Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі
1 курс 22-07
(Автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеуші электрик)
тобының тәрбие сағатының
ХАТТАМАСЫ
01.09.2022ж. Шымкент қаласы
Тізім бойынша 25
Қатысқандар саны 19
Күн тәртібіндегі мәселе 1. Студенттердің сабаққа қатысуын толық қамтамасыз етілуін, колледждегі ішкі тәртібін, сырт көрінісі мен тазалығын қатаң ескертіп сөйлесу;
2. Студенттердің қоғамды құрметтеу қажеттілігі туралы,қоғамдық орында өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау туралы ата-аналарға ескертіп пысықтау;
3. Жасөспірімдердің құқық бұзушылық мәселелерінің себеп салдарын, оның алдын-алуды талқылау.
Бірінші мәселе бойынша тыңдалды: топ жетекші Нұрашова А.Қ. сөз алды. Ол колледждің ішкі және сыртқы тәртібі туралы айтты. Студенттердің сабаққа қатысуы, тәртібі мен тазалығы, сабақтан себепсіз қалмауы, сабаққа қатысуы үнемі тексеруде болатынын ескертті.
Екінші мәселе бойынша тыңдалды:топ жетекші Нұрашова А. Қ. сөз алды. Ол студенттердің қоғамдық ортада мәдениетті жүруін алға тартып, колледж тазалығына ұқыптылықпен қарауды ескертті.
Үшінші мәселе бойынша тыңдалды:топ жетекші сөз алып құқықбұзушылықтың алдын-алу үшін тәртіпсіздікке қолданылатын іс шаралар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді .
Қаулы: Студенттердің сабаққа кешікпей келуі, сабаққа толық қатысу, колледж формасы мен оқу құралдары қамтамасыз етіліп , колледждің ішкі тәртібін сақтап орындау міндеттелсін.
Топ жетекшісі: Нұрашова А.Қ.