ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет25/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   389
Патриархалдық  теория.  Бұл  теория  да  ежелгі  дəуірлерден  бері  өмірге 

келген теорияның бірі. Патриархалдық теорияның негізін салушы грек ойшылы 

Аристотель  болып  табылады.  Патриархалдық  теорияға  сəйкес  мемлекет  өсіп-

өніп  күрделенген  отбасынан  шығады.  Сондықтан  да,  отбасындағы  билік  əкеге 

тиеселі болғандықтан, бұл теория бойынша да мемлекетті басқарушының билігі 

əке  билігімен    теңестіріледі.  Қоғам  мүшелерінің  барлығы  сол  əкенің  баласы 

ретінде  танылып,  əке  билігіне  мүлтіксіз  бағынуға  тиісті  деп  саналады.  Кейінгі 

кезеңдерде  бұл  теорияны  Р.Филмер,  Н.К.Михайловский  өрбітіп,  дамытты. 

Р.Филмердің  ойы  бойынша,  абсолюттік  монархия  мемлекеттің  патриархалдық 

теориясына  негіз  болатын  бірден-бір  жүйе  болып  саналып,  адам  алғашқы 

монарх болып табылды. Ал монархияның басқа нысандарының барлығы, оның 

туындысы  ретінде  саналды.  Абсолюттік  монархтың  билігіне  қарсы  шығу,  əке 

билігіне  қарсы  келуімен  теңестіріліп,  үлкен  күнəнің  қатарына  жатады  деп 

есептелінген. 

Кейінгі 

кезеңдерде 

бұл 

теорияны 



Г.Гроций,             

Г.В.Ф.Гегель  сынаған  болатын.  Қазіргі  кезеңдегі  ғылым  патриархалдық 

теорияны  теріске  шығарады.  Себебі,  осы  уақытқа  дейін  мұндай  жолмен  пайда 

болған  мемлекетті  адамзат  тарихынан  кездестіру  мүмкін  болған  жоқ.  

Керісінше,  қазіргі  ғалымдардың  пайымдауынша  патриархалды  отбасы 

мемлекетпен бірге өмірге келген деп саналады.   





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет