‌i шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері



Дата06.01.2022
өлшемі36,84 Kb.
#11382

Мазмұны


Кіріспе

3

‌I Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері

4

1.1. Шағын бизнестің мәні және экономикалық ролі

4

1.2.  Шағын кәсіпкерліктің негізгі субьектілері

9

II. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы.

10

2.1 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қолдау.

10

2.2. Шағын кәсіперлік субъектілерінің инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу

11


Қорытынды

12

‌‌Қолданылған әдебиеттер тізімі

13

Кіріспе


Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын бизнес Қазқстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 17 жыл толған еліміздің дамуына шағын бизнесті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: «Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы» тақырыбын таңдадым.

Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.

Шағын бизнесті дамыту саласында Қазақстан авторларынан Мәуленова С.С, Бекмолдин С.Қ, Құдайбергенов  Сәбденова Жанар Оралқызы, Көкшетау экономика және менеджмент институтының экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Нұрпейісова Жанат Нұрпейісқызы көп еңбек сіңірді.          Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай-ақ, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпкерлік қызметін дамытудың жалпы экономпкалық көзқарастары ғана карастырылғандығын айтуымыз керек. XIX ғасыр басында-ақ Жан Батист Сэй кәсіпкерлікті жер, еңбек және капиталмен бірге негізгі өндіріс факторларының бірі ретінде қарастырған.

I Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері.

1.1 Шағын бизнестің мәні және экономикалық ролі

«Кәсіпкерлік» және «бизнес» түсінігі бір қатарда тұрады және оларды синоним ретінде жиі қолданды. Бұл расында да туыс категориялар. Бизнес – кез келген табыс әкелетін жеке іс. Оны тек тұтынушылар қажет қоғамда, қызмет сферасында алуға болады. Табысты бизнес, іскерліксіз жетілдірілмеген, үнемі дамусыз ойға сыйғысыз, яғни бизнес кәсіпкерлікте құрылады.

Кәсіпкерлік мемлекеттік секторды есепке алғанда барлық экономика сферасында көрінуі мүмкін. Бизнес жеке кәсіпорындарда және акционерлік компанияларда (мемлекеттік қалыптастырусыз) істі коммериялық жүргізу. Шетелде шағын бизнес деп жеке кәсіпкерлікті түсінеді. Кәсіпкерлікті кейде өндірістің төртінші факторы деп те атайды. Өндірістің үш басты факторы: жер, еңбек, капитал екендігі белгілі. Австриядан шыққан, жұмыс орны американдық ғалым экономист Иозеф Шумпетер өндірістің төртінші факторы ретінде – кәсіпкерлікті көрсетті.

«Кәсіпкерлік» – пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғанын жауапкершілігімен жүзеге асады. Кәсіпкер – заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет түрлерімен: коммерциялық; делдалдық, сату-сатып алу, кеңестік және басқа қызметпен, құнды қағаздармен жасалатын операциялармен айналыса алады.

Кәсіпкерліктің маңызды белгілері.

- Шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келген сұрақ бойынша құқықтық норма шегінде шешім қабылдауда еркін.

- Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу.

- Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дәл есептеулерінде де тәуекелді анықтау мүмкін емес.

Кәсіпкердің көрсетілген маңызды белгілері өзара байланысты және бір уақытта әрекет етеді. Кәсіпкерлік үнемі жаңалықтармен байланысты.

Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағадайлар қажет:

- Экономикалық;

- Құқықтық;

- Әлеуметтік және басқа.

Экономикалық жағдай ең алдымен тұтынушылар сатып ала алатын тауар түрлері, тауарды ұсыну және оларға сұраным, ақша қаржыларының көлемі, жұмыс орындарының көп болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы күші, қызметкерлердің еңбек ақы деңгейі. Кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен тығыз қосылады. Алдымен тұтынушылардың белгілі талғам мен сәнге сәйкес тауарларды алуға ұмтылуы. Әртүрлі кезеңдерде бұл қажеттіліктер өзгеруі мүмкін. Әлеуметтік-мәдени ортаға тәуелді адамгершілік және діни нормалар біршама роль атқарады. Әлеуметтік жағдайлар жеке тұлғаның жұмысқа қатынасына әсер етеді. Ол өз кезегінде оның бизнестің ұсынған еңбек ақы шамасына, еңбек жағдайларына қатынасына әсер етеді.

Кез келген кәсіпкерлік қызмет сәйкес құқықтық орта шеңберінде қызмет атқарады. Сондықтан қажетті құқықтық жағдайды жасаудың маңызы зор. Бірінші орында кәсіпкерлік қызметті реттейтін, кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы жағдай жасайтын заңдардың болуы:

- Кәсіпорынды ашу және тіркеудің қарпайымдылығы мен жылдамдығы;

- Кәсіпкерлікті мемлекеттік бюрократизмнен қорғау;

- өндірістік кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бағытында салықтық заңдылықтарды жетілдіру;

- Қазақстан кәсіпкерлерінің шет елдермен бірлескен қызметінің дамуы.

Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

- қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

- ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

- тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

- қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;

- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

- еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

- меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;

- ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;

- жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;

- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;

- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;

- осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.

Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).

Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.

Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.

Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.

Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал – жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.

Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.

Қазір Қазақстанда ҚР Президентінің «Шаруашылық серіктестігі туралы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлықтарына сәйкес кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болады:

- Жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделген;

- Толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктелген;

- Жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктелген;

- Коммандиттік – аралас жауапкершілік (біреуі толық мүлкімен және басқаның салынған салымымен);

- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;

- өндіріс және тұтыну кооперативтері;

- консорциумдар;

- акционерлік қоғамдар.

Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің

артықшылығы мен кемшілігі:



Кәсіпкерліктің түрлері

Артықшылығы

Кемшілігі

Бір тұлғалы жекешеленген шаруашы-лықтар

Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы. Қызмет жасауының толық еркіндігі. Нарықтық саладағы мінез құлқының икемділігі. Қызметінің құпиялығын сақтау мүмкін-дігі. Барлық табыс табудағы максимал-ды мүдделілігі

Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары. Болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі. Барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірілу қажеттілігі.

Серіктестіктер

Басқару бойынша міндеттерді бөлу. Қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер. Еркін және оперативті іс әрекеттің әріптестермен келісу кезін-дегі шектеулілігі.

Әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдылығы. Сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психологиялық комфортсыздық. әріптестердің келіспеушілігінің негізіндегі бұл түрдің тұрақсыздығы

Акционерлік қоғамдар

Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі. Корпорация қызметі әр түрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі. Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі.

Басқарудың тым күрделілігі және оның оперативтілігінің төмендігі. Акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі. Кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі.

 

Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшу жағдайында қоғамдық меншікті жекешелендіру жолымен ірі кәсіпорындарды таратып, шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылды. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен салыстырғанда артықшылықтары мынада:

- тауар өндіру мен қызмет көрсетуде бәсекелестік пен кәсіпкерліктің дамуы;

- тұтынушылық сұраныстағы өзгеріске тез жауап қайтару;

- қызмет көрсету мен өнім сапасын жоғарылату;

- құн белгілеудің табиғи механизмдерін пайдалану;

- монополизмді жою;

- өндірістің ғылыми-техникалық дамуын жеделдету;

- оптималды басқару құрылымдарын құру және пайдалану;

- кадрларды тиімді пайдалану.

Шағын кәсіпкерлік түсінігі кәсіпкерліктің құрамдас бөлігінің бірі ретінде, кәсіпорынның көлемділік сипатымен байланысты. Кәсіпкерлік шағын кәсіпкерлікке, айналым көлеміне, жұмысбастылар санына, табыс көлеміне қарай жатқызылады.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толтырып, экспорттың әлеуетін арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Сонымен шағын кәсіпкерлік экономиканы жетілдіруде бәсекелестік ортаны дамытып, қосымша жұмыс орнын құрып, тұтыну секторын ұлғайтатын сектор.

Кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесіне төмендегілер ықпал жасайды:

- қызметкерлердің жылдық орташа саны;

- активтердің жылдық орташа құны;

- кейбір жағдайларда - қызмет түрлері.

Орта есеппен бір жыл ішіндегі қызметкерлердің тізімдік саны, қызметкерлердің орта есеппен есепті жылдың барлық айларындағы орташа санын қосындылау және алынған санды 12-ге бөлу жолымен анықталады. Активтердің жылдық орташа құнын анықтау үшін бухгалтерлер мынадай формуланы пайдаланады. Активтер құны ағымдағы жылдың әрбір айының алғашқы күніне (1 қаңтар, 1 ақпан және т.с.с. 1 желтоқсанға дейін), сондай-ақ, келесі жылдың 1 қаңтарына (яғни, барлығы 13 айға) қосындыланады. Алынған сома 13-ке бөлінеді. Нәтижесі активтердің бір жылдағы жылдық орташа құнын құрайды.

«Кәсіпкерлік туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүргізудің үш түрлі нысаны бар: шағын, орта және ірі кәсіпкерлік. Өзінің белгілі бір мәртебеге қатыстылығын кәсіпкерлік субъектілері өздері растаулары тиіс. Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері қаржы және салық есептілігін өздерінің жеке кәсіпкерліктің қандай да бір түріне (шағын, орта немесе ірі) сәйкестігінің шамалары қарастырылған салық огандарындағы тіркелу есебінің орны бойынша тапсырады.

1.2.  Шағын кәсіпкерліктің негізгі субьектілері.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне:

· қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жеке кәсіпкерлер;

· қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және бір жылдағы активтерінің жылдық орташа құны 60 000-еселік АЕК-тен аспайтын заңды тұлғалар жатады.

Төмендегілерді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерліктің субъектілері бола алмайды:

· есіркті құралдарының, психотропты заттар мен прекурсорлардың айналымына қатысты қызмет;

· акцизделетін өнімнің өндірілуі және (немесе) көтерме саудасы;

· астық қабылдау орындарында өнім сақтауға байланысты әрекет;

· лотерея жүргізу;

· құмар ойын және шоу-бизнес саласындағы қызмет;

· мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу қуаттарын өндіру, өңдеу және сатуға байланысты қызмет;

· радиоактивті материалдар айналымына қатысты қызмет;

· банк қызметі (немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агенті қызметінен басқа);

· аудиторлық қызмет;

· құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;

· несие бюроларының қызметі.

Орта кәсіпкерлік субъектілеріне:

· қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан асатын жеке кәсіпкерлер;

· қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50-ден көп, бірақ 250 адамнан аспайтын және бір жылдағы активтерінің жылдық орташа құны 325 000-еселік АЕК-тен аспайтын заңды тұлғалар жатады.

Ірі кәсіпкелрік субъектілеріне:

· қызметкерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын немесе бір жылдағы активтерінің жалпы саны 325 000-еселік АЕК-тен асатын заңды тұлғалар жатады.

· Жеке кәсіпкерлер ірі кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды.

II. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы.

2.1 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті мемлекеттік қолдау.

Кәсіпкерік еркіндігі мен әлеуметтік жауапкершіліктерінің принциптерін тек нарықтық механизм арқылы үйлестіру мүмкін емес. Бұл үшін сәйкес мемлекеттік саясат қажет. Мемлекттің шағын кәсіпкерлік атынасындағы екі негізгі қызметін бөліп көрсетуге болады: реттеужәнеқолдау. Біріншісінің мәні шағын кәсіпкерліктің құқықтық ортасын қалыптастыруды ұйымдастыру, әкімшілік сұрақтарды шешуде және сәйкес міндеттердің орындалуын бақылауда. Қолдану қызметтері шағын кәсіпорындарға материалдық, ақша, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстарды, оларға қызмет көрсетуді және т.б. жеткізу. Шағын кәсіпкерлік “төменнен” бастамасы бойынша тіршілікке қабілетті. Мемлекеттің міндеті шағын кәсіпкрлікті көбейту емес, оның қалыптасуы мен табысты қызмет етуі үшін қолайлы экономикалық орта жасау. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясатында іскерлік белсенділікті ынталандыруға заңдық және нормативтік негіз жасау және жетілдіру, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылым қалыптастыру қарастырылады. Шағын кәсіпкерлік ерекше тәсілді және оны қолдау шараларының арнайы кешенін жасауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” заңында қарастырылады:

· Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу кезеңінен бастап алғашқы үш жыл ішінде қозғалмайтын мүлікке тіркеу құқығына ақыдан босату;

· Өндірістік қызметпен айналысатын шағын субъектілеріне жер учаскелерін жерді пайдалану актісін беруге ақы алмай беру;

· Электроэнергиясы, жылу, сумен жабдықтау және канализацияның қуатына қосылу, мемлекеттің қатысуымен екінші деңгейдегі актта есепшот ашу бойынша ақыдан босату;

· Шағын субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жылына бір реттен көп емес тексеруді белгілеу.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендіру үшін 2001-2002 жылдарға шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданған, ІЖӨ 22 % арттыру қарастырылған. Шағын кәсіпкерлікті жеткіліксіз несиелеудің маңызды мәселелерінің бірі көптеген кәсіпекрлердің кепіл затпен қамтамасыз етілмеуі. Сондықтан коммуналдық меншік объектілерінен аймақтық өтімді кепіл қорлары құрылады. Олар Ақтөбеде, Қызылордада, Маңғыстауда, Павлодарда құрылған. Шағын кәсіпкерліктің дамыту қорының қызметіне жәрдемдесуге облыс әкімдері тартылады. Олардың көмегі кәсіпкерлерге пайдалануға (жалдау, өтеусіз беру және т.б.) бос әкімшілік үйлердің алаңдарын беруде. Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорына және оның аймақтық өкілдеріне шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды таратуға көмек көрсету қажет. Осы мақсатта қор мемлекеттік тапсырыс алуға өтініш беруге, келісім-шарт жасауға, сатып алумен айналысатын мемлекеттік қызметтерге шағын кәсіпорындардың мекен жайын таратуға, мемлекеттік тапсырысты алу үшін маркетинг саясатын жүргізуге көмектесуі қажет.

2001-2002 жылдарға шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанда шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарда шығарылатын ұқсас импорттық тауарларды бюджеттік ұйымдардың сатып алуына тыйым салу қарастырылады. Ірі компанияларға оларға ұсынылған мемлекеттік тапсырыстардың бір бөлігін бәсеке негізінде шағын кіспорындарға беруге міндеттеу керек.

2.2. Шағын кәсіперлік субъектілерінің инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу

Шағын кәсіперлік субъектілерінің инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу келесілер арқылы қамтамасыз етіледі:

· Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекттік инвестиция бағдарламасына қатысуы;

· Халықтың салымдарын құнды қағаздар арқылы инвестицияға өзгерту механизмін жасау;

· Бюджеттен тыс көздерді тарту саласына шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша қорлар қызметін және басқа арнайы институттарды белсендіру;

· Шағын кәсіпкерлікпен жұмыс істейтін коммерциялық банктер және басқа қаржы институттары үшін жеңілдіктер жүйесін дамыту;

· Жоғары тиімділігі бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне үлестік шартпен тікелей қаржылық қолдау көрсету.

Шағын көлік кәсіпорындары халықаралық транзиттік сауданың дамуына ойдағыдай қатыса алады. Негізгі жүк ағындарының түйіскен Евразия орталығындағы елеулі экспорттық әлеует және қолайлы көлік-географиялық жағдай Қазақстанда халықаралық транзиттік сауданы дамыту үшін қолайлы алғашқы шарттар жасайды:

1. Қазақстан Республикасының территориясы бойынша шетел көліктерінің және жолаушыларының транзиті және оларға жүру жолдары бойынша қызмет көрсету;

2. Шетел тауарларын жеткізу және оларды әрі қарай үшінші елдерге (реэкспорттау) кері экспорттау;

3. Шетел тауарларын жеткізу және олардың экспорттық өнімдер өндірісіне технологиялық қатысуы, әрі қарай экспортқа шығару.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі терең дағдарыста тұр, одан шығуды жағымды нәтижелерге жеткен бірнеше кәсіпорындардың табысты қызмет көрсетуде. Олар барлық тауар, өткізу, инвестициялық, баға саясатын тұтынушыға қарай бұрып, нарықтағы өз тауаршасын (ниша) тапты. Біріншіден бұған кәсіпорындарды ірілендіру, шағын еншілес құрылымдарды құру есебінен жетті. Екіншіден, шетел тәжірибесін, технологиясын тарту және пайдалану. Өндірісті сегменттеу қайта құрылған кәсіпорындарға шығарылатын өнім, оны өткізу көлемдерін өз еркімен салықтарды төлеуге және өнімнің өзіндік құнын есептеуге, сонымен қатар меншікті айналым қаржыларын толықтыру үшін тәуелсіз несиелерді алуға мүмкіндік берді. Бір үлкен тапсырыс алғаннан бірнеше кішігірім тапсырыс алған жеңілірек. Тұтыну нарығын қалыптастыру кезінде Қазақстан сияқты шикізат базасы, қажетті жабдықтары мен дайын кадрлары бар ел, өзінің ішкі нарығында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің ең кем дегенде 70% алуы тиіс. Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық дағдарысы, оның өнімдері өнеркәсіптік өңдеу деңгейінің төмендеуі, нарықтық қатынас жағдайларына бейімделуге қабілетті жаңа ұйымдастыру нысандарын іздеу қажеттілігін анықтайды.

Ұйымдастыру – экономикалық шаралар ауылшаруашылық кәсіпорындары арасындағы барлық кезеңдерде: өндіру - өңдеу - өткізу тығыс технологиялық және экономикалық өзара қатынас орнатуға бағытталуы тиіс. Агроөнеркәсіптік өндірістегі мұңдай мәселелерді шешу жолына кооперациялауды дамыту жатады. Қазіргі кезде жекешелендіруді жүргізу нәтижесінде ауыл шаруашылықтағы негізгі көлемін шағын ауыл шаруашылық кәсіпорындар, шаруа қожалығы, жеке қосалқы шаруашылық құрайды, яғни сөз негізінен шағын ауылшаруашылық кәсіпкерлік деп аталатын кәсіпорындар арасындағы кооперациялау туралы болып отыр. Ет, жүн, сүт кешендері ішінде кооперациялауды дамыту әрі қарай өңдеу үшін жекелеген қосалқы шаруашылықтардан малды, сүтті сатып алуды ұйымдастырудыға өткізу кооперативтерін құру жолымен жүруі мүмкін. Кооперацияға жеке қосалқышаруашылықты тартумен өңдеу кәсіпорындардың қуатын пайдалану деңгейі артады.

«Бизнестің жол картасы 2020». Бағдарлама экономиканың шикізаттық емес секторларында аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімделген дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ әрекеттегі тұрақты жұмыс орындарын сақтау мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы.Бағдарламаның мақсаты - тұрақты және тиімді жұмыспен қамту көмегімен тұрғындар табысын арттыру.

ҚР агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы – бұл, ең алдымен,азық-түлік қауіпсіздігі мен өнім экспортын арттыруды қамтамасыз ететін елдердің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін дамыту.


Қорытынды

Жұмыс барысында кәсіпкерлікті аймақтық басқарудың тиімді құралдарының бірі ретінде шет елде өзін-өзі жақсы танытқан бизнес-инкубаторларды кең пайдалану ұсынылады, бұл кәсіпорын құрудың, икемді әдістері мен тиімді жұмыс істеу жүйесі болып табылады.

Жаңа кәсіпорын құру процесі — бұл кәсіпкерлік қызметіндегі ең көп жауапты және еңбек сіңіруді керек қылатын кезең, ол дұрыс қызмет бағытын таңдауды, тиісті команданы жинақтауды, болашақ кәсіпорынның орналасатын жерін таңдауды, бизнестің ұйымдық-құқықтық түрін анықтауды, фирманың маркетинггік мүмкіндіктерін талдауды және ең соңында кәсіпорынның өзін тіркеуді ұйғарады.

Осы жұмыс барысында қазіргі замандағы әлемнің ең жоғары дамыған елдерінің бірі — АҚШ-тың кәсіпкерлікті дамыту бойынша 200 жылдан астам тәжірибесі талданып, қорытылды. Жұмыс барысында бұл тәжірибелерді Қазақстанда пайдалану жөнінде ұсынылған ұсыныстар республикадағы өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңу және индустриалды дамыған елдер жолына шығу мақсатын көздейді.



Қорыта келгенде, шағын бизнестің негізгі мақсаты — халықты жүмыспен қамту, оның әлеуметтік меселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортименттегі тауарлармен, қызметтермен толықтыру. Қорытынды ретінде, Қазақстан Республикасында халықтың әл-ауқаттылығын түбегейлі жақсарту мен экономиканы дамыту секілді қиын да игі міндеттерді атқара білетін бизнесмендер тобын жетілдіруге алып баратын әрі кәсіпкерлік қызмет саласын шабыттандыратын кәсіпкерлікті басқару ісінің мақсатты да көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудың  қажеттігін атап өтуді жөн көрдім.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының  «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы. Заң – 2006. №5, 4-20б.

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 қазандағы «Өндірістік кооператив туралы» Жарлығы.

  3. Қазақстан Республикасы президентінің 1997 ж. 13-наурыздағы «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен белсендіруді күшейту бойынша шаралар туралы» Жарлығы. Казахстанская правда. – 1997ж. 13-наурыз, 2-3б.

  4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030 Қазақстан халқына жолдауы.

  5. Нысанбаев С.Н., Қожамқұлова Ж.Т.  Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері:  Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.

  6. Сәбден О. Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару. –Алматы: «Білім», 2002. – 304б.

  7. Кошанов А.К. Казахстан на пути к рынку. – Алматы: Ғылым, 1991.

  8. Ермекбаева Б.Ж., Бурабаев О.Б., Құлжабаева М.Т. Жергілікті салықтар мен алымдар. Алматы, «Атамұра» баспа үйі. 1999. -103-105б.

  9. Шеденов Ө.Қ., Жалпы экономикалық теория.- Алматы 2001.

  10. Бажиева, Манабаева. ҚР-да шағын бизнестің қалыптасуы және дамуы. ҚазҰУ хабаршысы – 2006. №4, 58-63б.

  11. Журавлёва М.Р., Малый бизнес.- Высшая школа Казахстана – 2004. №4, с.314-318.

  12. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңесін құру туралы: Жарлық. Ресми газет 2005 -24 қыркүйек.

  13. Манақбай Т.   Кәсіпкерлік қаржылық қолдаумен дамиды  Егемен Қазақстан – 2006-06-02

  14. Б. Абдуллаева  Шағын бизнестегі несиелік тәуекелді басқару    Қаржы-қаражат – 2007. №1, 16-21б

  15. Мейірбеков Б.Қ.  Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау жолдары мен дамыту әдістері (Қазақстан Республикасының мысалында)  Алматы – 2004ж





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет