Халқаманұлы Шерхан 19-200-31 5-Тәжірибе Мазмұны



бет1/8
Дата07.01.2022
өлшемі1,18 Mb.
#17844
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Практика


Халқаманұлы Шерхан

19-200-31

5-Тәжірибе

Мазмұны:

  1. RIJNDAEL шифрлау алгоритмі.

  2. ГОСТ 28147–89 стандарты.

  3. CBC және ECB шифрлау режимдеріне салыстырмалы талдау жасау.

  4. CBC және CFB шифрлау режимдерін салыстырмалы талдау жүргізу.

  5. Фейстель желісі.

RIJNDAEL шифрлау алгоритмі

Rijndael – бұл «Квадрат» сəулеті бар блоктық шифр. Блоктардың ұзындығы айнымалы, кілттердің ұзындығы əр түрлі. Блок пен кiлттiң ұзындығы бір біріне тəуелсіз 128, 192 немесе 256 бит болуы мүмкін. AES стандарты ретiнде блоктың ұзындығы 128 битке тең Rijndael варианты қабылданған [18, 31, 34, 37].



1) Деректер блогының пішімі жəне раундтық түрлендіру Криптографиялық түрлендірулер барысында бастапқы жəне шифрланған деректердің блоктары, сондай-ақ шифрлау үрдісінің барлық аралық нəтижелері байттардың тік бұрышты массивтері түрінде сақталады. Криптоалгоритм кезінде орындалатын түрлендірулердің аралық нəтижелері қалып-күй

“Үш еселі DES” (3DES) сұлбасы

(Қалып-күйді, байттардың тік бұрышты массиві түрінде көрсетуге болады Мұндағы аі – деректер блогының байты, ал əрбір баған – бір 32-разрядтық сөз.

Блоктың ұзындығы 128-битке тең болған жағдайда, бұл 16- байттық массив 4 қатардан жəне 4 бағаннан тұрады (əрбір қатар, əрбір баған 32-разрядтық сөз ретінде қарастырылады). Кіріс деректері s00, s10, s20, s30, s01, s11, s21, s31, ... қалып-күй байттары ретінде көрсетіледі. Шифрлаудың аяқталуынан кейін, шығыс деректері қалып-күй байттарынан осы тəртіп бойынша құрылады. Жалпы жағдайда Nb бағандар саны, блок ұзындығын 32-ге бөлгендегі санға (бөліндінің мəніне) тең. Мəселен, блоктың ұзындығы 128-битке тең болғанда: Nb=128/32=4.



Шифрлау кілті де төрт қатарлы тік бұрышты массив түрінде (Nk=4) көрсетілген (2.25в-сурет). Nk бағандар саны кілт ұзындығын 32-ге бөлгендегі бөліндінің мəніне (санға) тең. Мұндағы sij жəне kij – і-ші қатар мен j-ші бағанның қиылысуындағы State массивінің жəне кілттің байттары.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет