«Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мекемесі



бет1/5
Дата28.11.2023
өлшемі130,52 Kb.
#130709
  1   2   3   4   5



«Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мекемесі



ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ ЖИНАҚ ПАПКАСЫ


2020-2021 оқу жылы
Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
Мақсаты: Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау мақсатында тақырыптарды оңай әдістермен түсінікті жеткізе отырып оқулықпен өз бетінше дайындалуға үйрету.
Міндеті:

  1. Оқушылардың тест жұмыстарын шешуде ақпарат, мәліметтерді өз бетімен қолдануын ұйымдастыру;

  2. ҰБТ-ны сәтті тапсыру үшін Қазақстан тарихы пәнінен білім деңгейін анықтау;

  3. Уақытты тиімді пайдалана білуге мүмкіндік беру;

  4. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  5. Оқушының ойлау, есте сақтау, іздену дағдыларын қалыптастыру, белсенділігін арттыру;

  6. Өтілген материалды жан-жақты меңгеруге жағдай жасау;

Күтілетін нәтиже:
Оқушылар Қазақстан тарихы пәні бойынша тестті сәтті тапсырады, берілген тапсырманың мазмұнын түсіне алады, өздігінен білім алуға үйрену қызметі қалыптасады, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйренеді


ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?

  • Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;

  • Интерактивті технологияларды қолдану;

  • Жеке тұлғаның даралығын дамыту;

  • Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік). Барлық тест тапсырмалар саны —120.
Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)




Тестілеу пәндері

Тапсырмалар саны

Тапсырмалар формасы

1 блок 

Математикалық сауаттылық

20

Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс

Оқу сауаттылығы

20 (4 мәтін)

Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс

Қазақстан тарихы

20

Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс

2 блок 

1 бейінді пән

20

Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

2 бейінді пән

20

Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет