамандық иелері ауадай қажет. Ұлттық рухтың оянуына, халықтың тілін, ділін сақтап қалуына ықпал ететін халықтың көзі мен құлағы болуға дағдыланған мамандар – осы филологтар. Мектепте оқушыларды мұғалімдер әдебиетке баулуға, тіліне баса мән беруге және әлем туралы таным-түйсігін оятуға ұмтылады. Оның себебі де жоқ емес. Дұрыс жаза білу, өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастыра білу, болашағыңның іргетасын қалаумен тең. Ал филолог мамандар келешекте дәл осы тұрғыдан да еліне елеулі еңбек сіңіре алады.
Аудармашы-филолог өз өмірін мәңгілік тілге арнайды. Тілдің пайда болуын, құрылымын, даму тарихын, қызметін терең меңгереді. Тілдерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылықтарын зерттеп, ғылыми еңбек жазады. Тілді оқытумен, оны екінші тілге түрлі бағытта (ғылыми, көркем, техникалық, экономикалық, қоғамдық-саяси, т.б.) аударумен айналысады. Сөздіктер, тілді үйренуге арналған оқу құралдарын жазады. Дайын мәтіндерді редакциялап, қатесін түзетеді, авторлармен тығыз жұмыс жасайды. Бұл мамандық иелері өте сауатты жазып, көсіліп еркін де шешен сөйлейтін, есте сақтау қабілеті мықты, шыдамды, ұзақ отырудан жалықпайтын жандар. Себебі олардың өмірінің көбі үстелде жазумен өтеді. Бұл мамандықтағы адамдар гуманитарлық салаға жақын болуы тиіс. Яғни, өлең немесе әңгіме жазып, не болмаса ғылыми зерттеулермен айналысуға бейімі болуы керек. Ұстаз болған кезде оқушыларының алдында әдемі, таза сөйлеп, үлгі бола білуі қажет. Филолог тілді жан-жақты зерттеп, оның функциясын, классификациясын білуге міндетті. Мысалы, жай ғана бір сөздің мағынасы, шығу тегін, болмысын ашу керек болса, филологтарға жүгінеріміз анық. Бұл мамандықтағы адамдар кез келген мектеп, колледж, университет және музей, кітапханаларда қызмет ете алады. Филологтар көбінесе ұстаздық қызмет атқарады. Алайда жазуға икемі барлар газет-журналдарда жұмыс істей алады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет