II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАPP «XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті және отарлау және ұлт-азаттық күрес» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау (Максималды балл 20)
Оқу мақсаты
7.2.1.1 Cалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау
7.2.2.4 Қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау
7.3.1.5 Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
7.3.1.6 Ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының роліне баға беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Cалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын сипаттайды
Қолданбалы өнердің жетістіктеріне баға береді
Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестің себеп-салдарын сипаттайды
Ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының ролін бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма 1. Cалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сипаттап, құндылығы мен маңыздылығын анықтаңыз. (6 балл)