Қыз Жібекке хат



Дата10.04.2023
өлшемі14,58 Kb.
#80831
Байланысты:
Қыз Жібекке хат


Қыз Жібекке хат
Сәлем Қыз Жібек. Мен сені бұрыннан бері танитын едім. Сені мен ғана емес, бүкіл әлем таниды. Тіпті сен секілді сұлу, ақылды болғысы келетін ару қыздарымыз өте көп. Соның бірі ол- мен.
Сенің заманың өте қиын заман еді. Бірақ сендей сұлу, ару қыз қиын заманда өмір сүргені өкінішті. Қазір біз өте тыныш заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұның бәрі сенің заманыңдағы батыр ата-бабамыздың арқасы.
Қыз Жібек, мен сенің әр қылығыңа, мінезіңе таң қаламын. Мен сенің ибалылығың, сұлулығың, нағыз қазақ қызына тән әдептілігіңді көз алдыма елестетіп, саған ұқсауға тырысамын. Сенің мөлдір, пәк махаббатың Төлегеннің жүрегін жаулаған болатын. Өйткені, сенің бойыңда шынайылық, адалдық, мейірімділік, адамгершілік деген барлық жақсы қасиеттер жинақталған. Әрі сенің сол ақылыңа көркің де сай.
Қыз Жібек, сенің махаббатқа деген адалдығың, Төлененге деген сезімің, ақылың адамды ерекше тәнті етеді. Мүмкін сенің заманыңда бұндай сезім ешкімді таң қалдырмаған болар. Ал, қазіргі жалған сезімдер жайлаған қоғамда өмір сүріп жатқан бізге бұл оқиға ерекше әсер етті.
Саған деген шексіз ықыласпен Шорманова Шұға.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет