Мұнай тотықтырушы микроорганиздер және олардың экологиялық маңызы



бет1/6
Дата29.12.2023
өлшемі0,85 Mb.
#144676
  1   2   3   4   5   6

Мұнай тотықтырушы микроорганиздер және олардың экологиялық маңызы.


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Орындаған: БТ 18-12топ студенттері
Турарбекова Ултуар
Зерипова Кундыз
Мұрат Мерей
Орынбасар Ақжол
Тексерген: Заядан Б.К.
Жоспар:
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Көмірсутегі тотықтырғыш микроорганизмдер
  • Мұнай тотықтырушы микроорганиздердің экологиялық маңызы
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Мұнай – күрделі қосылыстардан тұрады, алкандар,цикландар және арендер әр түрлі молекулалы салмақтағы,сонымен қатар оттекті,күкіртті және азотты көмірсутектер. Мұнай мен мұнай өнімдері ең үлкен деңгейдегі қоршаған ортаны ластаушылар болып саналады.
Қазіргі мұнай өндірісінің қарқындылығына байланысты жылына 50 миллион тоннаға жақын мұнай мен мұнай өнімдері қоршаған ортаға түсіп,оны ластайды. Сондықтан, экожүйенің көп мөлшерде мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік деңгейдегі проблемалардың бірі болып отыр.
Кіріспе
Ал ластанған ортаның қайта құрылу процесі зерттеушілердің айтуы бойынша 10-25 жылдан көп уақыт жүреді,яғни кең ауқымда ластанған табиғи экожүйелердің өздігінен қайта қалпына келуі өте ұзақ уақытқа созылатын процесс. Табиғатта мұнай ластануынан тазарту табиғи көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдер арқылы іске асырылады.Ластанған экожүйені тазалаудың ең негізгі, дұрыс жолы – микробиологиялық жол болып есептелінеді.
Микробиологиялық әдістер негізінде деструктор микроорганизмдерінің ферменттік белсенділігіне сүйене отырып жасалынады.Өйткені,олар мұнайдағы көмірсутегін энергия көзі ретінде және де көміртегінің көзі ретінде пайдаланады.Осы бағыттағы жұмыстардың барысында белсенді түрде көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдер,түрлі ашытқы культуралары бөлініп алынады,осының нәтижесінде жаңа препараттар мұнаймен ластанған орталарды тазарту үшін қолданылады.
Қоршаған ортаға төгілген мұнай экологиялық қауіпті зат болып есептелінеді. Бастапқы бүкіл өмірлік процестердің өтуіне өзгерістер енгізеді
яғни жердің мұнаймен ластануына және судың тыныс алу белсенділігін төмендетеді және микробты өздігінен тазалануын белгілі бір жеке микроорганизмдер тобының қатынасын өзгертеді
азотфикация, нитрификация процестерін күйзелтіп,целлюлозаны бүлдіреді, тамыр қалыптасуын және өсімдіктердің органикалық қалдықтарын азайтады.Мысалы,мұнай өнімі төгілген жерге көптеген жылдар бойы шөп өспейді.
Мұнаймен ластанған топырақтарды тазалау процесі экологиялық таза, әрі экономикалық жағынан тиімді, ауыл шаруашылық жерлердің құнарлығын арттыру үшін, қалпына келтіретін және көмірсутектердің интенсификациясына бағытталған әдістерді талап етеді.
Қазіргі таңда ең тиімді әдіс болып биоремедиация саналады.Биоремедиация – минералды тұздардан, қант, ферменттерден тұратын биогенді қоспасымен қатар, көмірсутек тотықтырушы микроорганизмдерден құралған препараттарды қолдану арқылы мұнаймен ластанған топырақ және суларды тазалау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет