Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер.Қазақ тілінің сөзжасамы



Дата21.01.2023
өлшемі14,48 Kb.
#62196

Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер.Қазақ тілінің сөзжасамы.
Біріккен сөздер деген ол түбір сөзден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіреді.Бірікке сөздер негізінен түбір тұлғалары сақталып,бірігіп жазылады:ала бұға,балабақша,боз бала,қолөнер,алтыбақан т.б.Бірсыпыра біріккен сөздер айтылуынша жазылатындығын білу керек:бүгін,қолғап,белбеу ,бүрсігүні т.б .Кейбір біріккен сөздердің айтылуымен жазылуында айырмашылық болатынын есте ұстаған жөн. Жазылуы Айтылуы
Сарсенбай Сарсембай
Боранбай Борамбай
Үсенбай Үсембай
Қазіргі уақытта сөз тіркестерінің барлық үлгісі біріккен сөздердің құрамында бар екенін Г.Жаркишева дәлелдеген. М.Балақаев біріккен сөздердің бірде бірге ,бірдей бөлек жазылып жүргендерінің бәрін бірге жазуды ұсынды.
Ал кіріккен сөздер дегеніміз –сөз сыңарлары дыбыстық құрамын сақтамай,бір бірімен мағына жағынан ғана емес ,дыбыстық құрам жағынан да кірігіп,ықшамдалып,бір мағына беретін сөздер .Мысалы :биыл (бұл+жыл,),ашудас(ашу+тас),қолғанат(қол+қанат) т.б.Біріккен сөздердің өзіне тән ерекше қасиеті-сөздің бірге жазылуы немесе дефис арқылы жазылуы ,жаңа сөздер тілді байытады ,сондықтан тілдің сөздік құрамының байуында негізгі қызметті қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атқарады
Сөзжасам тәсілдері:синтетикалық-негізгі сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағынаның туындауы. Мысалы :әсемпаз,сырлы,куәгер т.б .Аналитикалық-негіздердің бірігуі ,тіркесуі,қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті ,мысалы :өнеркәсіп,теміржол т.б.Лексика-семантикалық белгілі бір сөздің жаңа мағынаға ие болуы арқылы жаңа сөздің жасалу жолы.Бұл тәсілде сөз дыбыстық ,марфемдік ,құрамын сақтай отырып,тілдегі бұрын қолданылып жүрген мағынасының үстіне жаңа мағына қосып алады .Мысалы ақ ,айтыс,бүлдірген.Сөзжасам нәтижесінде жасалған туынды сөздер сөздік құрамға қосылып отырады .
Сөзжасам –ол зерттеу обьектісі бөлек тіл білімінің жеке саласы болып табылады.Қазақ халқының Абайы ,Ахметі,Мұхтары,тағыда басқа қаламгерлер.Қазақ сөз жасамына үлкен үлес қосқаны барлығымызға белгілі .Ал Шерубай Құрманбайұлы өз еңбектерімен ғылымға ,тіліміздің дамуына үлкен үлес қосып жүр.Соның ішінде сөз жасамғада үлесі тиген ,сөзжасам жайлы көптеген мақала авторы.Қазіргі таңда сөзжасам тіліміздің жеке саласы ретінде қарастырылып жүргеніне көп уақыт болған жоқ.Соған қарамастан сөзжасам жүйесі жақсы зерттеліп,ғылыми еңбек қорғауы , әртүрлі оқулықтар жарық көруде.Тіліміздің сөздік қорынан туынды түбір сөздердің кең орын алатынын сөзжасамдық ұялар анық дәлелдейді. Өйткені әр сөзжасамдық ұя бір негізгі түбір сөзден қанша туынды сөз жасалғанын анық, ашық көрсетеді. Өйткені сөзжасамдық ұя бір негізгі түбірден жасалған барлық туынды сөздерді толық қамтиды. Тілдің сөздік қорында негізгі түбір сөздерден туынды сөздер әлдеқайда көп. Сөзжасамдық ұя тілдік құбылыс ретінде қазақ тілінде танылып, алғаш рет анықтама алуы 1989 жылғы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографиялық еңбектен басталады. Бұл еңбекте сөзжасамдық ұяға төмендегідей анықтама берілген: «Сөзжасамдық ұя деп бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің жиынтығы аталады». Профессор Н.Оралбаева әр сөзжасамдық тізбек сөзжасамдық тарам мүшелеріне байланысты, сөзжасамдық ұя жұптан, сатыдан, тарамнан, тізбектен тұрады, олар сөзжасамдық ұяны құрайтын негізгі мүшелер болып табылады деп, сөзжасамдық ұяның жүйелі құбылыс екенін көрсетеді. Және сөзжасамдық ұяның әрбір мүшесін жеке-жеке талдап, әрқайсысына анықтама беріп, мысалдармен түсіндірген. Сөзжасамдық ұя бойынша, сөзжасамдық тізбек бойынша Нұржамал Оралбайдың жетекшілігімен бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстары жазылды. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық мәселелер негізінен морфологияның құрамында қарастырылғандықтан, сөзжасамның теориялық мәселелері: тәсілдері мен қалыбы, типі, мағыналық қырлары туралы сөз қозғалмауы заңды еді. Түркологияда, оның ішінде қазақ тілі білімінде сөзжасамдық мәселелерді зерттеу - суффикстік тәсілді тексеру мен сөз жасушы суффикстерді түгелдеумен шектелді. Сөзжасам - лингвистика ғылымында жеке сала ретінде кеш дамып, жетіліп келе жатқан сала. Қазақ тіл білімінде ол жеке сала ретінде соңғы 80, 90- жылдардан бері қарай зерттеле бастады. Бұрын жеке сала ретінде мән беріле қоймаған сөзжасам мәселесі грамматиканың морфология саласында, кейбір мәселелері лексикология саласында қарастырылып келгенін атап өттік. Бұдан сөзжасам жүйесінің теориялық мәселелерінің назардан тыс қалып келгендігі анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет