Халық педагогикасының қазіргі қызметі Орындаған: Сайфназар Саида


Қазіргі отбасында халықтық педагогиканың тәрбиелік  мәні



бет5/6
Дата31.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#21626
1   2   3   4   5   6

Қазіргі отбасында халықтық педагогиканың тәрбиелік  мәні


Қазіргі қазақ отбасында бала тәрбиесі толығымен ғасырлар бойы қалыптасқан  дәстүрлер, әдет-ғұрыптар негізінде  жүзеге асырылуы мүмкін емес. Қоғамдағы  әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер, соған байланысты адамдар санасындағы, дүниетанымдағы жаңа құрылымдар қазіргі  тәбие процесі толығымен ұлттық негізде болмауын дәлелдейді. Әлемдегі интеграциялық процестер, көпмәдениетті, көптілді тұлғаға деген сұраныстардың  арта түсуі де тәрбиенің жалпы  адамзаттық құндылықтарының ролін, әсерінің артуына жол ашады.

Ұлттық тәрбиенің көзі болған отбасының  жалпыадамзаттық, әлемдік даму тенденцияларынан тыс қарау дұрыс емес. Сол себепті, қазіргі қазақ отбасында ұлттық негізде тәрбиелеудің жағдайы туралы кейбір тұжырымдар жасау мүмкін:

1.  Бала тәрбиесінде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың біріккен әсері, ата-аналардың педагогикалық, этнопедагогикалық мәдениеті деңгейіне орай аталған факторлардың бірінің басымдылығының байқалуы;

2.     Ұлттық тәрбие беру мүмкіндіктеріне сай отбасылардың айырмашылығы (мысалы, ата-аналардың ұлттық мәдениетінің жоғары немесе төмендігі, ата-әжелердің болуы, отбасында қалыптасқан әлеуметтік-этникалық орта т.б);

3.  Халықтық педагогиканың тәрбиелік механизмдерінен пайдалануда бірізділік, мақсатқа ұмтылғандықтың болмауы, оның кездейсоқтық сипаты;

4. Отбасында бала тәрбиесінде халық педагогикасы факторлары (ана тілі, салт-дәстүрлер табиғат, дін, тұлға дамуына кешенді әсерінің жеткіліксіздігі)

5. Халық педагогикасының тәрбиелік құралдарына жеткілікті мән бермеу немесе оны дәріптеу (мысалы, халық тәжірибесінде қолданылатын, бірақ педагогикалық мақсатқа сай емес әдіс-тәсілдерді қолдану).

6. Отбасы тәрбиесінің негізі ретінде қолданылатын кейбір халықтық педагогика ұстанымдарының (мысалы, тыйымдар жүйесінің, баланың күнделікті өмірін дұрыс ұйымдастыра білмеудің т.б.) бала тәрбиесіне, өзіндік тұлға ретінде қалыптасыуна теріс әсері.

7. Ата-аналардың тәрбиелік белсенділігінің, мектептегі ұлттық тәрбие үрдісіне қызығушылығының төмендеуі;

8. Ата-аналардың этнопедагогикалық білімдерінің әлсіздігі, балаларды қазіргі заманға сай тәрбиелеуге ұлттық тәрбиелік қндылықтарды екінші орынға қою.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет