Ибраимова Ж. К



Дата31.12.2021
өлшемі426 Kb.
#21666
Байланысты:
Еңбек – бәрін жеңбек

Еңбек – бәрін жеңбек

  • Ибраимова Ж.К.
  • 12.02.2011 ж
  • Өскемен қаласы
  • Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
  • Міндеттері:
  • - еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
  • - еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
  • - еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
  • Үлкенге де "Сіз",
  • Кішіге де "Сіз".
  • Бар адамға құрметпен,
  • Бас иеміз біз.
  • 1. Шаттық шеңбері
  • Болайықшы осындай.
  • Сөзі мен әні –А. Меңжанованікі.
  • Жақсы бала еңбекшіл,
  • Ер азамат болады.
  • Қиындықты жеңіп кіл,
  • Құшағы гүл толады.
  • Еңбекшіл осындай,
  • Болайықшы, досы-ай!
  • Таза бала мұнтаздай,
  • Сүйсінеді қараған,
  • Ұқыпты деп бұл қандай,
  • Жақсы көрер бар адам.
  • Еңбек – бәрін жеңбек
  • Әңгімелесу:
  • Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
  • Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?
  • Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
  • Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
  • Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.
  • Тапсырма.
  • Суреттерге қарап, еңбектің түрін анықтау.

Мәтінмен жұмыс

  • Б.Әділов «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» мысал әңгіме
  • Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
  • Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
  • «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
  • Дәйексөз
  • Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.
  • Абай
  • Сахналау:
  • «Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжанов
  • Автор:
  • Дастарханда шашылып
  • Жатты аппақ бауырсақ
  • Бауырсаққа қызығып
  • Қарап тұрып көзін сап.
  • Қуыршақ:
  • -Қайдан келдін бауырсақ?
  • Бауырсақ:
  • -Дүкеннен келдім нан сатқан.
  • Қуыршақ:
  • Дүкенге келдің қай жақтан?
  • Бауырсақ:
  • -Наубайдан келдім нан жапқан
  • Қуыршақ:
  • -Наубайға келдің қай жақтан?
  • Бауырсақ:
  • Диірменнен келдім ұн тартқан.
  • Қуыршақ:
  • -Диірменге келдің қай жақтан?
  • Бауырсақ:
  • Даладан келдім жан-жақтан.
  • Жер-анам менің көсілген
  • Дихандар мені өсірген
  •  

Жүректен жүрекке

  • Бір – біріне жүрекжарды тілектерін айту
  • Дәптермен жұмыс
  • «Еңбек – бақыт бастауы» әңгіме жазу
  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет