ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
2, 2010.
208
Г У МА Н И Т АР Н ЫЕ
Н А У КИ
УДК 94 (574)
Ғ
.М. Қарасаев
ШҚМТУ, Өскемен қаласы
«ТҮРІК» ҰҒЫМЫ, ЗЕРТТЕУЛЕР, БОЛЖАУЛАР, ТҰЖЫРЫМДАР
Біздің заманымыздың VІ ғасырының ортасынан көрші мемлекеттерге, халықтарға
«түркі елі» деген атаумен белгілі болған, аталған кезеңнен осы күнге дейін осы есіммен
дүниежүзі қауымдастығынан берік орын алған қазіргі Орта жəне Орталық Азия, соның
ішінде Қазақстан, Шығыс Еуропа, Кавказ өңірлерін мекендеп отырған халықтардың
қалыптасу, өркендеу, даму тарихы күрделі де, қиын, ұзақ жолдан өткендігі белгілі.
Өзара тамырлас, туыстас, тарихтас, тағдырлас бұл халықтардың өткен кезеңі мол
оқиғаларға толы. Жалпы түрік тайпаларының, мемлекеттерінің өткен замандарда
өздерінің барша көршілерімен жан-жақты қатынас жасап, олардың саяси-əлеуметтік
дамуларына өзіндік əсер еткендігі тарихтан дəлел. Осы халықтардың біртіндеп өздерінің
алдындағы ата-бабалары – сақтар, үйсіндер, ғұндардан бастау алатын біртұтас
шаруашылығы, мəдениеті, салт-дəстүрі, тілдері өмірге келді.
Түркі тайпаларының қалыптасуы, тарихи өркендеуі оларға ортақ «түрік» атауының
берілуі туралы ғылыми ортада осы күнге дейін бір ортақ пікір қалыптасқан жоқ деп
айтуға болады. Еуразия аңғарларын, соның ішінде барша Алтай өңірін ертеден, анығырақ
айтқанда б.з.д. бірінші мыңжылдығының басынан мекендеген, негізінен көшпелі мал
шаруашылығымен айналысқан рулар, тайпалар мен халықтар туралы жазылған мəлімет-
терден (Ерте Парсы, Иран, грек, қытай т. б.) аңғаратынымыздай осы көшпелі де
жауынгер тайпалар туралы қызық та нақты мəліметтер мол.
Жалпы археологиялық, тарихи мəліметтерден көретініміздей, тіпті сонау тас дəуірі
адамдарының өзі уақыт өте келе Қазақстан территориясындағы қола дəуірі адамдарына
ауысқаны заңды құбылыс болар. Ал Қазақстандағы андронов мəдениеті тұрғындарының
б.з.д. соңғы мыңжылдықта «сақтар» немесе «скифтер» деп атау алған неғұрлым дамыған
тайпа одақтарының бастаушылары екендігі дəлелденіп отыр. «Қазақстанның сақ
тайпалары андронов тұрғындарының – Авесталық арийлердің, турлардың, дахтар мен
дандардың тікелей ұрпағы болды» [1.45].
«Батыста, - деп жазады В.В.Бартольд, - бірнеше рет түріктер негізінен немесе осы
халықтың бір бөлігі болып табылатын антикалық заманның көшпелі халқы – скифтермен
туыс болған деген жорамалдар болған» [2.57].
Осы уақытта Қазақстан, Орта, Орталық Азия, Моңғолия далаларын мекендеген
көшпелі тайпалардың өзара тығыз экономикалық, əскери бірлестіктері қалыптаса
бастады. Сақтарға үйсіндер, қаңлылар келіп қосылды. Ал халықтардың ұлы қоныс
аударуларының нəтижесінде біздің заманымызға дейінгі V-ІІІ ғасырларда ғұндардың,
алтайлық, моңғолдық тайпалардың араласуы жүрді. Нəтижесінде осы кезеңнен бастап
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
2, 2010.
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
209
ақшыл түсті, андронов мəдениетінен тараған жергілікті халықтар мен моңғолдық
тайпалардың қосылуының негізінде олардың бет-бейнелерінде жаңа пішін пайда болды.
«Алғашқы түріктік жəне алғашқы моңғолдық тайпалардың батысқа кіруі ерте басталды.
Антропологтар Жайық жағалауының иран тілді сақтарында моңғолдық бет-бейнелердің
араласуын келтіреді» [1.52].
Мысалы... Олар хұнндар Орта Азия мен Қазақстанның ирантілді көшпелі тайпала-
рының түркіленуінде маңызды роль атқарды. Хұнндар (гунндер) – Қытай, Орталық Азия
жəне Оңтүстік-Шығыс Еуропа халықтары тарихының бөлінбейтін бөлігі [3].
Н. А. Бичуриннің жазуынша «... хұнндар түркі тайпасының халқы болған. ... Тукю
əулетінің аталары Батыс теңізінен батысқа дейінгі жерлерді мекендеп, бір аймақты
құраған. Бұл Хунн əулетінің Ашын атаулы жеке тармағы болды» [4].
«Яғни бұған дейін сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар деп аталып келген осы ерте
мемлекеттік бірлестіктер құрамына кірген шаруашылығы, мəдениеті, тілі ортақтас осы
аталған жəне т. б. көшпелі халықтардың ұрпақтары б. з. VI ғасырының ортасынан бастап
Орталық Азия, Батыс Сібір өлкесінен Шығыс Еуропа өңірлеріне дейінгі аймақты
қамтыған өз заманындағы қуатты қағанаттықтардың негізін қалады. Əлеуметтік даму мен
территориялық-саяси бірлестіктерді жеделдетудегі құбылыстар 1 мыңжылдықтың екінші
жартысында түркі тілді тайпалардың Оңтүстік Сібір, Орталық жəне Орта Азия, төменгі
Жайық жағалауы мен Солтүстік Кавказ территориясында: бірінші Түрік қағанаты,
Шығыс Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Ұйғыр қағанаты,
сонымен қатар Енисей қырғыздары, қарлұқ, қимақ, Арал аймағы оғыз (гуздар)
мемлекеттерінің құрылуына əкеліп соқты. Бұл кезеңді «Ерте түрік дəуірі» деп атау
қалыптасқан» [1.75-76].
«Ибн Хордадбек өзінің түркі халықтарының тізімінде, - деп жазады С. М. Акинжанов, -
түркі елі... олардың мекені өте үлкен... Олар Қытаймен, Тибетпен жəне қарлұқтармен
шектеседі» [5.66].
Нəтижесінде «VІ ғасырдың ортасында еуразиялық Маньчжуриядан Боспор
Киммерийскіге (Керч бұғазы) дейінгі жерлерде Ұлы Жібек жолын бақылауға алған Түрік
қағанатының билігі орнады» [6].
Академик В. В. Бартольдтің жазуынша «... Енисейдің жоғарғы ағысының аңғарлары
сол кездің өзінде-ақ түріктер мекендеген аймақтардың қиыр солтүстік–батыс шекарасын
құраған... ең алыс мекендеген түрік халқы – қырғыздардың мекендеген аймағы Солтүстік
Шығыста мұхитқа дейін созылды» [2.584].
Негізінде «түріктік империя Шығыс мұхиттан Каспий теңізіне жəне Қытай мен Ти-
беттен Солтүстік Мұзды мұхитына дейінгі жерлерді қамтыды» [7].
Жалпы «түріктер» есімімен белгілі аталған қағанаттықтар мен т.б. мемлекеттік
бірлестіктер моңғол империясы құрылған ХІІІ ғасырдың басына дейінгі кезеңде Еуразия
аңғарындағы барша саяси, экономикалық, əлеуметтік, мəдени дамуда шешуші роль
атқарып келсе, ХІІІ ғасырдың басынан ХV ғасырдың ортасына дейін моңғолдық ұлыстар
мен мемлекеттердегі халықтардың да басым көпшілігі түріктер болды. Түрік тілі,
мəдениеті, салт–дəстүрі VІ ғасырдан ХV ғасырдың ортасына дейінгі кезеңде аталған
аймақта толық үстемдік етті.
Түрік халықтары, олардың орналасуы, тілдері туралы толық мəліметті алғаш рет
Махмұд Қашғари баяндайды:... екі топ, негізінде солтүстік жəне оңтүстік, əрқайсысында
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
2, 2010.
210
он халықтан, батыстан шығысқа қарай тəртіппен жиырма түрік халқы болды. Автордың
айтуынша, солтүстік топтың он халқын құрағандар: бедженек, кифджак, огуз, иамак,
башгирт, басыл, кай, йабаку, татар, киргиз; оңтүстік топтың он халқы: джикил, тухси,
ягма, играк, джарук, джукул, уйгур, танкут, хитай, тафгач.
... Шығыс Еуропа халықтарынан, жоғарыда аталғандардан басқа, тюрктерге жататын
болгар мен суварлар аталады»[2.587].
Кейін, əсіресе моңғол билігі тарағаннан кейін, көрсетілген аймақтарда өмір сүрген
халықтар, сонымен бірге Орта Азияға келген жекелеген моңғол тайпалары өкілдерінің
негізінде осы Еуразия өңірінде өздерінің ата–бабаларын түріктерден тарататын, тарихи
тамырлас қазіргі көптеген ұлттар, халықтар қалыптасты.
Енді осы «түрік» атауының, ұғымының шығуына тоқталып көрелік. Бұл туралы ұзақ
зерттеулер мен анықтаулар нəтижесінде əртүрлі жорамалдар, түсініктер мен мағыналар
қалыптасқан:
«... Түркі халықтары (түрік ұғымы. -Ғ.Қ.) туралы қыруар мəліметтерді біз сол түркі
тайпаларының өшпес мұрасы - өздері жасаған жазба нұсқалар арқылы да біле аламыз. ...
Біз көне түркі жазба нұсқаларынан тасқа қашалған мынандай сөздерді кездестіреміз:
«Бұны көру білің! Түрк бүдүн бүдүн аты йоқ болу бармыс ерті, өлтечі ерті. Ічре ашсыз
ташра тонсыз йабыз-йаблық будунта мен өзім қаған олуртым. Іл йеме іл болты, будун
йеме болты».
«Мұны көре білің (дер)! Түркі халқы аты жоқ бола бастаған еді. Өлімші (болған) еді.
Іші ассыз, сырты киімсіз нашар халыққа менің өзім қаған (болып) отырдым. Ел енді ел
болды, халық енді халық болды. Түркі бектері мен халқы, мұны естіңдер! Қандай
сөздерім бар болса, соларды мəңгі тасқа жаздырдым. Оларды көріңдер, ұғыңдар» [8] .
Негізінен алғанда түрік атауы «күшті», «мықты» деген мағынамен байланысты.
В.В.Радловтың көрсетуінше, «түрік сөзі өткендегі белгілі бір əулет немесе мемлекеттің
атауы ретінде көне ұйғыр жазба ескерткіштерінде «күш», «билік», «қуат», «күшті»,
«қуатты» деген мағына беріп, «ер түрік» деген қос сөзді ұғым берген.
В.В.Радловтан өзгеше Ю.Немет «күш», «қуатты» деген ұғымды түркі сөзінің кейінгі
этнонимі болған алғашқы мағынасымен байланыстырады.
Б.Мункаги жəне одан кейінірек Л.Базғи түрк-турук сөзін төре-төру-қалыптасу, туу,
пайда болу деген етістіктен тараған деп ұғындыруға тырысады.
А.Н.Бернштам түрік атауын белгілі бір қоғамдық–экономикалық кезеңмен –
феодалдық тəртіпке негізделген таптық қоғамның ерте қалыптасу уақыты жəне тиісінше
Махмұд Қашқаридың қандас, туыстас адамды «төркін», «ру», «тайпа» деген
мағынасымен байланыстырады».
... Махмұд Қашқари атап көрсеткен түрік сөзінің мағынасы қазіргі қолданылып
отырған алтай тілдерінен айқындала түседі, атап айтқанда: қырғызша түрік – «ірі жəне
семіз қой»; бурятша түрк – «бірінші», «басқы», «алдыңғы» немесе «құрметті» жəне
моңғолша «тургун» (тургум) 1) басшы, жетекші; 2) бірінші, алдыңғы, бастапқы, басты
дегенді білдіреді.
... Осы келтірілген мысалдар негізінде түрк (турук) этнонимі алғашында 1) бас,
басшы; жетекші; 2) бір нəрсенің жоғары жағы, жоғары, шың, бастау... яғни, түрік баш,
(бас, пас) немесе жалпы моңғолдық толға (толуғай, толғой) сөздерінің синонимдік
анықтаушысы болды. VІ-VІІ ғасырлардағы Суйну жазбаларында түрік атауы олардың
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
2, 2010.
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
211
тұрған жері Цзин-Шань «Алтай тауларының» (Алтай) баскиімге (шлем) ұқсастығынан
монғолдық «дуулга» - баскиім атауымен байланыстырылды.
... Ерте түрік – Ашындарды негізгі ұғым - бас, басшы, түсінігімен атау арқылы
олардың Саян-Алтай таулары мен Тянь-Шаньдағы көне тайпалары, қоғамдық
топтарының
саяси-экономикалық
жəне
идеологиялық
күрестегі
жетекшілік,
басқарушылық орындарын айқындаған.
Түрік əулетінің аталған тұрғыдағы терең тамырын Ю.А.Зуев атап көрсеткен: «... Вэй
дəуірінде (338 жылдан) Ашындар ондаған əулет мерзімі бойы (Юаньхэ Синцуань т.б.)
патшалық ру қызметін атқарды» [9] .
Тюрк аңызы... жəне қытайдың тарихи мəліметтері бойынша, Ашын Шығыс
Түркістандағы өмірі кезінде өз құрамына жаңа этникалық топтасуларды қабылдады,
жергілікті тұрғындармен араласты.
Ашындар мекендеген территорияларда, ІІІ ғасырдың аяғынан бастап 460 жылға дейін
Ашын əулетінің тілі мен мəдени дəстүрлеріне əсер еткен ирандық (согдийлік) жəне тохар
(үндіеуропалық) тұрғындар басым болды. Міне, осы жерде ерте түріктердің бүкіл
мəдениеті мен мемлекеттігіне əсер еткен түрік–соғды тығыз байланыстарының негізі
қаланды.
VІ ғасырдың екінші жартысында «тюрк» ұғымы мəліметтерде тіркеледі жəне кең
тарайды. Соғдиялықтар оны турктер деп атаған. Тюрк – соғдиялық көпшілік сан –
туркут, «түріктер».
Соғдиялық мағынаны (көпшілік тұрғыда) қытайлар қабылдады. (туцзюе – тюркют.)
Оның соңынан, тюрк мағынасы византиялықтарда, арабтарда, сириялықтарда тіркелді.
Қағанат құрылғанға дейін «түрік» сөзі 460 жылдан кейін Алтайда қалыптасқан он
(кейін он екі) тайпаның одағын білдірді. Бұл мағына қағанаттар заманында да атау болып
сақталды. Ол ертетүрік жазбаларында да тюрк бодун, бод – тайпа, бодун сөзі
тайпалардың бірлігі, одағы деген мағына береді, яғни бірнеше тайпалардан тұратын
халық. VІІІ ғасырдың ортасындағы мəліметтер «он екі тайпалық түрік халқы» дегенді
еске алады. Осы сөзбен тюрк – тайпа одақтары негізінде құрылған мемлекет – «Тюрк
эль» деген мағына алды» [1.77,79].
«... Ашын сөзі ирандық «көк», «қара көк» деген ұғым береді. Осы атауға байланысты
Шығыс Түркістанның ономастикасында бұл есім түсті анықтаушы ретінде
түсіндіріледі. Атап айтқанда, патша руы Кучи - «ақ» деп аталған, ал Хотан руы –
«алтынды», «алтын түсті» делінген. Кейінгі, 732-735 жылдардағы, үлкен Орхон
жазбаларында аталған қағандар туралы айтылатын бөлімде жаңа негізделген империяны
мекендеуші халық «көк түрік» деген атау алған. Қарапайым аудармада – «көгілдір», (көк)
түркілер.
... Алтайда Ашын руы біртіндеп өзінің айналасына жергілікті тайпаларды топтастыра
түсті. Жаңа тайпа одағы «түрік» атауын алды. Аңыз бойынша бұл есім Алтай
тауларының жергілікті атауымен сай келеді» [10].
Орхон-Енисей жазбаларын талдай келе, В.Бартольд «Хан өзіне еңбегі мен өзінің
қуатын (іш куч), өзінің халқын (будун) жəне ... мемлекетін (туру) қайтарып алғандығын
айтады.
... Хан өзінің халқын түркілер ... деп атаған», - деп көрсетеді [11.23].
... Бұдан 60 жыл бұрын француз тарихшысы Рене Груссе: «Қытайша деректерге
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
2, 2010.
212
негізделгенде түркілер бөріні төтем тұтады. Олар ғұндардың ұрпақтары. П.Пеллиоттың
пікірінше, ғұндардың бойында түріктерге тəн кейбір ерекшеліктер бар» деген еді.
Бүгінде түріктердің ғұндардың ұрпағы екені ғылымда бұлжымас ақиқатқа айналды.
Қытай ғалымы Фэн Цзячэн «tuгki» cөзінің түп-төркініне тоқталған кезде оның «баскиім»
деген мағынасы бар, VІ ғасырдағы түріктердің аты осы сөзден шыққан десе, Сюэ
Цзунчжэнь: «tuгik» ежелгі «шошақ төбелі сақтар» (tigra-houda) деген атаумен
байланысты.
«Tigra» дегендегі «tig» - парсы тілінде үшкір, тік, шошақ деген мағынада. Ал «ra» -
жалғау. Баскиім деген сөзді білдіретін «houda» сөзі кейін ұмыт болып кеткен де, түрік
деген ортақ тұлғаға шоғырланған тайпалар «Tigra» деп аталған. Кейін келе «tigra» сөзі
фонетикалық өзгеріске ұшырап, «turig», «turik» болып қалыптасқан дейді.
... Дания азаматы, Копенгаген университетінің профессоры, тіл ғылымының ерекше
білгірі В.Томсен атлас түріндегі экспедиция материалдарын зерттей отырып, Орхон
ескерткіштеріндегі құпия жазудың кілтін ашты. Бұл үшін ол Күлтегін ескерткішіндегі
қытайша жазбадан «түрік» (тук-ю), «Күлтегін» т.б. сөздердің қытайшасын тауып алды.
Сол арқылы зерделей келе, 1893 жылы желтоқсан айында құпия жазуды біржолата ашып
берді» [12.70, 189].
«Қытайлар Ашын халқының бодандарын, - деп жазады Л. И. Гумилев, - Ту-кю деп
атаған. Бұл сөзді П. Пельо «турк-ют» яғни түріктер деп сəтті аударған... Түрік сөзінің өзі
«күшті, мықты» дегенді білдіреді. А. Н. Кононовтың пікірінше, ол жинақтаушы ат кейін
тайпалар бірлестігінің этникалық атына айналған.
... 1500 жыл ішінде «түрік» сөзі өз мəнін бірнеше рет өзгертеді... V ғасырда кінəз
Ашынның айналасына топталған ортаға, сосын VІ–VІІІ ғасырлардағы түрікше сөйлеген
шағын халық - түріктер деп аталған... Орта жəне Орталық Азияның барша көшпенділерін
арабтар тілдеріне қарамастан «түріктер» деп атап кеткен.
... «түркіттер» халқы, Алтай мен оның бөктерлеріне тəн орманды, дала ландшафты
жағдайындағы этникалық араласу нəтижесінде V ғасырдың аяғында пайда болған... арада
жүз жыл өткеннен кейін, 546 жылы олар көне түрік немесе түркіттер деп аталатын тұтас
бір халық болып шыға келді.
Ал бұл кездері түрік тілі Орта Алтайдан бастап, сонау қиыр Батысқа, ғұздар,
қаңлылар немесе печенегтер, ежелгі болгарлар мен ғұндар тұрып жатқан елдер арасына
кең жайылып кеткен еді» [13].
Түркі халқының қалыптасуында ертеден қалыптасқан көптеген аңыздар да орын
алған. Атап айтқанда ... «қытай шежіресіндегі ертегі сықылды қисынсыз сөз түрік
жұртының арғы аталары бір ұрғашы қасқыр мен Хун атанған, жұрт қол-аяғын кесіп,
далаға апарып тастаған он жасар баладан туған дейді. Себебі қасқыр баланы тауып
алып, қиын таудың ішіндегі бір жартастың арасына апарып, асырап өсіріп, сол баладан
буаз болып, он бала тауыпты. Түріктер сол баланың нəсілі дейді» [14.322].
Қаншық қасқырдың балалары Тұрфан əйелдеріне үйленеді. Оның немерелерінің бірі –
Ашын жаңа тайпаның көсемі болып, оған өзінің есімін береді. Кейін Ашын руынан
тараған көсемдер өз туыстарын Алтайға қоныс аудартып, олар жергілікті тайпаларға
басшылық жасап, олар тюрк атауын иеленеді [1.77].
Өзіне дейінгі «түркі» атауының берілуі туралы деректерді толығымен зерттеген
Шəкəрім: «... Əбілғазы хан һəм басқа мұсылман шежірелерінде ең бұрын от жаққан,
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
2, 2010.
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
213
пешті, жылы үйді шығарған түрік дейді. Бұл қытай сөзінде от жағып үйреткен Надулуша
Тукю, яғни Турку атанды дейді», - деп жазады [14.322].
«Түрік» сөзінің өзі қаралып отырған мерзімде,- деп көрсетеді Сібір, Алтай өңірінің кө-
не тарихын зерттеуші С.В.Киселев, - белгілі бір этникалық ұғымға ие болмаған, құрамы-
на əрқайсысының өздерінің атаулары бар əртүрлі тайпалар енген саяси бірліктің есімі.
Махмұд Қашғарида түрік сөзі жеке бір халық ретінде аталмайды. «Құдай ұлы да күшті.
Мен өз əскерлерімді «түрік» деп атап, оңтүстікке орналастырдым», - деп жазылған.
«... Осы жерде бірінші атап кететін жағдай, əртүрлі тайпалардың ақсүйектерінің сол
рулық құрылымның өзінен алған дəстүрлер негізінде ... «тюг» – олардың «мəңгілік елге»
бірігуі болды». Осы елге Орхон жазбаларында халық тарапынан «будун» көмек көрсету
талап етілді.
В.Бартольд, В.Томсен жəне Ф.Хир «елді» - ру, тайпа, ру одағы деп есептейді.
А.Н.Бернштам «ел» - мемлекеттік ұйымды білдіретін түркі ақсүйектерін бейнелейді
деген қорытындыға келді. Түріктік ел – билеуші топ. Түріктік ел бізге тарихтан белгілі,
өздерін “түрік” деп атаған халықтың бейнесін білдіреді.
... Міне, осыдан «ел» туг-юлердің мемлекеттік құрылымын ғана көрсетіп қоймайды,
“ел” - біріншіден, ақсүйектерді, немесе өздерінің құқықтарын мəңгілік (мəңгілік ел)
ретінде анықтайтын ақсүйектік тайпа, немесе ру дегенді білдіруі мүмкін» [15.503-504].
С.М. Акинжановтың тұжырымы бойынша: «Тюрк» этнонимі ... - саяси ұғым, өзара
түсінікті тілде сөйлейтін белгілі бір халықтар тобының жинақтаушы бейнесі ретінде
белгілі болды» [5.58].
«Тюрк» сөзі (қытайша – тукюе) – бір көшпелі халықтың атауы ретінде алғаш рет б. з.
VІ ғасырында пайда болды... Түрік сөзіне В. Томсен «қуат», «күш» деген мағына береді.
Оның пікірі бойынша, бұл сөз алдымен жекелеген бір тайпаның есімі ретінде, одан да
анық – төрелер есімі болуы мүмкін. Жазбаларда «тюрк» мағынасы этнографиялықтан
гөрі саяси мəн ретінде айқындалады: оған «менің тюрктерім», «менің халқым» деген
атаулар дəлел бола алады» [2.576].
Түрік қағанатының тарихын зерттеуші С.Игібаевтың көрсетуінше: «Түрік мемлекетін
негіздеуге тікелей қатысқан тайпалардың көпшілігінің тарихы Алтай-Тарбағатай
тайпаларымен тікелей байланысты. Сондықтан да Н.Я.Бичуриннің «түрік» атауын
шеңбер тəрізді («дулыға») орналасқан Алтай тауларымен байланыстыруы кездейсоқ
емес».
... «Етегінде Ашындар көшіп жүрген, - деп жазады Н.Я.Бичурин,- дөңгелек шеңбер
негізіндегі ішкі жағы терең жəне кең жазықпен жоғары көтерілетін, дулығаға ұқсас
биіктерден тұрады. (Бұл бейне. -Ғ.Қ.) моңғолша «дулыға» деп аталып, Ашындар өз
ұрпақтарына осы атауды қабылдаған.
Алтайды Азия тарихшылары «Эргене-күн» деп атайды, бұл түрікше – тік қырат
дегенді білдіреді. Алтайдың табиғи жағдайы мен дулыға ұрпағының хан үшін темір
өндіруі оларды «таудан шығушылар» деген аңыздың негізделуіне жағдай жасады.
«Дулыға» қазақ тілінде де баскиім (темірден жасалған, əскери.-Ғ.Қ.) деген мағына
беретіндіктен мұны моңғолдық сөз емес деген тұжырым жасауға болады. Қытайлықтар
Ашын ханның бағыныштыларын – «ту-кю», ал олардың билеушілерін – «тугю əулеті»
деп атаған» [16].
Бичуриннің келесі тұжырымы бойынша: «Тульга əулеті” Қытай тарихында қателесіп,
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
2, 2010.
214
«Ту-гюй» деп аталған. ... «Ашын» деп аталатын солтүстік ғұндар руының шағын
əулетінен тұрды. Бұл əулет ертеден Алтайдың оңтүстік аймағында қоныс етіп, жужан
əулетінің билігімен оларға темір өндірумен айналысты» [17].
Яғни бұдан жалпы «түркі» атауының Алтай тауымен тікелей байланыстылығы да
айқындала түседі. Моңғолша, мүмкін түрікше де, «дулыға» деген сөзден дулығадай
созылған Саян-Алтай, Сəуір-Тарбағатай тауларын мекендеген біздің арғы ата-
бабаларымыздың осы аймақтарды ертеден қоныс етіп, өркендеп, дамығандығын
айқындауға болады.
«... Түркілік деген сөзден ыңғайсыздық, іс-қимылдағы дөрекілік деген де мағына
туады.
... соңғыларын (түріктерді.-Ғ.Қ.) ойының ұшқырлығы, əрекетінің əдептілігін дəріптеп,
сенімді қызметкерді, əскери қабілетті жауынгерді немесе сенімді адамды іздесе,
түркілерге тоқтаған» [18].
«Түрік» деген сөздің құмандық тұран –темір соқа жəне шуваштық «... соқаның жүзі»
деген сөздерімен ұқсастығы бар деген жорамалы ерекше маңызға ие болады» [14.496].
Келесі зерттеушілердің тұжырымынша: «... Алғашында «түрік» сөзі жекелеген
тайпалардың саяси одағын бейнеледі» [19].
«Одан ары «тюрк» мағынасы кең саяси түсінік алып, тюрктер бағындырған
тайпалардың бірлестігі айқындалды. Сонымен қатар сөздің тар аристократиялық жəне
этникалық мағынасы да сақталды, себебі билеуші Ашын руына жататындар ғана
«тюрктер» деп аталды» [20.35].
Тағы да басқа мəліметтер бойынша, «тюрк» ұғымы... алғашында неғұрлым тар мағы-
насында қолданылған... Екі белгілі билеуші ру мүшелері: ашиналар... жəне ашидалар ...
тюрктер болған. Тюрк қағаны əрқашан ашина руынан, ал оның əйелі – катун – ашида
руынан болды. Кейде мəліметтерде «ашина» жəне «тюрк» этнонимдері аралас қолданы-
лады. ... Көптеген зерттеушілер ашинаны сюннулардан таратады. Ю. А. Зуев ашиналар-
дың шығуының үйсіндік бастамасы туралы жорамалға назар аударады. ... Ю. А. Зуев
ашинадағы хотандық – сақтық «аsапа» – көк, аспандық мағына, шығыстық тюцзелердің
«көк tiipk» (көктік, аспандық) атауымен жақсы үндесетіндігін көреді» [20.37,38].
VІ ғасырдың ортасынан Еуразия аңғарының көшпенді шаруашылықпен айналысқан
тұрғындарына берілген жиынтық «түрік» атауы одан кейінгі кезеңдерде олармен тығыз
араласып, қатынас жасаған көрші халықтарға да беріле бастады. Тіпті орыстар мен
славяндарды түріктер деп атаған. «ІХ-ХІ ғасырларда түрік - жауынгер солтүстік
халықтарының, соның ішінде мадьяр, орыс жəне славяндардың жалпы атауына
айналды» [21] .
Осы айтылғандардан сол дəуірдегі Еуразия халықтары арасындағы жалпы түркілік
сөздердің кеңінен тарап, қолданылғандығын, «түркі» атауының «жауынгер, қуатты,
мықты» деген ұғым ретінде қабылданғандығын білуге болады.
«Тарихи деректерде «түркі» терминдік атауы VІ ғасырдың екінші жартысында
кездеседі жəне содан бастап кеңінен таралғаны көрінеді. Түркі қағанаты құрылғанға
дейін “түркі” сөзі он (кейінірек он екі) тайпаның 460-жыл шамасында Алтайда пайда
болған одағы деген мағынаны білдіріп келген болатын. Түркі елі дүниеге, міне, осылай
келген еді» [22].
Тюрк, түрік атауының шығу, қолдану, оның Еуразия өңірінің орталық аймақтарын
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
2, 2010.
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
215
мекендеген біздің ата–бабаларымызға жиынтық атау ретінде берілуі жобаларының бірі
осы болар.
Бұдан шығатын қорытынды, қазіргі барша түркі халықтарының ата-бабаларына осы
атаудың берілуінің, оның ұғымының нақты, толық бір жауабын айту қиын.
Қалай дегенмен де біздің заманымыздың бірінші мың жылдығының ортасындағы
Еуразия аңғарындағы үлкен көшпелі мемлекетті негіздеп, өз ықпалын барша сол кездегі
өркениетке таратқан біздің ата-бабаларымызға берілген “түркі” атауы олардың өз
уақытындағы экономимкалық, əскери қуатына, бір ел болып біріккен тұтастығына сай
болған шығар.
Яғни VІ ғасырдың ортасында бір орталыққа біріккен Түркі қағанатын құрған олар
өздерін «тұтас ел, қоғамды біріктіру» мазмұнын айқындайтын «түркі» ұғымымен атаған
деуге негіз бар. Осы атау іле-шала түркілік халықтары, мемлекеттерімен тең дəрежедегі
экономикалық, əскери т.б. қатынас жасаған Қытайда қабылданып, одан ары Еуропаның,
Таяу Шығыстың елдеріне тараған деген тұжырым жасауға болар. Мұны жоғарыдағы
көрсетілген «Орхон-Енисей» жазбаларындағы мəліметтер жəне сол дəуір мен одан
кейінгі кезеңдердегі көптеген ғалымдар зерттеулері дəлелдей түседі.
Кейін уақыт өте келе «күшті, қуатты ел» т.б. игілікті тұрғыдағы мағына беретін атау
алған түркі халықтарының саны артып, қанатын жайып, көптеген туыстас ұлттарға
бөлінді.
Осы күнге дейін бұл есім тарихы, салт-дəстүрі, тілдері, сенімдері біртұтас осы барша
Еуразия аймағын мекендеп отырған жергілікті халықтардың өткен тарихының бай, өз
кезіндегі заман талабына сай өркендеп, дамығандығын дəлелдеп, олардың қазіргі
ұрпақтарының, соның ішінде қазақтардың оңды мақтаныш сезімін тудырады.
Əдебиеттер тізімі:
1.
Кляшторный С.Г. Казахстан: летопись трех тысячелетий / С.Г. Кляшторный, Т.И. Султанов. - Алматы. 1992. –
С. 374.
2.
Академик В.В. Бартольд. Сочинения, том-V, Работы по истории и философии тюркских и монгольских наро-
дов.-М.: Наука, 1968. - 758 с.
3.
Ирмуханов Б. Б. Древняя история Казахстана. – Талдыкорган, 1998. - 59 с.
4.
Бичурин Н.Я. (Иакинф) Собрание сведений о народах, обитавших в Средную Азию в древние времена. - Т.1.-
Алматы, 1998. -224 с.
5.
Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории Средневекового Казахстана. - Алматы: Ғылым, 1999. - 296 с.
6.
Кляшторный С.Г. Восточный Туркестан глазами Европейских путешественников / С.Г. Кляшторный, А.А. Ко-
лесников, М.К. Басханов. – Алматы, 1991. - 14 с.
7.
Оссон К. Д. От Чингисхана до Тамерлана. – Алматы, 1966. - 31 с.
8.
Айдаров Ғ. Орхон –Енисей жəне көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы: Рауан. - 3-4 бб.
9.
Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. – Алматы: Мектеп. – 2003. - C. 37-39.
10.
Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы евразийских степей: древность и средневековья. Спб. –
2004. - С. 87.
11.
Бартольд В.В. Тюрки: Двенадцать лекции по истории турецких народов Средней Азии.- Алматы: Жалын, 1993.
12.
Қайыркен Т.З. Көне түркі ескерткіштеріндегі қытай жазбалары. - Өскемен, 2008. - 70, 189 бб.
13.
Гумилев Л. Н. Көне түріктер. – Алматы, 1994. - 22, 24 – 25 бб.
14.
Құдайберді ШаҺкəрім шығармаларының үш томдық жинағы. - Алматы: Халықаралық Абай клубы, 2008. - Т.2.
Өкінішті ғұмыр. - 432 б.
15.
Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири. - М., 1951. - С. 642.
16.
Игибаев С.К. Образование тюркского каганата и его распад. - Усть-Каменогорск, 2004. - 8, 10-11 с.
17.
Записки о Монголии, сочиненной монахом Иакинфом с приложениями карты Монголии и разных костюмов. -
Т.1., Ч. І-ІІ. - Спб., 1828. - С. 109.
18.
А. Вамбери. Очерки Средней Азии (Дополнение к путешествии по Средней Азии). - М., 1868. - 291-292 с.
19.
Потапов Л.П. Очерки по истории Алтайцев. - Новосибирск, 1948. - С. 95.
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
2, 2010.
216
20.
История Казахстана. Народы и культуры. - Алматы: Дайк –Пресс, 2001. - С. 608.
21.
Барманкулов М. Тюркская вселенная. - Алматы: Білім, 1996. - С. 57
22.
Назарбаев Н. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. - 82 б.
қабылданды 5.04.10 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |