“Ер Қабанбай орта мектеп-бақшасы”КММ
Ата-аналар жиналысының хаттамасы.
Хаттамасы №1 Күні:17.02.2023ж 2- сынып
Қатысқаны:5
Қатыспағаны: 3
Күн тәртібінде
Психологиялық тренинг
«Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны
Ситуациялық жағдайлар
Ағымдағы мәселелер.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша Базылмұратова Талшын Амангелдіқызы ата-аналарға өзін таныстырудан бастады.Психологиялық тренинг жасату арқылы, Отбасында баланың жан - жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т. б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеу керек екендігін айтып өтті.
Екінші мәселе бойынша сынып жетекші «Балаңызға деген сүйіспеншілік”деген ойынын ойнатты.Сонымен қатар “Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз?”сұрағы аясында пікірталас жүргізілді. Ата – аналар өз ойларын білдіріп постерге салып, пікір алмасты.
Үшінші мәселе бойынша сынып жетекші оқушының мектепке келіп, кету жол қауіпсіздігін тікелей басты назарда ұстап қадағалау керектігі ескертілді. Мектеп ережесіне бағынып, мектеп формасынмен келулерін қадағалау, сабақтан себепсіз қалдырмау керектігі ескертілді. Ауырып қалған жағдайда тікелей сынып жетекшімен байланысып ескертуі туралы да айтылды.
Қаулы:
1. Таныстырылым назарға алынсын
2. Баяндама оқылды.
3. Оқушыларға қатысты барлық мәселелердің уақытылы шешіліп отыруы қадағалансын.
4. Оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі, формасы, оқу – құралдары, себепсіз сабақтан қалмауы, оқушылардың қауіпсіздігі ата – аналарға тапсырылсын.
Сынып жетекші: Базылмұратова Талшын Амангелдіқызы
Достарыңызбен бөлісу: |