«Химия» пәнінен 3-т



Дата13.03.2023
өлшемі112,04 Kb.
#73828

«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалау (10-сынып ҚГБ)

1. Периодтық кестенің екінші периодында орналасқан элементтер Li басталып Ne аяқталады.


(а) Екінші период бойынша элементтердің тотығу дәрежесі қалай өзгеретіндігін
түсіндіріңіз және берилий мен оттек элементтеріне мысал келтіріңіз.
______________________________________________________________________________
[2]

(b) Екінші периодтың металдық қасиет көрсететін элементтерін көрсет, Неліктен осы элементтер металдық қасиет көрсететіндігін түсіндіріңіз.


______________________________________________________________________________
[2]

2. Үшінші период бойынша элементтер солдан оңға қарай металдық қасиеттен бейметалдық қасиетке өзгереді.


Натрий, алюминий және күкірт элементтері оттегімен әрекеттескендегі реакция теңдеуін және оксидтің қай түрі түзілетіндігін жазыңыз.
______________________________________________________________________________
[3]

3. Тадж Махал Үндістандағы атақты ғимарат. Оның сыртқы қабырғасы мәрмәр тастан қаланған. Жыл өткен сайын атмосфераның құрамындағы күкірт диоксиді әсерінен оның сыртындағы мәрмәр тас бірте-бірте өзгеріске ұшырайды

Күкірт диоксидінің әсерінен ғимараттың сыртқы келбетінің өзгеру себептерін сипаттаңыз.


[2]

4. Химиялық айналымды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз


CuO→Cu→CuSO4→Cu(NO3)2→CuO→CuCl2→Cu(OH)2→CuO

[7]
5. Берілген тұздардың арасынан уақытша кермектілік түзетін тұзды анықтаңыз. А) МgSO4
B) MgCl2
C) Mg(HCO3)2 D) KHCO3


[1]



𝐶𝑂
6. Массасы 29,6 г әк суына көмірқышқыл газының артық мөлшерін қосқанда түзілген өнімнің массасын есептеңіз. _____________________________________________________
[5]

7. Массасы 20 г мыс пен темір қоспасынан тұратын пластинаны тұз қышқылының артық мөлшерінде әрекеттестіргенде қ.ж. 5,6 л сутек газы бөлінді. Қоспаның құрамындағы мыстың массасын анықтаңыз.


[4]

8. Зертханалық кабинетте жабыстырмасы жоқ металл тұзы салынған төрт химиялық стакан бар. Оның біреуінде мыс тұзы, ал екінші стаканда мырыш тұзы, үшінші стаканда темір (ІІ) тұзы және төртінші стаканда темір (ІІІ) тұзы салынған. Бұл тұздарды анықтау үшін натрий гидроксидінің сулы ерітіндісін қолданады.







Төмендегі кестеге төрт металл тұзы мен натрий гидроксидін қосқанда түзілетін өнімнің түсі мен металл ионын жазыңыз.


Белгісіз тұздар

Алынған тұнбаның түстері

Тұздағы металл ионы

A

ақ




B




Темір (ІІ) ионы

C

қоңыр




D




Мыс ионы


[4]




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет