Хорезми „Мұхаббат-наме” Құтб



бет1/3
Дата18.12.2022
өлшемі22,78 Kb.
#58013
  1   2   3
Байланысты:
Кесте әдебиет





Хорезми
Мұхаббат-наме”

Құтб
Хұсрау-Шырын”

Дүрбек
Жүсіп-Зылиха”

Өзіндік сипаты(нұсқалары,
зерттелуі қайда сақталған, кімге арналған)

Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі - «Мұхаббат-наме» дастаны. Оны жазған - ақын Хорезми. Ақын Хорезми - Алтын Орда ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген. Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған - Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы «Мұхаббат-наме» дастанын жазған. Бүгінгі күнге «Мұхаббат-наме» дастанының екі қолжазба нұсқасы жеткен. Дастанның екі нұсқасыда қазір Лондонның Британия музейінде сақтаулы тұр. Ғылым академиясының Азия халықтары институты 1952 жылы осы екі қолжазба нұсқасының фотокөшірмесін алды. Қолжазбаның бірі – 1432 жылы ұйғыр әрпімен көшірілген. Демек, «Мұхаббат-наме» дастанын Хорезми жазғаннан 80 жылдан кейін оны ұйғыр әрпімен қайта көшірген болып шығады. Бұл - дастанның ең көне, алғашқы көшірмелерінің бірі болса керек. Ал енді «Мұхаббат-наменің» араб әрпімен жазылған нұсқасы - 1509 жылы көшірілген. Басқаша айтсақ, дастан жазылғаннан кейін, араға 166 жыл салып барып араб әрпімен көшірілген екен.
1971 жылы Түркияның (Стамбул) Ұлттық кітапханасынан «Мұхаббат-наменің» араб графикасымен жазылған нұсқасының екі көшірмесі табылды. Бұл дастанды орыс ғалымдары В. В. Бартольд (1924), А. Н. Самойлович (1928) және Ә. Нәжіп арнайы зерттегені мәлім.
Бұл әдеби жәдігерліктің ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасын белгілі орыс ғалымы - А.М. Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп, орыстіліне аударды.
Ал «Мұхаббат-наменің» екі нұсқасын да өзара салыстыра отырып, зерттеп, араб әрпімен жазылған нұсқасын қазіргі әріптермен транскрипция жасап, оны орыс тіліне аударып, жан-жақты зерттеген көрнекті түрколог Әмір Нәжіп болды. 
Сондай-ақ бұл дастан 1954 жылы өзбек тіліне (Т. Жалалов), 1981 жылы үзінді түрінде татар тіліне, ал 1985 жылы қазақ тіліне (А. Қыраубаева) тәржіма жасалды. Алайда бұл аудармалар ғылыми тұрғыдан да, көркемдік жағынан да сын көтермейтіні кезінде мерзімді баспа сөз бетінде жазылғаны мәлім.
Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші бір топ қазақ ғалымдары (Ә. Дербісәлі, М. Жармұхамедов, Ө. Күмісбаев) «Мұхаббат-наменің» араб жазуымен бізге жеткен ең толық нұсқасын ғылыми негізде жан-жақты талдап, көне мұраның қазақ әдебиетінің көркемдік сабақтастығын дәлелдеп шықты, әрі дастанның түп нұсқаға мейлінше жақын қазақ тіліндегі аудармасын оқырман қауымға ұсынды.

Бұл шығарма - әзірбайжан халқының кемеңгер ойшылы, ұлы ақыны Ілияс Жүсіпүлы Низамидың «Хұсрау мен Шырын» атты поэмасының аудармасы. Оны түпнұсқадан, яғни парсы тілінен қыпшақ-оғыз тіліне еркін аударған ақын Құтб болды. Құтб ақынның дастаны қазақ оқырманы арасында ерте кезден-ақ тарағаны жақсы мәлім. Әзірбайжан халқының кемеңгер ақыны Низамидың «Хұсрау мен Шырын» поэмасын Құтб ақын қыпшақ-оғыз тіліне 1341-1342 жылдары аударған болса керек. Бұл -Тыныбектің Алтын Орда тағына отырған кезі. Аудармашы дастанды Тыныбек пен Ханша Малика-Хатунға арнайды.
Құтбтың «Хұсрау мен Шырын» дастанының жалпы көлемі - 120 парақ, яғни 240 бет. Дастан 4740 бәйіттен тұрады (Низамиде 7000 бәйіт). Дастанда Құтб ақынның өзі жазған жыржолдары да бар. Қалғандары шығарманы көшірушілер тарапынан қосылған өлеңдер болып келеді. Құтб дастаны 91 тараудан тұрады.
Бұл дастанның жалғыз ғана көшірмесі бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен. Қолжазба қазір Париждің Ұлттық кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазбаны түпнүсқадан көшіріп, қағазға түсірген қыпшақ ақыны Берке Фақих еді. Ол Алтын Ордада туып-өскен, өз елінде ақын ретінде танымал болған. Кейінірек мәмлүктік Египетке барып, сонда қайтыс болған.
«Хұсрау мен Шырын» дастанын алғаш зерттеушілердің бірі поляк ғалымы А. Зайончковский болды. Бұл туындыны ол түрік тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған аса құнды әдеби мұра деп бағалады. Мұны ол Низами поэмасының тікелей аудармасы емес, қайта өңдеп жазылған туынды шығарма деп таныды. Ал Е. Э. Бертельс болса, оны Низами поэмасының толық, көркем аудармасы деген болатын.
Көрнекті кеңес түркологі Ә. Н. Нәжіп парсы тіліндегі «Хұсрау уа Шырын» түпнұсқасы мен қыпшақ-оғыз тіліндегі «Хұсрау уа Шырын» нұсқасының өзек-арқауы бір екенін ерекше атап көрсетеді. Ғалым бұл дастанның Құтб жасаған аударма нұсқасын жартылай төл туынды, дербес роман деп бағалайды.



Дүрбек “Жүсіп пен Зылиха” дастанын 1409 жылы жазған.
Жүсіп пен Зылиха жайындағы қызықты аңыз-хикаялар Дүрбекке дейінде кеңт араған еді. Бұл тақырыпқа кезінде Фирдоуси, Балхий, Шерозий, Ансари сияқты атақты шайырлар қалам тартқан болатын. Алайда олардың бәрі парсы тілінде жазылған еді. Дүрбек - осы сюжетке тұңғыш рет Орта Азия түркілерінің көне өзбек тілінде дастан жазған шайыр. Бұл туралы ақын: Бұл қисса парсылардың тілінде еді, Соны ойлап-ақ жүрегім тілімделді.
Жүсіпті мәңгі есте қалдырайын, Түрікше сөзден сурет салдырайын.
Хикаясын Жүсіптің баяндайын, Түрік тілі тұрғанда аянбайын.
Қолыма қағаз бенен қалам алдым, Бейнебір кестешідей өрнек салдым, - дейді.
«Жүсіп пен Зылиха» дастанының 1516 жылы көшірілген ең көне нұсқасы Түркияның Топқани кітапханасында, ал 1563 жылы көшірілген екінші нұсқасы Париждің Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Ақын Дүрбектің «Жүсіп пен Зылиха» дастаны туралы өзбек ғалымдары С.Хайдаров, Ж.Лапасов, В.Валихожаев, сондай-ақ түрік ғалымдары Ф.Копрүлузаде, С.Н.Банарлы, т.б.ғылыми зерттеулер жасап, бірқатар еңбектер жариялады. Әсіресе, Ф. Сүлейменованың «Жүсіп пен Зылиха» дастанының Париж қолжазбасы жайындағы зерттеуін аса құнды еңбек деп білеміз.
Атақты түркітанушы ғалым Ә.Н.Нәжіп өз зерттеулерінде Дүрбек ақынның «Жүсіп пен Зылиха» дастаны - Алтын Орда дәуір әдебиетінің классикалық үлгісінде жазылған туынды екенін дәлелдей келіп, арғы тегі қыпшақ-оғыз немесе оғыз-қыпшақ тілдерінің бірі болып келетінін, көне өзбек тілінде жазылғанын ерекше атап көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет