МАЗМҰНЫ
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Табиғи пептидтер
Организмдегі белоктардың негізгі қызметтері
III. Қорытынды
Кіріспе
Белок туралы түсінік. Пептидтер
Белок – организмдегі заттардың ең күрделісі, ал оның элементтік құрамы айтарлықтай қарапайым болып келеді. Онда 51-53% көміртегі, 16-18% азот, 7% сутегі, 21-23% оттегі, 0,7-1,3% күкірт болады. Кейбір белоктарда бұған қосымша фосфор да кездеседі. Күшті қышқылдармен және сілтілермен бірге қайнатқан кезде, сондай-ақ ферменттердің әсерімен белок амин қышқылдарының қоспасына ыдырайды.
Амин қышқылдары. Амин қышқылдары өсімдікте кетон қышқылдарын тікелей аминдеу немесе қайта аминдеу деп аталатын екі негізгі реакция арқылы синтезделеді. Олардың құрамында карбоксил тобынан басқа, амин тобы да болады. Сулы ерітінділерде амин қышқылдарының СООН және NH2 тобы ортадағы реакцияға қарай диссоциацияланады.
Пептидтік байланыстар. Амин қышқылдардың поликоңденсациялануы нәтижесінде пептидтер түзіледі.
Пептидтер -- дегеніміз полимерлі қосылыстар, кұрылым бірлігі ретінде амин қышқылдар қалдықтары алынады.
H2N - - CH - CO - NH - CH - CO - NH - CH - CO - NH - CH - CO - NH - CH - CO - ...
│ │ │ │ │
R1 R2 R3 R4 R5
Полипептид
Көптеген амин қышқылдары қосылуынан полипептид пайда болады. Табиғи белок полипептид болып саналады, ол бірнеше жүздеген амин қышқылдары буындарынан тұрады. Полипептидтер кейбір қасиеттері бойынша белоктарға жақындайды, бірақ белоктардың қасиетін толық қайталамайды, мысалы, полипептидтер шөгіп тұнбаға түспейді және денатурация құбылысына ұшырамайды, себебі полипептидтерде кеңістік құрылым болмайды. Пептидті байланысты түзуге тек α - амино- және α -карбоксилді топтар катысады, пептидтер тармақталмаған. Полипептидтің қаңқасы үнемі қайталанып отыратын кұрылымдық элементтерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |