Халық ертегілері негізінде балаларды елжандылықҚа тәрбиелеудің педагогикалық сипаттамасы



Дата02.06.2023
өлшемі27,94 Kb.
#98393
түріСказка
Байланысты:
Серікқызы Жанар мақала


ӘӨЖ 82.512
ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫ ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Серікқызы Ж.- МҚТ-21-2 тобының білім алушысы


Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., аға оқытушы Акилбаева Г.И.
ОАИУ

Аннотация


В казахской народной педагогике сказка способствует усвоению нравственных качеств, формируя познавательный интерес молодого поколения. В данной статье рассмотрена педагогическая характеристика воспитания детей на основе народных сказок.


Summary

In Kazakh folk pedagogy, a fairy tale contributes to the assimilation of moral qualities, forming the cognitive interest of the younger generation. This article discusses the pedagogical characteristics of the upbringing of children based on folk tales.

Ертегі-өмір оқулығы, өйткені, қуаныш та, шаттық та, уайым-қайғы да, бәрі ертегілер мазмұнынан орын алған.


Сондықтан балалардың ертегісіз өмір сүріп, өсіп-жетілуінің қиындықтары болады. Қай халықтың болмасын ертегілері балалардың жас ерекшеліктеріне, тұрмыс-тіршіліктеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне, мақсаты мен талап-тілектеріне сай жазылып, тартымдылығымен, бейнелілігімен және сезімге ықпал етуімен ерекшеленеді.
Қазақ халық педагогикасында да ертегі жас ұрпақтың танымдық қызығушылығын қалыптастыра отырып, имандылық қасиеттерді сіңіруге ықпал етеді. Ертегіні жас, кәрі де қызығушылықпен қабылдайды. Қазақ халық ертегілері өзінің мән-мазмұнының тереңдігі, шыншылдығы, тапқырлығы, әзіл-мысқылдығы және әлеуметтік мәні жағынан көрнекті көркем құбылыс болып табылады.
Ертегінің тәрбиелік процессін қолдануда айтылып кеткен механизмнің үш құрастырушының белсенді көрінуі байқалады.
Өзінің универсалды дәстүрлі ертегілік формасы (сюжет, композиция, құрылым, кейіпкер, эмоционалды фон) арқасында барлық уақытта және халықтарға бір қалыпты болып қала береді, және де эффективті механизм ретінде баланы мәдениет әлеміне еңгіздіреді, әсіресе алғашқы әлеуметтену кезеңінде. Баланың субмәденитінде маңызды роль атқара отырып ертегі өз кезегінде көп функционалды – ол баланы өзін түсінуе, сріктестіктен өзін қуанышты сезінуге, өзінің уникалдылығын көрсетуге көмектеседі. Ол баланы индивидуалды және ұжымдық творчествосының субъектісіне қаратқызады: ертегідегі бар адамзаттық бай әлеуметтік тәжірибесіне сіңіп өзінің творчестволық потенциалын байытады. Филлипова Ю.В. және Кольцова И.Н. бойынша ертегінің ең маңызды әлеуметтік мәдени функциясы ретінде келесіні бөліп шығарады: бірлестік (со-единство), сенімділік (со-довери), қайғыру (со-страдание) және серіктестік (со-трудничество) сезімдері балада қалыптасады. Ертегі ол мінез-құлықтың мотивін өзгертетін мықты детерминанта ғана емес, ол адамзат қоғамын біріктіретін әлеуметтік күші ретінде «келісушілік зонасы» болады. Ертегінің әлеуметтік маңызды, алғашқы механизмі ретінде айтқанда көп деген авторлар балаларға білім беруші мүмкіншілік ретінде оның танымдық қабілеттеріне толық бағалай алмай, ертегінің мақсаты – ол сезімдерді көрсететін образын беру ғана дейді, ал мифтің танымдық функциясы терең когнитивті эпистемиологиялық мәні бар.
Ертегі кейіпкерлерінен халықтың моральдық келбеті мен поэтикалық бейнелеу сипаты көрінеді олардың баяндалуынан әлеуметтік қатынастар сипатталады.
Мектепке дейінгі балалардың бойында елжандылық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында сұрыпталған қазақ халық ертегілері:
Тұрмыс - салт ертегілер «Еріншек», «Ай мен күн», «Зеректік», «Құлақ», «Мұрагер», «Уәзір мен шал», «Еңбекпен ел көгерер», «Көп қорқытады, терең батырады» т.б. «Бай мен кедей баласы», «Жақсылық пен Жамандық», «Кұрмаш пен Нұрмаш», «Жалғас», «Зерделі», «Үш кісі», «Бекжанның амалы», «Шал мен кемпір», «Шешен бала», «Ат бағушы», «Ақылды адам», «Ғажайьп бақ», «Ұлына өсиет», «Үш ауыз сөз», «Бақыт іздеушілер», «Алпысқа келгеннен ақыл сұра», «Кедейдің үш баласы», «Атасы мен келіні», «Жақсылыққа жақсылық», «Дана қыз бен данышпан жігіт», «Алты ақымақ бір зерек», «Өнердің куші», «Өнердің құдіреті» т.б.
Қиял-ғажайып ертегілер «Етікші», «Алтын балта», «Айдаһар», «Молда, ұста, тігінші», «Ханның қойшысы», «Жоғалған хан қызы», «Қара жылан мен ақ жылан», «Алтын сақа», «Алтын балық», «Алтын жүзік», «Сиқырлы қыз», «Патшаның үш қызы», «Патша қызының уақиғасы», «Сүлеймен мен диқаншы», «Тас болған шаһар» т.б. «Ақ қоян», «Алтын ат», «Алтын мүйізді киік», «Қармақ салған жігіт», «Үш жетім зерек бала», «Үш мұрын», «Аю мен бала» т. б. «Алтын кұс», «Алтын құс пен Сұр қасқыр», «Жеті өнерпаз», «Жас баланың сапары», «Түсін іздеген жігіт», «Жайық пен Еділ», «Төлеген мен Нәзипа», «Адам болған жылан», «Өнер өрге шығарады» т.б. Атап айтқанда имандылық белгілі бір халықтың салт-дәстүр әдет ғұрыптарына байланысты туындайтын ізгі қасиеттер жиынтығы деген болсақ, оның құрамына адалдық, әділдік, адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік, батырлық, адамсүйгіштік, сыпайылық және т.б. қасиеттерді жатқыза аламыз.
Жануарлар туралы ертегілер. «Жалқау мысық», «Ешкі мен қасқыр», «Төрт түлік малдың кеңесі», «Қартайған арыстан», «Үш аю», «Аш қасқырдың дәмесі», «Екі лақ», «Арыстан мен түлкі», «Жолбарыс пен тышқанның достығы туралы», «Түлкі, қойшы, аю», «Үш дос...», «Ақ күшік пен қасқыр», «Қызыл мысық», «Арыстан мен тышқан», «Жолбарыс пен қоян» «Көктем сәні», «Көжек», «Қара қошқар», «Бақа мен кірпі», «Бозінген», «Жолбарыс пен ұры» және т.б. Атап айтқанда имандылық белгілі бір халықтың салт-дәстүр әдет ғұрыптарына байланысты туындайтын ізгі қасиеттер жиынтығы деген болсақ, оның құрамына адалдық, әділдік, адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік, батырлық, адамсүйгіштік, сыпайылық және т.б. қасиеттерді жатқыза аламыз.
Халық шығармашылығының үздік үлгілері, жалпы халықтық мәдениеттің бөлшегі ретінде саналады және онда сол халықтың жақсылық пен жамандық, әдемілік, ақиқат тұлғаның жоғары сапалық қасиеттері көрініс табады. Халық ауыз әдебиетінің көптеген жанрларының ішінде ертегілер өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің мінез-құлқына, қөзқарастары мен тұжырымдарының қалыптасуына, эмоция мен сананың дамуына әсер етуде ерекше орын алады. Халық асында ертегі айту – бұл тек көніл көтеру емес, сонымен қатар ол адамгершілік ақиқаттарды оқытуды, жас ақылды ойлауға үйретуде ерекше тәсілдер. Ертегілерде халық педагогикасының мағынасы мен бағыттары белгілі бер дәрежеде ашылады. Ертегілер көркем ойдан шығаруға негізделген, эпикалық - халықтық хабарлы жанырдың түрі. «Ертегі өнердің ежелгі түрлеренің бірі. Ол өзінің тамырын халық шығармашылығында ежелгі дәуірден алады және осы күнге шейін оған көркемдік ләззат силай отырып адамның сереге болып қалуда. Ертегілердің жоғары тарихи лайықтылығы мағыналы түрде былай түсіндіріледі: онда жүздеген жылдар бойы халықтың ойы мен сезімі жинақталғандықтан» Халық ауыз шығармашылығының бұл жанры халық өмірімен, оның қайталанбас ұлттық ерекшелектерін сіңіре отырып өте тығыз байланыста дамыды. Ертегілер - әрбір халықтың халық ауыз шығармашылығындағы ең бай бөлімі. Олар халық жүрегінде қазыналық ойлар, арман, шығармашылық ақыл ой сақталып қалды. Бүкіл халықтардың халық ауыз әдебиетінде ертегілер ерекше жан жақты болып келеді. Олар үшін жалпы ерекшелік жалғыз-ерекше мағынаға толы көркем прозаның формасы. Кейде бүл - таң қалдыратын фантастикалы саяхат немесе ерекше ғажайып айналу. Ертегілер халықтың күнделікте өміріне, әлеуметтік топтардың күресіне және шынайы тарихи оқиғаларға негізделеді. Қоғамдық, адамгершілік идеалдарды халық тарихында сипаттай отырып жаңа ұрпаққа білім моральдық құндылықтар, қоғамдағы этикалық қарым-қатынастарды бере отырып ертегі адамға үлкен тәрбиелік әсер етеді. К.Д Ушинский, Н.К Крупская, А.С Макаренко, В.А Сухомлинский секілді педагогтар ертегінің тәрбиелік мәні туралы жоғары баға берді. Ушинский былай деп жазды: «Халық ертегісінде бала поэзиясы орындалған – халық балаларына қиял ертегілерін айта отырып сонымен қатар жартысы осы қиялға өздері де сенеді» .
Елжандылық тәрбиесі адамзат қоғамының барлық кезеңінде және барлық жастағы адамдарды тәрбиелеуде өзекті мәселе болған. Қоғамның өзгеруіне байланысты оның мақсаты, сұраныстары да өзгереді. Елжандылық тәрбиесі туралы тарихи дамуды зерделеу бізге мәселенің философиялық, психологиялық және педагогикалық ғылымдар саласында жан-жақты зерттелген.
Отанды сүю, өз халқын құрметтеу, адал болу, оны қорғауға әзір тұру, ұлттар арасындағы достықты нығайту, бейбітшілікті сүю, ел үшін жанын қию, ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру, әрбір баланың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың үздік үлгілерін үйлестіре дамыту, руханилық, барлық адамдарға деген сүйіспеншілік деген сезімдерін т.с.с. тәрбиелеу мектепке дейінгі мекеме балаларын елжандылыққа тәрбиелеудің өзекті арқауы болып табылады. Бүгінгі таңдағы мектептерде елжандылық тәрбиесі айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшырауда. Себебі, кешегі күні өткен тоталитарлық жүйе ұсынған белгілі бір ұлтқа немесе жалпыадамзатқа тән құндылықтар деп бағаланып келген елжандылықты дінмен байланыстырып, ауызға алға қорыққан бүгінде бұл ұғым ғылыми тұрғыдан негізделіп жаңаруда. Мысалы: қазіргі нарықтық замандағы басты құндылықтарға: жеке меншік, нарық, пайда, айла және бәсекелестік т.с.с. жатқызылып жүр. Дей тұрғанмен, жалпыадамзаттың дамуына аса қажет: еңбектену, өмір сүру, бостандық, сөз бостандығы, дін еркіндігі, өркениеттілікке ұмтылу, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, ар-ұят, төзімділік, жауапкершілік, тиянақтылық, мәдениеттілік, ұқыптылық, әдептілік, парасаттылық, жан тазалығын сақтау т.с.с. құндылықтар өз қасиетін жойған жоқ, келешекте де жоймақ емес.
Әдебиеттер

  1. Ғабдуллин, М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті Оқу құралы - Алматы: Рауан, 2013.- 456 б.

  2. Жақыпбеков, Б.Ә. Қазақ халқының ауыз әдебиеті Оқу құралы - Шымкент: Әлем, 2019.- 100.

  3. Бахадырова, С. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті Оқу құралы - Шымкент, 2017.- 61 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет