Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология факультеті
«Әдебиеттану» мамандығы
Ерболова Ақгүлім Ерболқызы
ІІ курс
«Поэтика» жайында сөз қозғалған еңбектерге тезистік шолу
Поэтика тақырыбын жазылған еңбектер турасында сөз қозғасақ, ең бірінші Аристотельге тоқталатынымыз анық. Кемеңгер, данышпан, көне грек ойшылы, Платон шәкірті, атақты Александр Македонскийдің ұстазы – Аристотельдің ғылым мен философияға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Аристотельдің “Поэтикасы” — күллі көркемөнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Сонымен қатар “Поэтика” өз кезіндегі әжептәуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы екені де даусыз. Бұл еңбекте поэзия өнерінің мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Көркем шығарманың көп-көп жайларын, атап айтқанда, характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Аристотель еңбегінің ең құнды жері тарихта тұңғыш рет анық әрі дұрыс әрі анық эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап, ашуында деп ойлаймын. БІр нәрсені білу артық емес: поэтика деген сөз біздің бүгінгі теориялық түсінігімізде көркем творчество немесе сөз өнері туралы ғылым болса, Аристотель поэтиканы сол әдеби творчествоның, яки сөз өнерінің өзі деп түсінген. Демек, Аристотельдің “Поэтикасы” – өнер туралы ойлар. Аристотель: “Өнер еліктеуден туады”, - дей келіп, “өнердің мақсаты ақиқатты тану жолы – адамның мінезі мен ісін суреттеу”, - деген даналық қағидасын ұсынады. Аристотель ойынша, поэзияның басты объектісі – адам өмірі. Адамды бейнелеудің үш түрі бар, өткенде қандай болды, қазір қандай, болашақта қандай болмақ немесе болуы керек. Софокл келешегін болжаса, Еврипид осы шағын кейіптеді. Сонымен қатар, әдеби жанрларға қысқаша тоқталып келіп, трагедияға баса назар аударады. Аристотель трагедияны – маңызды әрі күрмеуі бар, белгілі бір көлемге сыйымды, әр бөлігі сөзбен безендірілген – әрекетке еліктеушілік, деп атайды, әңгімелеп емес, жанашырлық пен қорқыныш туғыза отырып ұқсауға ұмтылыс деп ұғады. Яғни, “адам трагелияны сезінген сайын, жаны тазара түседі”, - дейді. Осыған байланысты, «катарсис» деген жаңа ұғымды оқырманға ұсынды.
Келесі поэтика туралы сөз қозғағанда Горациидің “Поэзия өнері туралы” еңбегіне тоқталып өткен дұрыс. Өзінің өнер жайлы теориялық поэмасында Гораций ақындар алдына адам таңқалғандай дұрыс эстетикалық талаптар қояды. Олардың көбі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Оның талабы бойынша, өнер туындысының бәрінен бұрын көркемдік сапасы жоғары болуға тиіс, өнер туындысында арзан әрі нашар шығарма болмауға тиіс. Горации еңбегін Аристотельдің «Поэтикасымен» салыстырсақ, ежелгі грек ойшылы Аристотель шығармашылығының құрамдас бөлігі философияның негізгі қағидаларымен логикалық байланысқан, түп негізін философиялық ойлардан алатын болса, Гораций этикасы ауызекі тілге жақын әдеби хабар сипатына ие. Гораций үшін поэзияның түпкі мақсаты - адамға ләззат сыйлау және пайдалы болу. Автор: «Әр ақын оқырманға пайдалы дүние үйретуге немесе оқырман көңіл көтеруге тырысады. Ал, пайдалы ақпарат пен эстетикалық ләззатты ұштастырған ақын құрметке лайық», - дейді. Поэзияның мәнін сипаттай отырып, Гораций оны кескіндеме өнерімен салыстырады. Бұл пікірді кейінірек классицизм теоретиктері қолдаса, неміс жазушы және әдебиеттанушы Г.Э.Лессинг «Лаоокон» еңбегінде сынайды: «Әдебиет пен бейнелеу өнері бір-біріне мүлде ұқсамайды. Екеуіне мүлде басқа заңдар қолданылады, бұл жерде поэзия мен кескіндеме үшін біркелкі заңдар жоқ», - дейді.
Поэтика туралы атақты еңбегі бар тағы бір автор - француз ақыны, классицизм дәуірінің жарқын өкілі Никола Буало. Буалоның “Поэтика өнері” (фр. «L’art poétique») поэма-трактаты - классицизм бағытта жарық көрген поэтикалық өнердің жарқын үлгісі. Буало трактаты да өмірдің басқа салаларындағы заңдылық секілді поэзия үшін де ақыл-ой бәрінен жоғары болу керек, оған қиял мен сезім бағынуы керек деген сенімнен шыққан. Буало: «Поэзия формасы жағынан да, мазмұны жағынан да жалпыға түсінікті болуы керек, бірақ, шығарманың оқуға жеңіл болуы мен көпке түсінікті болуы, оны арзан, нашар туындыға айналдырмауы керек», - дейді. Яғни, автордың стиль жағынан талғамы, биік, бірақ сонымен бірге қарапайым болуын басты назарға ұстанады. Автордың басты мақсаты - поэтикалық өнерді абсолютизм дәуірінің білікті дворяндарынан шыққан сарай ақсүйектерінің саяси-көркемдік талап-тілегін қанағаттандыру әрекетіне ғана жұмсау дегенімізбен, Буалоның «шындықтан асқан сұлу жоқ», - деп, суреткерге өз шығармасында шындықты ғана суреттеуді ұсынуы - батылдық. Буаломен бірге классицизм бағытындағы Скалигерді де атап өте аламыз. «Поэтика» немесе «Поэтиканың жеті кітабы» классицизм бағытындағы француз ғалымдарының теорияларына айтарлық ықпалын тигізді. Скалигер тұжырымдамасында бір-біріне ішінара қайшы келетін үш принцип бар:
1. абсолютті стилистикалық бейнеге еліктеу гуманистік принципі (оны Вергилий қойған);
2. көркемдік данышпанның жақсы табиғатты құрудың неоплатоникалық принципі;
3. Табиғатқа еліктеудің аристотельдік принципі. Скалигер поэзияны «көңілді ғылым саласы» деп есептеген. Еңбек 7 кітаптан (Тарих, Форма, Кейіпкер, Стиль, Грек авторлары мен латын авторларын салыстыру, Латын поэзиясының тарихы, Ұсыныс) тұрады, Сонымен қатар, 3 категорияға жіктелген (қажет: философия; пайдалы: риторика; қызықты: поэзия).
XIX-XX ғасырларда поэтика әдеби сынның композицияны, тілді, верификацияны зерттейтін бөлігі деп саналды. Поэтиканы стилистикамен сәйкестендіру әрекеттері бар. Түр, жанр, бағыт, ағым поэтикасына арналған еңбектер бар. Қазіргі әдебиеттануда да поэтиканың көптеген анықтамалары бар. Олардың кейбіреулерін талдай келе Г.Клочек бұл терминнің келесі мағыналарын атайды: көркемдік; шығармашылық принциптер жүйесі; өнер түрі; жүйелілік, тұтастық; жазушының шеберлігі. Поэтиканы әдебиет теориясымен салыстыруға болмайды, ол әдебиеттану ғылымының бір саласы ғана. Орыс лингвисті Виноградов: «Мотивтер туралы мәселе және сюжеттер, олардың көздері мен егу формалары, олардың құрылымдық өзгерістері, учаскені орналастыру немесе дамытудың әртүрлі әдістері мен принциптері, заңдар, сюжет құрудың, әдеби шығармалардағы оқиғалардың құрылысы мен қозғалысының категориясы ретіндегі көркемдік уақыт туралы, композицияның сөздік-көркем шығарманың тілдік, функционалдық-стильдік және идеялық-тақырыптық жоспарларының жинақтау, өзара әсер ету секілді мәселелердің барлығын поэтика зерттейді», - деді.
Шлегель поэтикалық тектердің құрылымына салыстырмалы талдау жасап, іс-әрекеттің ерекшелігін, оқшаулануын, драма үшін бірлігін, ал эпос үшін - оқиғалылығын, шексіздігін, тұтастықпен байланысқан бөліктердің салыстырмалы дербестігін айтады. Поэтикалық тектер қатарын теориялық тұрғыдан қарастыру тарихи тұрғыдан сәйкес келмейтінін алға тарта отырып, Шеллинг лирика, эпос, драма құрылымындағы ерекшеліктерді олар білдіретін мүмкіндіктердің немесе даму кезеңдерінің мәнінен шығарады. Ал, тарихи поэтиканы терең зерттеген адам - орыс ғалымы Веселовский еді. Ол: «Функционалды поэтика шығарманы функция немесе жүйе ретінде зерттесе, жалпы поэтика суреткерліктің негізгі заңдылықтарын анықтайды», - дейді. Тарихи поэтиканың негізгі мәселесі — жанр, жанрлық түрлер тарихи қалыптасқан жағдайға байланысты бірлікте не жеке қарастырылады. Жанр мен жанрдың шекарасы өзгермелі, сондықтан поэтикалық жүйе дәуір ықпалында өзгеріске түседі де, осы өзгерістерді тарихи поэтика зерттейді. Қазақ әдебиеттануында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы поэтика ұғымын қисын деп алады. Ол тіл қисыны яки лұғат қисынына сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу деген анықтама береді. Шығарманың өңді, ұнамды болу шарттарын белгілейді: ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне, көрнекті, әуезді болу жағын да талғайды.
Өткен лекциялар бойынша сұрақтар:
№1 сұрақ
|
Поэтиканың нақтылы қалыптасқан кезеңі:
|
А.
|
Сентиментализм
|
B.
|
Классицизм
|
C.
|
Меньеризм
|
D.
|
Натурализм
|
E.
|
Экспрессионизм
|
№2 сұрақ
|
Американдық «Әдебиет теориясының» авторлары:
|
А.
|
Аристотель мен Гегель
|
B.
|
Никола Буало мен Скалигер
|
C.
|
Веселовский мен Томашевский
|
D.
|
Рене Уэллек пен Остин Уоррен
|
E.
|
Дж. Патрик пен Уияльм Фолкнер
|
№3 сұрақ
|
Көркем образдың символикалық табиғатын философиялық тұрғыдан түсіндірді:
|
А.
|
Шлегель
|
B.
|
М.В. Ломоносов
|
C.
|
Лессинг
|
D.
|
А.П.Чехов
|
E.
|
Гегель
|
№4 сұрақ
|
Поэтикалық тәсілдердің шығу тегін, генетикасын қарастыратын поэтиканың саласы:
|
А.
|
Жеке поэтика
|
B.
|
Әдеби сын жанрлары
|
C.
|
Герменевтикалық поэтика
|
D.
|
Жалпы поэтика
|
E.
|
Тарихи поэтика
|
№5 сұрақ
|
Никола Буало ұсынған үш бірлік:
|
А.
|
Автор, оқырман, шығарма бірлігі
|
B.
|
Өлең, сезім, ұйқас бірлігі
|
C.
|
Орын, уақыт, іс-қимыл бірлігі
|
D.
|
Антика, классицизм, публицистика бірлігі
|
E.
|
Аристотель, Гегель, Горации бірлігі
|
№6 сұрақ
|
Эстетика ғылымының негізін салушы:
|
А.
|
Горации
|
B.
|
Скалигер
|
C.
|
А. П. Чехов
|
D.
|
Баумгартен
|
E.
|
Кант
|
№7 сұрақ
|
Адамның өз ынтасымен жасалған рухани қызметі:
|
А.
|
Шындық
|
B.
|
Спорт
|
C.
|
Шығармашылық
|
D.
|
Аксиома
|
E.
|
Күлкі
|
№8 сұрақ
|
Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез-келген құбылыс:
|
А.
|
Образ
|
B.
|
Сын
|
C.
|
Шындық
|
D.
|
Символ
|
E.
|
Сатира
|
№9 сұрақ
|
Көркем әдебиеттегі өмірді суреттеудің басты тәсілі:
|
А.
|
Символ
|
B.
|
Образ
|
C.
|
Шындық
|
D.
|
Өлең
|
E.
|
Сатира
|
№10 сұрақ
|
«Пайымдау қабілетінің сыны» еңбегінің авторы:
|
А.
|
Горации
|
B.
|
Скалигер
|
C.
|
Веселовский
|
D.
|
Баумгартен
|
E.
|
Кант
|
Достарыңызбен бөлісу: |