МЕЙІРІМДІЛІК ЖҮРЕКТЕ Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Адамның бойындағы –ұнамды ұнамсыз қасиеттерді айта отырып оқушыларды әдептілік, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері: Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері «Болады-болмайды»
(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын 2 рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда аяқтарымен тарсылдатады)
-Мейірімді болуға …. (болады), Кешірімді болуға (болады),
Қатыгез болуға …. (болмайды), Тәртіпті болуға …. (болады),
Әдепті болуға …. (болады), Ұрысқақ болуға…. (болмайды),
Сыпайы болуға …. (болады), Қайырымды болуға …. (болады),
Бұзық болуға …. (болмайды), Бауырмал болуға …. (болады),
Ақылды болуға ….. (болады), Мақтаншақ болуға …. (болмайды),
Шыншыл болуға …. (болады), Арам болуға …. (болмайды),
Маман болуға …. (болады), Жаман болуға …. (болмайды),
Айтпақшы, Жаман болуға ….! (болмайды).
Пойыздың дауысы
Құрметті жолаушылар, Астана уақыты сағат 13.45 – те бастауыш мектебінен «Мейірімділік» бекетіне пойыз жүргелі тұр. Жолаушыларды өз орындарына жайғасуын сұраймыз!
Оқушылар орындарына отырады.
Дайынсыңдар ма? Жолда бізді ерекше аялдамалар күтіп. Олай болса кеттік!
Пойыздың дауысы Пойыз «Сыпайылық» бекетіне келіп жетті.
Қалай ойлайсыңдар, балалар бұл бекеттің ерекшелігі неде?
Тұрғындары қандай деп ойлайсыңдар?
Сыпайылық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Сыпайы адам не істеп жүреді?
-Осы бекеттің тұрғындарымен амандасайық.
«Амандасу» ойыны.
1- вагонның балалары: «Сәлем» - деп, бір қолын бүлғайды.
2- вагондағылар: «Привет»- деп, екі қолын жоғары көтеріп амандасады.