Ххі ғасырдағы филология ғылымы. Негізгі зерттеу бағыттары



бет1/3
Дата31.01.2023
өлшемі18,74 Kb.
#64160
  1   2   3

ХХІ ғасырдағы филология ғылымы. Негізгі зерттеу бағыттары.
Филология (гр. philologia сөзге құмарлық) — жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі, әдебиеттану, мәтінтану, деректеметану, палеография т. б. гуманитарлық пәндердің жиынтығы мәтін филологияның алғашқы нақты негізі болды, онын дамуына философия елеулі ықпал етті.
Филологияның ішкі құрылымы екі жақты қарама-қарсылыққа негізделген: бір жағында — нақты мәтіннің қарапайым қызметі, екінші жағында — шегі дәл белгісіз онын жалпы қызметі. Mәдениеттің өзін-өзі тануына қызмет ете отырып, филология жазу өркениетінің неғұрлым толысқан шағында пайда болған. Таяу Шығыстың өте жоғары көне мәдениеті тіпті филологияны білмеген, ал батыс еуропалық орта ғасырда да ол жоғары сатыда болмаған. Ежелгі Үнді мен Грекияда филология дүниетанымдык рефлексияның ойлау мен сөйлеуге қатысы тұрғысынан зерттелген. Филологияның жоғарылауы дүниетанымдық ойдың ұлы дәуірлерімен (Аристотельден кейінгі эллинистік әлемде, Р. Декарттан кейінгі 17 ғ-дағы Еуропада, И. Канттан кейінгі 19 ғ.-дағы Германияда) сәйкес келіп отырады. Үнді филологиясы Панини (б.з.д. 5-4 г. шамасы), Патанджали (б.з.д. 2 ғ.) сияқты грамматистер мен стилистика теорияшылдарын берді. Ежелгі Қытай мәдениетінде де өзінің филологиялык дәстүрі болған (5-6 ғ. Лю Се т. б.). Бірақ жаңа дәуірге дейін Үнді филологиясының жетістіктерімен таныс болмаған Еуропа филологиясы үшін негізгі білім көзі Грекия болды, онын негізінде Гомер ілімі жатты. Софистер дәуірінде (б.з.д. 5-4 ғ.) филологияны жетілдіруге Протагор, Горгий, Продик айрықша еңбек етті. Грек әдебиет теориясы Аристотельдің "Поэтикасында" толығып жетілді. Эллин дәуірінде филология философиядан бөлініп, онымен Александрия мен Пергамнын кітапханашы-мамандары шұғылданды. Дионисий Фракийский (б.з.д. 170—90 ж.) қазіргі кезде белгілі сөз татары туралы ілімді қалыптастырды. Қайта өркендеу дәуіріндегі ойшылдар антикалық құнды деректердің мазмұнын меңгеріп қоймай, ежелгі дәуірлер тілінде сөйлеп, сол әлемнің рухани дүниесін игеруге тырысты. 16-18 ғғ. Германияда филологияның жана дәуірі басталды. Неміс филологы Ф. А. Вольф "филология" терминін қолданысқа енгізді, 19 ғасырдағы неміс филологтарынын (Г. Узенер, Э. Роде т. б.) арқасында көне тарихтан филология бөлініп шықты. Сол кезде романтизм және басқа идеялық ағымдардың әсерімен классикалық филологиямен бірге "жана филология", оның түрлері германтану (ағайынды Я. және В. Гриммдер), славянтану (А. X. Востоков, В. Ганка) және шығыстанупайда болды. Бірақ кейін тіл білімі, әдебиеттану, тарих т. б. салалар бір кездегі біртұтас тарих-филология ғылымынан бөлініп шыққанына қарамастан, филология баспасөздің ерекше бір тәсілі ретінде бірлігін күні бүгінге дейін сақтап келеді. Қазіргі заманда гуманитарлық білімді математика сияқты формалдандыруға тырысушылық басым. Математиканың нақты әдістері филологияның шеткі салаларында ғана қолданылуы мүмкін, бірақ оның негізгі мәніне әсер ете алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет