Қылмыстық құқық бұзушылық сатылары.Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу



бет1/5
Дата26.11.2022
өлшемі1,37 Mb.
#52869
  1   2   3   4   5

Қылмыстық құқық бұзушылық сатылары.Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу

НАУРЗБАЙҰЛЫ БЕКЗАТ

Жоспары:

Жоспары:

1. Қасақана қылмыс сатыларының түсінігі және түрлері.

2. Қылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері.

3. Қылмысқа оқталу түсінігі және белгілері.

4. Аяқталған қылмыстық құқық бұзушылықтар.

5. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу түсінігі.

Пайдаланылған мәліметтер: adilet.zan.kz

Қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық.

Қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық.

1. Тiкелей немесе жанама пиғылмен жасалған іс-әрекет қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.

2. Егер адам өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынған болса, оның қоғамға қауiптi зардаптарының болу мүмкiндігiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала болжап білген болса және осы зардаптардың туындауын қалаған болса, қылмыстық құқық бұзушылық тiкелей пиғылмен жасалған деп танылады.

3. Егер адам өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынған болса, оның қоғамға қауiптi зардаптарының болу мүмкiндігiн алдын ала болжап білген болса, осы зардаптардың орын алуын қаламаса да, оларға саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, қылмыстық құқық бұзушылық жанама пиғылмен жасалған деп танылады.

Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу.

Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу.

1. Тікелей пиғылмен жасалған, қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа сыбайлас қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл ретте қылмыс адамның еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа дайындалу деп танылады.

2. Ауыр немесе аса ауыр қылмысқа дайындалғаны үшiн, сондай-ақ террористік қылмысқа дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет