Халық ауыз әдебиеті



Дата14.10.2023
өлшемі20,51 Kb.
#115143

Абай атындағы ШҚГК
Тақырыбы:
Халық ауыз әдебиеті және шешендік өнер

Орындаған: Назарбекова Т.


21-ББ-1

2022-2023 оқу жылы


Халық ауыз әдебиеті
Фольклор – қазіргі тілмен айтқанда «әмбебап», яғни синкретикалық өнер түрі. Онда өнердің әр түрі – сөз, музыка, хореография және театр өнері шоғырланған.
Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.
Адамзат өзінің сонау балаң кезінде, табиғаттың жұмбақ, тұңғиық сырына ойы жете алмаған кезінде сол табиғаттың сиқырлы алуан жұмбағын шешсем, оны өз игілігіме жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетімен бейнелеген. Адамның табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерілеуіне, адамның ой-санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең болауына байланысты ауыз әдебиеті де мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінің сонау көне дәуірден келе жатқан рухани мұра екені «Құламерген», «Ер Төстік» ертегілерінен айқын танылады.
Әлеуметтік жікке бөлінген қоғамдық өмірдегі қайшылықтар, байлар мен соған тәуелділер, кедей-кепшіктер арасындағы күрес, тартыс ауыз әдебиетінің мұнан былайғы даму өрісінде кең қамтылған. Халық ауыз әдебиетінің өлең-жыр, ертегі, мақал мәтелдері, лиро-эпостық жырларында қарапайым адамдардың, еңбек адамдарының жасампаз күшіне, ақыл-парасатпен сенген, соларды мадақтаған.
Сондықтан, ауыз әдебиетіндегі бұқара өкілдері тек жақсы жағынан ғана суреттеледі, олар тамаша қасиеттері арқылы оқушыны өзіне еліктіре біледі.
Ауыз әдебиетінің түрлері
Халық ауыз әдебиеті әр салада, әр түрлі жанрда дамыған. Тұрмыс-салт жырларынан бастап, эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлыө өрісін танытады.
Тұрмыс-салт әдебиетінің негізгі түрлері:
тұрмыс салт жырлары;
• мақал-мәтелдер мен жұмбақтар;
• лиро-эпостық жырлар;
• айтыс өлеңдері;
• тарихи жырлар, шешендік сөздер.

Халық ең асыл өнері – бай ауыз әдебиеті арқылы өзінің тарихын, халықтық рухын бейнелеген. Қорыта келгенде, ауыз әдебиетінің толып жатқан түрлерін эпостық, драмалық және лирикалық жанрдың маңына топтауға болады.



ШЕШЕНДІК ӨНЕР
Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел-жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген. Ел намысын қорғаған ерлерді "нар", "арыс", "арыстан", "ерім", "азаматым" деген сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен"; шеберді "темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дәріптеген.Жақсы адамдарды көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына үлгі еткен. Олар ауылына келгенде баласының аузына түкіріп, отырған жеріне аунатып алған.Ел сыйлаған адамдар есімі халық жадында мәңгі сақталған. Мыңдаған, жүздеген жылдар өтсе де, Бәйдібек, Қазыбек, Байдалы билердің, Домалақ ана, Гауһар, Ақбикеш, Айбике аналардың, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынбай батырлардың есімін жұрт әлі де мақтанышпен айтып отырады. Шаршы топта сөз бастау қиын: Тауып айтсаң, мереке қылады, Таппай айтсаң, келеке қылады. -Досбол шешен
Шешені судай төгілген халықпыз. Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да, баталы да сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз. «Сылдырап өңкей келісім» деп Абай айтпақшы, өлең сөзге дес бермеген, ауылдың алты ауызын аңыратып, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітіретін данышпан халықтың перзентіміз. Небір дүлдүлдер домбыраны дәсерлетіп, қиыннан қиыстырып сөз тауып айта білетін аталар мен әжелер, ару аналар мен абзал әкелер тәрбиелеген ұланбыз. Тізбекті тарата берсем, таусылмасына көзім жеткендей-ақ. Ата-бабамыз жаудан қаймықпаған, сөзден тосылмаған. Ерттеулі атына міне сала жауға шапқан, шынайы шешендік өнерге машықтанғандар. Біз – шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демей ме дана халқымыз?! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешіп бере алатын қайран қазағым демеске лажым жоқ! Шешендік өнерді ең асыл өнер деп бағалаймын мен өзім. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығарған халқымның өресі биік, өрісі кең, шығар асуы жоғары десем, нағыз бағасын бергенім ғой. Иә, көпті көрген, көп жасаған қазақ қариялары оқымаса да көкейге тоқығандарын, одан жасаған қорытындыларын құймақұлақ жастарға үйретуден жалықпаған. Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген. Олардан үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған. Үлгілі, аталы сөз кемеңгер ой мен шебер тілден ғана тумаса керек-ті. Қазақтың оқу жасына толмаған баласынан бастап, қол бастаған батырларына дейін бақылап, шешен-билерін тыңдаған поляк саяхатшысы Янушкевич халқымыздың ақыл-ой қабілетін ерекше бағалайды. Бір көргенін үйреніп, лезде жаттап ала қоятын, өзінің білгенін біреуге жеңіл де тез түсіндіре қоятын қабілетіне, зеректігіне шет жерлік жолаушы да қайран қалады. Шешендік — тек жақсы мен жайсаңның ғана еншісі емес, бүкіл халықтың қасиеті екендігіне көзі жетеді. Міне, осындай зор қасиет-қабілетке ие, менің халқым! Шешендік өнер қай жерде сөзге бостандық, еркіндік болса, сол жерде ғана дамиды деп ойлаймын. Өйткені, ақыл-ойға, сөзге, тілге қысым жасалса, шек қойылса, ақындар мен шешендер сөйлей алмайды, сөз өнері де тоқырауы әбден мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет