«Химия» пәнінен 8-сынып оқушыларына арналған олимпиада тапсырмалары



Дата07.01.2022
өлшемі100,65 Kb.
#17745

«Химия» пәнінен 8-сынып оқушыларына арналған олимпиада тапсырмалары

(Уақыт-60 минут)



Сәттілік тілеймін!

Тапсырма 1. (4 балл)

Жай зат, көптеген изотоптары бар элемент. Ол жалын және түтін шығармай жанады. Оттекпен шатырлап жану тән болып табылатын металл.



sh_kollektiv@mail.ru

Элементтің атауы, таңбасы және жанғаннан кейін түзілетін заттың атауын немесе формуласын табыңдар.



Тапсырма 2. (5 балл)

Бір жағынан пайдалы, екінші жағынан зиянды болып табылатын күрделі зат. Бұл залалсыздандырғыш, ол затты ашыту арқылы да алуға болады. Агрегаттық күйі сұйық, көкшіл жалынмен жанады. Салыстырмалы молекулалық массасы 46-ға тең. Заттың формуласын, атауын және салыстырмалы молекулалық массасын шығаруға тырысыңдар.



Тапсырма 3. (6 балл)

Күрделі реагенттер химиялық реакцияға қатысқанда 2 өнім түзіледі. Бірақ, сырт көзге біртекті қоспа тәрізді болып көрінеді. Ерітіндіні кристалдандыруға болады. Фенолфтолеин индикаторын қолдануға болады деген ұсыныс жасалады. Өнімнің бірі оксид болып табылады, бірақ оны ешкім олай атамайды. Ол ең қарапайым сұйықтық. Түзілген өнімдерді және реакция атауын таба аласыңдар деген ойдамын.





Тапсырма №4 (2 балл)

Күрделі заттың салыстырмалы молекулалақ массаные анықтанар (СН3СОО)



Тапсырма №5.

Қосылыстағы оттектің массалық үлесін анықтаңыздыр Fe3O4


(3 балл)
7-сынып химия пәнінен олимпиада тапсырмаларының жауаптары:

Тапсырма 1.

Элементтің атауы: Темір

Элементтің таңбасы: Fe

Жанғаннан кейін түзілетін заттың атауы: Темір қағы немесе темір оксиді (оксидтері)

Жанғаннан кейін түзілген заттың формуласы: Fe3O4 (Fe2O3*FeO)

Тапсырма 2.

Заттың формуласы: C2H5OH

Заттың атауы: этил спирті немесе этанол

Салыстырмалы молекулалық массасы: Mr(C2H5OH) = 12*2+1*5+16+1=46



Тапсырма 3.

Түзілген өнімдер: натрий хлориді және су (немесе NaCl + H2O)

Реакция атауы: бейтараптану

Тапсрыма 4

60

Тапсырма 5



28 % немесе 0,28

7-сынып химия пәнінен олимпиада тапсырмаларының бағалау критерийі:

1

(4 балл)

Элементтің атын атайды

1

Элементтің таңбасын жазады



1

Жанғаннан кейін түзілетін заттың атауын келтіреді

1

Жанғаннан кейін түзілген заттың формуласын келтіреді



1

2

(5 балл)

Заттың формуласын табады

1
Заттың атауын жазады

1
Салыстырмалы молекулалық массаны табатын формуланы келтіреді

1
Заттың салыстырмалы молекулалық массасын дұрыс табудың жолын көрсетеді

1
Заттың салыстырмалы молекулалық массасын дұрыс табады

1


3

(6 балл)

Түзілген өнімдердің біреуін атайды

1
Түзілген өнімнің екіншісіне дұрыс атау береді

1
Өнімнің біреуінің химиялық формуласын дұрыс анықтайды

1
Өнімнің екіншісінің формуласын дұрыс анықтайды

1
Реакция атауын дұрыс көрсетеді

2

Барлығы
15



Орын беруге ұсыныс (өзгертулер енгізуге болады)

0-6 балл - орын берілмейді

7-9 балл - 3-орын

10-12 балл -2-орын



13-15 балл – 1-орын

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет