ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, классикалық философия дәстүрі әртүрлі сынға ұшырап, екі жарым мың жылдық тарихы бар философиялық мән мен таным мәселесінің орнына «өмір», жеке адам, құбылыс , психологиялық және т.б. мәселелерді қарастыру белең алды. Осы дәуірде классикалық неміс фиолософиясын, әсіресе гегельдік философияны сынаудың екі бағыты көзге түсті:
- «сол жақтан сынау», материалистік философия өкілдері – Л.Фейербах, К.Маркс, Ф.Энгельс;
- «оң жақтан сынау», идеалистік «бейклассикалық» философия өкілдері;
Сонымен бірге «Кантқа қайта оралу, «Гегельге қайта оралу» деген ұранмен неокантшылдық, неогегельшілдік философиялық мектептер пайда бола бастады:
- Неокантшылдық мектептер. Марбург мектебі – Канттың таным теориясы, логика мәселелерімен айналысты. Бұл мектеп өкілдері – Герман Коген 1(842-1918), Пауль Ноторп (1854-1924), Эрнст Кассирер (1874-1945)6 Ганс Файхингер (1852-1933);
- Бадендік (Фрейбургтік) мектеп- Канттың әлеуметтік философиясы мәселелерімен айналысты. Өкілдері- Вильгельм Виндельбанд (1858-1915), Генрих Риккерт (1863-1933);
ХІХ ғасырдың класикалық философиясының негізінде ХХ ғасыр класикалық емес философиясының қалыптасуы басталады. Ғылымның әдістемелік негіздері ерекше мәндермен айқындала бастайды.