Халықтың денсаулығына қауіп-қатерді бағалау және талдау әдістемесі. Тәуекелдерді басқару. Экономикалық залалды бағалау. Тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау әдіснамасы көптеген санитарлық гигиеналық іс-шараларды, гигиеналық бағалауды және басқа да шешімдерді қабылдауда қолданылады. Бұл мақалада кейбір мемлекеттерде қауіп-қатерді бағалау әдіснамасының қолданылуы баяндалған. Қазіргі қоғамның дамуы өндірістің қарқынды дамуымен, әлемдік нарықтың кеңеюімен, адамдармен тікелей жанасатын жаңа химиялық заттардың пайда болуымен *10], шығу тегі әр түрлі биологиялық өкілдермен *9+, түтынуға арналған өнімдердің бірінші және екінші реттік ластану қауіпінің тууымен сипатталады.
Жаңа қауіптердің арасында – наноматериалдар мен әлсіз зерттелген гигиеналық сипаттамалары бар нанотүйіршіктер. Тауарды пайдалануға байланысты денсаулықтың бұзылуы жағдайы жиірек тіркелуде. Халықтың денсаулығына зиян тиіп жатса, өндірушілер тауарларының нарықтан шығарылуына байланысты шығынға бату үстінде *10+. Жалпы алғанда қоғам түтынушылардың жаңа, әлдеқайда жетілген және техникалық реттеу мен өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне сай, орын алған жағдайға ең оңтайлы әдістер мен тәсілдерді пайдаланудың қажет екендігін түсінді.
Осындай құралдардың бірі ретінде қазіргі замандық басқару парадигмасы сияқты ең алғашында Америка Құрама Штаттарында кейін, әлемнің басқа елдерінде қабылданған және қазіргі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі болған және тіршілікті және халықтың денсаулығын қорғау және түтынушылардың құқығын қорғауда басқарушылық шешімдерін қабылдаудың жалпы қолдауға ие болған құралы, денсаулыққа зиян келу қаупін бағалау әдістемесі болып табылады. Қауіптілікті бағалау нәтижелері және тауардың қауіпсіздігінің ғылыми дәлелдемелері шын мәнінде өнімді нарыққа шығаруға байланысты шешім қабылдау және түтынушының қорғалу деңгейін бағалау кезінде маңызды әсер етуші факторлар болып табылады.
Мемлекеттердің әлемдік сауда жүйелеріне интеграциялануы - Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістіктің мүшелеріне, посткеңестік, кеңістіктің елдеріне одақтық және ұлттық заң негіздерін халықаралық құжаттарға үйлесімділігін қамтамасыз етуді талап етеді. Ресей Федерациясының, Белоруссияның, Қазақстанның, Украинаның, Қырғызстаның санитарлы- эпидемиологиялық жүйесі қауіптілікі бағалау әдістемесіне негізделмеген еді.
«Қауіп-қатер» термині ЕО, АҚШ, ДС¥ заңнамалық құжаттармен байланысқан, сонымен қатар бірқатар редакциялық өзгерістермен мағынасы бойынша біркелкі болып табылады. Ең қарапайым түріне қауіп «мүмкіндік қауіптілігі мен денсаулыққа кері әсер ететін зиян мөлшеріне, қауіптің болуына байланысты» ЕО 178/2002 регламентінде келтірілген түсініктеме ең болып табылады (9 т, 3 бап). Қауіп «агенттердің әсерінен белгілі бір шарттардың себебінен туған организмге және белгілі бір түрге жайсыз салдарлардың пайда болу ықтималдылығы ХДС¥ кеңесі бойынша анықталады» *8+.