І тоқсан 6-сынып 0-дік білім кесімі



Дата15.10.2023
өлшемі12,79 Kb.
#115310

І тоқсан 6-сынып


0-дік білім кесімі

Оқу мақсаты: 6.2.2.1 ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;


6.4.1.1 тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу;


Тіл қисыны


Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға түрлі зат керек. Ол керек зат топырақ болса, оны біріктіріп илейді, иленген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Неғұрлым жоба жасайтын сәулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым салған үй сәулетті болып шығады.
Сөзден құрастырылып пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат – сөздер. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан, кірпішінен, әсіресе, қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Рас, әңгіменің әдемі
болып шығуы сөздің тізілуі мен әңгіме айтушының пікірлеуінде. Жазушы қиялға неғұрлым бай, пікірге шебер болса, шығарған сөзде соғұрлым әсерлі, әдемі шықпақ.
(100 сөз) А. Байтұрсынов
Дескриптор:
2-3 қате – 7 балл;
4-5 қате – 6 балл;
6-7 қате – 5 балл;
8-ден көп қате – 3 балл;
Мәтіннің стилін анықтайды – 1 балл
Барлығы – 8 балл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет