Хэйлибэри астана мектебінің тіл саясаты бұл саясаттың мақсаты



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі127,21 Kb.
#6253

ХЭЙЛИБЭРИ АСТАНА МЕКТЕБІНІҢ  

ТІЛ САЯСАТЫ 

 

 



Бұл саясаттың мақсаты: 

Хэйлибери  Астана  мектебінің  негізгі  ұстындарының  бірі  тілді  меңгеру  және  оны 

жетілдіру болып табылады, ал бұл өз кезегінде балалар үшін олардың қоғамның бір 

мүшесі  ретінде  жетіліп,  үлкен  жетістіктерге  жету  жолындағы  табыс  кілті    деген  сөз. 

Барлық пән аясында тіл өте маңызды құралдың бірі екендігінде дау жоқ, сол себепті 

Хэйлибери  Астана  мектебі  өз  қызметкерлерінің  барлығын  олардың  мамандықтары 

мен  жас  ерекшеліктеріне  қарамастан,  тілді  жеткізуші,  үйретуші  мамандар  деп 

есептейді.  Хэйлибери  Астана  мектебі  өз  оқушыларының  тілдік  дағдыларын  дамыту 

үшін  барлық  қажеттіліктермен  қамтамасыз  етуге  тырысады,  түрлі  тілдік  курстар 

арқылы, мәселен, ағылшын, француз, қазақ, орыс және испан тілдері, сонымен қатар 

ана  тілінде  сабақ  беру  маңыздылығы  да  ескеріледі.  Хэйлибери  Астана  мектебіндегі 

негізгі білім беру тілі ағылшын тілі болғанына қарамастан, қалған тілдердің барлығы да 

дәл  сондай  маңызды  деп  қабылдаймыз,  себебі  ағылшын  тілінен  басқа  оқытылатын 

тілдер оқушылардың мәдени, этникалық және нәсілдік, өзге ұлттардың тарихы туралы 

білімдерін  кеңейтіп,  арттыруға  өз  септігін  тигізеді.  Сонымен  қатар  оқытылатын 

тілдердің  барлығы  да  қоғамның  қызығушылығын  білдіретін  тілдер  болып  табылады. 

Бұл  құжат маңызды құжат болып табылатындықтан мектептің барлық қызметкерлері, 

мұғалімдер және кітапханашылары да танысуы шарт.    

 

Хэйлибери Астана мектебінің тілдік профилі 

Мектебіміздің  80%-ға жуығы ағылшын тілінде қосымша тіл ретінде сөйлейді. Мектеп 

оқушыларының ұлты әртүрлі болғандықтан, олардың ана тілдері де әртүрлі. Қанша ұлт 

өкілі  болса,  сонша  тіл  де  бар  деген  сөз.  Соған  қарамастан  барлығының  бірін-бірі 

түсініп, пікір алмасатын, қарым-қатынас жасайтын тілдері – ағылшын тілі.  Мектептің 

мұғалімдер  құрамы  және  мектеп  әкімшілігінің  қызметкерлерінің  басым  көпшілігі 

ағылшын тілінде сөйлей алады, ал кейбіреулері тіпті тағы  бір шет тілінде еркін сөйлей 

алады.   

 

Оқыту тілі 

Хэйлибери Астана мектебінде білім беру ағылшын тілінде жүргізіледі, кей сыныптарда 

таңдау  тілі  жүргізілетін  кезде  француз,  испан,  орыс  және  қазақ  тілдері  де  қатар 

жүргізіледі.  

 

Ағылшын тілі 

Оқыту тілі ретінде ағылшын тілі барлық сыныптарда оқушылардың жас ерекшеліктері 

мен тілді меңгеру ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. Біз оқушылардың тілдік дағдылары 

мен қарым-қатынас  жасай білу дағдыларын дамытулары өздерінің жаһандық қоғамда 

табысты  болулары  үшін  өте  маңызды  деп  есептейміз.  Хэйлибери  Астана  мектебінде 

оқушылар  ағылшын  тілінде  үздіксіз  білім  ала  отырып,  тәуелсіз,  дербес,  еркін  және 

сыни  тұрғыда  ойлай  алатын,  жауапкершілікті  азаматтар  болып  шығады  деп  сенеміз. 

Тілді үйрету бағдарламалары арқылы мұғалімдер оқушылардың бойындағы тілге және 

әдебиетке    деген  сүйіспеншіліктерін  арттырып,  тілдің  оқытудың  барлық  түріндегі  ең 

негізгі  іргетас  екендігін    түсіндіреді.Ағылшын  тілі  білім  алудың  негізгі  тілі  болып 



отырғанымен қоймай, ол сонымен қатар оқушының өз ойын, эмоциясын, идеяларын  

еркін  жеткізетін  құрал  да  болып  табылады.  Ағылшын  тілінің  бағдарламасы 

оқушыларды білім алудың келесі жауапты кезеңіне (Халықаралық Бакалавриат курсын 

тәмамдағаннан  кейінгі  негізгі  оқу)  дайындап,  олардың  тілдік  дағдыларын  одан  әрі 

шыңдай түседі.  

 

Ағылшын тілін қосымша тіл ретінде үйрету бағдарламасы 

Хэйлибери  Астана  мектебі    ағылшын  тілін  меңгеру  деңгейлері  негізгі  оқу  курсын 

меңгеруде  қиындық  танытатын  оқушылар  үшін  ағылшын  тілін  қосымша  тіл  ретінде 

үйрету  (АТҚТ)  бағдарламасын  ұсынады.  Ағылшын    тілін  қосымша  тіл  ретінде  үйрету 

(АТҚТ) департаментінің мұғалімдері оқушылардың негізгі сабақтарына қатысып, көмек 

қажет  болған  оқушылар  үшін  қосымша  ағылшын  тілін  жүргізеді;  бұл  оқушылардың 

негізгі сабақ үдерісіндегі игеруге қиын соғатын материалдарды тезірек түсініп, игеріп 

кетулеріне көп көмегін тигізеді. Сонымен қатар қосымша көмек алатын оқушылар тез 

арада  өз  сыныптастарымен  біріге  отырып  жұмыс  істеу  мүмкіндігіне  ие  болады. 

Ағылшын    тілін  қосымша  тіл  ретінде  үйрету  (АТҚТ)  бағдарламасына  түсу  үшін 

оқушылар  тест  тапсырады  немесе  кіші  сыныптарда  бақылау  жүргізу  арқылы  сынып 

мұғалімдері  ағылшын  тілін  қосымша  тіл  ретінде  үйрету  (АТҚТ)  департаментіне 

хабарласып,  біріге  отырып  шешім  қабылдайды.  3-сыныптың  оқушыларының 

Хэйлибери  Астана  мектебіне  түсер  кезде  ағылшын  тілін  меңгеру  деңгейлері    ресми 

түрде  бағаланады,  себебі  бұл  мектепке  қабылдау    шарттарындың  бірі  болып 

табылады. 

Оқушылар  ағылшын  тілінің  деңгейін  АТҚТ  департаментінің  мұғалімдерінің  көмегінсіз 

негізгі  сабақ  материалдарын  еркін  түсіне  алатын  дәрежеге  жеткенге  дейін  ағылшын  

тілін  қосымша  тіл  ретінде  үйрету  (АТҚТ)  департаментінен  көмек  алатын  болады.  Бұл 

департамент  көмегінен  шығу  үшін  мұғалім  ұсынысы  және  ағылшын  тілі  бойынша 

тапсырылатын сынақ нәтижесіне байланысты болады.  

 

Қазақ тілі 

Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде біздің мектебіміздің оқушылары үшін өте маңызды 

тіл  болып  табылады.  Мәдени,  практикалық  және  халықаралық  себептерге 

байланысты,  сонымен  қатар  өздері  қызмет етуге  келген  елге  құрмет  көрсету  ретінде 

Хэйлибери  Астана  мектебінде  қазақ  тілі  бастауыш  сыныптан    бастап  ең  жоғары 

сыныптар аралығында жүргізіледі.  

Хэйлибери  Астана  мектебінде  қазақ  тілі  түрлі  топтық  деңгейлерге  бөліне  отырып 

оқытылады. Топтарға бөлу төмендегі белгілерге сай бөлінеді: бастауыш деңгей немесе 

Хэйлибери  Астана  мектебіне  келгенге  дейін  қазақ  тілін    мүлде  оқымаған,  орта  топ, 

қазақ  тілін  тек  бастапқы  деңгейден  жоғары  білетін  оқушылар  тобы  және  ортадан 

жоғары  топ,  қазақ  тілінде  қарым-қатынас  жасауға  біршама  қабілеті  бар  оқушылар 

тобы. 


Барлық  оқушылардың  тілдік  дағдыларын  жақсарту  мақсатында  қазақ  тіліндегі 

сабақтар  түрлі  деңгейлік  топтарға  бөлініп,  барлық  топтарда  қазақ  халқының  бай 

мәдениеті мен салтын сабақтастыра отырыптілдік ортаға бейімдей отырып өткізіледі. 

Сабақ  үстінде  барлық  тілдік  дағдылар  қамтуға  тырысады:  сөйлесім,  айтылым, 

жазылым мен тыңдалым. Сонымен қатар оқушылар жыл бойы түрлі қазақи мәдени іс-


шараларды өткізуге  атсалысады.өзге сыныптастарымен жарысқа шығып, өз жігерлерін 

шыңдай түседі. 

Хэйлибери  Астана  мектебіне  түсер  кезде  оқушы  қазақ  тілін  білу  ерекшелігіне  мен 

дағдысына, қабілетіне қарай отырып, өз тіл білу қабілетіне сай келетін топқа бөлінеді. 

Бұл  шешім  аталған  пән  бойынша  тапсырылған  сынақ  нәтижесі  бойынша  қазақ  тілі 

департаментінің қызметкерлерінің шешімімен қабылданады.  

Ересек  сыныптарда  KS4 деңгейінде қазақ тілі  IGCSE емтиханын тапсыруға дайындық 

ретінде  жүргізіледі.  Қазақ  тілінің  Халықаралық  бакалавр  диплом  бағдарламасы 

деңгейіне жеткізілуі, оқытылуы қарастырылуда. 

 

Француз, орыс және испан тілдері 

Хэйлибери Астана мектебінде француз, испан және орыс тілдері таңдау тілдері ретінде 

оқытылады.  2  және  3  деңгей  оқушыларының  барлығы  француз,  орыс  немес  испан 

тілдерін таңдау тілі ретінде оқида немесе ағылшын тілін қосымша тіл ретінде оқиды. 

Негізгі  деңгейде  (Key  Stage  4)  орыс  тілінен  тапсырылатын  орыс    IGCSE    емтиханын 

тапсыру  үшін  орыс  тілі  олар  үшін  ана  тілі  секілді    жүргізілуі    тиіс,  сонымен  қатар 

француз  және  испан  тілдерінен  де  IGCSE  пәнінен  емтихан  тапсырады.  Халықаралық 

бакалавр  диплом  бағдарламасы  деңгейінде  орыс  тілін  тіл  иелері  үшін  бірінші  және 

екінші тіл ретінде ұсынбақшымыз, яғни бірінші не екінші тіл деңгейінде оқытылады, әр 

оқушының  деңгейі  оның  алдыңғы  жылдардағы  тілдік  пәндерден  алған    тәжірибесі 

арқылы  анықталады  (Халықаралық  бакалавриат  координаторының  шешімі  соңғы 

болмақ) . 

 

Кітапхана  

Мектеп кітапханасындағы кең ауқымды әдеби кітаптар тізімі сыныптардағы білім беру 

үдерісін  толықтырып,  балаларды  оқуға  құлшындыра  түседі.  Мектеп  кітапханасының 

мақсаты – оқушылардың түрлі саяси, мәдени мәтіндері өз бетімен оқып, өз сауаттылық 

дағдыларын  арттыруға,  әдеби  шығармаларды  сыни  ойлау  тұрғысынан  талдай  білуге, 

өз  бетімен  дербес,  еркін  жұмыс  істей  білуге  үйрету  болып  табылады.  Мектеп 

кітапханасының  жүйесінде  көркем  әдебиет  жанрындағы  және  ғылыми-танымдық 

әдеби шығармаларды да алуға болады. 

 

 

Тіл, шыдамдылық және құрмет көрсету



 

Хэйлибери  Астана  мектебі  тіл  мен  сөздің  құдыіретін  біледі,  бағалайды,  жекелеген 

адамдардың  пікірі  өзге  адамдардың  біздің  мақсаттарымыз  бен  тілектерімізді, 

құндылықтарымызды  қабылдауына  тікелей  әсер  етеді.Болашақ  Халықаралық 

бакалавриат  мектебі  болып  саналатындықтан,  біз      Хэйлибери  Астана  мектебі 

қауымдастығының барлық мүшелерін жаһандық қоғамдастықтың берік іргесін қалауға 

қажетті  қолжетімді  құралдарды  дамытуға  астасалысуға  шақырады.сондықтан 

мұғалімдер  мен  оқушылар  біріге  отырып,  барлығына  түсінікті  бір  ортақ  тілді 

пайдалануы  тиіс,  сонымен  қатар  ол  тіл  мектептің  өзге  қызметкерлеріне  де  түсінікті 

ортақ тіл болуы тиіс. Сондай-ақ  бұл дегеніңіз өзгелерге түсініксіз жат, бөтен, олардың 

жеке  басын  төмендетіп,  кемшілігін  көрсететін  сөздерді  қолданыстан  шығарып  тастау 

дегенді де білдіреді.  



Ең  алдымен,  біз  үшін  тіл  дегеніміз  өзге  елдермен,  түрлі  діни  ағымдармен,  өзге  ұлт 

өкілдерімен,  нәсілдермен,  мәдениет  өкілдерімен,  араласу,  қарым-қатынасқа  түсу 

дегенді білдіреді.жыл сайын біз мектебімізде Халықаралық апталықтар өткізгенде ата-

аналар тарапынан ұйымдастырылатын  шаралар негізінде алуан түрлі ұлт өкілдері мен 

тіл  иелерін  көреміз,түрлі  ұлттық  киімдер,  ұлттық  музыкалары  мен  билерін,  ұлттық 

тағамдары  мен  салт-дәстүрлері  шеруінің  куәсі  боламыз.  Бұған  қоса  тіл 

департаменттері,  француз,  испан,  орыс  және  қазақ  тілі  департаменттерінің 

ұйымдастыруларымен  жылдың  әр  кезеңінде  түрлі  мәдени  іс-шаралар  да  өткізіледі. 

Әрдайым бұл іс-шаралар қызықты ұйымдастырылып, оқушылардың да, ата-аналардың 

да  көңілдерінен  шығып  жатады.  Біз  тілдердің  алуан  түрлілігі  мен  байлығы  біздің 

өмірімізге тек жағымды әсер етеді деп сенеміз. Сол себепті де жағымсыз нәрселерден 

өзімізді де, балалардың да аулақ болғанын қалаймыз.  

Мектебіміздің  тілдік  саясаты  көпұлтты  және  көпнәсілді  ортада  бір-бірімізді  еш 

қиындықсыз  түсініп,  үйлесімдік  орнатуда,  сонымен  қатар  оқушылардың    әлемдік 

қауымдастықта  үздіксіз  білім  алуға  баулу  үдерісінде  мектептің  негізгі  философиясы 

мен басты мақсатының ажырамас бөлігі болып табылады.  

 

Қарастыру үдерісі мен себеп-салдары  

Тіл үйрету мамандары, мысалы Ағылшын қосымша тіл ретінде оқыту департаментінің 

меңгерушісі  мен  мұғалімдерін  алсақ,  олар  тек  қана  оқушыларға  ғана  емес,  сонымен 

қатар  мұғалімдерге  де,  кітапханашылар  мен  әкімшілік  қызметкерлеріне  де  олардың 

ана тілі болып саналмайтын ағылшын тілінің меңгеру деңгейін тексеріп, үйрете алады, 

себебі  бұл мамандардың тіл үйретуге білімдері де, қабілеттіліктері мен тәжірибелері 

де  жеткілікті.  Бұл    мектебіміздің  үздіксіз  кәсіби  даму  бағдарламасының  бір  бөлігі 

болып табылады.  

Тіл саясаты жаңа идеялардың өңделуі мен зерттеу нәтижелерінің қорытындыларына 

және  мектептің  тілдік  профилінің  өзгеруіне  байланысты  қайта  қарастырылып 

отырылады.  Мектеп  директорының  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары  тіл  саясаты 

комитетінің  басшысы  болып  табылады,  сондықтан  ол  тілдік  саясаттың  негізгі  жұмыс 

құжаты ретінде нәтижелі жұмыс істеуіне тікелей жауап береді. 

 

Хэйлибери Астана мектебі қауымдастығына тіл саясатының таралуы 

Хэйлибери  Астана  мектебінің  қауымдастығына  тіл  саясаты  қызметкерлер 

жиналысында,  ата-аналармен  өткізілген  арнайы  кештерде,  негізгі  деңгейлер 

отырыстары  мен  директордың  хаттары  арқылы  таратылды,  таныстырылды.  Тіл  

саясаты Хэйлибери Астана мектебінің сайтында жарияланғандықтан оқуға қолжетімді. 

Мектептің жаңа қызметкерлері бейімделу апталығы кезінде таныстырылады.  

 

Қаралуы  



Қабылдау саясаты әрбір екі жылда қарастырылып отырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет