Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Д.К. Мукажанова өз сөзін «Дарынды ұрпақ - болашақтың іргетасы» дөңгелек үстел. Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керектігін айтып өтті. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 5 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма?
Екінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Сенсорлық телефон баланың тәрбиесіне қалай әсер етеді? Енді не істеу керек?Ата-налар комитетінің алдыңғы құрамы өз жұмысын жалғастыратын болды.
Үшінші мәселе Жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша сынып жетекші ата-аналарға оқушылардың саралануын ескере отырып жазғы мектеп ұйымдастырылады. Оқушылардың білімін тиімді түрде тереңдету мақсатында ұйымластырылатыны айтылды. Шарттарымен таныстырылды.
Ағымдағы мәселелер бойынша сынып жетекшісі оқушылардың сабақтан себепсіз қалмау, қалған жағдайда анықтама әкелу, дене шынықтыру киімін өздерімен алып келу, форма міндетті түрде киетіндіктерін, ақ бантик ,қара туфли , т.б., мектеп мүлкін бүлдірмеу, оқу-құралдарын таза ұстау, қауіпсіздік шарасы бойынша ата –ана тарапын жауапкершіліктерімен таныстыру жүргізілді.
Оқушылардың мектепке келіп, кетуінің қауіпсіздігі ата-анаға жүктелді, қолхат алынды.
Қаулы:
1. «Баланың басты ұстазы ата –ана» атты баяндама тыңдалсын.
2. Ата-аналар комитеті өз жұмысын жалғастырылсын.
3. Ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ. Бүгінгі көтерілген мәселелер бойынша бірауыздан қабылданып ,барлығы тарапынан ризашылық білдірілді.