Қимастық жыры



Pdf көрінісі
Дата22.12.2023
өлшемі1,73 Mb.
#142875


м
ен
д
еп
о
йл
а
кітап емес, әңгіме


Кіріспе орнына
Жиырма бесінші наурыз.
Жүрек түкпіріндегі барлық үмітті жерлеп, басына
шырақ жағып отырмын. Бітті, біздің арамыздағы
барлық естеліктердің күлі көкке ұшатын кез де жетіп
келді. Енді мен сені көктемде ұшып келетін
құстардың қанатынан, қысқы ұлпа қарлардан, үзіліп
түскен күзгі жапырақтар мен жазғы кештерден
іздемеймін...
Уәделер әрқашан орындала бермейді. Бұған бүгін
тағы да бір көзім жетті. Әрі көңілді, әрі ыңғайсыз ай
болды. Естеліктер, қоштасулар, мәңгілік сағыныш...
 


Оқиға былай басталды...
Бұл күннің басқа күндерден айырмашылығы
болмады. Бірақ барлық ерекше сезімдердің куәсі – түн
еді. Екі мың жиырмасыншы жыл, «Вконтакте»
әлеуметтік желісінен қазақша жазбалар оқуды әдетке
айналдырып алған кездерім. Ұнаған жазбаларға
толассыз лүпілдерім басылып жатты. Тосыннан
хабарлама келіп түсті.
— «Сәлем». Бұл оның маған жазған ең алғашқы
хабарламасы еді. Осылайша кішігірім таныстық орын
алды.
Арада бір-екі апта өтті. Таныстық жайлы миымда
артық ойлар да жоқ. Жүрегіңді қарып кететін қыс
айлары еді. Алатаудың бөктерінде орналасқан
Алматының қысы ерекше ызғарлы. Сағат кешкі
жетінің кезі. Анамның тапсырысын алып кетуге
барғанмын. Кезек шамадан тыс көп болды. Күт-күте
ұялымның қуаты да таусылып бара жатыр. Әлгі жаңа
танысымнан тағы бір хабарлама келді. Далада тұрып
тоңған денем бірден зу ете қалды. Миым хабарламаны
қабылдаса да, жүрегім «не жазыпты» деп ішімді
қытықтап тұр. 
— «Қайдасың?» депті. О тоба, бейтаныс адам осындай
сұрақ қоя ма екен деп біраз таңғалдым. Сосын мен де
— «Саяхатта» деп қысқа жауап бердім. Қалай?!
Қалайша бұлай тез жауап бере салдым?


Бірден хабарласты. Үрей мен қобалжу қосылып,
мені тұтқаны көтеруге мәжбүрледі.
— Мен де Саяхаттамын. Кездесейік? - деді телефонның
арғы жағынан қоңыр дауыстың иесі.
— Сәлем, неге? - дедім дауысым дірілдеп.
— Жай, қашанғы онлайн сөйлесе береміз?
— Жоқ, бұл жолы емес. Ұялымның қуаты бітіп бара
жатыр.
— Қай жерде тұрсың? Қазір барамын, - деп тұтқаны
қоя салды. Тұрған жерімнің мекен-жайын жібердім.
Бір қызық сезім, бұрын соңғы бұлай ешкіммен
кездесіп көрмеген мен үшін ең алғашқы тәжірибем
іспетті болды. Осылайша санамдағы мың сұрақтың
тұтқынында тұрғанда, иығыма үлкен бір қол тиді.
Жалт қарадым.
— Сәлем, - дедім баяғыша сасқалақтап.
— Сәлем, тоңдың ба? - деді мейірімді көздер.
— Иә, біраз. Қатты суық екен. 
— Кел құшақтайын, - деп өзіне қарай тарта бастаған
еді, қарсылық білдірдім. 
— Біз әлі таныс емеспіз, - қабағымды шытқандай
болып.
— Мен сені басқаша елестеткенмін.
— Ее, қалай?
— Оны сосын айтып беремін. Әлі сенімді емеспін.
— Мен де сені басқаша елестеткенмін негізі, - деп
шахқа мат қойғандай түрмен үн қаттым.


Осылайша үнсіз бір-бірімізді зерттеп біраз аялдап
тұрдық.
— Енді? - дедім үнсіздікті бұзып.
— Басқа не қалайсың? - деді жымиып.
— Осы үшін ғана келдің бе? 
— Жоқ. Сені көру үшін келдім.
— Көріп болсаң, қайта бер. Мен мұнда әлі біраз
тұрамын.
— Онда кеттік, серуендейміз. Бірден мен үшін шешім
қабылдап, қолымнан сүйреп ала жөнелді. 
Оның үстіндегі ұзын қара пальтосы, артқа қарай
қайырылған ұзын, қою қара шаштары, өткіз қара
көздері мен қатулы қабағы әлі көз алдымда. Ерекше
бір мыс бар салмағымен үстімнен басып тұрғандай
сезілді. Іштей мәз болып тұрсам да, эмоциямды
сыртқа көрсетпеймін.
— Кофе ішесің бе?
— Ішем, - дедім сәл ұялып.
— Сүтпен, сүтсіз?
— Сүтпен.
— Бізге екі сүтсіз кофе, - деді сатушы кісіге.
— Қант қоссын ба?
— Әрине! - дедім
— Екеуін де қантсыз.
Ішімнен мынау неге менен сұрап алып, керісінше
айтып тұр деп түсінбей тұрмын. Сонда да тіл
қатпадым. 


Енді бір сөз айтсам жанымды қиып жіберетіндей
сезімдемін. Оның нағыз «манипулятор» екенін
түсіндім. Бітті, жұрттың бәрі айтып жүрген бұл
ұғымның мағынасын енді ғана толық ұғындым, мен
оны өз көзіммен көрдім. 
— Ертең боссың ба? - деді тағы да қабағын шытып.
— Жоқ, сабағым бар. 
— Онда ертең кешке дәл осылай кездесеміз. Жылы
киініп шық.
Мен бұл жағдайлар орын алып жатқан кезде небәрі
сегізінші сыныпта оқитынмын. Ал ол, он жеті – он
сегіз шамасында.
— Бұдан былай шыққым келмейді! - дедім 14 жыл
бойы жинап келген мінезімді бір сәтте-ақ алдына
шашып жіберіп.
— Артық сөздің керегі жоқ, көп сөз - бос сөз, - деп
қысқа қайырды. Менің жауабымды елеп-ескерген де
жоқ. Жігіттердің қалыпты жағдайы, басында өздерін
осылай көрсетіп алғылары келеді деген ой миыма сап
ете қалды. Немесе менің кішкентайлығымды асыра
пайдалануда.
— Кеш болып кетті, үйдегілерің іздеп қалады, ертерек
қайт, - деді баяғыша жоғары дауыспен
— Жақсы, сау бол, - деп бұрылып кетіп жатқаным сол
еді,
— Тоқта!


— Тағы не?
— Көлікке отыр, апарып тастаймын
— Керек емес, үйде ағам бар. Көрсе бәле болады.
— Үйіңе жетпей түсіріп кетемін, - деп ақыры көндірді.
Үйде отырмын. Біртүрлі сезім. Жаңа ғана не болғанын
әлі түсінбей отырмын. Оны алғаш көргенде уақыт
тоқтап, енді ғана қайта жалғасып жатқандай.
Оқылмаған үй тапсырмалары, дайындалмаған
киімдер маған мөлдіреп қарап тұр. Кездескеніме
қатты өкіндім.
Келесі күні сабақтан ерте қайттық. Далада боран
соғып, соңғы сабақ тоқтатылды. Ол маған кешке
қарай тағы да хабарлама жазды. Бұрынғыдай
мейірімді хабарламалар емес, суық хаттар жаза
бастады. Кешке қарай үй жағымнан алып кетті. 
Кейіннен білдім, ол біздің әр кездесуіміздің қалай
өткенін жазып жүрген екен. Мен оған бір сөзімде
жігіттердің ішкі сезімін түсіне алмайтынымды айтқан
екенмін. Ал ол қандай болатынын дәлелдеу
мақсатында сол бір жазбаларды жазыпты. Солардың
біреуін сендермен бөлісейін:
— "Мен сені сағынғанда,
Қарамай жауындарға, дауылдарға,
Қарсы қарап жүземін ағындарға,
Кеудемде қимылдаған жаным барда." осыны білесің
бе? - дедім бар өнерімді салып.


— Мұқағалидің өлеңі емес пе? - деді ол. Бірақ іштей ол
да бұл өлеңнің кімдікі екенін білетін.
— Ия, солай...- осы сөзден кейін арамызда біраз
үнсіздік орнады. Дала суық. Екеуміздің де бетіміз
қызарып, қолымыз тоңып кеткен. Бірақ бұл суық
жүрегімізді суыта алмады. Сырттай суыққа шыдамай
бара жатқанмен, ішімдегі от лаулай берді. Бір
жағынан қыздың денсаулығына алаңдап тұрмын, бір
жағынан қоштасуға да асыққым келмеді. Ол да үнсіз
жымиып қояды. Іштей не ойлап келе жатқанын сезіп
тұрғандаймын. Менен ұялып тұрған сияқты көрінді.
Мен де өзімнің қысылып тұрғанымды білдіргім келген
жоқ. Қызбен сөйлесу үшін үлкен батылдық керек
екенін осы кезде түсінгендеймін. Енді не болмақ деп
ойлап келе жатқанда аузымнан сөзімнің қалай
суырылып шыққанын сезбей қалдым.
— Енді не істейміз? -дедім байқамай.
— Қалай сонда? Өзің шақырдың емес пе? - деп ол да
қобалжып қалды. 
— Ой, айтқым келгені бір жерге кіріп жылынып
алайық дегенім ғой, - деп сөзге айналдырып жібердім.
— Жылынсақ, жылынайық. Мен де тоңып кеттім.
Асығып шыға салып едім. - деп қысқа қайырды. Тағы
да үнсіздік. Қыз менен ұялып тұрғанына осы кезде
анық сенімді болдым. Мүмкін жылы жерге кірсек,
әңгімеміз жалғасатын шығар деп, Яндекс таксиді
шақырттым. 


Жүргізушіге ақырындап мекен - жайды көрсеттім.
Ол да түсінгендей болды.
— Қайда барамыз? - сұрақ қоя бастады. Қорқып кеткен
секілді.
— Уайымдама, маған сен. - деп өзінші болып қоямын.
Айтқан жерге де тез жеттік.
— Келдік түсе беріңдер. - деген жүргізушінің
даусынан қыз айналаға қарай бастады. "Nedelka" деген
жазуды көріп, қуанып кетті. 
— Жүр, кіреміз ба?-дегеннен кейін оның жауабын
күттім. Жоқ десе не істеймін? деп ойлап қоямын.
Ақыры келісті, кірдік. Қыздың да көңіл күйі орнына
келе бастаған сияқты. Өзім де жылынып, бір жағынан
қызбен сөйлесіп біртүрлі қызық сезімде отырдым.
Бәрі осылай басталған еді».
Иә, бәрі осылай болған. Бірақ мен жігіт жанын тек
осы жазбалардан кейін түсінгендей болдым. Ең алғаш
маған бұны ұқтырған адам сол бір жан.
Осылайша қыс айлары зымырап өте берді.
Таныстығымыз да күннен күнге нығая түсті. Ұнату
сезімдері сезіле бастады. Дегенмен, ол менің бұл
сезімдерімнен бейхабар еді. 
Онымен өткен әр сағатым, әр күнім әлі күнге дейін
есімде. Сенде соншалықты не қасиет бар екен?
Нендей қасиет? Бәлкім, сенің образыңды мен өзім
жасағанымнан шығар. Иә, мен сені жақсы білмеймін. 


Менің идеалым болып көріндің. Бірақ, сенің
шынайы жүзің қандай екен? Мен сені ойламауға
тырысқанмын, тырысып та жүрмін, тырысамын да.
Сені ойлай қалсам, сенің бейнең көз алдыма келе
қалса, жүрегім дүрс-дүрс соғады. Бұл махаббат па,
ұнату ма, әлде ғашықтық па? Махаббат болса
жауапсыз, ұнату болса уақытша, ғашықтық болса
жалған боп көрінеді. Негізі, сен екеуміз плюс пен
минус секілдіміз. Ал, кей қасиеттеріміз бір-бірімізді
толықтырып тұратындай. Ағайым айтқандай, сен от
болсаң, мен сумын. Мен от болсам, суым сенсің.
Біздің таныстығымыз тоқтамаса екен деп
тілейтінмін. Екі-үш айды артта қалдырсақ та,
таныстығымызға бір жыл. Қалайша, көзді ашып
жұмғанша жақыныма айналды? 
Сыртқа тұйық,күлкісін сирек көрсететін. Бірақ
менімен жиі күлетін. Баяу сазды әуенді қосып жүзіне
термілуден жалықпас едім. 
Көздері тұңғиық, қарасам батып кетердеймін. Бірақ
сол тұңғиықтың наласына мен шыдамаспын. Сол
тұңғыиқта жатқан ғасырлық мұң мені ажал
құштырардай. Иә, мен шыдамаймын. Себебі ол
жанның мұңайғаны, көңілсіз, мұң құбылған күйі мені
іштей өлтіретін. Шыны керек әліге дейін күлкісінің
үніне қанық болып тыңдай алмадым. Бірақ жымиғаны
ерекше елжірететін.


Жаңбырлы ауа райынан соң күн шығып, жанға
кішкене ғана рахат сылайтынын немесе қатты
ыстықтан соң суық жел ызыната ескен сәттегі рахат
сезімін елестетіңізші. Ол жанның жымиғаны маған
дәл солай әсер ететін. 
Біздің арақатынас өзгелердікі сияқты «ойбай»
дейтін махаббат емес еді. Арамыздағы үш жас мен
үшін оны аға секілді қабылдауыма себепкер болды. 
Жайма шуақ жаз да келіп жетті. Біздің ортақ
қызығушылықтарымыз көп еді. Әр демалыс сайын
Алматының тауларына жол салатынбыз. Анда-санда
қырсықтық, қызғаныш, қуаныш пен ашуға толы
сөздерін де көп тыңдадым.
Жаздың соңында сенімім аяқ асты болды. Күздің
қоңырақай тартқан кезеңінде бәрі оп-оңай аяқталды.
Одан кейін түн ортасындағы хабарламалар, қайырлы
болсыншы деп тіленген таң мен түндер де айтылған
жоқ. Қимастық. Бізді ұстап тұрған тек қимастық еді.
Осы уақытта оның анасының да бізге қарсы екенін
білдім. Әдетте, біз бір адамды құлай ұнатқанда, оның
бойындағы сандаған кемшілікті елеп – ескермейміз,
яғни сезім алдауына түсеміз. Күн өткен сайын, оған
жақындаған сайын бірсін деп сіздің жан дүниеңізге
сай келмейтін қайшы қылықтары ашыла бастайды,
осыдан айну сезімі пайда бола бастайды. Оның
бойына зиянды әдеттер жұға бастады.


Жүректе сан түрлі сезім бар. Сағыныш басылып та
қалған секілді. Дегенмен жоқ демеймін. Сезім тартып
тұр, бірақ қорқынышта жоқ емес. Бар сезімім тым
тереңде қалып жатыр. Ойланып ой соңына да
жетпедім. Уақыт жоғалытпайын деп бір, екі рет
қоштасуға да жеткіздім. Бірақ жақсы көремін. Бұл
қалай?
Біздің арамызда күндер емес, айлар емес, жыл өтті.
Баяғы махаббат, қызық мол жылдарымды сағына
бастадым. Уайым, қорқыныш, жеккөрініш сезімдері
махаббатымды сабырға шақыратындай. 
Біз сезімдерімізге тағы да бір мәрте мүмкіндік беріп
көруді жөн санадық. Биік болып тұрып аласару да,
күлімдеп тұрып жылап алу да, ренжіп тұрып кешіре
салу да, бар болмысың қандай болмасын ұялмай
шығарып алу да – махаббат. Ол ақылға, мінезге
көнбейді. Осы туралы оның жазған тағы бір жазбасы
бар екен:
«— Сағындым ғой, кездесейік, -деп хабарлама жазып,
жауабын күтіп отырмын. Шығар ма екен деген ой
ішімді өртеп барады. Көп ұзамай телефоныма
хабарлама келді:
— білмеймін, маған бәрібір...
— қалай бәрібір? неге? мені көргісі келмей ма? - деп
ашуланып тұрғаным сол еді, тағы бір хабарлама келді.


Бірақ бұл жолғы хаты ашуымды бірден ұмыттырып
жіберді.
— Уездессек, кездесейік) - деп жазыпты. Бұдан артық
не керек?
— өзім алып кетемін, күте тұр, - деп сыйластығымды
білдірейін деп жазып жібердім. Бір күн көрмесем де,
сағынып қалыппын. 
— Жылы киіндің ба? - деп күліп қоямын.
— Иә, бірақ дала шыныменде салқын екен. Өзі тым
сүйкімді. Оның бұл түріне ұзақ қарап тұра беруге
болатын еді. Бірақ мен оған шыдаған жоқпын.
Батылдық жинап, әрекет еттім, сезімімді іспен
көрсеттім. Сүйіп алдым. Қалай болғанын өзім де
түсінбей қалдым. Қыз қатты қобалжып тұр. 
— Жүр, жаяу жүре тұрайық,- деп сөзге айналдырып
жібердім. Тыныштық. Бағанағы ісімнен бір жағынан
ұялып тұрсам, екінші жағынан қуанып келе
жатырмын» - деп жазыпты.
Дәл қазір терезеге қарап тұрмын. Сені осында күтіп
тұрушы едім. "Келдім,күтіп тұрмын" деген сөзді көре
салып, бірден далаға шығудың амалын іздейтінмін.
Шыға алмай қаламын ба? Біреу көріп қояды ма? деген
оймен ақыры сені көруге шығатынмын. Бірақ, қазір
уайым бөлек, ой бөлек. Бір мезетте ой санамда үлкен 
өзгерістер болып жатқандай. Балалығым қалып бара
жатыр. 


Арамыздағы үзілістер үдеп кетті. Үш–төрт айлық
тыныштықтар менің жүрегімді одан ада ете бастады.
Бұрынғыдай іздеу, сағыну екі жақта да азайған.
Біртүрлі бір алшақтық қатты байқалды. Жүрегіме
қырық пышақ қадалғандай күй кештім. Менен
жырақта. Мені тастап кетті. Мен оны мың мәрте өзіме
жақын тартуға тырыстым. Бірақ болмай жатыр.
Әттең, араны жалғайтын себеп жоқ. Ұнату - қылмыс
па? Ғашық болу - күнә ма? Махаббат - жаман ба? Сен
туралы мен ылғи жазамын. Сол арқылы мен жан-
жарамды емдеймін. Сен туралы кез-келген жанға
айтқым келеді. Сенің бойындағы қасиеттерді мен
өзгелерден іздеймін. Кішкентай ғана алақанға
толмайтын жүректің өзі үшін ғана мына әлемде
бұлқынып сыймай соғатынын білсе жеткілікті. 
Біз биыл тағы да сөйлестік. Бірақ бұның уақытша
екенін білгендей болдық. Себебі екеуміздің де
сезімдеріміз сөніп қалған-ды. Біз бұны тек бауыр басу
деп қабылдадық. Бірақ кішкентай болсын үміт бар еді.
Өмірімді осы жанға арнаймын, соңына дейін көнемін
деген ойлар болмады емес, болды. Үш жыл – аз уақыт
емес, өте көп. 
Соңғы рет почтама хат жіберіпті. Өзінің үйлену
тойына шақыру билеті екен. Үнсіз жымиып, бақыт
тілеуден басқа амалым қалған да жоқ...


Ең соңғы хабарламасы – Мұқағалидің өлеңі «Мен
деп ойла» 
Маған ең алғаш сүюді үйреткен жан, кіммен болсаң
да, қайда болсаң да бақытты бол. 
Езуімде күлкінің ізі тұрса да жыларман күйде едім.
Жүрегімді қақ бөліп өзімен алып кеткен еді сол сәтте.
Бұл өзегімді өртеген өмірімдегі ең ауыр хабар еді
білесің бе? Сен үшін шын қуанайын десем де қуана
алмадым, теңіңді тапқаныңа, “Тойымыздың қадірлі
қонағы бол!” деген шақырту билетіңе өзімді сендіре
алмадым.
Сол қалпы маған ынтық жанарың сақталған екен.
Сен болсаң көзіңді алып қаштың. Қарамаудың себебін
жасадың, байқадым. Келіншегің әдемі екен. Жарасып
та тұрсыңдар. Сен үшін қуанышты екенімді жүздеріңе
қарап айттым.
Айна алдында тұрып,көзімнен жиі көретін үміт
атты сәулені сөндіруді жөн санадым.Енді баяғыммен
өмір сүремін.Баяғыша ойлаймын.Баяғыша өз-
өзіммен болам.Ешкімді уайымдамаймын."Түнде
қайда болды екен,неге ұйықтамады, жылы киініп жүр
ме,аман ба,оқулары қалай болып жатыр екен,өткенін
жиі еске алар ма екен"-деген ойдың бірін де
ойламаймын. Салиқалы әке, сенімді жар болатыныңа
сенімдімін. Құрметпен, сенің соңғы ғарышкерің...


Сағындым ғой дедің-ау, жаным, маған…
Бұлт көрдің бе тауларда мамырлаған?
Сол менің ақ жанымның ақ жалыны,
Аулақта ауылымнан дамылдаған.
Естідің бе аспанның күрсінгенін?
Сол менің саған деген тылсым демім,
Ұйықтап жатса, оянсын, ояу болса,
Күңіренген жанымды білсін дедім.
Мен деп ойла самал боп есіп өткен,
Мен деп ойла нөсерді есі кеткен,
Мен деп ойла өзіңді әр күн сайын,
Төсегін сағынышқа бесік еткен…
СоНы


Әңгіменің ішінде қателер кездесуі мүмкін. 
Ең бастысы – өмірден алынған
автор: t.me: jetiqaraqshy 
оқығаныңызға рақмет!!!
2023


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет